Масликов Антон Трофимович (1926-1944) - Кеңес Одағының батыры.
Антон Трофимович Масликов -1-Балтық майданының 43-армиясының 306-атқыштар дивизиясының 938-атқыштар полкінің атқышы, қызыл әскер.
Антон Трофимович Масликов 1926 жылы Алтай өлкесі Угловое ауданының Угловое ауылында дүниеге келген. Ұлты-орыс. Жеті класты бітірген соң ет комбинатында, Семипалатинскі (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы) жүн өңдеу фабрикасында жұмыс істеген.
1943 жылдан Қызыл Армия қатарында болған. Майданда 1944 жылдың 24 маусым айынан бастап шайқасқан. А. Т. Масликов Белоруссияның Витебск облысы Шарипино деревнясы тұсында Батыс Двина өзенінен өту кезінде көзге түскен.
1944 жылы 24 маусымда Масликов қарулас жолдастарымен Бешенковичский ауданы Шарапино деревнясы тұсында Батыс Двина өзенінен өтіп, жасырылған жау қайықтарына тап болады. Ол қайықтарды совет жауынгерлері бекінген жағалауға алып келеді. Сөйтіп полктің ойдағыдай өзеннен өтуіне ықпал етеді. Өзеннің батыс жақ жағалауын жаудан тартып алып, бекіністі ұстап тұру кезінде Масликов үлкен батырлық көрсетіп, ерлікпен қаза табады. Белоруссияның Витебск облысы Бешенковичский ауданы Санники деревнясында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 1944 жылғы 22 шілдедегі Жарлығымен А. Т. Масликовқа қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталған.
А.Т. Масликов туралы әдебиет
Литература о Масликове А.Т.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. –с.115.
Отан батырларынмадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес ОдағыныңБатырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысыныңәкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстықсәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтықмұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.
***
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.627– Т.2
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы:
Антон Трофимович Масликов [Электронный ресурс] : [документы о наградах и присвоенном звании Героя Советского Союза] // Обобщенный банк данных «Подвиг народа в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» : [сайт]. - URL: http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=13766 (дата обращения 13.04.2020)
Антон Трофимович Масликов [Электронный ресурс] : [документы о выбытии] // Обобщенный банк данных «Мемориал» : [сайт]. - URL: http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=13766 (дата обращения 13.04.2020)
Медведев Михаил Михайлович (1923-1977) - Кеңес Одағының батыры.
Дала майданы 7-гвардиялық армиясы 78-гвардиялық атқыштар дивизиясы 89-гвардиялық жеке саперлер батальонының саперы, ефрейтор.
1923 жылы 15 тамызда Самар облысы, Борск ауданы, Коноваловка деревнясында дүниеге келген. Соғысқа дейін шахтада жұмыс істеген.
Майданда 1942 жылдың шілде айынан бастап болған. Михаил Медведев 1943 жылғы қыркүйек айында бір топ жауынгерлермен Днепропетровск облысының Домоткань деревнясы тұсында Днепр өзенінен ойдағыдай өтіп, немістердің алты қайығын басып алып, атқыштар бөлімшесінің Днепрден тез өтуіне ықпал еткен. Ержүрек жауынгер-сапер жау шабуылына тойтарыс беріп, плацдармды кеңейтуде белсенділік танытып, ерекше көзге түскен.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 1943 жылғы 26-қазандағы Жарлығымен Михаил Михайлович Медведевке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды.
Сонымен қатар, Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.
1945 жылы гвардия сержанты М.М. Медведев Армия қатарынан босаған соң Семей қаласында тұрып ет комбинатында еңбек етті.
1977 жылы 22 қазанда қайтыс болды.
М. М. Медведев туралы әдебиет
Литература о Медведеве М. М.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен: ШҚМУ, 2005. –с.115.
Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.
***
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.627– Т.2
Мехнин Федор Михайлович (1923-1944) - Кеңес Одағының Батыры.
2-ші Украин майданының 2-ші танк армиясының 3-ші танк корпусының 50-ші танк бригадасының Т-34 танкінің механик-жүргізушісі, старшина.
1923 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Тарханка ауылында туған. 1939 жылы тракторшылар курсын бітіріп, МТС-те жұмыс істеді.
1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Оқу-жаттығу полкінде танк жүргізушісі мамандығын алып, біліктілігін алды. 1943 жылдан Орталық, 1-ші және 2-ші Украин майдандарында фашистік басқыншылармен шайқастарға қатысты. Әскери ерліктері үшін 1943 жылы Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Ол 1944 жылы күзде Украинаның оң жағалауын азат ету кезінде ерекше көзге түсті.
Мехнин 1-жəне 2-Украина майданы 50-танк бригадасында (2-танк армиясы, 3-танк корпусы) ұрыстарға қатысты. Ол Винница жəне Киев облыстары шекарасындағы Терновка елді мекені үшін болған ұрыста ерекше көзге түсті. Мехниннің Т-34 танкісі Терновка ауылына бірінші болып кіріп, жаудың өздігінен жүретін 2 зеңбірек, 4 танкісін, оқ-дəрісі бар 23 автокөлікті жəне 100-ден астам жауынгерін жойды. 1944 жылы Оңтүстік Буг өзенінің өткелін басып алып, бригаданың негізгі күші келгенше ұстап тұрды. Сол жағалаудағы жау əскерін жойғаннан кейін, өткелдің арғы жағалауына шығып, ұрыста үлкен ерлік көрсетті.
Наурыз күні старшина Ф. Мехнин экипаж құрамында Джулинка селосы (Бершадский ауданы Винница облысы) үшін болған ұрыста Оңтүстік Буг өзеннің өткелін тартып алып, оны бригаданың басты күші келгенше ұстап тұрған. Сол жағалаудағы фашистерді құртып, Мехнин өз танкісімен өткелден өтеді. Қарсы жағалауға жетпестен танк минаға түсіп жарылады да бүкіл экипаж қаза табады.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 1944 жылғы 13 қыркүйектегі Жарлығымен қайтыс болғаннан кейін Мехнин Федор Михайловичке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. 1944 жылы 5 наурызда Украина Винница облысында Бершадский ауданында Березки селосында қаза тауып, сонда жерленген.
Өскемен қаласында жəне Тарханка селосында Батыр атында көше бар. Тарханека селосында мектеп Мехниннің есімімен аталады.
Ф. М. Мехнин туралы әдебиет
Литература о Ф.М. Мехнине
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.4.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б. 171.
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін]:энциклопедия.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 531 б.
Интернет-ресурстар
Интернет-ресурсы
Меркулов Матвей Кузьмич (1918-2000) - Кеңес Одағының батыры.
Меркулов Матвей Кузьмич - 2-Белорус майданының 65-армиясының 15-Сиваш атқыштар дивизиясының 676-атқыштар полкінің батальон командирі, майор.
1918 жылы 15 тамызда Жаңа Шүлбі ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы) дүниеге келген. Семейдегі мұғалімдер курсын бітіргеннен кейін Бородулиха ауданы Девятка мектебінде мұғалім, кейін директор болып қызмет істеген. 1938 жылы Кеңес əскері қатарына шақырылған.
1941 жылы Харьков шекара əскери училищесін бітіріп, Алматы облысы Райымбек ауданындағы Сарыжаз ауылы маңындағы Есекартқан шекарасында застава бастығы қызметін атқарды. 1942 жылы Орталық майданның 162-атқыштар дивизиясы құрамында майданға аттанып, Курск, Орел шайқастарына қатысты. Шабуыл барысында жараланып, госпитальда емделген.
1945 жылдың қаңтарында 2-батальонға Висла өзенінен өтіп, фашистер бекінісін шабуылдау тапсырылды. Осы жылдың 28 қаңтарында Меркуловтың батальоны бекінген маңды (Польша, Грудзендз қаласынан оңтүстік батысқа қарай 4 км жерде) жау қатты қарқынмен шабуылдады.
Өздігінен жүретін 2-артиллерия қондырғысы мен жау автоматшылары сапты бұзып, командалық пунктке жақын қалған сын сағатта Меркулов батальонын батыл басқарып, 7 тəулікке созылған жау шабуылын тойтарды.
Висладан өтуде үлкен ерлік көрсеткен. Меркулов өз полкімен бірге 1945 жылы 30 наурызда Гданьск қаласын (Польша) азат етіп, 20 сəуірде Одерге, мамыр айында Балтық теңізіне шықты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 1945 жылғы 29 маусымдағы Жарлығымен майор Меркулов Матвей Кузьмичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталған.(№ 5570).
1946 жылы отряд командирі, Шығыс шекара округі əскерінің бастығы болды. Ұзақ жыл Кеңес-қытай шекарасында қызмет етті. Оның басшылығымен 4 шекара отряды, 10 шекара заставасы мен комендатура құрылды. 1951 жылы Əскери академияны бітірді. 1960 жылы шиеленіскен Кеңес-қытай шекара оқиғаларына Матвей Меркулов басқарған Шығыс шекара округі тікелей араласты. 1969 жылы Жалаңашкөл оқиғасында Үшарал отрядының жауынгерлері 80 адамдық қытай отрядын талқандады. 1976–85 жылдары Алматы жоғары шекара командалық училищесінің (қазіргі ҚР ҰҚК Əскери институты) бастығы қызметінде болды. Алматы қаласы Зенков көшесіндегі үйге мемориалдық тақта, 2006 жылы ҚР ҰҚК Əскери институты аумағында Меркуловтың бюсті қойылған. Ленин, 3 Қызыл Ту, Қазан революциясы, 1-дəрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, 3-дəрежелі «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 2000 жылы 2 сәуірде қайтыс болып, Алматы қаласында жерленген.
М. М. Меркулов туралы әдебиет
Литература о М. М. Меркулове
Милецкий Вениамин Михайлович (1918-1945) - Кеңес Одағының батыры.
Вениамин Михайлович Милецкий - 2-ші Балтық майданының 15-ші әуе әскерінің 188-ші бомбалаушы авиадивизиясының 373-ші бомбалаушы авиаполкының эскадрилья штурманы, капитан.
1918 жылы 23 қазанда Алматы облысы Қаскелең селосында (қазіргі Қарасай ауданы) туған. 1938 жылы Семей тау-кен жұмысшы факультетін, 1941 жылы Ташкент əскери авиация мектебін бітірген. Жер пайдалануды тəртіпке келтірушілер курсын бітіргеннен кейін Зайсан ауданында топограф қызметін атқарған.
1939 жылы Кеңес əскері қатарына шақырылып, 1939-1940 жылдары Кеңес-фин соғысына қатысқан. 1941 жылы 2-Прибалтика майданының 15-əуе армиясы 188-бомбалаушы авиация дивизиясы, 373-бомбалаушы авиация полкі құрамында ұрыстарға қатысқан. Ұшқыш, эскадрилья командирі, капитан.
1941 жылдың 3 қазанынан 1945 жылдың наурызына дейін Вениамин Михайлович Милецкий жаудың соғыс нысандарына, адам күші мен техникасына 97 900 кг бомба тастады. 305 рет жауынгерлік ұшу сапарына шығып, жаудың 2 батарея, 35 автокөлігі, 1 жанармай қоймасын, аэродромда тұрған 3 ұшағын талқандап, 17 дзотты, 3 оқ-дəрі қоймасын, 1 кеме жасау зауатын, 7 теміржол эшелонын қиратқан. Ленин, 2 рет Қызыл Ту, 2 рет 1-дəрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 1945 жылғы 18 тамыздағы Жарлығымен Миллер Петр Климентьевичке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин орденімен, «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталған. 1946 жылы денсаулығына байланысты авиация қатарынан босап, Рига қаласында тұрған. Соғыстан кейінгі тағдыры Латвияның теңіз флотымен байланысты. 1991 жылы Смоленск қаласына қоныс аударды деген мәлімет бар. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі тағдыры беймәлім.
В. М. Милецкий туралы әдебиет
Литература о В. М. Милецкий