Матыжанов Кенжехан Слямжанұлы (1957 ж.) - ҚР БҒМ ҒК М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры. Филология ғылымдарының докторы, «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері» (2007). Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері.
1957 жылы 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін (1978) және аспирантурасын (1985) бітірген.
Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысында мұғалім болып бастаған. 1986 жылдан Ұлттық Академияның М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері болған. 1990 жылы – «Қазақ фольклорындағы балалар поэзиясы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.
1990-1992 жылдары – Қазақстан Ғылым Академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімінің ғылыми хатшысы, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының доценті.
1992 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппаратының Ішкі саясат бөлімінің аға референті.
1993 жыл – Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Тілдер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
1995-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық саясат комитетінде мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы, ҚР Үкіметі аппаратында әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің тіл саясаты жөніндегі кеңесшісі, ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің тіл саясатын үйлестіру департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Тілдерді дамыту департаментінің бөлім бастығы болып жұмыс істеді. Мемлекеттік терминология және ономастика комиссияларының тұрақты мүшесі болды.
1999-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейі директорының ғылым жөніндегі орынбасары, 2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры.
2005 жылдан бастап Алматы қалалық әкімдігінде, Мәдениет департаменті директорының орынбасары, Тілдерді дамыту басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 2010 жылдан бастап Алматы қаласының ішкі саясат басқармасын басқарды.
2012 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2004 жылы «Қазақтың отбасылық ғұрып фольклоры» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» марапаттары бар.
100-ден астам ғылыми және танымал ғылыми мақалалардың авторы. Негізгі еңбектері: «Рухани уыз». Монография (1995, 2008), «Алтын сандық» (1996), «Тал бесіктен жер бесікке дейін» (1996), «Ел қазынасы ескі сөз» (1997), «Қазақтың отбасы фольклоры». Монография (2007).
К. Матыжанов мақалалары
Статьи Матыжанова К.
Матыжанов, К. Біздің бірегей брендіміз / Кенжехан Матыжанов // Егемен Қазақстан. - 2013. - № 35. - 20 ақпан. - 5 б.
Матыжанов К. Біздің бірегей брендіміз [Текст] / Матыжанов К. // Егемен Қазақстан. - 2014. - 20 ақпан. - С. 5 б.
Матыжанов, К. Күнге бет алған керуен [Текст] / Матыжанов К. // Егемен Қазақстан . - 2015.- 13 ақпан (№ 29). - 5
Матыжанов, К. Өз міндеттерін алаңсыз атқаратын болады [Текст] / Матыжанов Кенжехан // Егемен Қазақстан . - 2015.- 28 мамыр (№ 98). - 3
Матыжанов, К. Ұлттық рух энциклопедиясы [Текст] / Матыжанов Кенжехан // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 12 - 18 тамыз (№ 30). - 20-21
Матыжанов, К. Ұлттық рух энциклопедиясы [Text] / К. Матыжанов // Қазақ әдебиеті. - 2016. - № 30 (3508). - 12-18 тамыз. - 20-21 б..
"Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық": Озықтан үйрен, тозықтан жирен [Текст] // Түркістан . - 2017.- 12 қазан (№ 41). - 1, 8-9
Матыжанов, К. Фин тағылымы [Текст] / Матыжанов Кенжехан // Егемен Қазақстан . - 2017.- 15 мамыр (№ 90). - 8
***
Матыжанов, К. Педагогическое мастерство: шаги в будущее [Текст] / Образование // Мысль. - 2016. - №10. - С. 7-9.
Матыжанов, К. Служение человечеству [Текст] : [юбилей А. Нурпеисова] / К. Матыжанов // Казахстанская правда. - 2019. - 22 октября. - С. 5
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Матыжанов Кенжехан Слямжанович [Электронный ресурс] [биография] // Международная академия информации : сайт. - Режим доступа : http://academy.kz/kz/normativnye-akty/blogger/listings/matyjanov
Машанов Ақжан Жақсыбекұлы (1906-1997) - геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор.
Машанов Ақжан Жақсыбекұлы – тау-кен инженері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының алғашқы құрылтайшыларының бірі және корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстанда геомеханиканың негізін салушы, жазушы. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген. КСРО Ғылым академиясының Қазақстан бөлімшесінде, Геология ғылымдары институтында, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында, Қазақ политехникалық институтында ғылыми-зерттеу және педагогикалық жұмыстармен айналысты. Негізгі ғылыми бағыты геомеханиканың құрылымы кристалдық заңдылықтарды зерттеуге арналған. Ол геометрия, оптика, механика, химия, геохимия, кристалдық химия, география, геология, технология тәрізді пәндердің сабақтастығын анықтау кезінде біртұтас геомеханика заңдылығын ашып, қағидасын тұжырымдады. Сөйтіп, өз алдына дербес ғылым саласының ортақ өзегін іздеу барысында Эйлер теориясын жаңғыртатын жаңалық жасады.
Ғалым тау-кен өндірісінде геомеханика заңдарын іс жүзінде қолдана отырып, бір-біріне қарама-қарсы екі мәселені шешуді мақсат етті:
1) тау жыныстарының кернеулі-деформация күйінің теориялық негізін анықтау;
2) тау-кен жұмыстары кезінде күрделі кен қазбаларының, жер бетінің орнықтылығын және жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау. Осы мәселелерді біріктіре шешу тау жыныстарының жер қойнауындағы жай-күйін, құрылымдық ерекшеліктерін және беріктілік қасиеттерін зерттеуге негізделген. Жер астындағы кеннің геологиялық құрылымын анықтау үшін алғаш рет жер қойнауының геометриясы әдісін қолдана отырып, Ақбастау, Құсмұрын кен өрісін ашты. Қазақстанда геомеханика мектебін құруға және соғыс жылдарында Лениногор, Зырян, Торғай, Жезқазған, Қаратау кен орындарын ашуға қатысты. Машанов геология, тау-кен ісі, маркшейдерия ғылымдарының мемлекеттік тілде дамуына ерекше көңіл бөліп, қазақ тілінде оқулықтар мен сөздіктер шығарды. Жаратылыстану ғылымдарындағы ұлттық құндылықтарды сабақтастыра отырып, гуманитарлық мазмұн-сипатта дамытуда көп іс атқарды. Сонымен қатар қазақ әдебиетінің ғылыми-көпшілік, фантастикалық жанрларына да үлес қосты. Оның «Жер астына саяхат» атты кітабы көптеген оқырмандардың геолог, тау-кен мамандықтарына деген қызығушылығын оятты.
А. Машанов әл-Фараби еңбектерін түп нұсқасында оқу үшін 60 жасқа таяған шағында араб тілін меңгеріп, ғұлама ғалым еңбектерін тереңінен зерделеуге мүмкіндік алады. Иоганн Кеплердің «Аспан музыкасы» деген кітабындағы көп деректердің әл-Фарабидің «Астрологиялық трактаттарынан» алынғандығына көз жеткізеді. Осы жөніндегі өз ғылыми тұжырымдамасын «Орта Азияның мәдениет шамшырақтары» мақаласында түйіндеп, оны 1972 жылы Кувейтте жарық көретін «әл-Фараби» журналында жариялайды. Артынша Кувейттің белгілі ғалымдары «жұлдыздар туралы алғашқы ғылыми пікір білдірген Әбу Насыр әл-Фараби екенін қазақстандық Ақжан әл-Машани мырза толық дәлелдеді» деп жазды. Ақжан Жақсыбекұлының баға жетпес, ерлікке пара-пар еңбегі - ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұрасын зерттеп, оның Отырар өлкесінің перзенті, қазақ екендігін дүниежүзі ғалымдарына мойындатқаны еді. Бұл жолда ол Батыс Еуропа, Азия елдерінің, Лиссабон, Лондон, Париж, Берлин, Қазан қалаларындағы кітапханалардан әл-Фараби еңбектерін жинады. 1968 жылы Дамаск қаласындағы зираттан әл-Фараби жерленген қабірді тауып, 1978 жылы Алматыда бабамыздың 1100 жылдығына арналған халықаралық конференцияны өткізудің көшбасшысы болды.
Ол әл-Фараби мұрасын ислам дінімен және қазақ халқының ұлттық дүниетанымымен сабақтастыра зерттеу нәтижесінде фарабитанудың негізін салушылардың бірі ретінде де кеңінен танылды. «Әл-Фараби» тарихи романында оның көркем бейнесін сомдаса, «әл-Фараби және Абай» еңбегінде екі ғұлама арасындағы ғылыми және рухани байланыстар мәселесін зерделеді. Түркі тілдес халықтардың мәдени мұраларын, ғылым тарихын, ислам ғылымын зерттеуде де көп тер төкті. 1984 жылы Кувейтте шығатын «әл-Ғараб» мерзімдік басылымында «әл-Машани» бүркеншік атымен өзінің зерттеулерін жариялады. Машанов 200-ден астам ғылыми мақалалар, 10 монография, 5 оқулық, және 8 ғылыми көпшілік кітаптар жазып, артына өшпес мұра қалдырды. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Жаратылыстану институтына әл-Машани аты беріліп, әл-Машани мұраларын зерттейтін орталық пен Машани аудиториясы ұйымдастырылды.
А. М. Машановтың ғылыми еңбектері
Научные труды Машанова А. М.
Кітаптар - Книги
Машанов, А.Жер астына саяхат [Электрондық ресурс]: ғылыми- фантастикалық әңгімелер / А. Машанов. - Алматы: Қазмемкөркемәдеббаспасы, 1957. - 230 б.
Машанов, А.Ғажайып от ошағында / А. Машанов, Ж. Машанова. - Алматы: Қазақстан, 1978. - 144 б.
Машанов, А. Табу: ғылыми фантастика / А. Машанов. - Алматы: Қазақстан , 1982.
Машанов, А.Әл-Фараби және Абай / А. Машанов. - Алматы: Қазақстан, 1994. - 192 б.
***
Машани, А. Многотомное собрание сочинений / А. Машани; ред. Ш. А. Абдраман.
Т. 8 : Аль-Фараби и современная наука. Солнечные часы в Казахстане: монография, научная статья / ред. Ш. А. Абдраман. - Алматы : Алатау, 2008. - 218 с. - Библиогр.: с. 201-205, 216.
Мақалалар - Статьи
Машани, А. Бюджеттік бәсірені бөлісу: қиындықтар мен қайшылықтар / А. Машани // Заң газеті. - 2004 - № 12.
Машанов, А. Дүние емес, білім жиған ғұлама / А. Машанов // Аңыз адам . - 2011. - № 17. - Б. 37. - Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби туралы.
Машанов, А. Жаңа идеяны батыл қолдайтын / А. Машанов // Аңыз адам . - 2012. - № 13. - Б. 15. - Геолог ғалым Қ. Сәтбаев туралы естеліктер.
Өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и деятельности
Жүз тұңғыш: жинақ. 2-ші кітап. - Алматы: Жалын, 2005 - 352 б.
Әбдіраман, Ш. Ақжан Машани: ғұмырнамалық деректі хикая / Әбдіраман Ш. - Алматы: Қазақстан, 2007. - 392 б.
Қыдыр, Е. Отырар / Е. Қыдыр. - Астана: Фолиант, 2009. - 300 б.
Ләмбекұлы, С. Қарқаралы / С. Ләмбекұлы. - Астана: Фолиант, 2011. - 280 б.
***
Казахстан: национальная энциклопедия. Т. 3. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы. - 2005. -Машанов Акжан Жаксыбекович: С. 503-504.
Казахстан: краткий энциклопедический словарь. - Алматы: Алматыкитап. - 2005. - Машанов Акжан Жаксыбекович: С. 305.
***
Әбдраман, Ш. Баба батасы: А. Машановтың туғанына 100 жыл толуына орай / Ш. Әбдраман // Жұлдыз. - 2003. - № 11. - Б. 30-102.
Ғұлама ғалым Ақжан Машанидың 100 жылдығын қалай атап өтеміз? // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 4 сәуір. - Б. 4-5.
Төлеубаев, Е. Ақжан әл -Машани / Е. Төлеубаев // Жас алаш. - 2003. - 19 маусым. - Б. 5.
Әбдіраман, Ш. Дүниетанымы аспанмен астасқан ұлт: А. Машановтың туғанына 100 жыл толуына орай / Ш. Әбдіраман // Жұлдыз. - 2004. - № 3. - Б. 148-165.
Төлеубаев, Е. Ақжан Жақсыбекұлы әл Машани (Машанов) және Семей / Е. Төлеубаев // Семей таңы. - 2004. - 23 шілде. - Б. 4.
Әбдіраман, Ш. Дегдар: [Машанов А. Ж. туралы] / Ш. Әбдіраман // Егемен Қазақстан. - 2005. - 17 мамыр. - Б. 4.
Бейсенова, Ә. Ақжан ағаның алыптығы / Бейсенова Ә. // Егемен Қазақстан. - 2006. - 13 қазан. - Б. 4.
Әбдіраман, Ш. Естен кетпес бір сұхбат. Ғұлама ғалым Ақжан Машанидың қоңыр үні әлі күнге құлағымда тұрғандай / Ш. Әбдіраман // Түркістан. - 2007. - 5 сәуір. - Б. 10.
Назырбаев, Қ. Ақжан атаның Алтайдағы күндері / Қ. Назырбаев // Егемен Қазақстан. - 2013. - 30 қаңтар. - Б. 10.
Кішібеков, Д. Әулиедей адам еді / Д. Кішібеков // Қазақ әдебиеті. - 2015. - 8 - 14 мамыр. - Б. 12 .
Панзабеков, К. Ақжан Машаниге жазылған арыздың ақыры / К. Панзабеков // Қазақ әдебиеті. - 2016. - 30 қыркүйек - 6 қазан. - Б. 12.
Тәшенов, Т. Пайғамбарлар есебін неге пайымдай алмадық?: [еврейлердің Каббаласы мен Абжад(әбжад) есебі, ежелгі құпия ілім туралы] / Т.Тәшенов // Айқын. - 2016.- 24 қыркүйек. -Б. 23. -
***
Они были первыми: [справочник]. - Алматы: Алматыкiтап, 2007. - 296 с.
Сарсеке, М. Евней Букетов: феномен личности / Сарсеке М. - Астана: Фолиант, 2007. - 647 с.
Путешествие в глубь земли продолжается... : к 100-летию академика А. Ж. Машани// Рудный Алтай.- 2006. - 14 октября. - С. 6.
Момынова Багдан Катаевна (1957г.р.) - доктор филологических наук, профессор.
Родилась в селе Топтерек Курчумского района Восточно-Казахстанской области.
В 1979 годах окончила филологический факультет Казахского государственного национального университета, в 1989-1993 годах окончила очную аспирантуру этого вуза.
Научная деятельность:
В 1993 году защитила кандидатскую диссертацию, в 1999 году докторскую диссертацию, в 2001 году присвоено звание профессора. Под научным руководством Багдан Момыновой защищены 15 кандидатских, 1 докторская, 2 Phd докторских и около 60 магистрских кандидатских диссертаций. Принимала участие в международных научно-теоретических конференциях в Гранаде, Стамбуле, Москве, Пекине, Великом Новгороде, Суздале, Омске, Бишкеке, Казани (2007-2018гг), по приглашению факультета казахского языка и литературы читала лекции в Пекинском центральном университете наций, Китай. Научные интересы ученого: история казахского литературного языка, лингвистика текста, паралингвистика, орфография, лексикография.
В разные годы работала:
Заместителем декана по учебной работе КазНУ им. Аль-Фараби, член Ученого совета университета, заведующий кафедрой казахской филологии, заместитель председателя диссертационного совета по присуждению ученой степени доктора филологических наук по казахскому и тюркскому языкам, заведующая кафедрой казахской филологии, член Государственного комитета терминологии при Правительстве Республики Казахстан, член редколлегии журнала «Терминологический вестник», член редколлегии журнала серии "Вестник КазНУ" филология.
Момынова Багдан Катаевна - одна из составителей 15-томного «Толкового словаря казахского литературного языка» в рамках государственной программы «Культурное наследие», автор 5 монографий, 8 учебников и более 200 научных статей. Научный руководитель грантовой группы, объявленной Министерством образования и науки Республики Казахстан, куратор группы по работе с грантом ККО «АДЖИП», куратор группы, работающей по гранту Министерства образования и науки Республики Казахстан по теме «Национально-культурный код в казахстанском языковом пространстве: функции в определении архетипического статуса символа и историко-культурного типа. Языковая личность ".
Мамынова Б. К. с 2014 года главный научный сотрудник Института языкознания им. Ахмета Байтурсынова, член Академии наук Республики Казахстан. В последние годы активно участвует в переходе на латиницу казахского алфавита. Является членом орфографической, методической комиссии, рабочих групп и одним из разработчиков основных правил орфографии, проспекта в связи с переходом на новый латинский алфавит.
Награды и почетные звания:
Лауреат Премии Ш. Валиханова (2005г); Обладатель гранта лучшему преподавателю вуза, назначаемого Министерством образования и науки Республики Казахстан (2006 г.); Обладатель гранта лучшему преподавателю вуза, назначаемого Министерством образования и науки Республики Казахстан (2011 г.); Победитель номинации «Лучшее издание языкознания» (в соавторстве 2015 г.); Учебник «Морфология казахского языка» в номинации «Лучший учебник» Аль-Фараби 2-й степени (2015 г.); Награждена дипломом КазНУ, «Почетный доктор» Восточно-Казахстанского государственного университета.
Б.Қ. Момынованың еңбектері
Труды Б.К. Момыновой:
Момынова Б. Қазақ тіліндегі Ым мен Ишараттың қазақша-орысша түсіндірме сөздігі= Казахско-русский толковый словарь мимики и жестов в казахском языке [Мәтін] / Момынова Б., Бейсембаева С. - Алматы: Қазақ университеті, 2003. - 136 б.
Момынова Б. Қазақ әдеби тілінің тарихы [Мәтін] / Момынова Б. – Алматы: Атлас баспасы, 2006. – 200 б.
Момынова Б. Қазақ тілі морфологиясы. Есімдер. [Мәтін] : оқу құралы / Момынова Б., Саткенова Ж. – Алматы: Арыс, 2007. - 120 б.
Момынова Б. Шәкәрім поэзиясының тілі [Мәтін] : (лексика-функциялды ракурс) / Б. Момынова. – Алматы: Арыс, 2008. - 253 б
Момынова, Бағдан. Тілдегі жаңа бағыттар мен типтік қатынастар [Мәтін] : оқу құралы / Б. Момынова. – Алматы: Арыс, 2009. - 160 б.
Момынова, Бағдан. Қазақ ым-ишараттарының түсіндірме сөздігі [Мәтін] : сөздік / А. Байтұрсынұлы ат. Тіл білімі институты. – Алматы: Дайк-Пресс, 2017. – 288 б.
Б. Қ. Момынованың мерзімді баспасөз бетінде жариланған мақалалары
Статьи Б.К. Момыновой опубликованные на страницах периодической печати:
Момынова Б. Газет тіліндегі экспликация мен импликация [Мәтін] / Б. Момынова // Қазақстан Жоғары мектебі. – 1999. – №4-5. – Б.10-13
Момынова Б. Дұрыс тамақтану- қанқұрттың емі. [Мәтін] : [Дәрігер кеңесі] / Б. Момынова // Дидар. – 1999. – 18 мамыр. – Б.
Момынова Б. Сөз мағыналарының эволюциясы [Мәтін] / Б. Момынова // Қазақстан Жоғары мектебі. – 1999. – №5. – Б.121-125
Момынова Б. Стилистикалық терминология: баспасөз тілінің термин қалыптастырудағы қызметі [Мәтін] / Б. Момынова // Тілтаным. – 2003. - №1. – Б.31-37
Момынова Б. Терминология дербес ғылым емес [Мәтін] / Б. Момынова // Ана тілі. – 2004. – 18 наурыз. – Б.8
Момынова Б. Шәкәрім және қазақ ұлттық жазба әдеби тілі [Мәтін] / Б. Момынова // Шәкәрім әлемі. – 2006. – №2. – Б.64-69.
Момынова Б. Қазақ тілі морфонологиясы саласын қалыптастырудағы профессор А. Айғабыловтың еңбегі [Мәтін] / Б. Момынова // ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы. – 2006. – №4. – Б.3-4
Момынова Б. Бұл - бәрімізге қажетті сөздік [Мәтін] / Б. Момынова // Түркістан. – 2009. – 25 маусым (№ 25). – 6
Момынова Б. Адамды алға жетелейтін нәрсе -жақсылық [Мәтін] : [Профессор Б. Момыновамен сұхбат] / Б. Момынова // Дидар. – 2017. – 24 қазан. – Б.4.
Момынова , Бағдан. Марат Қабанбайдан қалған сұрақ "неге ?" [Мәтін] / Б. Момынова // Қазақ әдебиеті. – 2018. – 31 тамыз. – Б.10-11.
Б. Қ. Момынова туралы мақалалар
Статьи о Б.К. Момыновой
Картаева А. М. Әдеби өлкетану [Мәтін] : ( Шығыс Қазақстанның қаламгерлері шығармашылығы бойынша ) оқу құралы / А. М. Картаева. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "Берел" баспасы, 2016. – 166 б. (Введено оглавление)
Сағындықұлы Б. Салада өз соқпағы бар / Сағындықұлы Б. - Мәтін // Айқын. – 2017. – 1 қыркүйек (№ 131). – 7. – Профессор Б.Момынова туралы.
Саткенова Ж.Б. Ұстаз жолы [Мәтін] / Ж. Саткенова // Қазақ әдебиеті . – 2017. – 23-29 маусым (№ 26). – Б.13.
Күдедаев, Р. Профессор Момынованың еңбегі ескерусіз қалмас : профессор Бағдан Момынова туралы / Р. Күдедаев. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2024. - 22 тамыз(N32). - Б. 14.
Мекішев Бақтажар (1927-2005) – өнертанушы, тарихшы, Қазақстан мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер.
1927 жылы 12 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Абыралы ауданы (қазір бұрынғы Семей аумағына қарасты аудан) Қайнар ауылында дүниеге келген. 1949 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін бітіріп, 1952 жылы осы оқу орнында аспирантураны аяқтайды. 1952-1957 жж. Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде (ВДНХ) экскурсовод-аудармашы болады. 1957-1960 жж. – Алматы қаласындағы Балалар мен жасөспірімдерге арналған Қазақ академиялық театрында әдеби бөлім меңгерушісі қызметін атқарып, 1960-1999 жж. – С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде (қазір әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ) «Семь муз» қоғамын ұйымдастырды. «Қыз Жібек» эстетикалық клубында жетекші болды.
«Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры», «Әлемнің жеті кереметі», «Өнер әлеміне саяхат», «Достық мектебі» кітаптарының авторы.
2005 жылы Алматы қаласында қайтыс болды.
Б. Мекішевтің еңбектері
Труды Мекишева Б.
Мекішев, Б. Әлемнің жеті кереметі [Мәтін] / Б. Мекішев. - Алматы : Өнер, 1982. - 176 б.
Мекишев, Б. Казахский государственный академический театр оперы и балета им. Абая [Текст] : (к 20-летию со дня основания) / В. Мекишев, Г. Бисенова. - Алма-Ата : Каз. гос. изд-во худож. лит., 1954. - 163 с.
Мақалалар - Статьи
Мекішев, Б. Әмина апай.... [Мәтін] : [қазақ киносының актрисасы Ә. Өмірзақова туралы ] / Б. Мекішев // Жас алаш. - 1999. – 13 қараша. - Б. 3.
Мекішев, Б. Бибігүл Төлегенова. [Мәтін] / Б. Мекішев // Жас алаш. - 1999. - 16 желтоқсан.
Б. Мекішев туралы әдебиет
Литература о Мекишеве Б.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Мақсұт Мұрат: б. 529.
Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1. Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. — Астана : Фолиант, 2011. — Б. 243.
Сабырбаев, Қ. "Жеті музаның" желкенін көтерген [Мәтін] : [Семей өңірінің тумасы ұстаз Бақтажар Мекішұлы туралы] / Қ. Сабырбаев // Семей таңы. - 2001. - 23 қараша. - Б. 9.
Интернет-сілтемелер
Интернет-ссылки
Мекішев Бахтажар [Электрондық ресурс] // Уикипедия – ашық энциклопедия : сайт. – Пайдалану орны : https://kk.wikipedia.org/wiki/Бахтажар_Мекішев (01.06.2018)
Мұтанов Ғалымқайыр (1957 ж.) – техника ғылымдарының докторы, профессор, оннан аса халықаралық академия академигі.
1957 жылы 27 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Белтерек ауылында дүниеге келген. 1979 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (қазір Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті) бітірген. Еңбек жолын Рудененск индустриалды институтында бастап, онда 1979-1994 жылдары ассистент, оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Мәскеудің болат-қорытпа институтында екіжылдық ғылыми тәжірибеден өткен (1980-1982). Мәскеу мемлекеттік тау-кен университетінің аспирантура және докторантурасын бітірген (1983-1986). Кандидаттық және докторлық диссертациясы жасанды интеллектіні пайдалана отырып, технологиялық процестерді автоматты басқару тақырыбына арналды. Ғалымқайыр Мұтанов 36 жасында техника ғылымдарының ең жас докторы, техникалық және әлеуметтік-техника саласының белгілі ғалымы атанды. 1995 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды. Мұтановтың басшылығымен Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 7 жыл бойы елімізде және елімізден тысқары жерлерде үздік оқу орны ретінде танылды. 2002 жылы Ғалымқайыр Мұтанов ҚР Білім және ғылым саласының алғашқы вице-минстрі болып тағайындалды. Ол бұл қызметте білім мен ғылымды жаңғырту ісіне, Қазақстанның әлемдік білім және ғылыми кеңістігіне кірігуіне елеулі үлесін қосты. 2003 жылы Ғ.Мұтанов Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры болып тағайындалды. Оқу орнында қысқа мерзім арасында жүргізілген инновациялық өзгерістер өңірдің жаңа бағытта тиімді дамуына ықпалын тигізді. Елімізде тұңғыш рет инновациялық жоғары оқу орны – «университет-технопарк» үлгісі жүзеге асты. 2010 жылы Ғ.Мұтанов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды.
Ғ. Мұтанов оннан аса халықаралық академияның академигі, 400 ден аса ғылыми публикация авторы, соның ішінде 20 дан аса АҚШ, Чехия, Швеция, Германия, Швейцарияда жарық көрген әлеуметтік-экономикалық, техникалық процестер мен жүйелер саласы бойынша әдістемелік құралдар, монографиялар, оқулықтардың авторы; 40 тан аса патенттер мен өнертабыстар авторы болып табылады.
Ғ.Мұтанов жасанды интеллектіні қолдану, сараптамалық жүйелер негізінде техникалық және әлеуметтік-экономикалық саласын басқару бойынша ғылыми мектеп құрды. 2014 жылы әлемге танымал «Шпрингер» баспасы автордың еңбегін бағалап, «Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting» атты кітабын шығарды.
Ғ. Мұтановтың басшылығымен 4 докторлық және 30 дан аса кандидаттық және 3 PhD диссертация қорғалды.
«Парасат» (2006) және 3-дәрежелі «Барыс» (2014) ордендері; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» мерекелік медальдары; «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасы Президентінің Ерекше белгісі» төсбелгілерімен марапатталған.
Құрметті атақтары: «ҚР ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер», ҚР құрметті инженері, вице-президент және ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі,Қазақстан Жоғарғы мектебі Ұлттық ғылым академиясының президенті,Бүкіләлемдік Өнер және Ғылым Академиясының мүшесі (The World Academy of Art and Science),Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубының вице-президенті,«Техникалық жоғарғы оқу орнының европалық оқытушысы»,ҚР ҰҒА-ның белгілі ғалымдарға арналған гранты,IGIPХалықаралық инженерлік педагогика қоғамының Орталық-Азия бөлімінің президенті және мониторинг комитетінің мүшесі (Швейцария),Халықаралық Университеттер Президенттері Ассоциациясының Мүшесі (International Association of University Presidents),Халықаралық эконометрия қоғамының мүшесі (Econometric Society), Корольдік Экономикалық қоғамының мүшесі (Royal Economic Society).
Шетелдік марапат иегері:Академиялық пальма орденінің кавалері (Франция) және Ерекше қызмет орденінің иегері (Польша).Қоғамдық ұйымдар марапаттары:«Ғылым және білім беру ісіндегі ерен жетістіктері үшін», Жоғарғы мектептің Халықаралық ғылым академиясының атаулы алтын медалі, Жаратылыстану ғылымдары Қазақ Ұлттық Академиясының алтын медалі,М. Кюри алтын медалі, ТМД ордені (Мәскеу), Халықаралық библиография орталығының күміс медалі (Кембридж), «Біріккен Еуропа» алтын медалі (Оксфорд),«Ғылымдағы есім» халықаралық марапаты (Оксфорд), Лиссабон жоғарғы инженерлік институтының «Ғылым және инновациядағы ерен жетістіктері үшін» медалі (Португалия), Бехешти университеті медалі (Иран), Иордания ғылым және технология университетінің медалі.
Ғ. М. Мұтановтың шығармалары
Произведения Г. Мутанова
Кітаптар - Книги
Мұтанов, Ғ. Жан жылуы [Мәтін] / Ғ. Мұтанов. - Алматы : Қазақ университеті, 2017. - 128 б.
Мұтанұлы, Ғ. Жаһанға жаңа тұрпатты университеттер керек [Мәтін] / Ғ. Мұтанұлы // Қазақ әдебиеті . - 2019. - 15 наурыз.- Б.6-7; 20-21.
Мұтанұлы , Ғ. Жаһанға жаңа тұрпатты университеттер керек [Мәтін] / Ғ. Мұтанұлы // Қазақ әдебиеті. - 2019. - 15 наурыз.- Б.6-7
Мұтанұлы, Ғ. Әл-Фарабидің әлемдік өркениетте алар орны ерекше [Мәтін] : сұхбаттасқан Р. Нұғманбекова / Ғ. Мұтанұлы // Дидар. - 2020. - 21 шілде.- Б.4.
Мұтанов, Ғ. Ғұлама [Текст] : [ғалым Ақжан Жақсыбекұлы Машанов туралы] / Ғ. Мұтанов // Егемен Қазақстан. - 2021. - 29 желтоқсан.- Б.7
***
Мутанов, Г. Образование. Наука. Инновации [Текст] / Г. М. Мутанов. - Усть-Каменогорск : Изд-во ВКГТУ, 2010. - 226 с.
Авторларымен бірігіп шыққан басылымдар
Издания, вышедшие в соавторстве
Мутанов, Г. М. Теория графов [Текст] : Учеб. пособ. для математических спец. вузов / Г. М. Мутанов, Р. А. Акбердин. - Алматы : Рауан, 1999. - 256 с.
Мутанов, Г. М. Математическое моделирование бюджета [Текст] / Г. М. Мутанов, А. У. Шинтемирова. - Астана, 2008. - 176 с.
Мутанов, Г. М. Синтез адаптивных алгоритмовиуправления непрерывными технологическими процессами [Текст] / Г. М. Мутанов, Д. Ж. Сыздыков, Ж. Ш. Узденбаев , М. К. Кылышканов . - Усть-Каменогорск, 2006. - 146 с.
Ғ. М. Мұтановтың қатысуымен шыққан басылымдар
Издания, вышедшие при участии Мутанова Г. М.
Кенжеғали Сағадиев [Мәтін] / Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; бас ред. Ғ. М. Мұтанов; ред.: Г. Бекбердиева, А. Шуриева. - Алматы : Қазақ университеті, 2012. - 356 б. - (Өнегелі өмір).
Ғ. М. Мұтановтың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации Мутанова Г. М. в периодических изданиях и сборниках
Мұтанов, Ғ. М. Дамудың даңғыл жолдары [Мәтін] / Ғ. М. Мұтанов // Дидар. - 2005. - 15 наурыз. - Б. 2.
Мұтанов, Ғ. М. Білім экономикасының көшбасшысы [Мәтін] / Ғ. М. Мұтанов // Дидар. - 2008. - 25 қыркүйек. - Б. 5.
Мұтанов, Ғ. М. Инновациялық университеттің үлгісін жасадық [Мәтін] / Ғ. М. Мұтанов; сұхбат. У. Тоқпатаев // Дидар. - 2010. - 26 сәуір. - Б. 5.
Мұтанов, Ғ. М. Жолдасбеков дәстүрі жалғасын табады [Мәтін] / Ғ. М. Мұтанов // Ақиқат. - 2011. - № 4. - Б. 35-38.
Мұтанов, Ғ. М. Биік парасат иесі [Мәтін] / Ғ. М. Мұтанов // Егемен Қазақстан. - 2012.- 27 қаңтар. - Б. 5. - Ғалым, түсті металдар маманы Ә. Ә. Әшімов туралы.
Мұтанов, Ғ. М. Қош болыңыз, асыл ұстаз, ғұлама ғалым аға! [Мәтін] / Ғ. М. Мұтанов // Егемен Қазақстан. - 2012. - 10 қаңтар. - Б. 9. - Ғалым Мейірхан Мүбәракұлы Әбділдин туралы.
Мұтанов, Ғ. М. Ұлағатты ұстаз, зиялы ғалым және қоғам қайраткері, академик С. Сатубалдинге - 75 жас [Мәтін] / Ғ. М. Мұтанов // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы = Вестник КазНУ. Серия экономическая. - 2012. - № 2. - Б. 148.
Мұтанов, Ғ. М. Өмір мұраты [Мәтін] / Ғ. М. Мұтанов // Егемен Қазақстан. - 2013. - 18 мамыр. - Б. 5. - Химия ғылымдарының докторы, академик Еренғайып Шайқұтдінов туралы.
Мұтанов, Ғ. М. Тұңғыш университет [Мәтін] : қазақ елінің білімі мен ғылымының алтын діңгегіне айналып отыр / Ғ. М. Мұтанов // Егемен Қазақстан. - 2014. - 16 қаңтар. - Б. 4. - Әл-Фараби атын. ҚазҰУ-ға 80 жыл.
Мұтанов, Ғ. М. Келешекке кемел қадам [Мәтін] / Ғ. М. Мұтанов // Егемен Қазақстан. - 2014.- 17 мамыр. - Б. 5. - Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына орай.
Мұтанов, Ғ. М. Азамат. Қайраткер. Ғалым [Текст] / Ғ. М. Мұтанов // Егемен Қазақстан. - 2016. - 29 сәуір. - Б. 11. - Физика-математика ғылымдарының докторы, академик Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұлов - 70 жаста.
Мұтанов, Ғ. М. Асыл мұра [Мәтін] / Ғ. М. Мұтанов // Айқын. - 2016. - 1 наурыз. - Б. 5. - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде академик Ө. Жолдасбековтің 85 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті.
Мұтанұлы, Ғ. Қарыз бен парыз [Текст] / Мұтанұлы Ғалымқайыр // Қазақ әдебиеті . - 2017.- 6 - 12 қазан. - С. 12
Мұтанов Ғ. Ғылым мен технологияның төл таңбасы [Текст] / Мұтанов Ғалым // Егемен Қазақстан . - 2017.- 25 қыркүйек. - С. 3
***
Мутанов, Г. М. С уважением к прошлому, с энтузиазмом в будущее [Текст] / Г. М. Мутанов // Рудный Алтай. - 2003. - 8 ноября. - С. 1-2.
Мутанов, Г. М. Инновационный университет - это реальность [Текст] / Г. М. Мутанов // Казахстанская правда. - 2005. - 8 октяьря. - С. 7.
Мутанов, Г. М. Ориентиры инновационного пути [Текст] / Г. М. Мутанов // Казахстанская правда. - 2006. - 2 марта - С. 4.
Мутанов, Г. М. Важный шаг политической модернизации [Текст] / Г. М. Мутанов // Рудный Алтай. - 2007. - 26 мая. - С. 2.
Мутанов, Г. М. К "умной экономике" через умное образование [Текст] / Г. М. Мутанов // Казахстанская правда. - 2007. - 15 марта. - С. 7.
Мутанов, Г. М. Когда перспектива становится реальностью [Текст] : [интервью с ректором ВКГТУ] / Г. М. Мутанов; вел С. Г. Байменов // Современное (столичное) образование. - 2010. - № 2. - С. 20-25.
Мутанов, Г. М. Глобальная модель прогресса [Текст] / Г. М. Мутанов // Казахстанская правда. - 2012. - 13 сентября. - С. 7. - Об идее Общества Всеобщего Труда.
Мутанов, Г. М. Жизнь посвятил науке [Текст] / Г. М. Мутанов // Казахстанская правда. - 2012. - 10 января. - С. 8. - Памяти академика Мейрхана Абдильдина.
Мутанов, Г. М. Кадры для устойчивого развития [Текст] : идеи Президента страны о глобальной энергоэкологической стратегии получают свою реализацию / Г. М. Мутанов; беседу вела О. Малахова // Казахстанская правда. - 2012. - 8 июня. - С. 13. - Беседа с ректором КазНУ им. аль-Фараби.
Мутанов, Г. М. Символ новой эпохи [Текст] / Г. М. Мутанов // Казахстанская правда. - 2013. - 6 июля. - С. 5. - О 15-летии Астаны.
Мутанов, Г. М. По глобальным проблемам человечества [Текст] / Г. М. Мутанов // Казахстанская правда. - 2014. - 4 ноября. - С. 9. - О предстоящей междунар. конференции в КазНУ им.Аль-Фараби.
Мутанов, Г. М. Форпост образования и науки Казахстана [Текст] / Г. М. Мутанов // Казахстанская правда. - 2014. - 28 января. - С. 6. - К 80-летию со дня основания КазНУ им.Аль-Фараби.
Мутанов, Г. М. Международное признание [Текст] / Г. М. Мутанов // Казахстанская правда. - 2016. - 5 июля. - С. 3. - Об избрании Казахстана членом Совета Безопасности ООН.
Мутанов, Г. Патриарх юридической науки [Текст] / Г. Мутанов // Казахстанская правда. - 2017.- 13 октября (№ 197). - 6. - К 90-летию академика НАН РК, профессора КазНУ им. Аль-Фараби Султана Сартаева.
Ғ. М. Мұтанов туралы әдебиеттер
Литература о Мутанове Г. М.
Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені=Кто есть Кто=Who is Who 2004-2006 [Текст] : анықтамалық. Т. 2. - Алматы : Золотой теленок, 2006 - Мутанов Галимкаир Мутанович: с. 405-406.
Путь длиною в 50 лет [Текст] : (история и люди). - Усть-Каменогорск : Изд-во ВКГТУ, 2008. - Мутанов Галимкаир Мутанович: с. 8.
Қазақстан ғалымдары [Текст] : энциклопедия. Т. 1. - Алматы : Инновациялық технология- лар институты, 2015. - Мутанов Галимкаир Мутанович: б. 161-162.
Замандас келбеті [Мәтін] : ғұмырбаян / құраст.: Б. Жақып, Д. Дүйсебаев, Ғ. Мұқанова. - Алматы : Қазақ университеті, 2017. - 307 б.
Мақалалар - Статьи
Қонарбайұлы, А. Ұлттық басылым һәм ұлт мүддесі [Мәтін] : ["Айқап" журналы, "Қазақстан" газетінің шыққанына 100 жыл] / А. Қонарбайұлы // Жас қазақ. - 2011. - 29 сәуір. - Б. 1. - Мұтанов Ғ. М. туралы ақпараты бар.
Аманжол, Қ. ҚазҰУ жұмысына жоғары баға [Мәтін] / Қ. Аманжол // Егемен Қазақстан. - 2015. - 28 мамыр. - Б. 2. - Мұтанов Ғ. М. туралы ақпараты бар.
Түрік тіліне аударылды [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. - 2015. - 12 - 18 маусым. - Б. 2. - ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың "Заман рухымен тілдесу" атты өлеңдер жинағы түрік тілінде жарық көрді.
Тоқбай, Е. Ғылыми білім беру орталығы ашылады [Мәтін] / Е. Тоқбай // Егемен Қазақстан. - 2016. - 20 қыркүйек. - Б. 7. - Әл-Фараби атын.ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов Катар мемлекетінің білім министрі Мұхаммед әл-Хаммадимен кездесіп, ҚазҰУ мен Катардың ЖОО арасындағы серіктестік мәселелерін талқылады.
Торманов, Н. Екі елдің білім ордасы байланысты нығайтады [Мәтін] / Торманов Нұртай // Айқын. - 2016. - 25 ақпан. - Б. 4. - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғ. Мутановтың бастауымен арнаулы делегация М. Ломоносов атын. ун-тінің ректоры, В. Садовничийдің шақыруымен Мәскеуде болды.
***
Сарин, Г. Ректор ВКГТУ им. Д. Серикбаева - Галимкаир Мутанов [Текст] / Г. Сарин // Рудный Алтай. - 2003. - 29 июля. - С. 1.
Открыт клуб Абая [Текст] : [о Мутанове Г. М.] // Деловой Усть-Каменогорск. - 2005. - 21 января. - С. 7.
Избран от стран Центральной Азии [Текст] // Рудный Алтай. - 2007. - 12 июля. - С. 3. - Кандидатура ректора ВКГТУ им. Д. Серикпаева профессора Г. Мутанова выдвинута в правление Международной федерации обществ инженерного образования (IFEES).
Слово о своем руководителе [Текст] : [о Мутанове Г. М.] // Рудный Алтай. - 2007. - 27 марта. - С. 3.
Пугасов, М. Вуз как горнило инноваций [Текст] : [о ректоре ВКГТУ им. Д. Серикбаева Галыме Мутанове] / М. Пугасов // Казахстанская правда. - 2010. - 7 окт. - С. 1, 4.