Известные имена

Тұрсынбаев Б.

Бәдел Тұрсынбаев

Тұрсынбаев Бәдел (1905-1967) – жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі.

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Батпақты Бұлақ ауылында дүниеге келген. Ауылдық кеңесте хатшы, бастауыш мектеп мұғалімі, Семей облыстық «Екпінді» газеті редакциясында, Алматы облысы, Байсерке орта мектебінің директоры және мұғалімі қызметтерін атқарған.

Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын сырттай аяқтайды. Шығармашылығының 30-дан астам жылын балалар әдебиетіне арнаған. «Базар батыр» (1942) поэмасының, «Көңілді балалық» (1955) атты өлеңдер жинағының,  «Түлкі мен қораз» (1959), «Не қымбат» (1961) әңгімелер жинағының, «Біздің ауылдың жігіті» (1962), «Ауыл мұғалімі» (1967) повестері және т.б. шығармалардың авторы.

Б. Тұрсынбаев шығармашылығы

Произведения Б. Турсынбаева

Кітаптар –Книги

Тұрсынбаев, Бәделқожа. Өмірлік достар: повесть, әңгімелер / Б. Тұрсынбаев.- Алматы: Жазушы,1966. - 104 б.

Б. Тұрсынбаевтың мерзімді басылым беттеріндегі мақалалары

Статьи Б. Турсынбаева  на страницах периодической печати

Тұрсынбаев Б. Капитан Зангин [Мәтін] : [Ұлы Отан соғысына қатысушы күршімдік капитан Зангинге арнау.] / Б. Тұрсынбаев // Социалистік еңбек. - 1958. - 7 ноябрь.- Б.3-4.

Тұрсынбаев Б. Капитан Зангин [Мәтін] : [Арнау] / Тұрсынбаев Б. // Социалистік еңбек. - 1958. -  7 ноябрь.- Б.3-4; ; Коммунистік еңбек. - 1966.;  3 март.- Б.3-4

Тұрсынбаев Б. Алтайым [Мәтін] / Тұрсынбаев Б. // Коммунистік еңбек. - 1966. -  2 август.- Б.3

Тұрсынбаев, Бәделқожа. Мектеп [Мәтін] : [Жерлесіміз, күршімдік жазушы Б. Тұрсынбаевтың  "Ауыл мұғалімі" деректі повесінен үзінді.] / Б. Тұрсынбаев // Коммунистік еңбек. - 1966. - 4 август.- Б.2.; 6 август.- Б.4.; 9 август.- Б.4.; 13 август.- Б.3.; 16 август.- Б.3.

Тұрсынбаев, Б. Абыройлары арта берсін: / Б. Тұрсынбаев // Коммунизм туы. - 1967.- 16 август. - Б. 2.

 

 Б. Тұрсынбаевтың шығармашылығы туралы

О творчестве Б. Турсынбаева

 Кітаптар-Книги

Қазақстанның көркем әдебиеті  / құраст. Е. Айтбаев . – Алматы.- 1958.- 120 б.

Байбатыров Ғ. Шығыс Қазақстан ақындары: Көркем әдебиетті насихаттайтын лекторларға көмекші құрал / Байбатыров Ғ.- Өскемен, 1981.- 22 б.

Қазақстан жазушыларыХХ ғасыр: анықтамалық.- Алматы: Ана тілі, 2004.– 313 б.

Балалар бағының бағбандары: анықтамалық.- Алматы: Балалар әдебиеті,2008.- 300 б.

Қазақстан жазушылары: анықтамалық / жауапты ред. Б. Шаханұлы. - Алматы: Ан-Арыс, 2009.– 397 б.

Қажыбаева Д. К. Қазақ балалар әдебиеті / Д. К. Қажыбаева. - Астана: Арман-ПВ,2011.– 412 б.

Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.- 759 б.

***

Литература Казахстана. Энциклопедический справочник.- Алматы, ТОО «Аруна LTD», 2010. – 482 с.

 Мақалалар-Статьи

Сәдуақасов, М. Жазушы жайлы бірер сөз [Мәтін] : [балалар жазушысы Б. Тұрсынбаев туралы] /М.  Сәдуақасов // Коммунистік еңбек. - 1966. -  2 август.- Б.3

Әміренов, Х. Балаларға бар ғұмырын арнаған [Мәтін] : [жерлес жазушы Бәдел Тұрсынбаевтың туғанына 90 жыл] / Х. Әміренов., Т.Ахметжан// Дидар. - 1995. - 10 маусым.- Б. 3.

Әміренов, Х. Балаларға бар ғұмырын арнаған [Мәтін] : [жазушы Б.Тұрсынбаевтың туғанына 90 жыл] / Х. Әміренов., Т. Ахметжан// Қазақ әдебиеті. - 1995. - №17 қазан (N26).- Б.15

Тұрар, Қ. Ақынға құрмет [Мәтін] : [Күршім ауданында  жазушы Б.Тұрсынбаевтың 90 жылдық мүшелтойы өткізілді] / Қ. Тұрар // Дидар. - 1995. - 18 қараша.- Б.3.

Рахметолдақызы, Ш. Ұстаз-жазушы есімі ұмытылмақ емес [Мәтін] : [жерлес жазушы Б.Тұрсынбай ұлы туралы] / Ш. Рахметолдақызы// Дидар. - 1996. - 18 қаңтар.- Б.2.

Балта, Ә. Жақсыда жаттық жоқ [Мәтін] : [жазушы Б. Тұрсынбаев туралы] / Ә.Балта // Дидар. - 2005. -  18 қазан.- Б.4.

 

Тыцких В. М.

Тыцких Владимир Михайлович (1949) - публицист, прозаик, ақын, әдеби сыншы, баспагер. Приморск комсомолы сыйлығының, Константин Симонов атындағы алтын медальдың, «Литературная Россия» газеті, «Пограничник» журналы, «Дальний Восток» журналы, Халықаралық пушкинистер қоғамы (Нью-Йорк), Бүкілресейлік «Твои, Россия, сыновья» сайысы сыйлығының иегері. Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі. Ресейдің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.

Владимир Михайлович Тыцких 1949 жылы 29 маусымда Лениногорскіде (қазіргі Риддер қ.) дүниеге келген. Орта білімді Өскемен қаласынан алып, кейін медициналық училищені аяқтайды. Үлкен Нарын ауданы, Көктерек ауылында фельдшерлік пунктте меңгеруші болып, сол жерден Тынық мұхит флотына әскерге шақырылады. Әскери борышын Аскольд аралы мен Владивостоктағы ерекше міндет жүктелген әскери-теңіз радиотехникалық дивизиясынан бастайды. Киев қаласындағы жоғары әскери-теңіз саяси училищесін, Львов қаласындағы әскери журналистер курсын бітірген.«Огненный» эскадралық минатасушыда, Балтық флотының СС-35 суасты қайықтарының құтқару кемесінде, Тынық мұхиты флотының Б-833 және Б-90 суасты қайықтарында,«Боевая вахта» (Владивосток) флоттық газетінде әскери борышын өтеген. Екінші ранг капитаны атағымен запасқа кеткен.         

1983 ж. КСРО Журналистер одағына, 1988 ж. КСРО Жазушылар одағына қабылданады. Алты жылдан астам уақыт Ресей Жазушылар одағында Приморск өлкелік жазушылар ұйымында жауапты хатшы болып, Ресей Федерациясы Федералды шекаралық қызметінде Тынық мұхиттық өңірлік басқармада баталистер мен маринистер студиясын басқарған. 2001-2009 жж. – адмирал Г. И. Невельский атындағы Мемлекеттік теңіз университетінде ақпарат және баспа департаментінің директоры қызметін атқарған. Жиырма жылға жуық «Литературная Россия» газетінің тұрақты тілшісі, «Дальний Восток» журналында редакциялық алқа мүшесі болған. «Правда», «Советская Россия», «Комсомольская правда», «Красная звезда», «Рудный Алтай» газеттері мен «Бежин луг», «День и ночь», «Звезда», «Знамя», «Москва», «Октябрь», «Наш современник», «Юность», «Простор», «Смена», «Студенческий меридиан», «Советский воин» т.б. журналдарда, алпыстан астам өңірлік жинақтарда еңбектері жарияланған. «Тревога», «Честь флага», «Пишу тебе, любимая», «Встретимся утром», «Центральный отсек», «У русского Босфора», «Предпоследние сроки», «Ветер в лицо», «Душа с видом на море», «Десятая книга», «О чём мечтает пуля...», «Кают-компания», «День восьмой», «Вот так и жить...», «На честную память», «Недалеко», «Свеча горючая», «Канайка», «Пожалейте бедных фараонов», «Сигнальные костры» т.б. кітаптары Мәскеуде жарық көрген.

Қазіргі уақытта Владивосток қаласында тұрады.

 

В. М. Тыцких шығармалары

Произведения В. М. Тыцких

Кітаптар - Книги


Тыцких, В. М. Тревога [Текст] : [стихи] / В. М. Тыцких. - Владивосток : Дальневост. кн. изд-во, 1983. - 24 с.

Тыцких, В. М. Честь флага [Текст] : стихи / В. М. Тыцких; худ. И. Тихонов. - М. : Мол. гвардия", 1984. - 32 с.

Тыцких, В. М. Пишу тебе, любимая [Текст] : стихи / В.М. Тыцких; худ. Р. Клочков. - М. : Современник, 1986. - 63 с. 

Тыцких, В. М. Встретимся утром [Текст] : стихи / В. М. Тыцких; худ. Е. Кудрявцев. - Владивосток : Дальневост. кн. изд-во, 1987. - 94 с. 

Тыцких, В. М. Предпоследние сроки [Текст] : стихи / В. М. Тыцких. - Владивосток : Изд-во Дальневост. ун-та, 1999. - 138 с.

Тыцких, В. М. Мой Риддер, мой Лениногорск [Текст] : антология стихотворений и песен о Лениногорске (Риддере), созданных в период с конца XIX в. до начала XXI в. / В. М. Тыцких; сост., ред., вступ. ст. М. С. Немцева ; Лениногорская городская студия поэзии "Радуга". - Алматы : Полиграф-Сервис, 2001. - 284 с.

Тыцких, В. М. О чëм мечтает пуля… [Текст] : лирика / В. М. Тыцких. - Владивосток : МГУ им. адм. Г. И. Невельского, 2002. - 55 с.

Тыцких, В. М. Кают-компания [Текст] : книга для своих / В. М. Тыцких и др.; шеф-худож. Д. Кудрявцева; Мор. гос. ун-т им. адм. Г. И. Невельского. - Владивосток : МГУ им. адм. Г. И. Невельского, 2003. - 195 с. 

Тыцких, В. М. День восьмой [Текст] : стихи / В. М. Тыцких. - Владивосток : Мор. гос. ун-т им. адмирала Г. И. Невельского, 2004. - 66 с.

Тыцких, В. М. Свеча горючая [Текст] / В. М. Тыцких. - Владивосток : [Морской гос. ун-т им. адмирала Г. И. Невельского], 2006. - 209 с.

Тыцких, В. М. Канайка [Текст] : почти документальная повесть с нелирическими отступлениями / В. М. Тыцких. - Владивосток : МГУ им. Г. И. Невельского : Народная кн., 2006. - 232 с. 

Тыцких, В. М. Недалеко [Текст] : стихотворения пятого года / В. М. Тыцких. - Владивосток : Нар. кн., 2006 (Владивосток : Тип. ОАО "ДАЛЬПРИБОР"). - 45 с.

Тыцких, В. М. Сигнальные костры [Текст] : во имя святых равноапостольных Кирилла и Мефодия Дни славянской письменности и культуры на Дальнем Востоке, 2007 / В. М. Тыцких. - Владивосток : Морской гос. ун-т им. акад. Г. И. Невельского, 2008. - 150 с.

Тыцких, В. М. Ночной перегон [Текст] : [стихи, баллады, романсы, сонеты] / В. М. Тыцких. - Владивосток : МГУ, 2009. - 147 с.

Тыцких, В. М. Поклонная гора [Текст] : избранное / В. М. Тыцких. - Усть-Каменогорск : Профит, 2009. - 153 с. 

Тыцких, В. М. От всего сердца [Текст] / В. М. Тыцких. - Владивосток : Морской гос. ун-т им. Г. И. Невельского, 2009. - 244 с.

Тыцких, В. М. Засеки [Текст] : во имя святых равноапостольных Кирилла и Мефодия дни славянской письменности и культуры на Дальнем Востоке, 2009 /В. М. Тыцких. - Владивосток : Морской гос. ун-т им. Г. И. Невельского, 2010. - 253 с.

Тыцких, В. М. Мы ещё здесь [Текст] : дни славянской письменности и культуры на Дальнем Востоке во имя святых равноапостольных Кирилла и Мефодия, 2011 / В. М. Тыцких. - Владивосток : Морской гос. ун-т им. адмирала Г. И. Невельского, 2013. - 315 с.

Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалар
Публикации в сборниках и периодической печати

Тыцких, В. М. Ульба; Про сказку; "Зима-россияночка..." и др. [Текст] : стихи / В. М. Тыцких // Рудный Алтай. - 1998. - 19 февраля.

Тыцких, В. М. Моя новая Согра [Текст] : [размышления о настоящем] / В. М. Тыцких // Рудный Алтай. - 1995. - 27 мая.

Тыцких, В. М. Война на вечную память [Текст] : к 65-летию Битвы под Москвой / В. М. Тыцких // Наш современник. - 2006. - № 12. - С. 91-101.

Михаил Тыцких [Текст] // Звено Алтая : история и современность : к 90-летию Восточно-Казахстанского литературного объединения / Т. Сидихменова . - Усть-Каменогорск : Либриус, 2011. - С. 92-95.

В. М. Тыцкихтың қатысуымен шыққан басылымдар

Издания, вышедшие при участии В. М. Тыцких


Сто лет поэзии Приморья [Текст] : антология / сост. В. М. Тыцких и др. - Владивосток : Уссури, 1998. - 294 с. 

Жуков, Е. И. Виват регата ! / Е .И. Жуков. - Владивосток : Океанские вести, 2008. - 84 с. - Издательская программа Владимира Тыцких ; Морской государственный университет им. адм. Г. И. Невельского.

В. М. Тыцких туралы әдебиеттер

Литература о В. М. Тыцких


Шувалова, С. Награда земляку [Текст] : [Указом Президента России Б. Ельцина земляку восточноказахстанцев, поэту В. Тыцких присвоено звание "Заслуженный работник культуры Российской Федерации"] / С. Шувалова // Рудный Алтай. - 1998. - 11 апр. 

Губарева, Е. Украденная Родина моя ... [Текст] : [о жизни и литературном творчестве Владимира Михайловича Тыцких] / Е. Губарева // Лениногорская правда. - 2001. - 10 авг. - С. 4, 5.

Поминов, П. "На краю бездны" [Текст] / П. Поминов // Рудный Алтай. - 2005. - 12 февраля. - С. 7.

Егоров, А. Будить светлые чувства [Текст] / А. Егоров // Рудный Алтай. - 2006. - 5 декабря. - С. 8.

Кратенко, А. "Поклонная горка" определяет судьбу [Текст] : [о поэте, уроженце г. Риддер В. М. Тыцких] / А. Кратенко // Рудный Алтай. - 2012. - 24 октября. - С. 6.

Кочекова, Э. Жизнь и талант Владимира Тыцких [Электронный ресурс] / Э. Кочекова // Русское поле : сайт. - Режим доступа: http://moloko.ruspole.info/node/5545 (дата обращения: 29.10.2016)

Төленов Ж.

Төленұлы Жақсылық (1882-1974) - халық ақыны, қоғам қайраткері, алаш қайраткері.Төленұлы Жақсылық (1882-1974) - халық ақыны, қоғам қайраткері, алаш қайраткері.

1882 жылы Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Қарқаралы уезі Абыралы өңіріндегі Атан қыстағында туған.

«Төленнің төрт қасқыры» деген атпен елге әйгілі болған Жақсылық, Игілік, Сүйіндік, Жармағамбет есімді төрт ағайындының үлкені – Жақсылық жігіт ағасы жасына келгенде елден кетіп, өзіне лайық несібе іздеп Қарқаралы, Семей арасын шарлап, күнкөріс қамыман Семей барып, одан әрі Алтай, Тарбағатай асады. Жастық шағында ел аралап, ойын –тойдың көркі болған Жақсылық Өр Найман елінде ән алып жүрген Әсет ақынмен танысып, оған жолдас болады. Әсеттің Ұлы Абай алдында ән салғаны, өмірлік сабақ алғаны жайлы М. Әуезовке әңгімелеп ақынның өміріне қатысты біраз деректер берген осы Жақсылық еді.

1909-1912 жылдар аралығында отбасымен Алтай өлкесінің Змеиногоск қаласының түбіндегі Карамышево шағын мекенінде тұрады. 1916 жылы Ресейдің Том қаласында інілерімен бірге жалдамалы жұмысқа кіреді. Сол жылы бүкілресейлік большевиктер партиясының мүшелігіне қабылданып, орыс жұмысшыларымен бірге революциялық шараларға қатысалы.

1917 жылғы февраль революциясынан кейін Жақсылық Семейге оралады. Етікші артелін ашып, «Жұмсат» деген жоба жазып, елге таратады. Мақсаты - байларды илеп, икемге келтіру. Кейін осы шеберхана қазақ жастарының жиналатын орнына айналады. М, Әуезов, С. Дөнентаев, С. Торайғыров жиі келіп тұрган. 1917 жылы Алаш партиясының Семейде шығарған «Сарыарқа» газетін елге тарату шығандарын өтейтін «Теңдік» атты уақ қарыз серіктестігіне мүше болып кіреді. Жарна төлеп серіктестікке кірген жандардың көпшілігі қазақ жұртына танымал Ш. Құдайбердиев, Ә. Сәтбаев, С. Шорманов, М. Тұрғанбаев, М. Сейітқұлов, Д. Қалматаев, Қ. Бердалин сынды алаш қозғалысының айтулы тұлғалары болатын. Дегенмен Жақсылықтың өте жанына жақын тартып сыйлас болған, тонның ішкі бауындай араласқан адамы - Н. Құлжанов еді.

Жақсылық Төленұлы 1918 жылдың аласапыранында бірнеше рет түрмеге отырып шығады. 1919 жылы колчакшылардың қолынан қаза тапқан Н. Құлжановтың өлімі Жақсылыққа қатты әсер етеді. Осыдан кейін Жақсылық біржола Советтер жағына шығады. Сібір уақытшща үкіметі мен Колчак билігінен опа таппаған Алашордашылар 1919 жылдың көктемінен бастап Кеңес үкіметімен одақтаса бастайды...

1920 жылы Ж. Төленов пен Ә. Ермеков Семей ревкомының құрамына енеді. 1920 жылы Ә. Бөкейханов пен бірнеше серіктестерін 5-Қызыл армияның ерекше бөлімі тұтқынға алады. Осы хабарды естіген бетте Ж. Төленов Орынбордағы Кирревком атына жедел хат жіберіп, Семей өлкесін жайлаған сегіз жүз мың қазақ атынан Бөкейхановты тұтқындауға қарсылық білдіретінін жеткізген. Хатта қазақ бұқарасына жасалынып жатқан жүгенсіздіктерді тоқтатуды сұраған.

1920 ж. 9 наурызда жаңа дәуірдің саяси сахнасында өшпес із қалдырған, ұлт тәуелсіздігі деген ұлы идеяны қазақ санасына әбден сіңірген алашорда үкіметі Кирревком жарлығымен біржола таратылады. Жеке басын ешкімге тәуелді етуге көнбеген Ә. Бөкейхановтан басқа алаш азаматтары онсыз да кеңестік құрылымдарға қызметке алынды. Автономия идеясын жүректеріне сақтап, соны жүзеге асыруға бел шеше кірісіп кетті. Наурыздың 13 күні Кирревком атына Семейден тағы бір жеделхат жіберіледі. Зиялы қауымды қудалау жаңа дәуір құру жолындағы ортақ істерге орасан зор зиян тигізетіні айтылған хатқа қол қоюшылар Ж. Төленов, Ә. Ермеков, М. Әуезов, Ж. Аймауытовтар болатын.

1920 ж. Семей Губревком отырысында Жақсылық Шыңғыстау-Бөрілі болыстарындағы алғашқы Кеңес соты қызметіне тағайындалған. Халықтық сот жүйесін қалыптастыру жолында тынымсыз еңбек ете жүріп, 1 -губерниялық сиез жұмысына араласады. Абыралы өңірінде бейбіт құрылыс жұмыстарына белсене араласқан. 1928 ж. 170 адамнан тұратын жұмысшылар тобын басқарып, 80 ат-көлікпен Түріксіб құрылысын салушы ауылдастарына басшылық еткен. 1930 жылдары Абыралы ауданында колхоздастыру жұмысына араласады.

20 ғасырдың қырқынщы жылдарынан бастап Жақсылық шығармашылыққа ден қояды. Өлең, тарихи әңгіме-дастандарды жаза бастайды. «Азат Бақыт, Бақтияр» атты ғашықтар хикаясын, «Қара қасқа атты Қамбар батыр», «Қара тулы Қарқабат» поэмаларын жазған. Ж. Төленовтың 50 ден астам шығармалары белгілі. Табылмай жатқан еңбектері де баршылық.

Ауыл жастарын білім–ғылымға үгіттейді. Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар Қашаф Туғанбаев, Нұтфолда Шәкенов сияқты талапты оқушыларды тәрбиелейді.

1945 жылы Абайдың 100 жылдық мерейтойына орай өткізілген ақындар айтысына қатысып, үлкен құрметке бөленіп, «халық ақыны» атанады.

1950 жылдары шығармашылық кештер мен ақындар айтысының бел ортасында жүреді. 1962 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы әдебиет пен өнер институтының музыка бөлімі халық композиторларының өмірі мен шығармашылығын жинастыруға экспедиция шығарады. Ж. Төленов Тәттімбеттің өмірі мен күйлерінің шығу тарихы туралы көптеген әңгімелер жазып берген.

Жақсылық Төленұлы Абай ұрпақтары, Әсет Найманбайұлы, алаш арыстары Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов туралы тың деректер жазып қалдырған.

Абыралы өңірінің өркендеуіне үлес қосқан қоғам қайраткері, халық ақыны, Жақсылық Төленұлы 1974 жылы 92 жасында қызы Тоғжанның қолындап Егіндібұлақ ауылында дүниеден өтеді.

 

 

 

 

Ж. Төленов туралы әдебиет

Литература о Д. Тюленеве (Ж. Толенове)

 

 

Сүйіндіков, М.Алаш қайраткері, халық ақыны Жақсылық Төленұлы [Мәтін] : өмір жолы шығармалары / М. Сүйіндіков. - Астана : Алашорда, 2017. - 240 б.

Сүйіндіков, М. Жақсылық Төленов туралы мұрағат деректері [Мәтін] : Ж. Аймауытов жазған "Біздің Жақсылық" / М. Сүйіндіков // Абай. - 2011. - №2. - Б. 25-28.

Тыцких М.С.

Тыцких Михаил Сергеевич (1922 - 2007) – ақын, жазушы, эколог-публицист, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі.

Михаил Сергеевич Тыцких  1922 жылы 23 желтоқсанда Алтай өлкесінің Змеиногорск қаласында туған. Балалық, жасөспірімдік шағы Шемонаиха ауданы мен Өскемен қаласында өтті. Ленинабад қаласындағы гидрометаллургия институтында оқыған.

Михаил Сергеевич - Ұлы Отан соғысының ардагері, талантты да танымал журналист. 1947 жылдан бері журналистер Одағының мүшесі, ақын, ғалым, сонымен қатар Сталин, Брежнев лагерлерінің тұтқыны болып, ату жазасына бұйырылған. Памирде уран қазып жүрген жерінен қашып кетіп, екі жыл бойы басқа атпен тығылып жүрген. Анасы Михаил Сергеевичке екі мәрте өмір сыйлаған. Ол Өскеменнің қасындағы Меновное ауылында сельпоның бастығы одан кейін селолық Кеңестің төрағасы болып қызмет еткен. Мәскеуге бірнеше қайтара барып жүріп, ұлының қылмысты ісін қайта қарауға мүмкіндік алады. Сөйтіп ұлын ақтап алады, Михаил Тыцких Өскеменге қайтып, «Звено Алтая» әдеби бірлестігін басқарады. «Коммунизм туы», «Большевик Алтая» газеттерінің редакциясында істейді.

1949 жылдан 50 - жылдардың ортасына дейін Лениногорск (қазіргі Риддер) қаласында тұрып, «Лениногорская правда» газетінде тілші болып қызмет істейді.

М. Татарский деген лақап атпен мақалалары жарық көреді. Бірнеше повестері Ресей мен Қазақстанның журналдарында, ал философиялық - публицистикалық очерктері мерзімді басылым беттерінде жарияланады. Оның мақалалары туралы «Литературная газета», «Казахстанская правда», «Известия» газеттері жылы лебіздер білдірген.

Михаил Сергеевич - «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің байырғы жетекшілерінің бірі, ақын, прозашы, эколог-публицист. Кеңес өкіметі кезінде саяси философиялық пікірлері үшін қуғын –сүргінге ұшырап, ГУЛАГ-тың тұтқыны болған, кейіннен ақталған. Оның өміріндегі ең үлкен экологиялық еңбегі – «Экология және өмір» («Вопль смертного»). «Тропа свидании» атты поэтикалық еңбектің авторы.

Михаил Тыцкихтың шығармашылығын әржақты бөліп қарауға болмайды, оның шығармашылығының басты себебі - жан дүниесінің сыршылдығы мен батыл философиялық ойларын біріктіре алатын қарымдылығында.

 

 М.С. Тыцкихтың шығармалары

Произведения М.С. Тыцких

Тыцких, М.С. На краю бездны [Текст] /М.С. Тыцких , Егоров А., Ибрагим-Қажы К. - Б. м. : Б.и., 2000. - 26 с.

Тыцких, М.С.  Тропа свиданий [Текст] : стихотворения / М. С. Тыцких ; ред., сост., авт. предисл. и примеч. П. Сушко ; Лит. об-ние "Феникс". - Усть-Каменогорск : ВК Музей Искусств, 2001. - 76 с.

Тыцких, М. Грехи наши тяжкие ("Вопль смертного") [Текст] : избранные произведения / М. Тыцких. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2006. - 172 c.

 М.С. Тыцкихтың жинақтар мен мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары

Публикации М.С. Тыцких в сборниках и периодической печати

Тыцких, М.С. Сайкан [Текст] : стихи // Казахстанская правда. - 1959. - 13 декабря.

Тыцких, М.С. У старой мельницы; Лесной сказ; Осень[Текст] : стихи // Простор. - 1960. - N 12. - С. 23-24.

Тыцких, М.С. Сайкан, У старой мельницы, Осень, На плоту, Кедр, Геологи [Текст] / М.С. Тыцких // Утро над Иртышом : сборник / Восточно-Казахстанское литературное объединение. - Усть-Каменогорск : Облиздат, 1960. - С. 103-107.

Михаил Тыцких [Текст] // Звено Алтая : история и современность : к 90-летию Восточно-Казахстанского литературного объединения / Т. Сидихменова . - Усть-Каменогорск : Либриус, 2011. - С. 92-95.

 М.С. Тыцких туралы

Литература о М.С. Тыцких

Поминов, П. Тропа свиданий: О творчестве журналиста М. Тыцких / П. Поминов // Казахстанская правда. - 2006. - 20 мая. - С. 7.

Кратенко, А. Гость из Вселенной: В Усть-Каменогорске чествовали 80-летнего диссидента и писателя-эколога Михаила Сергеевича Тыцких // Экспресс К. - 2002. - 12 декабря. - С. 4.

Пивоваров, П. Непоколебимый М.С. Тыцких [Текст] / П. Пивоваров // Поэты, писатели - участники Великой Отечественной войны [Текст] . - Алматы : ҚазАқпарат, 2009. - С. 78-292.

Немцев, М. Тыцких Михаил Сергеевич [Текст] / М. Немцев // Литературный Риддер : биографический справочник. - 2-е изд. - Усть-Каменогорск : Медиа - Альянс, 2012. - С. 155.

Тәңірбергенов Ә.

aripТәңірбергенов Әріп (1856-1924 жж.) - ақын

Әріп Тәңірбергенұлы (азан шақырып қойған аты Мұхамедғаріп) 1856 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы,Үшбиік ауылына қарасты Еңірекей елді мекеніңде дүниеге келген. Руы - Сыбан ішінде Жанкөбек. Әріптің арғы аталары есімдері тарихта қалған белгілі адамдар болған. Жанкөбектің бір баласы - Нар дауысты Нарынбай XVII ғасырдың аяғында казіргі Ташкент Жеті қақпа аталып тұрған кезде, бір қақпасына бек болған адам. Нарынбайдан - Қу дауысты Құттыбай, Құттыбайдан - тарихтан белгілі он жеті ақын тараған Байғара би, Байғарадан - Ақтайлақпен бірге Байсал тарайды. "Дұт" атанған осынау ұрпақтан әйгілі он жеті ақын шыққан. Олардың көбінің мұрасы бізге жетпеген. Бір ұрпақтан бір кезеңде шыққан он жеті ақынның мұраларын жинап ел игілігіне жарату — болашақ әдебиетшілерің үлесінде.Найман шежіресін тарата келіп Бердібек Сұлеймен би:

Байсалұлы Әліден — Тәңірберген,

Оның ұлы Әріпті Найман білген.

Тұсында Әріп ақын атаныпты

Ақындық Байғарадан үзілмеген. - дейді.Көсемдігі мен шешендігі тең ұлы ата ұрпағынан шыққан Әріптің нағашы жұрты да осал еместі. Ақынның шешесі Жаңғақ шешендігімен көзге түскен сөзге ұста адам болған. Ол — "Абай жолы" романында кеңінен сөз болатын Тобықтының Көкше атасынан шықкан Қаратай шешеннің інісінің қызы. Әріптің Абаймен жақын танысуының бір себепкері -осы нағашы жұрты, оның ішінде ақын досы - Көкбай Жанатайұлы.Әріп ауыл молдасынан ескіше сауатын ашқан соң, 11-12 жасында Семей қаласындағы миссионерлік мектепте оқыды. Жасынан орыс оқуын терең меңгерген Әріп араб, парсы, қытай тілдерін де жетік біледі. 1876-1878 жылдары Семей қаласындағы уездік училищеде өте жақсы бағамен оқығандығы туралы мұрағат деректері бар (қараңыз: Қазақстан орталық мұрағаты. 491-қор. 1-тізбе. 8-іс). Оқуын бітірген соң алғашқы кезде мұғалім болып бала оқытады, кейінірек қытайдағы Шәуешек қаласында орыс консульствосында бірнеше жыл тілмаш қызметін атқарады. Сонан соң Алматы, Бішкек қалаларында әр түрлі қызметте болады. Жетісу, қырғыз жерлерінде болған жылдарында Жамбыл бастатқан ақындармен араласып, жақын жүреді. Ауызша айтып, жаздырып қалдырған естелігінде Жамбыл: «... Сол отырғандардың ішінде бір қызылшырайлы сары жігіт менің сөзімді ден қоя тыңдап отырған тәрізденді. Әлгі қызылшырайлы сары жігіт Әріп екен. Алматыда қызмет істейді екен өзі. Сөз әлпетіне қарағанда, бұл да бір кесек ақын-ау деген ойға келдім.. Таныса жүрейік деген соң сол топта мініп жүрген жақсы ерімді бердім оған. Бұдан кейін де әлденеше жолығып жүрдік. Өзі көбінесе өлеңін жазып айтатын ақын екен. «Біржан-Сара» айтысының кейбір жерлерін жатқа айтып беріп жүрді. Өзі тұтқиылда сөзге тапқыр жігіт екен...» деп Әріпке жоғары баға берген. Жамбылдай ұлы ақынның бір көрген адамына осыншама ықыласы түсіп, астындағы мініп жүрген «жақсы ерін» сыйлауы тегіннен-тегін емес. Үлкен таланттардың бірін-бірі жазбай танығандығының мысалы. Өз үйінен балалар үшін мектеп ашып, мүмкіндігінше оларға орыс тілін үйреткен. Әріп қазақ оқырмандарын орыс классиктерінің, ең алдымен А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың. шығармаларымен таныстыруға тырысқан. Әріп Тәңірбергеновтың революцияға дейінгі шығармашылығы білімге, ғылымды оқуға шақырады. Қазіргі орыс және батыс европалық поэзиялардың білгірі болды. Оның кең танымал болған поэма – хиссалары: «Ходжа – Гафан», «Зияда –Шахмурад». Әріп Тәңірбергенов танымал сөз шеберлері Біржан мен Сараның айтысын жазып алып кейінгі ұрпаққа қалдырған.Әріп қолына қалам алған күннен бастап Абайдан көз жазбаған, Абай дәстүрін бойына жастай сіңірген аса ірі ақындардың бірі. Әрқашан Абайға ұқсауға талпынып, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, Абай ағасынша «екі жаққа бірдей үңіліп», батыс-шығыс әдебиетінің озық үлгілерінен көп үйренген. Сондықтан да дүние салғанда оны шәкірттері Төлеу Көбдіков, Сапарғали Әлімбетов, Есенсары Құнанбаев, Шәкір Әбеновтер күңірене жоқтаған.Өмірдің талай-талай тар соқпақ, тайғақ кезеңдерін бастан кешірген, ел арасындағы зорлықшыл топтардың қиянатын да көп көрген, надандықпен Абай ұстазынша алысып өткен ақын 1924 жылы 68 жасында Еңірекей бекетіне таяу Жыланды деген жерде қайтыс болған. Сүйегі сондағы өз қыстауы Қарабұлаққа жерленген.

Ә. Тәңірбергенов шығармалары

Произведения А. Танирбергенова

ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалар жинағы [Мәтін] - Алматы : Қазақ ССР Ғылым Академ.баспасы, 1963. - Б.1.

Үш ғасыр жырлайды [Мәтін] : революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары / Қазақ ССР Ғылым Академиясы, М. Ә. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. - Алматы : Жазушы, 1965. - 666 б.

Тәңірбергенов, Ә. Ұмытпаңыздар мені [Мәтін] : шығармалар / Ә. Тәңірбергенов. - Алматы : Жазушы, 1969. - 178 Б.

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті [Мәтін] : Октябрь алдындағы кезең: Хрестоматия. - Алматы : Мектеп, 1983. - 327 с.

Бес ғасыр жырлайды [Мәтін] : XV  ғасырдан  XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары / Қазақ ССР ғылым академиясы М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. Т. 2 : үш томдық. - Алматы : Жазушы, 1989. - 496 б

Ай заман-ай, заман-ай... [Мәтін] : ХVғасырдан ХХғ.бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары (Бес ғасыр жырлайды). Екі томдық. - Алматы : Қазақ ССР Баспасоз жөніндегі мемлекеттік комитеті Бас редакциясы, 1991. - 876 б.

Жиырмасыншы ғасыр басындағы әдебиет [Мәтін] : хрестоматия. жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық. - Алматы : Білім, 1994. - 352 б.

Жеті ғасыр жырлайды [Мәтін] : XIX ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Т. 2 / құраст. Е. Дүйсенбайұлы . - Алматы : Жазушы, 2004. - 528 б.

Жеті ғасыр жырлайды [Мәтін] : XІV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Т. 2, 2004. - 394 б.

Тәңірбергенұлы, Ә. Шығармалары [Мәтін] : өлеңдер, айтыстар, қисса-дастандар / Ә. Тәңірбергенұлы. - Алматы : Информ-Арна, 2006. - 520 б.

Иманжапаров,  М. Т. Жарма ақындары(антологиялық жинақ) [Электрондық ресурс]  1-кітап / М. Т. Иманжапаров, М. Зүкенұлы . - Семей : Үш биік, 2010. - 328 б. с.

Жарма ақындары [Мәтін] : антологиялық жинақ. 1-ші кітап / құраст.: М. Иманжапаров, М. Зүкенұлы . - Семей : Үш биік, 2010. - 328 б.

Тәңірбергенұлы Ә.  Шығармалары [Мәтін] : өлеңдер, айтыстар, қисса-дастандар / Ә. Тәңірбергенұлы.. - Астана : Фолиант, 2014. - 520 б. - (Алтай-Ертіс кітапханасы)

Ә. Тәңірбергенов туралы әдебиеттер

Литература об  А.Танирбергенова

Кітаптар –Книги

Мұхаметханов, Қ.Ақын жыры - Октябрь [Мәтін] : [Ә.Тәңiрбергенов творчествосы туралы  ]/Қ. Мұхамедханов // Қазақ әдебиетi.- 1966.- 28 окт.

Кенжебаев, Б. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті [Мәтін] : жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық / Кенжебаев Б. - Алматы : Мектеп, 1976. - 266 б. Тәңірбергенов Ә. туралы.

Бес ғасыр жырлайды: XV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Үш томдық.- Алматы, 1984.- Т.3.- Тәңірбергенов Ә.:б.70.

Абайдың ақын шәкірттері [Мәтін]  3-ші кітап / алғы сөзін жазып, баспаға әзірлеген Қ. Мұхамедханұлы, 1995. - 319 б. Тәңірбергенұлы Ә. туралы.

Абайдың ақын шәкірттері [Мәтін] 3-ші кітап, 1995. - 320 б.- Тәңірбергенов Ә. туралы

Дау шешедi дана сөз. [Мәтін]// Алматы,1996.- Тәңірбергенов Ә.: Б.188-190.

Ердембеков, Б. Әріп Тәңірбергеновтің өмірі мен шығармашылығы (жаңаша пайымдау) [Мәтін] : автореферат / Ердембеков Б. - Семей, 1999. - 27 б.

Бітібаева, Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту [Мәтін] : ХІХ ғасырдың ІІ жартысы, ХХ ғасыр: оқу құралы, бағдарлама: Х,ХІ сыныптар / Бітібаева Қ. - Алматы : Ы.Алтынсарин атындағы ҚР білім акад. Респ. баспа кабинеті, 2000. - 274 б. - Тәңірбергенов Ә. туралы.

Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін]  Т. 1 : Зерттеулер, мақалалар. /Қ. Мұхамедханов Алматы, 2005. - 352 б. - Тәңірбергенов Ә. туралы.

Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. – Тәңірбергенов Ә.: Б.86-87.

Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін] Т. 4 : Абай мұрагерлері. Естеліктер./Қ. Мұхамедханов – Алматы, 2005. - 328 б.- Тәңірбергенов Ә. туралы.

Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары (тарих, мәдениет, білім) [Мәтін]. - Өскемен : ШҚМУ, 2006. – Тәңірбергенов Ә.: Б. 300-301.

Қазақ әдебиетiнiң тарихы [Мәтін]  10 томдық.- Т.5 : ХIХ ғасырдың екiншi жартысы (1850-1900).- Алматы, 2006. – Тәңірбергенов Ә.: Б. 440-463.

Шипанов, М.М. Абайдың ақын шәкiртi Әрiп ақынның айтыс, сөз қақтығыстарындағы тарихи шындық [Мәтін] /М. Шипанов// Абай мен Пушкин шығармашылығындағы үндестiк = Созвучие творчества Абая и Пушкина: Халықаралық ғыл. - практ. конф. материалдарының жинағы (24-26 тамыз 2006 ж.).- Семей, 2006.- Тәңірбергенов Ә.: Б.138-141 б.

Негимов, С. Әдебиет әлемі [Мәтін] / С. Негимов. - Алматы : Ана тілі, 2008. - 256 б.- Тәңірбергенов Ә. туралы.

Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы [Мәтін]  10 томдық. Т. 5 : Қазақстанның Ресейге бағыну кезіндегі тәлімдік ойлар және оқу-ағарту ісінің жайы. - Алматы : Сөздік - Cловарь, 2008. - 448 б. - Тәңірбергенов Ә. туралы.

Негимов, С. Әрiп Тәңiрбергенұлының ақындық өнерi [Мәтін] / С. Негимов // Әдебиет айдыны.- Алматы: Ана тiлi, 2008.- Тәңірбергенов Ә.: Б. 48-54.

Ердембеков, Б. А. Алаштың ақиығы - Әріп қыран [Мәтін] : ғылыми мақалалар, ой-пікірлер және арнаулар / Б. Ердембеков. - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "Берел" баспасы, 2014. - 414 б.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. –  Тәңірбергенов Ә.:  Б.732-733.

Бұл өлең шыққан екен бірталайдан... [Мәтін] : "Біржан-Сара айтысына" қатысты зерттеу мақалалар мен ғылыми ой-тұжырымдар . - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "Берел" баспасы, 2014. - 506 б.

Әріп ақын [Мәтін] : монография / Б. Ердембеков. - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "Берел" баспасы, 2014. - 188 б.

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы [Мәтін] : бас мұражай. – Семей. - 79 б. Тәңірбергенұлы Ә. туралы.

Мерзімді басылым беттерінде

На страницах периодической печати

1956-1967

Кенжебаев, Б. Әрiп Тәңiрбергенов [Мәтін] : [туғанына 100 жыл толуына] /Б. Кенжебаев// Әдебиет және искусство.- 1956.- №  12.- Б. 88-91.

Есназаров, Ө. Әрiп өлеңдерiн зерттеу мәселесi [Мәтін]  // Қазақ ССР Ғылым Акад. хабарлары. Филол. және иск. зерттеу сер..- 1962.- шығ. 1(20).- Б.48-60.

Есназаров, Ө. Тәңiрбергенов шығармаларындағы ескi әдет-ғұрыпты сынау және махаббат-достық тақырыбы [Мәтін] /Ө. Есназаров // ҚазақССР Ғылым Акад. хабарлары. Филол. және иск. зерттеу сер.- 1962.- Шығ.3(22).-  Тәңірбергенов Ә.: Б.79-89.

Есназаров, Ө. Әрiп ақын туралы жаңа деректер [Мәтін]  : [Ә.Тәңiрбергенов]  /Ө. Есназаров // Қазақ әдебиетi.- 1963.- 22 март.

Мұхаметханов, Қ. Ақын жыры – Октябрь [Мәтін]  : Ә.Тәңiрбергенов творчествосы/Қ. Мұхамедханов // Қазақ әдебиетi.- 1966.- 28 окт.

Есназаров, Ө. Әрiп ақынның айтыс саласындағы мұралары  [Мәтін] /Ө. Есназаров // Қазақ ССР Ғылым акад.хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. - 1967.- №  1.- Б. 40 -51

.

1986-1999

Маханов, Қ. Өлеңiмен өрнектi iз қалдырған: Әрiп Тәңiрбергеновтың туғанына 130 жыл [Мәтін]  /Қ. Маханов // Оңтүстiк Қазақстан.- 1986.- 5 сент.

Бейсенбаев, М. Ақын тағдыры: Әрiп Тәңiрбергеновтың өмiрi мен творчествосы [Мәтін]  /М. Бейсенбаев // Жұлдыз.- 1990.- №  3.- Б.197-200.

Жұмадiлов, Қ. Сонымен, "Бiржан-Сара" айтысын шығарған кiм?  [Мәтін] :  [аталған айтыстың авторы Абайдың шәкiртi ақын Әрiп Тәңiрбергенов деген болжамды дәлелдейдi] /Қ. Жұмаділов // Қазақ әдебиетi.- 1995.- 5 желтоқсан(№ 32).- Б.10-11.

Ешен, Т. Ақынын ардақ тұтқан Аякөз [Мәтін] : [Семей обл. Аякөз қ. ХХ ғ. қазақ әдебиетiнiң көрнектi өкiлдерiнiң бiрi, белгiлi ақын Ә.Тәңiрбергеновтiң 140 ж. мерейтойы аталып өткендiгi туралы] /Т. Ешен // Заман-Қазақстан.- 1996. - 11 қазан(№  38). – Б. 1.

Әрiп ақын Сараға ғашық болған ба?.. [Мәтін]  : [ақындар Ә.Тәңiрбергенов пен С. Тастанбекқызының өмiрiнен деректер] // Қазақ әдебиетi.- 1996. - 19 қараша(№  47). – Б.14.

Үш өлеңнiң тарихы [Мәтін] : [Әрiп ақынның ел аузында айтылып жүрген кейбiр әдеби шығармалары хақында] / ел аузынан жазып алған Х.Кенжебаев // Семей таңы.- 1997.- 12 сәуiр.

Зұлхаров, Ғ. Әрiптiкi емес, Көкбайдiкi [Мәтін] : [Ә.Тәңiрбергенұлының "Абылай хан - Қандыжап бiтiмi" атты дастанының Көкбай Жанатаевтың "Қандыжап" поэмасы деген пiкiр] /Ғ. Зұлқаров // Қазақ әдебиетi.- 1997. - 2 желтоқсан(№  48). – б.6.

Негимов, С. Әрiп Тәңiрбергенов туралы сөз [Мәтін]  /С. Негимов// Еуразия университетiнiң хабаршысы.- 1999.- №  2.- 115-119 б.

2000-2005

Ерденбеков, Б. Әрiп ақын жайындағы деректер әлi де жетерлiк/[Мәтін]  : ақын Әрiп Тәңiрбергенұлының төңкерiстен кейiнгi өмiрi туралы /Б. Ердембеков // Семей таңы.- 2000.- 6,13 қазан.

Серiкбаев, С. Арқаның ақиық ақыны [Мәтін]:  [Әрiп Тәңiрбергенұлының туғанына 145 жыл] /С. Серікбаев // Дидар.- 2001.- 2 маусым.- Б.4.

Ерденбеков, Б. Әрiптiң "Зияда-Шаhмұрат" және Баhрам дастаны [Мәтін] /Б. Ерденбеков // Абай.- 2002.- №  1.- Б. 67-71.

Тәңiрбергенов Әрiп (1856-1924) [Мәтін]  // Алматы ақшамы.- 2002.- 12.- желтоқсан(№  140).- Б.3.

Оразғалиева, Л.М. Абайдың ақын шәкiрттерi тiлiндегi метонимияның көркемдiк-стильдiк сипаты [Мәтін]  : Әрiп, Көкбай, Мағауия, Ақылбай шығармалары бойынша /Л. Оразғалиева // Семей мемлекеттiк педагогикалық институтының хабаршысы = Вестн. Семипалат. гос. пед. института.- 2005.- №  3.- Б.135-140.

Оразғалиева,  Л.М. Абайдың ақын шәкiртi Әрiп Тәңiрбергенұлы шығармаларының тiлiндегi кейбiр ерекшелiктер [Мәтiн] /Л. Оразғалиева // Павлодар МУ хабаршысы. Филологиялық серия = Вестн. Павлодар. ГУ. Сер. филологическая.- 2005.- №  4.- 146-153.

Уалханова, М. Әрiп Тәңiрбергеновтiң әдеби мұрасы  [Мәтін] /М. Уалханова// Қазақ және әлем әдебиетi = Казахская и мировая литература.- 2005. - №  6. - 9-10 б.

2006

Әрiп ақынға құрмет көрсеттi [Мәтiн]: Ә.Тәңiрбергенұлының 150 жылд. орай Жыландыда күмбез бой көтердi // Семей таңы.- 2006. - 28 қыркүйек. - № 39 (17818) - 12 б.

Қасымова, Ә.Ә. Әрiп поэзиясындағы өмiр шындығы [Мәтін]  /Ә. Қасымов// ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. филологическая.- 2006.- №  5.- 117-120 б.

Қасымова, Ә.Ә. Абайдың ақын шәкiртi Әрiп өлеңдерiнiң идеялық - тақырыптық негiзi [Мәтін] Ә. Қасымова  // Абай мен Пушкин шығармашылығындағы үндестiк = Созвучие творчества Абая и Пушкина: Халықаралық ғыл. - практ. конф. материалдарының жинағы (24-26 тамыз 2006 ж.)- Семей, 2006.- Б. 415-419.

Әбiшқызы, С. Ақын тойы - рух мерекесi [Мәтін] : [Аягөзде өткен ақын Әрiп Тәңiрбергенұлының 150 жылдық мерейтойы жайлы.] // Тәрбие құралы.- 2006.- №  6.- Б. 5-6.
Негимов, С. Өлең сөздiң өрен жүйрiгi [Мәтiн]: ақын Әрiп Тәңiрбергеновтың туғанына 150 жыл толуына орай /С.Негимов // Түркiстан.- 2006. - 31 тамыз (№  35).- Б.7.

Ердембеков, Б. Әрiп ақын өмiрiнiң беймәлiм беттерi [Мәтін] : Әрiп Тәңiрберген - 150 жыл. /Б. Ердембеков // Жұлдыз.- 2006.- №  6.- Б. 166-172.

Айтұлы, Н. "Ұмытпаңдар менi" [Мәтін] : Абайдың дарынды шәкiртi, сөз өнерiнiң өрен жүйрiктерiнiң бiрi - Әрiп Тәңiрбергенұлы туралы /Н. Айтұлы // Егемен Қазақстан.- 2006.- 13 маусым (N 134). – Б. 4.

Ердембеков, Б. Әрiп Тәңiрбергенұлы [Мәтін] : Абайдың шәкiртi ақын Әрiп Тәңiрбергенұлының шығармашылығы жайлы. /Б. Ердембеков // Тәрбие құралы.- 2006.- №  6.- 6-7 б.
Ердембеков, Б. Әрiптiң бiр өлеңi турасында [Мәтін]  : [Ә.Тәңiрбергенұлының "Жеңгелерге" атты өлеңi туралы]/Б. Ердембеков // Абай.- 2006. - №  2.- 67-71 б.

Ердембеков, Б. Ақынымызды ардақтай бiлейiк: Әрiп (Мұхамедғарiп) Тәңiрбергенұлының 150 жылдығы /Б. Ердембеков// Қазақ әдебиетi.- 2006. - 9 маусым ( 23).- 12 б.

2007-2015

 Ердембеков, Б. Әрiп Тәңiрбергенов [Мәтін]   /Б. Ердембеков // Үш қиян.- 2007. - 6 желтоқсан (№ 49). – Б.6-7.

Егеубаев, О. Қытайдағы қазақ әдебиетi [Мәтін] : [Әрiп Тәңiрбергеновтiң Қытайдағы қазақ әдебиетiне қосқан үлесi]  /О. Егеубаев// Жалын.- 2007.- №  5.- Б.38-41.

Төлепбергенов, Қ. "Бiржан сал мен Сара қыздың айтысы" [Мәтін] :  [дастан туралы ақиқат] /Қ. Төлепбергенов // Семей таңы.- 2008. - 17 қаңтар (№ 3). – Б.4.

Ақжiгiт, Ө. Әрiптi дәрiптеудiң жөнi осы ма? [Мәтін] : ["Бiржан - Сараның айтысын" Әрiп жазған деген пiкiрлерге байланысты. ] / Ө. Ақжігіт// Ұлт TIMES.- 2012. - 26 шiлде (№ 11). – Б.12.

Зүкенов, Мәуітқазы. Сәдір әйгілі Әріппен де сөз таластырған. [Мәтін] : [ақын Сәдір Жәпекұлы туралы.] / М. Зүкенов // Дидар. - 2013. 31 қазан.- б.15. ; Өтікен. - 2015.; №1.- Б.184-186.

Карменова, Г. Абайдың ақын шәкірттерінің бірі- Әріп Тәңірбергенұлы [Мәтін] / Г. Карменова // Қазақ тілі мен  әдебиеті. - 2015. - №9.- Б.103-113.

Әкiмжанов З. Бiржан мен Сара айтысты ма ? // Солтүстiк Қазақстан.- 2015.- 19 қараша (№ 155).- 6 б.