Известные имена

Кеңес Одағының Батырлары

Копылов И.П.

Копылов Иван Павлович

Копылов Иван Павлович (1920-1982) - Кеңес Одағының Батыры
666-шы артиллериялық полк дивизиясының командирі (222-ші Смоленск Қызыл Ту дивизиясы, 33-ші армия, 1-ші Беларусь майданы), майор.
1920 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Зыряновск ауданы (қазіргі Алтай), Соловьево ауылында туған.
1939 жылы Ташкент қаласындағы (Өзбекстан) экономика техникумын бітіргеннен кейін Мәскеу қаласындағы артиллерия училищесіне оқуға түсті. 1941 жылы шілде айынан майданда 222-Смоленск атқыштар дивизиясы 787-атқыштар полкінің жауынгерлік сапында ұрыстарға қатысты.
1945 жылы 2 ақпанда Копылов өз батареясымен Фогельчанг деревнясы маңында Одер (Одра) өзенінен алғашқылардың бірі болып, өзеннен өтіп жатқан атқыштар полкіне көмектесті. Ұрыстың бірінші күнінде бұл дивизион жаудың 4 станокты пулеметін, 2 транспортерін жойып, миномет батареясының үнін өшірді. Одер өзенінің батыс жағалауындағы плацдармды жою мақсатымен, жау ұрысқа темір жол арқылы жаяу әскер полкін, одан кейін Гиммлер полкін алып келді. Кескілескен ұрыс 3 күнге созылды. Плацдармды қорғаушылар зор шығынға ұшырады. Копылов плацдармдағы жалпы басшылықты қолға алды. Пулемет пен автоматтан атылған оқ немістердің жаяу әскерін танкілерінен бөліп тастады. Жау техникасын танк жойғыштар мен артиллеристер жойды.
1945 жылы 16 сәуірде плацдармнан Берлинге шабуыл жасалды. Копылов соғысты Эльба өзеніндегі Дессау қаласы маңында аяқтады. Жауынгерлік тапсырманы үлгілі орындағаны және Одер өзенінен өтер кездегі ерлігі мен тапқырлығы үшін Копыловқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (31.5.1945). Сондай-ақ ол Александр Невский, екі 2-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен және медальдармен марапатталды.
Соғыстан кейін Копылов Кеңес әскері қатарында қызмет етіп, 1952 жылы ол әскери-артиллерия академиясын бітірді. 1973 жылы полковник Копылов запасқа шығып, Одесса қаласында тұрды.
1982 жылы 6 қазанда қайтыс болды.

 

И. П. Копылов туралы әдебиет
Литература о И. П. Копылове

Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия /Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б. 397.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы : мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – Б.132.
Отан батырларын мадақтайды. : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом /Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б. 290.

                                                                                              ***

Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – с. 401-402.
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк /Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 723 – Т.1
Есть в памяти мгновения войны = Отты жылдар есімізде /сост. Л. В. Аксенова. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2010. - 65 с. : фот.


                                                                     Интернет ресурстар
                                                                      Интернет-ресурсы

Герои страны

Офицеры-герои Советского Союза выпускники Подольских военных училищ

Корнев И.И.

kornevКорнев Иван Ильич (1900-1945) – Кеңес Одағының батыры

Корнев Иван Ильич 1900 жылы Семей облысы Бесқарағай ауданында туған.Ұлты –орыс, 1928 жылдан КПСС мүшесі. Ауылшаруашылығын коллективтендіруге белсене араласқан. Соғысқа дейін «Прииртышская правда газеті» атындағы колхоздың төрағасы болып қызмет еткен. Қызыл Армия қатарына 1941 жылы шақырылған. «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған.

Корнев қызмет ететін 124-Минск Қызыл Тулы атқыштар дивизиясының батальоны 1945 жылдың 15 қаңтарында Пилькаллен қаласын шабуылмен алмақшы болды. Жауынгерлер таң алдында шабуылды бастайды. Корнев батальонның шабуылшы тізбегінде тұрған. Алғашқылардың бірі болып жау траншеясына ұмтылған И. Корнев қояма-қолтық ұрысқа кірісіп кетеді. Найзаны епті пайдалана отырып, бес фашист солдаты мен бір унтер-офицерді найзамен түйреп өлтіреді. Соғыс қызған кезде рота командирі қаза тапты, бөлімше бас көтере алмады. Осындай шешуші сәтте ротаны басқаруды Корнев өз қолына алды. Төніп тұрған қауіпке қарамастан Корнев ротаны үш қайтара көтеріп, жаудың шабуылын қайтарды. Жауынгерлердің тегеурініне шыдамаған дұшпан әскері шегінуге мәжбүр болды.

Корнев басқарған рота алғашқы болып қалаға кірді де көше ұрысы басталып кетті. Үйлердің біріне орнығып алған жау автоматшылары бөлімшенің алға жылжуына кедергі жасап, бас көтертпеді. Сол кезде Корнев бір топ солдаттармен үйге шабуыл жасап, граната лақтырды. Автоматшылардың үні өшіп, жаяу әскерге жол ашылды. Жараланғанына қарамастан Иван Ильич ұрыс алаңынан кетпей, ротаны басқара берді. Бір өзі осы ұрыста 30 фашистің көзін жойды. Соғыс саябырлаған кезде екінші оқ келіп батыр командирді өлімші етіп жаралады. Отан өз ұлының ерлігін жоғары бағалады. 3-Белорус майданы әскерлерінің қолбасшысы Совет Одағының Маршалы, Әскери Кеңес майданының мүшесі, генерал – лейтенант Макаровтың ұсынысымен КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1945 жылдың 15 сәуірінде сержант И.И. Корневке қаза тапқаннан кейін Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. Бесқарағайлықтар өздерінің ержүрек жерлестерін ұмытпайды. Владимировка селосындағы орта мектеп И.И. Корневтің атында.

Әдебиеттер:

  • Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014.-
  • Б.397.
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
  • Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б. 137.

Интернет-ресурстар:

Котельников Я.С.

Котельников Яков СтепановичКотельников Яков Степанович (1922-1972) – Кеңес Одағының Батыры.

Дала майданы 7 гвардиялық Армиясының 73 гвардиялық атқыштар дивизиясы 209 гвардиялық атқыштар полкінің зеңбіректшілер командирі, гвардия сержанты.

1922 жылы 25 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Никольское селосында жұмысшы отбасында туған. Онжылдықты бітірісімен колхозда жұмыс істеген. 1942 жылдың қазан айынан Қызыл Армия қатарында. 1943 жылдың қыркүйек айынан майдан шебінде.

Днепр (Черниговско-Припятская операциясы. 1943 ж.) үшін шайқаста ерекше көзге түскен.

209-гвардиялықатқыштар полкінің зеңбірекшілер командирі (Дала майданы 7 гвардиялық Армиясының 73 гвардиялық атқыштар дивизиясы) гвардия сержанты Яков Котельников 1943 жылы қыркүйектің  25-не қараған түнде алғашқылардың  бірі болып Днепрден (Днепропетровск облысы, Верхнеднепровск ауданы Домоткань селосы маңында)  өтіп, плацдармға бекініп алады да, полктің  өткелден өтуіне  жағдай жасайды.

1943 жылдың 5 қазаны күні плацдармды ұстап, әрі оны ұлғайту үшін Я.С. Котелников жаудың сегіз шабуылын қайтаруға қатысты. Нысанашы жараланған кезде  гвардия сержанты Я. Котельников оны ауыстырып, екі үлкен калибрлі жау пулеметін, бір топ жау солдатын құртты. 1943 жылы 10 қазан күні кезекті шабуылды қайтару кезінде зеңбірек істен шығып, полктің басқару  тірегіне жаудың самоходкалары  кіріп кетті. Гвардия сержанты өміріне қауіп төнгеніне қарамастан жау самоходкасына тұра ұмтылып, оны байланған гранатамен жарып жіберді. 1943 жылы 26 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі  Президиумының  жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен ерлігі үшін гвардия сержанты Котельников Яков Степановичке Кеңес Одағының Батыры атаға берілді. Ленин ордені, «Алтын Жұлдыз» (№ 1502)медалі қоса тапсырылды.

1946 жылы әскер қатарынан босап, Алматы қаласында тұрды. Облыстық  «Казсельхозтехника» сауда базасына жүргізуші болып істеді. 1972 жылы 5 қарашада қайтыс болды. Алматы қаласының бір көшесіне Я.С. Котельниковтың есімі берілген.

Я. С. Котельников туралы әдебиет

Литература о Котельникове Я. С.

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.398.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.141.

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

Биографии Героев и писателей СССР

Герои страны 

Ветеран ВКО 

 

 

 

Косенков И.В.

kosenkov ivКосенков Иван Васильевич (1923-2015) - Кеңес Одағының Батыры.

Иван Васильевич Косенков – Оңтүстік Батыс майданы, 12 Армия, 333- атқыштар дивизиясы, 1118 атқыштар полкінің нысанашысы, сержант.

1923 жылы 30 желтоқсанда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Бородлиха ауданы Богословка селосында шаруа отбасында туған. Жетіжылдықты бітіріп, колхозда моторист болып істеген.

1941 жылдың желтоқсанынан Қызыл Армия қатарында, бірден майдан шебіне түскен.

Днепр өзенінен өту кезінде көзге түскен. ((Черниговско-Припять операциясы. 1943)

Оңтүстік Батыс майданы, 12 Армия, 333- атқыштар дивизиясы, 1118 атқыштар полкінің нысанашысы, сержант  Иван Васильевич Косенков 1943 жылдың 26 қыркүйеігне қараған түнде біріктірілген екі қайыққа қаруларды тиеп алып, шабуылшы отряд құрамында Днепр өзенінен өте бастайды. Днепропетровск облысы Солонянск ауданы Войсковое селосы тұсында арғы жағалауға өткен артиллеристер жауға қарсы тура нысанамен оқ атты. Сөйтіп полктік атқыштар бөлімінің өткелден өтуіне жағдай жасады. Плацдармды басып алып кеңейту барысында  отряд Войсковое селосының оң жақ шетіне келіп кірді.  Жаяу әскер мен танктің 2 шабуылына тойтарыс берген зеңбірекшілер 2 пушка, 2 автокөлік, бір топ фашистердің көзін құртты. Нгеізгі күш келгенше плацдармды ұстап тұрды.

КСРОЖоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылы 22 ақпандағы Жарлығымен Косенков Иван Васильевичке КеңесОдағының Батыр атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын жұлдыз»  (№2688).

медалі қоса тапсырылды. 1944 жылы И.В. Косенков әскер қатарынан босатылды. Алматы облысы Үштөбе қаласында тұрады, Зейнеткерлікке шыққанға дейін тракторшы, Алматы орман өсіріу станциясында мастер болып қызмет істеген.

Ленин, 2 рет 1- дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен  марапатталған.

Әдебиеттер:

  • Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.397.
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
  • Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.139.

Интернет-ресурстар:

Кошуков В.Б.

Кошуков Вениамин Борисович (1922-1944) – Кеңес Одағының батыры

Вениамин Кошуков 1922 жылы 11 қыркүйекте Түмен облысы Казан ауданы Ильинка селосында туған. 1928 жылы отбасымен Қазақстанға, Петропавл қаласына қоныс аударған. Сол жерден 8-кластық білім алып, химия-технология техникумына оқуға түскен. 1938 жылы техникум Семей қаласына ауыстырылып, Семей ет комбинатында жұмыс істей бастады. 1940 жылы Семей қаласынан әскер қатарына шақырылды.

1942 жылы Чкалов әскери ұшқыштар мектебін сержант атағымен, бітіріп шықты. 1942 жылдың қыркүйек айынан майдан шебінде. Ұшқыш-шабуылшы В.Б. Кошуков Ил-2 самолетімен Закавказье, Солтүстік Кавказ майдандарында, Жеке Приморск армиясында, 2-Балтық майданында соғысқан.

1944 жылдың 20 қаңтарына дейін Ил-2 самолетімен 120 рет ұшып, жауынгерлік тапсырманы сәтті орындаған. 87 автокөлік, 10 танк, 8 әуе зеңбірегін, 9 далалық артиллерия қаруын, 1 минометті батареяны, 4 баржыны, 1 теміржол көпірін, 2 өткелді, 4 оқ-дәрі қоймасын, 1 жанар май қоймасын, 10 теміржол вагонын, 1 паровоз, 1 дзот, 6 атыс нүктесі орналасқан үйді құртып, жау тұрағында 16 өрт тұтатқан. Керчь бұғазында қалған десантшыларға 68 қап тамақ пен оқ-дәрі жеткізген.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1944 жылы 13 сәуірде жауға соққы беру кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Кошуков Вениамин Борисовичке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1944 жылы 19 шілдеде Латвия аумағында болған шабуыл кезінде 140- әскери тапсырманы орындау барысында Кошуковтың самолетін жау артилериясы атып түсірді. Самолет Прейль ауданы Галены поселкасы жанында жерге құлаған. Онымен бірге көздеуші сержант Велеев Григорий Кириллович те қаза тапты. Ұшқыштар Галены поселкасындағы азат етуші совет әскерлеріне арналған ескерткіш қойылған Бауырластар зиратына жерленді.

Батыр атында Петропавловск қаласында көше бар. Өткен ғасырдың 60-жылдарында Прейлидің бір көшесі батыр атында болған еді. Латвия Кеңес Одағының құрамынан шыққан соң көше аты өзгертілді.

В. Кошуков Ленин (13.04.1944), Қызыл Ту (17.11.1943), Қызыл Жұлдыз (22.04.1943) ордендерімен марапатталған.

Әдебиеттер:

  • Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014.- Б.398.
  • Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы, 2010. – Б.145.
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
  • Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы, 2010. – Б.145.

Интернет-ресурстар: