Әбжанов Бекенбай (1907- 1964) - шопан, Социалистік Еңбек Ері.
1907 жылы Абай ауданы, Арқат ауылында дүниеге келген. 1930 жылдары Арқаттан Аягөз ауданына қоныс аударған. Аягөз ауданындағы «Қаракөл» колхозын ұйымдастырушының бірі. 1929-1964 жылдары осы колхозда шопан, аға шопан болып, мал шаруашылығын ұйымдастыруда елеулі табыстарға жетті.
29 наурыз 1958 жылы КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілген.
1964 ж. қайтыс болды.
1965 жылдан бері «Қаракөл» кеңшары Б.Әбжанов есімімен аталады.
Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордені, бірнеше медальдармен марапатталған. Қаракөл ауданында Әбжановқа арналған ескерткіш орнатылып, Еңбек Даңқы аллеясы ашылған.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Әбжанов Бекенбай: б. 206.
Әлмағанбетов Шабдан (1909-1979) - шопан, Социалистік Еңбек Ері.
1909 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, бұрынғы Қарабұлақ ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1934-1936 жж. Қарқабұлақта мұғалім, 1936-1944 жж. ауданда милиция өкілі болды. 1944-1958 жж. Саржал атындағы Сарқамыс колхозының төрағасы, төраға орынбасары, Молотов (қазір Арқат) колхозында төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 1959 жылдан Қасқабұлақ қой фермасының меңгерушісі болып, ұзақ жыл жемісті еңбек етті.
Ленин ордені, бірнеше медальдармен марапатталды.
23 шілде 1948 жылы КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
1979 ж. қайтыс болды.
Ш. Альмаганбетов туралы әдебиеттер – Литература о Ш. Альмаганбетове
Кітаптар-книги:
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Әлмағанбетов Шабдан: б. 216.
Мақалалар –статьи:
Ғалымбаева, Лаура. Жақсының аты өлмейді: социалистік Еңбек Ері Шабдан.Әлмағанбетов туралы / Л. Ғалымбаева // Семей таңы. - 2009. - 24 желтоқсан. - Б. 10.
Ибрагимов, Т. Шыңғыстау өңірінің шертпелері: күйлер / Т. Ибрагимов, С. Малаев. - Алматы : Айғаным, 2016. - 96 б. [Социалистік Еңбек Ері Шабдан Әлмағанбетов туралы мәлімет]
Әлімбеков Әшімбек (1882-1950) - шопан,Социалистік Еңбек Ері.
1882 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің Абыралы ауданында дүниеге келген. 2- дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1930 жылдан «Ащысу» ұжымшарында шопан, аға шопан болып істеді. Мал шаруашылығын ұйымдастыруда елеулі табыстарға жетті.
1948 жылы 23 шілдеде КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен Ә. Әлімбековқа табысты еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілген.
1950 жылы қайтыс болды.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Әлімбеков Әшімбек: б. 217.
Әкімжанов Әділхан (1922-1993) – шопан, Социалистік Еңбек Ері.
1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Топтерек ауылында дүниеге келген. 1959 ж. КПСС мүшесі. Еңбек жолын 1939 жылы Сталин атындағы колхозда (кейін ХХ партсъезд) шопан болып бастады. 1958 жылдан бері және зейнетке шыққанға дейін «Күршім» совхозында шопан болды.
Ә. Әкімжанов мал басын көбейтуде жоғарғы көрсекіштерге қол жеткізді. Сегізінші бесжылдық жылдары жүз қойдан 120 қозы алып, әр қойдан төрт килограмнан аса жүн қырықты.
Еңбектегі ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 жылғы 8 сәуір Жарлығымен Әділхан Әкімжановқа Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалі тапсырылды.
Әділхан Әкімжанов жастар тәлімгері ретінде озат іс-тәжірибені насихаттады. Ә.Әкімжанов Еңбекшілер депутаттары аудандық Кеңесінің депутаты болды.
Ленин ордені, медальдармен марапатталды.
1993 жылы қайтыс болды.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Әкімжанов Әділхан: б. 215.
Абылкасымов, Т. Трудолюбие и опыт [Текст] : [о Герое Социалистического Труда - чабане А. Акимжанове] / Т. Абылкасымов // Рудный Алтай. - 1971.
Акимжанов Адылхан [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (09.01.2018)
Әзімбаев Шыңғыс (1886-1973) - шопан, Социалистік Еңбек Ері.
1886 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Шыңғыстау өңірінде дүниеге келген. Абай атындағы колхозда шопан, аға шопан болып еңбек етті. Абай, Шәкәрім шығармаларын жинап, насихаттады.
23 шілде 1948 жылы КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ленин ордені, бірнеше медальдармен марапатталған.
1973 жылы қайтыс болды.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Әзімбаев Шыңғыс: б. 214.