Урзля Владимир Матвеевич (1916-1945), Кеңес Одағының Батыры.
Владимир Матвеевич Урзля – 504 - Мгинск Қызыл Тулы миномет полкы штабының бастығы (Кутузов орденді 40-шы минометтік бригада, Суворов орденді 24-артиллерия, РГК майдан шебі дивизиясы 4-Украина майданы), майор.
1916 жылы 20 қаңтарда Алтай өлкесі (қазіргі Ребриха ауданы) Клочки селосында дүниеге келген. Орыс. 1932 жылы Алтай өлкесі, Алейск қаласында 7 сыныпты бітіріп, соңынан бастауыш сынып мұғалімі курсында оқыды. Алтай өлкесі, Топчиха ауданы, Парфеново селосында, соңынан Алейскі қант комбинаты жанындағы мектепте мұғалімдік қызмет істеді. Соңынан Семей ауылшаруашылығы техникумын бітірді. Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Бородулиха ауданы Белағаш поселкесінде мал дәрігері болды.
1939 жылы Белағаш аудандық әскери комитетінің шақыруымен әскер қатарына алынады. 1941 жылы Хабаровскіде әскери миномет училищесін бітіреді. Хабаровскіде, қыркүйек айынан бастап Барнаулда әскери міндетін өтейді.
1942 жылдың қаңтарынан әрекеттегі армия қатарында болды. Ленинград, Волхово, тағы Ленинград, 1-Украина майданында жаумен шайқасты. 1945 жылы 28 сәуірде 4-Украина майданының Моравско-Остравскі шабуылы кезінде, Моравска-Острава қаласы маңындағы (қазір Острава, Чех Республикасы) ДолниЛгота елді мекені жанындағы ұрыста ерекше көзге түсті. Майор В.М.Урзля болған алдыңғы қатардағы бақылау пунктіне жау шабуыл жасады. В.М.Урзля соңғы патроны қалғанша айқасты, бірақ гитлершілер қолға түсіріп, соңынан азаптап өлтірді.
1946 жылы 15 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Чехословакияны азат етуде көрсеткен ерлігі үшін Урзля Владимир Матвеевичке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (қаза тапқаннан кейін).
Глучин қаласының кеңес әскерлерінің зиратында жерленген (Моравско-Силезия Өлкесі, Чех Республикасы), Острава қаласынан 10 км жерде. Оның есімі Барнаулдың Даңқ мемориалында мәңгілікке жазылған.
Ленин (15.05.1946), Қызыл Жұлдыз (10.02.1944) ордендерімен, «За боевые заслуги» (18.01.1943) медалімен марапатталған.
Әдебиеттер:
Интернет-ресурстар:
Фонов Николай Яковлевич (1911-1950) - Кеңес Одағының Батыры.
Воронеж майданының 47-армиясының 30-атқыштар дивизиясының 59-артиллериялық полкінің атқыштар командирі, сержант.
1911 жылы 11(24) қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Карач деревнясында (қазіргі Көкпекті ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) қызметкердің отбасында дүниеге келген. Ұлты орыс. 1943 жылдан Коммунистік партия мүшесі. Білімі орта. Өскемен және Семей қалаларында қаржы органдарында аға инспектор қызметін атқарды.
1941 жылдың маусымынан Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1942 жылдың маусым айынан Ұлы Отан соғысында. Брянск, Солтүстік Кавказ, Воронеж, 1-ші Украина майдандарында болды.
Сержант Николай Фонов 30-шы атқыштар дивизиясы59-шы артиллериялық полк құрамында үлкен әскери жолдан өтті. Өз басынан қуанышты, жеңіс пен жеңілісті бәрін өткізді Соғыста бірнеше рет ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсетті. Сум облысының Ахтыр ауданының Карпиловка селосының маңында Николай Фонов ерен ерліктің үлгісін көрсетті. (Белгород-Харьков бағытындағы Румянцев стратегиялық шабуылы, Курск шайқасының соңғы этапы 1943 жыл.) Курск облысының Марьино селосында жаудың 2 ауыр, 4 орта салмақты танкісін, өздігінен жүретін зеңбірегі, станокты пулеметі, взвод әскері мен офицерін жойып жіберді.
Ол қызмет атқарған дивизия 1943 жылдың 27 тамызында Олешня-Чупаховка-Зеньков бағытында қарсы шабуылға шығып, Курск облысы Жигаловка селосында артиллериямен жаудың екі қорғаныс шебін бұзып өтті. Карпиловка селосында болған ұрыстарда сержант Николай Фоновтың расчеті жаудың 8 қарсы шабуылын тойтарып, 5 танкіні, 6 сүмбілі, 2 минометті және ротаға жуық неміс әскерін жойды. Днепрден өту кезінде Фоновтың зеңбірегі дәлдеп атып, жаудың 12 танкісін металл сынығына айналдырды.
Осы жасаған ерліктері үшін 24 желтоқсан 1943 жылы Николай Фоновқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды. (N4408). Қызыл Жұлдыз ордені мен бірнеше медальдармен марапатталды.
Ұрыстардың бірінде ауыр жараланып, госпитальда ұзақ жатып емделген соң Семей қаласына оралды. Ауыр науқастан 1950 жылы 27 қарашада қайтыс болды.
Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Н. Я. Фонов туралы әдебиеттер
Литература о Фонове Н. Я.
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін]:энциклопедия.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б.785.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б. 265
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.4.
Черных С. Солдат күнделігі [Мәтін] / Черных С. // Коммунизм туы. - 1980. - 15 апр.- Б. 11
Интернет-ресурстар
Интернет-ресурсы
Чернов Алексей Иванович (1924-1989) - Кеңес Одағының Батыры.
1-Украина майданының 13-армиясының Суворов дивизиясының 121-гвардиялық Гомель Қызыл Ту орденді 313-гвардиялық артиллериялық полкінің атқышы, гвардиялық ефрейтор.
Алексей Иванович Чернов 1924 жылы 30 наурызда Ақмола облысы, Балкашино ауданы, Балкашино селосында туған. Ұлты – орыс. Білімі жетіжылдық. Лениногорск (қазіргі Риддер) фабрика-зауыттық мектепті бітірген соң Белоусовка кентінде жұмыс істеген.
1942 жылы тамыз айынан Қызыл Армия қатарына шақырылған. Қосалқы артиллериялық полкте нысанашы мамандығын алды. 1943 жылдың ақпанынан қолданыстағы әскерде. 123-ші артиллериялық полктің құрамында Курск иініндегі ұрыстарға қатысты. Осы ұрыста жараланды. Госпитальдан шыққан соң 313-ші артиллериялық полкте 76-миллиметрлік сайманның нысанашысы қызметін атқарды. 1944 жылы Коммунистік партия қатарына қабылданды. 1945 жылы 27 қаңтарда 121-ші атқыштар дивизиясы Кебен селосының маңында Одера өзенінен өту операциясына қатысты. Гвардия ефрейторы Черновтің есебі мен шабуылшы батальонның бірлесіп іс қимыл жасауының арқасында бірінші болып өзеннен өтті. Плацдармда Алексейдің нысанашылары жаяу әскерді бірден-бір қорғаушы болды. Осы шайқаста ефрейтор Чернов неміс әскерінің екі танкісін жағып, екі бронетранспортерді, алты автокөлікті, жеті пулеметшілер шоғырын, алпыс солдат пен бірнеше офицерінің көзін құртты. Одер өзенінен өту кезінде ерекше ерліктің үлгісін көрсетті.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1945 жылдың 10 сәуірінде әскери тапсырманы үздік орындап, неміс басқыншыларына қарсы ерлік пен батылдықты көрсеткені үшін Алексей Иванович Черновқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі тапсырылды (N8826).
Әскер қатарынан босаған соң Алексей Чернов Өскемен қаласына қайтып оралды. 1949 жылы Талғардың ауыл шаруашылық техникумін бітірді. "Алтайсвинецстрой" трестісінде механик, профилактикалық шеберхананың, автокөлік жөндеуші шеберхана меңгерушісі, бас инженер қызметтерін атқарды. 1989 жылы қайтыс болды.
Қызыл Жұлдыз , 1-ші дәрежелі Отан соғысы ордендері мен бірнеше медальдармен марапатталған.
Өскемен қаласында батырдың есімімен көше бар
А. И. Чернов туралы әдебиеттер
Литература о А .И. Чернове
Кітаптар-Книги
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 722 – Т.2
Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – с. 367-368.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – 122 с.
Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.
Мақалалар – Статьи
Новиков, М. Назад ни шагу: [о Герое Советского Союза Чернове А. И.] / М. Новиков // Рудный Алтай. - 1964. - 14 марта.
Кокорин, Ф. Прямой наводкой: [о Герое Советского Союза А. И. Чернове] / Ф. Кокорин // Ленинская смена. - 1965. - 16 февр.
Новиков, М. Дорогами славы [Текст] : / М. Новиков // Рудный Алтай. - 1984. - 31 марта.
Обухов, В. По-гвардейски [Текст] : / В. Обухов // Алтайский строитель. - 1984. - 31 марта.
Алексей Иванович Чернов: [некролог] // Рудный Алтай. - 1989. - 19 янв. - С. 3.Ершов А. Солдат, учитель, депутат [Текст] :/ А. Ершов // Заря Востока. - 2010. - 23 нояб. - С. 2.Щеглов В. Имени героя Чернова [Текст] / В. Щеглов // Усть-Каменогорск. - 2015. - 9 апр. - С. 5. Улицы имени Героев войны [Текст] : [улицы г. Усть-Каменогорска, названные Героями Советского Союза] // Рудный Алтай. - 2015. - 14 марта. - С. 4.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
Чернов Алексей Иванович [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=7868 (24.11.2018)
Харин Михаил Терентьевич (1923 - 1991) - Кеңес Одағының Батыры.
176-гвардиялық Измайловский атқыштар полкінің барлаушысы (59-гвардиялық атқыштар дивизиясы, 46-армия, 2-Украина майданы), Қызыл Армия гвардиясы.
Михаил Терентьевич Харин 1923 жылы 18 қыркүйекте Снегирево селосында (қазіргі Алтай ауданы Шығыс Қазақстан облысы) дүниеге келген. Білімі жеті жылдық. Колхозда жұмыс істеген.
1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1944 жылы Харин Михаил Терентьевич 59-шы атқыштар дивизиясының 176 гвардиялық атқыштар полкінің взвод барлаушысы қызметін атқарған. Жауынгерлік жолы Доннан Дунайға дейін жеткен.
1944 жылы 4 желтоқсанда Дунайдан өту кезінде ерекше көзге түсті. Хариннің басшылығындағы барлаушылар тобы алғашқылардың бірі болып өзеннен өтті. Будапешт қаласында жасалған шабуылға қатысты. Барлаушы неміс әскерлеріне қарсы шығып, алты пулеметшіні, миномет батареясын, көптеген гитлершілердің көзін жойды, бөлімге талай «тіл» жеткізді. Михаил Харин жеке өзі 14 фашисті өлтіріп, сегізін тұтқынға алды. Плацдарм был захвачен почти без потерь. Удерживая его, гвардейцы отбили четыре яростные контратаки. Оставшись один, Харин еще больше часа вел неравный бой до подхода подкрепления, уничтожив еще 11 гитлеровцев. Плацдармды кеңес әскерлері шығынсыз алды. Негізгі күш келгенше оны ұстап тұру қиынға соқты. Гвардияшылар жаудың төрт шабуылына төтеп берді. Жалғаз қалған М. Харин тағы бір жарым сағат қарсыласып, 11 гитлершілдің көзін жойды.
Соңынан өзінің полкінің құрамында Будапешті азат ету операциясына қатысты. ( Венгрияны азат ету. Будапешт операциясы.1944 ж). Басқа барлаушылармен бірге Будапешт қаласының ортасында неміс генералы отырған автомашинаны тура атып, генералды тұтқынға алып, әскери бөлімге жеткізді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен әскери тапсырманы үздік орындап, ерлік пен батылдықты көрсеткені үшін Харин Михаил Терентьевичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі тапсырылды (N4762).
Соғыстан кейін армия қатарында қызмет етті. 1950 жылы кіші лейтенант курсын, 1954 жылы –команда құрамын жетілдіру курсын, 1961 жылы М. В. Фрунзе атындағы әскери академияны бітірді. 1969 жылдан бастап Харин Михаил құрметті демалыста болды.
Молдавия ССР-і, Тираспол қаласында тұрды (қазір Молдавия Республикасының Приднестровский астанасы). «Триаспольтранс» бірлестігінде жұмыс істеді. 1991 жылы 15 желтоқсанда қайтыс болды. Тирасполь қаласындағы «Дальнее» зиратына жерленген. Одесса облысы Измаила қаласының және Молдавия Республикасының Тирасполь ауданының Копанка селосының Құрметті Азаматы.
М. Т. Харин туралы әдебиеттер
Литература о Харине М. Т.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен: ШҚМУ, 2005. – с.4.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б. 267.
Интернет-ресурстар
Интернет-ресурсы
Шәкенов Кенжебек Шәкенұлы (1924- 2001 ж.) - Кеңес Одағының батыры.
Шәкенов Кенжебек Шәкенұлы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Жарма ауданы, Бөке кентінде жұмысшы отбасында дүниеге келген. 7 жылдықты бітірген соң, Бөке руднигінде әуелі қара жұмысшы, кейін смена мастері болып істеді.
1942 жылы тамыз айында Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1943 жылы Ташкенттеегі пулеметшілер даярлайтын училищені бітірді. 1945 жылдан Коммунистік партия мүшесі.
1943 жылдың тамыз айынан әскер қатарында болды. 2-ші Украйна майданының 37-ші армиясының құрамына енгізілді..
Шәкенов Кенжебек Шәкенұлы Дала майданының 37 армия, 62-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 184-ші гардиялық атқыштар полкінің құрамында 28 қыркүйекте 1943 жылы Днепропетровск облысының, Мишурин Рог селосының маңынан Днепр өзенінің арғы жағасына жүзіп өтті. Жаудың үш атакасына тойтарыс беріп, дұшпанның 17 солдаты мен офицерін, ірі колибрлі пулеметін жойды. Екі рет жараланды. 1944 жылы наурызда оны Ашхабадтағы жаяу әскер училищесіне оқуға жібереді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен 1944 жылдың 22 ақпанында әскери тапсырманы үздік орындап, неміс басқыншыларына қарсы ерлік пен батылдықты көрсеткені үшін Шәкенов Кенжебек Шәкенұлы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Ленин, 1-ші дәрежелі Отан соғысы ордендері мен бірнеше медальдармен марапатталған.
1946 жылы демобилизован. Семей қаржы экономикалық колледжісінің директоры болған. Өмірінің соңғы жылдарында Алматы қаласында оқу орындары басшылығында істейді. 2002 жылы 78 жасында қайтыс болды.
К. Шакенов туралы әдебиеттер
Литература о К. Шакенове
Советтер Одағының қазақстандық батырлары [Мәтін] : Документтер мен материалдар жинағы. 1-ші кітап. - Алматы : Қазақтың біріккен мемлекет баспасы, 1945. - 324 б.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = ГероиСоветскогоСоюза -восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б
***
Герои Советского Союза - семипалатинцы. - Семипалатинск: [б. и.], 2004. - 56 с.
К. Шакенов туралы макалар
статьи о К. Шакенове
Отанбатырларынмадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б. 290
***
Керейбаев, К. Жарминцы в годы войны [Текст] : [О подвигах жарминцев на фронте и в тылу во время Великой Отечественной войны] / Керейбаев К. // Рудный Алтай. - 2000. - 10 июня. - С. 3
Крылов, Ю. Парни из нашего города [Текст] : [О героях Советского Союза П.Железнякове, С.Морозове, К.Шакенове] / Крылов Ю. // Спектр. - 2000. - 14 апр. - С. 5.
Страница солдата на сайте "Бессмертный полк"