Токарева Анна Николаевна (1923 ж.) - флотатор, коммунистік еңбек екпіндісі, Социалистік Еңбек Ері.
1923 жылы 9 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Лениногорск қаласында (қазір Риддер) дүниеге келген.
Еңбек жолын 1940 жылы қала ұйымдарының қосалқы шаруашылықтарында бастады.
1942 жылдан бастап Лениногорск полиметалл комбинатының (қазір Казцинк ЖШС құрамында) байыту фабрикасында дозировщик (мөлшерлеуші) және флотатор болып жұмыс істеді.
1964 жылы А.Н.Токарева өндіріске қорғасын-мырыш концентраттарын бөлу әдісін енгізуге жұмыстарына қатысты. Бұл әдіс кен өнімдерінен қорғасын, мырыш шығаруды кеңейтіп, еріген алтын шығынын азайтты, сондай-ақ, мырыш қоспасы сапасын көтерді. Жаңа прогрессивті технология жылына шамамен 600 мың рубль үнем берді.
А.Н.Токарева флотатор мамандығын жете меңгеріп, кен байытудың түрлі әдістерін зерттеді, сонымен бірге, өзінің өндірістік міндеттемелерін асыра орындады. Ол жас мамандар арасында ұзақ жылғы іс-тәжірибесін таратып, өз мамандығына 30 адамды үйретті. Оған коммунистік еңбек екпіндісі атағы берілді.
Анна Николаевна Еңбекшілер депутаттарының қалалық Кеңесіне депутат болып сайланды. Ол қаланың мәдени-тұрмыстық жағдайын жақсарту, қаланы көріктендіру жұмыстарына белсенді қатысып, дружинниктерге көмек берді, қамқорлыққа алынған мектептерге жиі барып тұрды.
1966 жылы 20 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен А.Н.Токареваға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
1967 жылы Лениногорск еңбекшілері Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты етіп сайлады.
«1941 - 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» (1946), «Еңбектегі ерлігі үшін» (1955) медальдарымен, «СССР түсті металлургия саласының социалистік жарыс үздігі» (1957) белгісімен марапатталды.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Токарева Анна Николаевна: б. 742.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].
Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Токарева Анна Николаевна [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (10.01.2018)
Токарева Анна Николаевна [Электронный ресурс] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/Page/Index/1911 (23.01.2018)
Токарева Анна Николаевна [Электронный ресурс] : [биография] // Ветераны Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://veteran-vko.kz/ru/home_front01_04.htm(23.01.2017)
Тілеспаев Теміржан (1899-1954) – аға бақташы, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.
1899 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Ұзақ жылдар бойы колхозда жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944 жылы ауыр жараланып Шығыс Қазақстан облысы Киров ауданы (қазір Глубокое ауданы) Заульбинка ауылына оралып, «Красный партизан» колхозында аға жылқышы болды. 1947 жылы Теміржан Тілеспаев әріптестерімен бірге 65 биеден 65 құлын алса, 1948 жылы 76 биеден 75 құлын алды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1949 жылғы 4 шілде Жарлығымен «Красный партизан» колхозының аға бақташысы Т.Тілеспаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
1954 жылы қайтыс болды.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Тілеспаев Теміржан: б. 765.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].
Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Сепсекенов Зада (1914-2013) - Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.
1914 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңаталап ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.
1926-1928 жж. байдың қолында жұмыс істеді. Еңбек жолын «Жасталап» колхозында жұмысшы болып бастады. 1932-1942 жж. «Шілікті» совхозында әртүрлі жұмысшы болды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Аты аңызға айналған 8-ші атқыштар дивизиясы құрамында болып, Калинин майданында елімізді неміс-фашист басқыншыларынан қорғады. Соғыста үш рет жараланып, елге оралады.
1944-1958 жж. бригадир, аға бақташы, жылқы фермасының меңгерушісі, Шілікті ауылдық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, совхоз фермасының басшысы қызметтерін атқарды.
1947 жылы З.Сепсекенов 50 биеден 50 құлын алып, өсірді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылғы 23 шілде Жарлығымен Зада Сепсекеновке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
З.Сепсекеновтың көрсеткіштері үнемі жоғары болды. 1948 жылы ол 120 биеден 118 құлын алып, өсірді. Оның қарамағындағы бие саны жыл сайын өсім беріп, кейінгі жылдары 600 басқа жетті. Сепсекеновтң 10 жылғы еңбегі, жылқышылардың жоғары өнімді еңбегі арқасында жылқы саны 11 реттен аса кеңейіп, бір жарым мыңға жетті.
1959 жылы ол қайтадан Шілікті ауылдық Кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі, Еңбекшілер депутаттарының аудандық және облыстық Кеңесіне депутат болып сайланды.
«Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарымен марапатталды.
2013 жылы Үржар ауданы Жарбұлақ ауылында қайтыс болды.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Сепсекенов Зада: б. 695.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].
Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Сепсекенов Зада [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (10.01.2018)
Суфиянов Аглулла Гибатович (1927-2009) – кенші-шахтер, өнеркәсіп маманы, Социалистік Еңбек Ері.
1927 жылы 25 ақпанда Башкир АССР-і (қазір Башқұртстан Республикасы) Миякин ауданы Ислачулово ауылында дүниеге келген.
1941-1947 жж. Миякин ауданының «Урал» колхозында жұмыс істеді. 1951 ж. - Фрунзе қаласының Инструменталды зауытында ағаш шебері, 1952 жылы – кенші, 1957 ж. – Зырян қорғасын комбинатында кенші-шахтер және Маслянск кенішінің бригадирі.
1955 жылы А.Суфияновқа кеншілер бригадасы сеніп тапсырылды. Оның жетекшілігіндегі 12 адамнан тұратын ұжым еңбекті кешенді ұйымдастыруды енгізеді. А.Суфиянов бұрғылау, жару, жол жөндеу, желдеткіштер мен құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарын атқарды. 1959 жылы бригаданың еңбек өнімділігі 107 пайыз, 1960 - 107,8, 1961 - 107, 1962 -106,5 пайыз құрады. 1961 жылы бригаданың бір жұмысшысының еңбек өнімділігі басқа бригадалармен салыстырғанда 15-35 пайыз өсті.
Зырян комбинатында А.Суфиянов бригадасына1960 жылы 24 ақпанда коммунистік еңбек бригадасы атағы берілді. 1961 жылы Шығыс Қазақстан обком партиясы олардың іс-тәжірибесін облыстың барлық кен орындары жұмысшыларына таратты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1961 жылғы 9 маусым Жарлығымен Аглулла Гибатович Суфияновқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Кейін Башқұртстанға келіп 1968-1981 жж. Миякинск ауданы «Урал» колхозында жұмыс істеді. 1964 жылы Қарағанды қаласында Степной экспедициясына қатысты. 1964 жылы Қырғыз ССР-і (қазір Қырғыз Республикасы) Учкошконск іздеу-барлау партиясының бригадирі болды.
Ленин орденімен марапатталды (1961).
2009 жылы 5 ақпанда қайтыс болды.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Суфиянов Аглулла Гибатович: б. 708.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].
Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Суфиянов Агпулла Гибатович [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (10.01.2018)
Суфиянов Агпулла Гибатович [Электронный ресурс] : [биография] // Википедия – ашық энциклопедиясы : сайт. – Режим доступа : https://ru.wikipedia.org/wiki/Суфиянов Агпулла Гибатович (23.01.2018)
Семенова Клавдия Федоровна (1922 ж.) – құрылысшы, сылақшы, Социалистік Еңбек Ері.
1922 жылы Псков облысы Боровики селосында шаруа отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын Арал балық тресінде бастады. Кейін Лениногорскіде (қазір Риддер, Шығыс Қазақстан облысы) сылақшының көмекшісі болды. 1949 жылы «Лениногорсксвинецстрой» тресінде сылақшы-әрлеуші бригаасына жетекшілік етті.
К.Семенованың бригадасы алғашқының бірі болып мәскеуліктердің бастамасына қолдау беріп, коммунистік еңбек атағына ие болды. Бригада жоспардағы міндеттемелерін 115-134 пайыз орындады. К.Ф.Семенованың бастамасымен бригада шаруашылық есепке көшіп, басқа ұжымдарды ілестірді.
Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1960 ж. 7 наурыз Жарлығымен К.Ф.Семеноваға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
К.Семенова қорғасын зауыты, байыту фабрикасы, электростанция, тұрмыстық комбинат, тұрғын-үй т.б. құрылыстарына қатысты. Мерейтой жылы коммунистік бригада жетекшісі коммунист К.Ф.Семенова бригадасы жаңа мырыш зауытын салуға қатысып, көшпелі қызыл жалауша иегері болды.
Клавдия Федоровна Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің екі шақырылымына депутат, қалалық партия комитетіне мүше, «Заводстрой» құрылыс басқармасының әйелдер кеңесіне басшы болды. Бірнеше рет Еңбекшілер депутаттары облыстық және қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды, партия және кәсіподақ конференциялары, жергілікті комитет делегаты болды.
Құрмет грамоталары, «Үздік сылақшы» және «Үздік құрылысшы» белгілерімен марапатталды, Құрметті құрылысшы атағының иегері.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Семенова Клавдия Федоровна: б. 694.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].
Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Семенова Клавдия Федоровна [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/ru/Page/Index/1656 (10.01.2018)
Семенова Клавдия Федоровна [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (10.01.2018)