Известные имена

Кеңес Одағының Батырлары

Вербицкий Т.С.

Вербицкий Тимофей Сергеевич Вербицкий Тимофей Сергеевич (1909-1944) – Кеңес Одағының Батыры.

759 атқыштар полкінің бөлім командирі (1-Украина майданы, 38-Армия 163-Ромнен атқыштар дивизиясы), кіші сержант.

1909 жылы  Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Камышинка ауылында шаруа отбасында туған. Білімі – бастауыш. Колхозда жұмыс істеген. 1932-1934 жылдары әскери борышын өтеген. Ұлы Отан соғысы алдында Шемонаиха аудандық жер бөлімінде есепші болып істеген. 1941 жылы армияға қайта шақырылған.

1943 жылдың тамыз айынан – майданда, Воронеж (1944 жылдың 20 қазанынан 1-Украина) майданында шайқасқа түскен.

163-атқыштар дивизиясының құрамында Белгород-Харьков (3-23 тамыз 1943 ж.) шабуыл операциясына, Курск шайқасына, Сумы-Прилук (26 тамыз-30 қыркүйек, 1943 ж.)  Киев (3-13 қараша 1943 ж.), Житомир-Бердичев (24 желтоқсан 1943 ж.) шабуыл операцияларына, Днепрден өту шайқастарына қатысқан.  

Әсіресе Днепрден өту кезіндегі шайқаста ерекше көзге түсті (Лютеж плацдармы,1943 ж). Киев облысының Гута –Межигорск  (Вышгород ауданы) мен Мощун (Киев-Святош ауданы) селоларын азат ету үшін шайқаста жараланып қалған командирдің міндетін өзіне алып, дұрыс шешімдер қабылдап батальонның әскери тапсырманы орындауына ықпалын тигізді. Жаудың бірнеше шабуылын қайтару кезінде ержүректілік пен  жігерлілік танытып, өзі жеке жаудың бір пулеметі мен 25 солдат-офицерінің көзін құртты.

1944 жылғы 10 қаңтардағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Днепрден өту кезіндегі көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Вербицкий Тимофей Сергеевичке  Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Жоғарғы марапат батыр қолына тимеді. 1944 жылы 12 қаңтарда ауыр жараланып, медсанбатқа одан әрі госпитальға  жіберілді. Одан арғы тағдыры белгісіз. («Мемориал» сайтының мәліметі бойынша 1943 жылы желтоқсан айында хабарсыз кеткен.)

Гут-Межигорская ауылында жерленген (Украина, Киев облысы, Вышгород ауданы).

Шемонаиха қаласының бір көшесіне батыр есімі берілген.

 

 

Т. С. Вербицкий туралы әдебиет

Литература о Т. С. Вербицком

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.28.

Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. - Т. С. Вербицкий : Б. 298 - 299.

***

Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – С. 175 - 176.

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов и др.; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - С. 257 – Т.1

Мақалалар – Статьи

Еремин, С. Жизнь продолжается/ Еремин С. // Знамя коммунизма. - 1964. - 10 января.

Шмунк, Г. Смелость и находчивость простого бухгалтера/ Г. Шмунк // Рудный Алтай. - 2009. - 8 мая. - С. 2 - 3.

Владимиров В. Загадка Тимофея Вербицкого: [о Герое Советского Союза из Шемонаихи] // Рудный Алтай. - 2010. - 31 мая. - С. 3.

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

Вербицкий, Т. С. [Электронный ресурс] : [биография] // Память норода : сайт. – Режим доступа : https://pamyat-naroda.ru/ (23.01.2019)

Вербицкий, Т. С. [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны : сайт. – Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=15125 (23.01.2019)

Вербицкий, Т. С. [Электронный ресурс] : [биография] // Управление культуры, архивов и документации : сайт. – Режим доступа : http://cultura-arhiv.vko.gov.kz/ru/65let_3.htm?mobile=on (23.01.2019)

 

Головченко В.Е.

Головченко Василий Евстафьевич

Головченко Василий Евстафьевич (1921-1990) - Кеңес Одағының Батыры.

1134-ші атқыштар полкінің батальон командирі (338-ші атқыштар дивизиясы, 39-шы армия, 3-ші Белорус майданы), майор.

1921 жылы 1 қаңтар күні Зайсан қаласында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының қаласы) туған. Майор, батальон командирі.

Қызыл Армия қатарына 1939 жылы шақырылған. 1941 ж. Алматы жаяу əскер училищесін бітіріп, 6-қазанда Солтүстік Батыс майдандағы 338-атқыштар дивизиясының қатарына қосылды. 1943 ж. əскери істі жақсы меңгерген Головченко батальон штабының бастығы, кейіннен атқыштар батальонының командирі болып тағайындалды. 1944 ж. 20 қыркүйектен корпус командирі

Генерал-майор Олешев Головченконың батальонына Литваның Юрбаркас қаласы маңында Неман өзенін жəне шоссені кесіп өтіп, корпустың басқа бөлімдері келгенше плацдармды ұстап тұруды тапсырды. Екітəулік бойы Головченконың батальоны жаудың 10-нан аса қарсы шабуылына тойтарыс берді. 

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен1945 жылғы 24 наурызда қолбасшылық тапсырмаларын үлгілі орындағаны және неміс-фашистік басқыншылармен шайқаста көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін майор Василий Евстафьевич Головченкоға Ленин орденін және "Алтын Жұлдыз" медалін (N 4731) тапсырумен бірге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін әскерде қызметін жалғастырды. Қазақ КСР Қостанай облысының әскери комиссары қызметін атқарады. 1967 жылдан полковник Головченко запаста болады. Қостанай қаласында тұрған. 1990 жылы наурызда қайтыс болды. Қостанай қалалық зиратының құрметті жерлеу аллеясында жерленген.

Ленин орденімен, 1-ші дәрежелі екі Отан соғысы орденімен, 2-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған.

В.Е. Головченко туралы әдебиет

Литература о В. Е.Головченко

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – С.30.

Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.

***

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов и др.; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - С. 339 – Т.1

Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – С. 197-198.

Мақалалар – Статьи

Фролов, П. Герой из Зайсана [Текст] / П. Фролов // Знамя коммунизма. - 1962. - 3 февраля.

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

Герои страны

Шығыс Қазақстан облысының мұрағаты

 

Гуляев С.К.

Гуляев Сергей Константинович

Гуляев Сергей Константинович (1921-1986) – Кеңес Одағының Батыры.

Воронеж майданының 3-ші гвардиялық танк армиясының 7-ші гвардиялық танк корпусының 8-ші гвардиялық жеке барлау батальонының бронетранспортер командирі, гвардия аға сержанты.

1921 жылы 23 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Лениногорск қаласында (қазіргі Риддер қаласы) туған.

Кеңес Одағының Батыры (23.10.1943). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Геологиялық барлау партиясында коллектор қызметін атқарған.

1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, 1942 жылдың мамырынан Воронеж майданы 3-гвардиялық танк армиясы, 7-танк корпусы, 8-жеке барлау батальоны құрамында ұрыстарға қатысқан.

1943 ж. 22-қыркүйекте С. Гуляев екі жауынгермен бірге Канев ауданы Трахтемиров селосының маңында Днепрдің Букрин тармағынан жасырын өтіп (Украина, Черкассы обл.), штабқа қажетті барлау мəліметтерін жеткізген. Соғыстан кейін əскери-саяси училищені бітірген.

1943 жылы 23 қазанда КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша неміс басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін гвардия аға сержанты Сергей Константинович Гуляевке Кеңес Одағының Батыры атағы мен Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалі тапсырылды (2087).

1946 ж.запасқа шықты. Соғыстан кейін Риддер қаласында тұрып, еңбек етті.

Ленин, 1-дəрежелі Отан соғысы ордендерімен,бірнеше медальдармен марапатталған.

1986 жылы 29 шілдеде Риддер қаласында қайтыс болды.

С. К. Гуляев туралы әдебиет

Литература о С. К. Гуляеве

 

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с. 31

Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.306.

***

Герои Советского Союза казахстанцы: Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – с. 215-216.

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 390 – Т.1

Мақалалар – Статьи 

Сытова, Л. Помнит Днепр - река / Сытова Л. // Лениногорская правда. - 1984. - 20 нояб.

Интернет-ресурстар

Интернет-ресурсы

Герои страны

ПомниПро

Гулькин И.Т.

Гулькин Иван Тихонович (1923-1945) – Кеңес Одағының Батыры.

Иван Тихонович Гулкин - дала майданының 5-ші әуе армиясының 1-ші шабуылдық авиациялық корпусының 292-ші шабуылдық авиациялық дивизиясының 667-ші шабуылдық авиациялық полкінің аға ұшқышы, кіші лейтенант. 

1923 жылы 23 маусымда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан) Белағаш ауданының (қазіргі Бородулиха ауданының) Алексеевка ауылында дүниеге келген. Ұшқыш, гвардия капитаны. Кеңес Одағының Батыры (4.2.1944).

2-дүниежүзілік соғысқа қатысты. Барнаулдағы (Ресей, Алтай өлкесі) орта мектепте, сонымен қатар қаладағы аэроклубта оқыған. Кеңес əскері қатарына 1941 ж. 4 қаңтарда Барнаул қ. əскери комиссариатынан шақырылған. 1942 ж. Майкоп (Ресей, Краснодар өлкесі) Əскери-əуе училищесін бітіреді. 1942 жылдың мамырынан Дала майданының 5-əуе күштері армиясы, 292-штурмдық авиация дивизиясының 667-штурмдық авиация полкі құрамында ұрыстарға қатысқан.

1943 жылдың қыркүйегіне қарай И.Гулькин 93 жауынгерлік тапсырмамен əуеге көтеріліп, жау техникасы мен əскерін жойды, əрі əуеде өз тобымен 3 жау ұшағын атып түсірді.

1945 ж. 4-наурызда Германия жерінде кезекті тапсырмадан оралмаған.

Барнаул қаласындағы көшеге есімі беріліп, сондағы №25 орта мектеп пен өзі тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған. Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, 1-дəрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, Алтын Жұлдыз, т.б. медальдармен марапатталған.

И. Т. Гулькин туралы әдебиет

Литература о И. Т. Гулькине

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с. 29.

Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.

***

Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945.- с. 213-214.

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 389 – Т.1

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

МОУ «СОШ № 25»

Военные летчики России

Герой страны

Елеуісов Ж.А.

Елеуісов Жәнібек Ақатұлы (1925-1996) – Кеңес Одағының Батыры, орталық майдан 13-ші армиясының 6-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының 25-ші гвардиялық атқыштар полкінің пулеметшісі, гвардия қызыл әскері.

1925 жылы Таулы Алтай автономиялық облысы Тұрата селосында шаруа отбасында туған. Ұлты – қазақ. Жеті кластық білімді Тұрата мектебінен – қазақша, қалған кластарды басқа мектептен орыс тілінде оқыған.

1942 жылы орта мектепті бітірісімен өз еркімен майданға сұранған. Алтай өлкесінің Усть-Кан аудандық әскери комиссариаты 1943 жылы сұранысын қанағаттандырып, ақпан айында соғысқа атанады. Алты айлық снайперлер курсын бітірген соң, 1943 жылдың шілде айында Воронеж майданына пулеметшілер бөлімшесінің командирі болып келеді. Сумск облысын, Шостки қаласын азат етуге қатысып, Десна, Днепр өзендерінен өту, Днепрдің оң жағалауындағы бекіністі (Киевтің солтүстігі) кеңейтуге қатысты. Пулеметпен жау шабуылын бірнеше мәрте қайтара отырып, бөлімшелердің өзеннен кедергісіз өтуін қамтамасыз еткен.

1943 ж. 29 қыркүйекте Киев облысы Чернобыль ауданы Плютовище селосы тұсында Припять өзенінен өту кезінде оң жағалауға жеткен гвардия қызыл әскері Ж. А. Елеуісов жаудың оқ жаудырып жатқан нүктелеріне қарсы оқ бората отырып, батальонның өзеннен аман өтуін қамтамасыз етті.      

1943 ж. 16 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша Киевтен солға қарай Днепр өзенінен өту кезінде, өзеннің сол жақ плацдармын нық ұстап тұрып, көрсеткен ерлігі үшін гвардия қызыл әскері Елеуісов Жәнібек Ақатұлына Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин және «Алтын Жұлдыз» (№ 3606) медалі қоса тапсырылды. Малин, Житомир, Новгород-Волынский, Ровно қалаларын азат етуге қатысты. 1944 жылы Дубно қаласының түбінде ауыр жараланып, алты қабырға мен бір өкпесінен айрылды. Емделіп шыққан соң 1944 жылдың күзінде Казань қаласындағы орналасқан Житомир жаяу әскерлер командирін даярлайтын әскери училищесіне оқуға жіберілді. Оны бітірген соң Черновцы қаласында әскери училищеге ұрыс тәсілін үйретуден сабақ берді.

1946 жылдан кіші лейтенант Ж. А. Елеуісов – запаста. Алтай өлкесі Быстроисток ауданы Верх-Ануй селосында жеті жылдық мектеп директоры, 1948 жылы Тұрата селолық Кеңесінің төрағасы, Алтай өлкелік Кеңесінің депутаты болды. 1951 жылдан Уть-Кан ауданы Қырлық селосындағы жеті жылдық мектеп директоры болды.

1954 жылы Шығыс Қазақстанға қоныс аударған. 1962 жылдан Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында тұрды. 1962-64 жылдары Гурьев қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы мектепте алғашқы әскери дайындықтан сабақ берді. 1964 жылдан Гурьев облыстық ДООСАФ бөлімшесінің атқыштар спорт мектебінің бастығы болды. Төрт жыл қатарынан Гурьев қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1972 жылы қызмет бабымен Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласына ауысып, ДОСААФ облыстық комитеті спорт-атқыштар клубының бастығы болып істеді. 1991 жылы құрметті демалысқа шықты.  

1996 жылы 21 сәуірде Тараз қаласында қайтыс болды. Ленин (16.10.1943), 1-дәрежелі Отан соғысы (11.03.1985) ордендерімен, медалдармен марапатталған

Тараз қаласында батыр тұрған Сабыр Рахимов көшесі, 1 үйде мемориалды тақта, Тұрата селосында батырдың бюсті қойылған. Украинаның астанасы Киев қаласындағы Ұлы Жеңіске орнатылған обелискте Елеуісовтың есімі алтын әріптермен жазылған.

Ж. А. Елеусов туралы әдебиет

Литература о Ж. А. Елеусове

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.33.

Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с. –

***

Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945.- с. 213-214.

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 389 – Т.1

Мақалалар - Статьи

Жарылғапов, Ж.Алтайдың ақиығы [Мәтін] / Жарылғапов Ж. // Ақиқат. - 2005. - №5. - Б. 16.

 

Интернет-ресурстар

Интернет ресурсы

Герои страны

Прикаспийская коммуна