Известные имена

Ақын жазушылар

Торайғыров С.

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920 ж.ж.)

“Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам,
Қараңғылықтың көгіне күн болмағанда кім болам?”

Қазақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омск уезінің Шағрай болысындағы Жантай ауылында дүниеге келген. Әкесі Шоқпыт Семей губерниясының Павлодар уезінен. Алғаш рет ауыл молдасынан хат таныған Сұлтанмахмұт Троицк қаласында оқуын жалғастыра отырып, сол маңайдағы ауылдардың бірінде мұғалімдік қызметті қоса атқарады.
1914 жылы әдебиетпен шұғылдану, халықты сауаттандыру мақсатында туған ауылына оралады. Қазақ балаларын сауаттылыққа үйрету мақсатында ”Шон серіктестігі” қоғамын құруға тырысады. Жергілікті байлардан қолдау таппаған ақын, ойын жүзеге асыра алмайды.

1914-15 жылдардағы жаңа кезеңде Семей қаласына кетеді. Онда болыс Әбдікерім Ережеповпен танысады да, екі кластық орыс-қазақ мектебінде мұғалім болып бала оқыту үшін Шыңғыстайға аттанды. Шыңғыстай мектебі жергілікті әкімшілікке аудармашылар мен кеңсе хатшыларын дайындайтын. Сұлтанмахмұт өз жұмысында заман талабына сай жаңа оқулықтарды пайдалана отырып, сабақ жүргізді. Сабақ барысында белгілі автор А. Е. Алектровтың “Русско-казахская азбука”, “Казахская хрестоматия” оқулықтары көп көмектесті. Қалаша киген киімі, көп білетіндігі Сұлтанмахмұттың ауыл жастарымен тез тіл табысуына әсер етеді. Оларға өзінің табиғат, махаббат, әділеттілік туралы жазылған жалынды жырларын оқиды. Шыңғыстай жерінде ақынның алғашқы махаббаты оянады. Ақынның таңдауы болыс Әбдікерімнің қызы Бағилаға түскен еді. Қыз да кет әрі болған жоқ. Бірін-бірі түсініскен екі жас реті келгенде бұлақ басында жолығып, сырласып жүрді. Ақын сезімге толы жырларын оқитын. Екеуі бақытты еді. Бірақ ол бақыт ұзаққа бармады. Екі жастың сезімін білген Әбдікерім болыс қатты ашуланып, қызын айттырған жеріне жылдамдатып ұзатады. Қақаған аязды қыста он сегіз жасар Бағила еріксіз Шу аймағына ұзатылады...
Ақын көктем шығысымен Шыңғыстай жерін тастап, Зайсандағы досы Мәулет Шамсутдиновқа аттанады...
Жергілікті халық жас мұғалімді көп жыл бойы естеріне сақтады. Оның көзін көрген бақташы Қанапия Мусин 70 -жылдарға дейін өмір сүрді. Кезінде Бағилаға ақынның талай хаттарын тасыған Нұрмаш Баиырова бертін 70 жасында қайтыс болды. Шыңғыстайлықтар өз ауылдарында мұғалімдік қызмет атқарған ақынды мақтан тұтады. Ауыл мектебі С. Торайғыровтың атында. Осы Шыңғыстайдағы сәтсіз аяқталған махаббаты, әйел теңсіздігі ақынның “Кім жазықты” поэмасына арқау болып, Зайсанда жазылған.
Бойындағы бар жылуын өзін қоршаған адамдарға берген ақын көп ізденіп, көп жазады. Жоқшылық, көп оқу, сүйіктісімен айрылысу ақынға оңай тиген жоқ, денсаулығы да сыр бере бастады. 1916 жылы дәрігерге қаралу үшін алдымен Семейге, сонсоң Томскіге барады. Ауруы асқынған ақын туған ауылына оралады. Үнемі халықпен бірге болып, митингілерде сөз сөйлеп, жаңа өмірді жырлайды.
Қазақ ұлттық мәдениетінің көрнекті қайраткері, ХХ ғасыр басындағы қазақ өмірінің шежірешісі болған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров 1920 жылы 21 мамырда дүниеден өтеді. Ақын бар жоғы 27 жыл ғана өмір сүрді...
Өмірі қысқа болғанмен, жырларының ғұмыры ұзаққа созылды. Ақын бақыты да сонда.

 

С. Торайғыровтың шығармалары

Произведения С. Торайғырова

 

Торайғыров С. Адасқан өмiр [Мәтін] / С. Торайғыров - Алма-Ата, 1944.- 32 б.

Торайғыров, С Таңдамалы шығармалар [Мәтін] / С. Торайғыров. - Алматы : Қаз.ССР Ғылым Академиясы, 1950. - 293 б.

Торайғыров, С. Таңдамалы шығармалар [Мәтін] / С. Торайғыров. - Алматы : Қазақтың Мемлекеттік Көркем Әдебиет Баспасы, 1957. - 397 б.

Дастандар [Мәтін] : Октябрь ревалюциясына дейінгі қазақ ақындарының дастандары. - Алматы : Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1960. - 322 б.

Торайғыров, С. Екі томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. Т.2, 1967. - 314 б.

Торайғыров, С. Өлеңдер [Мәтін] / С. Торайғыров. - Алматы : Жазушы, 1971. - 62 б.

Торайғыров С. Арыстан мен тышқан.- Алматы: Жазушы, 1971.- 12 б.

Торайғыров С. Қымыз; Тұрмысқа; Айт; Көшу; Бiр адамға: Өлеңдер // Бес ғасыр жырлайды: XV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезiне дейiнгi қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Үш томдық.- Алматы, 1984.- Т.3.- 324-349 б.

Торайғыров С. Арыстан мен тышқан.- Алматы: Жалын, 1985.- 48б.

Торайғыров, С. Сарыарқаның жаңбыры [Мәтін]. 2-ші кітап : Поэмалар. /С.Торайғыров - Алматы : Жазушы, 1987. - 222 б.

Торайғыров, С. Адасқан өмір; Кедей; Жарқынбай; Кім жазықты; Қамар сұлу [Мәтін] / С.Торайғыров. - Алматы : Рауан, 1992. - 238 б.

Торайғыров, С. Екі томдық шығармалар жинағы [Мәтін] /С. Торайғыров. - Алматы : Ғылым, 1993.

Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. Т.2./С. Торайғыров 1993. - 200 б.

Торайғыров С. Қамар сұлу [Мәтін] : роман / С.Торайғыров. - Астана : Елорда, 1999. - 268 б.

Торайғыров С. Алаш ұраны: Таңдамалы шығармалары./ С. Торайғыров - Алматы: Жазушы, 2002.- 152 б.

Торайғыров С. Үш томдық шығармалар жинағы [Мәтін] : 3 томдық / С. Торайғыров. - Алматы : Жібек жолы, 2002.

Торайғыров С. Жақсылық көрсем өзімнен [Мәтін] / С.Торайғыров. - Астана : Фолиант, 2002. - 96 б.

Торайғыров С. Қамар сұлу [Мәтін] : Романдар, поэмалар, өлеңдер / С. Торайғыров. - Алматы : Атамұра, 2002. - 288 б.

Торайғыров С. Үш томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. Т.2./С.Торайғыров – Алматы.- 2003. - 256 б.

Торайғыров С. Алаш ұраны: Таңдамалы шығармалары.- Алматы: Жазушы, 2003.- 152 б.

Торайғыров С. Алаш ұраны: Таңдамалы шығармалары.- Алматы: Жазушы, 2004.- 152 б

Торайғыров С. Үш томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 3. /С. Торайғыров -Алматы. -2005. - 232 б.

Жеті ғасыр жырлайды [Мәтін] : XIX ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Т. 2 / құраст. Е. Дүйсенбайұлы . - Алматы : Жазушы, 2004. - 528 б.

Торайғыров С. Асыл сөз [Мәтін] : өлеңдер мен дастандар / С. Торайғыров. - Алматы : Қазақпарат, 2005. - 117 б.

Торайғыров С. Сарыарқаның жаңбыры [Мәтін] : өлеңдер мен дастандар / С. Торайғыров. - Алматы : Раритет, 2007. - 208 б.

Торайғыров, С. Қамар сұлу [Мәтін] : роман / С. Торайғыров. Қалың мал : роман / С. Көбеев. Адасқандар : роман / С. Мұқанов. - Алматы : Жазушы, 2009. - 416 б.

Торайғыров, С. Дүние дөңгелегі айналады [Мәтін] : таңдамалы / С. Торайғыров. - Жидебай : Халықаралық Абай клубы, 2009. - 350 б.

Торайғыров С. Өлеңдер, поэмалар, роман.- Алматы: Ан Арыс, 2009.- 312 б. - (Алтын қалам)

Торайғыров, С. Қамар сұлу / құраст. және ред. А. Ментебаева.- Алматы: Олжас кiтапханасы, 2012.- 172 б.

Торайғыров С. Қамар сұлу ; Кiм жазықты ; Адасқан өмiр ; Айтыс ; Өлеңдер / құраст. Г. Мұқышева.- Алматы: Өлке, 2012.- 488 б

Қазақтың 100 поэмасы [Мәтін]. Т. 2. - Алматы : Жазушы, 2013. - 376 б.

 

С. Торайғыровтың мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары

Статьи С. Торайғырова на страницах периодической печати

 

Торайғыров С. Айтыс; қала ақыны мен дала ақынының айтысқаны: Поэма / Дайындаған А.Еспенбетов // Жұлдыз.- 1989.- N 12.- 156-168 б.

Торайғыров С. Әлиханның Семейге келуi; Жаңа кiтап; Топырақ: Өлеңдер: Қандай басылымдарда жарық көргенi көрсетiлмеген // Сарыарқа самалы.- 1992.- 24 наурыз.

Торайғыров С. Айтыс: Дастан // Ана тiлi.- 1992.- 7 мамыр.

Торайғыров С. Арыстан мен тышқан: Мысал өлең // Ара.- 1993.- N 6.- 12 б.

Торайғыров С. Алаш ұраны: Өлең // Халық кеңесi.- 1993.- 8 шiлде

Торайғыров С. Абылай аспас тау қылшы: өлең // Денсаулық.- 2012. - № 7. - 18 б.

 

С. Торайғыровтың шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о творчестве С. Торайғырова

 

Кітаптар – Книги

 

Қазақстанның көркем әдебиеті = Художественная литература Казахстана. [Мәтін] : Библиографиялық көрсеткіш = Библиографический указатель. - Алматы : 1958. - 688 б

ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалар жинағы [Мәтін]. - Алматы : Қазақ ССР Ғылым Академ.баспасы, 1963. – 130б.

Үш ғасыр жырлайды [Мәтін] : революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары / Қазақ ССР Ғылым Академиясы, М. Ә. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. - Алматы : Жазушы, 1965. – Торайғыров С.: б.102-114.

Дүйсенбаев, Ы. Сұлтанмахмұт Торайғыров [Мәтін] / Ы. Дүйсенбаев. - Алматы : Қазақстан, 1967. - 114 б.

Әбілов, Дихан. Арман жолында [Мәтін] : роман / Д. Әбілов. - Алматы : Жазушы, 1968. - 408 б.

Жұмалиев, Қ. Қазақ әдебиеті [Мәтін] : Орта мектептің 9-класына арналған оқулық /Қ. Жұмалиев - Алматы : Мектеп, 1969. - 272 б.

Жиреншин, Ә. Қазақ кітаптары тарихынан [Мәтін] / Ә.Жиреншин. - Алматы : Қазақстан, 1971. - 178 б.

Әбілов, Дихан. "Баянауыл баурайында" [Мәтін] : роман / Д. Әбілов. - Алматы : Жазушы, 1975. - 376 б.

Әбілев, Д. Сұлтанмахмұт [Мәтін] : роман-трилогия. Т. 1 : Ақын арманы. /Д. Әбілев- Алматы : Жазушы, 1980. - 304 б.

Әбілов Д. Сұлтанмахмұт [Мәтін] : роман-трилогия. Екінші кітап : Арман жолында. /Д. Әбілев – Алматы.- 1980. - 343 б.

Әбілов Д. Сұлтанмахмұт [Мәтін] : роман-трилогия. Үшінші кітап : Баянауыл баурайында. /Д. Әбілев –Алматы. - 1980. - 315 б.

Әбілев Д. Ой толғауы [Мәтін] : естеліктер / Д. Әбілев. - Алматы : Жалын, 1981. - 240 б.

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті [Мәтін] : Октябрь алдындағы кезең: Хрестоматия. - Алматы : Мектеп, 1983. - 327 с.

Шалабаев Б. Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы [Мәтін] / Б.Шалабаев. - Алматы : Мектеп, 1983. - 192 б.

Бес ғасыр жырлайды [Мәтін] : XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары / Қазақ ССР ғылым академиясы М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. Т. 3 : үш томдық. - Алматы : Жазушы, 1985. - 352 б.

Уақыт және қаламгер [Мәтін] : Әдеби сын: 11-ші кітап. - Алматы : Жазушы, 1985. - 272 б.

Мырзахметов М. Абай жүрген ізбенен [Мәтін] / М. Мырзахметов. - Алматы : Қазақстан, 1985. - 172 б.

Дүйсенбаев Ы. Эпос және ақындар мұрасы [Мәтін] /Ы. Дүйсенбаев. - Алматы : Ғылым, 1987. - 344 с.- С. Торайғыров туралы.

Қирабаев С. "Қазақ әдебиеті" оқулығына методикалық нұсқау [Мәтін] / С. Қирабаев., Қ.Мырзағалиев. - Алматы : Мектеп, 1987. - 160 б.- С. Торайғыров туралы.

Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы [Мәтін] : ағартушы ақындар жайында / Т. Әбдірахманов. - Алматы : Мектеп, 1988. - 168 с.- С. Торайғыров туралы.

Сыздықова Р. Көркем тексті лингвистикалық талдау [Мәтін] / Р. Сыздықова, Б. Шалабаев. - Алматы : Мектеп, 1989. - 228 с.- С. Торайғыров туралы.

Бес ғасыр жырлайды [Мәтін] : XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары / Қазақ ССР ғылым академиясы М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. Т. 2 : үш томдық. - Алматы : Жазушы, 1989. - 496 б.- С. Торайғыров туралы.

Сыздықова Р. Көркем тексті лингвистикалық талдау [Мәтін] / Сыздықова Р., Шалабаев Б. - Алматы : Мектеп, 1989. - 128 б.- С. Торайғыров туралы.

Дербісәлин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар [Мәтін] : ғылыми еңбектерінің жинағы / Ә. Дербісәлин - Алматы : Ғылым, 1990. - 296 б.- С. Торайғыров туралы.

Қазақ әдебиеті [Мәтін] : жоғары класс оқушылары мен абитуриенттерге арналған көмекші құрал / құраст. Қ. Алпысбаев. - Алматы : Атамұра, 1992. - 112 б.- С. Торайғыров туралы.

Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы [Мәтін] : Жоғары оқу орындары студенттеріне арн.оқулық /Ә. Қоңыратбаев. - Алматы : Санат, 1994. - 312 б.- С. Торайғыров туралы.

ХХ ғасыр басындағы әдебиет [Мәтін] : жоғары оқу орындары филология, журналистика факультеттері студенттеріне арналған хрестоматиялық оқу құралы / құр. Қ. Ергөбек. - Алматы : Білім, 1994. - 351 б.- С. Торайғыров туралы.

Белбаева М.А. С.Торайғыров шығармалары тілінің сөздігі [Мәтін] : Монография / М. Белбаева, А. Әміреева. - Алматы : Ғылым, 1995. - 272 б.

Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері [Мәтін] : Жоғары оқу орындарының студенттеріне арн.оқу құралы / С.Қирабаев. - Алматы : Білім, 1995. - 288 б.- С. Торайғыров туралы.

Қожакеев Т. Қым -қуат іздер [Мәтін] : оқу құралы / Т. Қожакеев. - Алматы : Санат, 1999. - 400 б.- С. Торайғыров туралы.

Ахметова Ж.Қ. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі фольклорлық дәстүр(Ш.Құдайбердиев , C.Торайғыров шығармаларының негізінде) [Мәтін] : Автореферат /Ж. Ахметова. - Алматы : Абай атындағы мемлекеттік ун-т, 1999. - 28 б.- С. Торайғыров туралы.

Кекілбайұлы Ә. Он екі томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 11./Ә. Кекілбайұлы. – Алматы. - 1999. - 400 б.- С. Торайғыров туралы.

Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының тарихы (Кеңестік дәуір-1920-1990) [Мәтін] : Мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы / С. Қалиев. - Алматы : Білім, 1999. - 160 б.- С. Торайғыров туралы.

Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту [Мәтін] : ХІХ ғасырдың ІІ жартысы, ХХ ғасыр: Оқу құралы, бағдарлама: Х,ХІ сыныптар /Қ. Бітібаева. - Алматы : Ы.Алтынсарин атындағы ҚР білім акад. Респ. баспа кабинеті, 2000. - 274 б.- С. Торайғыров туралы.

Дала даналары [Мәтін]. - Алматы : Қазақстанның даму институты, 2001. - 640 б.- С. Торайғыров туралы.

Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы [Мәтін] : Оқу құралы / Ә.Табылдиев - Алматы : Санат, 2001. - 320 б.- С. Торайғыров туралы.

Торайғыров Сұлтанмахмұт = Торайгыров Султанмахмут [Мәтін] : Библиографиялық көрсеткіш = Библиографический указатель. - Алматы : Қазақстан, 2002. - 55 б.- С. Торайғыров туралы.

Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті [Мәтін] : Оқу кұралы / Ө. Әбдиманұлы. - Алматы : Қазақ университеті, 2002. - 430 б.- С. Торайғыров туралы.

Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін] : Оқулықтар. Т.7. /М. Әуезов.- Алматы. - 2002. - 504 б. - С. Торайғыров туралы.

Оразбек М. Ақындық тұлға табиғаты ( Шәкәрім, Мағжан, Сұлтанмахмұт ) [Мәтін] : Зерттеу /М. Оразбек. - Астана : Фолиант, 2002. - 152 б.

Шәбжантайқызы М. Шығарма - тілі дана, іші сара бабалар мұрасының айнасы [Мәтін]. 2- ші бөлім. /М. Шәбжантайқызы. – Алматы. - 2002. - 100 б.- С. Торайғыров туралы.

Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы [Мәтін] : Оқу құралы. 2-ші кітап, 2002. - 455 б. - С. Торайғыров туралы.

Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар [Мәтін] / Қ. Ергөбек. - Астана : Таным, 2003. - 360 б.- С. Торайғыров туралы.

Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы [Мәтін] : Оқу құралы /С. Қалиұлы. - Алматы : Білім, 2003. - 280 б.- С. Торайғыров туралы.

Кәкішұлы Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы [Мәтін] /Т. Кәкішұлы - Алматы : Білім, 2003. - 188 б.- С. Торайғыров туралы.

Шәбжантайқызы М. Қазақ халқының тағдыры- поэзия тілінде [Мәтін] / М. Шәбжантайқызы. - Көкшетау : [б. и.], 2003. - 99 б.- С. Торайғыров туралы.

Кенжебаев Б. Түрік қағанатынан бүгінге дейін... [Мәтін] : шығармалары / Б.Кенжебаев. - Алматы : Ана тілі, 2004. - 344 б.- С. Торайғыров туралы.

Жеті ғасыр жырлайды [Мәтін] : XІV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Т. 2, 2004. - 394 б.- С. Торайғыров туралы.

Жеті ғасыр жырлайды [Мәтін] : XІV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Т. 2, 2004. - 394 б.- С. Торайғыров туралы.

Бердібай Р. Бес томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 3 : Тарихи роман. Мұхтар шыңы./ Р. Бердібай. – Алматы. - 2005. - 448 б.- С. Торайғыров туралы.

Тарихи тұлғалар [Мәтін] : танымдық-көпшілік басылым : мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. - Алматы : Алматыкітап, 2005. - 368 б.- С. Торайғыров туралы.

Оқушы анықтамасы: қазақ әдебиеті [Мәтін] : 5-11 сыныптар. - Павлодар : Арман-ПВ, 2005. - 320 б.- С. Торайғыров туралы.

Сыдиықұлы Қ. Өмір өрнектері [Мәтін] : таңдамалы зерттеулері /Қ. Сыдиықұлы . - Алматы : Арыс, 2006. - 384 б.- С. Торайғыров туралы.

Мақпырұлы С. Қазақ әдебиеті [Мәтін] : оқулық /С. Мақпырұлы., Т.Сыдықов. - Астана : Фолиант, 2007. - 192 б.- С. Торайғыров туралы.

Кәкішұлы Т. Сын мен сыншы [Мәтін] : оқу құралы. 1-кітап : Жанр жайлауы./Т. Кәкішев - Алматы : Қазақ университеті, 2007. - 462 б.- С. Торайғыров туралы.

Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы [Мәтін] : 10 томдық. Т. 5 : Қазақстанның Ресейге бағыну кезіндегі тәлімдік ойлар және оқу-ағарту ісінің жайы. - Алматы : Сөздік - Cловарь, 2008. - 448 б.- С. Торайғыров туралы.

Негимов, Серік. Таным мен пайым [Мәтін] / С. Негимов. - Алматы : Арыс, 2009. - 238 б.- С. Торайғыров туралы.

Ахмет , К. Сәбит Мұқанов - Алаш әдебиетін зерттеуші [Мәтін] : оқу құралы / К. Ахмет . - Алматы : Қазақ университеті, 2009. - 108 б. - С. Торайғыров туралы.

Медеубаева, К. Орта мектепте С. Торайғыров шығармаларын оқытудың әдістемесі [Мәтін] : педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / К.Медеубаева. - Алматы, 2010- 28б.- С. Торайғыров туралы.

Шәбжантайқызы М. Шығарма - тілі дана, іші сара бабалар мұрасының айнасы [Мәтін]. II бөлім / К. Ибрагимова. - Кокшетау : Келешек - 2030, 2010. - 168 б.

Самарханова, Н. "Қазақ әдебиеті" пәні бойынша оқулық-тест [Мәтін] : (XIX-XX ғ.ғ.) / Н.Самарханова ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Американдық еркін университетінің колледжі. – Өскемен. - 2010. - 272 б.

Кенжебайұлы Б. Бес томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 1 : Түрік қағанатынан бүгінгі күнге дейін.. - Алматы : Асем-систем, 2010. - 344 б.- С. Торайғыров туралы.

Әбдиманұлы, Ө. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі (1900-1940) [Мәтін] : оқу құралы / Ө. Әбдиманұлы. - Алматы : Қазақ университеті, 2010. - 156 б.

Тарихи тұлғалар [Мәтін] : танымдық-көпшілік басылым : мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. - Алматы : Алматыкітап, 2011. - 376 б.

Шәбжантайқызы М. Шығарма - тілі дана, іші сара бабалар мұрасының айнасы [Мәтін]. 2 бөлім / М. Шәбжантайқызы, К. Ибрагимова ; ред. Р. А. Исмағзанова. - Көкшетау : Келешек-2030, 2012. - 180 б.

Шәбжантайқызы М. Шығарма - тілі дана, іші сара бабалар мұрасының айнасы [Текст]. 3 бөлім / М. Шәбжантайқызы, К. Ибрагимова ; ред. Р. А. Исмағзанова. - Көкшетау : Келешек-2030, 2012. - 180 б.

Апышева К. Э. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті [Мәтін] / К. Э. Апышева. - Өскемен : Шығыс-Полиграф, 2012. - 56 б

Қыраубаева А. Мыңжылдық жолаушы [Мәтін] : бес томдық шығармалар жинағы. Т. 5. - Алматы : Өнер, 2012. - 528 б.

Мұқанұлы С. XX жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиеті [Мәтін]. Т. 7, 1 бөлім. Ұлтшылдық, байшылдық дәуірі./С. Мұқанұлы - Алматы : Әдебиет әлемі, 2012. - 420 б.

Қирабаев С. Тәуелсіздік және әдебиет [Мәтін]. Т. 21 / С. Қирабаев. - Алматы : Әдебиет әлемі, 2013. - 416 б.

Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. Т. 7 : Оқулықтар : 1929-1933. /М. Әуезов - Алматы : Дәуір ; [Б. м.] : Жібек жолы, 2014. - 504 б.

Мұсаханова, Р. Бейсембай Кенжебаев және Сұлтанмахмұттану мәселелері [Мәтін] : монографиялық еңбек / Р. Мұсаханова. - Қарағанды. : Қазақстан-Ресей университетінің Баспа-полиграфиясы орталығы, 2014. - 120 б.

 

Мақалалар - Статьи

Әбдірашев Жарасқан "Аз өмірді ақындық жолға бердім..." [Мәтін] : С.Торайғыровтың туғанына 90 жыл /Ж. Әбдірашев // Жұлдыз . - 1983. - № 10. - Б.174-177.

Әшімбаев, С. Азаматтық формуласы [Мәтін] : тоғышарлық, немқұрайдылық сияқты құбылыстардың қоғамға қауіптілігін айта келіп, Абайдың, С.Торайғыровтың осы құбылыстарға қарсы күрес жүргізуде жазған өлеңдеріне талдау жасалған / С. Әшімбаев // Жалын . - 1984. - № 1. – б. 49-52.

Торайғыров С. "Жер жүзiн көк шөп басып түрленгендей": Өлең // Қазақ әдебиетi.- 1985.- 26 июль.- 5 б.

Торайғыров С. "Сыр тапсам дүниеден ашылмаған": Өлең шумақтары, қара сөздерiнен / Газетке дайындаған Қ.Ергөбеков // Қазақ әдебиетi.- 1985.- 7 июнь.- 6 б.

Өтебаев Е. Ақбеттаудағы тұңғыш ревком [Мәтін] / Е. Өтебаев // Жұлдыз. - 1986. - №11.- Б.199-202.

Өтебаев Е. Ақбеттаудағы тұңғыш ревком [Мәтін] : С.Торайғыров өмірінен бір дерек / Е. Өтебаев // Жұлдыз . - 1986. - № 11. - С. 199-202 б.

Торайғыров С. Құрбыма; Сағындым сенi; Баянтау: Ақынның жарияланбаған өлеңдерi // Қызыл ту.- 1988.- 2 окт.

Ғабдуллина А. Сұлтанмахмұттың педагогикалық көзқарасы [Мәтін] / А. Ғабдуллина. // Қазақстан мектебі. - 1992. - №2.- Б.74-78.

Жанымбет Б. Ақын аруағы арашалауды қалайды [Мәтін] / Б. Жанымбет. // Егемен Қазақстан. - 1992. - 7 қараша.

Жұмағалиев З. Құпиясы ашылған қос дастан [Мәтін] / З. Жұмағалиев. // Жас алаш. - 1993. - 7 тамыз.

Кенжебаев Б. Сұлтанмахмұт Торайғыровты зерттеу, тану мәселесі [Мәтін] / Б. Кенжебаев // Жұлдыз. - 1993. - №10.- Б.3-27.

Қирабаев С. Жырдарияның ұлы жылғасы [Мәтін] /С. Қирабаев. // Егемен Қазақстан. - 1993. - 17 сәуір.- Б.8.

Алтай А. Алаштың ұлы перзенті [Мәтін] / А. Алтай. // Қазақ әдебиеті. - 1993. - 2 көкек.- Б.4.

Әбілев Д. Арман дауылпазы [Мәтін] /Д. Әбілев. // Қазақ әдебиеті. - 1993. - 14 мамыр.- Б.4-5.

Шамкенов А. Аққан жұлдыздың сыңары [Мәтін] / А. Шамкенов // Қазақ әдебиеті. - 1993. - 20 шілде.

Әбілев Д. Жүрекжарды жырау хат [Мәтін] /Д. Әбілев. // Қазақ әдебиеті. - 1993. - 2 шілде.

Өтебаев Е. Өмір өткелдері [Мәтін] /Е. Өтебаев. // Егемен Қазақстан. - 1993. - 10 шілде.

Кенжебаев Б. Сұлтанмахмұт Торайғыровты зерттеу, тану мәселелері [Мәтін] /Б. Кенжебаев. // Жұлдыз . - 1993. - № 10. - С. 3-27 б.

Кенжебаев Б. Сұлтанмахмұт Торайғыровты зерттеу, тану мәселесі [Мәтін] / Б. Кенжебаев. // Жұлдыз . - 1994. - № 10. - С. 3-27 б.

Есембаев Ғ. Шыңғыстайда ұлылардың ізі бар [Мәтін] : [ақын С. Торайғыров туралы] / Ғ. Есембаев // Арай. - 1994. - 12 шілде.- б.2

Сүйіншәлиев Х. Шоқтығы биік бір тұлға [Мәтін] : [С.Торайғыровтың шығармашылығы туралы] / Х. Сүйіншәлиев // Егемен Қазақстан. - 1994. - 18 қазан

Оразбек М. Саяси тұлғаларға ақындық көзқарас [Мәтін] : [С.Торайғыровтың жарық көрмей келген "Таныстыру" поэмасы туралы] /М.Оразбек. // Ақиқат. - 1998. - №2.- Б.Б93-94

Мәшhүр-Жүсіп Қ. Сұлтанмахмұт және Сәкен немесе қазақ лирикасындағы реализм сабақтастығы [Мәтін] / Қ. Мәшhүр-Жүсіп// Абай. - 1999. - №4.- Б.61-65.

Торайғыров С. Қамар сұлу: Роман / Құраст.:Қ.Әбiлов,Е.Асқаров.- Астана: Елорда, 1999.- 268 б

Мұсаханова Р. Б.Кенжебаевтың сұлтанмахмұттану ісіндегі алғашқы ойлары [Мәтін] / Р. Мұсаханова // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2001. - №1.- Б.47-49

Мәшhүр Жүсіп Қ. Қазақ әдебиетін оқыту мәселелері [Мәтін] / Мәшhүр Жүсіп Қ. // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2002. - №3.- Б.38-43

Тұрлыбаев Т. С.Торайғыровтың "Таныстыру" поэмасы [Мәтін] / Т. Тұрлыбаев// Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2002. - №4.- Б.27-29.

Торайғыров С. Қамар сұлу: Романдар, поэмалар, өлеңдер.- Астана: Атамұра, 2002.- 240 б.

Тарақов Ә. Ақынның арман-аңсары - Абылайдай ардағы [Мәтін] / Ә.Тарақов // Жұлдыз. - 2002. - №8.- Б.183-187

Бисенғали З. "Қамар сұлу" - романындағы әлеуметтік шындық [Мәтін] / З. Бисенғали // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2002 - N11. - №11.- Б.66.

Торайғыров С. "Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам!" [Мәтін] // Семей таңы. - 2003. - 24-30 қазан.- Б.6.

Жұматаева Е. С.Торайғыров шығармашылығын жаңаша оқытудың мәнісі [Мәтін] / Е. Жұматаева // Ұлт тағылымы. - 2004. - №2.- Б.243-247

Аян Ағып өткен бір жұлдыз [Мәтін] : ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы / Аян // Қазақстан - ZAMAN . - 2004.- 30 шілде (N 31). – Б.13

Шалғынбаева Қ. Қазақ ағартушыларының мұраларындағы еңбек тәрбиесі [Мәтін] / Қ. Шалғынбаева. // Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. - 2005. - №2.- Б.243-246.

Батаева Д. Сұлтанмахмұт - ірі суреткер [Мәтін] / Батаева Д. // Қазақ және әлем әдебиеті= Казахская и мировая литература. - 2006. - №2.- Б.30-34

Батаева Д. Сұлтанмахмұт- ірі суреткер [Мәтін] / Д. Батаева. // Қазақ және әлем әдебиеті=Казахская и мировая литература. - 2006. - №3.- Б.15-19.

Даркенов Қ.Ғ. 1925-1932 жылдары қазақ әдебиеті дамуында идеялық жіктелу мен саяси идеялық күрестің шиеленісуі [Мәтін] / Қ. Даркенов. // Қайнар университетінің хабаршысы. - 2007. - №1/1.- Б.9-13.

Дүйсенбайұлы, Е. Ұлтыңа ұл болу -ұлылық [Мәтін] / Е. Дүйсенбайұлы. // Түркістан һttp://www.turkestan.kz. - 2007. - 12 шілде.- Б.7.

Дүйсенбайұлы, Е. Ұлтыңа ұл болу ұлылық [Мәтін] /Е. Дүйсенбайұлы. // Түркістан һttp://www.turkestan.kz. - 2007. - Б.- Б.7.

Қосыбаев, А. Қ. С. Торайғыров капиталистік қатынастар туралы [Мәтін] / А. Қосыбаев // Қазақ Ұлттық Университетінің хабаршысы. Тарих сериясы. - 2007. - №3.- Б.55-59.

Қосыбаев, А.Қ. С.Торайғыров капиталистік қатынастар туралы [Мәтін] / А. Қосыбаев.// ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. историческая . - 2007. - № 3. - Б. 55-59.

Әбдиманұлы, Ө. "Айтыс" - ұлттық рухтың асқақ үні [Мәтін] /Ө. Әбдиманұлы // Жұлдыз . - 2007. - № 12. - С. 194-208 б.

Шалғынбаева, Қ. Қ. Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) [Мәтін] / Қ. Шалғынбаева // Білім - Образование. - 2008. - №5.- Б.61-64.

Мүтиев, З. Қазақ лирикасы және С.Торайғыров пен М.Дулатов [Мәтін] / З. Мүтиев // Жалын . - 2010. - № 8. - Б. 46-49.

Мүтиев, З. Қазақ лирикасы және С.Торайғыров пен М. Дулатов [Мәтін] : автордың фотосы бар /З. Мүтиев // Жалын . - 2010. - № 6. - Б. 46-49.

Мұқатайқызы, Б. Қамар сұлу романының құрылымы мен құндылығы [Мәтін] / Б. Мұқатайқызы // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2012. - №2.- Б.20-25.

Кәрменова, Г. Сұлтанмахмұттың өмірі мен шығармашылығы [Мәтін] : (9 - сынып) / Г. Кәрменова // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2012. - №3.- Б.36-42.

Әуезова, Қ. "Қамар сұлу" романы [Мәтін] : (9 - сынып) / Қ. Әуезова // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2012. - №4.- Б.30-34.

Нұрманова, Г. "Қамар сұлу" романы [Мәтін] / Г. Нұрманова // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2013. - №2.- Б.77-80.

Нүсіпов , Р. Сұлтанмахмұт Торайғыров Тарбағатайда да сабақ берген [Мәтін] / Р. Нүсіпов // Дидар. - 2013. - 22 ақпан.- б.22.

Қайырқұлов, А. "Қамар сұлу" романы [Мәтін] / А. Қайырқұлов // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2013. - №3.- Б.54-57.

Ысқақұлы, Дандай. Түркі әлемінің рухани жұлдыздары [Мәтін] / Д. Ысқақұлы // Жалын. - 2013. - №11.- Б.3-19.

Елубаева, Л. Сұлтанмахмұт өлеңдерінің тақырыбы, маңызы, ерекшелігі [Мәтін] : (9-сынып) / Л. Елубаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2013. - №12.- Б.76-79.

Еспенбетов, А. Сұлтанмахмұт- Семейде [Мәтін] / А. Еспенбетов // Ертіс өңірі . - 2013. - 30 қазан.- б.10-11.

Еспенбетов, А. Араб әліпбиін біржарым айдың ішінде үйреніп шықтым [Мәтін] / А. Еспенбетов ; сұхбат. М. Иманғали // Дидар. - 2014. - 5 мамыр.- б.8.

Ильясова, Г. Диқан баба [Мәтін] / Г. Ильясова // Бастауыш білім. - 2014. - № 1.- Б.21.

Утарбаева, Г. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары, "Қамар сұлу" романы [Мәтін] / Г. Утарбаева // Тәрбие сағаты. - 2014. - №4.- Б.18-19.

Саламатова, Ш. С. Торайырғыров. "Бір адамға" [Мәтін] : (7-сынып) / Ш. Саламатова // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2014. - №12.- Б.52-54.

Жамиева, Анар. С.Торайғыров. "Шығамын тірі болсам, адам болып", "Мен - қазақ" өлеңдерін оқыту [Мәтін] / А. Жамиева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2015. - №2.- Б.101-103.

Харисова, Г. Әдебиетті оқуға баулу [Мәтін] / Г. Харисова // Қазақстан мектебі. - 2015. - №3.- Б.59.

Төлеубайұлы, Н. Сұлтанмахмұт Торайғыров [Мәтін] / Н. Төлеубайұлы // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2015. - №4.- Б.87-93.

Абизенова, М. Сұлтанмахмұт Торайғыров романындағы образдар жүйесі [Мәтін] / М. Абизенова // Білім технологиялары. - 2015. - №3.- Б.45-47

Қожанова, З. С.Торайғыровтың "Қамар сұлу" романындағы кейіпкерлер келбеті [Мәтін] / З. Қожанова // Ұлағат. - 2015. - №4.- Б.106-110

Есетова, Р. Сұлтанмахмұт Торайғыров. Қамар сұлу [Мәтін] / Р. Есетова // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2015. - №10.- Б.50-52.

Ғазезұлы , С. Әбдікерім Ережепұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Бағила Әбдікерімқызы туралы [Мәтін] / С. Ғазезұлы // Арай. - 2016. - 8 сәуір.- Б.3.

 

Бүкіләлемдік желіде

 

http://toraigyrov.psu.kz/biografia.html

Төленов Ж.

Төленұлы Жақсылық (1882-1974) - халық ақыны, қоғам қайраткері, алаш қайраткері.Төленұлы Жақсылық (1882-1974) - халық ақыны, қоғам қайраткері, алаш қайраткері.

1882 жылы Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Қарқаралы уезі Абыралы өңіріндегі Атан қыстағында туған.

«Төленнің төрт қасқыры» деген атпен елге әйгілі болған Жақсылық, Игілік, Сүйіндік, Жармағамбет есімді төрт ағайындының үлкені – Жақсылық жігіт ағасы жасына келгенде елден кетіп, өзіне лайық несібе іздеп Қарқаралы, Семей арасын шарлап, күнкөріс қамыман Семей барып, одан әрі Алтай, Тарбағатай асады. Жастық шағында ел аралап, ойын –тойдың көркі болған Жақсылық Өр Найман елінде ән алып жүрген Әсет ақынмен танысып, оған жолдас болады. Әсеттің Ұлы Абай алдында ән салғаны, өмірлік сабақ алғаны жайлы М. Әуезовке әңгімелеп ақынның өміріне қатысты біраз деректер берген осы Жақсылық еді.

1909-1912 жылдар аралығында отбасымен Алтай өлкесінің Змеиногоск қаласының түбіндегі Карамышево шағын мекенінде тұрады. 1916 жылы Ресейдің Том қаласында інілерімен бірге жалдамалы жұмысқа кіреді. Сол жылы бүкілресейлік большевиктер партиясының мүшелігіне қабылданып, орыс жұмысшыларымен бірге революциялық шараларға қатысалы.

1917 жылғы февраль революциясынан кейін Жақсылық Семейге оралады. Етікші артелін ашып, «Жұмсат» деген жоба жазып, елге таратады. Мақсаты - байларды илеп, икемге келтіру. Кейін осы шеберхана қазақ жастарының жиналатын орнына айналады. М, Әуезов, С. Дөнентаев, С. Торайғыров жиі келіп тұрган. 1917 жылы Алаш партиясының Семейде шығарған «Сарыарқа» газетін елге тарату шығандарын өтейтін «Теңдік» атты уақ қарыз серіктестігіне мүше болып кіреді. Жарна төлеп серіктестікке кірген жандардың көпшілігі қазақ жұртына танымал Ш. Құдайбердиев, Ә. Сәтбаев, С. Шорманов, М. Тұрғанбаев, М. Сейітқұлов, Д. Қалматаев, Қ. Бердалин сынды алаш қозғалысының айтулы тұлғалары болатын. Дегенмен Жақсылықтың өте жанына жақын тартып сыйлас болған, тонның ішкі бауындай араласқан адамы - Н. Құлжанов еді.

Жақсылық Төленұлы 1918 жылдың аласапыранында бірнеше рет түрмеге отырып шығады. 1919 жылы колчакшылардың қолынан қаза тапқан Н. Құлжановтың өлімі Жақсылыққа қатты әсер етеді. Осыдан кейін Жақсылық біржола Советтер жағына шығады. Сібір уақытшща үкіметі мен Колчак билігінен опа таппаған Алашордашылар 1919 жылдың көктемінен бастап Кеңес үкіметімен одақтаса бастайды...

1920 жылы Ж. Төленов пен Ә. Ермеков Семей ревкомының құрамына енеді. 1920 жылы Ә. Бөкейханов пен бірнеше серіктестерін 5-Қызыл армияның ерекше бөлімі тұтқынға алады. Осы хабарды естіген бетте Ж. Төленов Орынбордағы Кирревком атына жедел хат жіберіп, Семей өлкесін жайлаған сегіз жүз мың қазақ атынан Бөкейхановты тұтқындауға қарсылық білдіретінін жеткізген. Хатта қазақ бұқарасына жасалынып жатқан жүгенсіздіктерді тоқтатуды сұраған.

1920 ж. 9 наурызда жаңа дәуірдің саяси сахнасында өшпес із қалдырған, ұлт тәуелсіздігі деген ұлы идеяны қазақ санасына әбден сіңірген алашорда үкіметі Кирревком жарлығымен біржола таратылады. Жеке басын ешкімге тәуелді етуге көнбеген Ә. Бөкейхановтан басқа алаш азаматтары онсыз да кеңестік құрылымдарға қызметке алынды. Автономия идеясын жүректеріне сақтап, соны жүзеге асыруға бел шеше кірісіп кетті. Наурыздың 13 күні Кирревком атына Семейден тағы бір жеделхат жіберіледі. Зиялы қауымды қудалау жаңа дәуір құру жолындағы ортақ істерге орасан зор зиян тигізетіні айтылған хатқа қол қоюшылар Ж. Төленов, Ә. Ермеков, М. Әуезов, Ж. Аймауытовтар болатын.

1920 ж. Семей Губревком отырысында Жақсылық Шыңғыстау-Бөрілі болыстарындағы алғашқы Кеңес соты қызметіне тағайындалған. Халықтық сот жүйесін қалыптастыру жолында тынымсыз еңбек ете жүріп, 1 -губерниялық сиез жұмысына араласады. Абыралы өңірінде бейбіт құрылыс жұмыстарына белсене араласқан. 1928 ж. 170 адамнан тұратын жұмысшылар тобын басқарып, 80 ат-көлікпен Түріксіб құрылысын салушы ауылдастарына басшылық еткен. 1930 жылдары Абыралы ауданында колхоздастыру жұмысына араласады.

20 ғасырдың қырқынщы жылдарынан бастап Жақсылық шығармашылыққа ден қояды. Өлең, тарихи әңгіме-дастандарды жаза бастайды. «Азат Бақыт, Бақтияр» атты ғашықтар хикаясын, «Қара қасқа атты Қамбар батыр», «Қара тулы Қарқабат» поэмаларын жазған. Ж. Төленовтың 50 ден астам шығармалары белгілі. Табылмай жатқан еңбектері де баршылық.

Ауыл жастарын білім–ғылымға үгіттейді. Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар Қашаф Туғанбаев, Нұтфолда Шәкенов сияқты талапты оқушыларды тәрбиелейді.

1945 жылы Абайдың 100 жылдық мерейтойына орай өткізілген ақындар айтысына қатысып, үлкен құрметке бөленіп, «халық ақыны» атанады.

1950 жылдары шығармашылық кештер мен ақындар айтысының бел ортасында жүреді. 1962 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы әдебиет пен өнер институтының музыка бөлімі халық композиторларының өмірі мен шығармашылығын жинастыруға экспедиция шығарады. Ж. Төленов Тәттімбеттің өмірі мен күйлерінің шығу тарихы туралы көптеген әңгімелер жазып берген.

Жақсылық Төленұлы Абай ұрпақтары, Әсет Найманбайұлы, алаш арыстары Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов туралы тың деректер жазып қалдырған.

Абыралы өңірінің өркендеуіне үлес қосқан қоғам қайраткері, халық ақыны, Жақсылық Төленұлы 1974 жылы 92 жасында қызы Тоғжанның қолындап Егіндібұлақ ауылында дүниеден өтеді.

 

 

 

 

Ж. Төленов туралы әдебиет

Литература о Д. Тюленеве (Ж. Толенове)

 

 

Сүйіндіков, М.Алаш қайраткері, халық ақыны Жақсылық Төленұлы [Мәтін] : өмір жолы шығармалары / М. Сүйіндіков. - Астана : Алашорда, 2017. - 240 б.

Сүйіндіков, М. Жақсылық Төленов туралы мұрағат деректері [Мәтін] : Ж. Аймауытов жазған "Біздің Жақсылық" / М. Сүйіндіков // Абай. - 2011. - №2. - Б. 25-28.

Түгел С.

Түгел Сәдібек

Түгел Сәдібек (1955 ж.) – жазушы, публицист, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, педагог, қоғам қайраткері.

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дың журналистика факультетін сырттай аяқтайды (1982). Әскери борышын өтеген соң (Германия), Алматы мақта-иіру фабрикасында темір ұстасы, Ұланның аудандық «Расцвет – Өркен» газетінде аудармашы-тілші, аудандық Халық депутаттары кеңесінің атқару комитетінде ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО Ұлан аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан компартиясы Ұлан аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісі қызметтерін атқарған. Алматы Жоғары партия мектебінің саясаттанушы және әлеуметтанушы мамандығын аяқтаған соң, Ұлан ауданы халықтық бақылау комитеті төрағасы,Ұлан аудандық «Ұлан таңы – Уланские зори» газетінде бас редактор болған.  

1994 ж. «Қазақстанның телеарна және радио корпорациясы» аппаратына ауысады, 1998 ж. Астана әкімінің (ол кезде Ақмола) бірінші баспасөз хатшысы болып тағайындалады.

Келесі қызметтерді атқарған: «Менің Қазақстаным» халықтық-патриоттық қозғалысының төрағасы, ҚР Ұлттық ат спорты түрлері қауымдастығының бас хатшысы, Астана қаласының Халықаралық баспасөз орталығы жетекшісі, «Астана дауысы» Ақпараттық агенттігінің бас директоры, ҚР Парламенті Сенат бөлімінің меңгерушісі. 2006 ж. қаңтар айынан шығармашылық және қоғамдық жұмыстармен шұғылдануда: «Қазанат» республикалық ғылыми-танымал журналының шеф-редакторы, ҚР Ұлттық Спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті, ҚР Ұлттық Ат Спорты Федерациясының президенті.

Қазақ халқының салт-дәстүрінен сыр шертетін «Құлыным» журналының (2010) бас редакторы. 17 кітаптың авторы. «Қазанат» кітабы (К. Ракишевпен бірлескен) - «Искусство книги» Халықаралық сайысының жеңімпазы (Мәскеу қ., 2006), 2006 жыл қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік кітабы деп танылған. Екі деректі фильмнің, 1000-ға жуық очерк пен мақаланың авторы. Музыка және ән мәтіндерінің авторы, Бүкілодақтық Авторлық құқық жөніндегі Агенттіктің 14 авторлық куәлігін иеленген. «Ұлы дала қырандары» әлеуметтік-мәдени қоғамдық қозғалысының және Ұлы даланың Даңқ мұражайы жобаларының бастамашысы.  

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» жоғары атағымен, ҚР Президентінің екі мәрте Алғыс хатымен және «Астана» медалімен, журналистика саласы бойынша ҚР Президенті Грантының (2008) және "Халықтың сүйіктісі" ұлттық сыйлығының (2017), спорттық журналистика саласы бойынша Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың иегері. 

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР құрметті спорт қызметкері, Ұлан ауданының Құрметті азаматы, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры.

ҚР Тұңғыш Президентінің гранты мен «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының иегері (2017).

Қазақстан Республикасының Республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы.

С. Түгел шығармалары

Произведения С. Тугел

Кітаптар - Книги

Түгел, С. Көк күмбезді Астана [Мәтін] : Деректі повесть / С. Түгел - Астана : Фолиант, 2004. - 140 б.

Түгел, С. Қайдасың қазағымның қазанаты [Мәтін] : Деректі повесть / С. Түгел . - Астана : Фолиант, 2004. - 208 б.

Түгел, С. Астана - жерұйығы елімнің [Мәтін] / С. Түгел. - Астана : Фолиант, 2007. - 140 б.

Түгел, Сәдібек. Ертуған [Мәтін] / С. Түгел. - Астана : Фолиант, 2009. - 109 б.

Түгел, С. Астана хикаялары [Мәтін] / С. Түгел. - Астана : Фолиант, 2014. - 408 б.

Түгел, С. Астана баспасөзінің шежіресі [Мәтін] / С. Түгел. - Астана : "Start" баспаханасы, 2015. - 104 б.

Мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар

Статьи опубликованные на страницах периодики

Түгел,С. Сенат- державалық палата [Мәтін] / С. Түгел // Ақиқат. - 2004. - № N.- Б.15-17.

Түгел, С. Жылқыға деген құмарлық немесе әкем Түгел туралы толғау [Мәтін] /С. Түгел // Ертіс өңірі. - 2005. -   17 ақпан.- Б.25

Түгел, С. Өсе бер, өрлей бер, Астана ! [Мәтін] / С.Түгел // Егемен Қазақстан . - 2013. - 6 шілде (№ 165). - 15

Түгел, С. Аламан бәйгедегi айрықша оқиға [Мәтін] / С.Түгел // Егемен Қазақстан.- 2014.- 15 қазан (№ 201).- Б. 7.

Түгел, С. Ертуған: әңгiме [Мәтін] / С.Түгел // Отүкен = Otuken.- 2015.- № 1.- Б.40-75.

Түгел, С. "Ұлы Дала Даңқы" мұражайын салуды қолға алдым [Мәтін] / С.Түгел; әңг. Н. Кенжеұлы // Дидар.- 2015.- 6 ақпан (№ 15).- Б.15.

Түгел, С. Қазанатты іздеген қазақ [Мәтін] / С. Түгел. // Егемен Қазақстан . - 2015.- 21 ақпан (№ 35). – Б.9.

Түгел, С. Әкем бес нәрсені қастерлеуге үйретті [Мәтін] / С. Түгел // Дидар. - 2020. - 30 сәуір.- Б.15.

С. Түгел туралы – О С. Тугел

Кітаптар - Книги

Түгел, Қ. Додада топты жарған Азаматым! [Мәтін] : деректі повесть / Қ. Түгел. - Астана : 2015. - 114 с.

Қазанат - қаным, жылқы - жаным [Мәтін] / құраст.: Қ. Исхан. - Алматы : Нур-Принт, 2015. - 122 б.

Базаров, Ж.Ұлт және Азамат [Мәтін] : сұхбаттар / Ж. Базаров. - Астана : Фолиант, 2015. - 312 б.

Мақалалар - Статьи

Маратұлы, А. "Көк күмбезді Астана" [Мәтін] /А. Маратұлы. // Дидар. - 2004. - 7 желтоқсан.- Б.4

Нығметұлы, Б. Қазанат жайлы туынды [Мәтін] / Б. Нығметұлы // Дидар. - 2004. - 7 желтоқсан.- Б.4

Сарсембайқызы, Ғ. Екі кітаптың тұсаукесері [Мәтін] / Ғ.Сарсембайқызы . // Дидар. - 2005. -   1 ақпан.- Б.2.

Батталғазиева, Ш. Олимпиадаға ұмтылған қазақтың қазанаты... [Мәтін] /Ш. Батталғазиева // Қазақстан-Заман. - 2005. - 3 маусым.- Б.5

Сейілова, А. Көзден кетіп, көңілде қалғандар [Мәтін] /А. Сейілова // Егемен Қазақстан. - 2012. - 8 мамыр (№ 216/221). – Б. 9.

Тасболатов А. Сәдібек Түгел мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі жөнінде емтихан тапсырды/ А. Тасболатов // Егемен Қазақстан . - 2019. – 24 сәуір. - Б.1

Қалжанов А. Сәдібектің семсері [Мәтін] / С. Түгел // Астана ақшамы. - 2020. – 22 ақпан.- Б.1

 

 

Туғанбаев Қ. А.

Туғанбаев Қашаф

 

Туғанбаев Кашаф Айтжанұлы (1924-1993 жж.) – ақын, жазушы, драматург, қоғам қайраткері.

 

Абыралы ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Екпінді», «Семей таңы» облыстық және аудандық газеттерде тілші болып қызмет атқарған. К. Туғанбаевтың өлеңдері мен поэмалары республикалық газет-журналдарда жарияланған. «Партбилет», «Ақ бұлақтар» жыр жинақтарының, ұжымдастыруға арналған «Қызыл Катран» пьесасының авторы. Пьеса желісінде Семей облыстық театры спектакль сахналаған.  

К. А. Туғанбаев Абай атындағы әдеби-мемориалдық мұражайға (Семей қ.), кейін Абай атындағы облыстық музыка-драмалық театрдың әдеби бөліміне басшылық еткен. «Ержүректілігі үшін», «Ұлы Отан соғысына қатысушы» медальдарымен марапатталған.

 

Қашаф Туғанбаевтың шығармалары

Произведения К. Туганбаева

 

Туғанбаев, Қ. Партбилет [Мәтін]: өлеңдер./Қ. Туғанбаев- Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1958.- 50 б.

Туғанбаев, Қ. Ауылым менің осындай [Мәтін] / Қ. Туғанбаев//Ертіс.- 1966.- 26 февраль

Туғанбаев, Қ. Қайнар сағынышы/ Қ. Туғанбаев//Семей таңы.- 1975.-3 январь

Туғанбаев, Қ. Даланың қожасы / Қ. Туғанбаев //Семей таңы. – 1978.- 20 сентябрь

Абай [Мәтін] : Әдеби-көркем тәуелсіз журнал. №1(13). - Алматы : Дәуір, 1992. - 96 б. – Қ. Туғанбаевтың өлеңдері берілген.

Сәрсекеев, М. "Ақылды адам арманмен егеспейді" [Мәтін] : [Cемейде жазушы М.Сәрсекеевтің "Бес тұғыр" кітабы жарық көрді. Бұл жинаққа Т.Көбдіковтың,Н.Баймұратовтың, С.Әлімбетовтың, Ш.Әбеновтың, К Туғанбаевтың өлеңдері енген. / Сәрсекеев М. // Семей таңы. - 2000. - 1қыркүйек. - Б. 4.

 

Қ. Туғанбаевтың шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о творчестве К. Туганбаева

 

Мақалалар - Статьи

 

Машақов, М. Жемiстi жолда [Мәтін] [Қ. Туғанбаевтың шығармашылығы туралы.] /М. Машақов //Соц. Қазақстан.- 1958.- 15 май.

Алексеев, Н. Бір беттен қайтпаған [Мәтін] /Н. Алексеев //Семей таңы. – 1994.- 21 мамыр.

Имаханов, Б. Ақылшы ағамыз еді. [Мәтін] //Семей таңы. – 1994.- 26 ақпан

Қабылбаев, С. Есімі ұмытылмасын [Мәтін] //Семей таңы. – 1994. – 21 мамыр.

Сапаев, Ғ. Асылдың сынығындай жарқылдаған //Семей таңы. -1994.- 26 ақпан

Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. - 96 б.

Турлыбаев Е. К.

turlybaev e k

Тұрлыбаев Елтай Қатпанұлы (1929-2011 жж.) – педагог, тілші, публицист.

 

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген. Әскерде қызмет еткеннен кейін Өскемен педагогикалық институтының филология факультетін «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітіріп, мұғалім, сегіз жылдық мектеп директоры, орта мектеп меңгерушісі, Ұлан аудандық білім бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді. Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі (1972). Елтай Қатпанұлы Өскемен қаласындағы «Знание» қоғамының облыстық ұйымдарының референті, «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») облыстық газетінің тілшісі болып жұмыс істеді.
Е.Тұрлыбаевтың туған өлкенің тарихы, белгілі адамдар, соғыс батырлары туралы шығармалары аудандық, облыстық, республикалық БАҚ-та жарияланды.
«Ерлік әнін тудырған», «Наймандар», «Атамекенде», «Жеңіс жолында от кешкендер»; орыс тіліндегі: «От Алтая до Алаколя», «Приближали как могли» және т.б. кітаптардың авторы.
«Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

 

Е. К. Турлыбаев шығармалары

Произведения Турлыбаева Е.К

 

Елғон, Е. Ерлік әнін тудырған [Мәтін] : (майдангерлер туралы әңгімелер) / Е. Елғон. - Өскемен : Б.ж., 1998. - 51 б.

Елғон, Е. Жеңіс жолында от кешкендер [Мәтін] : майдангерлердің жауынгерлік жолдары туралы хикаяттар мен әңгімелер / Е. Елғон - Өскемен : Медиа-Альянс, 2005. - 192 б.

Елғон, Е. Атамекенде: аңыздар, хикаяттар, очерктер [Мәтін] / Е Елғон. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2003. - 90 б.

Елғон, Е. Атом ғасыры [Мәтін] / Е. Елғон - Өскемен : Өскемен Баспа Алаңы, 2007. - 141 б.

Елғон, Е. Наймандар [Мәтін] : Деректерге негізделген тарихи очерк / Е. Елғон - Өскемен : Б.и., 2000

Қапанов, Б. Совет Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров [Мәтін] / Б. Қапанов, С. Құдабаев. - Өскемен : ШҚМУ, 2010. - 254 б.

Елғон, Елтай. Жаһандық соғыстың ерлері [Мәтін] / Е. Елғон. - ш. ж. ж. : [б. ж.], 2010

***

Турлыбаев, Е. К. От Алтая до Алаколя [Текст] / Е.К. Турлыбаев - Усть-Каменогорск : Изд-во ВКГУ, 2001. - 143 с.

Турлыбаев, Е. К. Приближали как могли [Текст] : Повести и рассказы о ратном пути фронтовиков / Е. К. Турлыбаев . - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2004. - 187 с.

 

Мақалалар-Статьи

 

Елғон, Е. Смағұл Шаянұлы [Мәтін] : [Ортағасыр басында өткен ақын жайлы] / Елғон Е. // Дидар. - 1996. - 7 қараша.- Б.3.

Елғон, Е. Өлеңмен өлмейтұғын нұсқа салған: [Жамбылдың өлеңдерi жайлы] // Дидар.- 1996.- 25 мамыр

Елғон, Елтай. Барақтың батыр атануы [Мәтін] / Е. Елғон // Мәдениет жаршысы / Шығыс Елғон, Е. Күй дүлдүлі-Дәулеткерей [Мәтін] : [Күйші Дәулеткерей Шығайұлының 175 жылдығына орай] / Елғон Е. // Дидар. - 1996. - 1 тамыз.- Б.

Елғон, Е. Байқадам ақынның айтқандары [Мәтін] : [Ел аузынан] / Елғон Е. // Дидар. - 1998. - 4 қыркүйек.- Б. 2.

Елғон, Е. Сарықұлдың сарыала айғыры [Мәтін] : [Ұлан ауданының Сарыөзек өңірі туралы аңыз] / Е. Елғон // Дидар. - 1998. - 19 мамыр.- Б. 4.

Елғон, Е. "Пе - 2" ұшағының қазақ экипажы [Мәтін] / Елғон Е. // Дидар. - 2004. - 11 желтоқсан.- Б.5

Елғон, Е. Еңбегi сiңген металлург: Ульба металлургия зауытының мұражайында Қазақ КСР - iне еңбегi сiңген он жетi рационализаторларының құрмет тақтасында жалғаз қазақ Қайролла Арқабаевтың суретi бар // Дидар.- 2004. - 30 қазан. - 2 б.

Елғон, Е. Қарақолда болған оқиға... // Ана тiлi.- 2011. - 6 - 12 қазан (№ 40). - 6 б.

 

Статьи о Турлыбаеве Е. К.

Турлыбаев Е. К. туралы мақалалар

 

Құрмантайұлы, М. Ерлікті жыр еткен кітап [Мәтін] : [Е. Елғонның "Ерлік әнін тудырған" атты кітабы туралы] / Құрмантайұлы М. // Дидар. - 1999. - 6 ақпан

Тоқанұлы, Б. Екі тілді тел емген Елтай Елғон [Мәтін] / Б. Тоқанұлы // Дидар. - 2009. - 16 желтоқсан.- Б.3.

Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - Өскемен, 2009. - N 3.- Б.15-16.

***

Звено Алтая [Текст] : история и современность : к 90-летию Восточно-Казахстанского литературного объединения / Т. Сидихменова . - Усть-Каменогорск : Либриус, 2011. - 472 с.