Әбеулов Мұқатай (1917-1945) - Кеңес Одағының Батыры.
1917 жылы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Шұбартау ауданы Сарықамыс ауылында дүниеге келген. Білімі - орталау мектепті бітірген. 1938-40 жылдары Қызыл Армия қатарында әскери борышын өтеген.
Қызыл Армия қатарына 1941 жылы тамыз айында Семей облысының Бело-Ачинск аудандық әскери комиссариатынан шықырылған. 1944 жылдан КПСС мүшесі. Майдан даласында үш рет жараланып, қайтадан соғысқа кірген.
1941 жылдың тамызынан майданда болды. 152-гвардиялық танкіге қарсы артполктің зеңбірек нысанашысы (4-гвардиялық кавалерия корпусы, 2-Украина майданы), қатардағы жауынгер Әбеулов Венгрияны жаудан азат ету шайқасында көзге түсті.
1944 жылдың күзінде совет әскерлері румын-венгр шекарасына жетіп, Венгрия аумағында шабуылға шықты. Генерал Плиевтің бөлімшесі Венгрияның ірі өнеркәсіп орталығы Дебрецен қаласын азат етуге кірісіп, жаудың күшті қарсылығына тап болды. 30 танк, әуе десантының қолдауымен жау әскері біздің әскерлерге тылдан шабуыл жасады.
Шабуылды қайтаруға дайындалған батарея 152-гвардиялық танкке қарсы артиллерия полкі көп шығынға тап болып, күшті қаруланған жау әскерімен шайқасуға мәжбүр болды. Осындай сын сағатта Мұқатай нысанашы болып істейтін зеңбірекшілер тобы жау танктерінің жолын бөгеуге тапсырма алады. Жаудың күші басым, тең емес ұрыс басталды. Мұқатай нысанасын дәлдеп жаудың жақындағанын күтті. Танк пен зеңбіректің арасы жақындай түсті. Көп кешікпей мотор үні өшті. Тура көздеген снаряд оғы жау танкісінің шынжыр табанына тиіп қозғалтпай тастады. Мұқатай зеңбірегінің алдында төрт танк, төрт бронетранспортер отқа оранды, 50 гитлерші жер құшты.
Артиллеристің ерлігі туралы хабар корпуска тез тарады. Аз ғана зеңбірекшілер тобы фашист танктерінің жолын бөгеп, біздің бөлімшелердің шабуылына жол ашты.
Бихор-Урваи, Епископиа-Бихор, Тепе елді мекендерін, Надькалло қаласын жаудан босатуда ерен ерлік үлгісін көрсетті. Кескілескен шайқаста жаяу әскерді бүркемелей отырып, 8-26 қазан аралығында өз зеңбірегінен үш үлкен калибрлі зенит қондырғысын, екі танк, екі миномет батареясын, үш пулемет, алты автомашина 60-қа жуық фашистің көзін құртқан. Мұқатайдың жеңіске қосқан үлесі осындай еді.
Мұқатай Әбеулов 1944 жылы 16 желтоқсанда Венгрияның Мохора елді мекенінде (Будапешт қаласынан солтүстік-шығысқа таман 50 км.жерде) болған шайқаста танк шабуылына тойтарыс беру кезінде ерлікпен қаза тапты. Махора селосының орталығында жерленген.
28 сәуір 1945 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен гвардия казагы Әбеулов Мұқатайға Кеңес Одағының батыры (қаза тапқаннан кейін) атағы берілді. М. Әбеулов Ленин, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Батырдың туған жерінде мүсін-ескерткіш орнатылған.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014.- 848 б.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.15.
Жақыпбаев, Т. Мұқатай Әбеулов [Мәтін] /Т. Жақыпбаев. - Алматы: Жазушы.-1971. - 21 б.
Мақалалар-Статьи
Нұрпейісов, М. Отан үшін от кешкен аягөздіктер [Мәтін] /М.Нұрпейісов // Аягөз жаңалықтары. - 2009. - 2 мамыр. - С. 4.
Төлемісов, К. Батырға мың құрмет те артық емес [Мәтін] : [Кеңес Одағының Батыры, семейлік Мұқатай Әбеулов туралы] / К. Төлемісов ; әңгімелеск. Е. Қабыш // Ертіс өңірі. - 2010. - 28 сәуір.- Б.19.
Ұлы Отан соғысы: қазақтан қанша батыр шықты? [Мәтін] // Егемен Қазақстан. - 2011. - 7 мамыр.- Б.4-5.
Щеглов В. Стартовала акция [Текст] : [об акции «Ерлігі елге өнеге, ұрпаққа ұран болған ардагерлер», посвященной Герою Советского Союза, уроженцу Аягозского района ВКО Мукатаю Абеулову] / В. Щеглов // Усть-Каменогорск. - 2015. - 26 февр. - С. 8.
Давайте, люди, никогда об этом не забудем ! [Текст] // Вести Семей. - 2015. - 10 февраля. - С. 4
Таргынский, Кир. Посвящалось герою [Текст] / К. Таргынский // 7 дней. - 2015. - 5 марта. - С. 2
Интернет-ресурсы
Интернет-ресурстар
Авдеев Николай Дмитриевич (1919-1944) – Кеңес Одағының Батыры.
1919 жылы Абай облысы Көкпекті ауданының Олеговка ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1941 жылдан КПСС мүшесі.1937 жылы Орынбор облысының Орск қаласындағы орта мектепті бітірген.
1938 жылы Қызыл Армия қатарына алынды. 1940 жылы Харьков әскери авиация училищесін бітіріп, алыстан бомбалаушы штурман қызметін атқарды. 1942 жылдың 2 қарашасында Авдеев қызмет ететін экипаж жау транспорттары мен самолеттері шоғырланған Тацинский аэродромын бомбалау туралы нұсқау алады. Ауа райы өте күрделі еді. Нысанға таяған кезде күшті прожекторлар ештеңе көрсетпей тапсырманы орындау қиынға түседі. Фашистер зениттен оқ жаудырып, снарядтар бірінен кейін бірі жарылады. Көп оқтың бірі самолетке тиеді, бірақ лейтенант Н.Д. Авдеев самолетін нысанға бұрып бомба тастап үлгереді. Мотордың ақаулығына қарамастан экипаж өз аэродромына аман қонады. Жау самолеттері қалай жойылғандығы фотосуреттерге анық түскен еді. Көздеген нысанды құртып, ерлік пен әскери шеберлік көрсеткені үшін лейтенант Н.Д. Авдеев Қызыл ту орденімен марапатталды. Көп кешікпей ол эскадрилья штурманы болып тағайындалды. Көптеген штурмандар тәрбиелеп, өз әскери тәжірибесін жастарға үйретті.
Майданда 1942 жылдың қазан айынан бастап болды. 8-гвардиялық авиаполктің эскадрилья штурманы, гвардия капитаны Н. Авдеев жау тылына 201 рет жауынгерлік ұшуды ойдағыдай жүзеге асырды. Сталинград, Орталық, Оңтүстік Батыс, 1-ші, 2-ші, 3-ші Белорус майдандарындағы шайқастарға қатысып, өте жауапты тапсырмаларды орындады. Ленин, екі мәрте Қызыл ту ордендерімен, медальдармен марапатталды. Ержүрек штурман өзінің ауыр техникасын алыс рейдтерге - жау тылына шығарып, фашистердің Польша, Шығыс Пруссиядағы әскери обьектілерін құруға үлес қосты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 1944 жылғы 19 қазандағы Жарлығымен әскери тапсырмаларды асқан батылдықпен орындағаны және жаудың көп техникасы мен әскерлерін құртқаны үшін гвардия капитаны Н. Д. Авдеевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1944 жылдың 2 қыркүйегінде Отан үшін шайқаста ерлікпен қаза тапты.
Киев қаласындағы Мәңгі Даңқ саябағындағы гранит тақталардың бірінде оның есімі қашап жазылған. Орск қаласындағы №10 мектептің ғимаратында мемориалдық тақта орнатылған.
Н. Д. Авдеев туралы әдебиет
Литература об Авдееве
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с. 3.
Отан батырларын мадақтайды: шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары = Родина награждает отважных: восточноказахстанцы – Герои Советского Союза [Мәтін] : фотоальбом. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – 288 б. – С. 17.
***
Герои Советского Союза казахстанцы [Текст] : Сборник документов и материалов: В 2 т. - Алма-Ата : Казахстан, 1968. - Т.1. - С. 53-55.
Герои Советского Союза [Текст] : краткий автобиографический словарь. В 2-х т. - М.: Воениздат, 1987. - Т. 1. - С. 22.
Герои Советского Союза - семипалатинцы. - Семипалатинск : [б. и.], 2004. - 56 с.
Мусин М. Ш. От Толагая до Сарыбеля [Текст] / М. Мусин. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2005. - 331 с.
Мақалалар-Статьи
Мусин, М. В коллекции - камни [Текст] / М. Мусин // Рудный Алтай. - 1985. - 19 июня.
Семипалатинцы - Герои Советского Союза [Текст] // Семипалатинские вести. - 2004. - 10, 24 дек.
Давайте, люди, никогда об этом не забудем! [Текст] // Вести Семей. - 2015. - 10 февраля. - С. 4.
Интернет-ресурстар
Интернет-ресурсы
Авдеев Н. Д. [Электронный ресурс] : [биография] // История Оренбуржья : сайт. – Режим доступа: http://kraeved.opck.org/zemlaki/geroi_ss/a/avdeev.php (20.09.2018)
Авдеев Н. Д. [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны : сайт. – Режим доступа: http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=535 (20.09.2018)
Авдеев Н. Д. [Электронный ресурс] : [биография] // Мемориальная доска: сайт. – Режим доступа: http://kiev-necropol.narod.ru/Avdeev.html (20.09.2018)
Авдеев Н. Д. [Электронный ресурс] : [биография] // Подвиг народа [документы о наградах и присвоенном звании Героя Советского Союза]: сайт. – Режим доступа: http://www.podvignaroda.ru/?#id=18939131&tab=navDetailManAward (20.09.2018)
Авдеев Н. Д. [Электронный ресурс] : [биография] // Обобщенный банк данных «Мемориал» [информация из донесения о безвозвратных потерях] : сайт. – Режим доступа: https://obd-memorial.ru/html/info.htm?id=5430418l (20.09.2018)
Астафьев Иван Михеевич (1922-1945) - Кеңес Одағының Батыры.
369-шы гвардиялық Люблин өздігінен жүретін артиллериялық полкінің (9-шы гвардиялық танк корпусы, 2-ші гвардиялық танк армиясы, 1-ші Беларусь майданы) механик-жүргізушісі, гвардия аға сержанты.
1922 жылы 25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Усть-Таловка селосында шаруа отбасында дүниеге келген. Білімі – орта. Колхозда тракторшы және комбайнер болып жұмыс істеген.
1941 жылдың қараша айынан Қызыл Армия қатарында. 1942 жылдан майдан шебінде. Соғысқа Батыс майдан атқыштар бөлімшесінің пулеметшісі болып кірді. Жараланған соң, госпитальда емделіп, соңынан танкистер мектебіне жіберіледі. Оқудан кейін – танк бөлімшесіне механик-жүргізуші болып тағайындалады.
Гвардия аға сержанты Астафьев Польша аумағындағы шайқастарда ерекшеленді.
1945 жылдың 15 қаңтарынан 10 ақпан аралығында оның өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысы 5 бронетранспортер, 11 зеңбірек, 80 автомашина, 120 әртүрлі әскери жүк тиелген көлік, паровоз және 500-ге жуық гитлердің көзін жойды.
1945 жылы 27 ақпанда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста әскери тапсырманы үздік орындап, ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен гвардия аға сержанты Астафьев Иван Михеевичке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1945 жылы 5 наурызда немістің Волен қаласы үшін жүргізілген ұрыста қаза тапты. Волхов (Ольхово, Польша, Новогард қаласының оңтүстік-батысында) елді мекенінде жерленген.
Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. Шемонаиха қаласында ескерткіш орнатылған, көшенің бірі Батыр есімінде. 1968 жылы Өскемен қаласының 1-я и 2-я Широкие атты көшелері И.М.Астафьев атына өзгертілді. Усть-Таловка селосының орта мектебі Батыр есімімен аталады.
Астафьев М. туралы әдебиеттер
Литература об Астафьеве М.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.6.
Герои Советского Союза: краткий автобиографический словарь. В 2-х т. - М.: Воениздат, 1987. - Т. 1. - С. 84.
Отан батырларын мадақтайды: шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары: фотоальбом = Родина награждает отважных: восточноказахстанцы – Герои Советского Союза: фотоальбом. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – 288 б. – С. 23.
Мақалалар-Статьи
Потапов, А. Бессмертие /А. Потапов // Знамя коммунизма. - 1962. - 9 сент.
Потапов, А. Подвиг танкиста / А. Потапов // Ленинская смена. - 1963. - 9 мая.
Рейнгарт, В. Урок истории: поэма / В. Рейнгарт // Ленинское знамя. - 1978. - 8 мая.
Синицын, Т. Подвиг его бессмертен /Т.Синицын // Ленинское знамя. - 1978. - 11 марта.
Долматов, А. Памяти Ивана Астафьева. Русь: стихи /А. Долматов // Ленинское знамя. - 1978. - 1 янв.
Интернет - ресурстар
Интернет-ресурсы
Документы о наградах и присвоенном звании Героя Советского Союза.
Айтықов Ізғұтты Құрманбайұлы (1922-1944) - Кеңес Одағының Батыры.
1922 жылы 20 қаңтарда Солдатское ауылында (20-жылдардың ортасынан бастап жоқ) қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының аумағында темір ұстаның отбасында дүниеге келген. 1920 жылдардың ортасында ата-анасымен көрші Тарғын ауылына көшіп келеді. Осы жерде оның балалық шағы мен жасөспірімдік жылдары өтеді.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап майданға сұранады. Ол бірнеше рет Ұлан аудандық әскери комиссариатына өтініш жазады, бірақ жібермейді. Тек 1942 жылдың мамырында, Жоғарғы Бас Қолбасшының атына хат жазғаннан кейін, Ізғұтты Айтықов әскер қатарына түседі. Ол Сталинград қабырғаларында соғысып, Калинин, Курск, Белгород облыстарының жерлерін азат етіп, Батыс Двина жағалауларына жетеді. Қайсар барлаушы Айтықов жау алдында бірнеше рет болған. Ол 50 гитлерді жеке өзі жойып, 22 «тілді» бөлімге жеткізеді. Жауынгерлік тапсырмаларды тамаша орындағаны үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, II және III дәрежелі Даңқ ордендерімен және «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталады.
1944 жылы маусымда 51-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының бөлімшелері Батыс Двинаға қарай бет алды. Плиговка ауылы үшін шайқаста Айтықовтың байламы алғашқылардың бірі болып жаудың шекарасына кіріп, үш дзот пен блиндаждарды гранатамен лақтырып, тартқыш пен жаудың зеңбірегін қиратады. Першино ауылы мен Ловша теміржол вокзалын иемдену кезінде ол екі станок пулеметін және қырыққа жуық жау солдаттары мен офицерлерін жойды. Біраз уақыттан кейін Ізғұтты Даугава өзенін мәжбүрлеу кезінде қайтадан ерекшеленеді. Батальонның комсоргы оқ пен мина жарылыстарының астында жауынгерлердің шағын тобымен қарама-қарсы жағалауға көшіп, дауылша атып, гитлер тұрған орнын тастап, қашуға мәжбүр болады. Мұны полк бөлімшелері пайдаланып, өзеннен өтіп, немістерді қуып жібереді. Бұл туралы «Комсомольская правда» газеті 1944 жылы 3 қыркүйекте «Здесь сражался комсорг» мақаласында жазады. Алтыншы гвардия армиясының Ворошилов атындағы Қызыл Ту атқыштар дивизиясының Ленин орденінің 51-ші гвардиялық Қызыл Ту атқыштар полкінің 158-ші гвардиялық бірінші батальонының комсоргі, старшина І. Айтықов гвардиясының майдандағы өмірі ерліктерге бай.
Солардың бірі – Батыс Двинаны алуға қосқан үлесі үшін Айтықовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ізғұтты Айтықов Берлинге жете алмады. 1944 жылы 22 шілдеде Литваның Зарасай ауданын гитлерден азат ету шайқасында ол ауыр жараланып, 3 күннен кейін, 26 шілдеде қайтыс болады.
Ізғұтты Айтықовтың есімімен жүк таситын кеме, Зарасай, Алматы қалаларында көшелер, Тарғын ауылындағы өзі оқыған орта мектеп аталады. Мектеп ғимаратында ескерткіш тақта орнатылған. Батырдың кеудемүсіні Өскемен қаласында және Полоцк қаласында (Ресей) орнатылған.
Ұлан ауданының орталық кітапханасы қорынан алынған мұрағат материалдары
2. Кеңес Одағының Батыры Александр Иванович Григорьевтің хаттары
3. А. Конюшенконың хаттары (Полоцк қ.)
4. Фотосуреттер мен өзге де құжаттар
Айтыков И. туралы әдебиеттер
Литература о Айтыкове И.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – С. 6.
Отан батырларын мадақтайды: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – с.23.
Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.
Мақалалар - Статьи
Герои Советского Союза казахстанцы: Сборник документов и материалов: В 2 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – С. 59-60.
Тарабаева, Д. Герои: о И. Айтыкове. Из истории комсомола / Тарабаева Д. // Ленинская смена. - 1958. - 31 авг.
Ескораев, И. Он родине служил // Ленинская смена. - 1960. - 25 февр.
Белов, Н. Служил Родине боец... // Знамя коммунизма. - 1964. - 26 июня.
Конюшенко, А. Горный орел // Рудный Алтай. - 1970. - 18 февр.
Макеев, И. История фронтовой листовки/ Макеев И. // Рудный Алтай. - 1975. - 18 нояб.
Журавлев, И. Дорогой героя: о герое Советского Союза И. Айтыкове // Расцвет. - 1975. - 3 апр.
Макеев, И. Боевые подвиги комсорга // Расцвет. - 1976. - 17, 20, 22 января.
Боевые подвиги комсорга// Расцвет. - 1976. - 17 янв., 20янв., 22янв.
Кишиневский, Н. Имени Изгутты Айтыкова // Казахстанская правда. - 1977. - 22 сентября.
Макеев, И. Бой за высоту // Ленинская смена. - 1977. - 20 янв.
Макеев, И. Солдатская доблесть // Рудный Алтай. - 1977. - 3 февр.
Макеев, И. Высота // Казахстанская правда. - 1979. - 9 мая.
Макеев, И. Звезда комсорга Айтыкова // Рудный Алтай. - 1979. - 15, 24, 30 авг.
Макеев, И. В боях за Сталинград / И. Макеев // Рудный Алтай. - 1980. - 15 июля.
Чистяков, М. Встреча с земляком: стихи / М. Чистяков // Рудный Алтай. - 1981. - 26 сентября.
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов и др.; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - С. 32 – Т.1
Макеев, И. Дорогой бессмертия // Рудный Алтай. - 1984. - 25, 26 сент. – 4 окт...
Макеев, И. Зимой 1944-го/ Макеев И., Кулаков А. // Ленинская смена. - 1984. - 19 апр.
Дурново, И. Рукописи не сгорят: [о Герое Советского Союза Изгутты Айтыкове] // Рудный Алтай. - 2010. - 10 апр. - С. 5.
Турлыбаев, Е. К. От Алтая до Алаколя / Турлыбаев Е.К. - Усть-Каменогорск : Изд-во ВКГУ, 2001. - 143 с
Михеева Н. И землю защищать, и в небе летать [Текст] / Михеева Н. // Рудный Алтай. - 2007. - 27 марта. - С. 2
Кудайбергенов К. Товарищу Изгутты, теплоходу и человеку [Текст] : [90 лет со дня рождения Героя Советского Союза Изгутты Айтыкова] / К. Кудайбергенов // Рудный Алтай. - 2012. - 16 февр. - С. 7.
Мы этой памяти верны [Текст] // Аргументы и факты. Казахстан . - 2012. - 1-7 августа (№ 31). - 25
Гаврилова, А. Его именем названы улицы и села [Текст] : [о Герое Советского Союза Изгутты Айтыкове] / А. Гаврилова // Рудный Алтай. - 2015. - 14 апр. - С. 3.
Интернет - ресурстар
Интернет-ресурсы
Их именами названы улицы Усть-Каменогорска
Аухадиев Қойгелді (1907-1943) - Кеңес Одағының Батыры.
1907 жылы Семей облысы Көкпекті ауданы Өрнек ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін «Талапкер» ауыл шаруашылық артелінде төраға болып қызмет істеген.
1942 жылдан армия қатарында болды, танкіге қарсы 10-гвардиялық атқыштар полкінің командирі, 6-гвардиялық атқыштар дивизиясы, 60-армия, Орталық майдан/, гвардия кіші сержанты Аухадиев 1943 жылы 23-24 қыркүйек ұрыстарында ерекше көзге түсті: оның жауынгерлік тобы Нижние Жары ауылы маңындағы Днепрден/ Гомель облысы, Брагин ауданы/ өтіп, жаудың бірнеше танкісін жойып, соғыс құралдарын істен шығарды. Батыл әрі ержүрек Қ. Аухадиев арғы жағалауға бірінші болып өтіп, негізгі күштің өтуіне жол ашып берді. Оның жауынгерлік есебінде 3 қираған және 2 өртенген танк, 3 оқ-дәрі тиелген жүк машинасы, «Фердинанц» өздігінен жүретін зеңбірек және 5 станокты пулемет. 1943 жылы 29 қыркүйекте сұрапыл шайқаста қаза тапты. Киев облысы Чернобыль ауданы Паришев ауылында жерленген.
Кеңес Одағының батыры атағы 1943 жылы 16 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен қаза тапқан соң берілді. Қойгелді Аухадиев Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. А.К. Гордиенко «Днпровские были» (М.Воениздат,1967) кітабында Припять өзенінен (Белорусь пен Украинадағы өзен, Днепрдің оң саласы) өту кезіндегі Қ. Аухадиевтік көрсеткен айрықша ерлігін суреттейді.
Көкпекті ауданының Үлкен Бөкен ауданында батырға мүсін, ал Көкпекті ауданы Теректі ауылында ескерткіш орнатылған. Колхоз атаулары, Көкпекті ауылында көше, Теректі ауылында мектеп Қойгелді Аухадиев есімімен аталады.
Аухадиев К. туралы әдебиеттер
Литература об Аухадиеве К.
Семипалатинску 285 лет. - Семипалатинск, 2003. - С. 44.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.7
Отан батырларын мадақтайды: шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары: фотоальбом = Родина награждает отважных: восточноказахстанцы – Герои Советского Союза: фотоальбом. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – 288 б. – С. 25.
Мақалалар-Статьи
Битин, Н. Подвиг Героя бессмертен: к 100-летию Героя Советского Союза Койгельды Аухадиева /Н. Битин // Новая жизнь. - 2007. - 13 окт. - С. 2.
Каир, К. Юбилей героя [Текст] / К. Каир // Рудный Алтай. - 2007. - 30 окт. - С. 1.
Кудайбергенов К. Благородный жест благодарных потомков [Текст] / Кудайбергенов К. // Рудный Алтай. - 2007. - 22 ноября. - С. 4.
Мухамадиева, Л. Путь в бессмертие [Текст] / Л. Мухамадиева // Новая жизнь. - 2004. - 3 июня. - С. 1
Давайте, люди, никогда об этом не забудем ! [Текст] // Вести Семей. - 2015. - 10 февраля. - С. 4
Малгаждаров, К. Одно из ярких созвездий [Текст] / К. Малгаждаров // Вести Семей. - 2015. - 6 октября. - С. 4
Бердюгин, Г. Героизм земляков живет в сердцах односельчан [Текст] : [об участнике ВОВ Федоре Кузмиче Гарганове (участие в освобождении Украины), Герое Советского Союза Койгельды Аухадиеве, и его внуке Ержане Койгельдине и Таисии Васильевне Шнайдер - руководителе Центра памяти села Преображенка] / Г. Бердюгин // Рудный Алтай. - 2018. - 16 января. - С. 3
Интернет - ресурстар
Интернет-ресурсы