Байсемізов Мұса (1879-1969) - шопан, Социалистік Еңбек Ері.
1879 жылы Абай ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген. 1929 жылы Сағада колхозын құрды. Кейіннен Абай ауданындағы «Жүрекадыр» ұжымшарында шопан, аға шопан болып еңбек етті. Қой шаруашылығын дамытуда елеулі табыстарға жеткен.
1947 жылы 23 шілдеде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен М. Байсемізовқа еңбектегі табысы үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
1969 жылы 13 наурызда қайтыс болды.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Байсемізов Мұса: б. 241.
Бақтыбаев Хайролла (1925 - 2020 жж.) - металлург, Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1925 жылы 20 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Покровка ауылында (қазір Маңырақ) дүниеге келген. Еңбек жолын 1941 жылы туған ауылында шопан болып бастаған. 1942-1947 жж. Кеңес Армиясының қатарында әскери міндетін өтеген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947-1951 жж. – «Завет Ильича» колхозында шопан болған. 1951 ж. бастап В.И. Ленин атындағы Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында (қазір Казцинк) балқытушы болды. 1951 ж. сәуірден тамыз айына дейін комбинаттың жөндеу-механикалық базасында құюшы болып жұмыс істеді. 1951 ж. тамызынан бастап – комбинаттың мырыш зауытында балқытушы. 1975 ж. бастап дербес зейнеткер.
1954 жылы, қорғасын балқыту процесін игерудің ауыр кезеңінде Хайролла Бақтыбаев Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты (қазір Казцинк) дирекциясы мен қоғамдық ұйымдардың үндеуін қолдап, қорғасын зауытының ең бір жауапты учаскесі – балқыту цехында көрікші болды.
Х. Бақтыбаев қорғасын балқытудың барлық процесін жете білді және пештердің апатсыз жұмысын қамтамасыз етіп, технологиялық процестердің бұзылуына жол бермеді. Өндірістік тапсырмаларын жүйелі түрде орындап, әсіресе сегізінші бесжылдықта ерекше еңбек көрсеткішіне қол жеткізді. Жанкешті еңбегінінің нәтижесінде озат балқытушының еңбек өнімділігі - 1966 ж. - 103,2 пайызды, 1967 ж. - 104,9, 1968 жылы -104,5, 1969 ж. -102,1, 1970 ж. - 105,3 пайызды құрады. Өндіріс озаты Хайролла Бақтыбаев социалистік міндеттемелерін 1970 ж. 1 қарашасына мерзімінен бұрын орындап, жоспардан тыс 667 мың. руб соманың өнімін берді.
1962 ж. бастап КПСС мүшесі.
Х. Бақтыбаев бірнеше рет комбинат парткомы, цех және зауыт кәсіподақ комитеті, обком және металлургия өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіподағы құрамына сайланды. ВЦСПС делегаты, Өскемен қалалық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 ж. 30 наурыздағы Жарлығымен түсті металлургия саласында қол жеткізген толағай табыстары мен еңбектегі ерлігі үшін Хайролла Бақтыбаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені, «Орақ пен балға» алтын медалі табысталды.
Қызыл Жұлдыз ордені, 2 дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Ленин ордендері және Социалистік Еңбек Ерінің Алтын Жұлдызы, «Құрмет» ордені; «Ерен еңбегі үшін» медалі; Владимир Ильич Лениннің 100 жылдығын атап өту «Еңбек ардагері», «Құрметті металлург» белгілерімен марапатталды.
2020 жылы 27 шілдеде дүниеден өткен.
Х. Бақтыбаев туралы әдебиеттер
Литература о Х. Бактыбаеве
Кітаптар-книги:
Барқытбелдің баурайында : Тарбағатай ауданына 70 жыл. - Өскемен : Б. и., 1998. - 157 б.
Шығыс Қазақстан облысы : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Бақтыбаев Хайролла: Б. 244.
Герои Социалистического труда – казахстанцы. - Алма-Ата : 1985.
Мақалалар - Статьи
Сәдібеков, Б. Тұғырынан түспеген тұлға /Б. Сәдібеков// Дидар. - 2005. - 18 қаңтар. - Б. 1
***
Ермакова, Н Герой труда - Бахтыбаев /Н. Ермакова // Металлург. - 1941. - 1 мая.
Оркушпаева, Н. Вдвоем с тобой... : [о Герое Соц. труда, заслуженном металлурге Х. Бахтыбаеве] /Н. Оркушпаева. // Рудный Алтай. - 2012. - 26 окт. - С. 5.
Губанов, А. Хайрулла Бахтыбаев: "Я никогда не хныкал" : [имеются биограф. данные о Х. Бахтыбаеве] /А. Губанов. // Усть-Каменогорск. - 2015. - 22 янв. - С. 8.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы:
Бахтыбаев Хайрулла [Электронный ресурс] : [биографическая справка] // Тенгриньюс : сайт. - Режим доступа : https://tengrinews.kz/pobediteli/veteran/1540/
Баукова Александра Петровна (1928-1998) – фабрика флотаторы, Социалистік Еңбек Ері.
1928 ж. Саратов облысы Петров ауданы Грачевка деревнясында дүниеге келген. Еңбек жолын 1947 ж. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс полиметалл комбинатының Белоусовка кен-байыту фабрикасында бастады. Жыл бойы насосшы, кейін флотатар және смена мастері болды. 1975-1980 жж. – осы кәсіпорында сынамашы болып, 1980 жылы зейнетке шықты.
А. П. Баукова Белоусов кен-байыту фабрикасында отыз жылдан аса еңбек етті. Аға флотатор жұмысында ол кен байыту әдістерін жақсы игерді. Александра Петровна білімі мен күш-қуатын жоғары экономикалық тиімділікке жетуге мүмкіндік беретін озық технологияны дамыту ісіне арнады. Оның қатысуымен жаңа өнім – барит концентраты игерілді. Ол бір жылда шамамен миллион руб. қосымша кіріс кіргізді.
Сегізінші бесжылдық жылдары А. П. Баукова жұмыс істеген смена қорғасын алу жоспарын 101,6 пайыз, мырыш - 105,5, мыс - 102,4 пайыз орындады. Ал, концентратқа металл өндіру бойынша: қорғасын - 102,2 пайыз, мырыш - 105,3, мыс - 112,1 пайыз. Өндірістік тапсырмаларын табыспен орындап, А.П. Баукова өнертапқыштық жұмыстарға белсене араласты. Оның тек 12 ұсынысы – 7,4 мың рубль. ғана экономикалық тиімділік берді.
Александра Петровна жас мамандарға қолдау беріп, өзінің өндірістік іс-тәжірибесі және білімімен бөлісті, флотатор мамандығына шамамен 40 адамды оқытып-үйретті. Кәсіпорынның тәжірибелі тәлімгері, коммунист А. П. Баукова коммунистік еңбек екпіндісі атағына ұсынылды. 1963 ж. бастап КПСС мүшесі. 1969 ж. КСРО ВДНХ СССР көрмесіне қатысты.
А. П. Баукова Шығыс Қазақстан облыстық және Глубокое аудандық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды, КПСС XXIII съезінің делегаты және Қазақстан Компатиясы райкомының бюро мүшесі болды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 ж. 30 наурыздағы Жарлығымен түсті металлургия саласында қол жеткізген толағай табыстары мен еңбектегі ерлігі үшін Баукова Александра Петровнаға Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені, «Орақ пен балға» алтын медалі табысталды.
«Еңбек Қызыл Ту» ордені (1960), «За трудовое отличие» (1954), «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Ленинніңтуғанына 100 жылтолуы құрметіне» медальдарымен марапатталды (1970).
1988 ж. 5 сәуірде қайтыс болды.
Деректер
Источники
Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985.
***
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Баукова Александра Петровна: б. 255.
Барлықбаев Исембай (1914 – ...) - шопан, Социалистік Еңбек Ері.
1914 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылында дүниеге келген. Үржар ауданындағы «Қызыл тау қырандары» ұжымшарында шопан, аға шопан болып еңбек еткен. Әр саулықтан 105-110 қозы алған. 1956 жылы КСРО ХШЖК-не қатысқан.
1958 жылы 9 наурызда КСРО Жоғары Кеңесінің Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Алматы қаласында тұрды.
Қайтыс болған жылы белгісіз.
И. Барлыкбаев туралы әдебиеттер – Литература о И. Барлыкбаеве
Кітаптар-книги:
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Барлықбаев Исембай: б. 250.
Березин Иван Терентьевич (1910 – 1958) - механизатор, Социалистік Еңбек Ері.
1910 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көлденең ауылында дүниеге келген. 1937 жылдан Аксаковка МТС-те трактор, комбайн жүргізуші болып еңбек етті. 1951-1958 жылдары «Свободный труд» колхозында жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығын дамытуға ерен еңбек сіңірді. 2-шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
1951 жылы КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
1-дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордені, бірнеше медальдармен марапатталды.
1958 жылы қайтыс болды.
И. Березин туралы әдебиеттер – Литература о И. Березине
Кітаптар-книги:
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Березин Иван Терентьевич: б. 265.