Известные имена

Ахметов Е.

Ахметов Е. ақын, жыршыАхметов Ержан (1879-1967) – ақын, жыршы.

1879 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Шілікті ауылында дүниеге келген. Атақты ақын, әнші Әсет Найманбайұлынан көп тәлім алып, өз жанынан өлең, ән шығарған, айтыстарға қатысқан. 1920-1956 жылы Қытайдың Тарбағатай өңірінде болып, туған жеріне оралған соң жыршылық өнерін жалғастырып, ел аузындағы жыр, дастандар мен қиссаларды, аңыз, әңгімелерді жинаумен айналысты. Әсет, Жанұзақ ақындардың шығармаларын насихаттады. Өзінің тақпақ сөздері мен қысқа өлең-жырларына қоса “Мырзаш батыр” атты елінің бостандығы үшін күрескен қаһарман туралы көлемді дастан жазды. Бұл дастан Шығыс Қазақстан өңіріне кеңінен тараған. Ақын Әзмұхамбет Терлікбаевпен айтысы “Айтыс” жинағының 3-томында (1966) жарияланған. Ақын батырлар жыры мен ақындар айтысын жинап, қазіргі ұрпаққа жеткізуде көп еңбек сіңірді. Ол жырлаған “Арқалық батыр”, “Бердіқожа батыр”, “Қабанбай батыр”, “Бозжігіт”, “Бақтияр” және т. б. көлемді жырлар мен дастандар көптеген жинақтарға енген. Ақын тапсырған ауыз әдебиеті үлгілері Қазақстан Ғылым министрлігі Ғылым Академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба және текстология орталығында сақталған.

1967 жылы қайтыс болды.

 

 

Е. Ахметов шығармалары

Произведения Ахметова Е.

 

Мырзаш батырдың қиссасы [Мәтін] : Ержан Ахметов нұсқасы // Тарихи жырлар / ред. Ұ. С. Тілегенова. - Астана : Фолиант, 2010. - 456 б. - (Бабалар сөзі : жүз томдық ; т. 63).

Е. Ахметов туралы әдебиеттер

Литература об Ахметове Е.

 

Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары (тарих, мәдениет, білім) [Мәтін]. - Өскемен : ШҚМУ, 2006. - 432 б. - Ержан Ахметов: с. 316-317.

​Сказителя пленительная речь [Электронный ресурс] // Казахстанская правда: сайт. - Режим доступа:http://www.m.kazpravda.kz/fresh/view/skazitelya-plenitelnaya-rech/ (дата обращения 29.06.2016) - О Нурпеисе Байганине - представителе народного эпоса, чьи произведения записал и исполнил Ержан Ахметов.

Ахметов Ержан [Текст] // Литература Казахстана: знциклопедический справочник. - [Б. м.] : Аруна ; Алматы : Қазығұрт, 2010. - 528 с. - С. 85.

Ахметов Е.

,

Бабатайұлы Д.

Бабатайұлы Д. ақынБабатайұлы Дулат (1802-1874) - ақын.

Найман-сыбан руы көшіп-қонған, Балқаш пен Аягөз (Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы) аралығындағы өңірде туған. Арабша сауат ашып оқыған, өз кезіндегі көзі ашық, алдыңғы қатарлы адамдардың бірі. Оның жазбалары арқылы XVII ғасырда өмір сүрген Ақтамберді жыраудың өлең түріндегі туындылары сақталған.
Дулат Бабатайұлы – өлеңдері типографияда басылып, кітап болып жарық көрген тұңғыш қазақ ақыны. «Өсиетнама» атты алғашқы жинағын 1880 жылы баспаға Мүлкен Сейілұлы даярлап, алғаш рет Қазанда басылып шыққан. Жинақтағы жыр көлемі 800 жолдай.
Дулат өлеңдерінің қолжазбаларын сақтағандар - Ғаббас Байділдәұлы мен Шәкір Әбенұлы. Ақын өлеңдерінің 1500-нен астам жолы – теңдесі жоқ рухани мұра.

1874 жылы қайтыс болды.

Ақын өлеңдерінде халықтың ауыр жағдайы, орыс отаршылдығы, олардың жағымсыз қылықтары суреттелген («Тегімді менің сұрасаң», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ», «Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға»). 1940-1950 жж. Дулат шығармалары әдеби дау нысанына айналды. Оның шығармашылығын орта мектептерде оқытуға тыйым салынды.
М. Әуезов «Абай жолы» романында оның тәлімгерін Барлас деген жалған есіммен береді. Абай Дулат өлеңдерін мұқият зерттеп, оның кей тұстарын пайдаланған. Мысалы, «Болыс болдым, мінеки» өлеңінде Дулаттың болыс жайлы жазған өлеңінің сарыны байқалады. Дулат қазақ поэзиясына ұйқастың жаңа түрін әкелген: «а а а б». Мұны кейін Абай да пайдаланған.
Дулат – сатиралық жанрда қалам тербеген алғашқы ақын. Оның өлеңдері көбінде дидактикалық әрі ғибратты сарында. Зерттеуші Қ. Өмірәлиев Д. Бабатайұлының барлық шығармаларын жинап, баспаға әзірлеген. 1991 жылы қаламгердің «Замана сазы» атты шығармалар жинағы жарық көреді.
Ақын шығармалары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы (ҚР ҰҒА) Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақталған.

Д. Бабатайұлының шығармалары

Произведения Д. Бабатайулы

Кітаптар -Книги

 Бабатайұлы, Д. Замана сазы [Мәтін] : [өлеңдер мен дастандар] / Д. Бабатайұлы. - Алматы : Жазушы, 1991. - 160 б.

Бабатайұлы, Д. Өсиетнама [Мәтін] / Д. Бабатайұлы - Алматы: Ғылым, 2001.- 132 б.

Бабатайұлы, Д. Тұнық тұма [Мәтін] : өлеңдер мен дастандар / Д. Бабатайұлы. - Алматы : Раритет, 2002. - 288 б.

Бабатайұлы, Д. Кеудем - ақыл сарайы [Мәтін] : [өлеңдер жинағы] /Д. Бабатайұлы; құраст.Қ. Раев. - Астана : Ер-Дәулет, 2002. - 112 б.

Бабатайұлы, Д. Шығармалары мен тағылымы [Мәтін] / Д. Бабатайұлы - Алматы : Раритет, 2003. - 288 б.

Бабатайұлы, Д. Шығармалары [Мәтін] : [өлеңдер, дастандар, мысал өлеңдер] / Д. Бабатайұлы; құраст. С. Қорабай. - Алматы : Ана тiлi, 2013. - 296 б.

Бабатайұлы, Д. Осындай заман кез болды... [Мәтін] : [өлең-дастандар және мақалалар ] / Д. Бабатайұлы . - Астана : Фолиант, 2013. - 272 б.

Д. Бабатайұлының мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары

Публикации Бабатайулы Д. в периодических изданиях и сборниках

 Бабатайұлы, Д. Еспембет [Мәтін] / Д. Бабатайұлы // Дастандар : Октябрь ревалюциясына дейінгі қазақ ақындарының дастандары. - Алматы : Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1960. - 322 б. - Б. 99-112.

Бабатайұлы, Д. Өлеңдер [Мәтін] / Д. Бабатайұлы // Бес ғасыр жырлайды : Үш томдық. Т.1. XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. - Алматы : Қазақ ССР Ғылым Академ. баспасы : Жазушы, 1984. - Б.197-212.

Бабатайұлы, Д. Асыл сөз [Мәтін] : өлеңдер, ертектер, аңыздар / құраст. Б. Ысқақов. 1-ші кітап : ауыз әдебиеті үлгілерінен / Д. Бабатайұлы - Алматы : Жалын, 1987. - 432 б. - (Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы).- Б.349-352.

Бабатайұлы, Д. Өлеңдер [Мәтін] / Д. Бабатайұлы // Дау шешеді дана сөз. - Алматы : Жеті жарғы, 1996. - Б. 67-72.

Бабатайұлы, Д. Өлеңдер [Мәтін] / Д. Бабатайұлы // Он ғасыр жырлайды. - Алматы : Дәуір, 2006. - Б. 168-190.

Бабатайұлы, Д. Өлеңдер [Мәтін] / Д. Бабатайұлы // Бабадан қалған асыл сөз : қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың Отан, патриотизм туралы нақыл-өсиеттері, даналық ойлары мен қанатты сөздері. - Алматы : Раритет, 2015. -Б. 65-70.

Бабатайұлы, Д. Басшысын атқан бөкендей... [Мәтін] : өлең / Д. Бабатайұлы // Таң-Шолпан. - 2011. - № 4. – Б.182-190.

Д. Бабатайұлының шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о творчестве Д. Бабатайулы

  Кітаптар - Книги

  1962- 1987

 XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының жинағы [Мәтін]. - Алматы : Қазақ ССР Ғылым Академ. баспасы, 1962.

Жұмалиев, Қ. Қ. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті [Мәтін] / Қ. Жұмалиев. - Алматы : Мектеп баспасы, 1967. - 435 б.

Сүйіншәлиев, Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері [Мәтін] : [ерте дәуірден XІX ғасырдың аяғына дейін] / Х. Сүйіншәлиев. - Алматы : Қазақстан, 1967. - 385 б. - Д. Бабатайұлы туралы: б. 163-177.

Сүйіншәлиев, Х. Қазақ әдебиеті XVІІІ-XІX ғғ. [Мәтін] / Х.Сүйіншәлиев - Алматы : Мектеп, 1981. - 167 б. - Д. Бабатайұлы туралы: б. 62-79.

Өмірәлиев, Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі [Мәтін] : [XІX ғ. бірінші жартысы] / Қ. Өмірәлиев - Алматы : Ғылым, 1983. - 237 б. - Д. Бабатайұлы туралы.

Дүйсенбаев, Ы. Эпос және ақындар мұрасы [Мәтін] / Ы. Дүйсенбаев. - Алматы : Ғылым, 1987. - 344 б. - Д. Бабатайұлы туралы.

1992

Сүйіншәлиев, Х. XІX ғасыр әдебиеті [Мәтін] : жоғары оқу орындары фиология факультеттері студенттеріне арналған оқулық . Бесінші кітап / Х. Сүйіншәлиев. - Алматы : Ана тілі, 1992. - Д. Бабатайұлы туралы.

2002-2006

Раев, Қ. М. Дулат Бабатайұлы шығармаларының поэтикасы [Мәтін] : филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Қ. М. Раев. - Алматы, 2002. - 28 б.

Бабатайұлы, Д. Тұнық тұма. [Мәтін] : өсиетнама : өлеңдер мен дастандар / Сын -зерттеу көзқарастар / Д. Бабатайұлы - Алматы : Раритет, 2002. - 288 б. - [Бабатайұлы Д. туралы]. - Б. 5-22.

Бекбосынов, М. Дулат Бабатайұлы және Абай шығармаларындағы отарлық езгіге қарсы әдеби сарын [Мәтін] : филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертацияның авторефераты / М. Бекбосынов . - Алматы, 2004 . - 30 б.

Жеті ғасыр жырлайды [Мәтін] : [XIV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары]. Т. 1 / құраст. Е. Дүйсенбайұлы , 2004. - 400 б. - Д. Бабатайұлы туралы: б.130-163.

Қазақ әдебиетінің тарихы [Мәтін] : 10 томдық. Т. 4 : XIX ғасырдың бірінші жартысы (1800-1850). Алматы : Ғылым, 2005. - 438 б. - Д. Бабатайұлы туралы: б. 202-229.

Әбенбаев, С. Эстетикалық мәдениет негіздері [Мәтін] : оқу құралы / С. Әбенбаев. - Алматы : Дарын, 2005. - 280 б. - Д. Бабатайұлы туралы.

Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. - 96 б. - Д. Бабатайұлы туралы: б. 19-21.

Сүйіншәлиев, Х. Қазақ әдебиетінің тарихы [Мәтін] : [оқулық] / Х. Сүйіншәлиев. - Алматы : Санат, 2006. - 904 б. - Д. Бабатайұлы туралы.

Қазақ әдебиеті [Мәтін] : методическое руководство : пособие для учителей 10 классов естественно-математического направления общеобразовательных школ с русскими языком обучения. - Алматы : Мектеп, 2006. - 152 б. - Д. Бабатайұлы туралы.

Мансұров, Н. Б. XIX ғасыр поэзиясындағы араб, иран кірме сөздері (Дулат, Шортанбай, Мұрат шығармалары бойынша) [Мәтін] : филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Н. Б. Мансұров. - Алматы, 2006. - 30 б.

Мұхамеджанова, Р. Ж. Орталық езгіге қарсы идеологияның қалыптасуының тарихи мәні (ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы, тарихи аспект) [Мәтін] : тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Р. Ж. Мұхамеджанова. - Алматы, 2006. - 28 б.

Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары [Мәтін] : (тарих, мәдениет, білім). - Өскемен : ШҚМУ, 2006. - 432 б. - Д. Бабатайұлы туралы.: Б. 294-295.

2007-2008

Қазақ әдебиеті тарихының хрестоматиясы [Мәтін] / А. У. Адишева., А. Н. Нурланова., Г. Б. Едилбаева. - Өскемен, 2007. - 88 б.

Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы [Мәтін]. Т. 4 : [XV-XVIII ғғ. билер мен ақын-жыраулар тағылымы], 2007. - 464 б. - Бабатайұлы Дулат: б. 391-399.

Қайсенов, З. Шығыс Қазақстан облысының тарихи очерктері [Мәтін] / З. Қайсенов. - Өскемен, 2007. - 334 б. - Д. Бабатайұлы туралы: б.199-201.

Шәкәрім [Мәтін] : энциклопедия / бас ред. Е. Сыдықов; жауапты ред. Т. Шаңбай. - Семей, 2008. - 864 б. - Бабатайұлы Дулат туралы: б. 319-320.

Ахметов, З. Таңдамалы [Мәтін] / құраст. М. Оразбек. - Алматы : Ана тілі, 2008.

Т. 1. - Алматы : Ана тілі, 2008. - Д. Бабатайұлы туралы: б. 156-162.

Негимов, С. Әдебиет әлемі [Мәтін] / С. Негимов. - Алматы : Ана тілі, 2008. - 256 б. - Д. Бабатайұлы туралы.

Жеті ғасыр жырлайды [Мәтін] : [XIV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Т. 1] / құраст. Е. Дүйсенбайұлы. - 2008. - 400 б. - Д. Бабатайұлы туралы: б.130-163.

2010-2016

Самарханова, Н. "Қазақ әдебиеті" пәні бойынша оқулық-тест [Мәтін] : (XIX-XX ғ.ғ.) / Н. Н. Самарханова ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Американдық еркін университетінің колледжі. - Өскемен, 2010. - 272 б. - Д. Бабатайұлы туралы.

Әлемдік педагогикалық ой-сана [Мәтін] : 10 томдық / Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы. / құраст. М. Оразбек. - Алматы : Ана тілі, 2008.

Т. 10 : XV-XX ғғ. қазақ ойшыл оқымыстыларының тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлері. - Алматы : Таймас, 2010. - 400 б. - Д. Бабатайұлы туралы.

Алаштың ардағы [Мәтін] / Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі, тіл комитеті. - Астана : Руханият, 2010. - 264 б.- Д. Бабатайұлы туралы: б. 105.

Иманжапаров, М. Т. Жарма ақындары [Мәтін] : антологиялық жинақ / М. Т. Иманжапаров, М. Зүкенұлы. 1-кітап. - Семей : Үш биік, 2010. - 328 б.

Білгенге маржан [Мәтін] : қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер / құраст. А. Қ. Керімтаев. - Алматы : Көркем баспасы, 2010. - 416 б. - Д. Бабатайұлы туралы.

Бабатайұлы, Д. Осындай заман кез болды... [Мәтін] : [өлең-дастандар және мақалалар] / Д. Бабатайұлы. - Астана : Фолиант, 2013. - 272 б. - (Алтай-Ертіс кітапханасы). - Д. Бабатайұлы туралы.

Бабатайұлы, Дулат. Шығармалары [Мәтін] : өлеңдер, дастандар, мысал өлеңдер / Д. Бабатайұлы. - Алматы : Ана тілі, 2013. - Д. Бабатайұлы туралы: б. 3-6.

Бөжеев, М. Абай және әдеби дәстүр [Мәтін]. Т. 28 / Ы. Дүйсенбаев, Ә. Дәрбісәлин. - Алматы : Әдебиет әлемі, 2014. - 366 б. - Д. Бабатайұлы туралы.

Сыздық, Р. Ауызша дамыған қазақ әдеби тiлi [Мәтін] / Р. Сыздық. - Алматы, 2014. - Дулат - қазақтың төл әдебиетiнде ақындықты шегiне жеткiзген суреткер: б. 67-74.

Зар-заман ақындары шығармашылығының философиялық мәнi [Мәтін] // Қазақ философиясы тарихы : (ежелгi дәуiрден қазiргi заманға дейiн). 2 т. - Алматы, 2014. - Д. Бабатайұлы: б. 277-292.

Кемелбаева, А. Сөз хикмет [Мәтін] : эсселер, мақалалар, сұхбаттар / А. Кемелбаева. - Алматы : Дәстүр, 2016. - 384 б. - Дулат Бабатайұлы: «Жігіт болар ма екенсің?»: б. 4-8.

 Мақалалар-Статьи

  1983-1998

 Дулат өмiрiнен деректер [Мәтін] // Семей таңы. - 1983. - 23 июль.

Ғаббасов, С. Ғалымның хаты өлмейдi [Мәтін] : [Дулат жырау туралы жазған хат] / С. Ғаббасов // Қазақ әдебиетi. - 1990. - 12 январь.

Сүйіншәлиев, Х. Дуалы ауызды Дулат ақын [Мәтін] / Х. Сүйіншәлиев // Өркен. - 1993. - 2 қаңтар.

Исматова, С. "Еспембет"дастанының көркемдік ерекшелігі мен тілі [Мәтін] : [Дулат шығармашылығы туралы] / С. Исматова // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1997. - № 9-10. - Б. 37-41.

Пертаева, Э. Дулат Бабатайұлының әлеуметтік- саяси көзқарасы [Мәтін] : [ақын шығармашылығы жайында] / Э. Пертаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1998. - № 9-10. - Б. 83-84.

 2002-2009

 Бекбосынов, М. Отарлық дәуірдегі әдебиет және Дулат Бабатайұлы шығармаларындағы заман сұрқы [Мәтін] / М. Бекбосынов // Вестник университета "Кайнар". - 2000. - № 2. - Б. 19-25.

Бекбосынов, М. Отарлық дәуірдегі әдебиет және Дулат Бабатайұлы [Мәтін] / М. Бекбосынов // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2000. - № 9. - Б. 30-34.

Рай, Қ. Жарияланбаған жырлардың жұмбағы [Мәтін] : [Д. Бабатайұлы туралы] / Қ. Рай // Жұлдыз. - 2001. - № 6. - Б. -143-148.

Үмбетаев, М. Ақындық пайым парызы [Мәтін] : [ Д. Бабатайұлының шығармашылығы туралы] / М.Үмбетаев // Ақиқат. - 2002. - № 3. - Б. 77-81.

Шәкерұлы, Ғ. Дулат Бабатайұлы [Мәтін] / Ғ. Шәкерұлы // Дидар. - 2002. - 15 маусым. - Б. 2.

Ахметов, З. Елдіктің жыршысы, еркіндіктің жоқшысы [Мәтін] : [Д. Бабатайұлының шығармашылығы] / З. Ахметов // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 19 тамыз.- Б.14.

Дулат Бабатайұлы (1802-1871) [Мәтін] // Абай. - 2003. - № 4. - Б. 86

Раев, Қ. Сөз - жібек жіп, жыр - кесте [Мәтін] / Қ. Раев // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 29 тамыз. - Б. 5.

Қаңтарбаев, Ә. Той тірлік пен береке бастауы [Мәтін] / Ә. Қаңтарбаев // Дидар. - 2003. - 23 тамыз. - Б. 4.

Айтұлы, Н. Ұлттың ұлы жыршысы [Мәтін] / Н. Айтұлы // Егемен Қазақстан. - 2003. - 3 қыркүйек. - Б. 3.

Егеубай, А. Ақылдың ақсарайы [Мәтін] / А. Егеубай // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 5 қыркүйек. - Б. 7.

Құлмұхаммед, М. Тұнық жырдың тумасы [Мәтін] / М. Құлмұхаммед // Егемен Қазақстан. - 2003. - 6 қыркүйек. - Б. 1.

Құл-Мұхаммед, М. Тұнық жырдың тұмасы [Мәтін] : [Д. Бабатайұлының туғанына 200 жыл толуына орай] / М. Құл-Мұхаммед // Егемен Қазақстан. - 2003. - 6 қыркүйек. - Б. 1.

Сейсенұлы, Д. Елдік пен еркіндіктің жаршысы [Мәтін] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2003. - 10 қыркүйек. - Б.1, 3.

Елубай, А. Ақылдың ақсарайы [Мәтін] / А. Елубай // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 12 қыркүйек.- Б. 11.

Бекбосынов, М. Қалың қазақ бақыты үшін [Мәтін] / М. Бекбосынов // Семей таңы. - 2003. - 12-18 қыркүйек. - Б. 13.

Қаңтарбаев, Ә. Ақшатаудан саулаған жыр самалы... [Мәтін] / Ә.Қаңтарбаев // Дидар. - 2003. - 13 қыркүйек. - Б. 2.

Құл-Мұхаммед, М. Тұнық жырдың тумасы : ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм мин. Аякөзде өткен Дулат Бабатайұлының 200 ж. тойында сөйлеген сөзi // Дидар. - 2003. - 16 қыркүйек. - Б. 2.

Рай, Қ. Дулат поэтикасының көркемдік - эстетикалық нысанасы [Мәтін] / Қ. Рай // Жұлдыз. - 2003. - № 9. - Б.147-164.

Зүлхаров, Ғ. Ұлы бабама Дулат ақынның мейірімі түскен [Мәтін] / Ғ. Зүлхаров // Семей таңы. - 2003. - 19-25 қыркүйек. - Б.13

Айтқожина, М. Дулат бабам ! [Мәтін] / М. Айтқожина // Дидар. - 2003. - 23 қыркүйек. - Б. 4. - Д. Бабатайұлы туралы.

Раев, Қ. Зар заманның жампозы [Мәтін] / Қ. Раев // Ана тілі. - 2003. - 25 қыркүйек. - Б. 9. - Д. Бабатайұлы туралы.

Дулат Бабатайұлының туғанына 200 - жыл [Мәтін] : [Аякөз ауданында ғылыми –практикалық конференция өтті] // Қазақстан мектебi. - 2003. - № 11. - Б. 67 -69.

Раев, Қ. Дулат өлеңдерінің құрылым жүйесі [Мәтін] / Қ. Раев // Сынып жетекшісі. - 2004. - № 1.- Б.15-19.

Мырза-Ғали, Э. Дулаттану хақында бірер сөз [Мәтін] : / Э. Мырза-Ғали // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 12 тамыз. - Б. 8.

Бекбосынов, М. Н. Дулат Бабатайұлы мұрасының текстологиясы жайлы бірер сөз [Мәтін] / М. Бекбосынов // Шәкәрім әлемі. - 2007. - № 4. - Б. 84-88.

Есжанов, С. Дулат Бабатайұлы (1802-1871) [Мәтін] / С.Есжанов // Ақиқат. - 2008. - № 4. - Б. 91-92.

Дүйсенғазин, С. Дулат Бабатайұлы және Сыбанның он жеті ақыны [Мәтін] / С. Дүйсенғазин // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы = Вестник КазНУ. Серия филологическая. - 2009. - № 3. - Б. 23-27. - Библиогр.: 16 атау.

 2011 - ...

 Бекбосынов, М. Дулатты жырлатқан туған жер [Мәтін] / М. Бекбосынов // Түркістан. - 2011. - 30 маусым. - Б. 8.

Бекбосынов, М. Дулат ақын поэзиясы және оның заманы [Мәтін] / М. Бекбосынов // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл. - Алматы, 2011. - № 7/8. - Б.2-3.

Ердембеков, Б. Дулат пен Абай [Мәтін] / Б. Ердембеков // Дидар. - 2012. - 9 тамыз. - Б.19; 16 тамыз. - Б.19.

Рахымжанов, К. Дулат жырау Бабатайұлының ақындық ерекшеліктері [Мәтін] / К. Рахымжанов // Мөлдір сана. - 2014. - 14 желтоқсан. - Б. 11.

Тайжігіт, Б. Дулат Бабатайұлына жеке мұражай ашыла ма? [Мәтін] / Б. Тайжігіт // Дидар. - 2015. - 12 маусым. - Б. 22.

***

Турлыбаев, Е. Словом жгучим вдохновленный ... [Текст] : [о научно-практической конференции, посвященной творчеству акына Дулата Бабатаева] / Е. Турлыбаев // Рудный Алтай. - 2002. - 12 октября. - С. 17.

Доронин, Г. Обретение [Текст] : о Д. Бабатайулы / Г. Доронин // Казахстанская правда. - 2003. - 10 сентября. - С. 1, 3.

Шевченко, В. В честь великого поэта [Текст] : о Д. Бабатайулы / В. Шевченко // Казахстанская правда. - 2003. - 4 сентября. - С. 2.

Шака, А. Прикосновение к вечности [Текст] : о Д. Бабатайулы / А. Шака // Рудный Алтай. - 2003. - 20 сентября. - С. 2.

Звезды казахской литературы [Текст] / сост. М. Шабжантаева - Көкшетау : [Келешек - 2030], 2005. - Бабатайулы Д.: с. 64-67.

Омарулы, Б. Отражение трансформации духовно-нравственных ценностей в поэзии Зар - заман [Текст] : о Д. Бабатайулы / Б. Омарулы // Простор. - Алматы, 2013. - № 11. - С. 122-125.

Әшімханов Д.

Әшімханов Дидахмет

Әшімханов Дидахмет (1950-2015) - жазушы, журналист, аудармашы, КСРО Жазушылародағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Алаш»халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

1950 жылы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Жаңа-үлгі ауылында дүниеге келген. 

1968 жылы Шыңғыстай орта мектебін бітіргеннен кейін жол құрылысы учаскесінде жұмысшы, Большенарым (қазіргі Үлкен-Нарын) аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, Совет Армиясы қатарында (1969-1971) сарбаз, Алматы үй құрылысы комбинатында тас қалаушы болған.

КазГУ-дің журналистика факультетінің (1972-1978) күндізгі бөлімінде оқи жүріп, еңбек жолын Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (1975-1976), «Лениншіл жас» (1978) газеттерінде тілші болып бастаған ол кейін республикалық «Қазақстан пионері» (1978-1980), «Қазақ әдебиеті» (1980-1992) газеттерінде бөлім меңгерушісі, «Заман-Қазақстан» (1992-1993) газетінде бас редактордың орынбасары қызметін атқарды. 1993 жылдан 2015 жылға дейін халықаралық «Түркістан» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары қызметін атқарды. Сонымен бірге 2003 жылдан 2015 жылға дейін «Ел-шежіре» қоғамдық қорының президенті қызметін атқарды.

Дидахмет Әшімханұлы, сондай-ақ, 1999 жылдың ақпан-маусым аралығында арнайы шақырумен Астана қалалық «Астана ақшамы» газетінде бас редактордың 1-інші орынбасары, 1993 жылдан 2000 жылға дейін негізгі қызметімен қоса әр кезеңде «Атамұра» баспасында редактор, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің «Отан» журналында бас редактордың орынбасары, Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті журналистика факультетінің аға оқытушысы болады.

Әдеби шығармасы тұңғыш рет баспасөз бетінде 1965 жылы 8 наурызда Большенарым аудандық «Еңбек туы» газетінде жарияланады. («Шырқал ән». Өлең).

Проза жанрындағы тұңғыш әңгімесі «Аққабаның толқыны» деген атпен 1975 жылы «Коммунизм туы» газетінде, «Арман қанатында» атты коллективтік жинақта (1978) жарық көрген. 1981 жылы «Аққабаның толқыны», 1987 жылы «Он бірінші күз», «1990 жылы «Каменная падь», «Жер аңсаған Сарыатан», 2000 жылы «Самырсын сазы» атты прозалық кітаптары «Жалын», «Жазушы», «Елорда» баспаларынан жолдама алған.

Дидахмет Әшімханұлы – әдеби көркем шығармаларымен қоса екі жүзге жуық публицистикалық туындының авторы. Оның «Әңгіме емес әңгімелер» атты публицистикалық кітабы жарыққа шықты.

1986 жылдан СССР Жазушылар, Журналистер одақтарының мүшесі. «Жалын» жабық бәйгесінің екі мәрте жүлдегері, «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Көптеген шығармалары неміс, қытай, ағылшын, француз, монғол, украин, татар, қырғыз тілдерінде аударылған.

Сонымен қатар жазушының өзі А.Курчаткин, А.Ашимров, Х.Абдуллин, Т.Минуллин, А.Лупан, Т.Пулатов, П.Пурэвсрэн, Кришннамаб Малл т.б. көптеген туысқан халықтар жазушыларының жеке повестері мен әңгімелерін және Джон Голсуорси, Джек Лондонның ең танымал романдарын, әңгімелерін қазақ тілінде сөйлеткен. Сонымен қатар, «Аждаһа» пьесасын қазақ тіліне аударған.

Молдаван драматургы А.Кирийдің «Зона» пьесасы Дидахметтің тәржімалауымен 1998 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрында қойылып келеді.

Дидахмет Әшімханұлы – қалың оқырман мен әдеби ортада әңгіме жанрының шебері, стилист, талантты журналист, белгілі аудармашы ретінде танылған қаламгер.

1950 жылы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында туған. 1968 жылы Шыңғыстай орта мектебін, 1978 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Қазақ әдебиеті», «Заман Қазақстан» газеттерінде қызмет істеген. 1993 жылдан қазірге дейін Халықаралық «Түркістан» апталығында бас редактордың орынбасары, сондай-ақ 2003 жылдан бері «Ел-шежіре» қоғамдық қорының президенті, «Орхон» Баспа үйінің директоры.

Прозалық сегіз кітаптың авторы. Жекелеген бірнеше шығармасы әлемнің тоғыз тіліне аударылған (қытай, неміс, моңғол, түрік, орыс, украин, мари, қырғыз, өзбек).

Д. Әшімханұлы сондай-ақ қалың оқырманға өткір публицист, белгілі аудармашы ретінде де жақсы таныс.

СССР Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

2015 жылы 23 мамырда  Алматы қаласында қайтыс болды.

Қаламгердің 70 жылдық мерейтойына орай 2020 жылы туған жері Катонқарағай ауданында ескерткіш орнатылды. 

Д. Әшімханов шығармалары

Произведения Ашимханова Д.

Әшімханұлы, Д. Көптомдық шығармалар [Мәтін] / Д. Әшімханұлы. - Астана : Нұра-Астана, 2015-2016.

Т. 1 : Тасқала : повестер мен әңгімелер. - 2015. - 480 б.

Т. 2 : Ақшоқы. - 2016. - 480 б.

Т. 3 : Теңіз қорқауы : аудармалар. - 2016. - 480 б.

Әшімханұлы, Д. Шығармалары [Мәтін] / Д. Әшімханұлы; Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі. Т. 1 : повестер мен әңгімелер. - Астана : Фолиант, 2011. - 392 б. - (Мәдени мұра) (Алтай-Ертіс кітапханасы). - Мазмұны: Жер аңсаған Сарыатан ; Он бірінші күз ; Босаға : повестер.

Әшiмханов, Д. Аққабанның толқыны [Мәтін] : әңгiмелер / Д. Әшiмханов. - Алматы : Жалын, 1981. - 120 б.

Әшімханұлы, Д. Жер аңсаған Сарыатан [Мәтін] : әңгімелер мен повестер / Д. Әшімханұлы - Алматы : Жазушы, 1998. - 272 б.

Әшімханұлы, Д. Сары самауыр [Мәтін] : әңгімелер мен хикаяттар / Д. Әшімханұлы - Алматы : Раритет, 2006. - 336 б. - (Қазақ прозасы қазынасынан) (Алтын қор кітапханасы).

Әшімханұлы, Д. Кеш [Мәтін] : шығармалары / Д. Әшімханұлы . - Алматы : Ел-шежіре, 2016. - 232 б.

Әшімханұлы, Д. Ақшоқы : [әңгіме] / Д. Әшімханұлы // Дидар. - 2011. - 7 қазан (№117). - Б. 7 ; 10 қазан (№118). - Б. 4.

Әшімханұлы, Д. Жазушының нақыл сөздері / Д. Әшімханұлы. - Мәтін (визуалды) // Ана тілі. - 2025. - 5 маусым (№23). - Б. 4.

***

Ашимханов, Д. Каменная падь [Текст] : повести, рассказы / ред. Г. Мукатов ; пер. с каз. Д. Ашимханова. - Алма-Ата : Жалын, 1990. - 238 с.

Ашимханов, Д. Бабушкин самовар [Текст] / Д. Ашимханов // Цветы и камень: сборник рассказов: пер. с каз. - Алма-Ата : Жазушы, 1989. - 284 с.

Ашимханов, Д. Расплата [Текст] : рассказ / Д. Ашимханов // Рудный Алтай. - 1987. - 17 июля.

Ашимханов, Д. Всю жизнь будем воспевать Алтай [Текст] / Д. Ашимханов // Луч. - 1993. - 21 июля.

Ашимханулы, Д. О родине, о творчестве, о себе [Текст] : [интервью] / Д. Ашимханулы // Рудный Алтай. - 2000. - 10 авг. - С. 2.

 Д. Әшімханов аудармалары

Переводы Ашимханова Д.

 Абдуллин, Х. Сұрапыл жылдар; Окопта; Қияда құлаған қыран [Мәтін] : әңгiмелер / Х. Абдуллин; ауд. Д. Әшiмханов // Қазақ әдебиетi. - 1981. - 9 январь.

Аширов, А. Солдаттан қалған тұяқ [Мәтін] : повесть / А. Аширов; ауд. Д. Әшiмханов // Жұлдыз. - 1986. - N 10. -  Б. 9-33.

Аширов, А. Шағыр [Мәтін] : әңгiме / А. Аширов; ауд. Д. Әшiмханов // Қазақ әдебиетi.- 1984.- 3 февраль.Голсуорси, Д. Алманың албырап пiскен шағы [Мәтін] / Д. Голсуорси; ауд. Д. Әшiмхан // Әлем әдебиетi. - 2012. - № 3. -  Б. 3-43.

Голсуорси, Д. Девондық адам: новеллалар [Мәтін] / Д. Голсуорси; ауд. Д. Әшiмханұлы. – Астана : Аударма, 2011. - 456 бет. - (Әлемдiк классика)

Д. Әшімханов туралы әдебиет

Литература об Ашимханове Д.

 Дидахмет [Мәтін] : мақалалар, естеліктер, арнаулар. - Өскемен : Берель, 2015. - 157 б.

Ұлттың рух жыршысы [Мәтін] : Дидахмет Әшімханұлы туралы естеліктер. - Алматы : Ел-шежіре, 2016. - 208 б.

***

Ашимханулы Дидахмет [Текст] // Литература Казахстана : энциклопедический справочник.  -  Алматы:  Аруна : Қазығұрт, 2010. -  С. 88.

Встречи на родной земле [Текст] : [Творческий визит писателя Д.Ашимханулы на родную землю, связанный с 50-летним юбилеем] // Луч. - 2000. - 25 июля. - С. 1.

Оркушпаева, Н. Гордость Алтайской земли [Электронный ресурс] : [о республиканской конференции «Современная казахская литература и произведения Д. Ашимханова»] / Н. Оркушпаева // Рудный Алтай. - 2015. - 12 окт. - С. 1, 2. - Режим доступа: 

Мақалалар – Статьи

Назырбаев, Қ. Аққабаның толқыны : [жазушы Д. Әшімханов жайлы] / Қ. Назырбаев // Арай. - 1981. - 20 июнь.- б.4

Қаңтарбаев, Ә. Туған жер топырағында жатқан игі жақсылардың зираты жоқ шығар : [Жерлесіміз Д. Әшімханұлының "Жер аңсаған Сарыатан" жинағы туралы] / Ә.Қаңтарбаев // Дидар. - 1998. - 15 желтоқсан. - Б. 6

Қаңтарбаев, Ә. Жас дәурен,бізді қайда бастамадың / Ә. Қаңтарбаев // Дидар. - 2000. - 10маусым. - Б. 5.

Ысқақ, Қ. Менің інілерім : [Жазушы драматург Қ.Ысқақовтың Дидахмет Әшімханұлы мен Әлібек Асқаров туралы деректі эссесі] / Ысқақ Қ. // Дидар. - 2000. - 1шілде. - Б. 4 ; 2000. - 4шілде. - Б. 4.

Хасан, С. Самырсын сазы / С. Хасан // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 20 сәуір. - Б. 9.

Жұртбай, Т. Тұспалды тұлға / Т. Жұртбай // Қазақ әдебиеті. - 2004. - 31 желтоқсан. - Б. 5.

Ергөбек, Қ. Ұлттың рух жыршысы : жазушы Дидахмет Әшімханұлы жайында пайым / Қ. Ергөбек // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 11 маусым. - Б.10.

Қаңтарбаев, Ә. Тау мінезді талант: [жазушы, драматург Дидахмет Әшімханұлы туралы эссе] / Ә. Қаңтарбаев // Егемен Қазақстан. - 2010. - 16 маусым.- Б.10.

Ергөбек, Қ. Ұлттың рух жыршысы / Қ. Ергөбек// Қазақ әдебиеті . - 2010.- 11 - 17 маусым.- Б. 10.

Қайсенова, Г. Таудай талант иесі / Г. Қайсенова // Арай. - 2010. - 28 қазан.- Б.6-7.

Сейфолла, О. Үш әңгімеге үш түйін : жазушы Дидахмет Әшімханұлының шығармашылығы хақында / О. Сейфолла // Ана тілі. - 2015. - 23-28 сәуір. - Б. 9

Дидахмет Әшімханұлы : [некролог] // Дидар. - 2015. - 25 мамыр (№58). - Б. 5

Әлібеков, Ә. Біз сені ұмытпаймыз: қазанама (1950-2015) / Ә.Әлібеков // Егемен Қазақстан . - 2015. - 26 мамыр. - Б.15

Дидахмет Әшімханұлы : қазанама (1950-2015) // Егемен Қазақстан . - 2015.- 26 мамыр. - Б. 15

Ергөбек, Қ. Қош, жан досым ! : қазанама (1950-2015) / Қ. Ергөбек // Егемен Қазақстан . - 2015. - 26 мамыр . - Б.15.

Қызыр, Ж. Төр Алтай қарымды қаламгерімен қоштасты : [жерлес жазушы Д. Әшімханұлы дүниеден өтті] / Ж. Қызыр // Дидар. - 2015. - 27 мамыр (№59). - Б. 3

Адырбекұлы, К. Машиналды соғыс. Дидахмет Әшімханұлы. Біздің Головкин: Үш таған / К. Адырбекұлы // Түркістан . - 2015.- 28 мамыр . - Б.10

Белгілі қаламгер дүние салды: [Жазушы Дидахмет Әшімханов өмірден өтті] // Менің өлкем. - 2015. - 28 мамыр. - Б. 3.

Қаламсап Дидағаңсыз қалды жетім... // Түркістан . - 2015.- 28 мамыр (№ 21). - Б. 1,11

Отарбаев, Р. Аманат айтқан: қазанама / Р. Отарбаев // Қазақ әдебиеті . - 2015.- 29 мамыр - 4 маусым . - Б.15

Рәш, М. Не етсем екен?. : қазанама / М. Мыңбай // Қазақ әдебиеті . - 2015.- 29 мамыр - 4 маусым (№ 21). - 15

Сегізбайұлы, К. Бақұл бол, бауырым, Дидасжан!. : қазанама / К. Сегізбайұлы // Қазақ әдебиеті . - 2015. - 29 мамыр. - 4 маусым . - Б.15

Түменбай, Қ. Аққабаның толқынына асыққандай: қазанама / Қ.Түменбай // Қазақ әдебиеті . - 2015.- 29 мамыр - 4 маусым . - Б.15

Ыбырайым, Б. Мезгілсіз қаза...: қазанама / Б. Ыбырайым // Қазақ әдебиеті . - 2015.- 29 мамыр - 4 маусым . - Б.15

Бөкен, А. Дидаш кетті... (Дидахмет дос рухына) : өлең / А. Бөкен // Түркістан . - 2015.- 11 маусым . - Б.11

Шағатай, Ж. Тағдыр кітабының соңғы тарауы /Ж. Шағатай // Түркістан . - 2015.- 11 маусым . - Б. 1,11

Игісін , Ж. Ойланып жүріп, оянбай қалдың...: [Жазушы Дидахмет Әшімхановқа элегия] / Ж. Игісін // Дидар. - 2015. - 12 маусым.- Б. 20.

Ақатайқызы, Г. Қаламынан ауыл иісі аңқыған қаламгер: жазушы Дидахмет Әшімханұлы шығармалары хақында / Г. Ақатайқызы // Түркі әлемі. - 2015. - № 6,7.- Б.12

Кәпқызы, Е. Ұлттық рухты ұмытпайтын / Е. Кәпқызы // Түркістан . - 2015. - 9 шілде . - Б. 8.

Кенжехан, Мұратхан. Алтай жұрты ардақты жазушысын еске алды: [Жазушы Д. Әшімхановты еске алу шарасы өткізілді.] / М. Кенжехан // Дидар. - 2015. - 10 қазан.- Б.1-2.

Кәкенұлы, Ж. Бізді табыстырған биік таулар /Ж. Кәкенұлы // Түркістан . - 2016.- 19 мамыр . - Б.11

Түменбай, Қ. Дидаштың жұбайы - депутат / Қ. Түменбай // Түркістан . - 2016.- 19 мамыр . - Б. 11

Нұразхан, Е. Қазағым деп қанаттанған / Е. Нұразхан // Түркістан . - 2016.- 19 мамыр. - Б.11

Хасан, С. Әшімханұлының әлемі / С. Хасан // Айқын . - 2016.- 25 мамыр . - Б. 7

Байбол, Ә. Дидахмет дидары / Ә. Байбол // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 20 - 26 мамыр . - Б.10.

Әшімхан, Д. Алғашқы оқырманы мен едім / Д. Әшімхан // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 20 - 26 мамыр . - Б.10

Әнуарбек, Ә. Өмірді сүйген, адамды сүйген жүрекпен.../ Ә. Әнуарбек // Түркістан . - 2016.- 26 мамыр . - Б.10

 Адырбекұлы ,К. Көзден кетсе де... / К. Адырбекұлы // Түркістан . - 2017. - 25 мамыр . - Б. 11.

Кәпқызы, Е. Сөзі саз, өзі нар тұлға / Е. Кәпқызы // Қазақ әдебиеті . - 2017.- 9 - 15 маусым . - Б. 22

Орда, Г. Қаламы қазақ үшін жорғалаған / Г. Орда // Түркістан . - 2017.- 6 шілде. - Б. 9

Жер аңсаған Сарыатанға -70 жыл : [Жазушы Д. Әшімхановтың туғанына 70 жыл] // Алдаспан. - 2020. - 20 ақпан.- Б.13.

Керімбай, С. Ажалдың айналсоқтап жүргенін сезіп еді / С. Керімбай // Дидар. - 2020. - 30 сәуір.- Б. 25.

Қасымов, А. Көбік сөзден ада қаламгер еді... / А. Қасымов // Дидар. - 2020. - 13 мамыр.- Б.22; Арай. - 2020. - 29 мамыр. - Б. 6.

Жуанханқызы, Г. Дидахметпен бірге оқыдық: сыныптасы Гулнар Жуанханқызының жазушы Дидахмет Әшімхановтың 70 жылдығына орай естелігі / Г. Жуанханқызы // Арай. - 2020. - 22 мамыр.- Б. 2.

Адырбекұлы, К. Дидағаң еске түскенде.... : жазушы Дидахмет Әшімханов туралы / К. Адырбекұлы. - Мәтін // Түркістан. - 2024. - 16 ақпан (N7). - Б. 5.

Тұрсынбайұлы, Б. Уақыт соққан жел : жазушы Дидахмет Әшімханұлы туралы / Б. Тұрсынбайұлы. - Мәтін (визуалды) // Жас алаш. - 2024. - 29 тамыз (N66). - Б. 1-7.

 Интернет-ресурстар

Интернет-ресурсы

Әшімхан, Д. Ақшоқы [Электрондык ресурс] / Д. Әшімханұлы. - Режим доступа:http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1487-akshoki_kura

Әшімхан, Д. Босаға [Электрондык ресурс] / Д. Әшімханұлы. - Режим доступа:http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1489-bosaga_kura

Әшімхан, Д. Жер аңсаған сарыатан [Электрондык ресурс] / Д. Әшімханұлы. - Режим доступа:http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1493-zher_angsahan_saryatan

Әшімхан, Д. Ит жылы [Электрондык ресурс] / Д. Әшімханұлы. - Режим доступа:http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1494-it_zhyly

Әшімхан, Д. Құдайсыздар [Электрондык ресурс] / Д. Әшімханұлы. - Режим доступа:http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1495-qudajsyzdar

Әшімхан, Д. Он бірінші күз [Электрондык ресурс] / Д. Әшімханұлы. - Режим доступа:http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1496-on_birinshi_kuz

 

 

 

Бабықов Б. Ш.

Бабықов Байқадам Шөкшеұлы (1692-1779) – ақын.

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Сібе өзені алқабында дүниеге келген. «Өмір туралы», «Бұл дүние», «Келіндерге», «Тілеуберліге», «Әлиханға», «Не жаман», «Кәрілік» т.б. шығармалардың авторы.
Шығармалары бұрын еш жерде жарияланбаған. Ақынның толғаулары мен айтыстары ҚР ҰҒА ОҒК-ның қолжазба қорында сақталған.

1779 жылы қайтыс болды.

 Б. Ш. Бабықов туралы әдебиет

Литература о Бабыкове Б. Ш.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Байқадам Шөкшеұлы Бабықов: б. 238.

Литература Казахстана : энциклопедический справочник. – Алматы: Аруна, 2010. - С. 94.