Рыжов Георгий Тимофеевич (1919-1997) – Кеңес Одағының Батыры.
3-Украина майданы 46-армия, 34-гвардиялық атқыштар Енакиев Қызыл Тулы дивизиясы, 105 атқыштар полкінің бөлімше командирі, гвардия аға сержанты.
1919 жылы 14 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Зыряновск ауданы (қазіргі Алтай), Соловьево селосында туған. Колхозда жұмыс істеген. 1942 жылы қатарда Жаркент әскери комиссариатынан армия қатарына шақырылған. 1942 жылдың қазан айынан майдан шебінде. 34 - гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында Сталинград. Оңтүстік, 4-ші, 3-ші, 2-ші Украина майдандарында шайқасқан.
Молдавия аумағында Днестрдің оң жағалауына плацдармды бекіту кезінде көзге түскен. (Днепроско-Карпат шабуылдау операцисы Одессе операциясы,1944 ж)
1944 жылы сәуір айында лейтенант Б.С. Васильев-Кытиннің басшылығымен 11 гвардияшыл Днестр өзенінен өтеді. (Молдавия с. Раскаец ) Оң жағалаудағы маңызды биіктікті басып алған соң жауынгерлер 36 сағат бойы жаудың бірнеше қарсы шабуылына төтеп беріп, жаудың 2 рота солдаты мен офицерінің көзін құртып, көптеген қару-жарақты қолға түсірген. Топ жетекшісі ауыр жараланған кезде Г.Т. Рыжов командаваниені өз қолына алған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 13 қыркүйектегі жарлығы бойынша Днестр өзенінен өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды.
Кеңес Одағының Батыры атағы топтың 11 жауынгерге де берілді: Олар -гвардия лейтенанты Б.С.Васильеву-Кытин, гвардия сержанты А.И.Бирюков, Ф.Н.Жиле, Н.В.Чечулину,қатардағы жауынгерлер А.В.Балабаев (қаза тапқан соң) , В.И.Глазунов, П.А.Гнучия, Г.Е.Коробов, В.И.Ломакин (қаза тапқан соң), Т.Л.Нуркаев.
1946 жылы гвардия старшинасы Г.Т. Рыжов әскер қатарынан босайды. Алматы қаласынада тұрып, ««Дорводстрой» тресінде тас қашаушы болып істеген. 1997 жылы қайтыс болып, алматының орталық зиратында жерленген. Ленин (13.09.1944), 1-дәрежелі отан соғысы, (11.03.1985), 3- дәрежелі Даңқ (16.04.1944) ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Зырян ауданы Соловьево селосының бір көшесіне батыр есімі берілген.
Рыжов Г. Т. туралы әдебиет
Литература о Рыжове Г. Т.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
Олардың есімі берілген... = Их именами названы... [Мәтін] : Ұлы Жеңістің 60 жылдығына = К 60 летию Великой Победы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2005. - 12 б.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 б.
***
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.627– Т.2
Есть в памяти мгновения войны [Текст] / сост. Л. В. Аксенова. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2010. - 65 с.
Мақалалар-Статьи
Черных С. Василий Ломакиннің биіктігі [Мәтін] / Черных С., Наханов Х. // Коммунизм туы. - 1975. - 7 фев.- Б. 3.
***
Сагатов Е. Высота Василия Ломакина [Текст] : [о Герое Советского Союза Г. Т. Рыжове] / Е. Сагатов // Рудный Алтай. - 1975. - 15 февр.
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Рыжов Георгий Тимофеевич [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=18717 (29.12.2018)
Сапалев Иван Григорьевич (1912-1976) – Кеңес Одағының Батыры.
Иван Григорьевич Сапалев – Орталық майдан 13-Армия, 322 атқыштар дивизиясы, 603 жеке саперлер батальонының бөлімше командирі, кіші сержант.
Иван Сапалев 1912 жылы 20 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Московка ауылында шаруа отбасында туған. Білімі-бастауыш. Алтын өндіретін «Жұмба» кенішінде кенші болып істеген. Соғысқа 1942 жылы шілде айында аттанған.
Соғыс бойы 322 атқыштар дивизиясы 603 жеке саперлер батальоны құрамында – Батыс, Воронеж, Орталық, 1-ші, 4-ші Украина майдандарында шайқасқан.
Чернигов –Припять шабылдау операциясы кезінде Сейм, Десна өзендерінен өтуде ерекше батырлық көрсетіп көзге түскен.
Новые Млыны селосы тұсында Сейм өзенінен өту үшін жүзебелі көпірді дайындау кезінде оның бөлімшесі әуе шабуылына тап болады. Бораған оққа қарамастан көпірді қалпына келтіріп, дивизияның артеллериясын өткелден өткізуге ықпал етті. Бомбылау кезінде бүлінген көпірді қолма-қол жөндеп, іске қосып отырды. Десна өзенінен өту кезінде екі тәулік бойы өткелді үздіксіз жұмыс істетіп, дивизияның негізгі бөлімдерін арғы жағаға өткізді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 16 қазандағы Жарлығы бойынша Сейм, Десна өзендерінен өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін Сапалев Иван Григорьевичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды.
Соғыстан кейін еліне оралып, «Жұмба» кенішінде еңбек еткен. 1956 жылы Алтай өлкесінің Бийск қаласына қоныс аударып, № 122құрылыс-монтаж тресінде тас қалаушылар бригадирі болып жұмыс істеген. Еңбекте де үнемі алда көрініп, бригадасы тресте алғашқылардың бірі болып, коммунистік еңбек ұжымы атағын алған. Еңбек майданындағы табыстарын үкімет жоғары бағалап, 1966 жылы 5 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Ленин орденімен марапаттаған.
1976 жылы 27 ақпанда Бийск қаласында қайтыс болған. Батыр тұрған үйге мемориалды тақта орнатылған.
Екі мәрте Ленин (16.10.1943; 5.08.1966), Қызыл Жұлдыз (16.10.1943; 5.08.1966),3-дәрежелі Даңқ, (30.08.1944), ордендерімен, 2 мәрте «За отвагу» (23.02.1943; 27.09.1943), «За боевые заслуги» (20.02.1943) т.б. медальдармен марапатталған.
Соғыстан кейінгі жылдары марапаттау қағаздарында Батырдың тегі – Сопалев, Сополев, Саполев болып жазылған.
Әдебиеттер:
Интернет-ресурстар:
Сафонов Федор Матвеевич (1923-2008) –Кеңес Одағының Батыры.
3-ші Беларусь майданы 1-ші Әуе армиясы 1-гвардиялық шабуылдаушы авиация дивизиясының Суворов штурмдық авиация полкінің 74-ші гвардиялық Сталинград Қызыл Ту орденді аға ұшқышы, гвардия кіші лейтенанты.
1923 жылы 21 наурызда Челябі облысы, Варна ауданы, Масловецкое селосында шаруа отбасында дүниеге келген. Отбасында 11 бала болды, оларды асырау қиын болғандықтан, 1932 жылы отбасы Қырғызстанның Фрунзе облысына көшті. Ал сосын 1933 жылы әкесі Матвей Васильевич Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданының Михайлов совхозына жалдамалы жұмыс үшін көшіп келді. 1939 жылы Федор Сафонов Шығыс Қазақстан облысының Үбі орталау мектебінен жеті сынып бітіріп, Семейдің ауылшаруашылығы техникумына оқуға түсті, өйткені осы техникумның жатақханасында бос орындар болған еді. Сонымен бірге Семейде аэроклуб ісімен айналысты. Сафонов аэроклубтың үздік түлегі болғандықтан І -Чкалов әскери ұшқыштар мектебіне жіберілді.
1940 жылы Сафонов Қызыл Армия қатарына шақырылып, әскери ұшқыштар мектебінде оқи бастайды. Ил-2 штурмовигімен ұшуды игереді.
1944 жылы Куйбышевке жіберіледі, онда 12-запастағы авиация полкына алынып, Ил-2 самолетін иеленген соң майданға аттанады. 1944 жылы 21 шілдеде 1-гвардиялық шабуыл авиациясының, 74-гвардиялық шабуыл авиациясы полкының құрамында әскери іс-қимылдарға қатысқан. Белоруссия, Литваны азат етуге, Шығыс Пруссияны жаудан қорғауға, соңынан Шығыс Пруссияда қарсыластарды жоюға және Кенигсберг, Пиллауды шабуылдауға қатысты.
Соғыс жылдары Федор Сафонов әскери ұшақпен 109 рет ұшып, 7-әуе ұрысына қатысты. Жау аймағында 300 сағаттан аса болып, екі рет оққа ұрынды. Ұрыс кезінде Сафонов 11 танк, 2 өздігінен жүретін зеңбірек, 2 миномет батареясы, шамамен 46 автокөлік, 2 әскери қару- жарақ қоймасын, жанар май қоймасын, паровоз, 30-шақты теміржол вагонын, 3 зенит батареясын, 7 зеңбірек батареясын және шамамен 300 жау солдатын жойды.
1945 жылы 24 маусымда Қызыл алаңда Жеңіс Парадына қатысып, Белорусс майданының оң жақтағы 3-сапында қатар түзеді.
Соғыстан кейін Барановичи қаласында әскери қызметте болды. 1949 жылы Краснодардағы жоғары штурмандар мектебін бітірді. Соңынан Хабаровскіде және Сахалинде қызмет атқарды.
1956 жылдан бастап Куйбышевте ПВО корпусының бас командалық пунктінің бастығы болып қызмет істеді. 1961 жылдан отставкаға шықты.
Куйбышев авиация заводында инженер және бөлім бастығы жұмысын атқарды. Куйбышев халық депутаттары қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды.
1979 жылдан бері зейнетке шығып, мектеп оқушыларымен тәрбие жұмысымен айналысып, №12 самар мектебінің кеңесі мен ондағы тарих мұражайының мүшесі болды. 2008 жылы 11 мамырда қайтыс болды.
Ленин орденімен, 2-ші Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2-ші және 3-ші дәрежелі Даңқ ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Самара қаласының № 12 мектебі, бір сквері Фёдор Сафонов атында. Өскемен қаласында Сафонов атында көше бар.
Ф. М. Сафонов туралы әдебиет
Литература о Сафонове Ф. М.
Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.669.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.221.
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Биографии Героев и писателей СССР
Сафиуллин Ғани Бекінұлы (1905-1973) - Кеңес Одағының Батыры.
Дала майданы, 7-гвардиялық армияның 25-атқыштар корпусының командирі, гвардия генерал-майоры.
Ғани Бекінұлы Сафиуллин 1905 жылы 1 шілдеде Старый Кашир қазіргі Сарманов ауданы (Татарстан) шаруа отбасында дүниеге келген. Ауылдық медреседе оқыған. 20-жылдары ата-анасы қайтыс болғаннан кейін, жетім бала ел аралап кетеді. Ол 1922 жылы тағдыр айдап Қазақстанның Торғай даласына келіп, мал бағуға жалданады. 1923-26 жылдары өлкелік совпартшколада оқиды. Оны бітірген соң Семей қаласының Бұқтырма уездік комсомол комитетіне нұсқаушы болып жіберіледі.
1927 жылдан Қызыл Армия қатарында. 1-кавалериялық дивизияның 1-Советтік Казак полкында: бөлімше командирі, взвод командирінің көмекшісі қызмет етті. 1928 жылы Прокуров қаласында запастағы командирлер құрамын әзірлеу Курсынан өткен.
1930 жылдың наурыз айынан СССР ОГПУ Шекара әскерінде қызмет етіп, Могилев-Подольскі қаласының 24-шекара отряды командирінің көмекшісі болды. 1931 жылы қараша айында – Түркістан ОГПУ-нің 114-жеке дивизиясы взводының командирі.
1932 жылдың желтоқсан айынан СССР ОГПУ Ішкі әскерінде қызмет етті – адьютант, 1933 жылдың қарашасынан – ОГПУ Горький оқу дивизионы 5-жеке штабының бастығы. 1934 жылдың маусым айынан – ОГПУ 37-полкының сап бөлімі жөніндегі дивизионы командирінің көмекшісі, 1935 жылдың сәуірінен – Иваново қ. НКВД дивизионы 9-штабының бастығы. 1937 жылдың ақпан айынан НКВД-нің Сормоводағы 185- әскери полк командирінің көмекшісі. 1938 жылдың мамыр айынан – штаб бастығы, соңынан НКВД 178-әскери полкының командирі. 1939 жылдың сәуірінен – өнеркәсіптің аса маңызды кәсіпорындарын күзету жөніндегі НКВД-нің 103-жеке батальонының командирі. 1941 жылы М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияның кешкі факультетін бітірген.
Неміс-фашист басқыншыларымен шайқасқа соғыс басталған күннен қатысты. 1941 жылдың маусымынан – Батыс майданның 22-армиясы 256 атқыштар дивизиясының 930-атқыштар полкының командирі, Смоленск қорғаныс шайқасы мен Великие Луки бағытындағы қорғаныс ұрыстарына қатысты. 1941 жылдың қазанынан – 30-Калининград майданы 178-атқыштар дивизиясының 709-атқыштар полкының командирі.
1942 жылдың сәуірінен – командирдің орынбасары, 1942 жылдың маусымынан – Оңтүстік-батыс майданы 28- армиясы 38-атқыштар дивизиясының 38-атқыштар дивизиясының командирі, 1942 жылы Харьков және Донбасс қорғаныс шабуылдарына қатысқан, соңынан Сталинград майданы 64-армиясының 21-құрамында Сталинград шайқасына қатысты. 1943 жылы ақпанда дивизия Воронеж майданының 64-құрамында Харьков қорғаныс шабуылына, Белгород түбіндегі Северский Донец өзені үшін ұрысқа қатысты.
1943 жылдың сәуірінен - Воронеж, Степной, 2-Украина майданы 7- гвардиялық армияның 25-гвардиялық атқыштар полкының командирі, ол Белгород-Харьков шабуылы және Днепр үшін ұрысқа қатысқан. 25-гвардиялық атқыштар корпусы командирі кезінде (Дала майданы, 7-гвардиялық армия) Украинаны азат етуге қатысты. 1943 жылы 25 қыркүйекте оның қолбасшылығымен әскери корпус Украинаның Днепропетровск облысы Верхнеднепровск ауданының Бородаевка және Домоткань селолары маңында Днепрден өтті. Әскери корпустың полк және дивизия артиллериясы жаудың бірнеше мәрте жасаған шабуылын тойтарып, 5 күнде майдан плацдармын 25-ке, тереңдігін 15-километрге дейін кеңейтіп, сонда мықтап бекінді.
1943 жылғы 26 қазанда СССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен әскер құрамаларына табысты басшылық жасап, көрсеткен жеке ерлігі мен батырлығы үшін гвардия генерал-майоры Сафиуллин Ғани Бекінұлына Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» (№ 1342) медалімен марапатталды.
Соңынан корпус қолбасшысы ретінде Нижнеднепровск, Кировоград, Уман-Ботошанск, Ясско-Кишинев, Дебреценск, Будапешт шабуылдарына қатысты.
1945 жылдың наурызынан – 2-Украина майданы 53-армияның 57-гвардиялық атқыштар корпусының командирі, Братислав-Брнов және Прага шабуылдарына қатысқан. 1945 жылдың жазында әскери корпус армия құрамында Қиыр Шығысқа жіберілді. 1945 жылы тамызда Забайкалье майданы құрамында совет-жапон соғысының Хинган-Мукден ұрысына қатысты. Жапонияны жеңгеннен кейін 1945 жылдың қарашасына дейін корпусқа қолбасшылық жасады.
1947 жылы К.Е. Ворошилов атындағы Жоғары әскери академия жанындағы Жоғары академиялық курсты бітірді. 1947 жылдың сәуірінен – 38-гвардиялық әуе-десанттық корпусы командирінің орынбасары. 1949 жылдың шілдесінен – Прибалтика әскери округі 11-гвардиялық армиясының 36-гвардиялық атқыштар корпусының 10-гвардиялық атқыштар дивизиясы командирінің орынбасары. 1950 жылдың қарашасынан – Прибалтика әскери округінің 16-гвардиялық атқыштар корпусы командирінің орынбасары. 1956 жылдың тамызынан –Солтүстік-Кавказ әскери округінің 112-атқыштар корпусы командирінің орынбасары.
1957 жылдың маусымынан генерал-лейтенант Ғ. Б. Сафиуллин– запаста. Татар АССР-і астанасында тұрып, қызмет істеді. 1973 жылы 14 қазанда қайтыс болды. Қазан қаласының Арск зиратында жерленген.
Генерал-лейтенант (2.11.1944). 2 Ленин, 3 Қызыл Ту, 2 2-дәрежелі Суворов, Қызыл Жұлдыз ордендері және медальдармен марапатталды. Қазан қаласының бір көшесі Батыр есімімен аталады.
Ғ. Б. Сафиуллин шығармалары
Произведения Г. Б. Сафиуллина
Сафиуллин, Ғ. Б. Жеңіс жолында : [Мәтін] / Ғ. Б. Сафиуллин. - Алматы : Қазақстан, 1969. - 264 б. : портр.
Ғ. Б. Сафиуллин туралы әдебиеттер
Литература о Сафиуллине Г. Б.
Отан батырларын мадақтайды: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары: фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных: Восточноказахстанцы - Герой Советского Союза / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник.- Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. - 290 б.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы:
Ғани Бекінұлы Сафиуллин [Электронды ресурс]: [өмірбаяны] // Кеңес Одағының батырлары: [сайт]: http://veteran-vko.kz/kz/heroes.htm?id=118
Гани Бекинович Сафиуллин [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны : [сайт] : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=457 (дата обращения 15.06.2020)
Гани Бекинович Сафиуллин [Электронный ресурс] : [биография] // Биографии Героев и писателей СССР : [сайт] : http://pavelskaz.ru/343.html (дата обращения 15.06.2020)
Седнев Сергей Егорович (1917-1975), Кеңес Одағының Батыры.
Сергей Егорович Седнев - 23-жеке моторлы понтон-көпір батальонының моторшысы (47-армия, Воронеж майданы), ефрейтор.
1917 жылы Подгорное селосында (қазір Көкпекті ауданы Шығыс Қазақстан облысы) шаруа отбасында дүниеге келген. Аудандық машина-трактор станциясында жүргізуші болып жұмыс істеді. 1937-1940 жылдары Қиыр Шығыста жедел әскери міндетін өтеген. 1941 жылы тамызда қайтадан әскер қатарына шақырылып, әрекеттегі армияға жіберіледі. Мотоциклмен барлау взводында әскери қызметте болды.
1942 жылдың 22 наурызынан жеке моторлы понтон-көпір батальоны қатарында шайқасты, бұл батальон 1943 жылы 20 мамырда қайтадан құрылған 6-понтон-көпір бригадасына кірген. Батальон құрамында Брянск, Воронеж және 1-Украина майданында жаумен шайқасты.
Среднедон (16 – 30 желтоқсан 1942 жыл), Острогож-Россошан (13 – 27 қаңтар 1943 жыл), Воронеж-Касторнен (24 қаңтар – 2 ақпан 1943 жыл), Харьков (2 ақпан – 3 наурыз 1943 жыл), Белгород-Харьков (3 – 23 тамыз 1943 жыл), Сумск-Прилукск (26 тамыз – 30 қыркүйек 1943 жыл), Киев (3 – 13 қараша 1943 жыл) шабуылдарына, Киев қорғанысы шабуылы (13 қараша – 22 желтоқсан 1943 жыл), Житомир-Бердичев (24 желтоқсан 1943 – 14 қаңтар 1944 жыл), Корсунь-Шевченко (24 қаңтар – 17 ақпан 1944 жыл), Проскуров-Черновицк (4 наурыз – 17 сәуір 1944 жыл), Львов –Сандомир стратегиялық (13 шілде – 29 тамыз 1944 жыл), Висло-Одер стратегиялық (12 қаңтар – 3 ақпан 1945 жыл, Нижнесилезия (8 – 24 ақпан 1945 жыл), Верхнесилезия (15 – 31 наурыз 1945 жыл), Берлин стратегиялық (16 сәуір – 8 мамыр 1945 жыл), Праж стратегиялық (6 – 12 мамыр 1945 жыл) шабуылдарына қатысқан.
Көптеген су тосқауылдары шабуылынан өтті, соның ішінде Воронеж, Дон, Оскол, Северский Донец, Псел, Днепр, Западный Буг, Сан, Висла, Одер, Нейсе, Шпрее.
Днепрден өтуде ерекше көзге түсті, оның батальоны 47-армия қолбасшылығының жедел қарамағында болды.
Днепрден өту кезінде 47-армия бөлімшелері 1943 жылдың 25 қыркүйегі мен 20 қазан аралығында Канев қаласы (Черкасск облысы Украина) маңайында катермен 30-тонналық паромды жетекке алды. Жау оғы астында оң жағалауға 300 ден аса өтіп, көптеген әскери техника , әскери қару-жарақтар мен армияның жеке құрамасын жеткізді.
1944 жылғы 3 маусымда СССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Днепрден өтуде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Седнев Сергей Егоровичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды.
1945 жылы С.Е.Седнев әскерқатарынан босап, Киевте тұрды. Автобазада слесарь болды.
1975 жылы 28 шілдеде Киев қаласында қайтыс болды.
Әдебиеттер:
Интернет-ресурстар: