Известные имена

Айқымбаев М. А.

Айқымбаев Масғұт Айқымбайұлы – дәрігер-эпидиомолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қаз ССР еңбек сіңірген дәрігер.Айқымбаев Масғұт Айқымбайұлы (1916-1992) – дәрігер-эпидиомолог, медицина ғылымдарының докторы (1967), профессор (1969), ҚазССР еңбек сіңірген дәрігер (1966).

1916 жылы 31 желтоқсанда Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Көкен ауылында (қазір Знаменка) дүниеге келген.  1940 жылы Алматы медицина институтын (қазір С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген соң, әскер қатарына шақырылады. Ол 1942 жылы 5-ші гвардиялық дивизияның полк дәрігері болады. 10 530 жаралы адамға көмек береді, соның 70 пайызы қатарға қосылған. Ауыр жарақат алып елге қайтқан Айқымбаев 1947 жылы  отбасымен Қазақстанға оралып, Семей қаласында бас дәрігер қызметін атқарады. Айқымбаев 1947 жылы Алматыда құрылған Ортазиялық обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтына кіші ғылыми қызметкер болып орналасады.

1962 жылы Масғұт Айқымбаев Ортазиялық обаға қарсы ғылыми-зерттеу мекемесінің жетекшісі болып тағайындалды. Осы кезеңде институт оба,  қауіпті тырысқақ, сібір күйдіргісі және шешек ауруларын емдеді. 1954 жылы Ертіс жағалауында тулерямия жайылып, 1 791 адам ауруға шалдықты. Айқымбаев ауру ошағында болып, індетпен күрес жүргізді.

Өткен ғасырдың 1960 ж. басында Қазақстанда жұқпалы аурулар азайды. Бұл ретте жағдайсыз аудандарда тұратын  халыққа  үнемі вакцинация жүргізген  институттың еңбегі зор.

Профессор М. А. Айқымбаев 1987 жылы зейнетке шықты. Оның жұқпалы ауруларға қарсы жүргізген  жұмысын үлкен ұлы Әлім жалғады. Ол Кеңестер Одағында обаға қарсы диссертация қорғаған тұңғыш ғалым.   

М. А. Айқымбаевтың ғылыми еңбектері аса қауіпті аурулар, соның ішінде тулерямияның алдын-алуға арналған. 

1-дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені, Қызыл Жұлдыз ордені, медальдармен марапатталған.

1992 жылы 14 қазанда Алматы қаласында қайтыс болды.

2001 жылы мамыр айында Ортазиялық обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантинді және зоонозды инфекциялар ғылыми орталығы болып аталды.   

 

 

Деректер

Источники

Қазақстан ғылымы [Мәтін] : энциклопедия. 1 том. - Алматы, 2009. - С. 72-73.

Шығыс Қазақстан облысы[Мәтін] : энциклопедия / бас ред. Б. Жақып. – Алматы, 2014. – Айқымбаев Масғұт: с. 139.

Айкимбаев, М. А. Туляремия в Казахстане [Текст] / М. А. Айкимбаев. - Алма-Ата : Наука, 1982. - 184 с.

Аубакиров, Э. Мир во время чумы [Текст] / Э. Аубакиров // Экспресс К. - 2011. - 17 июня. - С. 13.

Айтказин М. А.

Айтказин Мұхтар АйтқазыұлыАйтказин Мухтар Айтказинович (1940 - 2008) – ғалым, профессор, медицина ғылымдарының кандидаты.

1940 жылғы 10 қаңтарда Семей облысының (қазіргі Абай облысы) Жарма ауданында дүниеге келген. 1965 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген. Еңбек жолын Қазақ темір жолының Аягөз станциясындағы тораптық ауруханада хирург-дәрігер болып бастаған, кейін 1967 жылы осы аурухананың бас дәрігерінің орынбасары, ал 1969 жылы аталған мекеменің бас дәрігері болып тағайындалған.

1974 жылы алғаш рет теміржол денсаулық сақтау жүйесінде цитологиялық және эндоскопиялық орталықтарды құрды. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып эндоскопист-дәрігер мамандығын меңгеріп, оған жоғары біліктілік санаты берілді.

1976 жылдан бастап емдеу ісі жөніндегі бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарды, ал 1985 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы емдеу-сауықтыру бірлестігінің Орталық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді.

М. А. Айтказин – 68 жарияланған ғылыми еңбектің, «Эндоскопическая диагностика опухолей верхних дыхательных путей» және «Клиническая эндоскопия» атты монографиялардың авторы. Ол 17 рационализаторлық ұсыныс пен бір өнертабыстың авторы болып табылады.

1988 жылы «Қазақстан темір жолы қызметкерлерін диспансеризациялау кезіндегі эндоскопиялық және морфологиялық зерттеу» тақырыбында диссертация қорғады.

1995 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» РМК Орталық клиникалық ауруханасының ұжымын басқарды. Осы клиникада жұмыс істеген жылдары ол клиникалық тәжірибеге лапароскопиялық хирургияны, офтальмологиядағы лазерлік хирургияны және қуықасты безі аденомасы бар науқастарға арналған «Турапи» (Израиль) аппаратында гипертермиялық терапияны енгізудің бастауында тұрды.  

1988 жылы ол Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары болып тағайындалды. 1983 жылдан бастап Қазақстан бөлімшесінің Кеңес-Куба достастығы қоғамының мүшесі, 1989 жылдан – Қазақстан қалалық бөлімшесінің КСРО – АҚШ достастығы қоғамының мүшесі, 1990 жылдан – «Ядролық соғысты болдырмау үшін дәрігерлер» халықаралық қозғалысының мүшесі болды. «Байқара және Актайлақ би» республикалық қоғамдық қорының президенті, 1999 жылы «Атасы асыл сөздің Актайлақ би» атты кітапты шығаруға жетекшілік етті, Аягөз қаласында екі бидің жерлеу орнына ескерткіш кешенін құрды.

М. А. Айтказин «Ерен еңбегі үшін» медалімен, КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау үздігі» белгісімен марапатталған. 1991 жылы оған «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағы берілді. Оның екі қызы мен үш ұлы, төрт немересі бар. Бір ұлы мен қызы дәрігер мамандығын таңдаған.

Өлең жазуды жақсы көрген, керемет музыкалық есту қабілеті мен дауысы бар еді.

2008 жылғы 28 желтоқсанда қайтыс болды. Аягөз қаласында жерленген.

Айтказин М. А. туралы әдебиеттер
Литература об Айтказине М. А.

Кто есть кто в медицине: Т.1. - Алматы: КАзГМИ, 2002. - С. 21

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Айтқазин Мұхтар: Б. 142.

 

Атшабаров Б.

AtshabarovАтшабаров Бахия Атшабарұлы(1919-2013) -  академик, ҚР Еңбек сіңірген дәрігері

1919 жылы 1 қыркүйекте Семей губерниясының Қарқаралы уезі № 1 Берікқара ауылында Карақуыс жерінде (қазіргі Қарағанды облысында) дүниеге келген. 1942 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын тәмамдаған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942-1946 жылдары Кеңес Армиясы қатарында танк және пехота полктерінің санитарлық қызмет басшысы - аға дәрігер қызметін атқарды.

1946-1950 жылдары – Қазақ СРО ҒА аспиранты, 1950-1951 жж. – Қазақ СРО ҒА өңірлік патология Институты кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директор орынбасары, ал 1952-1984 жж. – осы институт директоры. 1984-1996 жж.- ғылыми кеңесші, ал 1996 жылдан – ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің гигиена және кәсіби аурулар ҒЗИ Құрметті директоры, сосын – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі гигиена және эпидемиология Ғылыми орталығының Құрметті директоры.

Атшабаров Бахияның негізгі ғылыми еңбектері еңбек гигиенасы, кәсіби аурулар, әсіресе қорғасыннан улану кезінде зақымданған жүйке жүйесінің патогенезі мен клиникасына арналған. Бахия Семей полигонының адамдар денсаулығына тигізетін зиянын тексеріп, полигонның оңтүстік аймағында созылмалы сәуле аурулары адамдар мен жануарларда жиі болатынын анықтады. Сондай-ақ ол халықтық медицина тарихын зерттеумен де айналысты. Бахия 200 ғылыми еңбектің, оның ішінде 11 монография мен 7 авторлық куәліктің иегері. Оның жетекшілігімен 15 докторлық, 35 кандидаттық диссертация қорғалған.

30 жылдан аса Кеңес Одағының негізгі ғылыми медициналық орталығы – Аймақтық патология институтын басқарған Бахия Атшабаров туған халқына ерен еңбегімен танымал. Ол 1957 – 1959 жылдары Семей полигонында зерттеу жүргізіп, ядролық бомбалар сынағының еш зияны жоқ деген нәтижені алғаш болып жоққа шығарды. Ал Семей полигоны аймағында анықтаған «Қайнар синдромы» патологиясы әлемдік медицинаға жаңа ауру түрі ретінде енді.

Қазақстанның Өлкелік патология институтының негізін салушы әрі үздіксіз басшысы болған Б.Атшабаров екі мәрте «Қызыл жұлдыз», «Ұлы Отан соғысы»,   «Октябрь Революциясы», «Құрмет» ордендерімен марапатталған. Қ.И. Сәтпаев атындағы сыйлықтың иегері (1999).

Бахия Атшабарұлын білетіндер оны орасан зор эрудиция мен терең білімі, педагогтық таланты, әріптестеріне деген қамқорлығы үшін құрметтейтін еді. 2009 жылы қазан айында С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Академик Б.А. Атшабаров атындағы фундаментальды және қолданбалы медицина ғылыми зерттеу институтының ашылуы - ғалым әрі ұстаздың еңбегіне көрсетілген лайықты құрмет пен ескерткіш   еді.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             Б. Атшабаровтың ғылыми еңбектері

Научные труды Б. Атшабарова

Клиническая невропатология при артериальной гипертонии, А,-А., 1953;

Поражении нервной системы при свинцовой интоксикации, А.-А., 1966;

Новый метод измерения ликворного давления, А.-А., 1974;

Парабиоз — основа общебиологической реакции па повреждающее действие токсических веществ // Гигиена труда и профзаболеваний (М.), № 9, 1981;

Концепция восстановления экологического равновесия в зоне Аральского моря, А.-А., 1992;

Очерки физиологии и патофизиологии ликвородинамики и внутричерепного давления, А.—Караганда, 1996;

Улучшение здоровья населения в аулах — насущная современная проблема, А., 2001;

Заблуждения, ложь и истина по вопросу оценки влияния на здоровье людей испытания атомного оружия на Семипалатинском ядерном полигоне, А., 2002.

 

Б. Атшабаровтың мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары

Статьи Б. Атшабарова опубликованные на страницах периодической печати

 

Атшабаров, Б.Дәстүр және денсаулық : [Қазақ халқының,соның ішінде ауыл тұрғындарының денсаулығына көзқарас] / Б. Атшабаров // Жұлдыз. - 2000. - №4. - Б. 123-132.

Атшабаров, Б.Дабыл : 1957-1960 жылдары Семей полигоны маңайына тұңғыш ғылыми экспедиция ұйымдастырған ғалым Бахия Атшабаровпен сұхбат / Б. Атшабаров ; әңгімелеск. Қ. Аманжол. - // Егемен Қазақстан. - 2009. - 8 қыркүйек. - Б. 4.

 

Атшабаров Бахия туралы әдебиеттер

Литература о Бахии Атшабарова

Атшабаров, Бахия Атшабарұлы // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия, /Бас ред. Ә. Нысанбаев. -Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998. - Т. I.- 720 б.- Атшабаров Б : - Б.530

Ілияс, Ә. Әскери дәрігерлердің Ұлы Отан соғысындағы ерліктері / Ә. Ілияс. - // Ертіс өңірі . - 2014. - 14 мамыр. - Б. 11.

Серғазы, Ж. Экология. Радиация. Денсаулық : халықаралық конференция / Ж. Серғазы. // Семей таңы. - 2017. - 1 қыркүйек. - Б. 2.

Айтбембет Б. Академик Атшабаровтың ерлігі неге ескерілмейді? [Мәтін]: [академик Бақия Атшабаров есімін ұлықтау туралы] / А. Бегалы. - // Егемен Қазақстан . - 2017.- 15 қараша (№ 220). – Б.7.

Алиакпаров (Алиякпаров) М. Т.

Алиакпаров (Алиякпаров) Мақаш ТыныштықбайұлыАлиакпаров (Алиякпаров) Мақаш Тыныштықбайұлы (1937 ж.) – ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, кескіндемеші.

 

1937 жылғы 10 қазанда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Жарма ауданындағы Жарма станциясында дүниеге келген. 1966 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын (қазіргі Семей қаласы Мемлекеттік медициналық университеті) бітірген.

 1966-1968 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық туберкулез диспансерінде рентгенолог дәрігер болып жұмыс істеді;

 1968-1973 және 1979-1982 жылдары – Кеңес Одағы Денсаулық сақтау министрлігінің клиникасы жанындағы Орталық рентгено-радиологиялық институтында ординатор, аспирант, аға ғылыми қызметкер;

 1973-1979 және 1982-1984 жылдары – институтта ассистент, кафедра меңгерушісі;

 1984-1989 жылдары – Семей мемлекеттік медициналық институтында проректор болды.

 1989-2001 жылдары – Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының ректоры;

 2001-2007 жылдары – Қазақстан фармацевтикалық институтының ректоры;

2007-2009 жылдары – Қарағанды университеті «Болашақ» вице-президенті. 2009 жылдан бастап Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады.

 Рентгенология ғылыми мектебін құрушы.

 300-ге жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде 14 монографияның авторы. Оның 12 авторлық куәлігі бар. «Ахат», «Прикосновение», «По местам Абая» кітаптарының авторы.

 Бейнелеу өнеріне 1960 жылдары келді. Алиякпаровтың картиналары Қазақстан мұражайында орналасқан. Астанада «Отан қорғаушы», Теміртауда «Металлургтер», Қарағандыда «Тәуелсіздік» және «Абай» монументтерінің авторы және тең авторы.

 

Т. М. Алиақпаровтың еңбектері

Труды Алиакпарова М. Т.

 

Диагностика абсцессов брюшной полости [Текст] / М. Т. Алиакпаров и др. - Алматы, 1994.

Алиакпаров, М. Т. Диагностика и лечение спонтанного пневмоторакса [Текст] / М. Т. Алиакпаров. - Караганда, 1996; Yш би, Караганды, 1998.

Әлиакпаров, М. Т. Қазақстан ғалымдарының библиографиясына қатысты материалдар = Материалы к биобилиографии ученых Казахстана / М. Т. Әлиакпаров // Ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының ғылым академиясы; ред. З. М. Молдахметов. - Караганда : КГМА, 1997. - 86 с.

Алиакпаров, М. Т. Прикосновение - A point of contact [Текст] : [воспоминания художника о создании серии живописных и графических работ, посвященных жизни и творчеству А. Кунанбаева и Ш. Кудайбердиева] / М. Т. Алиякпаров.  –. Калининград: Янтарный сказ,  1997. - 96 с.

Алиакпаров, М. Т. Абай Шәкәрiм : [альбом] /  М. Т. Алиакпаров. - [Караганда] : [МОФ "Шакарим"], 2008. - 160. : ил.

 

 

М. Т. Алиақпаров туралы әдебиет

Литература об Алиакпарове М. Т.

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Алиақпаров Мақаш Тыныштықбайұлы: б. 216.

Алиакпаров, Макаш Тыныштыкбаевич // Казахстан. Национальная энциклопедия. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2004. - Т. I.

Алиакпаров, М. Т. "Больше не думаю, кто я" [Текст] : беседа с М. Т. Алиакпаровым / беседу вела Т. Константинова // Взгляд на события. - 2005 . - 15 июня. (N23). - С. 13.

Гуляева, Е. Картины рисует... ректор вуза [Текст] : [история гос. историко-культурного и литературно-мемориального заповедника-музея Абая в г.Семей] / Е. Гуляева // Рудный Алтай. - 2010. - 18 дек. - С. 4.

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Алиякпаров Макаш Тыныштыкбаевич [Текст] : [биографическая справка] // Википедия – открытая энциклопедия : сайт. – Режим доступа : https://ru.wikipedia.org/wiki/Алиякпаров,_Макаш_Тыныштыкбаевич (07.02.2018)

Алиякпаров Макаш Тыныштыкбаевич [Текст] : [биографическая справка] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=10771&lang=ru (07.02.2018)

Байқонақов Қ.

BaigonakovБайқонақов Қажыбек Байқонақұлы 1940 жылы 8 наурызда Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауданы, Каменка ауылында дүниеге келген. Мектепті 1958 жылы бітіріп, Қарағанды медициналық институтына түсіп, оны 1964 жылы тәмамдаған. Кейін туған жері Катонқарағайға келіп, аудандық ауруханада хирург болып 30 жылға жуық жұмыс істеген. 350 мыңға жуық науқасты емдеп, 10 мың түрлі операция жасаған (мұрағаттан). Жұмыс барысы кезінде келесідей мамандандыру курстарынан өткен:

Қажыбек Байқонақұлына арналған жерлестерінің көптеген алғыстары газет беттерінде жарық көрген (М.Имамбаев, Р. Чемоданов, Коноваловтар отбасы, М. Ерсалин, Жезқазған қаласының милиция капитаны және т. б.) Оған Т.Ткаченко «Во имя жизни», Т. Рақымжанов «Атыңды ұмытпайды бүкіл елің», М. Оразбаев және т. б. өлең жолдарын арнаған. Катонқарағай ауданында Қажыбек Байқонақов атында көше бар.

1966 жылы Матчанова Гүлбану Мингалиевнаға үйленіп, отбасында 3 ұл тәрбиелеген:

үлкен ұлы Марат Маргелов атындағы Рязань әскери десанттық командалық училищесін бітірген; ортаншы ұлы Азамат Конев атындағы Алматының жалпы әскери командалық училищесін бітірген; кіші ұлы Болат Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ды тәмамдаған.

Қажыбек Байқонақов 1994 жылы дүниеден өткен. Оның еңбегі, жанқиярлығы, адамдарға деген махаббаты ел есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

Қ. Байқонақов туралы әдебиет

Жер жаннаты - Қатонқарағай / құраст. Ж. Қызыр. - Алматы: Орхон, 2008. - 368 б. 

Қ. Байқонақов туралы мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар

 

Қызыр, Ж. Көзден кеткенімен көңілден кетірмейтін азамат [Мәтін] / Ж. Қызыр // Арай. - 2004. - 12 сәуір.