Төленұлы Жақсылық (1882-1974) - халық ақыны, қоғам қайраткері, алаш қайраткері.
1882 жылы Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Қарқаралы уезі Абыралы өңіріндегі Атан қыстағында туған.
«Төленнің төрт қасқыры» деген атпен елге әйгілі болған Жақсылық, Игілік, Сүйіндік, Жармағамбет есімді төрт ағайындының үлкені – Жақсылық жігіт ағасы жасына келгенде елден кетіп, өзіне лайық несібе іздеп Қарқаралы, Семей арасын шарлап, күнкөріс қамыман Семей барып, одан әрі Алтай, Тарбағатай асады. Жастық шағында ел аралап, ойын –тойдың көркі болған Жақсылық Өр Найман елінде ән алып жүрген Әсет ақынмен танысып, оған жолдас болады. Әсеттің Ұлы Абай алдында ән салғаны, өмірлік сабақ алғаны жайлы М. Әуезовке әңгімелеп ақынның өміріне қатысты біраз деректер берген осы Жақсылық еді.
1909-1912 жылдар аралығында отбасымен Алтай өлкесінің Змеиногоск қаласының түбіндегі Карамышево шағын мекенінде тұрады. 1916 жылы Ресейдің Том қаласында інілерімен бірге жалдамалы жұмысқа кіреді. Сол жылы бүкілресейлік большевиктер партиясының мүшелігіне қабылданып, орыс жұмысшыларымен бірге революциялық шараларға қатысалы.
1917 жылғы февраль революциясынан кейін Жақсылық Семейге оралады. Етікші артелін ашып, «Жұмсат» деген жоба жазып, елге таратады. Мақсаты - байларды илеп, икемге келтіру. Кейін осы шеберхана қазақ жастарының жиналатын орнына айналады. М, Әуезов, С. Дөнентаев, С. Торайғыров жиі келіп тұрган. 1917 жылы Алаш партиясының Семейде шығарған «Сарыарқа» газетін елге тарату шығандарын өтейтін «Теңдік» атты уақ қарыз серіктестігіне мүше болып кіреді. Жарна төлеп серіктестікке кірген жандардың көпшілігі қазақ жұртына танымал Ш. Құдайбердиев, Ә. Сәтбаев, С. Шорманов, М. Тұрғанбаев, М. Сейітқұлов, Д. Қалматаев, Қ. Бердалин сынды алаш қозғалысының айтулы тұлғалары болатын. Дегенмен Жақсылықтың өте жанына жақын тартып сыйлас болған, тонның ішкі бауындай араласқан адамы - Н. Құлжанов еді.
Жақсылық Төленұлы 1918 жылдың аласапыранында бірнеше рет түрмеге отырып шығады. 1919 жылы колчакшылардың қолынан қаза тапқан Н. Құлжановтың өлімі Жақсылыққа қатты әсер етеді. Осыдан кейін Жақсылық біржола Советтер жағына шығады. Сібір уақытшща үкіметі мен Колчак билігінен опа таппаған Алашордашылар 1919 жылдың көктемінен бастап Кеңес үкіметімен одақтаса бастайды...
1920 жылы Ж. Төленов пен Ә. Ермеков Семей ревкомының құрамына енеді. 1920 жылы Ә. Бөкейханов пен бірнеше серіктестерін 5-Қызыл армияның ерекше бөлімі тұтқынға алады. Осы хабарды естіген бетте Ж. Төленов Орынбордағы Кирревком атына жедел хат жіберіп, Семей өлкесін жайлаған сегіз жүз мың қазақ атынан Бөкейхановты тұтқындауға қарсылық білдіретінін жеткізген. Хатта қазақ бұқарасына жасалынып жатқан жүгенсіздіктерді тоқтатуды сұраған.
1920 ж. 9 наурызда жаңа дәуірдің саяси сахнасында өшпес із қалдырған, ұлт тәуелсіздігі деген ұлы идеяны қазақ санасына әбден сіңірген алашорда үкіметі Кирревком жарлығымен біржола таратылады. Жеке басын ешкімге тәуелді етуге көнбеген Ә. Бөкейхановтан басқа алаш азаматтары онсыз да кеңестік құрылымдарға қызметке алынды. Автономия идеясын жүректеріне сақтап, соны жүзеге асыруға бел шеше кірісіп кетті. Наурыздың 13 күні Кирревком атына Семейден тағы бір жеделхат жіберіледі. Зиялы қауымды қудалау жаңа дәуір құру жолындағы ортақ істерге орасан зор зиян тигізетіні айтылған хатқа қол қоюшылар Ж. Төленов, Ә. Ермеков, М. Әуезов, Ж. Аймауытовтар болатын.
1920 ж. Семей Губревком отырысында Жақсылық Шыңғыстау-Бөрілі болыстарындағы алғашқы Кеңес соты қызметіне тағайындалған. Халықтық сот жүйесін қалыптастыру жолында тынымсыз еңбек ете жүріп, 1 -губерниялық сиез жұмысына араласады. Абыралы өңірінде бейбіт құрылыс жұмыстарына белсене араласқан. 1928 ж. 170 адамнан тұратын жұмысшылар тобын басқарып, 80 ат-көлікпен Түріксіб құрылысын салушы ауылдастарына басшылық еткен. 1930 жылдары Абыралы ауданында колхоздастыру жұмысына араласады.
20 ғасырдың қырқынщы жылдарынан бастап Жақсылық шығармашылыққа ден қояды. Өлең, тарихи әңгіме-дастандарды жаза бастайды. «Азат Бақыт, Бақтияр» атты ғашықтар хикаясын, «Қара қасқа атты Қамбар батыр», «Қара тулы Қарқабат» поэмаларын жазған. Ж. Төленовтың 50 ден астам шығармалары белгілі. Табылмай жатқан еңбектері де баршылық.
Ауыл жастарын білім–ғылымға үгіттейді. Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар Қашаф Туғанбаев, Нұтфолда Шәкенов сияқты талапты оқушыларды тәрбиелейді.
1945 жылы Абайдың 100 жылдық мерейтойына орай өткізілген ақындар айтысына қатысып, үлкен құрметке бөленіп, «халық ақыны» атанады.
1950 жылдары шығармашылық кештер мен ақындар айтысының бел ортасында жүреді. 1962 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы әдебиет пен өнер институтының музыка бөлімі халық композиторларының өмірі мен шығармашылығын жинастыруға экспедиция шығарады. Ж. Төленов Тәттімбеттің өмірі мен күйлерінің шығу тарихы туралы көптеген әңгімелер жазып берген.
Жақсылық Төленұлы Абай ұрпақтары, Әсет Найманбайұлы, алаш арыстары Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов туралы тың деректер жазып қалдырған.
Абыралы өңірінің өркендеуіне үлес қосқан қоғам қайраткері, халық ақыны, Жақсылық Төленұлы 1974 жылы 92 жасында қызы Тоғжанның қолындап Егіндібұлақ ауылында дүниеден өтеді.
Ж. Төленов туралы әдебиет
Литература о Д. Тюленеве (Ж. Толенове)
Сүйіндіков, М.Алаш қайраткері, халық ақыны Жақсылық Төленұлы [Мәтін] : өмір жолы шығармалары / М. Сүйіндіков. - Астана : Алашорда, 2017. - 240 б.
Сүйіндіков, М. Жақсылық Төленов туралы мұрағат деректері [Мәтін] : Ж. Аймауытов жазған "Біздің Жақсылық" / М. Сүйіндіков // Абай. - 2011. - №2. - Б. 25-28.
Тәңірбергенов Әріп (1856-1924 жж.) - ақын
Әріп Тәңірбергенұлы (азан шақырып қойған аты Мұхамедғаріп) 1856 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы,Үшбиік ауылына қарасты Еңірекей елді мекеніңде дүниеге келген. Руы - Сыбан ішінде Жанкөбек. Әріптің арғы аталары есімдері тарихта қалған белгілі адамдар болған. Жанкөбектің бір баласы - Нар дауысты Нарынбай XVII ғасырдың аяғында казіргі Ташкент Жеті қақпа аталып тұрған кезде, бір қақпасына бек болған адам. Нарынбайдан - Қу дауысты Құттыбай, Құттыбайдан - тарихтан белгілі он жеті ақын тараған Байғара би, Байғарадан - Ақтайлақпен бірге Байсал тарайды. "Дұт" атанған осынау ұрпақтан әйгілі он жеті ақын шыққан. Олардың көбінің мұрасы бізге жетпеген. Бір ұрпақтан бір кезеңде шыққан он жеті ақынның мұраларын жинап ел игілігіне жарату — болашақ әдебиетшілерің үлесінде.Найман шежіресін тарата келіп Бердібек Сұлеймен би:
Байсалұлы Әліден — Тәңірберген,
Оның ұлы Әріпті Найман білген.
Тұсында Әріп ақын атаныпты
Ақындық Байғарадан үзілмеген. - дейді.Көсемдігі мен шешендігі тең ұлы ата ұрпағынан шыққан Әріптің нағашы жұрты да осал еместі. Ақынның шешесі Жаңғақ шешендігімен көзге түскен сөзге ұста адам болған. Ол — "Абай жолы" романында кеңінен сөз болатын Тобықтының Көкше атасынан шықкан Қаратай шешеннің інісінің қызы. Әріптің Абаймен жақын танысуының бір себепкері -осы нағашы жұрты, оның ішінде ақын досы - Көкбай Жанатайұлы.Әріп ауыл молдасынан ескіше сауатын ашқан соң, 11-12 жасында Семей қаласындағы миссионерлік мектепте оқыды. Жасынан орыс оқуын терең меңгерген Әріп араб, парсы, қытай тілдерін де жетік біледі. 1876-1878 жылдары Семей қаласындағы уездік училищеде өте жақсы бағамен оқығандығы туралы мұрағат деректері бар (қараңыз: Қазақстан орталық мұрағаты. 491-қор. 1-тізбе. 8-іс). Оқуын бітірген соң алғашқы кезде мұғалім болып бала оқытады, кейінірек қытайдағы Шәуешек қаласында орыс консульствосында бірнеше жыл тілмаш қызметін атқарады. Сонан соң Алматы, Бішкек қалаларында әр түрлі қызметте болады. Жетісу, қырғыз жерлерінде болған жылдарында Жамбыл бастатқан ақындармен араласып, жақын жүреді. Ауызша айтып, жаздырып қалдырған естелігінде Жамбыл: «... Сол отырғандардың ішінде бір қызылшырайлы сары жігіт менің сөзімді ден қоя тыңдап отырған тәрізденді. Әлгі қызылшырайлы сары жігіт Әріп екен. Алматыда қызмет істейді екен өзі. Сөз әлпетіне қарағанда, бұл да бір кесек ақын-ау деген ойға келдім.. Таныса жүрейік деген соң сол топта мініп жүрген жақсы ерімді бердім оған. Бұдан кейін де әлденеше жолығып жүрдік. Өзі көбінесе өлеңін жазып айтатын ақын екен. «Біржан-Сара» айтысының кейбір жерлерін жатқа айтып беріп жүрді. Өзі тұтқиылда сөзге тапқыр жігіт екен...» деп Әріпке жоғары баға берген. Жамбылдай ұлы ақынның бір көрген адамына осыншама ықыласы түсіп, астындағы мініп жүрген «жақсы ерін» сыйлауы тегіннен-тегін емес. Үлкен таланттардың бірін-бірі жазбай танығандығының мысалы. Өз үйінен балалар үшін мектеп ашып, мүмкіндігінше оларға орыс тілін үйреткен. Әріп қазақ оқырмандарын орыс классиктерінің, ең алдымен А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың. шығармаларымен таныстыруға тырысқан. Әріп Тәңірбергеновтың революцияға дейінгі шығармашылығы білімге, ғылымды оқуға шақырады. Қазіргі орыс және батыс европалық поэзиялардың білгірі болды. Оның кең танымал болған поэма – хиссалары: «Ходжа – Гафан», «Зияда –Шахмурад». Әріп Тәңірбергенов танымал сөз шеберлері Біржан мен Сараның айтысын жазып алып кейінгі ұрпаққа қалдырған.Әріп қолына қалам алған күннен бастап Абайдан көз жазбаған, Абай дәстүрін бойына жастай сіңірген аса ірі ақындардың бірі. Әрқашан Абайға ұқсауға талпынып, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, Абай ағасынша «екі жаққа бірдей үңіліп», батыс-шығыс әдебиетінің озық үлгілерінен көп үйренген. Сондықтан да дүние салғанда оны шәкірттері Төлеу Көбдіков, Сапарғали Әлімбетов, Есенсары Құнанбаев, Шәкір Әбеновтер күңірене жоқтаған.Өмірдің талай-талай тар соқпақ, тайғақ кезеңдерін бастан кешірген, ел арасындағы зорлықшыл топтардың қиянатын да көп көрген, надандықпен Абай ұстазынша алысып өткен ақын 1924 жылы 68 жасында Еңірекей бекетіне таяу Жыланды деген жерде қайтыс болған. Сүйегі сондағы өз қыстауы Қарабұлаққа жерленген.
Ә. Тәңірбергенов шығармалары
Произведения А. Танирбергенова
ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалар жинағы [Мәтін] - Алматы : Қазақ ССР Ғылым Академ.баспасы, 1963. - Б.1.
Үш ғасыр жырлайды [Мәтін] : революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары / Қазақ ССР Ғылым Академиясы, М. Ә. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. - Алматы : Жазушы, 1965. - 666 б.
Тәңірбергенов, Ә. Ұмытпаңыздар мені [Мәтін] : шығармалар / Ә. Тәңірбергенов. - Алматы : Жазушы, 1969. - 178 Б.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті [Мәтін] : Октябрь алдындағы кезең: Хрестоматия. - Алматы : Мектеп, 1983. - 327 с.
Бес ғасыр жырлайды [Мәтін] : XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары / Қазақ ССР ғылым академиясы М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. Т. 2 : үш томдық. - Алматы : Жазушы, 1989. - 496 б
Ай заман-ай, заман-ай... [Мәтін] : ХVғасырдан ХХғ.бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары (Бес ғасыр жырлайды). Екі томдық. - Алматы : Қазақ ССР Баспасоз жөніндегі мемлекеттік комитеті Бас редакциясы, 1991. - 876 б.
Жиырмасыншы ғасыр басындағы әдебиет [Мәтін] : хрестоматия. жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық. - Алматы : Білім, 1994. - 352 б.
Жеті ғасыр жырлайды [Мәтін] : XIX ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Т. 2 / құраст. Е. Дүйсенбайұлы . - Алматы : Жазушы, 2004. - 528 б.
Жеті ғасыр жырлайды [Мәтін] : XІV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Т. 2, 2004. - 394 б.
Тәңірбергенұлы, Ә. Шығармалары [Мәтін] : өлеңдер, айтыстар, қисса-дастандар / Ә. Тәңірбергенұлы. - Алматы : Информ-Арна, 2006. - 520 б.
Иманжапаров, М. Т. Жарма ақындары(антологиялық жинақ) [Электрондық ресурс] 1-кітап / М. Т. Иманжапаров, М. Зүкенұлы . - Семей : Үш биік, 2010. - 328 б. с.
Жарма ақындары [Мәтін] : антологиялық жинақ. 1-ші кітап / құраст.: М. Иманжапаров, М. Зүкенұлы . - Семей : Үш биік, 2010. - 328 б.
Тәңірбергенұлы Ә. Шығармалары [Мәтін] : өлеңдер, айтыстар, қисса-дастандар / Ә. Тәңірбергенұлы.. - Астана : Фолиант, 2014. - 520 б. - (Алтай-Ертіс кітапханасы)
Ә. Тәңірбергенов туралы әдебиеттер
Литература об А.Танирбергенова
Кітаптар –Книги
Мұхаметханов, Қ.Ақын жыры - Октябрь [Мәтін] : [Ә.Тәңiрбергенов творчествосы туралы ]/Қ. Мұхамедханов // Қазақ әдебиетi.- 1966.- 28 окт.
Кенжебаев, Б. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті [Мәтін] : жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық / Кенжебаев Б. - Алматы : Мектеп, 1976. - 266 б. Тәңірбергенов Ә. туралы.
Бес ғасыр жырлайды: XV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Үш томдық.- Алматы, 1984.- Т.3.- Тәңірбергенов Ә.:б.70.
Абайдың ақын шәкірттері [Мәтін] 3-ші кітап / алғы сөзін жазып, баспаға әзірлеген Қ. Мұхамедханұлы, 1995. - 319 б. Тәңірбергенұлы Ә. туралы.
Абайдың ақын шәкірттері [Мәтін] 3-ші кітап, 1995. - 320 б.- Тәңірбергенов Ә. туралы
Дау шешедi дана сөз. [Мәтін]// Алматы,1996.- Тәңірбергенов Ә.: Б.188-190.
Ердембеков, Б. Әріп Тәңірбергеновтің өмірі мен шығармашылығы (жаңаша пайымдау) [Мәтін] : автореферат / Ердембеков Б. - Семей, 1999. - 27 б.
Бітібаева, Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту [Мәтін] : ХІХ ғасырдың ІІ жартысы, ХХ ғасыр: оқу құралы, бағдарлама: Х,ХІ сыныптар / Бітібаева Қ. - Алматы : Ы.Алтынсарин атындағы ҚР білім акад. Респ. баспа кабинеті, 2000. - 274 б. - Тәңірбергенов Ә. туралы.
Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін] Т. 1 : Зерттеулер, мақалалар. /Қ. Мұхамедханов Алматы, 2005. - 352 б. - Тәңірбергенов Ә. туралы.
Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. – Тәңірбергенов Ә.: Б.86-87.
Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін] Т. 4 : Абай мұрагерлері. Естеліктер./Қ. Мұхамедханов – Алматы, 2005. - 328 б.- Тәңірбергенов Ә. туралы.
Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары (тарих, мәдениет, білім) [Мәтін]. - Өскемен : ШҚМУ, 2006. – Тәңірбергенов Ә.: Б. 300-301.
Қазақ әдебиетiнiң тарихы [Мәтін] 10 томдық.- Т.5 : ХIХ ғасырдың екiншi жартысы (1850-1900).- Алматы, 2006. – Тәңірбергенов Ә.: Б. 440-463.
Шипанов, М.М. Абайдың ақын шәкiртi Әрiп ақынның айтыс, сөз қақтығыстарындағы тарихи шындық [Мәтін] /М. Шипанов// Абай мен Пушкин шығармашылығындағы үндестiк = Созвучие творчества Абая и Пушкина: Халықаралық ғыл. - практ. конф. материалдарының жинағы (24-26 тамыз 2006 ж.).- Семей, 2006.- Тәңірбергенов Ә.: Б.138-141 б.
Негимов, С. Әдебиет әлемі [Мәтін] / С. Негимов. - Алматы : Ана тілі, 2008. - 256 б.- Тәңірбергенов Ә. туралы.
Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы [Мәтін] 10 томдық. Т. 5 : Қазақстанның Ресейге бағыну кезіндегі тәлімдік ойлар және оқу-ағарту ісінің жайы. - Алматы : Сөздік - Cловарь, 2008. - 448 б. - Тәңірбергенов Ә. туралы.
Негимов, С. Әрiп Тәңiрбергенұлының ақындық өнерi [Мәтін] / С. Негимов // Әдебиет айдыны.- Алматы: Ана тiлi, 2008.- Тәңірбергенов Ә.: Б. 48-54.
Ердембеков, Б. А. Алаштың ақиығы - Әріп қыран [Мәтін] : ғылыми мақалалар, ой-пікірлер және арнаулар / Б. Ердембеков. - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "Берел" баспасы, 2014. - 414 б.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Тәңірбергенов Ә.: Б.732-733.
Бұл өлең шыққан екен бірталайдан... [Мәтін] : "Біржан-Сара айтысына" қатысты зерттеу мақалалар мен ғылыми ой-тұжырымдар . - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "Берел" баспасы, 2014. - 506 б.
Әріп ақын [Мәтін] : монография / Б. Ердембеков. - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "Берел" баспасы, 2014. - 188 б.
Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы [Мәтін] : бас мұражай. – Семей. - 79 б. Тәңірбергенұлы Ә. туралы.
Мерзімді басылым беттерінде
На страницах периодической печати
1956-1967
Кенжебаев, Б. Әрiп Тәңiрбергенов [Мәтін] : [туғанына 100 жыл толуына] /Б. Кенжебаев// Әдебиет және искусство.- 1956.- № 12.- Б. 88-91.
Есназаров, Ө. Әрiп өлеңдерiн зерттеу мәселесi [Мәтін] // Қазақ ССР Ғылым Акад. хабарлары. Филол. және иск. зерттеу сер..- 1962.- шығ. 1(20).- Б.48-60.
Есназаров, Ө. Тәңiрбергенов шығармаларындағы ескi әдет-ғұрыпты сынау және махаббат-достық тақырыбы [Мәтін] /Ө. Есназаров // ҚазақССР Ғылым Акад. хабарлары. Филол. және иск. зерттеу сер.- 1962.- Шығ.3(22).- Тәңірбергенов Ә.: Б.79-89.
Есназаров, Ө. Әрiп ақын туралы жаңа деректер [Мәтін] : [Ә.Тәңiрбергенов] /Ө. Есназаров // Қазақ әдебиетi.- 1963.- 22 март.
Мұхаметханов, Қ. Ақын жыры – Октябрь [Мәтін] : Ә.Тәңiрбергенов творчествосы/Қ. Мұхамедханов // Қазақ әдебиетi.- 1966.- 28 окт.
Есназаров, Ө. Әрiп ақынның айтыс саласындағы мұралары [Мәтін] /Ө. Есназаров // Қазақ ССР Ғылым акад.хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. - 1967.- № 1.- Б. 40 -51
.
1986-1999
Маханов, Қ. Өлеңiмен өрнектi iз қалдырған: Әрiп Тәңiрбергеновтың туғанына 130 жыл [Мәтін] /Қ. Маханов // Оңтүстiк Қазақстан.- 1986.- 5 сент.
Бейсенбаев, М. Ақын тағдыры: Әрiп Тәңiрбергеновтың өмiрi мен творчествосы [Мәтін] /М. Бейсенбаев // Жұлдыз.- 1990.- № 3.- Б.197-200.
Жұмадiлов, Қ. Сонымен, "Бiржан-Сара" айтысын шығарған кiм? [Мәтін] : [аталған айтыстың авторы Абайдың шәкiртi ақын Әрiп Тәңiрбергенов деген болжамды дәлелдейдi] /Қ. Жұмаділов // Қазақ әдебиетi.- 1995.- 5 желтоқсан(№ 32).- Б.10-11.
Ешен, Т. Ақынын ардақ тұтқан Аякөз [Мәтін] : [Семей обл. Аякөз қ. ХХ ғ. қазақ әдебиетiнiң көрнектi өкiлдерiнiң бiрi, белгiлi ақын Ә.Тәңiрбергеновтiң 140 ж. мерейтойы аталып өткендiгi туралы] /Т. Ешен // Заман-Қазақстан.- 1996. - 11 қазан(№ 38). – Б. 1.
Әрiп ақын Сараға ғашық болған ба?.. [Мәтін] : [ақындар Ә.Тәңiрбергенов пен С. Тастанбекқызының өмiрiнен деректер] // Қазақ әдебиетi.- 1996. - 19 қараша(№ 47). – Б.14.
Үш өлеңнiң тарихы [Мәтін] : [Әрiп ақынның ел аузында айтылып жүрген кейбiр әдеби шығармалары хақында] / ел аузынан жазып алған Х.Кенжебаев // Семей таңы.- 1997.- 12 сәуiр.
Зұлхаров, Ғ. Әрiптiкi емес, Көкбайдiкi [Мәтін] : [Ә.Тәңiрбергенұлының "Абылай хан - Қандыжап бiтiмi" атты дастанының Көкбай Жанатаевтың "Қандыжап" поэмасы деген пiкiр] /Ғ. Зұлқаров // Қазақ әдебиетi.- 1997. - 2 желтоқсан(№ 48). – б.6.
Негимов, С. Әрiп Тәңiрбергенов туралы сөз [Мәтін] /С. Негимов// Еуразия университетiнiң хабаршысы.- 1999.- № 2.- 115-119 б.
2000-2005
Ерденбеков, Б. Әрiп ақын жайындағы деректер әлi де жетерлiк/[Мәтін] : ақын Әрiп Тәңiрбергенұлының төңкерiстен кейiнгi өмiрi туралы /Б. Ердембеков // Семей таңы.- 2000.- 6,13 қазан.
Серiкбаев, С. Арқаның ақиық ақыны [Мәтін]: [Әрiп Тәңiрбергенұлының туғанына 145 жыл] /С. Серікбаев // Дидар.- 2001.- 2 маусым.- Б.4.
Ерденбеков, Б. Әрiптiң "Зияда-Шаhмұрат" және Баhрам дастаны [Мәтін] /Б. Ерденбеков // Абай.- 2002.- № 1.- Б. 67-71.
Тәңiрбергенов Әрiп (1856-1924) [Мәтін] // Алматы ақшамы.- 2002.- 12.- желтоқсан(№ 140).- Б.3.
Оразғалиева, Л.М. Абайдың ақын шәкiрттерi тiлiндегi метонимияның көркемдiк-стильдiк сипаты [Мәтін] : Әрiп, Көкбай, Мағауия, Ақылбай шығармалары бойынша /Л. Оразғалиева // Семей мемлекеттiк педагогикалық институтының хабаршысы = Вестн. Семипалат. гос. пед. института.- 2005.- № 3.- Б.135-140.
Оразғалиева, Л.М. Абайдың ақын шәкiртi Әрiп Тәңiрбергенұлы шығармаларының тiлiндегi кейбiр ерекшелiктер [Мәтiн] /Л. Оразғалиева // Павлодар МУ хабаршысы. Филологиялық серия = Вестн. Павлодар. ГУ. Сер. филологическая.- 2005.- № 4.- 146-153.
Уалханова, М. Әрiп Тәңiрбергеновтiң әдеби мұрасы [Мәтін] /М. Уалханова// Қазақ және әлем әдебиетi = Казахская и мировая литература.- 2005. - № 6. - 9-10 б.
2006
Әрiп ақынға құрмет көрсеттi [Мәтiн]: Ә.Тәңiрбергенұлының 150 жылд. орай Жыландыда күмбез бой көтердi // Семей таңы.- 2006. - 28 қыркүйек. - № 39 (17818) - 12 б.
Қасымова, Ә.Ә. Әрiп поэзиясындағы өмiр шындығы [Мәтін] /Ә. Қасымов// ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. филологическая.- 2006.- № 5.- 117-120 б.
Қасымова, Ә.Ә. Абайдың ақын шәкiртi Әрiп өлеңдерiнiң идеялық - тақырыптық негiзi [Мәтін] Ә. Қасымова // Абай мен Пушкин шығармашылығындағы үндестiк = Созвучие творчества Абая и Пушкина: Халықаралық ғыл. - практ. конф. материалдарының жинағы (24-26 тамыз 2006 ж.)- Семей, 2006.- Б. 415-419.
Әбiшқызы, С. Ақын тойы - рух мерекесi [Мәтін] : [Аягөзде өткен ақын Әрiп Тәңiрбергенұлының 150 жылдық мерейтойы жайлы.] // Тәрбие құралы.- 2006.- № 6.- Б. 5-6.
Негимов, С. Өлең сөздiң өрен жүйрiгi [Мәтiн]: ақын Әрiп Тәңiрбергеновтың туғанына 150 жыл толуына орай /С.Негимов // Түркiстан.- 2006. - 31 тамыз (№ 35).- Б.7.
Ердембеков, Б. Әрiп ақын өмiрiнiң беймәлiм беттерi [Мәтін] : Әрiп Тәңiрберген - 150 жыл. /Б. Ердембеков // Жұлдыз.- 2006.- № 6.- Б. 166-172.
Айтұлы, Н. "Ұмытпаңдар менi" [Мәтін] : Абайдың дарынды шәкiртi, сөз өнерiнiң өрен жүйрiктерiнiң бiрi - Әрiп Тәңiрбергенұлы туралы /Н. Айтұлы // Егемен Қазақстан.- 2006.- 13 маусым (N 134). – Б. 4.
Ердембеков, Б. Әрiп Тәңiрбергенұлы [Мәтін] : Абайдың шәкiртi ақын Әрiп Тәңiрбергенұлының шығармашылығы жайлы. /Б. Ердембеков // Тәрбие құралы.- 2006.- № 6.- 6-7 б.
Ердембеков, Б. Әрiптiң бiр өлеңi турасында [Мәтін] : [Ә.Тәңiрбергенұлының "Жеңгелерге" атты өлеңi туралы]/Б. Ердембеков // Абай.- 2006. - № 2.- 67-71 б.
Ердембеков, Б. Ақынымызды ардақтай бiлейiк: Әрiп (Мұхамедғарiп) Тәңiрбергенұлының 150 жылдығы /Б. Ердембеков// Қазақ әдебиетi.- 2006. - 9 маусым ( 23).- 12 б.
2007-2015
Ердембеков, Б. Әрiп Тәңiрбергенов [Мәтін] /Б. Ердембеков // Үш қиян.- 2007. - 6 желтоқсан (№ 49). – Б.6-7.
Егеубаев, О. Қытайдағы қазақ әдебиетi [Мәтін] : [Әрiп Тәңiрбергеновтiң Қытайдағы қазақ әдебиетiне қосқан үлесi] /О. Егеубаев// Жалын.- 2007.- № 5.- Б.38-41.
Төлепбергенов, Қ. "Бiржан сал мен Сара қыздың айтысы" [Мәтін] : [дастан туралы ақиқат] /Қ. Төлепбергенов // Семей таңы.- 2008. - 17 қаңтар (№ 3). – Б.4.
Ақжiгiт, Ө. Әрiптi дәрiптеудiң жөнi осы ма? [Мәтін] : ["Бiржан - Сараның айтысын" Әрiп жазған деген пiкiрлерге байланысты. ] / Ө. Ақжігіт// Ұлт TIMES.- 2012. - 26 шiлде (№ 11). – Б.12.
Зүкенов, Мәуітқазы. Сәдір әйгілі Әріппен де сөз таластырған. [Мәтін] : [ақын Сәдір Жәпекұлы туралы.] / М. Зүкенов // Дидар. - 2013. 31 қазан.- б.15. ; Өтікен. - 2015.; №1.- Б.184-186.
Карменова, Г. Абайдың ақын шәкірттерінің бірі- Әріп Тәңірбергенұлы [Мәтін] / Г. Карменова // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2015. - №9.- Б.103-113.
Әкiмжанов З. Бiржан мен Сара айтысты ма ? // Солтүстiк Қазақстан.- 2015.- 19 қараша (№ 155).- 6 б.
Узакбаева Куланда Абубаевна (1926-2016 гг.) — писатель
Родилась 23 декабря 1926 года в Чубарталинском районе Семипалатинской области (ныне Область Абай). В 1949 году окончила историко-филологический факультет Казахского государственного университета имени Абая с отличием.
Трудовую деятельность начала научным сотрудником в Институте языка и литературы Академии наук Казахской ССР.
С 1951 по 1986 год, в течение 35 лет, работала редактором и старшим редактором в издательстве «Жазушы».
Основная деятельность была связана с художественным переводом. Куланда Абубаевна перевела на казахский язык:
«Волшебные сказки» Шарля Перро, повесть Л. Воронковой «Девочка из города», «Сказки по телефону» Джанни Родари, рассказы С. Алексеева о Суворове и русских солдатах, роман С. Разии «Суман», сборники сказок для детей: «Сказки народов Азии» и «Красная шапочка».
Она также перевела три художественных фильма на казахский язык.
Куланда Узакбаева внесла значительный вклад в редакционную работу над произведениями выдающихся казахских писателей: 12-томное и 20-томное собрания сочинений Мухтара Ауэзова, 16-томное собрание сочинений Сабита Муканова, 5-томное собрание сочинений Габита Мусрепова, 4-томное собрание сочинений Габидена Мустафина, первый выпуск романа Абдижамила Нурпеисова «Кровь и пот».
Она также редактировала романы и повести Тахауи Ахтанова и Мухтара Магауина.
В 1985 году Куланда Узакбаева была принята в Союз писателей Казахстана. Она награждена почетными грамотами Верховного Совета Казахской ССР, знаком «Отличник издательства», а также удостоена званий ветерана труда и ветерана войны. За свою плодотворную деятельность отмечена многочисленными наградами и медалями.
К. Ұзақбаева аудармалары
Переводы Узакбаевой К.
Заһир, С. Р. Суман: роман / С. Р. Заһир; ауд. К. Ұзақбаева. - Алматы : Жазушы, 1976. - 171 б.: сур.
Толстой, А. Алтын кілт немесе Буратиноның басынан кешкендері / Толстой А. ; [ауд. С. Ищанов]. Чиполлино; Телефонмен айтылған ертегілер; Джельсомино суайттар елінде / Родари Д.; [ауд. Н. Мұратәлиев, К. Ұзақбаева, И. Хасенұлы; құраст. О. Асқар] / Толстой А. - Алматы: Балауса, 2004. - 612 б.
К. Ұзақбаеваның мерзімді басылымдардағы мақалалар
Публикации Узакбаевой К. в периодических изданиях
Мақалалар-Статьи
Ұзақбаева, К. Алғашқы үш том: [М.Әуезовтiң 12 томдық шығармалар жинағының алғашқы үш томының жарыққа шығуы туралы] / К. Ұзақбаева // Лениншiл жас. - 1967. - 22 октябрь. – Б. 12
Ұзақбаева, К. С.Мұқанов шығармаларының он алты томдығы: [1971 жылдан бастап шығатындығы туралы] / К. Ұзақбаева // Соц. Қазақстан.- 1971.- 5 январь
К. Ұзақбаеваның қатысуымен шыққан басылымдар
Издания, вышедшие при участии Узакбаевой К.
Сатыбалдин, Қ. Таңдамалы шығармалар / Қ. Сатыбалдин; құраст.: Ж. Өмірбеков, К. Ұзақбаева, К. Ахметова. Т. 1: Өлеңдер мен поэмалар. - Алматы : Жазушы, 1972. - 294 с.
Жанкелдин, Т. Сын сағатында: повестер мен әңгімелер / Т. Жанкелдин; құраст. Б. Қазыханова; ред. К. Узакбаева; суретші М. Искаков. - Алматы : Жазушы, 1981. - 552 б.
Есенберлин, І. Көшпенділер: тарихи трилогия. 1 кітап. / І Есенберлин: Алмас қылыш: роман / ред. К. Узакбаева. - Алматы: Жазушы, 1976. - 309 б.
Қабышев, Ғ. Күлеміз бе, қайтеміз.: сықақ әңгімелер / Ғ. Қабышев ; ред. К. Узакбаева. - Алматы : Жазушы, 1983. - 198 б.
К. Ұзақбаева туралы әдебиеттер
Литература о К. Узакбаевой
Кітаптар – Книги
Әуезов, М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Т. 1: әңгімелер / М. Әуезов ; 1979. - 455 б. – Ұзақбаева К. – б. :146
Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр: анықтамалық. - Алматы : Ана тілі, 2004. – Ұзақбаева К.: б. 320.
Қазақстан жазушылары: анықтамалық / жауапты ред. Б. Шаханұлы. - Алматы : Ан-Арыс, 2009. – Ұзақбаева К.: б. 406.
Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. – Ұзақбаева К. : б. 772.
***
Литература Казахстана: энциклопедический словарь. - Алматы: Аруна, 2010. – Узакбаева К.: с. 487.
Мақалалар - статьи
Тобаяқов Бақытжан. Күләнда бөлем өтті-ау дүниеден..: қазанама [Аудармашы, баспа ісінің майталманы Күләнда Ұзақбаева дүниеден өтті.] / Б. Тобаяқов // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 8 - 14 сәуір (№ 15). - 11
Уалханова Алмагүл Нұралықызы (1955) – ақын, ұстаз.
1955 жылы 7 желтоқсанда ШҚО Катонқарағай ауданының Топқайың ауылында дүниеге келген. Топқайың орта мектебін 1972 жылы тәмамдайды. 1972-1976 жж. Өскемен педагогикалық институтының (қазіргі С. Аманжолов атын. ШҚУ) физика-математика факультетін тәмамдаған.
Өлеңге деген құштарлығы мектеп жасынан-ақ басталған. Ата-анасы да суырып салма ақын, жиын тойда айтысты қыздыратын жандар болған.
1979-2016 жж. Абай атындағы мектепте математика пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары бола жүріп, аудандық айтыстарға қатысады, оқушыларды да айтыстарға даярлайды.
2014 жылы «Суырлының сұлу саздары» атты тарбағатайлық ақындардың жыр жинағында өлеңдері басылып шыққан. 2022 жылы «Өмірімнің сырлары» жыр жинағы жарық көрсе, 2025 жылы «Абай әлемі» кітап сериясымен жарық көрген «Алтайдың ақын арулары» жинағында өлеңдері шыққан.
Ауданның «Әлеуметтік экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін», «Білім саласының үздік педагогі» төсбелгілерінің иегері. Сондай-ақ, бірнеше жыр мүшәйраларында жүлделі орындар алған.
А. Н. Уалханованың шығармалары
Произведения Уалхановой А. Н.
Уалханова, А. Өмірімнің сырлары : өлеңдер / А. Уалханова. - Семей : Интеллект, 2022. - 146 б.
Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары
Публикации в периодических изданиях и сборниках
Суырлының сұлу саздары : өлеңдер / құраст.: Ә. Мәселұлы . - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2014. - 312 б.
Алтайдың ақын арулары : өлеңдер / құраст.: Әлібек Қаңтарбаев. - Алматы : Дәуір, 2024. - 368 б.
Уалханова, А. Самалың сызылтады әсем әнді : өлеңдер топтамасы / А. Уалханова. - Мәтін // Тәңіртау. - 2023. - № 1.- Б .67-70
Уалханова, А. Шабыттың шалқар дариясын кешкен : өлеңдер топтамасы жарияланған / А. Уалханова. - Мәтін // Үш қоңыр. - 2023. - 17 қараша.- Б.7
Уалханова, А. Өмірімнің сырлары : өлеңдер топтамасы берілген / А. Уалханова. - Мәтін (визуалды) // Арайлы Катонқарағай. - 2024.- Б.7
А. Н. Уалханова туралы әдебиет
Литература об Уалхановой А. Н.
Кенжеханұлы, М. Төрт ғасырлық ұстаздар әулеті : ұстаздар әулеті Уалханов Нұралы Қайдарұлының отбасы туралы мақала / М. Кенжеханұлы. - Мәтін // Арайлы Катонқарағай. - 2024. - 22 қараша (№47). - Б. 4,8
Филатов Валентин Михайлович (1929 ж.) – журналист, жазушы.
Семей қаласында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дың (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) журналистика факультетін аяқтаған соң, республикалық «Ленинская смена» және «Казахстанская правда» газеттері қызметкері болған. 1963 жылдан шығармашылық жұмыспен айналысқан.
Алғашқы повесі - «На Маусе» (1961). «Февраль – короткий месяц» (1970) повестер мен әңгімелер жинағының авторы. Шығармаларында қазақстандық жауынгерлердің Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері деректі түрде суреттеліп, әскердегі қиын-қыстау кезең, майдангерлердің қайсарлығы сипатталған.
Материалды Абай атындағы ШҚО кітапханасы ұсынды (Семей қ.).
В. М. Филатов шығармалары
Произведения Филатова В. М.
Кітаптар - Книги
Филатов, В. На Миусе [Текст] : повести / В. М. Филатов. - Алма-Ата : Казгослитиздат, 1961.- 64 с.
Филатов, В. Февраль - короткий месяц [Текст] : рассказы, повесть / В. М. Филатов. - Алма-Ата : Жазушы, 1970. - 79 с.
Филатов, В. Неповторимость [Текст] / В. Филатов : рассказы.- Алма - Ата: Жазушы, 1983. - 80 с.
***
Макеев, Л. Правдивые повести [Текст] [рецензия на повесть "На Маусе" ] / Л. Макеев // Простор. - 1962. - N 5 .- С. 119.
Филатов, В. Злая память [Текст] : рассказ / В. М. Филатов // Простор. - 1971.- N 6. - С.78 - 80.
Филатов, В. Ветка сирени [Текст] : рассказ / В. М. Филатов // Казахстанская правда. - 1974. - 26 мая
В. М. Филатов туралы әдебиет
Литература о Филатове В. М
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – В. М. Филатов : Б. 785.
Писатели Семипалатинского региона: Био-библиографический указатель / Сост. Мальцева О. – Семипалатинск: Талант, 2006. - С. 75.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы:
Валентин Михайлович Филатов [Электронный ресурс] : [биография] // КГУ «Центр документации новейшей истории» : сайт. – Режим доступа : http://cdni-arhiv.vko.gov.kz/ru/date2014_07.htm (22.05.2019)
Валентин Михайлович Филатов [Электронный ресурс] : [биография] // КГУ «Центр документации новейшей истории» : сайт. – Режим доступа : http://cdni-arhiv.vko.gov.kz/ru/date2014_07.htm (22.05.2019)