Известные имена

"Кеңес Одағының Қаһарман" атағына аты ұсынылғандар

Ақылжанов Б.

Ақылжанов Бажан (1918 – ө.ж.б.) – сержант, барлаушы, 263 атқыштар дивизиясы 316 барлау ротасы взвод командирінің көмекшісі, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған.

1918 жылы Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Үржар ауданы Үржар ауылында дүниеге келген.

1940 жылы қыркүйекте Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Үржар аудандық әскери комитетінің шақыруымен Қызыл Армия қатарына өтті.

Сержант, барлаушы, 4-ші гвардиялық атқыштар корпусы 263 атқыштар дивизиясының 316 барлау ротасы взвод командирінің көмекшісі болды.

1941-1943 жж. Карелия майданы, 1942 жылы оңтүстік-батыс, оңтүстік және Украина майдандарында әскери ұрысқа қатысты.

1941-1942 жылдары екі рет жарақаттанады.

«Ерлігі үшін» медалі және «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды.

«Ленин-Сталин партиясы мен социалистік отанға адал. Батыл командир-барлаушы, взводқа жетекшілік ету қабілеті жоғары. Жауға қарсы шайқастарға қатысу барысында қолбасшының барлау жөніндегі тапсырмаларын үздік орындады. Шабуыл жасау барысында дивизия флангасындағы ұрысқа қатысып, қажет мәліметтерді дер кезінде жеткізді.

1943 жылы түнгі барлау кезінде аса ептілікпен іс-қимыл жасауы арқылы жау әскерін тұтқынға алып, құнды мәліметтер жеткізді.

Үкімет наградасына лайықты.

Командир капитан Беляков». (1943 жыл 31 тамыздағы наградтау қағазынан).

1943 жылы 6 қыркүйекте жоғарғы қолбасшылардың шешімімен 2-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.

«Аға сержант Б. Ақылжанов дивизияның алғы шебінде барлау ұйымдастырып, Инкерман темір-жол станциясы маңындағы ауданда жаудың отты нүктелерін анықтады. Ақылжанов тобы жаудың 12 отты нүктесін анықтады. Соңынан Б. Ақылжанов жау нүктелері орналасқан орындарды нақтылы анықтап, алдыңғы шептегі отряд артиллериядан жау нүктелеріне оқ жаудырып, 2 қол пулеметі қарсыластың от шашқан пулеметінің үнін өшірді.

Б. Ақылжанов Севастополь темір-жол станциясы аумағында капитан Подольцев жетекшілік ететін топпен бірге жаумен шайқаста 37 неміс солдаты мен офицерінің көзін жойып, Севастополь темір-жол станциясын жаудан азат етті.

Жолдас Б. Ақылжанов «Кеңес Одағының батыры» атағына лайықты. 263-ші Сиваш атқыштар дивизиясы 2-бөлімшесінің бастығы, майор Илонен.» (1944 жылғы 12 мамырдағы марапаттау қағазынан).

1944 жылы 28 мамырда №73/н. Әскери жарлығымен «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды.

Қайтыс болған жылы мен күні белгісіз.

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Акильжанов Бажан [Электронный ресурс] // Подвиг народа 1941-1945 : сайт. - Режим доступа: http://podvignaroda.ru/?#id=17486366&tab=navDetailManAward  (03.04.2018)

Джетпысбаев Б.

Балтабек Джетпысбаев Балтабек Джетпысбаев (1907-1971) – писатель, гвардии майор, участник Великой Отечественной войны, представлен к награде Герой Советского Союза.

Родился в 1907 в семье крестьянина-бедняка аула Мурат Семипалатинской области (ныне Восточно-Казахстанская область). В октябре 1931 г. был призван в Советскую Армию. В июле 1941 г., когда в Алма-Ате (ныне Алматы) формировалась 316-ая стрелковая, будущая 8-я гвардейская им. И. В. Панфилова дивизия, Б. Джетпысбаев был назначен комсоргом 1075-го стрелкового полка. Комсорг Б. Джетпысбаев накануне первого боя прибыл в 6-ю роту лейтенанта Маслова, оборонявшуюся на левом фланге дивизии у совхоза Булычево. На рассвете 15 октября 60 танков и до двух рот автоматчиков противника атаковали роту Маслова. Первый удар по немецким танкам нанесли артиллеристы, но вражеские танки прорвались сквозь завесу их огня. Когда перед окопами советских пехотинцев появились грохочущие и поливающие пулеметно-пушечным огнем бронированные чудовища, среди еще не обстрелянных солдат возникло минутное замешательство. В этот критический момент над окопом поднялась могучая фигура комсорга. Первым же броском связки гранат он подбил вражеский танк (из архива Министерства обороны СССР). Успех храбреца оказал огромное воздействие на всех воинов. Они своими глазами увидели, что спокойствие и решимость смелого солдата сильнее танка. В двухдневном бою гитлеровцы потеряли около 20 танков и много живой силы, но успеха не добились. Три дня рота сдерживала врага, окружившего ее плотным кольцом. Заменив раненого командира - лейтенанта Маслова, Джетпысбаев вывел роту из окружения, утром на следующий день рота присоединилась к полку.

Накануне 24-ой годовщины Октября командир дивизии приказал в ночном поиске в районе села Рыбушки захватить «языка» и уточнить планы гитлеровцев. В ночь подразделение под командованием старшего лейтенанта Гундиловича и политрука Б. Джетпысбаева пересекло линию фронта. Без шума Джетпысбаев снял часового, но вскоре панфиловцы были обнаружены немецкими танкистами. Завязалась рукопашная схватка. Разведчики решительно атаковали врага, а в это время комсорг, бросив несколько гранат, через окно с двумя бойцами ворвались в дом, где размещался штаб немецкого батальона. Захватив трех пленных и документы и уничтожив два танка, комсорг и его товарищи под прикрытием артиллерийского и минометного огня возвратились в часть. 7 февраля Джетпысбаев возглавил 9-ю роту, которая смелой атакой освободила село Подцепочье. В конце февраля группа вражеских автоматчиков, на лыжах просочившаяся через боевые порядки пехоты, внезапно атаковала командный пункт полка у села Сопки. Б. Джетпысбаев, находившийся в это время на КП, огнем из станкового пулемета истребил более 15 автоматчиков и помог отразить атаки вражеских лыжников. 

За выдающиеся подвиги в боях с немецко-фашистскими захватчиками 23 июля 1942 года командование 8-ой гвардейской дивизии представило Б. Джетпысбаева к званию Героя Советского Союза. К сожалению, в условиях военной обстановки представление своевременно не попало в соответствующие инстанции (оно обнаружено уже после войны в архиве Министерства обороны СССР), а Джетпысбаев после ранения в августе 1943 г. в бою за Хода выбыл из дивизии.

Вся военная служба Б. Джетпысбаева, перешедшего в запас в 1947 г., наполнена образцами беззаветного служения Родине. Письмо писали в год 60-летия воина. В то время он работал заместителем начальника отдела военизированной охраны Казахской железной дороги. Часто выступал перед трудящимися, особенно молодежью, с беседами и лекциями о героическом пути Советских вооруженных сил, 8-й гвардейской дивизии.

Его перу принадлежат около 60 статей и материалов, опубликованных в различных изданиях и посвященных военно-патриотическому воспитанию молодежи.

Умер в 1971 г.

Б. Жетпісбаевтың шығармалары

Произведения Джетпысбаева Б.

 Жетпісбаев, Б. Жорық жолдары [Мәтін] / Жетпісбаев Б. - Алматы : Қазақстан, 1968. - 207 б

Джетпысбаев, Б. Путь солдата [Текст] / Б. Джетпысбаев. - Алма-Ата : Казахстан, 1972. - 120 с.

Мақалалар - Статьи

Джетпысбаев, Б. Мы воевали вместе[Текст] : [о герое Великой Отечественной войны А. Нусупбаеве] [Текст] / Б. Джетпысбаев // Знамя коммунизма. - 1963. - 28 июня.

Джетпысбаев Б.Побратимы[Текст]: [о композиторе Р.Елебаеве, служившем в Панфиловской дивизии] // Когда пушки гремели.- М.,1978.- С.328-329.

Б. Жетпісбаев туралы әдебиет

Литература о Джетпысбаеве Б.

Владимиров, В.Балтабек - брат Дмитрия[Текст]: о фронтовике Б.Джетпысбаеве / В. Владимиров // Огни Алатау.- 2006. - 22 июня. - С. 3.

Владимиров, В.Балтабек, брат Дмитрия [Текст] / В. Владимиров // Казахстанская правда.- 2007.- 14 апр.- С.7. - О Герое Сов. Союза Б.Джетпысбаеве.

Владимиров, В.Балтабек, побратим Дмитрия [Текст] / В. Владимиров // Вечерний Алматы.- 2013. - 21 марта (№ 38). - С. 26. - О герое ВОВ Балтабеке Джетпысбаеве.

Владимиров, В.Дорога к Победе[Текст]: о ветеране ВОВ Б. Джетпысбаеве / В. Владимиров // Эпоха.- 2004.- 7 мая.- С.1,5.

Кульбаев, Т.Герой без звания героя... [Текст] / Т. Кульбаев // Страна и мир.- 2010. - 1 февр. - С. 1,8. - О герое ВОВ гвардейца-панфиловца Балтабеке Джетпысбаеве.

Махин, В.Затерянная награда[Текст]: о судьбе Героя Советского Союза, гвардейца-панфиловца Б.Джетпысбаева // Казахст. правда.- 2001.- 5 апр.

Сейсенұлы, Д. Бауыржан бағалаған Балтабек [Мәтін] : [Ұлы Отан соғысының жауынгері Б. Жетпiсбаев туралы] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2010. - 23 сәуір. - Б. 9.

Абдыгалиулы, Б. Забытые герои. Герои Советского Союза [Текст] / Б. Абдыгалиулы. – Алматы : Алаш жолы, 2015. - Джетпысбаев Балтабек. - С. 7-13.

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

Джетпысбаев Балтабек [Электронный ресурс] // Память народа : сайт. – Режим доступа : https://pamyat-naroda.ru/heroes/podvig-chelovek_kartoteka1266679758/?backurl=%2Fheroes%2F%3Flast_name%3DДжетпысбаев%26first_name%3DБалтабек%26group%3Dall%26types%3Dpamyat_commander%3Anagrady_nagrad_doc%3Anagrady_uchet_kartoteka%3Anagrady_ubilein_kartoteka%3Apotery_doneseniya_o_poteryah%3Apotery_gospitali%3Apotery_utochenie_poter%3Apotery_spiski_zahoroneniy%3Apotery_voennoplen%3Apotery_iskluchenie_iz_spiskov%3Apotery_kartoteki%3Apotery_vpp%26page%3D1 (04.05.2018)

Байманов, Д. Боевые подвиги забытого героя-панфиловца Балтабека Джетпысбаева [Электронный ресурс] / Д. Байманов // inform.kz : сайт. – Режим доступа : http://www.inform.kz/ru/boevye-podvigi-zabytogo-geroya-panfilovca-baltabeka-dzhetpysbaeva_a2903878 (04.05.2018)

Мауленова, Э. Н. Семья надеялась, что Балтабека Джетпысбаева удостоят «Халық қаһарманы» хотя бы посмертно [Электронный ресурс] / Э. Н. Мауленова // zakon.kz : сайт. – Режим доступа : https://www.zakon.kz/4698259-vsja-semja-nadejalas-chto-dedushka.html (04.05.2018)

Жылқайдаров З.

Жылқайдаров Зайнел (1912-ө.ж.б.) – гвардия кіші сержанты, 1-ші Украина майданы Суворов ордені атындағы дивизия 121 гвардиялық Гомель Қызылтулы атқыштар полкы 342 пулемет ротасы бөлімі командирінің орынбасары, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған.

1912 жылы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында дүниеге келген.

Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Жарма аудандық әскери комитетінің шақыруымен Қызыл Армия қатарына өтті.

Гвардия кіші сержанты, 1-ші Украина майданы Суворов ордені атындағы дивизия 121 гвардиялық Гомель Қызылтулы атқыштар полкы 342 пулемет ротасы бөлімі командирінің орынбасары әскери қызметін атқарды.

Одер өзенінен алғашқы қатарда өтіп, 1945 жылы 27 қаңтарда пулеметімен жауға қарсы оқ жаудырып, басқа бөлімшелердің өзеннен өтуін қамтамасыз етті.

Неміс басқыншыларымен ұрыста көрсеткен ерлігі үшін «Кеңес Одағының батыры» атағына ұсынуға лайықты.

342-гвардиялық атқыштар полкының командирі, подполковник Карташев» (наградаға ұсыну қағазынан, 1945 ж. 29 қаңтар).

1945 жылы 11 сәуірде (бұйрық № 024/н) Жылқайдаров Зайнел 3-дәрежелі Богдан Хмельницкий орденімен марапатталды.

342 гвардиялық атқыштар полкы бойынша 1944 жылы 4 шілде № 10/н Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, 1944 жылы 22 қыркүйек № 21/н Жарлығымен 342 гвардиялық атқыштар полкы бойынша «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Қайтыс болған жылы мен күні белгісіз.

 

 

Деректер

Источники

 

Жилкайдаров Зайнель [Электронный ресурс] // Подвиг народа 1941-1945 : сайт. – Режим доступа : http://podvignaroda.ru/?#id=42450035&tab=navDetailManAward (03.04.2018)

Жарылғасынов Қ. (Жарылғасымов)

Жарылғасынов Қабыкен – гвардия ефрейторы, 121 Жеке Гвардиялық Сандомир Сапер батальонының сапері, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған.

Жарылғасынов Қабыкен (1920-ө.ж.б.) – гвардия ефрейторы, 121 Жеке Гвардиялық Сандомир Сапер батальонының сапері, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған.
1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында дүниеге келген. 1940 жылы қазанда Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Тарбағатай ауданы әскери комитеті Қызыл Армия қатарына шақырды. 1943 жылдың 19 шілдесінен бастап Ұлы Отан соғысына қатысты. Жауынгерлік жолы Брянск майданында басталды. 1943 жылы 31 шілдеде Жарылғасынов Қабыкен Новая жизнь (Ресей, Брянск облысы) ауданы үшін болған шайқаста ерлік көрсеткені үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 1943 жылы 19 шілдеде десанттық топ құрамында неміс фашистерін жойып, жауға қарсы шабуылды жалғастырды. 1944 жылы 6 тамызда Жарылғасынов Қабыкен соғыста көрсеткен ерлігі және Сулимов селосын жаудан азат етудегі қайсарлығы үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. Ол саперлік рота құрамында соғыса жүріп, 5 фашистің көзін жойып, неміс унтер-офицерін тұтқынға алды. Сондай-ақ, жаралы командирдің көмекшісін ұрыс даласынан алып шықты. 1945 жылы 17 қаңтарда қатты аязға қарамастан көпір құрылысын жалғастырып, басқа жауынгерлерге үлгі көрсетті. 1945 жылы 21 қаңтарда ұрыс кезінде 9 фашистің көзін жойып, жаралы рота командирін ұрыс даласынан алып шықты.
1945 жылы 10 наурызда Польшаны (Пилица ауданы) жаудан азат етуде көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды.
1945 жылы 10 наурызда № 037/н бұйрықпен «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды.
Кейінгі тағдыры белгісіз.

                                                      Жарылгасинов К. туралы әдебиеттер
                                                      Литература о Жарылкасинове К.
Тарбағатай ауданы: 80 жыл. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2008. - Жарылғасымов Қабыкен: Б. 51-52.
Тарихқа толы Тарбағатай V. - Алматы : Мерей, 2020. - Жарылғасынов Қабыкен: Б. 80-88.
Есенгелді би тарихы мен шежіресі. - Алматы : Полиграфкомбинат, 2025. - Жарылғасынов Қабыкен: Б. 93.

                                                                            ***

Сағатқызы З. Өмір жолы осындай [Ұлы Отан соғысының ардагері Қабікен Жарылғасынов туралы ] З. Сағатқызы //Тарбағатай.- 2005. - 9 мамыр (№21). - Б. 2.
Қабидолдин, Қуаныш. Ерліктері ескерусіз қалған батырлар / Қ. Қабидолдин // Егемен Қазақстан. - 2020. - 9 мамыр. - Б. 5.
Қабидолдин, Қуаныш. Ерліктері еленбеген екі батыр : [Кеңес Одағының Батыры атағана ұсынылып, атақты ала алмай қалған ардагерлер Қ. Жарылғасынов пен Қ. Құдагелднов туралы] / Қ Қабидолдин // Дидар. - 2020. - 28 мамыр. - Б. 15.
Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылдық округі Ақжар ауылының Б. Майлин көшесінің атауын Қабыкен Жарылғасынов көшесі деп қайта атау туралы // Тарбағатай. – 2022. – 12 ақпан (№7). - Б. 5.
Нұрбекұлы, Заңғар. Жеңіс күнін жақындатқан : [Ұлы Жеңіске 80 жыл] / З. Нұрбекұлы // Тұғырлы Тарбағатай. - 2025. - 11 сәуір (№15). - Б. 6.
Қарамандаев, Қайрат. Қазақтар - соғыс майданында : 1939-1945 жылдар: [Жарылкасынов Қабыкен туралы] / Қ. Қарамандаев // Қазақ тарихы. - 2022. - №5-6. - Б. 2-20.
Нұрбекұлы, Заңғар. Жеңіс күнін жақындатқан : [Ұлы Жеңіске 80 жыл] / З. Нұрбекұлы // Тұғырлы Тарбағатай. - 2025. - 11 сәуір (№15). - Б. 6.
Дюсекенова, М. Он саусағынан өнер тамған майдангер ата : [батыр Қабікен Жарылғасынов туралы] / М. Дюсекенова // Тұғырлы Тарбағатай. - 2025. - 18 сәуір (№16). - Б. 3.
Камет, М. Ұрпақтар сабақтастығы / М. Камет // Тұғырлы Тарбағатай. - 2024. - 31 мамыр (№22). - Б. 1.

 

                                                      Интернет ресурстар
                                                         Интернет ресурс
Жарылгасинов Кабыкен: [Электронный ресурс] // Подвиг народа 1941-1945 : сайт: http://podvignaroda.ru/?#id=18554541&tab=navDetailManAward (01.04.2018)

Қозыбаев Б.

Қозыбаев Бейсембек (1912 – ө.ж.б.) – аға лейтенант, 3- Украина майданы 52-ші атқыштар дивизиясы, 429 атқыштар полкының 4-ші атқыштар ротасының командирі, Ұлы Отан соғысына қатысқан, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған.

1912 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1931 жылы Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Өскемен РВК Қызыл Армиясы қатарына шақырылды.

Армияда аға лейтенант, 3-Украина майданы 52-ші атқыштар дивизиясы, 429 атқыштар полкының 4-ші атқыштар ротасының командирі болды.  

1944 жылы 5 наурыздан 6 наурызға қараған түні 9-шы атқыштар ротасының аға лейтенанты Қозыбаев Одесса облысы Вознесенка ауданы Александровка селосы ауданындағы Южный буг өзенінен арғы бетке өтіп, плацдармды басып алу туралы тапсырма алды. Ол рота құрамында алғашқының бірі болып өзеннен өтіп, ротаның қалған құрамын жедел арғы жағалауға өткізді.

Қозыбаев ротамен бірге 4 метрлік танкке қарсы қазылған ордан өтіп, «Отан үшін алға» ұранымен ротаны соңына ілестіре жау бекінісіне ұмтылды. Жау бекінісі ротаны қарша жауға оқпен қарсы алды, дегенмен, аға лейтенант Қозыбаев ротасы қашқан немістерді қудалай соғысып, қорғаныстың 2-ші шебін бұзып, Южный буг өзенінің арғы жағалауындағы Биіктікті азат етті.

Біздің әскер жау шабуылына соққы бере отырып, өткел мен өзенді басып алуға ұмтылды. Қозыбаев өз ротасымен жаудың бір унтерофицерін, 5 солдатын, 7 автоматы мен 4 пулеметін қолға түсірді.

Қозыбаев осы ұрыста жараланды.

«Кеңес Одағының батыры» атағына лайықты (1944 жылы 07 наурызда Южный бугты жаудан азат еткені үшін, 429-атқыштар полкының командирі, подполковник Азатьянның қолы қойылған).

Жоғары қолбасшылар мен Армияның Жоғарғы Кеңесінің 1944 жылы 13 наурыз және 1994 ж. 13 сәуірдегі бұйрығымен аға лейтенант Қозыбаев Бейсембекке «Кеңес Одағының батыры» атағы берілді.

1944 жылы 30 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының №45 жарлығымен неміс басқыншыларымен күресте жауынгерлік тапсырмасын үздік орындап, ерлік пен қаһармандық үлгісін көрсеткені үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

Өлген жылы мен күні белгісіз.

 

 

 

Деректер

Источники

 

Козыбаев Бейсембек [Электронный ресурс] // Подвиг народа : сайт. – Режим доступа : http://podvignaroda.ru/?#id=20695899&tab=navDetailManAward (03.04.2018)