Окунев Григорий Селиверстович (1923-2002) - Кеңес Одағының Батыры.
Григорий Селиверстович Окунев - 966 – артиллериялық зеңбірек полкы командирі (383- атқыштар дивизиясы, 33-армия, 1- Белорус майданы).
1923 жылы 25 наурызда Семипалатинск қаласында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ.) қаласында дүниеге келген. Балалық және жасөспірім шағы Солтүстік Кавказда өтті. 10 жасында жетім қалып, Пятигорск, Георгиевка, Орджоникидзе, Грозный балалар үйлерінде тәрбиеленді. 1937 жылдан Ольгинское(Солтүстік Осетия) селосындағы үлкен әпкесінің қолында тұрды. Мұнда 7 сыныпты бітіріп, тракторшыларға көмектесе жүріп өзі де техника тілін меңгерді. Жазғы каникул кезінде тіркеуші /прицепщик/ болып жұмыс істеді.
Курстан кейін, Нартовск машина-трактор станциясында тракторшы болды. Соғыс басталысымен майданға сұранды. МТС директорына, аудандық әскери комитетіне өтініш жазғанымен, сәтсіз болды. Тек 1942 жылдың жазында, соғыс Солтүстік Осетияға жақын қалған кезде ғана Г.С.Окуневтің өтініші қабылданды.
1942 жылы тамызда Окунев Солтүстік Осетия аудандық Правобережный әскери комитеті армия қатарына шақырып, Махачкалаға 337-атқыштар дивизиясына жіберілді. Ол қысқа мерзімде әскери жаттығудан өтіп, танкке қарсы қарудың (ПТР) бірінші нөмірі болды. Сол жылы қазан айында Владикавказ түбінде алғаш рет ұрысқа қатысып, Терск үстіртіндегі шайқаста оң аяғынан жараланған соң Махачкала госпиталіне жіберілді.
Жазылып шыққан соң Кубаньді жаудан азат ету ұрыстарына қатысты. 1943 жылы сәуірде теңіз жаяу әскерінің 164-бригадасы құрамында Краснодар өлкесінің Красноармейская станицасы түбінде жаумен айқасты. 1943 жылы сәуірдің соңында 383-атқыштар дивизиясының 966-артиллериялық полкына жіберіледі. Жаумен шайқаста көрсеткен ерлігі мен батырлығы, Тамань түбегін азат етуде көрсеткен артиллериялық шеберлігі үшін екі мәрте «За отвагу» медалімен марапатталды.
1943 жылы күзде және 1944 жылдың басында кіші сержант Окунев 4-Украина майданының Жеке Приморск армиясы құрамында Қырымды жаудан азат етуге қатысты. Аджимушкая ауданындағы кескілескен ұрыста Окунев тобы гитлершілерге тойтарыс беруде ерекше көзге түсіп, «2-дәрежелі Отан соғысы» орденімен марапатталды. 1944 жылы мамырда Окунев өзінің зеңбірекшілер тобымен, жаяу әскермен бірге Сапун-тауында жауға күйрете соққы берді. Севастопольдегі фашистер гарнизонына шабуылға қатысты.
1944 жылы қыркүйекте 383 атқыштар дивизиясы 1-Белоруссия майданына жеткізіліп, 33-армия құрамына кірді. Кіші сержант Окунев зеңбірек тобы командирі ретінде Польшаны жаудан азат етуге, Пулавск плацдармын ұстауға қатысты. Ол соғыста көрсеткен ерлігі үшін екінші рет «2-дәрежелі Отан соғысы» орденімен марапатталды. 1945 жылы қаңтарда Висла-Одер шабуылдары кезінде ерекше көзге түсті.
1945 жылы 23 қаңтарда атқыштар ротасының қатарында, кіші сержант Окунев өз әскери тобымен Калиш (Польша) қаласы маңында шегінген фашистердің жолын кесіп, алдыңғы танкті жойды. Қиын сәтте зеңбірек жанында қалып, жау танктері мен өздігінен жүретін зеңбіректі құртты. Гитлершілердің шабуылы іске аспады.
1945 жылғы 31 мамырда СССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен әскери тапсырманы үздік орындап, неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін, кіші сержант Окунев Григорий Селиверстовичке Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды.
Окунев Жеңісті Эльба жағасында қарсы алып, әскери қызметін жалғады. 1945 жылы 7 қарашада сержант Окунев Германиядағы әскери Топ штабына шақырылып, маршал Г.К. Жуковтың қолынан Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалін алды.
1947 жылы әскер қатарынан босатылды. Солтүстік Осетияға оралып, МТС-те тракторшы болып жұмыс істеді. 1949-1961 жылдары Беслан қаласында аудандық байланыс конторының басшысы қызметін атқарды. 1961 жылы Правобережный ауданының «Сельхозтехника» басқармасында экскаваторшы болды. КПСС-тің Солтүстік-Осетия обкомының мүшесі болып сайланды. 1983 жылы құрметті демалысқа шықты.
Өмірінің соңғы жылдары Орджоникидзе(Владикавказ) қаласында тұрды . 2002 жылы 22 сәуірде қайтыс болды. Владикавказда Қызылгвардия саябағының Даңқ аллеясында жерленген.
Ленин ордені (31.05.45), 1-дәрежелі Отан соғысы (06.04.85), екі 2-дәрежелі Отан соғысы ордені (17.06.44; 03.06.45), Қызыл Жұлдыз орденімен (16.12.43), медальдармен, соның ішінде екі «За отвагу» медалімен марапатталған.
Г. С. Окунев туралы әдебиет
Литература о Г. С. Окуневе
Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.587.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.197.Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.627– Т.2
Интернет-ресурстар
Интернет ресурсы
Павлов Борис Тимофеевич (1919-2002) - Кеңес Одағының Батыры.
Солтүстік флот торпеда катерлері бригадасының 2-дивизия торпеда катерлері звеносының командирі, аға лейтенант.
1919 жылы 28 шілдеде Өскемен қаласында (Шығыс Қазақстан облысы) қызметкер отбасында дүниеге келген. Отбасы 1929 жылдан Красный Яр және Корестенев дәнді дақыл совхозында, 1932 жылдан – Ленинградта тұрды. Ленинградта орта мектепті бітірді.
Борис Павлов 1938 жылдан Әскери-Теңіз флотында қызмет етті. Алдымен Г.К. Орджоникидзе (Ленинград қаласы) атындағы Әскери-теңіз байланыс училищесіне алынды, ол тарағаннан кейін Жоғары әскери-теңіз училищесіне (Ленинград) ауысып, оны 1942 жылы аяқтады.
1942 жылдың мамыр айында Ұлы Отан соғысына аттанды. Солтүстік флотта жаумен шайқасты. Сүңгуір қайықтар бригадасының байланыс офицері, флоттың басты базасының су аймағын күзететін «малый охотник» катері командирінің көмекшісі, 1943 жылдан – ТКА -50 «Борис Сафонов» торпедолық катерінің командирі. 1944 жылдың көктемінен ТКА -218 торпедолық катер командирі. 1944 жылдан КПСС мүшесі.
Аға лейтенант Б.Т. Павлов 1944 жылдың қыркүйек айында жаудың 2 жүк тасымал көлігі мен күзет кораблін суға жіберіп, жау көліктері мен өздігінен жүретін екі баржасын суға батырды. Жеті бірдей мина бөгеттерін қойды,1944 жылы 13 қазанда Лиинахамари айлағында десант түсіріп, асқан ерлікпен катерлерді бұзып өтуге қатысқан.
1944 жылғы 5 қазанда СССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін, аға лейтенант Павлов Борис Тимофеевичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды.
1945 жылы 24 маусымда Москвада Жеңіс Парадына қатысқан.
Соғыстан кейін Әскери-теңіз флотында қызмет етті. 1945 жылдан Солтүстік флотта қызмет етіп, 1951-1952 жылдары – Қытай Халық Республикасында әскери-теңіз кеңесшісі қызметін атқарды. 1957 жылы Әскери-теңіз академиясын бітірді. 1958 жылдың ақпан айынан – Солтүстік флоттың матрос және старшина құрамын әзірлеу штабы бөлімінің бастығы. 1968 жылдан – М.В.Фрунзе атындағы Жоғары әскери-теңіз училищесінің (Ленинград) оқытушысы болды. 1974 жылдан 1-рангті капитан Б.Т.Павлов – запаста.
Батыр Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург) тұрып, 2002 жылы 5 қарашада қайтыс болды. Санкт-Петербургтің Серафимовск зиратына жерленген.
Б:Т. Павлов - 1-го рангалы капитан, «Ленин» (5.11.1944), үш мәрте «Қызыл Жұлдыз» (13.04.1944, 30.04.1944, 27.07.1944), «1-дәрежелі Отан соғысы» (11.03.1985) ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Вологод облысы Белозерск қаласындағы №1 мектептің пионер дружинасына Кеңес Одағының Батыры Борис Тимофеевич Павловтың есімі берілген.
Павлов Б. Т. туралы әдебиет
Литература о Павлове Б.Т.
Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.611.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.199.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
Павлов Борис Тимофеевич. [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=1427 (08.12.2018)
Павлов Борис Тимофеевич. [Электронный ресурс] : [биография] // Документы о наградах и присвоенном звании Героя Советского Союза : сайт. – Режим доступа :http://www.podvignaroda.ru/?#id=50627567&tab=navDetailManAward (08.12.2018)
Полынин Федор Петрович (1906-1981) – Кеңес Одағының Батыры.
Қытайдағы бомбалаушы авиация тобының командирі, авиация генерал-полковнигі.
Федор Полынин 1906 жылы Саратов облысы Балаковский ауданы Сухой Отрог селосында туған. 1907 жылы отбасы Алтай өлкесіне, кейінірек Самар селосына (Шығыс Қазақстан облысы) қоныс аударған. Балалық шағы Самар селосында өткен. Қызыл Армия қатарына шақырылған соң алдымен Вольский сосын Орынбар ұшқыштар мектебінде жіберілген. Екі жылдан кейін ол өз еркімен Қытай-Жапон соғысына кеткен.
Қызыл Армия қатарында 1928 жылдан бері. 1929 жылы біріктірілген Әскери Әуе Күштерінің Вольск ұшқыш-техникалық мектебін бітірген. 1933 жылы Орынбордағы 3-ші ұшқыштар мектебін ұшқыш-бақылаушы болып бітірген. 1931-1933 жылдары – Н. Е. Жуковский атындағы әскери-әуе Академиясының ұшқыш-инструкторы. 1933-34 жылдары қытай авиация мамандарын даярлайтын Синьцзян (Қытай) авиация мектебінің аға кеңесшісі. 1933 жылы Н. Е. Жуковский атындағы Әскери-Әуе академиясының командалық құрамды жетілдіру курсын бітірген. Әскери-Әуе күштерінің бөлімшелерінде (Мәскеу әскери округі), корабль және авиациялық отряд командирі қызметін атқарған. 1935 жылы Н. Е. Жуковский атындағы Әскери Әуе академиясы командирлер дайындайтын жедел курсын бітірген.
1937 жылдың қарашасынан 1938 жылдың сәуірі аралығында Қытайда жапон агрессорларына қарсы ұрыстарға қатысып, бомбалайтын авиатопқа жетекшілік жасаған. Кеңес шабуылшыларынң Формоз аралында (Тайвань) жапон аэродромын бомбалаған авиа шабуылына қатысып, 40 жапон самолетінің көзін құртқан.
Әскери борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі үшін полковник Полынин Федор Петровичке 1938 жылы 14 қарашада Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.
1938-1939 жылдары Қызыл Армияның ұшу техникасының аға инспекторы қызметін атқарған. 1939 жылдан Әуе Қарулы Күштерінің Киев ерекше әскери округі бастығының орынбасары. 1939-1940 жылдардағы Совет-Фин соғысына қатысушы, 1939 жылдың желтоқсан айынан Әскери әуе күштері 13-ші армия қолбасшысы. 1940 жылдың тамызынан Белорус ерекше әскери округінің 13-бомбалау авиация дивизиясының командирі. Авиация генерал-майоры (04.06.1940) 1941 жылдың тамызы-1942 жылдың мамыры аралығында Брянск майданы Әскери әуе күштерінің қолбасшысы. Мамыр айынан 2-әуе армиясының қолбасшысының орынбасары, 1942 жылдың қыркүйегінен 6- әуе күштері қолбасшысының орынбасары. Генерал–лейтенант (28.05.1943)
1943 жылдың тамызынан 1944 жылдың қыркүйегінен 6-шы әуе армиясының қолбасшысы. 1944 жылдың қазан айынан Польша Әскери Әуе күштерінің қолбасшысы. Батыс, Брянск, Солтүстік батыс, Калинин, 2-1- Белорус майдандарында шайқасқан. Шекара ұрыстарында, Мәскеу түбіндегі шайқастарға, 1942 жылғы Брянск, Воронеж бағытындағы, Демян шабуылы операцияларына қатысқан. 1943 жылы Невельск-Городок, Полесья, Белорус, Варшава-Познань, Берлин операцияларына қатысқан. Соғыстан кейін 1947 жылдың шілде айына дейін Польша Әскери Әуе күштеріне қолбасшылық жасаған. Одан кейін Кеңес әскери әуе күштерінде қызмет еткен.
1947-1950 –13-ші ( 1949 – 76-) әскери әуе (Ленинград әскери округі), 1950-1953 жылдары – 30-әскери әуе (Прибалтика әскери округі) қолбасшысы.
1955 жылы К. Е. Ворошилов атындағы Жоғарғы Әскери Академияны бітірген. 1956-1959 жылдары 57- әуе армиясына (Прикарпат әскери округі) басшылық жасаған. 1959-1971 жылдары – Әскери Әуе Күштері тыл бастығы. 1971 жылдан–запаста. Мәскеу қаласында тұрған. Орталық авиация және космонавтика үйінде қызмет еткен. 1981 жылы 21 қарашада қайтыс болып, Мәскеудің Кунцево зиратында жерленген (участок 9-3).
Авиация генерал-полковнигі (11.07.1946). 2 мәрте Ленин , Октябрь Революциясы (20.10.1976), 5 мәрте Қызыл Ту, 2 мәрте – 1-Дәрежелі Кутузов, 2-дәрежелі Кутузов орденімен , Еңбек Қызыл Ту орденімен, медалдармен, шетел наградаларымен (7 орден, 9 медаль Польша, Монголия) марапатталған.
Книги Полынина Ф. П.
Полынин, Ф. П. Боевые маршруты [Электронный ресурс] / Ф. П. Полынин. - М.: Воениздат, 1972.
Ф. П. Полынин туралы әдебиет
Литература о Полынине Ф. П.
Герои Советского Союза [Текст] : историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. -С. 627. - Т. 2.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - Б. 115.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей -заповедник. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 б.
Полынин Федор Петрович [Электронный ресурс]. - Герои страны: сайт. - Режим доступа: http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=593 (дата обращения: 17.09.2021)
Плешков Петр Антонович (1904-1961) - Кеңес Одағының Батыры.
Петр Антонович Плешков – Дала майданы 7-гвардиялық армияның 78-гвардиялық атқыштар дивизиясының 255-гвардиялық атқыштар полкының командирі, гвардия майоры
1904 жылы 9 (22 тамызда) Киров облысы Шабалин ауданы Склягино (қазір жоқ) селосында шаруа отбасында дүниеге келген. Орыс. Әкесі Порт-Артурды қорғауда қаза тапқан, ол жастайынан әкесіз өсті. Черновское селосында 7 сыныпты бітірген. Іс жүргізуші, хатшы, Котельничи уезі Черновск болысының уәкілі қызметін атқарған. Кейіннен белсенді комсомол қалалық тұтыну қоғамын басқаруға жіберілді.
1936-1937 жылдары Қызыл Армия қатарында әскери міндетін өтеп, жаяу әскер мектебін бітірді. Әскерден келген соң Новосибирск қаласындағы тұтыну кооперациясы жұмысшылары курсын аяқтады. Амурдағы-Комсомольск қаласы құрылысына қатысқан. Могоча (Забайкалье өлкесі) поселкесінде «Верхамурпродснаб» базасында тауартанушы жұмысын атқарды.
1941 жылы шілде айында Чита облысы Могочин аудандық әскери комитеті қайтадан әскер қатарына шақырады. 1942 жылдан ВКП(б)/ КПСС мүшесі.
Жауынгерлік жолы Қиыр Шығыста жасақталған 204-атқыштар дивизиясы құрамында өтті, кейін ол 1943 жылы 78-гвардиялық болып өзгерді. 706 - атқыштар полкының әскери құрамында жауынгерлік жолын бастап, Оңтүстік-Батыс, кейін Сталинград майданында шайқасты. 1942 жылдың күзіне таман аға лейтенант Плешков взвод командирінен полк штабы басшысына дейінгі жолдан өтті. Өз взводымен бірнеше сәтті барлауға қатысты. 2 қазан күні қатардан шыққан полк штабын ауыстырып, алға қойылған міндеттерді табыспен орындады. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. 1943 жылы қаңтар айындағы екпінді шабуылдарды сәтті ұйымдастырып, 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.
Кейін Курск иініндегі әскери ұрыстарға қатысып, жарақат алады және үшінші Қызыл Ту орденімен марапатталады. 1943 жылдың тамызынан – 225 - гвардиялық атқыштар полкының командирі. 1943 жылы күзде Днепр өзенінен өтуде ерекше көзге түскен.
1943 жылы 23 қыркүйекте гвардия майоры Плешковтың полкы жаумен шайқаса отырып, Украинаның Днепропетровск облысы Верхнеднепровск ауданының Домоткань селосы маңында Днепр өзенінің сол жағалауына өтеді. 25 қыркүйек күні түнде полк командирі өзеннің оң жағалауына өтуді ұйымдастырады. Өзі алдыңғы отрядпен өтіп жаумен ұрысқа кіреді. П.А.Плешков басшылығындағы 225-гвардиялық атқыштар полкы үш тәулік бойы жауға тойтарыс беріп, плацдармды екі километрге дейін кеңейтті. Өз іс-әрекеті арқылы басқа бөлімшелердің сол жағалауға өтуіне көмек беріп, жауға қарсы шабуылды үдете түсті.
1943 жылғы 26 қазанда СССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Днепрден өтуді табысты ұйымдастырып, Днепр өзенінің батыс жағалауын бекіту мен кеңейтуде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін гвардия майоры Плешков Петр Антоновичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды.
Польшаны және Германия жерін азат етуде полкқа сәтті қолбасшылық жасағаны үшін гвардия полковнигі Плешков екі әскери орденмен марапатталды. 1946 жылдан – запаста.
Алтайда «Золотопродснаб» басшысы, ет-консерві комбинатының бөлім басшысы, Семей қаласындағы (қазір Семей қ. Шығыс Қазақстан облысы) «Маслопром» тресінің бастығы қызметтерін атқарды. 1961 жылы 1 ақпанда қайтыс болды.
Ленин ордені (26.10.1943), екі Қызыл Жұлдыз ордені (20.09.1943 09.06.1945), Александр Невский ордені (18?09.1944), 1-дәрежелі Отан соғысы (09.02.1943), Қызыл Жұлдыз ордендерімен (11.11.1942), медальдармен марапатталған.
П. А. Плешков туралы әдебиет
Литература о Плешкове П. А.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. –с.115.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 б.
***
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.627– Т.2
Герои Советского Союза - семипалатинцы [Текст]. - Семипалатинск : [б. и.], 2004. - 56 с.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
Плешков Петр Анатольевич [Электронный ресурс] : [биография] // Восточно-Казахстанская Областная универсальная библиотека имени Абая : сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=10309&lang=ru (13.12.2018)
Плешков Петр Анатольевич. [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа : https://peoplelife.ru/228049 (13.12.2018)
Плешков Петр Антонович [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=7441 (13.12.2018)
Плешков Петр Антонович [Электронный ресурс] : [Документы о наградах и присвоенном звании Героя Советского Союза] : сайт. – Режим доступа : http://www.podvignaroda.ru/?#id=12059054&tab=navDetailManAward (13.12.2018)
Попов Александр Григорьевич (1917-2004) - Кеңес Одағының Батыры.
7- гвардиялық Далалық майданның 73 –гвардиялық атқыштар дивизиясы, 209-гвардиялық атқыштар полкінің штаб бастығы, гвардия майоры.
Александр Попов 1917 жылы 24 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында туған. Орта мектепті бітірсімен Қазақ мемлекеттік Университетінің биология факультетіне оқуға түсіп, оның төрт курсын бітіреді. 1941 жылдың маусым айында Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1942 жылы Алматыдағы жеделдетілген жаяуәскерлер училищесін бітіреді. Осы кезде университеттегі оқуын да сыртай бітіріп, дипломын қолға алады. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың мамыр айынан бастап қатысқан. Алғашқы ұрысқа лейтенант Александр Попов 1942 жылдың 12 мамыр күні Харьков түбінде батальон командирінің адьютанты қызметінде кірген еді. Оңтүстік Батыс, Сталинград, Воронеж, Дала, Сталинград, Курск майдандарына қатысқан. Әсіресе Днепрден (Чернигов-Припять операциясы,1943 ж.) өту кезінде айрықша көзге түскен. 209 гвардиялық атқыштар полкінің (73-гвардиялық атқыштар дивизиясы, 7-гвардиялық армия, Дала майданы) гвардия майоры Александр Попов 1943 жылы 25 қыркүйекте Днепропетровск облысы Верхнеднепровск ауданы Бородаевка селосы тұсында Днепр өзенінен өтуді асқан шеберлікпен ұйымдастыра білді. Басып алған плацдармды жау шабуылынан қорғау кезінде үш шабуылға тойтарыс бере отырып, бөлімшелерді жақсы басқарды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 26 қазандағы Жарлығымен жауынгерлік тапсырманы бұлжытпай сәтті орындағаны үшін гвардия майоры Попов Александр Григорьевичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені, «Алтын Жұлдыз » (№ 1363) медалі қоса тапсырылды. Одан кейін Ясско-Кишинев операциясына, Румыния, Болгария, Венгрия, Юголавияның астанасы – Белград қаласын азат етуге қатысты. Соғысты Австрия Альпісінде аяқтады.
Соғыстан кейін ержүрек офицер КСРО Қарулы күштерінде қызмет етті. М.В. Фрунзе атындағы Әскери Академияны бітірді. Командованиенің шешімімен жаңадан құрылған Алматы Далалық округіне округтің жедел дайындық бөлімі бастығының көмекшісі қызметіне жіберілді. Одан кейін Түскістан әскери округінде қызмет етті.
1952 жылы Әскери-дипломатиялық академияны бітіріп, Бас штабтың бас барлау басқармасында қызмет етті. 1964 жылдан шет тілдері Әскери институттың оқытушысы қызметін атқарды. 1973 жылдың тамыз айынан бастап А.Г. Попов запасқа шықты. Мәскеу қаласында тұрды. Зейнеткерлікке шыққанға дейін РСФСР көлік министрлігінде қызмет істеді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, Ардагерлер Кеңесін басқарды. 2004 жылы 30 сәуірде қайтыс болды. Мәскеудің «Горбрус» зиратына жерленген. (участок 18а).
А. Г .Попов туралы әдебиет
Литература о Попове А. Г.
Кітаптар - Книги
Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.619.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.205
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
Мақала - Статьи
Черных, С. Начальник штаба : [о Герое Советского Союза А. Г. Попове] / С. Черных, А. Потапов. - Текст // Рудный Алтай. - 1963. - 12 мая.
Блажко, А. От Волги до Балатона : [о герое Советского Союза А. Г. Попове] / А. Блажко. - Текст // Рудный Алтай. - 1969. - 22 февр.
Интернет- ресурстар
Интернет-ресурсы
Биографии героев и писателей СССР
Разведчики-герой советского союза