Буторин Виктор Васильевич (1898-1974) - Кеңес Одағының Батыры.
1898 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында туған. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, Гвардия аға сержанты.
1918-24 жылдары Қызыл Армия қатарында болды. Әскер қатарынан босаған соң Буторин тұтынушылар кооперативінде жұмыс істеді. 1941 жылдың қараша айында майданға шақырту алды. 16-гвардиялық кавалериялық дивизия құрамында Сталинград, Орталық майдандарында шайқасты. Үш рет жараланған. «Қызыл Ту» орденімен, «Ерлігі үшін», «Сталинградты қоғағаны үшін» медалдарымен марапатталған.
Кавалерист Буторин азамат соғысына қатысып, шираған еді. Сталинград майданына тәжірибелі, шыныққан жауынгер болып келді. Бірде взвод командирі Буторин жау тылына өтіп, олардың жолын қию туралы тапсырма алды. Взвод жол қиылысынан өтіп, тасада тығылып отырады. Көп кешікпей жаймашуақ келе жатқан бір топ гитлершілдер көрінеді. Буториннің командасымен жауынгерлер жауды тылынан тап береді. Күтпеген жерден шыға келген салт аттыларды көріп немістер бытырай қашады. Қалай қашса да оларды өткір қылыштың жүзі құтқармады.
Гвардия сержанты Буторин 1943 жылдың жазы мен күзінде талай қан майданға қатысты. Оның әскери даңқы артып, беки түсті. Виктор Васильевичті үнемі жауапты да қауіпті тапсырмаларға жіберіп отырды. 1943 жылдың күзінде Орталық майданның сол қанатының жауынгерлері 19 қыркүйекке қараған түнде Десна өзенінен өтіп, Черниговқа таяу жерде ұрысқа кірді. Жау қаланы бермеуге бар күшін салды. Жау авиациясы топтала отырып, біздің шабуылдаушы бөлімдерді бомбының астына алды. Чернигов үшін күресте 16-гв. кавалерия дивизиясының 62-гвардиялық кавалерия полкінің аға сержанты Буторин ерекше көзге түсті. Шабуылдаушы топпен бірге алға ұмтылған взвод жаудың миномет пен пулеметтен оқ жаудырған үлкен тосқауылына тап болды. Жаудың өзі жүретін «фердинанд» пушкасы жақын жерден толассыз оқ боратып, біздің бөлімдердің қозғалысын тоқтатып тастады. Әр минут сайын жағдай ушыға түсті. Тәжірибелі жауынгер Буторин дауылдай бұрқыраған оқ астында қалу мүмкін еместігін түсінді.
-Гвардияшылар алға!- деп ұран тастай, өзгелерге ержүректілік пен жанқиярлықтың үлгісін көрсетіп, бірінші болып орнынан көтерілді де, екпіндей келіп неміс окоптарына жетті. Жауынгерлер ұйымшылдықпен атакаға көтеріліп, алдыңғы траншеядағы дұшпандарды қуып шықты. Ұрыс кезінде Буторин жарақат алса да майдан алаңын тастап кетпеді. Жауынгерлердің алдында немістердің тірек бекінісіне айналған «1 Май» совхозы тұр еді. Буторин взводын шабуылға көтерді. Екі рет жарақат алғанына қарамастан совхозға Буторин бірінші болып кірді. Зәресі ұшқан немістер қырылған әскерлер мен офицерлерінің өліктерін тастай қашты. Осы күні, 21 қыркүйекте дивизия жауынгерлері Украинаның облыс орталығы – Черниговты фашистерден азат етті. 16-гвардиялық кавалериялық дивизияға Чернигов аты берілді.
Отан үшін күресте көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1944 жылы 15 қаңтарда гвардия аға сержанты В.В.Буторинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыстан кейін лейтенант В.В. Буторин запасқа шықты. Киев қаласында тұрып, жұмыс істеді.
1974 жылы 7 наурызда Киев қаласында қайтыс болды. Киевте Лукьянов әскери зиратында жерленген.
В. В. Буториннің аты мемориалдық тақталарда, Башқұртстан Республикасының Ұлттық мұражайында (Уфа қаласы, Советская көшесі, 14) және Башқұрт кавалерия дивизиясының 112-ші (16-шы гвардиялық) мұражайында (Уфа қаласы, Левитан көшесі, 27) орнатылған. Кеңес Одағының барлық 78 Батыры 112-ші башқұрт (16-шы гвардиялық Чернигов) кавалерия дивизиясының есімдерімен бірге алтын әріптермен қашалған.
В. В. Буторин туралы әдебиеттер
Литература о В. В. Буторине
Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.286-287.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – С. 22.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.
***
Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – С. 161-162.
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов и др.; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - С. 225 – Т.1
Интернет-ресурстар
Интернет ресурсы
Варепа Иван Иосифович (1910-1981) - Кеңес Одағының батыры.
Иван Иосифович Варепа - орталық майданның 61-армиясының 77-гвардиялық атқыштар дивизиясының 218-гвардиялық атқыштар полкінің пулемет есебінің командирі, гвардияның кіші сержанты.
1910 жылы 19 сәуірде (1 мамыр) Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Шар ауданы (қазіргі Жарма ауданы) Перьятинка селосында шаруа отбасында туған. Бастауыш класты бітіріп, «Октябрьдің 30 жылдығы» атындағы колхозда ауылда тракторшы болып істеген.
1941 жылдың шілде айынан Қызыл Армия қатарында, ал 1943 жылдың тамызынан бастап майдан даласында болады. Орталық, Сталинград, Украина, 2-Белорус майдандарына қатысқан. Екі мәрте жараланған.
1943 жылдың 27 қыркүйегінде Украинаның Чернигов облысы Неданчичи селосының тұсында 218 гвардия атқыштар полкінің (77 – гвардия атқыштар дивизиясы, Орталық майдан, 61 армия) пулеметшілер тобының командирі кіші сержант Иван Варепа қарша бораған оқтың астынанқаймықпай алдыңғылардың бірі болып, Днепр өзенінің оң жағалауына өтеді.
И. Варепа басқарған зеңбірекшілер тобы жаудың төрт шабуылының бетін қайтарып, 20 фашистті жер жастандырған, бірнеше пулемет ошақтарының көзін жойған. Сөйтіп 218 гв. атқыштар полкі бөлімшелерінің өткелден аман өтуін қамтамасыз еткен.
Днепр үшін болған шайқастың батыры И.И. Варепа кіші лейтенанттарды оқытатын армиялық курсты аяқтап, офицер атағын алды, пулеметшілер взводын басқарды. Әскери жорығын Берлинде аяқтап, 1945 жылы КПСС қатарына кірді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша 1944 жылы 15 қаңтарда әскери тапсырманы орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен ержүректілігі үшін гв. кіші сержанты Варепа Иван Иосифовичке Кеңес Одағының Батыры атағы, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» (№ 3070) медалі қоса тапсырылады.
Соғыстан кейін гвардия лейтенанты И.И.Варепа Қазақстанға оралды. Семей облысының Шар ауданында колхозда еңбек етті. 1981 жылы 15 наурызда қайтыс болды. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Әуезов кентінде жерленген.
И. И. Варепа туралы әдебиет
Литература о Варепа И. И.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – С. 23.
Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов и др.; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - С. 239 – Т.1
***
Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – С. 167-168.
Мақалалар – Статьи
Швец, П. Пулеметчик Иван Варепа / Швец П. // Рудный Алтай. - 1969. - 13 марта.
Керейбаев, К. Жарминцы в годы войны: [О подвигах жарминцев на фронте и в тылу во время Великой Отечественной войны] / Керейбаев К. // Рудный Алтай. - 2000. - 10 июня. - С. 3.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
Варепа, И. И [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны : сайт . – URL: http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=10637 (дата обращения 19.03.2020)
Васильев Тимофей Петрович (1918-2004) – Кеңес Одағының Батыры.
Васильев Тимофей Петрович Карелия майданы 14-ші армиясының 2-ші дәрежелі Суворов ордені 65-ші Новгород Қызыл Тулы Суворов ордені 311-ші атқыштар полкінің 3-ші атқыштар ротасы бөлімшесінің командирі, кіші сержант.
1918 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Белокаменка ауылында шаруа отбасында туған. 1933 жылы бастауыш мектепті бітіріп, Вологод облысында колхозда жұмыс істеген.
1938 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылады. 1939-1940 жылдары Совет-Фин соғысына қатысқан.1941 жылы екінші рет Қызыл Армия қатарына Вологод облысы Пришеканин аудандық әскери комиссариатынан шақырылған.
1942 жылдың сәуір айынан Волхов, Карельск майдандарына қатысқан. 1944 жылдың қыркүйек айынан 311-атқыштар полкінің құрамында Мурманск бағытында соғысқан. 1944 жылдан КПСС мүшесі. 311- атқыштар полкі 3-атқыштар ротасының бөлімше командирі (Карелия майданы 14-армия, 65- атқыштар дивизиясы) кіші сержант Тимофей Васильев Петсамо-Киркинеск шабуыл операциясы кезінде көзге түскен.
1944 жылы 9 қазанда Мурманск облысында Титовка өзенін алу кезінде шайқаста өзенді бірінші болып жүзіп өтті. Оның басқаруындағы бөлім Титовканың батыс жағалауындағы позицияны басып алып, оны күшейту жақындағанға дейін ұстап тұрды. Үздіксіз миномет пен артиллериялық атыс кезінде және әуе шабуылында бөлімше жаудың алты шабуылына тойтарыс берді. Бұл шайқаста бөлім командирі жараланды, бірақ қатарда қалды. Полктің басқа бөлімшелері жағажайға өтіп, жауды қуып жібергенде, жараланған кіші сержант Васильев шабуылға әлі қатыса алды, содан кейін ғана ауруханаға жеткізілді.
Неміс-фашистік басқыншылармен күрес майданындағы қолбасшылықтың жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны және ерлігі үшін кіші сержант Васильев Тимофей Петровичке 1945 жылы 24 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ленин орденімен және «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталған.
1944 жылдың соңында полкімен бірге 2-ші Беларусь майданына келді, Шығыс Пруссия, Шығыс Померания және Берлин шабуыл операцияларына қатысты.
1945 жылы Армия қатарынан келген соң, Белоусовка кен басқармасында, Өскемен қаласындағы машина жасау зауытында көп жылдар еңбек етті. Өмірінің соңғы жылдарын Украинадағы Запорож облысы Мелитополь қаласында өткізді. 2004 жылы 8 маусым күні қайтыс болды.
Ленин (24.03.1945), 1-ші дәрежелі Отан соғысы (11.03.1985), Қызыл Жұлдыз (29.05.1945) ордендерімен, медальдармен, оның ішінде «Ерлігі үшін» (5.09.1944), «Совет Одағының Заполярьесін қорғағаны үшін» (1944) медальдарымен марапатталған.
Т. П. Васильев туралы әдебиет
Литература о Т. П. Васильеве
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - С. 26.
Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
Васильев Андрей Александрович (1898-1945) – Кеңес Одағының Батыры.
Воронеж майданының 38-армиясының 136-атқыштар дивизиясының 269-атқыштар полкінің көлік ротасы взводының командирі, аға сержант.
1898 жылы Орынбор облысы Саракташ ауданының Кандуровка ауылында дүниеге келген. Жеті класты бітірген соң, жүргізуші дайындайтын курста оқиды. Азамат соғысына қатысқан. Демобилизацияланғаннан кейін Саракташ ауылында кірпіш зауытында жүргізуші болып еңбек етті. Түркістан-Сібір темір жолын салуға белсене қатысты. Ұзақ жылдар бойы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Белоусовка кентінде тұрды.
Майдан шебінде 1942 жылдан бастап болған. Оңтүстік-Батыс майданының тыл қызметінде жүргізуші қызметін атқарған.
Воронеж және 1-ші Украин, 2-Белорус майдандарында соғысқан, көлік взводын басқарған, атқыштар взводы командирінің көмекшісі болған. 1943 жылғы қазан айында Новые Петровцы ауылының түбінде болған ұрыста ерекше көзге түскен.
Келесі шайқастарға қатысқан:
- Воронеж-Касторнен және Белгород-Харьков операцияларында, Курск доғасындағы қорғаныс шайқасында, Украинаның сол жағалауын азат етуде, Днепрді мәжбүрлеуде, оның оң жағалауындағы Лютежский плацдармды жаулап алуда және кеңейтуде, Киевті азат ету шайқастарына қатысқан - 1943 жылы;
- Украинаның оң жағалауын азат етуде, Львов-Сандомир шабуыл операциясына -1944 жылы;
- Висло-Одер операциясы кезінде Варшавадан солтүстікке қарай жаудың қорғанысын бұзуға - 1945 жылы.
136-атқыштар дивизиясы, 269-атқыштар полкінің взвод командирі міндетін атқарушы аға сержант Васильев 1943 жылы 16 қазанда болған шайқаста ерекше көзге түсті. Взвод Новые Петровцы селосы (Киев облысы Вышгород ауданы) маңында жаудың бір топ әскері мен офицерін қоршауға алып, аса маңызды құжаттармен штаб көлігін, 6 қол пулеметін қолға түсіреді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 1944 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығымен Андрей Александрович Васильевке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылады. Андрей Васильев 2-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
1945 жылғы 17 қаңтарда Польшаның Сероцк қаласын азат ету кезінде қаза тапты. Варшава воеводасы Зегже қаласындағы бауырластар зиратына жерленген. Варшава воеводасының Зегже қаласындағы бауырластар зиратына жерленген. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Белоусовка кентінде мемориалдық тақта орнатылған.
А. А. Васильев туралы әдебиет
Литература о А. А. Васильеве
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - С. 26.
Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.
***
Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – С. 171 – 172
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов и др.; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - С. 245 – Т.1
Мақалалар - Статьи
Черных, С. Фронтовые письма [Текст] / С. Черных // Рудный Алтай. - 1968. - 24 апреля.
Ориненко, Ю. Герой из горняцкого поселка Белоусовки [Текст] / Ю. Ориненко// Огни Прииртышья. - 2013. – 12 ноября, №88. - С. 3. : фот. - (К 70-летию битвы за Днепр).
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
Андрей Александрович Васильев [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны : сайт . – URL: http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=10274 (дата обращения 19.03.2020)
Вахонин Григорий Иванович (1919-1973) - Кеңес Одағының Батыры.
Григорий Иванович Вахонин - 417-ші жеке барлау ротасының взвод командирінің көмекшісі (356-ші атқыштар дивизиясы, 61-ші армия, орталық Майдан), аға сержант.
1919 жылы 25 мамырда Алтай аймағында Заринск ауданында Яново селосында шаруа отбасында дүниеге келген. Төртінші сыныпты бітірген соң, колхозда жұмыс істейді. 1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1941 жылдың желтоқсан айынан бастап майданда болады. Дивизиялық барлауда соғыса жүріп бірнеше рет барлауға сәтті барып, маңызды мәліметтер әкелді. Әсіресе Украинаның солтүстігін азат етіп, Днепрден өту кезінде ерекше көзге түсті.
1943 жылы 29 қыркүйекте аға сержант Вахониннің барлаушылар тобы Радуль (Чернигов облысы Репкин ауданы) елді-мекеніндегі жау тылына жіберілді. Тылдан соққы бере отырып, 20 жау әскерінің көзін құртты. Бес «тіл» алып қайтты.
1943 жылы 1 қазанда Вахонин өз бөлімшесімен жасырын түрде Днепр өзенінен өтеді. Оң жағалауды жау тылына өтіп, жаудың оқ боратқан екі нүктесінің көзін гранатамен жойды. Бірнеше күнге созылған осы шайқаста барлаушы Вахонин 30 фашистің көзін жойды.
1944 жылы 15 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен неміс–фашист басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен жанқиярлық ерлігі мен батылдығы үшін аға сержант Григорий Иванович Вахонинге Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен «Алтын Жұлдыз» медалі тапсырылды. Сол жылы ұрыста қатты жарақаттанып, демобилизацияланып, бейбіт өмірге кірісті.
Кейін Өзбекстанға қоныс аударып, Ферғанада қоғамдық тамақтандыру орындарында қызмет етті. 1965 жылдан бастап Семей қаласында тұрып, сонда еңбек етті.
24 ақпан 1973 жылы Семей қаласында қайтыс болды. Барнаул қаласындағы Даңқ мемориалында батырдың есімі жазылған.
Г. И. Вахонин туралы әдебиет
Литература о Г. И. Вахонине
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – С. 25.
Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Г. И. Вахонин : Б. 298.
***
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов и др.; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - С. 252 – Т.1
Мақалалар – Статьи
Махудаев, Р. За честь и отвагу [Текст] / Р. Махудаев // Семей вести. - 2009. - 22 января. - С. 4.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
Г. И. Вахонин [Электронный ресурс] : [биография] // Герои войны : сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=10063&lang=ru (19.03.2020)
Г. И. Вахонин [Электронный ресурс] : [биография] // Память народа : сайт. – Режим доступа : https://pamyat-naroda.ru/heroes/podvig-chelovek_nagrazhdenie150005424/ (19.03.2020)
Г. И. Вахонин [Электронный ресурс] : [биография] // Ветераны Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://veteran-vko.kz/ru/heroes.htm?id=61 (19.03.2020)
Офицальный сайт Алтайского края