Воронков Анатолий Дмитриевич (1918-1966) - қайраткер, Екінші Дүниежүзілік соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.
1918 жылы Өзбекстанда Ташкент қаласында дүниеге келген. 1936 жылы Алматы қаласындағы Зооветеринарлық институты (қазір Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Еңбек жолын 1936 жылы Жарма ауданының «Скотовод» колхозында бастады.
2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
1945-1952 жылдары Семей облысының (қазір Шығыс Қазақстан облысы) ауыл шаруашылығы басқармасында ветеринария басқармасының бастығы қызметін атқарды. 1952-1954 жылдары Алматы қаласындағы Зооветеринарлық институтында ассистент, 1954-1961 жылдары Үржар ауданындағы «Қызыл тау қырандары» ұжымшарының төрағасы, 1961-1963 жылдары Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, 1963-1966 жылдары облыстық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған. Ұзақ жылдар Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) партия комитетінің мүшесі болып сайланған. Ауыл шаруашылығын дамытуда зор жетістіктерге жетті.
Ауыл шаруашылығында елеулі табыстарға жеткені үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1957 жылы 11 қаңтарда Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендері, бірнеше медальдармен марапатталды.
1966 жылы қайтыс болды.
А. Воронков туралы әдебиеттер – Литература о А. Воронкове
Кітаптар-книги:
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Воронков Анатолий Дмитриевич: б. 301.
Гайдайчук Иван Арсентьевич (1922-ө.ж.б.) – тракторшы, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Социалистік Еңбек Ері.
1922 жылы Украина ССР (қазір Украина Республикасы) Каменец-Подольск облысы Черно-Островск ауданы Черново ауылында дүниеге келген.
1940 жылы отбасы Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданы Кабаново ауылына көшіп келеді. Мұнда ол «Рассвет» колхозында тіркемеші болып жұмыс істейді. 1941 жылы Большенарым механизация мектебін бітіреді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әскерден кейін он жыл бойы Шемонайха МТС (машина-трактор станциясы) тракторшы және трактор бригадасының бригадирі болады. Кейін бригадирдің көмекшісі және «Жаңа өмір» ауыл шаруашылығы артелінде тракторшы, сондай-ақ, «Қызылпартизан» совхозының екінші бөлімшесінде бригадир болып істейді.
1941 жылы қыркүйекте Иван Гайдайчук майданға аттанып, Кавказда соғысқа қатысады, соңынан жараланып елге оралады. Кейін жүргізуші оқуын оқып, автомашинамен Белорусия, Польша елдерін жүріп өтеді. Жеңісті Германияда қарсы алады.
Соғыстан кейін Иван Арсентьевичке трактор бригадасына басшылық жасау ұсынылады.
1956 ж. И. А. Гайдайчук бригадасы дән себуге арналған 1550 гектар жерді өңдейді. Механизаторлар жүз пұт астық жинаймыз деп жоғары міндеттеме алып, міндеттемелерін артығымен орындап шығады.
И. А. Гайдайчук бригадасы 1550 гектар жерден орта есеппен 24,5 центнер егін, соның ішінде 844 гектардан 25 центнерден бидай жинады.
Еңбекте қол жеткізген жетістіктері үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1957 ж. 11 қаңтар Жарлығымен И. А. Гайдайчукке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Ол қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, Шығыс Қазақстан облыстық Еңбекшілер депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды.
Қайтыс болған күні және жылы белгісіз.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Гайдайчук Иван Арсентьевич: б. 302.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].
Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Гайдайчук Иван [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (10.01.2018)
Гайдайчук Иван [Электронный ресурс] : [биография] // Википедия – открытая энциклопедия : сайт. – Режим доступа : https://ru.wikipedia.org/wiki/Гайдайчк,_Иван_Арсентьевич (10.01.2018)
Гречаник Артемий Степанович (1906-ө.ж.б.) – комбайнер, еңбегі сіңген механизатор, Социалистік Еңбек Ері.
1906 жылы Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы (қазір Ұлан ауданы) Таврия селосында дүниеге келген.
Еңбек жолын байдың қол астында батырақ болып бастаған. Төңкерістен кейін ауылда ұста болып, 1929 жылы колхозға кірді. 1930 ж. – тракторшы, кейін бригадир, Украинскі МТС-та (машина-трактор станциясы) механик болып жұмыс істеді. 1946 жылдан бері – Таврия ауданының Пролетар МТС-де комбайнер болды. КПСС мүшесі.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1957 жыл5ы 11 қаңтар Жарлығымен А. С. Гречаникке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
А. С. Гречаник Бүкілодақтық ауылшаруашылығы көрмесіне екі рет қатысқан.
«За освоение целинных земель» медалі, үлкен күміс медаль және «Участник ВСХВ» медалімен марапатталған.
Қайтыс болған жылы белгісіз.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Греченник Артемий Степанович: б. 305.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].
Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Гречаник Артемий [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42(10.01.2017)
Гребенюк Василий Андреевич (1924-2000) - металлург, Социалистік Еңбек Ері.
1924 жылы 29 қыркүйекте Ресей Федерациясының Алтай өлкесі Благовещенск ауданы Нижний Кучук селосында дүниеге келген. 1954 жылдан КПСС мүшесі. Еңбек жолын 1942 жылы «Новый путь» колхозында бастаған. Ұлы Отан соғысы жылдары Степное және Украина майдандарына қатысқан. Соғыстан кейін туған ауылында изба-читальня меңгерушісі болды. Қазақ тау-кен институтын бітірген соң (1951, қазір Қ. И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университет) Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Зырян қорғасын комбинатына жұмысқа жіберіледі. 1951-1963 жж. мастер, учаске бастығы, тау-кен ісі бойынша бас инженердің орынбасары, КПСС ХХІІ партсьезі атындағы кеніштің (бұрынғы Маслянский кеніші) бас инженері және бастығы қызметтерін атқарған. 1963-1973 жж. – Лениногор Еңбек Қызыл ту орденді полиметалл комбинатының (қазір Лениногор полиметалл комбинаты) директоры. 1973 ж. - министрдің бірінші орынбасары, 1974-1978 жж. - Қазақ ССР-і түсті металлургия министрі, 1979-1987 жж. - Қазақ ССР-і Министрлер Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары. 1987 ж. Мәскеу қаласына қоныс аударып, онда 1996 ж. дейін ғылыми-техникалық «Энергосбережение» АҚ бастығы болды.
В. А. Гребенюк – социалистік өндіріс жаңашылы және ұйымдастырушы. Оның басшылығымен КПСС XXII съезі атындағы кеніш (бұрынғы Маслянский кеніші) еліміздің озат тау-кен өнеркәсібі қатарынан орын алды. Кеніштің еңбек өнімділігі үш жылдан аса уақытта екі есе өсті, кен игерудің жаңа технологиясы енгізілді. В. А. Гребенюктің басшылығымен Тишин кеніші мен Лениногор мырыш зауытының құрылысы басталып, іске қосылды. Щекинск химия комбинатының іс-тәжірибесін қолдану, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, жұмысшыларды екінші және аралас мамандықтарға оқытып-үйрету, жөндеу жұмыстарына нормалық тапсырмалар беру арқылы бес жылда (1966-1970) Лениногор комбинатында 1500 ден аса жұмысшы босатылды. В. А. Гребенюк қалау, мырыш қалдығын өңдеу, қорғасын-мырыш қосындысын бөлу, кентаспен ұнтақтау, сульфидті кенді сатылы айыру жұмыстарына жаңа технологияны енгізуге белсене араласып, миллиондаған қаржыны үнемдеген.
Мырыш зауытында электрмен балқыту арқылы жоғары сапалы өнім алудың әдіс-тәсілдері енгізілді. Соның нәтижесінде жылына 900 мың. руб. үнемделді.
Сегізінші бесжылдық жылдарында комбинаттағы кен өндіру мен байыту 21,9%, мыс пен мырыш концентраттарын өндіру 2 есе, мырыш -3,1, кадмий -4,7 күкірт қышқылын өндіру-2,7 есе артты. В. А. Гребенюктің бастамасымен Лениногорскіде жаңадан жұмысқа қабылданған жұмысшылар үшін оқу-өндірістік комбинат ашылып, техникалық прогресс университеті ашылды.
Лениногор полиметалл комбинатының өндірістегі табыстары Кеңес үкіметінің жоғарғы марапатына ие болды. 1966 жылы комбинат Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 жылы 30 наурыздағы Жарлығымен өндірісте қол жеткізген толағай табыстары мен еңбектегі ерлігі үшін Василий Андреевич Гребенюкке Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені, «Орақ пен балға» алтын медалі табысталды.
Октябрь революциясы, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту ордені, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені және медальдармен марапатталды. КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығының иегері.
В. А. Гребенюк Шығыс Қазақстан обком партиясы және қалалық партия бюросының мүшесі болып сайланды. Қазақстан Компартиясының XIV және XV съездерінде Қазақстан Компартиясы ОК және Бюро мүшесі болды. КПСС XXVI съезінде КПСС Тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланды. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы шақыруының депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің оныншы шақыруының депутаты, Лениногор қалалық Халық депутаттары Кеңесінің депутаты болды.
2000 ж. Мәскеуде қайтыс болды.
Деректер
Источники
Герои Социалистического труда – казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата : 1985.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Гребенюк Василий Андреевич: б. 305.
Даниленко Иван Илларионович (1906-қайтыс болған жылы белгісіз) ауыл шаруашылығы саласының үздігі, Социалистік Еңбек Ері.
1906 жылы Ресейдің Ставрополь өлкесінде дүниеге келген. 1940 жылы Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Новошульба ауданының С. Орджоникидзе атындағы машина-трактор станциясын қабылдап, 16 жыл бойы директоры қызметін атқарды. Кейін Мақаншы кеңшарының директоры болды. Қой өсірушілер әр 100 саулықтан 116 қозы алып, шаруашылықтың таза табысы 533 мың сом болды. Оның басқаруындағы совхоздың барлық салалары мол өнім беріп, өнімнің өзіндік құны төмендеді.
1966 жылы 22 наурызда КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
И. Даниленко туралы әдебиеттер – Литература о И. Данилено
Кітаптар-книги:
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Даниленко Иван Илларионович: б. 312.