Марченко Михаил Аверьянович (1934 ж.) – «Алтайсвинецстрой» тресі «Заводстрой» құрылыс басқармасының плотник-бетоншылар бригадирі, Социалистік Еңбек Ері.
1934 ж. 15 мамырында Белорусия ССР-і Могилев облысы Черниковский ауданы Тойков ауылында дүниеге келген.
1951 жылдан бастап Минск құрылысында плотниктер бригадирі болып жұмыс істеді. 1953-1956 жж. Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1956 ж. комсомолдық жолдама бойынша Өскемен титан-магний комбинаты құрылысына келді. 1958 ж. «Алтайсвинецстрой» тресі «Заводстрой» құрылыс басқармасының плотник-бетоншылар бригадасын басқарды. 1958 ж. бастап КПСС мүшесі.
М. А. Марченко екі онжылдық бойы коммунистік еңбек ұжымы - «Алтайсвинецстрой» тресі «Заводстрой» құрылыс басқармасының плотник-бетоншыларкомсомол жастар бригадасын басқарды. Ол Өскемен титан-магний және қорғасын-мырыш комбинаты, ТЭЦ/ЖЭС-ның бесінші және алтыншы кезектерін, Семей және Өскемен цемент зауыттары, Жібек маталар комбинаты және аспаптар зауыты құрылыс индустриясы нысандарын, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, тұрғын-үй, коммуналдық және мәдени-тұрмыстық бағыттағы нысандардың құрылысына елеулі үлесін қосты.
М. А. Марченконың басқаруындағы бригада еңбекте ерлік үлгісін көрсетті. Еңбекті дұрысұйымдастыру және жұмыс күнінің барынша тығыздығына байланысты, ұжымдағы ауысымнормалары 120-130 пайызды құрады. Озат әдіс-тәсілдерді қолдану, құрылыс өндірісін жетілдіру, өнетабыстық ұсыныстаренгізу есебінен 1971 ж. 10,5 мың сом экономикалық тиімділікке қол жеткізіліп, еңбек өнімділігі 8,2 пайызға өсті.
Бригада 1972 ж. барлық жұмыстар есебінен. күніне адам басына 1,0 кубметр мөлшерінде монолит бетонын құйды және шатыр жабындысын 18 шаршы метр көлемде орындады, келесі жылдары бұл көрсеткіш өсе түсті. 1975ж. соңына қарай нақтылы мөлшердегі өнімділік 2,95 кубметрге өсіп, жоспардың 155 пайызын құрады. Бұл ретте, құрылыс материалдарын үнемдеу жыл сайын 15-20 мың сом құрады.
Бұл басшы М. А. Марченконың үлкен ерлігі еді. Михаил Аверьянович құрылыс мамандығына 150-дей адамды үйретіп, 30-дан аса өнертабыс жаңалығын енгізді.
Сегізінші бесжылдық құрылысы бойынша өндіріс обьектілері мен қуатын іске қосып, тапсырманы аса табысты орындағаны үшін «Алтайсвинецстрой» тресі «Заводстрой» құрылыс басқармасының плотник-бетоншылары бригадирі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 ж. 5 сәуір Жарлығымен Марченко Михаил Аверьяновичке Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалі тапсырылды.
М. А. Марченко КПСС XXIII съезі, Қазақстан Компартиясы XIV съезі, Қазақстан ВЛКСМ ХVІІ съезі, Қазақстан кәсіподақтарының Х съезінің делегаты болды. Бірнеше рет Шығыс Қазақстан обком партиясы мүшесі болып сайланды, Бүкілодақтық бригадалар кеңесі және коммунистік еңбек екпінділері жиынына, бригадирлер слетіне қатысты.
«Еңбектегі ерлігі үшін»медалі (1960), Ленин ордені (1965), «За доблестный труд. В ознаменование 100-летия со дня рождения Владимира Ильича Ленина» (1970) медалі, «Тоғызыншы бесжылдық екпіндісі», «Жастар тәлімгері» белгілерімен марапатталды.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Марченко Михаил Аверьянович: б. 519.
Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985.
Марченко Михаил Аверьянович [Электронный ресурс] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=20303 (10.01.18)
Марченко Михаил Аверьянович [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (09.01.2018)
Мигаев Михаил Данилович (1901-1978) – табыншы, азамат соғысы және Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.
1901 жылы 20 тамызда Кубань уезі Майкоп болысы Гуреев станицасында шаруа отбасында дүниеге келген.
1928-1941 жж. Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы «Коммунар» колхозында жұмыс істеді.
Совет өкіметі орнап, азамат соғысы басталған кезде онжеті жасар бозбала партизан отряды қатарына кіреді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында аты аңызға айналған 28-гвардиялық Панфилов дивизиясы қатарында Отан қорғады. Соғыста жарақат алып елге оралады.
1942-1957 жж. аға табыншы, колхозда жылқы фермасында меңгеруші, ал, 1957 жылы «Чапаев» совхозында жұмысшы болды.
1948 жылы М. Д. Мигаев 21 биеден 21 құлын алып, төлді сақтап қалды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы 1949 жылғы 4 шілде Жарлығымен М. Д. Мигаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені және «Орақ пен Балға» алтын медалі тапсырылды.
Ол колхоздың қоғамдық жұмысына белсенді қатысты. Еңбекшілер депутаттарының ауылдық Кеңесіне депутат болып сайланды.
1978 жылы қайтыс болды.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Мигаев Михаил Данилович б. 531.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].
Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Мигаев Михаил Данилович[Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (09.01.2018)
Моторный Александр Родионович (1909-ө.ж.б.) – зоотехник, колхоз председателі, Социалистік Еңбек Ері.
1909 жылы Семей облысы Жаңа-Семей ауданы Знаменка ауылында (қазір Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай-Бородулиха аудандары арасы) дүниеге келген. Еңбек жолын Түріксіб құрылысында бастады.
1930 жылы Семей ауыл шаруашылығы техникумын (қазір «Құрылыс колледжі») бітірген. Семей облысы Көкпекті ауданында (қазір Шығыс Қазақстан облысы), Шығыс Қазақстан облысы Киров ауданы (қазір Глубокое ауданы) Ленин атындағы колхозда зоотехник, кейін Шығыс Қазақстан облысының бас зоотехнигі, Заульба МТС-те (машина-трактор станциясы) зоотехник болып еңбек етті. 1956 ж. – Глубокое ауданы Киров атындағы колхозды басқарды.
Ұзақ жылдар бойы колхозда табысты еңбек етіп, майлы дәнді-дақылдар өсіруде қол жеткізген жетістіктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 жылғы 30 сәуір Жарлығымен А.Р. Моторныйға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Ленин ордені және «Құрмет белгісі», ВСХВ алтын медалі, «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталды.
Қайтыс болған жылы және күні белгісіз.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Моторный Александр Родионович: б. 536.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].
Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан, 1969.
Новиков, М. Трудное счастье [Текст] : очерк : [о Герое Соц. Труда, председателе колхоза им. Кирова Глубоковского района - А. Р. Моторном] / М. Новиков // Огни Прииртышья. - 1966. - 25 августа.
Богатырев, Ф. Крестьянский сын [Текст] : [о ветеране труда, Герое Соц. Труда А. Р. Моторном] / Ф. Богатырев // Рудный Алтай. - 1984. - 16 мая.
Шустер, В. Незабываемый председатель [Текст] : [о Герое Соц. Труда, председателе колхоза им. Кирова Глубоковского района - А. Р. Моторном] / В. Шустер // Рудный Алтай. - 1989. - 13 мая.
Моторный Александр Родионович [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (16.01.2018)
Михайленко Василий Иванович (1929 ж.) – токарь, Социалистік Еңбек Ері.
1929 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданы Рулиха ауылында дүниеге келген.
13 жастан бастап Жданов атындағы колхозда еңбек етті. 1947-1950 жж. токардың көмекшісі, соңынан Аврора МТС-те (машина-трактор станциясы) токарь болды. Кейін Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1955 ж. МТС-те, ал, 1958 жылы Жданов атындағы колхозда комбайншы болды.
Егіс жұмыстары және астық жинауда жоғары көрсеткішке қол жеткізгені үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 жылғы 23 маусым Жарлығымен В. И. Михайленкоға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
В. И. Михайленко туралы әдебиет
Литература о Михайленко В. И.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Михайленко Василий Иванович: Б. 533.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст]. - Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы:
Михайленко Василий Иванович [Электронный ресурс] : [биография] // КГУ Шемонаихинская центральная районная библиотека : сайт. – Режим доступа : http://shemlibrary.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=652&Itemid=55
Мұқанов Шаймерден (Шаймардан) (1924 ж.) – «Қарабұлақ» совхозының аға шопаны, Социалистік Еңбек Ері.
1924 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1940 жылы «Освобождение» колхозында шопанның көмекшісі болып бастап, осы колхоз Зайсан ауданының «Қарабұлақ» совхозы болып аталғанға дейін еңбек етті.
Атақты шопан есімі Қазақстан Республикасының Құрметті Алтын кітабына енген. 1966 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы Жарлығымен Шаймерден Мұқановқа еңбекте қол жеткізген жетістіктері үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Ол «Ленин» ордені, «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері. Қой шаруашылығын дамытудағы ерен еңбегі үшін 1964 жылы Ш. Мұқановқа «Қазақ ССР-і Социалистік мал шаруашылығы саласына еңбегі сіңген қызметкер» атағы берілді.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Мұқанов Шаймерден: б. 545.
Муканов Шаймардан [Электронный ресурс] : [биографическая справка] // Управление культуры, архивов и документации : сайт. - Режим доступа : http://cultura-arhiv.vko.gov.kz/ru/65let_12_05.html (11.01.2018)