Известные имена

Құрметті азаматтар

Губарев А. А.

Губарев Алексей АлександровичГубарев Алексей Александрович (1931-2015 жж.) - Өскемен қаласының Құрметті азаматы.

1931 жылы 29 наурызда Куйбышев облысының Гвардейцы ауылында дүниеге келген.

1936 жылдан бастап Мәскеу маңындағы Чашниково совхозында тұрып, оқыды. 1950 жылы мектепті бітіргеннен кейін теңіз авиациялық техниктер училищесіне оқуға түсуіне байланысты КСРО Қарулы Күштеріне шақырылды, онда оқып жүріп Алексей Александрович Әскери- әуе мина-торпедалық авиациялық училищесіне ауысуға қол жеткізді.

Оны 1952 жылы бітіргеннен кейін КСРО Әскери-әуе күштерінің бөлімдерінде ұшқыш, звено командирі болып қызмет етті. 1961 жылы Әскери-әуе академиясын бітіріп, Қара теңіз флотында Ил-28 ұшақтары эскадрильясының командирі болды.

1962 жылы ол өзін ғарышкерлер жасағына жіберуді сұрап рапорт береді, және бір жылдан кейін Әскери әуе күштерінің Ғарышкерлерді даярлау орталығына қабылданды. А.А.Губарев алғаш рет ғарышқа 1975 жылғы 11 қаңтар мен 9 ақпан аралығында «Союз-17» ғарыш кемесінің командирі ретінде ұшты және бұл «Салют-4» ұзақ мерзімді орбиталық станцияға алғашқы негізгі экспедиция жасады.

Губарев Алексей Александрович екі мәрте Кеңес Одағының батыры, авиация генерал- майоры, техника ғылымдарының докторы.

Ғарышқа ұшып келгеннен кейін Әскери-әуе күштерінің Мемлекеттік Қызыл Ту ғылыми-зерттеу институты бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

Өскеменде алғаш рет 1980 жылы болды. Осы сапардан кейін Алексей Александрович жыл сайын Қазақстанның шығысында болып, жаңа достар тапты және өзі үшін жақсы көріп үлгерген табиғаттың бірнеше түкпірлерін ашты.

А.А.Губарев екі Ленин орденімен, «Ғарышты игеруге сіңірген еңбегі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарымен, К.Э.Циолковский атындағы және Ю.А.Гагарин атындағы алтын медальдармен, шет мемлекеттердің бас салмақты наградаларымен марапатталған. Алексей Александрович – жеті қаланың құрметті азаматы.

А. А. Губарев туралы әдебиет

Литература о А. А. Губареве

Губарев Алексей Александрович // Пуссеп, Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 2008. - С. 42-43

Губарев Алексей Александрович // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / автор идеи и руководитель проекта Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 70-71

Аухадиев С. Ә.

Аухадиев С. А.

Аухадиев Сайлаухан Әбілханұлы (1939 ж.т.) – қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Өскемен қаласыныңКүршімКатонқарағай және Тарбағатай аудандарының Құрметті азаматы.

1939 жылы 24 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Бестерек ауылында дүниеге келген.

1957 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтына агрономия факультетіне оқуға түседі. Кейін Алматы жоғары партия мектебін сырттай аяқтайды.

1963 жылдан 1980 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының Большенарым және Марқакөл аудандарында колхоз бен совхоздардың бас агрономы, директоры болып жұмыс істейді. Тарбағатай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып он жыл қызмет атқарады. 1990 жылдардың басында Шығыс Қазақстан облысының Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетін басқарды. Содан кейін Облыстық нан инспекциясын басқарады.

1999-2006 жылдары С. А. Аухадиев Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы бөлімінің бастығы болды.

Аудандық және облыстық халық депутаттары Кеңесінің депутаты, сондай-ақ Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.

«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, алты медальмен марапатталған. 2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы Ардагерлер кеңесінің мүшесі, ШҚО бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының қалалық жұртшылық кеңесінің және қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, Өскемен қалалық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы. 2020 жылы Сайлаухан Аухадиевке Өскемен қаласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

                                                  С. А. Аухадиевтың қатысуымен шыққан басылымдар
                                                        Издания, вышедшие при участии Аухадиева С. А.
 

Его дела не подвластны времени : к 85-летию со дня рождения А. К. Протозанова : сборник воспоминаний / сост. Л. Б. Шик. - Усть-Каменогорск : Издательство ВКГУ, 1999. - 159 с. 

                                                                Аухадиев С. А. туралы әдебиет
                                                                Литература об Аухадиеве С. А
                                                                           Кітаптар – Книги 

Аухадиев Сайлаухан Абильханович // Книга почёта. Город Усть-Каменогорск = Құрмет кітабы. Өскемен қаласы / автор идеи и рукодовитель Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С.154-155. 

                                                                       Мақалалар - Статьи 

Азмухамбетов, Ш. Эпопея тучных колосьев : [О С. Аухадиеве - главном государственном хлебном инспекторе] / Азмухамбетов Ш. // Рудный Алтай. - 1999. - 23 дек. - С. 3
Шик, Лео Богданович. В конкретных делах быть отличником : это характеризует Сайлаухана Аухадиева всю жизнь. / Л. Б. Шик. // Рудный Алтай. - 2019. - 21 декабря. - С. 3.

 

Асанов Н. Б.

Асанов Нурлан Байжигитович

Асанов Нұрлан Байжігітұлы (1979 ж. т.) – дінтанушы, теолог, психолог. Өскемен қаласының Құрметті азаматы (2023).

1979 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келген. 1993 жылы, 13 жасында, мектепте оқып жүргенде, ол тәуелсіздік таңында ашылған алғашқы Меркі медресесін жақсы бітірді. 14 жасында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының имамы болып тағайындалды. Кейін Қырғызстан Республикасының Қара Балта қаласындағы Әзірет Усман атындағы Ислам институтын бітірген. 4 жыл имам болып жұмыс істегеннен кейін оны аудандық имам ретінде Меркі ауданына ауыстырды. 9 жыл Исламға қызмет еткеннен кейін сол кездегі Бас мүфти Абдисаттар Дербісәлі Нұрлан-қажы Жезқазған облысының облыстық имамы болып тағайындалды.  

1983 ж. - Қарағанды және Қостанай облыстарындағы аудандық имам.

2010 ж. - Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық мешітінің имамы. 

2015 ж. - Ақтөбе облысындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уәкілетті имамы, «Нұр ғасыр» мешітінің бас имамы.

Қазіргі уақытта Нұрлан-қажы Асанов Астанадағы Ырыскелді-қажы мешітін басқарады.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2014 ж.) марапатталған.

2023 жылғы 29 тамызда Нұрлан Байжігітұлы Асановқа дәстүрлі ислам дінінің өркендеуіне, қазақ мәдениетінің дамуына қосқан елеулі үлесі, Өскеменде «Халифа Алтай» мешітін тұрғызу бастамасы үшін «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

                                     

                                     
                Н. Б. Асановтың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
                      Публикации Асанова Н. Б. в периодических изданиях и сборника
 
Асанов Н.Б. Бисмилла - берекелі істің бастауы. // Түркістан. - 2012. - 9 тамыз. - Б.5 
Асанов, Нұрлан. Қашанда жолымыз ашық болсын : "Қазақстан-2050" Стратегиясын қолдау. // Егемен Қазақстан. - 2012. - 20 желтоқсан. - Б. 5.
Асанов, Н. Көлеңке. // Тұмар. - 2012. - № 6. - Б. 40-41.
Асанов Н. Тасаттықты дұрыс жасап жүрміз бе ? // Егемен Қазақстан. - 2014.- 11 маусым.- Б.5 
Асанов, Нұрланқажы. Бір кесе сүттің аққысы. // Достық. - 2014. - 2 сәуір. - Б. 3
 

Қасымжанов Т. Ж.

Касымжанов Темирбек Жумакулович

Қасымжанов Темірбек Жұмақұлұлы (1957 ж.т) – Өскемен қаласының экс-әкімі. Шығыс Қазақстан облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы.

1957 жылы 20 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жарсу ауылында дүниеге келген.

1981 жылы Томск инженерлік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 1998 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін инженер, экономист, менеджер біліктілігімен тәмамдаған. Еңбек жолын 1974 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы «Қарабұлақ» кеңшарында жұмысшы болып бастаған. Институтты бітіргеннен кейін 1981 жылы ШҚО тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инженері, кейін ұқсас қалалық құрылымның бас инженері болып жұмыс істеді.

1986 жылдан – қоғамдық жұмыста, Өскемен қаласы қалалық коммуналдық шаруашылығының Біріккен кәсіподағының төрағасы, 1989 жылдан - ШҚО ТКШ өндірістік бірлестігінің жетекші инженері. Еңбек өмірбаянының келесі жеті жылы - Өскемен қаласы Октябрь аудандық Әкімшілігінің басшылық лауазымдарында.

1996 жылдан бастап сектор меңгерушісінен, бөлім бастығынан бастап Шығыс Қазақстан облысының құрылыс және сәулет басқармасы бастығының орынбасарына дейінгі барлық кезеңнен өтті. 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының бастығы болды.

2008-2009 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының облыс орталығының әкімі.

2009-2013 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының әкімі.

2013-2016 жылдары - Өскемен қаласының әкімі.

2016 жылдың маусым айынан - Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының әкімі.

2019 жылғы 19 сәуірден бастап – «Шығыс Қазақстан облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.

«Құрмет» орденімен (2011 ж.) және екі мерейтойлық медальмен марапатталған.

2023 жылғы 29 тамызда Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжановқа «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.


                        Т. Ж. Касымжановтың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
                        Публикации Касымжанова Т. Ж. в периодических изданиях и сборниках

Қасымжанов , Т. Әди Шәріповтың есімін есте қалдыру мақсатында Жармада игі шаралар жүзеге асты. // Дидар. - 2013. - 11 қаңтар. - Б. 3.
Қасымжанов , Т. Зайсан заманауи үрдісте дамып келеді. // Дидар. - 2016. - 24 желтоқсан. - Б. 6. Аудан әкімі тағайындалды. // Рауан-Восход. - 2009. - 17 сәуір. - Б. 1.
Касымжанов, Т. Смотрим в будущее с оптимизмом. // Рудный Алтай. - 2008. - 30 авг. - С. 3.
Касымжанов, Т. (Аким города Усть-Каменогорска). Город-мечта: интервью. // Устинка плюс . - 2013. - 12 сентября. - С. 1
Касымжанов, Т. (Аким города Усть-Каменогорска). Город развивается и растет. // Рудный Алтай. - 2015. - 31 декабря. - С. 10
                                   Мақалалар – Статьи о Касымжанове Темирбеке Жумакуловиче

Скрипниченко, Виктор. Каким был аким? Кто управлял Усть-Каменогорском последние 30 лет. // Устинка плюс. - 2021. - 12 августа. - С. 8-9 

 

Ақжігітова Қ.М.

Акжигитова Кабиба Мурзакановна

Ақжігітова Қабиба Мырзақанқызы (1955 ж. т.) – мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері, Өскемен қаласының Құрметті азаматы.

1955 жылы 25 тамызда  Шығыс Қазақстан облысы,  Қатонқарағай ауданы, Қатонқарағай ауылында дүниеге келген.1978 жылы Абай атындағы Семей кітапханалық техникумын, кейін Өскемен педагогикалық институтын (қазіргі С. Аманжолов атын. ШҚУ) тәмамдаған.  

1978-1985 жж. Қатонқарағай аудандық орталық кітапханасында әдіскер, аудандық «Білім» қоғамының жауапты хатшысы, облыстық атқару комитетінде референт, облыстық мәдениет басқармасында басқарма бастығының орынбасары, 1985–1991 ж. А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада əдіскер, 1991-2018 жж. осы кітапхананың директоры қызметін атқарды. 2019 жылдан бастап 12 филиалды қамтитын Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхананың директоры. 1996 жылдан бастап Облыстық кітапханашылар ассоциациясының төрайымы. Оның мақсаты – облыс кітапханашыларының күш-жігерін халыққа заманауи ақпараттық-библиографиялық және кітапханалық қызмет көрсетуді құруға жұмылдыру, қоғамдағы кітапханалардың ақпараттық, білім беру және мәдени-демалыс орталықтары ретіндегі мәртебесін арттыру.

  Қ. М. Ақжігітова – Халықаралық кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелер Федерациясы (ИФЛА) сессиясының, «Қырым»  халықаралық конференцияларының тұрақты қатысушысы. Түркия, Финляндия, Венгрия, Германия, Франция, АҚШ, Норвегия, Оңтүстік Корея, Канада, Сингапур елдерінде кітапхана ісі бойынша шығармашылық сапарларға, конференцияларға және тағылымдамаларға қатысқан. Қазақстан Республикасы кітапхана қауымдастығының мүшесі, Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі. Қ. М. Ақжігітова облыстағы кітапхана ісінің дамуына үлкен үлес қосты.

  Қ. М. Ақжігітова «Құрмет» орденімен, «10 лет Парламенту РК», «20 лет Независимости РК», «Қазақ Хандығының 550 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен, Өскемен қаласы әкімдігінің «Айырықша үлесі үшін» төсбелгісімен, көптеген диплом және алғыс хаттармен марапатталған. Қабиба Мырзақанқызының шығармашылық жетістіктеріне еліміздегі қазақ кітапханашысы туралы «С любовью к книге» атты алғашқы деректі фильм арналды, оны «Хабар» агенттігі «Линия судьбы» тележобасы аясында түсірген.

 2022 жылғы желтоқсанда Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі кітапханаларының қызметін ақпараттандыруға және жетілдіруге, қала тұрғындарының мәдениетін, білімі мен цифрлық сауаттылығын дамытуды қолдайтын бағдарламалар мен бастамаларды белсенді іске асыруға қосқан елеулі үлесі үшін Қабиба Мырзақанқызы Ақжігітоваға «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

  

Қ. М. Ақжігітованің жарияланымдар
Публикации Акжигитовой К. М.


Ақжігітова, Қ. М. Біз жанбасақ лапылдап: [Облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапхананың директорымен сұхбаттасқан Ғ.Сәрсенбайқызы] / Ақжігітова Қ.М. // Дидар. - 1999. - 20 қараша. - Б. 2.
Ақжігітова, Қ. М. Жаңа технологиялар орталығы: [Мәтін] / Ақжігітова Қ.М. // Дидар. - 2006. - 13 мамыр. - Б. 3.
Ақжігітова, Қ. Елбасымен әрқашан біргеміз : [Мәтін] / Қ. Ақжігітова // Өскемен. - 2013. - 10 қаңтар. - Б. 5.
Ақжігітова, Қ. Заманмен бір ағымда: [Мәтін] [Пушкин кітапханасының құпиялары] / Қ. Ақжігітова ; сұқбат. К. Левонесова // Өскемен. - 2013. - 17 қаңтар. - Б. 19.
Ақжігітова, Х. АҚШ елшісі біздің кітапхананы көріп, таңғалып кетті. / Х. Ақжігітова ; сұхбат. Е. Әбі - Мәтін // Дидар. - 2014. - 25 сәуір. - Б. 8.
Ақжігітова, Қ. Оқырмандарды құдаңдай қарсы ал деп айтамын: [О. Бөкей атындағы кітапхана директоры Қ.Ақжігітовамен сұхбат] / Қ. Ақжігітова -Мәтін // Дидар. - 2020. - 24 қыркүйек. - Б. 11.
Ақжігітова, Қ. Кітапханашылардың жаңа буынын даярлау қажет / Қ. Ақжігітова. - Мәтін // Дидар. - 2023. - 12 қаңтар. - Б. 7.

Ақжігітова, Х. Ішкі саясаттағы кітапхананың рөлі / Х. Ақжігітова // Ақиқат. - 2026. - №3. - Б. 9-11.

 

***

Акжигитова, К. М. Библиотекарь - профессия во всем мире престижная [Текст] : [интервью с директором ОУНБ им. А. С. Пушкина К. М. Акжигитовой, побывавшей в составе казахстанской делегации на международной конференции библиотекарей в Стамбуле] / К. М. Акжигитова ; беседовал А. Серебряников // Рудный Алтай. - 1995. - 21 сент. - С. 2.
Акжигитова, К. М. Мы объединились, чтобы решать проблемы сообща [Текст] : [о создании ВК областной ассоциации библиотечных работников] / К. М. Акжигитова // Рудный Алтай. - 1996. - 12 марта.- С. 2.
Кандидаты в депутаты Усть-Каменогорского городского маслихата [Текст] : [в т. ч. К. М. Акжигитова, директор ВК ОБ им. А. С. Пушкина] // Рудный Алтай. - 1999. - 24 авг. - С. 3.
Акжигитова, Х. М. "Миссия библиотеки - в просвещении народа" [Текст] : [беседа с директором областной библиотеки им. А. С. Пушкина Х. М Акжигитовой о деятельности библиотек в США] / Х. М. Акжигитова ; беседовала М. Алипинова // Рудный Алтай. - 2001. - 20 февр. - С. 2.
Акжигитова, Х. М. Другая планета американских библиотек [Текст] : [интервью с директором областной библиотеки им. А. С. Пушкина Акжигитовой Х. М., посетившей американские библиотеки] / Х. М. Акжигитова ; беседовала В. Клиновицкая // Устинка плюс. - 2001. - 9 февр. - С. 4.
Акжигитова, Х. Здесь живут умные мысли и бессмертное слово [Текст] : о значении хранилищ памятников письменности в жизни общества и каждого человека / Х. Акжигитова // Рудный Алтай. - 2006. - 16 марта. - С. 5.
Акжигитова, К. М. Авторское право и доступность информации в библиотеке [Текст] / К. М. Акжигитова // Кітапхана әлемі=Мир библиотеки. - 2008. - №2. - С. 19-20.
Акжигитова, К. М. Пушкин и Абай [Текст] : сердце в будущем живет / К. М. Акжигитова // Рудный Алтай. - 2009. - 6 июня. - С. 3.
Награды - достойным [Текст] : [о награждении правительственными наградами устькаменогорцев ; в т. ч. о награждении директора ВК областной библиотеки им. А. С. Пушкина К. М. Акжигитовой орденом почета «Құрмет»] // Усть-Каменогорск. - 2012. - 20 дек. - С. 3.
Акжигитова, К. М. Вперед к успеху [Текст] : за строкой Послания / К. М. Акжигитова // Рудный Алтай. - 2012. - 21 дек. - С. 3.
Акжигитова, К. М. В ногу со временем? Побежали! [Текст] : [интервью с директором ВК областной библиотеки К. М. Акжигитовой] / К. М. Акжигитова ; беседовала К. Левонесова // Усть-Каменогорск. - 2013. - 17 янв. - С. 6.
Акжигитова, Хабиба. Будущее начинается сегодня: из опыта работы Восточно-Казахстанской областной библиотеки имени А. С. Пушкина : (Международная конференция "Библиотека XXI века: Новые горизонты") / Х. Акжигитова. - Текст // Кітап патшалығы. - 2014. - №4. - С. 35-38.
Акжигитова, К. М. Хранительница времени и истории [Текст] : [беседа с директором ВК областной библиотеки им. А. С. Пушкина К. М. Акжигитовой] : / К. М. Акжигитова ; беседу вела Н. Оркушпаева // Рудный Алтай. - 2015. - 18 сент. - С. 11.
Гаврилова, А. Сердце женщины - опора мира [Текст] : [о награждении общественных деятелей и работников культуры на Областном форуме] / А. Гаврилова // Рудный Алтай. - 2015. - 27 ноября. - С. 3
Акжигитова, К.М. Переход на латиницу - веление времени [Текст] : [о преимуществах перехода на латиницу] / К. М. Акжигитова, Л. Шик, М. Кикина // Рудный Алтай. - 2017. - 17 октября. - С. 2
Акжигитова, К. М. Казахстан - только вперед! [Текст] / К. М. Акжигитова // Рудный Алтай. - 2018. - 16 января. - С. 2.



Қ. М. Ақжігітова туралы әдебиеттер
Литература об Акжигитовой К. М.
Кітаптар – Книги

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Ақжігітова Хабиба Мұрзақанқызы: Б. 147.
Видные библиотекари Казахстана : справочник / Национальная библиотека РК ; гл. ред. Б. К. Оспанова ; сост. Г. Т. Рахимжанова. - Алматы : Издательский дом «МИР», 2022. - Акжигитова Кабиба Мурзакановна : С. 187
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Ақжігітова Хабиба Мұрзақанқызы: б. 147.


Мақалалар - Статьи

Елубай, О. Санкт-Петербургтегі кездесу: [Мәтін] [А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана директоры Х.Ақжігітованың кеңеске қатысқаны туралы] / Елубай О. // Егемен Қазақстан. - 1997. - 21 маусым. - Б. 2.
Тоқпатаев, У. Басты мақсат - ақпараттандыру қызметін жетілдіру : [Мәтін] / Тоқпатаев У. // Дидар. - 2003. - 1 қараша. - Б. 6.
Бөкейқызы, Ғ. Кітапханада не жаңалық?: [Мәтін] / Ғ. Бөкейқызы // Егемен Қазақстан. - 2012. - 2 қараша. - Б. 14.
Елубай, О. Жұлдызды сәт: [Мәтін] / О. Елубай // Егемен Қазақстан. - 2013. - 1 қаңтар. - Б. 5.
Дайырбаев, Ж. Жылды жемісті аяқтады: [Мәтін]: [А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың 2012 жылғы жылдық есебі] / Ж. Дайырбаев // Өскемен. - 2013. - 31 қаңтар. - Б. 7.
Кашкаров, Т. Ел үшін игілікті іс: [Мәтін]: ["ЭКСПО - 2017" көрмесі жайлы өткізілген танымдық шара туралы] / Т. Кашкаров // Өскемен. - 2013. - 21 ақпан. - Б. 4.
Ескенқызы, А. Өңірдің белсенді қыз-келіншектеріне құрмет көрсетілді: [Мәтін]: [Президент күні қарсаңында облыстың белсенді қыз -келіншектері аймақ басшысының дәстүрлі сыйлығына ие болды. ] / А. Ескенқызы // Дидар. - 2015. - 26 қараша. - Б. 2,4.
Бақытқызы, А. Огойодан жүлдемен оралды: [Мәтін] : [АҚШ -та Пушкин кітапханасының көрмесі "Ең үздік стенд-баяндама" деп танылды. ] / А. Бақытқызы // Дидар. - 2016. - 27 тамыз. - Б.2.
Иманғали, М. Сауаттылық-қуатты күш: [О.Бөкей кітапханасында республикалық конференция өтті.] / М. Иманғали. - Мәтін // Дидар. - 2023. - 18 мамыр. - Б. 9.

***

Кандидаты в депутаты Усть-Каменогорского городского маслихата [Текст]: [в т.ч. Акжигитова К. М., дир. ВКОБ им. А. С. Пушкина.1999 г.] // Рудный Алтай. - 1999. - 24 авг.
О награждении государственными наградами Республики Казахстан [Текст]: [О награждении государственными наградами Республики Казахстан наших земляков, в том числе о награждении Акжигитовой К.М.] / Указ Президента РК // Рудный Алтай. - 2001. - 13 дек. - С. 3
Клиновицкая, В. Другая планета американских библиотек [Текст]: [Интервью с директором областной библиотеки им. А.С.Пушкина Акжигитовой Х.М., посетившей американские библиотеки] / В. Клиновицкая // Устинка плюс. - 2001. - 9 февр. - С. 4
Андреева, Н. Центр информационного общества [Текст]: [Областная библиотека им. А. С. Пушкина в настоящий момент может стать одним из просветительско-научных центров, ведь уже сейчас здесь все делается для того, чтобы основные концепции информационного общества у нас прижились] / Н. Андреева // Усть-Каменогорск сегодня. - 2002. - 24 окт. - С. 2
Темирбаева, О. Быть достойным наследия [Текст] / О. Темирбаева // Рудный Алтай. - 2005. - 17 сент. - С. 1
Здесь живут умные мысли и бессмертные слова [Текст]: о значении хранилищ памятников письменности в жизни общества и каждого человека размышляет директор Пушкинской библиотеки Хабиба Акжигитова // Рудный Алтай. - 2006. - 16 марта. - С. 5
Абенова, С. Победа Светланы и белого джигита [Текст] / С. Абенова // Рудный Алтай. - 2006. - 4 мая. - С. 23
Семенова, О. Свою лозу нашла в библиотеке [Текст] / О. Семенова // Казахстанская правда. - 2007. - 4 авг. - С. 8.
Колосова, М. Первая из первых! [Текст] / М. Колосова // Деловой Усть-Каменогорск һttp://www.aaa.kz. - 2006. - №2. - С. 12-13
Осипов, В. Они за нами наблюдают [Текст]: [о встрече акима ВКО Б. Сапарбаева с долговременными наблюдателями по линии ОБСЕ А. Джиатой и Т. Хольтсером] / В. Осипов // Рудный Алтай. - 2011. - 18 марта. - С. 1.
Над нами солнце Свободы сияет [Текст] / Центр инфор. (ВКО) // Спектр. - 2012. - 19 дек. - С. 1-2
Награды - достойным [Текст]: [о награждении правительственными наградами устькаменогорцев; в т. ч. о награждении директора ВК областной библиотеки им. А. С. Пушкина К. М. Акжигитовой орденом почета «Құрмет»] // Усть-Каменогорск. - 2012. - 20 дек. - С. 3.
Абрамова, А. Лучшие словесницы [Текст]: [об областном конкурсе "Лучший учитель-филолог 2013 г." в ВК областной библиотеке им. А. С. Пушкина] / А. Абрамова // Усть-Каменогорск. - 2013. - 9 мая. - С. 4.
Гаврилова, А. Сердце женщины - опора мира [Текст]: [о награждении общественных деятелей и работников культуры на Областном форуме] / А. Гаврилова // Рудный Алтай. - 2015. - 27 ноября. - С. 3
Абенова, С. Библиотека цифровой эпохи/ С. Абенова//Казахстанская правда. – 2015. - 17 сентября
Лаптев, А. Миром владеет знающий [Текст] / А. Лаптев // 7 дней. - 2017. - 2 марта. - N 9. - С. 7
Кратенко, А. Библиотеки в Усть-Каменогорске становятся тематическими [Текст] / А. Кратенко // Экспресс К. – 2020. – 16 сентября.