Ағзамов Мұхамедолла Сағидоллаұлы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері және армрестлинг пен гір спорты бойынша халықаралық деңгейдегі төреші. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның құрметті спорт қайраткері, Қазақстан армрестлинг және гір спорты федерациясының құрметті президенті, Азия армрестлинг федерациясының (AAF) құрметті президенті, Дүниежүзілік армрестлинг федерациясының құрметті вице-президенті.
1951 жылы 2 желтоқсанда Көкпекті ауданы Өрнек ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Үлгілі Малшы ауылындағы Абай атындағы орта мектепті алтын медальмен бітірген. Еңбек жолын совхозда тракторшы болып бастады, содан кейін Қызыл Ту орденімен марапатталған Қазақ ауыл шаруашылығы институтының (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) механизация факультетіне түседі.
1972-1975 жылдары Өскемен ауыл шаруашылығы техникумында әдіскер, сырттай бөлім меңгерушісі және комсомол ұйымының хатшысы болып жұмыс істейді.
1972-1975 жылдары Өскемен ауыл шаруашылығы техникумында оқытушы болып жұмыс істеді.
1975-1978 жылдары Үлбі металлургия зауытында слесарь болған.
1978 жылы Ұлан ауданының «Передовой» совхозында бас инженер, 1992-1997 жылдары совхоз директоры қызметін атқарды.
1997-2007 жылдары «Колос» шаруа қожалығын ұйымдастырып, оны басқарды. 2007 жылдан бастап Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институтының директоры болды және ғылыми қызметпен айналысты. Қазіргі уақытта «Колос» ШҚ басқарады.
Мұхамедолла Сағидоллаұлы – техника ғылымдарының кандидаты, философия докторы. 27 ғылыми жарияланымның авторы және 6 авторлық куәліктің иегері. Алматыдағы Қазақ аграрлық университетінің құрметті профессоры және Шығыс Қазақстан өңірлік университетінің профессоры.
«КСРО ауыл шаруашылығындағы Үздік инженерлік-техникалық қызметкер» Бүкілодақтық байқауының жеңімпазы. Еңбегі үшін «Тыңға 50 жыл» және «Тәуелсіздікке 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Жеті дүркін Азия чемпионы және армрестлингтен әлем чемпионы, Әлем чемпионаттарының жүлдегері. «Спортты дамытудағы еңбегі үшін» медалімен марапатталған (Моңғолия).
Сондай-ақ армрестлингтен 5 дүркін Азия чемпионы, халықаралық санаттағы төреші, гір спорты және армрестлинг федерациясының Құрметті Президенті, Дүниежүзілік армрестлинг федерациясының Вице президенті, гір спорты бойынша Шығыс Қазақстан облысының 9 дүркін чемпионы.
V сайланған Ұлан аудандық мәслихатының XXIV сессиясының 21.04.2014 ж. № 185 шешімімен «Ұлан ауданының Құрметті азаматы» атағы беріледі.
М. С. Ағзамовтың мерзімді басылымда мақалалары
Публикации Агзамова М. С. в периодических изданиях
Ағзамов М.С. Әлем чемпионаты Өскеменде өтеді: [Кіртасы спорты мен армрестлингтен Қазақстан Федерациясының резиденті...сұхбат.Сұхбаттасқан О.Елубай] / Ағзамов М.С. // Егемен Қазақстан. - 1994. - 27 шілде. - Б.
Ағзамов М.С. Білектілер бізде бәсекелеседі: [Өскемен қ. "Динамо" спорт комплексінде гир көтеру бойынша өтетін халықаралық жарыс туралы...әңгіме.Әңгімелескен Қ.Сапарғалиев] / Ағзамов М.С. // Дидар. - 1994. - 1 қазан. - Б.
Ағзамов М.С. "Айыртау" ұжымында: ["Айыртау" акционерлік қоғамының("Передовой" совхозы) бүгінгі тыныс-тіршілігінен] / Ағзамов М.С. // Дидар. - 1994. - 13 қазан. - Б.
Ағзамов, Мұхамедолла. Түрлі марапаттарға ие болдым: [М.Ағзамов туралы] / М Ағзамов. // Ұлан таңы. - 2015. - 1 қаңтар. - Б. 2
Ағзамов, Мұхамедолла. Қартайса да қайраты қайтпаған : [Көкпектілік Мұхамедолла Ағзамов қол күрестен әлемді бағындырды] / М. Ағзамов. - Мәтін // Менің өлкем. - 2022. - 25 тамыз. - Б. 5.
М. С. Ағзамовтың өмірі туралы әдебиеттер
Литература о жизни Агзамова М. С.
Кітаптар - Книги
Қасымұлы А. Арулар әлемі / Қасымұлы А. - Усть-Каменогорск: Шығыс баспа, 2000. - 121 б.
Елубай О. Аялайық Алтайды: (Деректі әңгіме, жолжазба, очерк,толғау, мақалалар) / Елубай О. - Өскемен, 2004. - 227 б.
Бидельманов С. Е. Ұлан ауданының спорт жұлдыздары / С. Е. Бидельманов. - Өскемен: Рекламный Дайджест, 2008. - 272 б
Атажұртым - Көкпекті [Электрондық ресурс]: [Көкпекті ауданының 80 жылдығына арналған.] / А. Тлеухан, Ә. Жайсан. Т. 2., 2010. - 371 б.
Тлеухан, Айбек. Тұлға. Личность. Personage / А. Тлеухан. – Семей, 2011. - 228 б.
Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. — Астана: Фолиант, 2011. – С.200
Мәлікаждар, Қайрат. Тау көтерген толағайдай Мұхамедолла Ағзамов : әңгіме, өлең / Қ. Мәлікаждар. - 15 б.
Мақалалар - Статьи
Бота Ә. М. Ағзамов- ғылым кандиданты: [Ұлан ауд. Завидное ауылының "Колос" шаруа қожалығының төрағасы техника ғылымының кандиданты] / Бота Ә. // Дидар. - 1999. - 12 қаңтар.- Б.
Елубай О. Мұқан жасаған мәшине: [Шегірткіні қыратын қондырғыны өндіріске енгізген М.Ағзамов туралы ] / Елубай О. // Егемен Қазақстан. - 2000. – 24 наурыз.- Б.
Әліпбаев С. Мұқан Ағзамовтың әлемі / Әліпбаев С. // Дидар. - 2000. - 15шілде.- Б.
Шөмшеков С. "Қаңбақ шалдан" хат: [Ұлан ауданы "Масақ" шаруа қожалығының төрағасы Мұхамедолла Ағзамов туралы бір үзік сыр] / Шөмшеков С. // Дидар. - 2001. - 4 желтоқсан.- Б.3
Тоқпатаев У. Ар - намыстан жаралған / Тоқпатаев У. // Дидар. - 2003. - 29 қараша.- Б.4
Тоқпатаев У. Арнамыстан жаралған азамат / Тоқпатаев У. // Егемен Қазақстан. - 2003. - 20 желтоқсан.- Б.6
Қадылбекұлы, Әлімжан. Осы спорт түрлерін республикада дамытып отырғаныма 30 жылдай болды / Ә. Қадылбекұлы // Дидар. - 2010. - 7 қыркүйек.- Б.5.
Қадылбекұлы Ә. Жігері мұқалса, ол Мұқан ба?: [Спортшы Мұқан Ағзамов туралы] / Ә. Қадылбекұлы // Ертіс өңірі. - 2011. - 24 тамыз.- Б.13.
Елубай , Оңдасын. Жастар - бірінші,ересектер -екінші орында. / О. Елубай . - // Егемен Қазақстан. - 2017. - 6 қазан. - Б. 11
Елубай, Оңдасын. Ыстықкөлден Әлем чемпионы болып оралды / О. Елубай. - Мәтін // Дидар. - 2022. - 17 қыркүйек. - Б. 4.
Елубай, Оңдасын. Ауылда тұратын әлем чемпионы.... / О. Елубай. // Қазақ спорты. - 2024. - 10 қаңтар (N1). - Б. 5
Елубай, Оңдасын. Әлем чемпионы Айыртауда тұрады: [Хайдарабад қаласындағы стритлифтингтен өткен Әлем чемионатында алтын медаль алған Ағзамовтар әулеті туралы] / О. Елубай. // Егемен Қазақстан. - 2024. - 24 қаңтар (N16). - Б. 15
Александров Борис Викторович (1955- 2002 гг.) Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Борис Александров 1955 жылы 13 қарашада Өскемен қаласында туған. Өскемен хоккей мектебінің үздік тәрбиеленушілерінің бірі.Өзінің командасында шабуылшы болып, 1972-73 жылдардағы маусымда ойнай бастады. Сәтті ойындармен көзге түсіп, даңқты ЦСКА командасына шақырту алды. Мұз айдынында Харламов, Петров, Михайлов, Третьяк, Викулов, Цыганков сияқты атақты ойыншылармен бірге шығып жүрді. 1975 жылдың мамыр айында Борис Александров алғаш рет, ал 1978-79 жылдары екі мәрте СССР чемпионы болды. ЦСКА құрамында алты маусым ойнаған Б .Александров 1980 жылы СКА құрамында, ал 1980-82 жылдары Москваның «Спартак» командасында ойнады. Борис Александров СССР чемпионатында үш алтын, үш күміс медаль алды. (1974, 1976, 1982 гг.).
1976 жылы Инсбурктағы қыстық олимпиада ойындарының чемпионы болды, сол жылы СССР құрама командасының құрамында Канада кубогына қатысты. СССР мен МХЛ чемпионатының 400 матчына қатысып, 177 гол соқты.
1990 жылы Александров үлкен хоккеймен қоштасып, бос уақытында «Алиса» студенттер командасында, «Ресей жұлдыздары» ардагерлер командасында ойнады.
1994 жылы Өскеменнің «Торпедо» командасына оралып, ойнайтын тренер ретінде қызмет атқарды.
1995-96 жылдардың ойын маусымдарында «Торпедоның» бас тренері болып, Қазақстан құрама командасын басқарды.
Б. Александровтың басқаруындағы еліміздің бас командасы үлкен жеңістерге қол жеткізді
1998 жылы Нагано қаласында өткен Олимпиада ойындарында 5-орын алып, «А» тобында ойнау құқығына ие болды.
2002 жылдың шілде айына дейін Өскемен «Казцинк- Торпедо» командасының бас тренері болды.
31 шілдеде 47 жасқа қараған шағында Челябинск қаласының маңында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, олимпиада чемпионы, Қазақстанның еңбегі сіңген жаттықтырушысы, мәдениет қызметкері Борис Викторович Александров автомобиль апатынан қаза тапты. Қайғылы оқиға болған жерде хоккей шайбасы түріндегі ескерткіш пен Борис Александровтың суреті тұр.
Жаттықтырушылық өмірі онша ұзақ емес. Әйтсе де оған ешкім бақталас бола алған жоқ. Шеберлігі мен батылдығы, ержүректілігі мен темпераменті қарапайым табиғат берген қасиеттерін толықтырып тұратын. Егер мұз айдынында, Александров сәл басқаша, сәл ұстамдырақ болса, хоккей әлемі, хас шеберге тән қайталанбас қолтаңбасы бар ойыншыға таң қалмас еді.
Б. В. Александров туралы әдебиет
Литература об Александрове Б. В.
Кітаптар – Книги
Қазақстанның танымал спортшылары. - Алматы: Аруна, 2003. - 12 б.
Біздің хоккей!: [Мәтін] = Наш хоккей! = Our Hockey!. - Новосибирск: Вояж, 2006. - 359 б.
***
Люди искусства - Герои Социалистического труда: биография отдельного лица / сост. Н. Г. Кузнецова, И. П. Кириченко, Н. Д. Еременко. - М.: Искусство, 1980. - 367 с. - (в пер.):
Известные спортсмены Казахстана : [для детей школьного возраста]. - Алматы: Аруна, 2003. - 12 с. - (Сен білесің бе?).
Федосюк, Ю. А. Короткие встречи с великими : воспоминания / Федосюк Ю. А. - М. : Флинта: Наука, 2007. - 184 с.
Шевченко, А. М. О Борисе. И - не только: эссе / А. М. Шевченко. - У-Ка: Изд-во ВКГУ, 2009. - 312 с.: фот.цв.
Мақалалар – Статьи
Александров, Б. Өрлеу жолында : [Мәтін] : [Шайбалы хоккейден Қазақстан құрама командасының бас бапкері.../сұхб. Ә.Қадылбекұлы} / Б.Александров // Дидар. - 1998. - 29 қаңтар. - Б. 4.
Елубаев, О. Борис Александров туралы еңбек : [Мәтін] : [Өскемендік хоккейші Борис Александров жайлы] / О. Елубаев // Егемен Қазақстан. - 2009. - 14 қазан. - Б. 6.
Ұмытылмас есімдер Қазақстандықтардың жадында: [Мәтін] / бетті дайынд. Қ. Жігер // Өскемен. - 2010. - № 38. - Б. 7.
Қайсанова, И. Спорт сарайы есімге ие болды : [Мәтін] / И. Қайсанова // Өскемен. - 2010. - 16 желтоқсан. - Б. 2
Есімханов, Ә. Шығыстан шыққан сақа спортшылар : шығысқазақстандық танымал спортшылар жайлы не білеміз? / Ә. Есімханов // Менің өлкем. - 2021. - 29 шілде. - Б. 5.
Айтбаев, А. Тұлғалардың орны -төр : өскеменде көше атаулары берілетін жандар туралы не білеміз? / А. Айтбаев. // Менің өлкем. - 2023. - 12 қаңтар. - Б. 7.
***
Александров Борис Викторович: [Олимпийский чемпион ; некролог]// Рудный Алтай. - 2002. - 11 июля. - С. 3.
Губанов, А. ДПК им. Александрова: 28 декабря 2011 г. при школе №31 был открыт новый детско-подростковый клуб им. Б. Александрова / А. Губанов// Усть-Каменогорск. - 2011. - 29 дек. - С. 2.
Минченко, В. Не отрекаются любя...: [о новой книге Б. А. Шевченко "О Борисе. И - не только"] / В. Минченко // Рудный Алтай. - 2012. - 16 ноября. - С. 8.
Мечта так и не сбылась: 3 сентября 2013 г. в Усть-Каменогорске стартовал III международный турнир, посвященный памяти Олимпийского чемпиона Б. Александрова // Усть-Каменогорск. - 2013. - 5 сент. - С. 18.
Ағзамов Мұхамедолла Сағидоллаұлы 1951 жылы 2 желтоқсанда Көкпекті ауданы Өрнек ауылында туған. 1967 жылы Үлгілі Малшы ауылындағы Абай атындағы орта мектепті алтын белгімен бітірген. Еңбек жолын осы совхозда тракторшылықтан бастап, сол жылы Қызыл Ту орденді Қазақ ауылшаруашылық институтының (қазіргі Қазақ Ұлттық Аграрлық Университет) механизация факультетіне түскен. 1972-1975 жылдары Өскемендегі ауылшаруашылық техникумында методист, сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі, комсомол ұйымының хатшысы қызметтерін атқарды. 1975-1978 жылдары Үлбі металлургия зауытына жұмыс істеді. 1978-1988 жылдары Көкпекті, Ұлан аудандарында әртүрлі қызмет істеді. 1988-1992 жылдары- Алматы қаласындағы ғылыми – өндірістік «Казсельхозмеханизация» бірлестігінің инженері, 1992-2007 жылдары Ұлан ауданы Передовой совхозының директоры, шаруа қожалығының басшысы болып қызмет атқарды. 2007-2010 жылдары Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институының Бас директоры, 2010 жылдан «Айыртау» ауылында «Колос» шаруа қожалығының басшысы. Техника ғылымдарының кандидаты- Философия докторы (Ph.D). 27 ғылыми мақаланың , 6 авторлық куәліктің иесі. «Тыңға 50 жыл», «Тәуелсіздікке 20 жыл» медалдарының иегері. «КСРО ауылшаруашылығы саласында ең үздік инженер-техникалық қызметі үшін» конкурсының жеңімпазы; Армреслингтен 7 мәрте Азия чемпионы, Әлем чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері. «Спорты дамытудағы еңбегі үшін» медалінің иегері (Монғолия), Алматыдағы Қазақ Аграрлық Университетінің Құрметті профессоры, Шығыс Қазақстан Аймақтық Университетінің профессоры; Армреслингтен халықаралақ дәрежедегі спорт шебері, халықаралық дәрежедегі төреші, гир спортынан халықаралық дәрежедегі төреші, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, ҚР Құрметті спорт қызметкері, ҚР армреслинг және гир спорты Федерациясының Құрметті Президенті, Азия (AAF) Армреслинг Федерациясының Құрметті Президенті, Бүкіләлемдік Армреслинг Федерациясының Құрметті Вице-Президенті.
Ағзамов М. туралы
Тлеухан, Айбек. Тұлға. Личность. Personage [Мәтін] / А. Тлеухан. - Семей : [б. ж.], 2011. - 228 б.
Атажұртым - Көкпекті [Электрондық ресурс] : [Көкпекті ауданының 80 жылдығына арналған.] / А. Тлеухан, Ә. Жайсан . Т. 2., 2010. - 371 б.
Бидельманов С. Е. Ұлан ауданының спорт жұлдыздары [Мәтін] / С. Е. Бидельманов. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2008. - 272 б
Елубай О. Аялайық Алтайды [Мәтін] : (Деректі әңгіме, жолжазба, очерк,толғау, мақалалар) / Елубай О. - Өскемен : [б. ж.], 2004. - 227 б.
Қасымұлы А. Арулар әлемі [Мәтін] / Қасымұлы А. - Усть-Каменогорск : Шығыс баспа, 2000. - 121 б.
Мерзімді басылым беттерінен:
Қадылбекұлы Ә. Жігері мұқалса, ол Мұқан ба? [Мәтін] : [Спортшы Мұқан Ағзамов туралы] / Ә. Қадылбекұлы // Ертіс өңірі. - 2011. - 24 тамыз.- Б.13.
Қадылбекұлы, Әлімжан. Осы спорт түрлерін республикада дамытып отырғаныма 30 жылдай болды [Мәтін] / Ә. Қадылбекұлы // Дидар. - 2010. - 7 қыркүйек.- Б.5.
Тоқпатаев У. Ар - намыстан жаралған [Мәтін] / Тоқпатаев У. // Дидар. - 2003. - 29 қараша.- Б.4
Тоқпатаев У. Арнамыстан жаралған азамат [Мәтін] / Тоқпатаев У. // Егемен Қазақстан. - 2003. - 20 желтоқсан.- Б.6
Шөмшеков С. "Қаңбақ шалдан" хат [Мәтін] : [Ұлан ауданы "Масақ" шаруа қожалығының төрағасы Мұхамедолла Ағзамов туралы бір үзік сыр] / Шөмшеков С. // Дидар. - 2001. - 4 желтоқсан.- Б.3
Әліпбаев С. Мұқан Ағзамовтың әлемі [Мәтін] / Әліпбаев С. // Дидар. - 2000. - 15шілде.- Б.
Елубай О. Мұқан жасаған мәшине [Мәтін] : [Шегірткіні қыратын қондырғыны өндіріске енгізген М.Ағзамов туралы ] / Елубай О. // Егемен Қазақстан. - 2000. – 24 наурыз.- Б.
Бота Ә. М. Ағзамов- ғылым кандиданты [Мәтін] : [Ұлан ауд. Завидное ауылының "Колос" шаруа қожалығының төрағасы техника ғылымының кандиданты] / Бота Ә. // Дидар. - 1999. - 12 қаңтар.- Б.
Атаев Жанәділ Әбдірахманұлы (1946) – самбо және дзюдодан еңбек сіңірген жаттықтырушы. Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
1946 жылы 10 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Өскемен педагогикалық институтының дене шынықтыру факультетін бітірген.
1975-1980 жылдары Өскемендегі Ленин атындағы мектеп-интернатта дене шынықтыру пәнінен сабақ береді, сол жерде оқушыларға самбо дағдыларын үйрете отырып, тренингпен айналысады. Жанәділ Әбдірахманұлы көптеген жылдар бойы облыс орталығындағы Жамбыл атындағы мектеп-интернатының оқушыларын осы өнерге үйретуге арнады.
1984-1989 жылдары «Қайрат» ерікті қоғамының төрағасы болды. 1989 жылдан бастап еңбек демалысына шыққанға дейін дзюдодан жаттықтырушы болды және біздің көптеген жерлестерімізге осы спорт түрінен жоғары жетістіктерге жетуге көмектеседі.
1995 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атағы берілген.
2006 жылы Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері, Халықаралық санаттағы төреші жоғары атағына ие болады. 2007 жылдан бастап С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры; 2 дәрежелі «Дзюдо тарланы» орденінің иегері; Зайсан ауданының Құрметті азаматы. Бірнеше рет республикалық федерациялардың, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт Министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
2018 жылы қалалық мәслихат сессиясында Өскемен қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.
Ж. Ә. Атаев туралы мақалалар
Статьи о Ж. А. Атаеве
Кратенко, А. Почетным гражданином Усть-Каменогорска стал заслуженный тренер по самбо и дзюдо Жанадил Атаев /А. Кратенко // Экспресс К. – 2018 - 26 декабря https://exk.kz/news/1925/pochietnym-ghrazhdaninom-ust-kamienoghorska-stal-zasluzhiennyi-trienier-po-sambo-i-dziudo-zh
Боженов, В. Гении самбо и дзюдо из ВКО / В. Боженов //Sports.kz– 2011 - 21 октября
https://www.sports.kz/news/genii-sambo-i-dzyudo-iz-vko
Гражданин и Патриот [Электронный ресурс] : [Воспоминание Газалиева А.М, академика Национальной академии наук РК, лауреат Государственной премии РК] // https://kozhalar.kz/20219927-grazhdanin-i-patriot
Байдосов Қабден Рахманқұлұлы (1934-1997) – еркін күрестен КСРО спорт шебері. Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген жаттықтырушы. Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген қайраткер.
1934 жылы 12 қазанда Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Георгиевка селосында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Алматыға келіп Қазақ физкультура институтының шаңғы спорты кафедрасына оқуға түсіп, екінші курста күрес бөліміне ауысады.Республика балуандарынан шыққан бірінші КСРО спорт шебері. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, одақтық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы. 1957 жылы физкультура институтын бітірген соң кафедрада еркін күрестен сабақ жүргізіп, жаттықтырушы болды. 1964 жылы Қазақстан құрамаларымен жұмыс істейді. 1974 жылы оны еркін күрестен үздік маман ретінде және осы спорт түрінен көмек беруге Кубаға жібереді. Кубадан келген соң 1997 жылы ұлттық құраманы басқарды. Бұл құрама 1979 жылы КСРО елдерінің спартакиадасында алғаш рет бесінші орынға тұрақтады. Кейін күрес және фехтования кафедрасына жетекшілік етті. Байдосовтың басшылығымен ұлттық команда үлкен жетістіктерге жетті. Қазақ физкультура институтының тәрбиеленушісі Александр Иванов Мюнхендегі Олимпиадалық ойындарының күміс жүлдегері болды (1976). Оның шәкірттерінің арасынан Одақтың екі дүркін чемпионы Асқарбек Иманқұлов, спорт шебері Берік Аманбаевты атауға болады. 1997 жылы 63 жасында жол апатынан қайтыс болды.
К. Байдосов шығармалары
Произведения К. Байдосова
Кітаптар-Книги
Байдосов, К. Р. Казахская национальная борьба [Текст] / К. Р. Байдосов. - Алма-Ата : Мектеп, 1987. - 136 с.
Қ.Байдосов туралы әдебиеттер
Литература о К. Байдосове
Шығыс жұлдыздары : [Мәтін] энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. - Астана: Фолиант, 2011. – Байдосов Қабден: б.204-205
Қазақстанның спорттық және олимпиадалық данқы = Спортивная и олимпийская слава Казахстана = Sport and olympic glory of Kazakhstan [Мәтін] : фотоальбом. – Алматы: Өнер, 2004. - 160 б.
Досмұхамбетов, Т. Намыс сардары [Мәтін] / Т. Досмұхамбетов. – Астана: Жарыс, 2014. - 248 б.
Мақалалар - Статьи
Досмухамбетов, Т. "Вольный" самородок: в историю вольной борьбы имя Кабдена Байдосова вписано большими буквами [Текст] / Досмухамбетов Т.// Литер.- 2012. - 15 ноября. - C. 25.
Еникеев, Д. Он жил во славу борьбы [Текст] / Еникеев Д. // Про спорт Казахстана.- 2009. - 14 июля. - С. 6.
Интернет сілтемелер
Интернет-ссылки
Кабден Байдосов [ Электронный ресурс]: [биография] //Казахстанская энциклопедия : сайт. - Режим доступа : http://ru.encyclopedia.kz/index.php/%D0%91%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D0%BE%D1%81%D0%BE%D0%B2,_%D0%9A%D0%B0%D0%B1%D0%B4%D0%B5%D0%BD_%D0%A0%D0%B0%D1%85%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%BA%D1%83%D0%BB%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87 (19.12.2018)
Кабден Байдосов - золотая страница истории [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. - Режим доступа : http://vesti.kz/wrestling/154826/ (19.12.2018)