Екібаев Жиенбай (1888-1966) – бас шопан, Социалистік Еңбек Ері.
1888 жылы Семей губерниясы Қарауыл уезі (қазір Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы) Дағанды болысында дүниеге келген. 1919 жылы Шыңғыстаудағы Шаған болысына (қазір Абай ауданы) қоныс аударады. Ұзақ жылдар бойы Жарылқамыс, кейін «Тельман» кеңшарында бас шопан болып еңбек етті.
1948 жылы 23 шілдеде КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен Ж. Екібаевке еңбектегі табысы үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
1966 жылы 7 қаңтарда Абай ауданында қайтыс болды.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Екібаев Жиенбай: б. 324
Ерёменко Василий Васильевич (1923-2009) – Ленин атындағы колхоз бастығы, Ұлы Отан соғысын қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.
1923 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новая Шульба ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1938 жылы Семей облысы Новая Шульба ауданы Киров атындағы колхозда бастады (қазір Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы)
1941 ж. желтоқсан айынан Қызыл Армия қатарында әскери міндетін өтеді. 1943 ж. – Брянск майданының 8-ші атқыштар батальоны жеке бөлімшесінің командирі, аға сержант. Соғыста жарақат алып, 1944 ж. әскерден қайтты.
1944-1950 жж. Новая Шульба комсомол комитетінде, кейін Қазақстан Компартиясы аудандық комитетінде еңбек етті. 1950-1944 жж. – Семей облысы Новая Шульба ауданы Ленин атындағы колхоздың бастығы (қазір Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы)
Аудандағы В.Еременко басқаратын колхоз ол кезде шағын ғана шаруашылық еді. Жаңа басшы ауылшаруашылығы ғылымы мен тәжірибесінің жетістіктерін пайдаланып, колхозшы еңбегін моральдық және материалдық тұрғыда қолдай отырып, артта қалған шаруашылықты техникалық жабдықталған, жоғары рентабельді колхоз деңгейіне көтерді. Минералды және органикалық тыңайтқыштарды кеңінен пайдалану, ауыспалы егісті игеру есебінен жердің құнарлылығы артты. Егіс жұмыстарын жүргізу жақсарып, механизаторлардың біліктілігі өсті. Мал азығы қорын нығайту нәтижесінде мал шаруашылығын дамыту негізі қаланды. Ірі қара мал төлін бордақылау енгізілді. Бидай, ет, сүт өнімдерін өндіру және мемлекетке сату ісі елеулі түрде кеңейді. 1973 ж. мемлекетке жоспардағы 111637 тонна орнына 3100 тонна астық өткізілді. Өндірістік, мәдени-тұрмыстық және тұрғын үй құрлысына басты назар аударылды. Мектеп-интернат, балалар үйлері, пионер лагерьлері салынды.
Бүкілодақтық социалистік жарыстағы жетістіктері және астық өндіру және мемлекетке сату бойынша міндеттерін асыра орындағаны үшін 1973 ж. 10 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Бұйрығымен В.В. Еременкоға Социалистік Еңбек ері атағы беріліп, Ленин ордені, «Орақ және Балға» алтын медалімен марапатталды.
Колхозды 44 жыл бойы басқарды. 1944 ж. зейнетке шықты.
Семей обкомы және Қазақстан Компартиясы Новая Шульба аудандық комитетінің мүшесі, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Аудандық және селолық халық депутаттары Кеңесінің депутаты, III Бүкілодақтық колхозшылар сьезінің делегаты болды (1969).
3 Ленин ордені (1957; 1971; 1973), 2-дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Еңбек Қызыл Туы (1976) Қызыл Жұлдыз (1943) ордені және көптеген медальдармен, соның ішінде "За трудовую доблесть" (1966) медалімен марапатталды.
Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданында тұрды.
2009 ж. қайтыс болды.
Деректер
Источники
Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985.
Ерёменко Василий Васильевич [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=20300 (05.01.2018)
Жақсыбаев Нәби Құлшыманұлы (1912-1975) - Зырян қорғасын комбинатының директоры, техника ғылымдарының кандидаты, Социалистік Еңбек Ері, Зырян қ. Құрметті азаматы.
1912 ж. 28 ақпанда Ақтөбе облысы Шалқар ауданы №2 ауылда дүниеге келген. Әкесі мен әкесінің ағасының ортақ шаруашылығы болды, олар ауқатты адамдарға жалданып жұмыс істеді. 1915-1916 жж. әкесі мен әкесінің ағасы жұқпалы аурудан қайтыс болады. Анасы үш ұлын Ақтөбе облысының Темір ауданына туысы бақташы Жақсыбайға әкеледі, ол ұлы Нәбиді асырап алады. Содан тегі Жақсыбаев болып кетеді.
1992 ж. балалар коммунасының Күнжар мектебін және жастарды оқу орындарына дайындайтын өлкелік курстарды бітірген соң, Қазақ педагогикалық институтына (қазір Абай атындағы ҚАЗҰПУ) оқуға түседі. Анасының ауыр материалдық жағдайына байланысты институттағы оқуын жалғастыра алмайды. 1932 ж. Темір аудандық атқару комитетінде бөлім меңгерушісі болады. Ол 1932-1937 жж. арасында Мәскеу Түсті металдар және алтын институтында оқиды. Институтты бітірген соң Н. К. Жақсыбаев Қазақ тау-кен институтында (қазір Қ. И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті) оқытушы, Ташкент облысы Аурахмет кенішінің тау-кен цехының бастығы қызметінде болады.
1942-1963 жж. Оңтүстік-Қазақстан, кейін Ақтөбе облыстық атқару комитетінің бастығы, Ақтөбе обком партиясының хатшысы болады. 1953 ж. Н. К. Жақсыбаев шаруашылық қызметте болып, Қарағанды облысының ірі кеніштерін басқарады. Қазақ ССР Түсті металлургия министрінің орынбасары, Қазақ ССР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік техникалық бақылау төрағасы қызметтерін атқарады.
1959 ж. Н. К. Жақсыбаев Зырян қорғасын комбинатын (қазір Казцинк АҚ құрамында) басқарды. Нәби Құлшыманұлы техникалық процестерге, өндірісті жаңадан құру және кеңейтуге, өндірістің күрделі процестерін кешенді механикаландыруға, өндіріске ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарын енгізуге ерекше назар аударды. Оның басшылығымен Зырян қорғасын комбинаты еліміздің түсті металлургия саласының алдыңғы қатарлы кәсіпорнына айналды. Комбинатта оның тікелей қатысуымен алғаш рет тау-кен өнеркәсібінде кенді қысыңқы ортада уату жүйесі әзірленіп, енгізілді. Нәби Құлшыманұлы комбинат мамандары, ВНИИцветмет ғалымдарымен бірлесіп, кенді толассыз өндіру және виброконвейермен жеткізу әдісін әзірлеуге қатысты. Бұл тау-кен өнеркәсібінің басты жаңалығы болды. Кен өндіру мен жеткізудің жаңа әдісі кен қазушылардың еңбек өнімділігін 2 есе арттыруға, сондай-ақ, алынған кен өнімі тоннасының өзіндік құнын 30% азайтуға мүмкіндік берді. Зырян жер асты вибконвейері құнды өнертабыс деп танылды ... Жаңалық авторлары – инженерлер тобына, соның ішінде Н. К. Жақсыбаевқа Өнертабыс жөніндегі Комитет авторлық куәлік табыстады. Н. К. Жақсыбаев басқаратын Зырян қорғасын комбинатының кенді ауыр суспензияларда байыту әдісі еліміз ғана емес, шетелдерде де ірі ғылыми жетістік ретінде танылды. Зырян байыту фабрикасына АСУТП (технологиялық процестерді автоматты басқару жүйесі) енгізу Жақсыбаевтың басшылығымен жүргізілді. Тазарту құрылғылары, өнімді жинақты пайдалану әдістері, кенді қысыңқы ортада уату әдісі және тағы басқа техникалық жаңалықтарды Зырян қорғасын комбинатының жаңашылдары мен комбинат директорының тікелей қатысуымен әзірлеп, енгізілді.
Техника ғылымдарының кандидаты Жақсыбаев Нәби Құлшыманұлы терең ғылыми білімі, ізденістері, батыл шешімдері, ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленетін, сондай-ақ, өте қарапайым және сезімтал адам еді.
Н. К. Жақсыбаев бірге қызмет еткен адамдар арасында өте қадірлі және беделі жоғары болды. Ол түсті металлургия саласында көптеген ғалымдар мен инженерлер, кәсіпорын мамандарын әзірлеп шығарды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 ж. 20 мамырдағы Жарлығымен түсті металлургия саласында қол жеткізген толағай табыстары мен еңбектегі ерлігі үшін Жақсыбаев Нәби Құлшыманұлына Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені, «Орақ пен балға» алтын медалі табысталды.
Ленин ордені, Октябрь революциясы ордені, екі Қызыл Ту ордені, «Құрмет белгісі» ордені, үш медаль және екі Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет Грамотасымен марапатталды. Зырян қаласының Құрметті азаматы.
Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласында тұрған.
1975 жылы 20 тамызда өмірден өтті.
«Социалистік Еңбек Ері, Зырян қаласының Құрметті азаматы Нәби Құлшыманұлы Жақсыбаевты есте қалдыру туралы» Зырян қалалық кеңесінің еңбекшілер депутаттары атқару комитетінің 1975 ж. 4 қараша №515 шешімімен Зырян қ. Комсомольская көшесінің жартысы Н.К.Жақсыбаев көшесіне өзгертілді. 2012 жылы Н.Қ.Жақсыбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Н.Қ.Жақсыбаев атындағы көшедегі үйдің біріне мемориалдық тақта орнатылды.
Деректер
Источники
Суқанов, А. Елі оны ұмытпайды [Мәтін] / А. Суқанов // Дидар. - 1991. - 1 ақпан.
***
Бабинцев, М. Директор комбината [Текст] / Бабинцев М. // Рудный Алтай. - 1970. - 22 мая.
Капустин, П. Жизнь, достойная подражания [Текст] / Капустин П. // Рудный Алтай. - 1982. - 2 марта.
В памяти живет [Текст] // Заря Востока. - 1982. - 4 марта.
Шевелев, Г. Генералы промышленности [Текст] / Шевелев Г. // Рудный Алтай. - 2007. - 2 июня. - С. 3.
Прокопьева, О. Сын земли родной [Текст] : [об открытии мемориальной доски Герою Соц. труда Н. К. Жаксыбаеву в Зыряновске] / О. Прокопьева // Рудный Алтай. - 2012. - 6 марта. - С. 5.
Тлеубергенова, С. Век красного директора [Текст] / С. Тлеубергенова // 7 дней. - 2012. - 23 февраля. - С. 5.
Савельев, В. Практика в Риддере [Текст] / В. Савельев В. // 7 дней. - 2014. - 9 января. - С. 7.
Жаксыбаев Наби Кульчаманович [Электронный ресурс] : фонды личного происхождения // Государственный архив Восточно-Казахстанской области и его филиалы: сайт. - Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/ru/Page/Index/1701/zirian (05.01.18)
Жаксыбаев Наби Кульчаманович [Электронный ресурс] // Герои страны: сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=15484 (05.01.18)
Жакина Жумагайша (г.р.н.-г.с.н.) – доярка, Герой Социалистического труда.
Год и место рождения не установлены.
Трудовой путь начался в годы Второй Мировой войны, работала дояркой в колхозе Жарылкамыс Абайского района Восточно-Казахстанской областиВосточно-Казахстанской области. В 1945 г. была назначена заведующей коровьей фермы. Общество фермы ежегодно перевыполняло план по разведению поголовья скота и по производству продукции.
23 июля в 1947 г. Указом Верховного совета СССР Жакиной Ж. было присвоено звание Герой Социалистического труда за достижение успехов.
Награждена орденом Ленина.
Год и место смерти не установлены.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Жакина Жұмағайша: б. 338.
Жаксыбеков Совет Шпекбаевич (1931-2014) – чабан, оличник сельского хозяйства, Герой Социалистического труда.
Родился 10 июля в 1931 г. в а. Каракол Урджарского района Восточно-Казахстанской области. С 1947 г. работал чабаном совхозе им. Б. Абжанова Таскескенского района Семипалатиской области (ныне Урджарский район Восточно-Казахстаской области). Принес большой успех сельскому хозяйству, в 1964 г. от 100 овец приплод 151 ягненка, в 1973 г. от 100 овец приплод 153 ягненка, с каждой овцы сострижено по 6 кг шерсти.
В 1966 г. Указом Верховного Совета СССР присвоено звание Герой Социалистического труда.
Награжден орденами Ленина 2 раза, Трудового Красного знамени 2 раза, медалями.
Скончался 10 января в 2014 г.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Жақсыбеков Совет Шпекбайұлы: б. 338.