Известные имена

Ғалымдар мен ағартушылар

Хахлов В. А.

Хахлов В.А.

Хахлов Виталий Андреевич (1890-1983 жж.) - Томскі мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің эксперименталды зоология және эмбриология кафедрасының профессоры.

1890 жылы 16 қарашада Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Зайсан қ. дүниеге келген. Ол Шығыс Қазақстан өлкесінің ғалым-натуралисі және зерттеушісі Андрей Степанович Хахловтың ұлы. 1901–1909 жж. Вит. А. Хахлов Томск губерниялық ерлер гимназиясында оқыды. Гимназия жылдары В. А. Хахлов Мәскеу университетінің приват-доценті, болашақ академик  П. П. Сушкинаның тапсырмаларын орындап, құстар коллекциясын жинауға көмектесті. Гимназия және университетте оқыған кезінде қар адамын зерттеумен айналысты, бірақ, жинаған материалдары Ғылым академиясының назарын аудара алмауы себепті «Ғылыми мәні аз жазбалар» атауымен сақтау бөліміне өткізілді. Тек 50-ші жылдардың соңында ғана көптеген антропологтар мен палеонтологтар   Вит. А. Хахловтың жазбалары мен  зерттеулерінің мән-мағынасына назар аудара бастады. 

Гимназиядан кейін Мәскеу университетінің физика-математика факультетінің жаратылыстану бөліміне еш емтихансыз қабылданды. 1917 жылы университетті І-дәрежелі дипломмен аяқтап, зоология кафедрасына профессорлық атақ алуға әзірлік үшін қалдырылды, оның ғылыми жетекшісі П. П. Сушкин болды.

1918 жылы В. А. Хахлов Оңтүстік Алтайға Зайсан қазаншұңқыры мен Тарбағатай өңіріндегі құстар әлемін зерттеу жұмысын аяқтау үшін  іс-сапарға жіберіледі. Бірақ, азамат соғысы басталып, ол Колчак армиясы қатарына шақырылады. 1919 жылы ақтардың әскерден қашқан бөлімімен бірге Қызыл Армия жағына өтеді. 1919 ж. желтоқсан айынан 1920 ж. қазанына дейін Семейде ауылшаруашылығы курстарына зоология мен геология пәнінен сабақ береді. Осы кезеңде оқыс жағдайда бір көзіне зақым келіп, Томск емханасына әкелінеді.  

1921-1922 жж. Вит. А. Хахлов – Томск университетінің зоология және салыстырмалы анатомия кафедрасының ғылыми қызметкері (аспирант). 1922 ж. екі сынақ баяндамасын жасағаннан кейін, оқытушы құқығына ие болады.  1923 ж. 15 мамырынан бастап – Томск университетінің зоология және салыстырмалы анатомия кафедрасында оқытушы, 1924-1930 жж. - профессор, кейін эксперименттік зоология және эмбриология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1921 ж. бастап Сібір жұмысшы-шаруа политехникалық институтында (1923 ж. бері – К. А. Тимирязев атындағы алғашқы Сібір политехникалық техникумы) оқытушы болды. 1926 ж. мамыр айында Томск университеті физика-математика факультетінің деканы міндетін уақытша атқарды, «Эксперименттік зоология» маманы бөлімін басқарды. 

В. А. Хахлов Томск университетінде жұмыс істей жүріп, Сібір орнитология қоғамының жұмысын қалпына келтірді, осы жұмысқа студенттерді тартты. Қоғам зоологиялық коллекцияларды сатудан түскен қаржыға арнайы "Урагус" атты орнитологиялық журнал шығарды. 1926-1929 жж. В. А. Хахлов Сібір орнитология қоғамының басшысы және журнал редакторы болды. Ол Томск мемлекеттік университетінің физика-математика факультеті президиумының құрамына кірді (1926 ж. мамыр), сондай-ақ, анатомдар, гистологтар және зоологтардың  Ленинград қ. өткен Бүкілодақтық ІІІ-ші сьезіне қатысты (1927 ж.). Ресей география қоғамының мүшесі (1911 ж.). 1928 ж. «Томск мемлекеттік университетінің хабаршысы» журналында негізгі еңбегі басылды: первая часть зоогеографического очерка «Зайсанская котловина и Тарбагатай. Птицы». 

1930 жылы В. А. Хахлов Алматыға көшіп келді. 1930-1934 жж. ол Алматы ауылшаруашылығы институтында зоология кафедрасын басқарды. 1934-1946 жж. Молотов (Пермь) педагогикалық институтында зоология кафедрасына басшылық етті. 1946-1947 жж. – Қазақ мемлекеттік университетінің зоология кафедрасының профессоры. 1951 жылы зейнетке шыққан соң Мәскеуге көшті. 

Мемлекеттік Дарвин музейінде Вит. А. Хахлов және оның оқушылары  жинаған 174 тұлып және құстардың 13 тұлыбы сақталған. Вит. А. Хахловтың орнитологиялық коллекциясынан 100 данадан аса құс түрі Қазақ мемлекеттік университеті Ғылым академиясының зоология институтында сақтаулы. 

В. А. Хахлов көптеген медальдармен марапатталған.

 

 

В. А. Хахловтың ғылыми еңбектері

Научные труды Хахлова В. А.

Хахлов, В. А. Пчеловодство [Текст] : (теоретическое) / В. А. Хахлов. - Томск, Красное знамя, 1926. - 100 с.

Хахлов, В. А. Карточный метод в орнитологии [Текст] / В. А. Хахлов // Uragus. - 1926. - № 1 (1). - С. 10-14.

Хахлов, В. А. К методике фаунистических исследований [Текст] / В. А. Хахлов // Известия Томского университета. - 1927. - Т. 77. - Вып. 3.

Хахлов, В. А. Залёт красноносого нырка – Netta rufina (Pall.) под Томск [Текст] / В. А. Хахлов // Uragus. - 1929. - № 9 (1). - С. 27.

Хахлов, В. А. Зайсанская котловина и Тарбагатай [Текст] : зоогеографический очерк. Птицы. Ч. 1. общая / В. А. Хахлов // Известия Томского университета. - 1929. - Т. 81.

Хахлов, В. А. Кузнецкая степь и Салаир [Текст] : птицы / В. А. Хахлов // Ученые записки Молотовского (Пермского) педагогического института. - 1937.

Хахлов, В. А. Залёт красноносого нырка - Netta rufina (Pall.) под Томск [Текст] / В. А. Хахлов // Русский орнитологический журнал. - 2013. - Т. 22. - № 905. - С. 2089-2090.

Хахлов, В. А. Ловля хищных птиц сетями [Текст] / В. А. Хахлов // Русский орнитологический журнал. - 2013. - Т. 22. - № 883. - С. 1446-1449.

Хахлов, В. А. Phragamaticola Adon и Herbivocula schwarzi новые для Северо-Западного Алтая птицы [Текст] / В. А. Хахлов // Русский орнитологический журнал. - 2013. - Т. 22. - № 875. - С. 1206.

Хахлов, В. А. Краткие биологические очерки. 15 видов птиц Зайсанской котловины. [Текст]  : (рукопись) / В. А. Хахлов.

В. А. Хахловтың өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и научной деятельности Хахлова В. А.

ГАВКО, ф.818, оп.1, 72 ед.хр., 1883-1984 г.г.

Хахлов Виталий Андреевич [Текст] // Профессора Томского университета. Вып. 2, 1917-1945 : биографический словарь / Томский государственный университет; [сост. С. Ф. Фоминых и др. ] . - Томск, 1998. - С. 458-461.

Ивания, В. А. Забытый профессор [Текст] / В. А. Ивания // Alma Mater : газета Томского государственного университета / учредители Ректорат ТГУ [и др.]; гл. ред. Я. Мендельбаум. - Томск. - 1994. - 22 апреля.

Подобина, В. М. Палеонтологический музей им. В. А. Хахлова[Текст] / В. М. Подобина, Л. Г. Пороховниченко, А. Н. Сорокин // Томские музеи. Музеи университетов : материалы к энциклопедии "Музеи и музейное дело Томской области" / Нац. исслед. Том. гос. ун-т; Науч.-образоват. центр "Музей и культурное наследие"; под ред. С. Ф. Фоминых и Э. И. Черняка. - Томск, 2012. - С. 210-216.

Кузьмин, А. Н. Научно-образовательные связи Томского университета и Казахстана (конец XIX в. - 1945 г.) [Текст] / А. Н. Кузьмин // Вестник Томского государственного университета. История : научный журнал / Федеральное агентство по образованию; Томский государственный университет; пред. ред. коллегии В. П. Зиновьев. - Томск. - 2012. - № 4. - С. 208-211.

Поршнев, Б. Борьба за троглодитов [Текст] : повесть : [об исследованиях снежного человека В. А. Хахловым] / Б. Поршнев // Простор. - № 4-7. - 1968.

Черных, С. Профессор зоологии [Текст] : [о преподавателе, уроженце Зайсана В. А. Хахлове] / С. Черных // Рудный Алтай. - 1982. - 4 августа.

Черных, С. Династия [Текст]: [о А. С. Хахлове, знатока флоры и фауны Зайсанской котловины, и его сыне В. А. Хахлове] / С. Черных // Простор. - 1984. - № 11. -С. 174 - 180.

Черных, С. Ағайынды Хахловтар [Мәтін] : [Виталий мен Венедикт ағайындар туралы] / С. Черных // Коммунизм туы. - 7 ноябрь.

Интернет – сілтемелер

Интернет – ссылки

http://wiki.tsu.ru/wiki/index.php/Хахлов,_Виталий_Андреевич

http://www.rbcu.ru/information/272/20342/

http://gashevsn.narod.ru/SMTR.htm

http://e-arhiv.vko.gov.kz/ru/Page/Index/1471

https://books.google.ru/books?id=jAcAAwAAQBAJ&pg=PA32&lpg=PA32&dq=%D1%85%D0%B0%D1%85%D0%BB%D0%BE%D0%B2+%D0%B2%D0%B8%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%B8%D0%B9+%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%80%D0%B5%D0%B5%D0%B2%D0%B8%D1%87&source=bl&ots=Lh6OOwSs_y&sig=a17zjCWXwR3kBTx8OJiKAB0cq1k&hl=ru&sa=X&ved=0ahUKEwiOyqr1lMbQAhWENJoKHeppBZ8Q6AEIPzAH#v=onepage&q=%D1%85%D0%B0%D1%85%D0%BB%D0%BE%D0%B2%20%D0%B2%D0%B8%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%B8%D0%B9%20%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%80%D0%B5%D0%B5%D0%B2%D0%B8%D1%87&f=false

https://books.google.ru/books?id=V2yZt2VOywwC&pg=PA27&lpg=PA27&dq=%D1%85%D0%B0%D1%85%D0%BB%D0%BE%D0%B2+%D0%B2%D0%B8%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%B8%D0%B9+%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%80%D0%B5%D0%B5%D0%B2%D0%B8%D1%87&source=bl&ots=eNg10Bzpn5&sig=QxSNDCjK3WrFulYxHUkY9KwttXY&hl=ru&sa=X&ved=0ahUKEwiOyqr1lMbQAhWENJoKHeppBZ8Q6AEIRTAJ#v=onepage&q=%D1%85%D0%B0%D1%85%D0%BB%D0%BE%D0%B2%20%D0%B2%D0%B8%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%B8%D0%B9%20%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%80%D0%B5%D0%B5%D0%B2%D0%B8%D1%87&f=false

http://cyberleninka.ru/article/n/phragamaticola-a-don-i-herbivocula-schwarzi-novye-dlya-severo-zapadnogo-altaya-ptitsy

http://www.inform.kz/kz/16-noyabrya-kalendar-kazinforma-daty-sobytiya-imena_a2605902

http://zmmu.msu.ru/menzbir/publ/moskvitin_tomsk_society.pdf

http://www.cryptozoology.ru/index.php?name=Pages&op=page&pid=33

http://opac.gorkilib.ru/cgiopac/opacg/opac.exe?arg0=DIGIT&arg1=DIGIT&TypeAccess=PayAccess

http://alamas.ru/rus/publicat/Khakhlov.htm

 

 

 

Хахлов В. А.

Хахлов Венедикт АндреевичХахлов Венедикт Андреевич (1894-1972 жж.)  - совет ғалымы-геолог, Томск университетінің Еңбек сіңірген профессоры. РСФСР ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер (1960).

1894 ж. 11 наурызда  Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қ. дүниеге келген. Ол Шығыс Қазақстан өлкесінің ғалым-натуралисі және зерттеушісі Андрей Степанович Хахловтың ұлы.   

Венедикт Андреевич Томск ерлер гимназиясын бітіріп (1912 ж.), Томск технология институтының тау-кен факультетіне түседі. 1916 жылы маусымда армияға шақырылып, оқуда үзіліс болады; Иркутск әскери училищесінде қысқа мерзімді әзірліктен өткен соң, Петроградтағы әскери инженерлік училищеге емтихан тапсырады; 1917 жылы армияға шақырылып,  Солтүстік майданға қатысады, жол-көпір ротасының командирі, инженерлік әскер подпоручигі болады; 1918 жылы ақпанда әскерден қайтқан соң, институттағы оқуына қайта оралады, дегенмен, маусым айында армияға қайта шақырылып, Томскіде Сібір инженерлік дивизиясында адъютант қызметін атқарады; Томскіде совет өкіметі орнаған соң, 5-ші армияның ерекше бөлімінен тексеруден өтіп, 1919 жылы желтоқсанда ғана оқуын бастайды. Ол өзін оқытқан профессорлар арасынан М. А. Усов,  тау-кен ісінен Н. С. Пенн, алтын өндіру бойынша В. Я. Мостовичті үнемі еске алатын.  1921 жылы институтты аяқтап, «Об остатках девонских растений озера Балхаш» диплом жұмысын М. А. Усовтың жетекшілігімен қорғайды.

1923 жылға дейін Технология институтында жұмыс істеді. 1923 жылы Томск университетіне ассистент болып барды, 1924 ж. – доцент, геология кафедрасын басқарды, 1929 ж. – профессор. Физика-математика факультеті деканының орынбасары, геоминералогиядан пән комиссиясы және жазғы өндірістік практика комиссиясының басшысы (1926-1928), факультет деканы  (1927-1928),  1930 жылдан – геология-география бөлімі бойынша өндірістік комиссия басшысы және геология-география бөлімі басшысы міндетін атқарған. 

Сібір тау-кен институтын ұйымдастырушының бірі, директор міндетін атқарған, 1930 ж. 1 маусымынан – директордың ғылыми және оқу ісі бойынша орынбасары. 1933 ж. 1 сәуірінен – палеонтология кафедрасының профессоры, сонымен бірге – тау-кен және маркшейдерлік бөлімдерінде  геология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.  

1934 жылы 1 қаңтарда Томск университетінің тарихи геология және палеонтология кафедрасын басқарды (1938 ж. 21 қаңтарда палеонтология кафедрасы болып өзгерді). 1933 ж. 3 қазанда – геология кабинетінің меңгерушісі.   1933 ж. 15 мамырдан 14 қазанға дейін және 1934 ж. 1 тамызынан 1939 ж. дейін – геология-топырақ-география факультетінің деканы. В. А. Хахлов геология кафедрасында кабинеттер құруға белсенді қатысты (палеонтология, тарихи геология, петрография, жалпы және динамикалық геология кафедралары). 1938 жылы 29 маусымда В. А. Хахловқа ешқандай диссертациялық қорғаусыз геология-минералогия ғылымдарының докторы атағы берілді.   

Ұлы Отан соғысы жылдарында Томск облысының солтүстік жартысына алғашқы мемлекеттік геологиялық түсірілім жасады.

1949  ж. 20 сәуірде геологтардың «краснояр ісі» бойынша қамауға алынып,  «мемлекеттік өндіріске зиян келтіргені үшін» деген айыппен 58 б. 7 п. сәйкес 10 жылға сотталды. 1951 жылға дейін Норильскі  лагерінде жұмысшы болып, кейін Геология басқармасында геотехник мамандығы бойынша жұмыс істеді. Кайеркан кен орнында тау-кен қорын есепке алумен айналысты. Сонымен бірге, палеонтологиялық коллекция жинап, палеоботаника бойынша құрал құрады. Геологтарға арналған палеоботаника және Сібір платформасының солтүстік-батыс стратиграфиясы бойынша курстар  ұйымдастырды.

1954 жылы сәуір айында СССР Жоғарғы соты коллегиясының шешімімен, қылмыстық ісі дәлелденбеуі себепті қамаудан босап шықты. Осы жылы профессорлық қызметіне оралып, 28 мамырдан палеонтология кафедрасына басшы болып тағайындалды.  Ол бұл қызметті 1972 ж. 1 ақпан айына дейін атқарып, өмірінің соңына дейін осы кафедрада қызметте болды. Палеонтологтар мен геолог-стратиграфтар мектебін құрды.

Томск университетінің Палеонтология музейі В. А. Хахловтың есімімен аталады.

«Ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткер» төсбелгісі және «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медалімен марапатталған.

В. А. Хахловтың ғылыми еңбектері

Научные труды Хахлова В. А.

Хахлов, В. А. Ископаемые растения Кузбасса [Текст] : науч.-попул. очерк / В. А. Хахлов; [предисл.: "От редактора". инж.-геолог П. Дорофеев]. - Новосибирск... и др.: Онти, 1936 [на обл.: 1937].

Хахлов, В. А. Стратиграфия угленосных отложений юго-восточной части Кузбасса [Текст] / В. А. Хахлов. -        Томск : Красное знамя, 1937         .

Хахлов, В. А.О чем рассказывают нам остатки ископаемых растений и животных [Текст] / В. А. Хахлов; Томское обл. лекц. бюро. - Томск : Красное знамя, 1946. - 19 с.

Хахлов, В. А. Сорт и агротехника томата в северных районах Сибири [Текст] / В. А. Хахлов. -   Томск : Изд-во Томский гос. ун-т, 1947.

Хахлов, В. А. Верхнепалеозойская флора севера Сибири [Текст] : [в 7 вып.] / В. А. Хахлов. - Томск: Изд-во Том. ун-та, 1964.

Хахлов, В. А. Розы в Сибири [Текст] : руководство по культуре роз в открытом груте в Сибири / В. А. Хахлов. - Томск, 1965. - 117 с. - Библиогр.: с. 115-116.

Хахлов, В. А. Палеоботанический метод синонимики пластов каменного угля [Текст] / В. А. Хахлов; Томский ордена Трудового Красного Знамени гос. ун-т им. В. В. Куйбышева. - Томск: Изд-во Том. ун-та, 1967. - 25 с.

В. А. Хахловтың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары

Публикации Хахлова В. А. в периодических изданиях и сборниках

Хахлов, В. А.  Материалы к стратиграфии Кузнецкого каменноугольного бассейна, 1931 [Текст]       / В. А. Хахлов // Труды Научно-исследовательского угольного института Востугля. Серия Г. - 1931-1933. - Вып. 4.

Хахлов, В. А. Стратиграфия Норильского угленосного бассейна [Текст] / В. А. Хахлов // Сов. геология. - 1960. - № 1. - С. 51-56.

Хахлов, В.А.Каныш Имантаевич - студент [Текст] / В. А. Хахлов // Академик К.И.Сатпаев: сборник, посвящ. памяти выдающегося сов. ученого.- Алма- Ата,1965.- С.254- 259.

Хахлов, В.А.Студент Қаныш [Мәтін] / В. А. Хахлов // Қаныш аға: академик Қ.И.Сәтбаев туралы естелiктер. - Алматы:Жазушы,1989. -Б. 290-295.

В. А. Хахловтың қатысуымен шыққан басылымдар

Издания, вышедшие при участии Хахлова В. А.

Труды Научной конференции по изучению и освоению производительных сил Сибири, 25-30 июня 1939 г. Т. 3 [Текст] / [ред.В. А. Хахлов]; Томский гос. ун-т им. В. В. Куйбышева. - Томск : Красное знамя, 1941.

Палеонтология Западной Сибири [Текст] / под ред. В. А. Хахлова. -          Томск, 1948.

Доклады читанные на Конференции "30 лет советской науки" [Текст] / [ред. В. А. Хахлов]. - Томск: Тип. № 1 Полиграфиздата, 1948.

Вопросы естествознания [Текст] : [сборник статей] / [ред.В. А. Хахлов]. -Томск: Изд-во Том. ун-та, 1964.

Природа и экономика Привасюганья [Текст] / Томский гос. ун-т им. В. В. Куйбышева; [ред. В. А. Хахлов]. -  Томск: Изд-во Том. ун-та, 1966.

Некоторые вопросы геологии Западной Сибири [Текст] : [сборник статей] / [ред. проф. В. А. Хахлов]. -       Томск: Изд-во Том. ун-та, 1967.

В. А. Хахловтың өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и научной деятельности Хахлова В. А.

Зайсан мұражайына 40 жыл [Мәтін] : тарихи-танымдық фото альбом / құраст.: Ә. Әбілмәжінов, Ф. Жүнісов. - Алматы : Елтаным баспасы, 2014. - Хахлов Венедикт Андреевич: б. 137.

***

ГАТО. Ф. Р-815. Оп. 29. Д. 421.

ГАВКО, ф.818, оп.1, 72 ед.хр., 1883-1984 г.г.

Томский технологический институт за 25 лет своего существования. 1900-1925[Текст]: юбилейный сборник. Ч. 2. - Томск, 1928.

Масанов, И. Ф. Словарь псевдонимов русских писателей, ученых и общественных деятелей [Текст] : в 4 т. Т. 4 / И. Ф. Масанов. - М., 1960. - Хахлов Венедикт Андреевич: с. 498.

Мейен, С. В. Кордаитовые верхнего палеозоя Северной Евразии [Текст] / С. В. Мейен // Труды Геол. ин-та АН СССР. Вып. 150. - М.: Наука, 1966. - 184 с.

Запорожченко, А. А. История организации геологической науки и службы в Зап. Сибири. [Текст] / А. А. Запорожниченко. -Новосибирск, 1977.

Левицкая, Л.В. Венедикт Андреевич Хахлов[Текст] : библиографический указатель : (к 100-летию университета) / Л. В. Левицкая. - Томск : изд-во Томский гос. ун-т,Научная б-ка, 1980. - 22с.

Черных, С. Е. Одна, но пламенная страсть[Текст] / С. Е. Черных. - Алма-Ата, 1986.

Крылов, Г. В. Исследователи природы Западной Сибири[Текст] / Г. В. Крылов, В. В. Завалишин, Н. Ф. Козакова. - Новосибирск, 1988.

Вылцан, И. А. О В. А. Хахлове - декане, лекторе, наставнике[Текст]: из воспоминаний / И. А. Вылцан // Вопросы геологии Сибири. - 1994. - Вып. 2.

Добрынина, Л. В. Жизнь и научная деятельность В. А. Хахлова в Норильсклаге [Текст] / Л. В. Добрынина // Вопросы геологии Сибири. Томск : Изд-во Том. ун-та, 1994. Вып. 2. С. 19-28.

Ивания, В. А. Венедикт Андреевич Хахлов[Текст]: к 100-летию со дня рождения / В. А. Ивания // Вопросы геологии Сибири. - 1994. - Вып. 2.

Подобина, В. М. Профессор В. А. Хахлов - выдающийся ученый и организатор геологического образования в Сибири[Текст] / В. М. Подобина, Д. А. Васильев, А. И. Родыгин// Проблемы геологии Сибири: тезисные доклады. Т. 1. - Томск, 1994.

Репрессированные геологи[Текст]: биографические материалы. - 2-еизд, испр. и доп. М; СПб., 1995.

Профессора Томского ун-та[Текст] :биографический словарь. Том 2. - Томск,1998. - Хахлов Венедикт Андреевич:с. 451-458.

Пороховниченко, Л. Г. Эколого-функциональный подход в изучении кордаитантовых и некоторые взгляды на их систематику [Текст] / Л. Г. Пороховниченко // Эволюция жизни на Земле. Материалы II международного симпозиума. - Томск, 2001. - С. 33-38.

Репрессированные геологи - выпускники и сотрудники ТТИ-СТИ-СГРИ-ТИИ-ТПИ [Томского политехнического университета] [Текст] // Столетие горно-геологического образования в Сибири / Том. политехн. ун-т. Ин-т геол. и нефтегазового дела; [ред.-сост. В. В. Кривошеев]. - [Томск], [2001]. - С. 137-145.

Подобина, В. М. Воспоминания о Венедикте Андреевиче Хахлове [Текст] : (к 110-летию со дня рождения) / В. М. Подобина, С. А. Родыгин, Л. Г. Пороховниченко, В. А. Ананьев, Л. И. Быстрицкая // Lethaea Rossica. Российский палеоботаничекий журнал. - 2014. - Т. 10. - С. 85-88.

Интернет – сілтемелер

Интернет – ссылки

«Хахлов Венедикт Андреевич» [биография] :[электронный ресурс]. - Сайт. – Электронная библиотека Томского политехнического университета. - Режим доступа : http://wiki.tpu.ru/wiki/Хахлов_Венедикт_Андреевич (05.12. 2018)

«Хахлов Венедикт Андреевич» [биография] :[электронный ресурс]. - Сайт. – Режим доступа : http://ggf.tsu.ru/content/faculty/history/person/hahlov/ (05. 12. 2018)

Шәріпбаев О.

SharipbayevШәріпбаев Орал Тоқтарұлы(1960) -  Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы.

1977 жылы Семей облысы, Жаңа Семей ауданының Бөкенші орта мектебін үздік бітірген.

1982 жылы Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтты озат бітіріп, еңбек жолын қаладағы №119 кәсіптік техникалық училищеде тәрбиешіліктен бастады, 1983–1984 жылдары Совет Армиясы қатарында болды. 1985 жылдан №16 қазақ орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарып, №5 қазақ гимназия мектебіне директордың бастаушы әскери дайындық жөніндегі орынбасарлығына ауыстырылды.

1986-1989 жылдар директордың тәрбие жөніндегі орынбасары және директордың қызметін атқарды. 1990-1991 жылдарыЖаңа Семей аудандық Партия комитетінде идеология саласында қызмет атқарды.

1991 жылдан  бүгінгі күніне дейін Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалында қызмет атқарып келеді. 1991 жылы Жаңа Семей ауданында «Қазақ тілі» қоғамын құрып, ұйымдастырып, кейіннен аудандық төраға болып сайланды. Республикалық қоғамның Халықаралық мәртебе алуына байланысты Облыс жұртшылығының ұсынысымен Халықаралық «Қазақ тілі»  қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы болып сайланды. 25 жыл бойы тек бір салада қызмет атқарып келе жатқан Орал Тоқтарұлы Отанға, туған елге, жерге деген ыстық ықыласы, сүйініші жас ұрпақ жүрегіне жалын тастағандай, одан тараған ұшқын нағыз азаматтыққа, өршілдікке бастағандай, тәуелсіздік үшін тәуекелге дейін баруға әзір, қайсар тіл сарбазы.

Мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар
Публикации О. Шарипбаева
Шәріпбаев, О. Ортақ мақсат төл міндет [Мәтін] : [авт. Семейдегі "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы...атқарған істерге тоқталған] / О. Шәріпбаев // Дидар. - 1997. - 10 шілде.
Шәріпбаев, О. Қазақ балабақшасының жазығы не [Мәтін] : [N 16 қазақ балабақшасының жайы] / О. Шәріпбаев // Дидар. - 1997. - 6 қараша
Шәріпбаев, О. Ауылдан көшкен қазақтар,қаладан пана тапты ма ? [Мәтін] : [Семейге ауылдан көшіп келген қазақтардың әлеуметтік жағдайы ] / О. Шәріпбаев, М. Тілеубекова // Үш анық. - 2000. - ақпан. - Б. 2, 5.
Шәріпбаев, О. Абай ескерткішін өмірге әкелген адам [Мәтін] / О. Шәріпбаев // Семей таңы. - 2003. -  27 маусым. - 6 шілде. - Б. 4.
Шәрiпбаев, О. Ауыл оқырмандарымен жүздестi [Мәтін] / О. Шәріпбаев // Ана тiлi. - 2008. - 27 қараша - 3 желтоқсан. - Б. 4. - Жазушы Келiс Рахымжанов пен ғалым Талғатбек Әкiм Аякөз ауданында "Бiр ел-бiр кiтап" акциясы бойынша М.Әуезовтiң "Қилы заман" повесiн насихаттады.
Шәріпбаев,  О.  Мемлекеттің күші халықтың бірлігінде [Мәтін] / О. Шәріпбаев  // Дидар. - 2009. - 21 наурыз. - Б. 3.
Шәрiпбаев, О. "Мемлекеттiк тiлге - мемлекеттiк көзқарас"[Мәтін] / О. Шәріпбаев // Қазақ Елi. - 2009. - 2 қазан. - Б. 7-6.
Шәрiпбаев, О. Ертеңге сенiм ұялатады [Мәтін] / О. Шәріпбаев // Ана тiлi.- 2011. - 24 ақпан-2 наурыз. - Б. 2. - ҚР Президентiнiң биылғы "Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!" атты Жолдауын қолдау.
Шәрiпбаев, О. Тұнып тұрған шежiре көкiрегi [Мәтін] / О. Шәріпбаев // Ана тiлi. - 2009. - 3-9 желтоқсан. - Б. 9. - Тiл жанашыры Бәтташ Сыдықұлы туралы.
Шәрiпбаев, О. Рухы биiк елдiң уығы да берiк [Мәтін] / О. Шәріпбаев // Ана тiлi.- 2011. - 21-27 сәуiр. - Б. 4. - "Қазақ тiлi" қоғамының президентi Ө.Айтбайұлы туралы.
Шәрiпбаев, О. Қаржы бұйырмаған "қазақ тiлi" қоғамы [Мәтін] / О. Шәріпбаев // Ана тiлi. - 2012. - 19 - 25 қаңтар. - Б. 3.
Шәріпбаев, О. Елбасы -елдің бағы [Мәтін] / О. Шәріпбаев // Семей таңы  . - 2012. - 30 қараша. - Б. 3.
Шәріпбаев, О. Халықтық Ассамблея [Мәтін] / О. Шәріпбаев // Егемен Қазақстан. - 2013. - 30 сәуір. - Б. 4.
Шәріпбаев, О. Қазақстан - достықтың Отаны [Мәтін] / О. Шәріпбаев // Семей таңы. - 2013. - 5 наурыз. - Б. 2.
***
Шарипбаев, О. Делом показывать себя [Мәтін] / О. Шәріпбаев // Казахстанская правда.- 2017. - 13 апреля. - С. 7.- О программной статье Н.Назарбаева "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания".
О. Шәріпбаев туралы
О нем
Шарипбаев, О. Следуя курсу Лидера нации [Электронный ресурс] / О. Щарипбаев// Арнапресс : сайт. - https://www.arnapress.kz/ust-kamenogorsk/opinion/interview/53890/ (20.11201)
Шарипбаев Орал Тохтарович [Электронный ресурс] // tylek.kz: сайт. - Режим доступа: http://old.tylek.kz/successfull/view?id=444
Политические партии и общественные объединения [Электронный ресурс] // Официальный сайт акима города Семей : сайт. - Режим доступа: https://akimsemey.gov.kz/content/view/3/56?lang=ru&version=easy

Чжан Е. Е.

Chzhan E EЧжан Елена Евгеньевна(1967 ж.) - педагог-ағартушы, көптілді білім беру саласының маманы, синхронды аудармашы, педагогика ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атын. ШҚМУ профессоры.

ШҚО, Семей қаласында дүниеге келген. Өскемен педагогикалық институтының шет тілдері факультетін аяқтаған соң, неміс тілі мұғалімі болып қызмет атқарады; 1993 жылдан - С. Аманжолов атын. ШҚМУ-да оқытушыдан профессорға дейін қызмет атқарған. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде кандидаттық диссертациясын қорғаған. Әр жылдары ШҚМУ және ШҚ Аймақтық университеттерде тіл кафедраларына басшылық еткен.    

Ғылыми бағыты: кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі, шет тілдерін оқыту әдістемесі. 60-тан астам ғылыми-әдістемелік еңбектің, соның ішінде монография, оқу құралдары, республикалық, халықаралық ғылыми басылым беттеріндегі жарияланымдардың авторы; мемлекеттік авторлық құқық тіркелімі туралы куәлігі бар.

Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша республикалық жобалардың жетекшісі әрі орындаушысы. Соның ішінде, «Мультимедиа арқылы ІТ-мамандық студенттерінің үштілділік құзіреттілігін қалыптастыру» гранттық жобасы. Педагогикалық зерттеулер академиясында тағылымдамадан өткен соң (Франция, 2012 ж.), келесі авторлық курстарға жетекшілік еткен: «Жазғы Жастар Көшбасшылық мектебі» бағдарламасы аясында ШҚО ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған курс; үштілді студенттерді кәсіби ағылшын тіліне үйретуге арналған «English for IT-specialists» мультимедиялық кешені. Е. Чжанның жетекшілігімен 1Ph.D докторы, 20 магистр даярланған. Сондай-ақ, халықаралық, республикалық, өңірлік олимпиадалардың жеңімпаздары, «Кедергісіз ағылшын» сайысының жеңімпаз оқушыларына да тікелей жетекшілік еткен.

Е.Е. Чжан – ғылыми, қоғамдық-саяси үштілділік бағытының синхронды аудармашысы, Қазақстанның мемлекеттік аттестациялық комиссиясы жұмысына қатысқан. «Мир Большого Алтая» халықаралық ғылыми журналының Редакциялық кеңесі мүшесі ретінде, Америкалық орталық (А. С. Пушкин атында,ы ШҚО кітапханасы), лингвистикалық сайыстар комиссиясының құрамында ағартушылық жұмыстар атқарған.

Гете Институты, АҚШ Елшілігі, Орталық-Азия Америкалық университеті гранттарының жеңімпазы. «Студенттерді сапалы даярлағаны үшін», «Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін» Алғыс хаттарымен марапатталған.

Е. Е. Чжанның ғылыми еңбектері

Научные труды Чжан Е. Е.

 

Чжан, Е. Е. Базалық шет тілі бойынша әдістемелік оқу құралы [Мәтін] : А1, А2 деңгейі / Е. Е. Чжан, К. П. Соломина. - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2013. - 28 б.

Чжан, Е. Е. Мониторинг качества университетского образования в условиях информатизации [Текст] : монография / Е. Е. Чжан; М-во образования и науки РК. - Усть-Каменогорск : Изд-во ВКГУ, 2012. - 146 с.

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

vkgu.kz›sites/default/files/files/nauka…chzhan.doc

http://referatdb.ru/literatura/112070/index.html

http://nauka.kz/page.php?page_id=107&lang=1&month_to=12&year_to=2016&page=1434

http://www.nomad.su/?a=17-201001130012

Щерба Г. Н.

hserba g aЩерба Григорий Никифорович (1914-2001) – геология-минералогия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі

1914 жылы 30 қарашада Хмельницкий облысы (Украина) Книжковцы селосында дүниеге келген. Еңбек жолын 16 жасында Әулиеатада (қазір Тараз қаласы) Қазақ геология тресінде коллектор болып бастады. 1934-1937 жж. Алматыда Қазақ тау-металлургия институтында оқи жүріп, Шығыс Қазақстан облысы Қайыңды, Көккөл геология-барлау партиясында коллектор кейін КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалында прораб және кіші ғылыми қызметкер болады.

1937-1948 жж. болашақ ғалым «Казцветметразведка» тресінде инженер болады. 1948-1955 жж. – Қаз ССР Ғылым Академиясының Қ.И.Сәтпаев атындағы Геология институтында ғылыми қызметкер, 1955-1958 жж. – сирек металдар секторының меңгерушісі, 1982-1987 жж. – бөлім басшысы, 1987-2001 жж. – Қазақстан ҰҒА Қ.И.Сәтпаев атындағы Геология институтында аға ғылыми қызметкер болып еңбек етті.

Ғалым 1958 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды.

1961 жылы ғылыми қызметі үшін Г.Н.Щербаға профессор және Қаз ССР ғылымына еңбек сіңірген ғалым атағы берілді. 1970 жылы Қаз ССР ҒА мүше-корреспонденті, ал, 1972 жылы – академик атағын иеленді.

Ғалым 6 ғылым докторы, 30 ғылым кандидатын тәрбиелеп шығарды. Ол Орталық Қазақстан және Қалба-Нарым өңірінің сирек металлогениясы, гранит петрологиясы тақырыптары бойынша 330-дан аса ғылыми публикация авторы. Ғылыми публикациялары еліміз және шетелдерде жоғары бағаға ие болды. Орталық Қазақстанның алғашқы болжамды металлогениялық картасының бірлескен авторы. Олар жер қыртысының сатылы дамуы туралы ғылыми негіздеме жасап, оннан аса жаңа кен орындарын (Успенск, Шу-Іле, Жарма-Сауыр т.б.) ашты. Г.Н.Щерба көптеген халықаралық геологиялық конгресс, симпозиум, жиындарға қатысқан.

Табысты ғылыми еңбегі және ғылым кадрларын дайындап шығарғаны үшін Еңбек Қызыл Ту ордені, «Құрмет белгісі», «Түсті металдар үздігі» медаль-төсбелгілері, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталды.

Лениндік сыйлықтың лауреаты (1958), Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1985). Қазақ ССР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер.

2001 жылы 12 желтоқсанда қайтыс болды.

Г.Н.Щербаның ғылыми еңбектері

Научные труды Г. Н. Щерба

Щерба, Г. Н. Геология Нарымского массива гранитоидов на Южном Алтае [Текст] / Г.Н Щерба. – А-А : Изд-во АН Казахской ССР, 1957. – 214 с

Щерба, Г. Н. Формирование редкометальных месторождений Центрального Казахстана [Текст] / Г. Н. Щерба ; Академия наук Казахской ССР, Институт геологических наук. – Алма-Ата : Наука Казахской ССР, 1960. – 379 с

Щерба, Г. Н. Редкометальное оруденение в Казахстане [Текст] / Г. Н. Щерба // Проблемы геологии Казахстана. – Алма-Ата : Наука, 1968. - С. 182

Щерба, Г. Н. Геотектоногены и рудные пояса [Текст] : (по материалам Казахстана) / Г. Н. Щерба. – Алма-Ата : Наука, 1970. – 182 с.

Щерба, Г. Н. Жарма-Саурский геотектоген [Текст] / Г. Н. Щерба, Б. А. Дьячков, Г. П. Нахтигаль. – Алма-Ата : Наука, 1976. – 199 с.

Щерба, Г. Н. Металлогения Рудного Алтая и Калбы [Текст] / Щерба, Г. Н., Дьячков Б.А., Нахтигаль Г.П. – Алма-Ата : Наука, 1984. – 240 с.

Гранитоидные и рудные формации Калба-Нарымского пояса [Текст] : (Рудный Алтай) / Дьячков Б.А. [и др.]. – Алматы : Гылым, 1994. – 207 с.

***

Щерба, Г.Академик Кассин [Мәтін] : [Қазақстан геологиясының негізін қалаушы Николай Кассин туралы] / Г.Щерба // Егемен Қазақстан. - 1996. - 30 мамыр.

Г. Н. Щерба туралы әдебиеттер

Литература о Щерба Г. Н.

Қазақстан[Мәтін] : ұлттық энциклопедия. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2007.

Т.9: Ұ – І. – 688 б. – Щерба Григорий Никифорович.: б. 625 – 626.

Казахстан [Мәтін] : национальная энциклопедия. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2006.

Т. 5: С – Я. – 558 с. – Щерба Григорий Никифорович с. 452 – 453.

Интернет ресурстары

Интернет-ресурсы

Григорий Никифорович Щерба [Электронный ресурс] : [библиография ученых Казахстана] /Казахская национальная электронная библиотека : сайт. – Режим доступа : http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1155339&locale=ru (10.01.2019)

Щерба Г. Н. [Электронный ресурс] : [к 100-летию ученого] / Официальный сайт национальной библиотеки РК : сайт. – Режим доступа :https://nlrk.kz/page.php/www.goethe.de/admin/upload/files/admin/upload/files/page.php?page_id=23&lang=1&news_id=2761 (10.0.2019)

Щерба Григорий Никифорович – геолог с большой буквы [Электронный ресурс] / Иформационно-аналитический портал недропользования Казахстана : сайт. – Режим доступа : http://infonedra.kz/knizhnaya-polka/item/shcherba-grigorij-nikiforovich-geolog-s-bolshoj-bukvy (10.01.2019)

Тағы мақалалар...

  1. Щербаков Б. В.