Тұраров Тұрабай (1876-1949) – «Қызыл Жеменей» колхозының аға бақташысы, Социалистік Еңбек Ері.
1876 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Ақарал ауылында дүниеге келген.
1896 жылы байдың қарамағында батырақ болып, 1925 жылға дейін жылқы бағады. 1925 жылы «Кедей тобы» қоғамы құрылып, байлар мен кулактарға қарсы күрес жүргізеді.
1929 жылы Семей губерниясы №2 Зайсан уезінің ауылдық кеңесінде «Жаңа-Терлік» колхозы құрылды. Тұраров алғашқының бірі болып колхозға кіріп, 1932 жылға дейін бақташы болды. 1932 жылы колхоз жаңадан ұйымдасқан «Қара Ертіс» совхозына қосылған кезде де Тұрабай Тұраров бақташылық жұмысын жалғастырды.
1939 жылы бақташы, кейін Зайсан ауданының «Қызыл Жеменей» колхозында аға бақташы болды. Соғыс жылдары әр биеден бір құлын алуды жоспарлап, міндеттемесін орындап шықты. Соғыстың алғашқы жылдары жыл сайын мал басын көбейтіп отырды. 1945 жылы 70 биеден 67 құлын, келесі жылы 83 биеден 79 құлын алып, өсірді. 1947 жылы өзіне бекітілген 93 биеден, 92 құлын алды.
1948 жылы 23 шілдеде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен мал басын өсіргені үшін Тұрабай Тұраровқа Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» медалі тапсырылды.
Ол 1948 жылы биік көрсеткіштерге қол жеткізіп, 105 биеден 105 құлын алды.
1949 жылы қайтыс болды.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Тұраров Тұрабай: б. 757.
Тураров Турабай[Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=21886 (12.01.2018)
Шуленбаев Жанарбек (1932 ж.) – тракторшы, Ш.
Уәлиханов атындағы колхоздың аға шопаны, Социалистік Еңбек Ері.
1932 жылы 1 мамырда Семей облысы Шұбартау ауданы (қазір Аягөз ауданы Шығыс Қазақстан облысы) Қосағаш ауылында дүниеге келген. 1944 жылы «Қосағаш» колхозына кіреді. Тракторшылар курсынан кейін 1950-1953 жж. Бақанас МТС-де (машина-трактор стансасы) жұмыс істейді. 1957-1968 жж. Ш.Уәлиханов атындағы колхозда тракторшы болды. 1959 жылы КПСС қатарына өтті.
1968 жылы колхоздың бас шопаны болып тағайындалды. Жанарбек Шүленбаевтың басшылығымен «Тұлпар» комсомол-жастар бригадасы жыл сайын әр 100 қойдан 125-137 қозы алып, әр қойдан жоспардағы 38 килограмның орнына 51 килограмм қой етін өткізді. 1976 жылы Жанарбек Шуленбаевқа қажырлы еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
1979 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі 10 шақырылымының депутаты болып сайланды.
«Путь к успеху» (1980) кітабының авторы. Қазір Семей облысы Аягөз ауданы Қосағаш ауылында тұрады.
Ленин ордені (1976), «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендері, «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталды. Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1976).
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Шүленбаев Жанарбек: б. 817.
Шуленбаев Жанарбек [Электронный ресурс] // Википедия - открытая энциклопедия : сайт. - Режим доступа : https://ru.wikipedia.org/wiki/Шуленбаев,_Жанарбек (12.01.2018)
Янушкин Михаил (1923 ж.) - механизатор, Социалистік Еңбек Ері.
Еңбек жолын 1939 жылы колхозында бастады, алғашында тіркеуші, кейін трактор жүргізуші болды. 1957 жылдан Бородулиха ауданының (Шығыс Қазақстан облысы) «Қызыл Қазақстан» ауыл шаруашылығының артелінде механизатор болып еңбек етті. 1964 жылы ДТ-54 тракторымен 1209 га орнына 1638 га, ал, 1966 жылы тапсырмадағы 1095 га орнына 1728 га жер жыртты. 1964-1966 жылдары орта есеппен жоспардағы 1140 га орнына 1692 га жер жыртты. Бұл кезде ол ауысымдық тапсырмасын әдеттегідей бір жарым есе орындады. 748 сомның қосалқы бөлшегін және жанармай үнемдеді. Өзі жұмыс істеген уақыт ішінде көптеген жастарға тракторды меңгерудің озық әдістерін үйретті.
1967 жылғы 19 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.