Карелин Петр Григорьевич (1922-1944) – Кеңес Одағының Батыры.
Петр Григорьевич Карелин - 4-ші Украин майданының 2-ші гвардиялық армиясының 3-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 9-шы гвардиялық атқыштар полкінің рота командирі, гвардия лейтенанты.
1923 жылы Ресейдің Чита облысы Сретенск қаласында туған.П. Карелин соғысқа дейін Шар қаласында (қазіргі Жарма ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) тұрған. Омбыавиация мектебін бітірген. Қызыл Армия қатарына 1941 жылы Жарма ауданыəскери комиссариатыарқылы шақырылған.
9-гвардиялық атқыштар полкінің рота командирі Д. Карелин Сталинград, Оңт. жəне 4-Украина майдандарындағы шайқастарға қатысты. 1944 ж. сəуір айында Қара теңіз порттарын, Қырым түбегіне өтетін жолда тұрған Армянск қаласын азат етті. 1944 ж. 8 сəуірде таңға жақын «Катюшалардың» артиллериялық шабуылынан кейін 2-атқыштар ротасының командирі Карелин өз ротасымен жау траншеясына бірінші болып басып кіріп, бетпе-бет айқасты. Дзоттардың біріне бекініп алған жау станокты пулеметпен оқ атып, жауынгерлерге бас көтертпеді. Карелин орнынан тұрып, денесімен дзотты жапты.
Қан майданда көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1944 жылдың 16 мамырында Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ленин, 2 мәрте Қызыл Жұлдыз ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Шар қаласындағы батыр оқыған №232 мектепке есімі беріліп, ескерткіш пен мемориалдық тақта орнатылған.
КСРО Қорғаныс министрінің бұйрығымен П. Г. Карелин әскери бөлімнің тізіміне мәңгі енгізілді.
1944 жылы 8 сәуірде Украинаның Армянск қаласында қайтыс болды.
П. Г. Карелин туралы әдебиет
Литература о П. Г. Карелине
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с. 50.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы, 2010. – Б.111.
Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.381.
***
Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - АлмаАта : КазОгиз, 1945. – с. 349-350.
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 627– Т.1
Семипалатинску 285 лет / Сост. К.А.Байгужинов, М.А.Галиев.- Семипалатинск: ЧП Анастасов, 2003.- С.49-50
Герои Советского Союза – семипалатинцы / Сост. Перебеева М.И. – Семипалатинск: Семей - пе.Байгужинов, М.А.Галиев.- Семипалатинск: ЧП Анастасов, 2003.- С.49-50чать, 2004.- С. 28
Мақалалар – Статьи
Коновалов,, А. В. Казахстанцы в боях за освоождение Крыма / А. В. Коновалов // Вести Семей. - 2013. - 8 янв. - С. 4 : фото.
Маркова, А. Последний бой Петра Карелина/ Маркова А. // Рауан - Восход. - 2004. - 7 мая. - С. 2.
Интернет– ресурстар
Интернет – ресурсы
Клименко Трофим Михайлович (1919-2003) – Кеңес Одағының Батыры.
10- гвардиялық атқыштар полкінің батальон командирі. (6- гвардиялық атқыштар Ровен Қызыл Тулы дивизиясы, 13- армия, 1- Украина майданы), гвардия майоры.
Клименко Трофим Михайлович 1919 жылы 25 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Украинка селосында шаруа отбасында туған. 1937 жылы Өскемен қаласындағы жетіжылдық мектепті бітірген. 1939 жылы Алматы теміржол техникумының 2 курсын бітіреді. Сол жылы күзде Қызыл Армия қатарына шақырылады. 1941 жылдың шілде айында Куйбышев жаяуәскер училищесін лейтенант шенінде бітіріп шығады. 1941 жылдың тамыз айынан майдан даласында. Батыс, Орталық, қайтадан Батыс, қайтадан Орталық, 1-Украина майдандарында соғысқа қатысқан. Бес рет жараланған. Львов-Сандомир шабуыл операциясы кезінде ерекше көзге түскен. Батыс Буг, Сан, Висла өзендерінен өтуді сәтті ұйымдастыра білген. 1944 жылы 2 тамызда Сандомир қаласының оңтүстігінде Висла өзенінен өту кезінде батальон плацдармды басып алып, үш тәулік бойы ұстап тұрған, сөйтіп полк пен дивизияның басым күшінің өткелден аман өтуіне жағдай жасаған.Күші басым жау танктері мен жаяу әскер шабуылы кезінде батальон 14 танк, 8 бронетранспортер, көптеген жау солдаттарының көзін құртқан.
1944 жылы 23 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Львов –Сандомир операциясы кезінде бөлімшені дұрыс басқарып, батырлық пен ержүректілік көрсеткені үшін Клименко Трофим Михайловичке Кеңес Одағының батыры атағы беріліп, Ленин ордені , «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды.
1945 жылы «Выстрел» жаяуәскер құрама командасының атқыштар тактикалық Жоғарғы білім жетілдіру курсының бітіріп Кавказда қызмет еткен. Емделіп шыққан соң Краснодар өлкесі Усть-Лабинская станциясында, одан кейін Краснодар өлкесі Сочи қаласындағы Адлер аудандық әскери комиссары болып қызмет атқарған. 1964 жылдан подполковник Т.М. Клименко –запаста. Сочи қаласында тұрған. 2003 жылы 28 маусымда қайтыс болып, Сочи қаласы Адлер орталық зиратына жерленген. 2 мәрте Қызыл Ту (13.07.1943, 5.08.1944), 1-дәрежелі Отан соғысы (11.03.1985), Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Т. М. Клименко туралы әдебиеттер
Литература о Т. М. Клименко
Кітаптар-книги:
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – 52 с.
Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.
***
Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – 373-374 с.
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - 664 с.
Мақалалар –статьи:
Чернявская, Р. Трижды воскресший/ Чернявская Р., Раскина С. // Знамя коммунизма. - 1964. - 15 дек.
Шелудько, А. Герою - от героя / Шелудько А. // Путь Ильича. - 1975. - 29 мая.
Кириллова, Л. Солдат великой победы : [о Герое Советского Союза из с. Украинка Таврического (Уланского) р-на Т. М. Клименко ] / Л. Кириллова // ШҚО педагогика жаршысы = Педагогический вестник ВКО : ғылыми-әдістемелік журнал. - 2010. - N 2. - С. 25-26. : портр
Клименко, Т. М. Обязан детству своему Клименко Т. М. // Путь Ильича. - 1984. - 7, 10, 15, 17, 20, 27 нояб. - С. 6, 11дек.
Златоустовская, Л. Товарищ комбат: очерк / Златоустовская Л. // Путь Ильича. - 1984. - 25 окт. – С.2
Багаутдинов, Ш. Аллея Героев в Улкен Нарыне [Текст] : [об открытии Аллеи Героев Советского Союза] / Ш. Багаутдинов // Рудный Алтай. - 2015. - 16 декабря. - С. 10
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы:
Клименко Трофим Михайлович [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны : сайт. – Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=15090 (05.12.2018)
Клименко Трофим Михайлович [Электронный ресурс] : [биография] // Официальный интернет-ресурс Омского областного Дома ветеранов : сайт. – Режим доступа : http://domveteranovomsk.ru/geroi/klimenko-trofim-mihaylovich (05.12.2018)
Клименко Трофим Михайлович [Электронный ресурс] : [биография] //Биографии героев и писателей СССР : сайт. – Режим доступа http://pavelskaz.ru/194.html (05.12.2018)
Кокорин Фёдор Савинович (1918-1997)- Кеңес Одағының Батыры
4-ші гвардиялық атқыштар полкінің рота командирі (6-гвардиялық атқыштар дивизиясы, 60-армия, Орталық майдан), гвардия лейтенанты.
Федор Кокорин 1918 жылы 20 желтоқсанда Пермь облысы Куединск ауданы Большая Уса селосында шаруа отбасында туған. Бастауыш мектепті бітірісімен тракторшы болып еңбек жолын бастаған. Қызыл Армия қатарына 1939 жылы шақырылды.
1942 жылдың сәуір айынан майдан шебінде. 1943 жылы кіші лейтенант курсын бітіріп, 6-шы гвардиялық атқыштар дивизиясында соғысқан.
Орталық майданның Чернигов-Припять шабуыл операциясы кезінде көзге түскен. (26 тамыз – 30 қыркүйек 1943 жыл). Шабуыл барысында рота командирі қолға түскен құралдарды пайдалана отырып Десна және Днепр –өзендерінен өтуді қамтамасыз етті. 1943 жылы 29 сентябрьде ротасымен Припять өзенінен өтіп, 30 сентябрьде жау бекінген Оташев селосын (Киев облысы Чернобыл ауданы) тартып алды. Бірнеше шабуылға тойтарыс бере отырып, полк көмекке келгенше деревняны ұстап тұрған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша 1943 жылы 16 қазанда Десна, Днепр, Припять өзендерінен өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін Федор Савинович Кокоринге Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын жұлдыз» медалі 2 дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен тапсырылды.
Соғыс аяқталған соң Ф.С. Кокорин Совет Армиясы қатарында қызметте қалды. 1946 жылы офицерлер курсын бітірді.
1953 жылдан аға лейтенант Ф.С. Кокорин – запаста. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында тұрды. Облыстық ДОСААФ комитетінде аға инструктор болып істеді. Федор Кокорин 1997 жылы қайтыс болды. Өскемен қаласының бір көшесіне Ф.С. Кокорин есімі берілген. Пермь қаласындағы Офицерлер үйінің қабырғасында сол өлкеден шыққан батырлардың аты-жөні қашалып жазылған, олардың ішінде Кокориннің аты бар.
Қалалық атқару комитетінің 1980 жылғы 6 мамырдағы шешімі негізінде Ф.С. Кокоринге «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Әдебиеттер:
Интернет-ресурстар:
Клиновицкий Клим Тимофеевич (1924-1944) –Кеңес Одағының Батыры
52-гв. Кавалерия полкінің (Мозыр Қызыл Тулы дивизиясының 14 гв.кавалериясы, 7-ші гв. Кавалериялық корпус, 1-Белорус майданы) пулемет расчетінің командирі, гвардия сержанты.
1924 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Малоубинка селосында шаруа отбасында туған. Білімі-орта. Әскерге шақырылғанға дейін колхозда жұмыс істеген. 1942 жылы Шемонаиха әскери комиссариатынан Қызыл Армия қатарына шақырылған.
1942 жылдың соңғы айларынан майдан шебінде. 21-ші (1943 ж.14 ақпаны-14 гвардиялық) кавалериялық дивизияның 8- кавалериялық (14 ақпан 1943 - 7-гвардиялық) корпусының құрамында Оңтүстік Батыс, Орталық, Белорусс, 2-ші, 1-ші Белорус майдандарында шайқастарға қатысқан.
Польша аймағындағы Люблин-Брест шабуыл операциясы кезінде ерекше көзге түскен.
1944 жылы 26 шілдеде Вильколаз Первши елді мекені, Красницкий повят Люблинск воеводствасы (Красник қаласынан 10 км солт. шығысқа, Люблиннің оңт.- батысы) елді мекені жанында оның эскадроны қоршауға түскенде, пулеметтен оқ жаудырып, эскадронның қоршауды бұзып шығуына жағдай жасап, фашистердің екі ротасының шабуылына тойтарыс берді. 27 шілдеде қасындағы пулеметші қаза тапқан соң, жалғыз өзі пулеметтен оқ жаудырды. Жараланғанына қарамастан тағы да екі контратаканың бетін қайтарды. Шегініс кезінде танк десантының қоршауында қалды. Тағы да пулеметтен оқ жаудырып, босап шығуға әрекеттенеді. Патроны таусылған кезде танкке қарсы қолданатын екі бірдей гранатамен танктің астына кіріп, жарады. Сөйтіп өзі ерлікпен қаза табады.
Польша жерін жаудан тазарту кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін 1945 жылы 24 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Клиновицкий Клим Тимофеевичке Кеңес Одағының Батыры атағы (қаза тапқаннан кейін) беріліп, Ленин орденімен марапатталды.
К.Т. Клиновицкий Вильколаз-Первши поселкасында жерленген. Батырдың туған жері Малоубинка селосында Батырға ескерткіш орнатылған, бір көшеге батырдың есімі берілген.
Әдебиеттер:
Интернет –ресурстар:
Колесников Владимир Алексеевич (1924-2003) –Кеңес Одағының Батыры
Өздігінен жүретін артиллериялық СУ -76 қондырғысының командирі, Новобуг полкі (45 атқыштар корпусы, 5-армия, 3- Белорус майданы) кіші лейтенанты.
1924 жылы 13 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Юбилейная станциясында туған. Білімі - 7 кластық. Колхода тракторшы, кейін Қарағандыда шахтада істеген.
Армияға 1942 жылы тамыз айында Семей облысы Үржар әскери комиссариатынан шақырылған. 1944 жылы Самарқанд (Өзбекстан) қаласына көшірілген 2-Харковь танк училищесін бітірген.
1944 жылы мамыр айынан майданда. 3-Белорус, 2-Украина майдандарында шайқасқан. Екі рет жараланған. 1944 жылы тамыз айында Литва аумағында болған Каунас операциясы кезінде айрықша көзге түскен.
1945 жылғы 24 наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығы бойынша Литваны жаудан босату кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Колесников Владимир Алексеевичке Кеңес одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды.
Соғыстан кейін В.А. Колесников Совет Армиясы қатарындағы қызметін жалғастырды. 1946 жылы Ленинград облысы Ораниенбаум (қазіргі Ломоносов) қаласындағы өздігінен жүретінартиллериялық қондырғы офицерлер курсын бітірді. 1946 жылы ақпан айында курс казармасы жанында тікелей оның ұсынысымен және белсенділігімен өздігінен жүретін артиллериялық СУ-85 қондырғысына ескерткіш орнатылды. Колесников В.А. 1974 жылы подполковник шенінде запасқа шықты. Ломомносов қаласында тұрып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. 20 жылдан артық Біріктірілген Ардагерлер Кеңесін басқарды. Қаланың әлеуметтік мәселелерін шешуге, жастар тәрбиесіне ат салысты. Ломоносов қаласының Құрметті азаматы.
2003 жылы 28 қыркүйекте қайтыс болды, Ломоносов қаласындағы Батырлар аллеясында жерленген.
Ленин (24.03.1945), екі мәрте 1 дәрежелі Отан соғысы (12.05.1945; 11.03.1985), Қызыл Жұлдыз (6.07.1944) ордендерімен, медалдармен марапатталған.
В.А.Колесников түралы әдебиеттер
Литература о В. А. Колесникове
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 б.
Азалы кітап [Мәтін] : Ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : 2014. - 208 б.
***
Герои Советского Союза - семипалатинцы [Текст]. - Семипалатинск : [б. и.], 2004. - 56 с.
Андреев С.А. Совершенное ими бессмертно [Текст] : Книга 2-я / С.А. Андреев. - М. : Высшая школа , 1986. - 511 с.
Мақалалар-Статьи
Халепа В. Подвиг героя [Текст] / Халепа В. // Путь Ильича. - 1981. - 9 мая. - С. 4.
Шака А. Три самых горьких майских дня [Текст] / Шака А. // Рудный Алтай. - 2005. - 3 февр. - С. 2
Интернет-ресурстар
Интернет-ресурсы
Колесников В. А. [Электронный ресурс][биография] : сайт, - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=14969 (20.12.2018)
Колесников В. А. [Электронный ресурс][биография] : сайт, - Режим доступа : http://www.oranienbaum.org/lomonosov/personality-and-life-lomonosov/kolesnikov-vladimir-alekseevich/ (20.12.2018)