Әбішев Самарбек Әбішұлы (1950 ж.) - ұстаз, ақын, тіл жанашыры.
1950 жылы 21 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Қабырға ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Өскемен педагогикалық институтының (қазіргі С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті) тарих, география және биология пәндерінің факультетін тәмамдайды. 1988 жылы ШҚО Саратовка ауылшаруашылығы техникумын тәмамдаған.
Самарбек Әбішұлы еңбек жолын институттан кейін Шыңғыстай орта мектебінде география және биология пәндерінің мұғалімі болып бастап, оқу ісінің меңгерушілігіне дейін жоғарылаған. Кейіннен Катон-Қарағай ауданындағы Аршаты орта мектебінің директоры қызметін атқарды.
1990 жылы «Чернова» кеңшарының партия комитетінің хатшылығына сайланып бұл қызметті 1993 жылға дейін атқарған. Кейін Катонқарағай аудандық балалар және жасөспірімдердің спорт мектебін басқарды. Ұлан ауданының (бұрынғы Таврия ауданы) Саратовка орта мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып барады да, кейін осы мектепте директор болып қызмет атқарды.
2003 жылдан бастап С. Ә. Әбішев облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының тілдерді дамыту бөлімінде істеп, бірнеше жауапты қызметтерді атқарды.
2003-2013 жылға дейін ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарған.
Самарбек Әбішұлының жырлары ХХ ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап оқырманына кеңінен танымал. Аудандық ақындар айтысына белсене қатысып жыр сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген. Автордың «Көңіл толғаулары» (2000) атты жыр жинағы туған жерге деген сүйіспеншілікті, өскен ортасына деген ыстық ықыласты паш етеді.
С. Әбішұлы нені жырласа да, ерекше махаббатпен, шынайы жүрекпен жырлаған, сондықтан да өлеңдері сырлы, сазды, адамның бойын баурап алады.
2013 жылы өз еркімен зейнеткерлік жасына байланысты босатылды. 2013-2021 жылдар аралығында зейнеткер бола тұра, Самарбек Әбішұлы Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында мемлекеттік тіл маманы болып жұмыс атқарды.
Облыс аумағында ана тіліміздің дамуына қосқан ерен еңбегі бағаланып 2010 жылы ҚР Мәдениет Министрлігінің «Мәдениет қайраткері» атанып, 2011 жылы Президент қаулысы бойынша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды.
Қазіргі таңда Алматы қаласында тұрады, құрметті демалыста.
С. Ә. Әбішевтің мерзімді басылымдағы мақалалары
Публикации С. А. Абишева в периодической печати
Әбішев, С. Шығардым тұлпар сөзді шын сайысқа...: [Катонқарағай ауданы Черняховский атындағы совхоздың ақыны Ә. Қаңтарбаевқа "Чернова" совхозының ақыны С. Әбішевтің жауап айтысы] / С. Әбішев // Арай. - 1989. - 29 июль (№91). - Б. 4.
Әбішев, С. Ақтанға : [ақын А. Нұрбаевқа арналған өлең] / С. Әбішев // Арай. - 1996. - 4 қазан (№40). - Б. 4.
Әбішев, С. Депуттаттар ел арасында : [ҚР Парламенті мәжіліс депутаттары облыста іссапарда] / С. Әбішев // Дидар. - 1998. - 27 қазан (№109). - Б. 1.
Әбішев, С. Басты міндет : [Облыстық тіл комитетінің жұмысы жайында] / С. Әбішев // Дидар. - 1999. - 22 наурыз. – Б. 2.
Әбішев, С. О, қазағым, не өтпеді басыңнан. : [өлең] / С. Әбішев // Дидар. - 1999. - 21 қыркүйек (№73). - Б. 2.
Әбішев, С. ХХІ ғасырға - үкілі үмітпен : [Облыста "Жаңа ғасырға - үкілі үмітпен" тақырыбында өткізілген оқушылардың шығарма байқауының қортындылары туралы ] / С. Әбішев // Дидар. - 2000. - 16 желтоқсан (№99) . - Б. 3.
Әбішев, С. Бағдарлама басшылыққа алынды : [жалпы облыс көлемінде мақсатты жұмыс атқару үшін тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы жыл басында жасалып, ол облыстық газеттердің беттерінде жарық көрді. Осы бағдарлама негізінде жыл көлемінде атқарылған жұмыстар туралы] / С. Әбішев // Үш анық. - 2002. – 11-17 ақпан (№7). - Б. 2.

Әбділдин Серікболсын Әбділдаұлы - қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор.
1937 жылы 25 қарашада Семей облысы (қазіргі ШығысҚазақстан), Тарбағатай ауданы, Қызылкесек ауылында туған.
1960 - Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітірді, 1960-1963 жылы – агроном болып жұмыс істеді. 1963-1966 – аспирант, аға ғылыми қызметкер. 1967–1982 - Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары.
1982-1985 жылдары Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы АӨК-ні басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектептің ректоры, 1986-1987 жылдары Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы болып қызмет еткен. 1995 жылдан - Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің (қазіргі - Қазақ ұлттық аграрлық университеті) агробизнес кафедрасының меңгерушісі, профессоры қызметтерін атқарады.
Қазақстан Коммунистік партиясының бірінші хатшысы болды. 1999 жылы Қазақстан президенті сайлауына өз кандидатурасын ұсынды, 11,70% дауыс жинап, Нұрсұлтан Назарбаевтан кейін екінші орын алды. 1996 жылдың сәуір айынан – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы. 1999 жылдың қазан айынан – Қазақстан Демократиялық күштері форумының тең төрағасы.
2002 жылдың ақпан айынан – "Қазақстанның демократиялық таңдауы" ҚБ саяси кеңесінің мүшесі. 2002 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Назарбаевтың жарлығымен құрылған және 2005 жылдың маусымына дейін жұмыс істеген азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу кеңесінің мүшесі болды.
2004 жылдан бастап – Коммунистік партиялар одағы төрағасының орынбасары. 2004 жылдың 2 қарашасында президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде құрылған Демократия және азаматтық қоғам жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болды.
2006 жылдың наурызында Ұлттық комиссия таратылғаннан кейін Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, оған Серікболсын Әбділдин мүше болды.
2010 жылдың 17 сәуірінде Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті мен Орталық бақылау комиссиясының жалпы отырысы болып, онда Ғазиз Алдамжаров партияның бірінші хатшысы болып Серікболсын Әбділдинді алмастырды. Басшылықты ауыстыруды Әбділдиннің өзі ұсынды.
"Қазақстандағы парламентаризмнің қалыптасуы" және "Қазақстан парламенті: одақтан мемлекеттілікке" кітаптарының авторы.
2020 жылдың 1 қаңтарында өмірден өтті.
Ғылыми, әдеби еңбектері, мақалалары:
«Важный рубеж в развитии сельского хозяйства Казахстана» (1974), «Сельское хозяйство Казахстана в 10-й пятилетке» (1977), «Щедрость земли» (1982 в соавт.), «Развитие продовольственного комплекса Казахстана» (1985), «Продовольственный комплекс Казахстана» (1988), «Становление парламентаризма в Казахстане» (1993), «Парламент Казахстана: от Союза к государственности» (1993), «Уроки пережитого и размышления о будущем» (1997), «Один день в многовековой истории Казахстана» (2001), «Организация агробизнеса» (2002), «Компартия от съезда к съезду» (2004), «Земля целинного подвига» (2004), «Отчет депутата» (2004), «От демократии к автократии» (2005), «Суверенен ли Казахстан и граждане Республики?» (2005), «За справедливый Казахстан» (2005), «Социализму в Казахстане нет альтернативы» (2007), «Под знаменем Великого Октября» (2007)
Серікболсын Әбділдиннің ғылыми еңбектері:
Научные труды С. А. Абдильдина
Кітаптар – Книги
Әбділдин, С. Қазақстан Парламенті Одақтан ордалы елге бет түзеп... [Мәтін] / С.Әбділдин. - Алматы : Казақстан, 1993. - 184 б.
Әбділдин, С. Ауыл кәсіпкерінің бизнес-жоспары [Мәтін] / С.Әбділдин. - Алматы, 1998.
Әбділдин, С. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлау [Мәтін] / С.Әбділдин. - Алматы, 1999.Әбділдин, С. Агробизнесті ұйымдастыру: [Мәтін] / С.Әбділдин. -Алматы, 2001.
Әбділдин, С. Ақиқат пен Аңыз [Мәтін] / С.Әбділдин. - Алматы, 2009.
Әбділдин, С. Қазіргі менеджмент: [Мәтін] / С.Әбділдин. - Алматы, 2010.
Әбділдин, С. Қазақ елінің ең биік күні [Мәтін] / С.Әбділдин. - Алматы, 2011.
Әбділдин, С. Қазақстан мемлекеттілігі үшін: 5 томдық [Мәтін] / С.Әбділдин. - Алматы, 2012.
Әбділдин, С. Билік және ауыл. Власть и село [Мәтін] / С.Әбділдин. - Алматы, 2014.
***
Абдильдин , С. Сельское хозяйство Казахстана в десятой пятилетке : итоги и перспективы [Текст] / С. Абдильдин . - Алматы : Кайнар, 1977. - 136 с.
Абдильдин , С. Резервы сельскохозяйственного производства Казахстана. [Текст] / С. Абдильдин . - Алма-Ата: Кайнар, 1982.
Абдильдин, С. Развитие продовольственного комплекса Казахстана [Текст] / С. А. Абдильдин. - Алма-Ата : Наука, 1985. - 159 с.
Абдильдин, С. Комплексное освоение кормовых угодий : Для развития овцеводства [Текст] / [С. А. Абдильдин, И. Г. Архипов, Г. Ф. Измайлов и др.]; Под ред. С. А. Абдильдина. - Алма-Ата : Кайнар, 1986. - 206,[2] с.
Абдильдин, С. Продовольственный комплекс Казахстана [Текст] / [С. А. Абдильдин. -Алма-Ата, 1988.
Абдильдин, С. Становление парламентаризма в Казахстане [Текст] / С. Абдильдин; Межпарламент. ассамблея государств-участников Содружества Независимых Государств. - СПб. : Секретариат совета МПА, 1993. - 90,[2] с.
Абдильдин С. Парламент Казахстана: от Союза к государственности [Текст] / С. Абдильдин. - Алматы: Казахстан, 1993. - С. 54.
Абдильдин С. Уроки пережитого и размышления о будущем [Текст] / С. Абдильдин. - Алматы, 1997.
Абдильдин С. Бизнес-план сельского предпринимателя [Текст] / С. Абдильдин. - Алматы, 1997.
Абдильдин С. Планирование социально-экономического развития (курс лекции [Текст] / С. Абдильдин. - Алматы, 1999.
Абдильдин С. Организация агробизнеса: учебник предпринимателя [Текст] / С. Абдильдин. - Алматы, 2001.
Абдильдин С. Земля целинного подвига [Текст] / С. Абдильдин. - Алматы, 2004.
Абдильдин С. Компартия от съезда к съезду [Текст] / С. Абдильдин. -Алматы, 2004.
Абдильдин С. Корпоративное управление: учебное пособие [Текст] / С. Абдильдин. - Алматы, 2007.
Абдильдин С. Современный менеджмент: учебное пособие [Текст] / С. Абдильдин. - Алматы, 2009.
Абдильдин С. Реалии и мифы [Текст] / С. Абдильдин. - Алматы, 2009.
Абдильдин С. Особый день в истории Казахстана [Текст] / С. Абдильдин. - Алматы, 2011.
Абдильдин С. За государственность Казахстана: 5 томов [Текст] / С. Абдильдин. - Алматы, 2012.
Абдильдин, C. Маркетинг и малые предприятия [Текст] / С. Абдильдин // Мысль. - 1999. - №11-12. -C.34-37.
Абдильдин, С. Выбор оптимального кредитования предприятия [Текст] / C. Абдильдин // Банки Казахстана. - 2006. - №4. - С. 18-22.
Абдильдин, С. Основные документы управленческой финансовой отчетности при переходе на международные стандарты финансовой отчетности (МСФО) [Текст] / С. Абдильдин // Транзитная экономика. - 2006. - №1. - С. 39-46.
Абдильдин, С. Анализ структуры бюджета Республики Казахстан 2011 в сравнении с 2010 годом / Абдильдин С. - Текст // Финансы и кредиты . – 2012. - № 3. - С. 23-25
С. А. Әбділдиннің мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации С. А. Абдильдина в периодических изданиях и сборниках
Әбділдин, С. Қонаев заманындағы дәрежеге бүгінде еңбектеп жете алмай келеміз [Мәтін] / С. Әбділдин // Аңыз адам. - 2011. - № 1. - 40-41 б.
Әбділдин, С. Сталин сияқты көреген көсем дүниежүзінде болмаған [Мәтін] / С. Әбділдин // Аңыз адам. - 2011. - № 18. - 23-24 б.
Әбділдин, С. Мұхтар Шахановтың жанайқайы билікті елең еткізбей отыр [Мәтін] / С. Әбділдин // Аңыз адам . - 2012. - № 12. - С. 42 б.
***
Абдильдин , С. Сельское хозяйство Казахстана в десятой пятилетке : итоги и перспективы [Текст] / С. Абдильдин . - Алматы : Кайнар, 1977. - 136 с.
Абдильдин, C. Маркетинг и малые предприятия [Текст] / С. Абдильдин // Мысль. - 1999. - №11-12. -C.34-37.
Абдильдин, С. Выбор оптимального кредитования предприятия [Текст] / C. Абдильдин // Банки Казахстана. - 2006. - №4. - С. 18-22.
Абдильдин, С. Основные документы управленческой финансовой отчетности при переходе на международные стандарты финансовой отчетности (МСФО) [Текст] / С. Абдильдин // Транзитная экономика. - 2006. - №1. - С. 39-46.
С. А. Әбділдиннің өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и деятельности С. А. Абдильдина
Иванова, Т. Не народ для власти,а власть для народа : [О встрече усть-каменогорцев с канд. в Президенты РК С. А. Абдильдиным] / Т. Иванова Т. - Текст // Рудный Алтай. - 1999. - 1 янв.
Сілтемелер - ссылки:
1. https://newfreelance24.ru/abdildin-serikbolsyn-abdildaevich/
2. https://rus.azattyq.org/a/kazakhstan-almaty-serikbolsyn-abdildin-funeral/30358368.html
3. https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30103087
4. https://www.ktk.kz/ru/newsfeed/article/2020/01/01/136893/
5. https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/umer-obschestvennyiy-deyatel-serikbolsyin-abdildin-387863/
6. https://www.azattyq.org/a/kazakhstan_serikbolsin_abdildin_/28885305.html
7. https://baq.kz/news/othernews/belgili-sayasatker-serikbolsyn/

Ахаев Василий Иванович - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген педагогы, мемлекет және қоғам қайраткері.
1947 жылы 9 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Прапорщиково ауылында дүниеге келген .
Еңбек жолын 1964 жылы «Славянский» совхозында жұмысшы болып бастаған. 1965 жылдан 1968 жылға дейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. Демобилизациядан кейін Өскемен педагогикалық институтын бітірген (қазіргі С. Аманжолов атын.ШҚУ) және 20 жылдан астам өмірін білім беру жүйесіне арнаған.
Дене шынықтыру мұғалімі және Киров орта мектебінің директоры (Прапорщиково ауылы, қазіргі Д.Қонаев атындағы мектеп) болып жұмыс істеген. Оның басшылығымен мектеп жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, ауылдық мектептерде еңбек кәсіптік оқытудың озық тәжірибесін енгізді. Бұл тәжірибе Мәскеудегі Бүкілодақтық мұғалімдер съезінде ұсынылды және КСРО ВДНХ қола медалімен марапатталды.
1988 жылы оның басшылығымен мектеп Ереванда өткен Бүкілодақтық ғылыми-практикалық конференцияда дене шынықтыру және әскери-патриоттық тәрбие тәжірибесі үшін 1 орынға ие болды.
1991 жылдан бастап мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызметті бастады, облыстық билік құрылымдарында басшылық лауазымдарды атқара отырып: Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы және Төрағасының орынбасары, заңдылық және құқықтық тәртіп жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, облыстық мәслихат аппаратының басшысы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен өңірдің қоғамдық ұйымдарын дамытуға белсене қатысты. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрт шақырылымдағы депутаттық корпусының ардагері.
Көпжылдық және мінсіз қызметі үшін Василий Иванович бірқатар жоғары мемлекеттік және халықаралық наградалармен марапатталды: «Құрмет», «I дәрежелі Александр Невский» ордендерімен, «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі», «КСРО Ағарту ісінің үздігі», «Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі» төсбелгілерімен, Қазақстан, Ресей, Моңғолия және Қытай медальдарымен. Сондай-ақ, ол «Алтын барыс» белгісімен және Қазақстан Республикасы Президентінің үш алғыс хатымен марапатталған.
В. А. Ахаев – Қазақстан мен Ресей арасындағы интеграциялық процестерді дамытуға қосқан үлесі үшін және бірлескен экологиялық жобаларды іске асырғаны үшін Шығыс Қазақстан облысының, Ресей Федерациясының Глубокое ауданының және Алтай өлкесінің Құрметті азаматы атанды.
Осы күнге дейін Василий Иванович аймақтың қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Ол Шығыс Қазақстан облысы жанындағы соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшесі және аудандық Ардагерлер Кеңесі төралқасының мүшесі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері запастағы полковнигі, Василий Иванович – бірқатар ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы және туған ауылы Прапорщиково туралы «Стоит село над Иртышом» кітабының тең дәрежедегі авторы.
В. И. Ахаевтың қатысуымен шыққан басылымдар
Издания, вышедшие при участии В. И Ахаева
Будрин, Иван. Стоит село над Иртышом : история села Прапорщиково / И. Будрин, В. Ахаев. - Усть - Каменогорск: ВКПК АРГО, 2024. - 242 с.
В. И. Ахаев туралы әдебиет
Литература о В. И Ахаеве
30 жыл қатарда : кітап - альбом. - Алматы: Ел шежіре ҚҚ, 2017. - 128 б.
***
Ахаев, В. И. Помочь людям найти себя в новой жизни : [беседа с вновь избранным секретарем обл. маслихат - собрания депутатов ...] / В.И. Ахаев // Рудный Алтай. - 1997. - 14 августа. - С.
Семенова, Л. Качество - требование времени : [очередная плановая поездка акима области В.Метте и секретаря облмаслихата В.Ахаева в Тарбагатайский район была динамичной и насыщенной встречами] / Л. Семенова // Рудный Алтай. - 2001. - 17 ноября. - С. 1,2.
Багаутдинов, Ш. "Роль представительных органов власти в жизни страны становится значительней" : этими словами открыл выездной семинар в Катон- Карагайском районе секретарь областного маслихата Василий Ахаев / Ш. Багаутдинов // Рудный Алтай. - 2006. - 20 июля. - С. 2 - 3.
Кратенко, А. Издана история села Прапорщиково / А. Кратенко // Рудный Алтай. - 2006. - 14 октября. - С. 8.
Храпунов, В. В. В Москве скончался бывший первый секретарь Восточно - Казахстанского обкома партии Александр Константинович Протозанов / В. В. Храпунов, В. И. Ахаев // Рудный Алтай. - 2006. - 4 февраля. - С. 1.
Никифоров, В. Василий Ахаев: "Сегодня мы в ответе за жизнь в родном крае" / В. Никифоров // Рудный Алтай. - 2007. - 5 мая. - С. 2.
Мусин, М. Бюро райкома и пионер Ваня Ахаев : к 90 - летию "Рудного Алтая" / М. Мусин // Рудный Алтай. - 2008 - 10 янв. - 10 января. - С. 3.
Ахаев, В. И. Большие приоритеты Большого Алтая : [интервью с председателем МКС "Наш общий дом - Алтай" В. И. Ахаевым] / В. И. Ахаев ; интервью вел В. Никифоров // Рудный Алтай. - 2013. - 26 марта. - С. 1, 3.
Ахаев, В. И. Василий Ахаев: "На пенсии хорошо, а работы еще больше" / В. И. Ахаев, Д. Волкоедова // Рудный Алтай. - 2017. - 11 мая. - С. 8
Пшимбаева, П. Из народа и для народа : [о семье В. И. Ахаева] / П. Пшимбаева // Ертіс алауы=Огни Прииртышья. - 2025. - 14 наурыз (№ 11). - С.1.
Әнет Баба Кішікұлы (1626 -1723) - қазақтың мемлекет қайраткері, құқықтанушы әрі ғалым (би), Хан Ордасы кеңесінің мүшесі, Тәуке хан кеңесшісі (1680-1715).
Әнет Баба арғын тайпасы, тобықты руының кішік руынан шыққан. Оған деген құрмет ретінде «билердің биі» аталады. Бидің атасы Кеңгірбай Жандосұлы, ақын Абай Құнанбайұлының арғы атасы.
Бұхарадағы медресені тәмамдайды. Мұсылмандық құқықтық және теологиялық нормативтерді жақсы білген. Өзінің шешендігімен және әділдігімен белгілі болған. Бірқатар басқа билермен бірге қазақтың әдеттегі құқық нормалары мен шариғат ұйғарымдарының жинағын білдіретін «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан. Ол халық бірлігі, туған жер тәуелсіздігі мен тұтастығын жақтаған. «Ақтабан шұбырынды» аталған Жоңғар шапқыншылығы кезінде бес ұлымен бірге қаза табады.
1723 жылдың көктемінде жоңғар шапқыншылығы басталып, қазіргі Қазақстан аумағында "Ақтабан шұбырынь-ды" деген атпен танымал болған "ұлы апат" кезеңі басталды. Оның қайтыс болған жері Қаратау тауы болып саналады. Әнет бабаның сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидің қабіріне жерленген.
2007 жылы Алматы көшелерінің біріне Әнет Баба есімі берілді.1999 жылы Семейдегі екі мұнарасы бар орталық мешітке ұлы бабамыз - Әнет баба Кішікұлының есімі берілді.Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында Әнет баба Кішікұлы атындағы алаң бар.
Әнет Баба Кішікұлы туралы әдебиеттер
Литература о Анет Баба Кишикулы
Кенгирбай Жандосулы // Казахстан. Национальная энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. - Т. III.
Анет Баба Кишикулы / В. В. Орлов // А - Анкетирование. - М.: Большая российская энциклопедия, 2005. - С. 748.
Құдайбердіұлы Ш., Түрік, Қырғыз, Қазақ һәм хандар шежіресі. - А., 1990.
Мақалалар-Статьи
Әнет баба (1626-1723) [Мәтін] // Ақиқат. - 2005. - №4.- Б.95
Рақышев М. Әнет баба Алматы төрінде [Мәтін] / Рақышев М. // Ертіс өңірі. - 2008. - 23 қаңтар.- Б.8
Екібаев Ж. Әнет бабаны әспеттеу - ұрпақ парызы [Мәтін] / Ж. Екібаев // Дидар. - 2010. - 25 мамыр.- Б.2.
Сейсенұлы Д. Әнет бабаға ескерткіш орнатылды [Мәтін] : [Абай елінде Әнет баба Кішікұлына ескерткіш ашылды] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2011. - 7 желтоқсан.- Б.9.
Бекмұқашұлы , Қуандық. Әнет баба туралы әфсана [Мәтін] : [Орта жүздің биі Әнет баба Кішікұлы туралы.] / Қ. Бекмұқашұлы // Ертіс өңірІ. - 2012. - 7 наурыз.- Б.15.
Бекмұқашұлы, Қуандық. Әнет бабаның ғибраты [Мәтін] : [Әнет баба құран сүрелері мен аяттар туралы.] / Қ. Бекмұқашұлы // Ертіс өңірі . - 2013. - 18 желтоқсан.- Б.11.
Ахметов Даниал Кенжетайұлы - Қазақстанның мемлекет қайраткері, Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі.
1954 жылы 15 маусымда Павлодарда дүниеге келген. Павлодар индустриялық институтының Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс факультетін (Қазіргі С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті) бітірген. Мамандығы бойынша - инженер-құрылысшы.
Еңбек жолын шебер болып бастаған, кейін «Павлодаржилстрой» трестінің үй құрылысы комбинатында прораб болып жұмыс істейді. 1983 жылдан – «Екибастузшахтастрой» комбинатының құрылыс жұмыстары жөніндегі бас инженерінің орынбасары. 1987 жылдан - Екібастұз қалалық халық депутаттары Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1991-1992 жылдары - «Экибастузэнергожилпромстрой» трестінің басқарушысы.
1992-1993 жылдары – Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы. 1993-1997 жылдары - Павлодар облысының әкімі (1995 жылға дейін - Павлодар облыстық әкімшілігінің басшысы).
1997-1999 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.
1999 жылғы қазаннан бастап - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, ал 2000 жылғы желтоқсаннан бастап - бірінші орынбасары болған. Премьер-министрдің орынбасары лауазымында өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация, көші-қон және демографиялық саясат мәселелеріне жетекшілік етті.
2001 жылдың қараша айында Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды. 2003 жылы 13 маусымда ҚР Парламентімен Қазақстанның Премьер-Министрі лауазымына бекітілді. 2007 жылғы 8 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі қызметінен кету туралы өтініш берді.
2007 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. 2009 жылы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен атқаратын лауазымынан босатылады.
2010 жылдың желтоқсанында Даниал Ахметов экологиялық энергетика саласындағы компанияны басқарған. 2012-2014 жылдары – энергетика және инфрақұрылым министрі – Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 950 Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 2017, 2019 және 2022 жылдары Даниал Ахметов үш жыл бойы Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып қайта тағайындалды.
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 16 маусымдағы Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды.
Мемлекеттік наградалары: II дәрежелі «Барыс» ордені (2004), III дәрежелі «Барыс» ордені (1999), «Құрмет белгісі» (1986), «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (2012), «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалі (2008).
Үйленген, екі баласы бар.
Д. К. Ахметовтың жұмыстары
Работы Ахметова Д. К.
Кітаптар - Книги
Ахметов, Д. К. Проблемы адаптации к рынку экономики регионов с высоким уровнем промышленного развития: особенности, механизм (на материалах Павлодарской области) : автореферат диссертации / Ахметов Д. К. - Алматы : Б. и., 1996. - 24 с.
Ахметов, Д. К. Регулирование уровня экономической безопасности государства в условиях рыночной экономики Казахстана : автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата экономических наук / Ахметов Д. К. - Алматы : Б. и., 2003. - 26 с.
Мақалалар - Статьи
Ахметов, Даниал (аким ВКО). Важнейший ресурс развития : [в Восточном Казахстане осуществляются комплексные планы социально-экономического развития пяти приграничных районов. О первых результатах этой работы в эксклюзивном интервью «Казахстанской правде» рассказал аким области Даниал Ахметов] / Д. Ахметов ; интервью провела Г. Вологодская // Казахстанская правда. - 2020. - 4 ноября. - С. 4-5
Тезисы доклада акима ВКО Д. Ахметова на отчетной встрече перед населением 26 февраля 2021 г. : деятельность местных исполнительных органов области направлена на выполнение задач, поставленных Главой государства К.-Ж. Токаевым, ориентированных на сохранение уровня жизни населения, реализацию антикризисных мер предупреждение распространения короновируса // Рудный Алтай. - 2021. - 23 февраля. - С. 1-3.
Д. К. Ахметов туралы әдебиет
Литература об Ахметове Д. К.
Кітаптар - Книги
Видова, О. И. Нурсултан Назарбаев : [в т. ч. есть биографическая информация о Даниале Ахметове] / Видова О.И. - 3-е изд., доп. - Ростов н/Д : Феникс, 2003. - 448 с. - (След в истории).
Мақалалар - Статьи
О назначении Ахметова Д. К. акимом Восточно-Казахстанской области : Указ Президента РК от 11 ноября 2014 г. № 950 // Казахстанская правда. - 2014. - 12 ноября. - С. 1
Асипова, Г. Восточный Казахстан: курс на инновации : [о социально-экономическом развитии Восточного Казахстана под руководством Д. Ахметова: нововведения, итоги, перспективы] / Г. Асипова // Рудный Алтай. - 2016. - 23 июля. - С. 4-5
Березовская, С. Каким должен быть хороший аким : [о ликбезе на совещании Д. Ахметова по вопросу компетентности акима] / С. Березовская // Рудный Алтай. - 2017. - 20 апреля. - С. 2-3
Лазурина, Елена. Регион стремится к международным стандартам : здравоохранение, образование, строительство и ввод жилья, культура, спорт - это именно те сферы, от которых напрямую зависит качества жизни от людей. Они и стали главными темами беседы акима ВКО Даниала Ахметова с представителями СМИ во время пресс-конференции, прошедшей в Службе центральных коммуникаций / Е. Лазурина // Рудный Алтай. - 2019. - 23 ноября. - С. 1.
Сарсембаева, Бахыт. Путь лидера : аким Восточно-Казахстанской области встретился со студенческой молодежью региона / Б. Сарсембаева, Т. Шаяхмет // Рудный Алтай. - 2019. - 30 ноября. - С. 2.
Кирдяпкина, Кристина. Диалог в прямом эфире : глава региона Даниал Ахметов ответил на вопросы жителей ВКО в прямом эфире программы "Час акима" на телеканале ALTAY / К. Кирдяпкина // Рудный Алтай. - 2019. - 24 декабря. - С. 1.
Положительный вектор развития : Касым-Жомарт Токаев принял акима Восточно-Казахстанской области Даниала Ахметова // Рудный Алтай. - 2020. - 9 января. - С. 2.
Сапаргалиев, Таир. Особое внимание приграничным районам : глава региона Даниал Ахметов принял участие в режиме онлайн в отчетной встрече акима Тарбагатйского района Асхата Смаилова с населением / Т. Сапаргалиев. - Текст // Рудный Алтай. - 2021. - 16 февраля. - С. 1.
Янцен, Софья. О дальнейшем развитии Восточно-Казахстанской области : на пресс-конференции в СЦК Восточно-Казахстанской области Даниал Ахметов рассказал о развитии региона в рамках Послания Президента Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана / С. Янцен // Вести Семей. - 2021. - 16 ноября. - С. 1.
Молдашева, Риза. Благополучная жизнь казахстанцев - подарок нашей независимости : эксклюзивное интервью для газеты акима ВКО Даниала Ахметова / Р. Молдашева // Вести Семей. - 2021. - 7 декабря. - С. 1-2.
Гуляева, Екатерина. Эффективные решения и прорывные проекты : [аким ВКО Даниал Ахметов подвел итоги социально-экономического развития региона за 1-е полугодие 2022 года] / Е. Гуляева // Рудный Алтай. - 2022. - 16 июля. - С. 1, 4-5