Известные имена

Социалистік Еңбек Ерлері

Колесникова А. Н.

Колесникова Аграфена Николаевна – сауыншы, коммунистік еңбек екпіндісі, Социалистік Еңбек Ері.Колесникова Аграфена Николаевна (1926 ж.) – сауыншы, коммунистік еңбек екпіндісі, Социалистік Еңбек Ері.

1926 жылы Шығыс Қазақстан облысы Киров ауданы (қазір Глубокое ауданы) Планидовка ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын Куйбышев атындағы сельхозартельде қатардағы колхозшы болып бастады.

1948 жылдан бастап сауыншы болды.

1949 жылы бір сиырдан 886 килограмм сүт сауып, кейінгі жылдары 3 мыңнан аса килограмм сүт сауды. Ол үш мыңыншы сауыншылар қозғалысын ұйымдастырушының бірі. 1968 жылы өзіне бекітілген он үш сиырдан 3200 килограмм сүт саууға міндеттеме алып, абыроймен орындап шықты. Сонымен бірге, жыл сайын малдың төлін жүз пайыз алуға қол жеткізді.

1965 жылы облыстық және республикалық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысты. А.Колесникова Шығыс Қазақстан облысының үздік сауыншысы атағына ие болды. Сауыншы портреті бірнеше рет облыстық және аудандық Құрмет тақтасынан орын алып, есімі колхоздың Құрмет кітабына жазылды.

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, аудандық партия пленумы, партия комитеті және колхоз әйелдер кеңесінің мүшесі болды. Қазақстан Компартиясының X-XII съезіне делегат, Қазақстан КП ОК мүшелігіне кандидат болып сайланды.

Мал шаруашылығын, сүт өндірісін өркендетуге қосқан қомақты үлесі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 жылғы 22 наурыз Жарлығымен А.Н Колесниковаға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.    

«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалі, «Еңбектегі ерлігі үшін» және «Тың және тыңайған жерлерді игеру құрметіне» медальдарымен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі және Шығыс Қазақстан еңбекшілер депутаттары Кеңесінің грамоталарымен марапатталды.

 Деректер

Источники

 Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Колесникова Аграфена Николаевна: б. 395.

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст] Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Колесникова Аграфена Николаевна [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42     (10.01.2018)

Копяков В. Н.

Копяков Виктор Николаевич – звеношы, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.Копяков Виктор Николаевич (1926-ө.ж.б.) – звеношы, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.

1926 жылы 30 маусымда Ленинград қаласында (Санкт-Петербург) жұмысшы отбасында дүниеге келген.

7 класты бітірген соң 1940 ж. жазында колхоз егісіне жұмысқа шығып, күзде Ленинградтағы СССР Кеме жасау өнеркәсібі Наркоматының №194 зауытына токарь шәкірті болып орналасады.

Ұлы Отан соғысы басталғанда қорғаныс жұмыстарына қатысады: жертөле және танкке қарсы ор қазу, бекініс құру, гильза қайрау жұмыстарын атқарады, бірақ 1942 жылы сырқатына байланысты Ленинградтан көшіріледі. Кейін Қызыл Армия қатарында Ленинград блокадасына қатысып, ауыр жарақат алған соң, елге оралады.  

1944-1951 жж. – Шығыс Қазақстан облысы Киров ауданы (қазір Шемонайха ауданы) «1 Май» колхозында звеношы болады. Жұмыс техниканың болмауы себепті қолмен, өгіз және атпен атқарылды. Дала еңбекшілері жыртылған егіс даласы көлемін ұлғайту мақсатында еңбек етіп, жыл сайын дәнді дақылдар шығымдылығын арттырды. 1948 жылы В.Копяков басшылық ететін звено 20 гектар жердің әр гектарынан 29,4 центнерден өнім алды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1949 ж. 20 мамыр Жарлығымен бидай және ауылшарушылығы өнімдерін өндіріп, мемлекетке өткізуде жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін В. Н. Копяковқа Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалі тапсырылды.

Кешкі мектепті бітірген.

1952 жылы Ленинградқа (қазір Санкт-Петербург) келіп, зауытқа жұмысқа тұрады. Ауылшаруашылығы институтының сырттай оқу бөлімінің инженерлік факультетіне оқуға түсіп, 1960 жылы аяқтап шығады.

1960 жылы арнайы ауылшаруашылығы техникасы бойынша Конструкторлық бюрода инженер, конструктор, кейін топ жетекшісі болып жұмыс істейді. Бірқатар өнертабыстары өндіріске енгізілді.

Ленин ордені (1949), медальдармен марапатталған.

Ленинградта (қазір Санкт-Петербург) тұрды.

Туған жылы мен күні белгісіз.

Деректер

Источники

 Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].

Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Копяков Виктор Николаевич [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42  (10.01.2018)

Копяков Виктор Николаевич [Электронный ресурс] : [биография] // Википедия – открытая энциклопедиясы: сайт. – Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=21979(10.01.2018)

Кузнецов Н. А.

kuznetzov nikolaj 142x191Кузнецов Николай Алексеевич (1922-2009) – ұшқыш, Социалистік Еңбек Ері, КСРО-ның Еңбек сіңірген ұшқышы.

1922 жылы 19 желтоқсанда Қарағанды облысы Нұра ауданы, Новокарповка ауылында дүниеге келген. 1941 ж. Селище авиамеханиктер мектебін, 1942 ж. Магнитогорск қаласындағы ұшқыштар мектебін бітірді. 1943-1950 жж. – ұшқыш-нұсқаушы, авиация бөлімінің командирі, Ақмола қаласы (қазіргі Нұр-Сұлтан) аэропортының бастығы, 1950 ж. Шығыс Қазақстан әуе отряды командирінің орынбасары, 1953 ж. – екінші ұшқыш, корабль командирі, ұшқыш-нұсқаушы, Алматы әуе отряды командирінің орынбасары қызметтерін атқарады.

1963 ж. ҚазМУ-ды (қазіргі Әл-Фараби атын. ҚазҰУ) аяқтайды.

1963 ж. Қазақстан азаматтық авиациясы басқармасының бірінші орынбасары. 1971-1986 жж. Қазақстан азаматтық авиациясы басқармасы жүйесінің жетекшісі болған.

1986 ж. зейнеткерлікке шығады.

"Саяхат" қазақ авиакомпаниясының кеңесшісі қызметін атқарған.

Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің 8,11 шақырылымының депутаты болған.

Екі мәрте Социалистік Еңбек ері (1973, 1979).

Ленин, Еңбек Қызыл Жұлдыз, 3 дәрежелі «Барыс» ордендері, «Орақ пен балға» және т.б. медальдармен марапатталған.

Алматы қаласында өмір сүрген.

2009 жылы 12 тамызда қайтыс болған.

Деректер

Источники

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Кузнецов Николай Алексеевич: б. 411.

Краснобаева П. С.

Краснобаева Прасковья Сидоровна – звеношы, Социалистік Еңбек Ері.Краснобаева Прасковья Сидоровна (1922 ж.) – звеношыСоциалистік Еңбек Ері.

1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы Киров ауданы (қазір Глубокое ауданы) Секисовка ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын Калинин атындағы ауылшаруашылығы артелінде жұмыс істеді.1935-1943 жж. колхозшы болды. 1943-1947 жж. комбайнда жұмыс істеп, колхоздың егіс даласында еңбек етті. 1948 жылы Прасковья Сидоровна Верх-Уба ауданы (қазір Шемонайха ауданы) XVIII партсъезд атындағы колхоздыңегіс бригадасында звеношы болды. 1963 жылы «Химстрой» тресінің көшпелі мехникаландырылған колоннасында еңбек етті.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1949 жылғы 20 мамыр Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған (1944).

.

 

Деректер

Источники

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Краснобаева Прасковья Сидоровна: б. 409.

Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].

Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.

Краснобаева Прасковья Сидоровна [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42  (10.01.2018)

Кузьмин Н. Ф.

Кузьмин Николай Федорович Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.

Кузьмин Николай Федорович (1925-1992) – Қазақстан Компартиясы Зырян қалалық комитетінің бірінші хатшысы, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.
Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданы Шемонайха қ. дүниеге келген. 1942 жылы Белоусовка кенішінде қопарушы болып жұмыс істейді. 1943-1945 жж. Кеңес Армиясы қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945 ж. КПСС мүшесі. 1946 жылы Шемонайхада экономист-жоспарлаушы болып қызмет етті. 1947-1961 жж. Комсомол және партия қатарында басшылық қызметтер атқарған. 1961 ж. – Катонқарағайда, 1963 ж. - Зырян аудандық партия комитетінде бірінші хатшы, 1965-1980 жж. – Қазақстан Компартиясы Зырян қалалық комитетінде - бірінші хатшы болды.
Зырян қ. партия ұйымына жетекшілік етіп, қорғасын комбинатының өндірістік қуатын көтеруге басты назар аударды. Сол кезде кәсіпорын құрылысының екінші кезеңі аяқталып, үшінші кезеңі басталды, кен игеру, қорғасын мыс пен мырыш шығару және өңдеу жұмыстары жүргізілді. Ол қаланың көптеген шаруашылықтарына басшылық жасап, ет-сүт, азық-түлік, көлік және байланыс, қоғамдық тамақтану салаларына баса назар аударды. Оның қатысуымен Зырян қаласында ет комбинаты, май және нан зауыттары, автокомбинат, Байланыс Үйі, Мәдениет Үйі, «Знамя» кинотеатры және мәдени-тұрмыстық нысандар салынды. Қалалық комитеттің бірінші хатшысы мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға тәрбие беру, халыққа медициналық көмек көрсету жағдайына көп көңіл бөлді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 ж. 30 наурыздағы Жарлығымен түсті металдарды дамытуға қосқан үлесі үшін Н. Ф. Кузьминге Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалімен марапатталды.
2 рет Ленин орденімен (1971), 2-дәрежелі Отан соғысы (1945), Еңбек Қызыл Ту (1944) ордендерімен, медальдармен марапатталды.
1980 жылдары зейнетке шықты. Зырян ауданы Зырян (қазіргі Алтай) қаласында тұрды.
1992 жылы 5 желтоқсанда қайтыс болды.


                                              Н. Ф. Кузьмин туралы әдебиеттер
                                               Литература о Н. Ф. Кузьмине
Шығыс Қазақстан облысы : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Кузьмин Николай Федорович: б. 411.
Герои Социалистического труда – казахстанцы. - Алма-Ата : 1985.

                                                      Интернет ресурстар
                                                       Интернет-ресурсы
Кузьмин Николай Федорович [Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=19020 (09.01.18)