Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768) - қолбасы, жырау, қоғам қайраткері.
ОңтүстікҚазақстанның Қаратау тау бөктерінде дүниеге келген. Ақтамберді Сарыұлы өлеңдеріненоның Жағалбай (Кіші жүз) руынан шыққандығын аңғаруға болады.
Ол 10-12 жасынан бастап өзінің ақындық қабілетімен көзге түскен.. Өлеңдерінде қазақтың тұрмысын, отбасы мен Отанын жырлайды.
Жырау 17 жастан бастап қалмақтармен, Орта Азия билеушілерімен шайқастарға, сондай-ақ тарихта «Ақтабан шұбырынды» деген атпен енген көптеген оқиғаларға қатысқан. Ол жоңғар шапқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі болды. 1738-1752 жылдары жоңғарлармен болған барлық шайқастарға қатысқан. Ақтамберді батыр 70 жыл бойы туған жерін жаудан қорғады, атақты шешен, беделді би, белгілі ақын-ертегіші болған.
Ақтамберді өз ғұмырнамасын толғауларына көркемдік қуаты зор, келісті нақыштармен түсірген. Шығармалары зиялы зергердің қолтаңбасын танытады. Әлі де қолға түспеген толғаулары ел аузында сақталуы ықтимал. Қазіргі қолда бары 300 жолдан аспайды. Азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы. «Күмбір-күмбір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгембай», «Менімен ханым ойнаспа», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым менің тар болды» және тағы басқа өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы. Ақтамбердінің «Балаларыма өсиет» деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі бірлікке, талап мұратқа, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден сақтандырады.
Шығармашылығында әсіресе, жылқының көшпенділердің өміріндегі орны мен рөлі туралы ойлар жеке орын алады. Атты ер «қанаты» дей отырып, оны батырдың серігі ретінде бейнелейді.
Ақтамбердінің толғаулары мен жырлары С. Мұқановтың «Қазақтың 18-19 ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер» (1942), «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «Алдаспан» (1971), «15-18 ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1982), «Бес ғасыр жырлайды» (1985) жинақтарына енгізілген.
Жырау 1768 ж. Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан) Абай ауданы Жүрекжота мекенінде дүниеден өткен.
А. Сарыұлы туралы әдебиеттер
Литература о Сарыулы А.
Поэзия жырау [Текст] : Стихи каз. поэтов 15-18 вв.: пер. с каз. ; ред. Л. Степанова - Алма-Ата : Жалын, 1987 . - 87 с.
Льется песня под домбру [Текст] : фольклор и литературные памятники Казахстана / - Москва : Художественная литература, 2009 . - 710
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Актамберды – жырау [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа :https://megaobuchalka.ru/11/54536.html (08.04.2020)
Актамберды-жырау [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа https://adebiportal.kz/ru/authors/view/356 (08.04.2020)
Актамберды-жырау [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа https://www.elim.kz/article/273/ (08.04.2020)
Бекжан батыр (1709-1730) - батыр
Порой исторические драмы развиваются по фантастическим сюжетам. Восемнадцатый век поставил казахский народ на грань полного исчезновения. Казалось, вопрос оставался только за тем, где растворится этот народ, последний оплот древней кочевой цивилизации. И кто станет следующим хозяином Великой золотой степи. Этот же век, богатый событиями глобального значения и полный трагизма, в то же время собрал под одно знамя многочисленные племена, объединил в единую сплоченную нацию. И вывел ее на очередной виток политического и духовного развития.
Найманы, предки нынешних казахов, постоянно вели борьбу против иноземных захватчиков, они имели прекрасных воинов и успешно отражали набеги калмыков, киргизов, монголов и джунгар.
В борьбе с завоевателями среди найманов выросла плеяда батыров, память о которых передается из поколения в поколение. Одним из соратников батыра Кабанбая был батыр Бекжан. Он родился в 1709 году в Чарском районе в семье известного среди казахов батыра Куттымбета из рода Матай.
После одной битвы батыр Кабанбай перед бойцами-сарбазами за особую доблесть назвал Бекжана «Белокурым сыном наймана». Это имя осталось на всю жизнь. В борьбе против джунгар отряд Бекжана каждый раз добивался значительных успехов.
Последнее сражение Бекжан батыра с джунгарами состоялось за рекой Черный Иртыш, где враги были разбиты наголову. Оставшиеся в живых ойраты пустились в бегство. Батыр со своими сарбазами решил с одной из горных вершин проследить за окончательным уходом джунгар. Это был жаркий июльский день 1730 года. Он снял с головы шлем, а в это время вражеская пуля сразила его. Так погиб батыр Бекжан.
Люди сами творят свою историю. Не зная своих предков, их дел и поступков, трудно порой, понять и самого себя, и исторические закономерности…
В своей многосложной и многострадальной судьбе казахскому народу приходилось вести постоянную борьбу за сохранение и развитие национального достоинства, за независимость, за государственность, за единство.
В основе нашего суверенитета, суверенитета РК, лежит национально-патриотическая идея независимости. Именно она двигала народ Казахстана еще со времен Кенесары Касымулы к сегодняшнему дню. Именно эта идея сплачивала казахов в их борьбе против внешних врагов, политики царизма и тоталитарной системы бывшего Советского Союза. Именно она определяла и определяет характер нового государства Казахстан после распада СССР.
Литература:
Сейсебаев К. Найманы. – Рудный Алтай. – 1998. – 12 марта, 4 апр., 7 мая
Сатыұлы Дәулетбай (1702 - ө.ж.б.) –қазақ батыры, жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен
Дәулетбай Сатыұлы (1702 - ө.ж.б.) - Орта жүз құрамындағы Найман тайпасының Қаракерей тайпасынан шыққан батыр. Қабанбайдың туыс інісі. Қабанбай батыр Дәулетбайды сегіз жасынан бастап жанына ертіп жүріп, он үш жасында жауға салған. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда Дәулетбай батыр қапсағай денелі, ақ сұр жүзді, тік иық, өткір жанарлы, шымыр да жинақы әрі өте қарулы адам болған. Қалмақтың Долаңқара бастаған елу-алпыс адамы Сауырдағы Меркіт елінің көп жылқысын барымталап, оларды Қабанбай мен Дәулетбай бастаған 40 жігіт Ертістен өте қуып жетеді. Сол жерде Долаңқараның өзі білегін сыбанып тастап атып шығады да, Қабанбайды жекпе-жекке шақырады. Қалқанының быт-шытын шығарып, қалмақ батырын әп-сәтте жайратып салған қазақ қолбасына енді Долаңқараның кегін аламын деп атан өгіздей Түркеш батыр елеуреп тұра ұмтылады. Жағдайды аңдып тұрған інісі - Дәулетбай қайратын жиып алып, тортөбелге қамшы басып, ойнақтап топ ортасына шыға келеді. Жекпе-жекте Түркешті найзасымен шаншып өлтіреді.
Дәулетбай батыр сексен күнге созылған Шорға соғысына да, Маңырақ маңындағы ұрысқа да белсене қатысып, жау ортасын қақ жарып, арттағы әскерге жол ашып отырды. Жетісу, Тарбағатай, Алтай өлкелерін жоңғарлардан азат ету жорықтарында Қаракерей Қабанбай батыр басқарған қазақ әскерімен бірге алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысқан.
Елдің намысын жоқтап, айбарына мінген Дәулетбай батыр Баспан-Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Шығыс Қазақстан өңірлерін азат еткен.
Ел аузындағы жазылған деректерден Қаракерей Қабанбай бақилыққа дайындалған кезде немере інісі Дәулетбайды шақыртып: « Елді басқарып, жаудан қорға, мені жоқ деп айтқызба жауға!» - деп елінің туын өз қолымен ұстатқан екен дейді.
Дәулетбай батыр еліміздің шығыс шекарасын қорғауда өлшеусіз із қалдырған. Ер Дәулетбай ғұмырын туған халқының бостандығы мен азаттығына арнаған. Өзі қатарлас батырлармен бірге халқын тарихтың алмағайып зар заман тұсы, өлі ара кезеңінен алып шыққан.
Дәулетбай батыр Сатыұлы Шар өзені бойында жерленген.
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылының Бозшы орта мектебіне Дәулетбай батырдың есімі берілген.2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында заманында дарабоз батыр атанған Қабанбайға сенімді серік болған, ержүректігімен, батырлығымен, шешендігімен дараланған Дәулетбай батырға ескерткіш орнатылды.
Дәулетбай Сатыұлы туралы:
Жанахметов А. "Жай отындай жарқылдап ..." [Мәтін] : [Дәулетбай батырдың 300 жылдығы қарсаңында. Дәулетбай батыр Ақжар ауданы Маңырақ ауылынан шыққан батыр] / Жанахметов А. // Дидар. - 2002. - 15 қаңтар.- Б.2
Игісін Ж. Ту алып, тұлпар мінген [Мәтін] : [Барқытбел баурайында ерлік көрсеткен саты баласы Дәулетбай батырдың 300 жылдығына орай] / Игісін Ж. // Дидар. - 2002. - 23 ақпан.- Б.2
Батханұлы, Қайрат. Батыр баба - Дәулетбай [Мәтін] / Қ. Батханұлы // Тарбағатай. - 2012. - 30 сәуір.- Б.5.
Бұланбай Көлбайұлы (1747–1845) – палуан
1747 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы (қазіргі Тарбағатай) Сайқан тауының етегіндегі қоныста дүниеге келген. Бұланбай Көлбайұлы Жәнтекей руынан шыққан. Ол халық жадында жеңіліп көрмеген палуан ретінде сақталған. Сонымен қатар тапқыр сөзді шешен би ретінде де танылған. Орта жүздің игі жақсылары Қызылжарда өтетін Көкейірім съезіне қатысу үшін халық арасынан шыққан спортшылар мен өнерпаздарды жинайды. Жәнібек батыр жиырма палуанның ішінен сайысқа қатысу үшін Бұланбайды таңдайды. Жарысқа шақырылған Бұланбай атпен жолға шығады. Алайда жарыс өтетін жерге 125 шақырымдай қалғанда аты қатты шаршайды. Бұланбай әрі қарай жолын түйемен жалғастырады.
Осы жарыста он сегіз жастағы халық арасынан шыққан палуан Бұланбай спорттық сайыстың жеңімпазы атанып, оған «түйе балуан» атағы беріледі. Бас жүлдеге бір түйе, он бес таңдаулы айғыр және елу бас ұсақ мал тігіледі.
Бұланбай Көлбайұлы Абылай хан бастаған қазақ делегациясының құрамында Бейжіңге барған. Мұнда ол өзге елдерден келген алыптардан өзінің күш-қуатының басымдығын көрсеткен. Император сарайының алдында орналасқан арыстан бейнесіндегі тас мүсінді орнынан қозғап, өзінің теңдессіз күш иесі екенін танытқан.
ХХ ғасырдың 50-жылдарындағы мұрағат құжаттарына сәйкес, Бұланбайдың ұрпақтары Омари мен Сәкари де өз заманының атақты палуандары әрі тамаша әнші, айтыскерлері болған.
Бұланбайдың жары әрі өмірлік серігі Айбике батыр болған. Ол Абылай хан әскерінде қызмет еткен әйел барлаушы ретінде танылған. Жау қолына өз еркімен тұтқынға түсіп, ұзақ уақыт қызметші болып, қажетті мәліметтер жинаған. Жиналған деректерді Абылай ханға, Қабанбай мен Бөгенбай батырларға жеткізіп отырған. Айбике батыр үлкен жиындарда палуан ретінде де өнер көрсетіп, даңқы шыққан. Қырағы әрі көреген Айбике батыр қалмақ жасақтарының Тарбағатай өңірі мен Ертіс жағалауына жасаған көптеген шабуылының алдын алған.
Бұланбай ұрпағына: «Жауға аттанған кезде сарбаздар оның есімін дабыра қылмасын. Менің атым Жәнібек батырдай атақты емес. Күрескенде өз күштеріңе сеніңдер. Менің күшім – өзімде, өз руымның намысы мен абыройын қорғауға жетерлік күшім де, даңқым да бар», – деген өсиет қалдырған.
Бұланбай өмірінің соңына дейін Кендірлік өзенінің бойын мекендеген. 1845 жылы дүниеден өткен.
Зайсан ауданындағы Сауыр тауының баурайында халық «Бұланбай жайлауы» деп атайтын жер бар. Таулы өзеннің сол жағалауында үлкен қара тас орналасқан. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл тасты Бұланбайдың өзі тауға көтеріп шығарып, өзінен кейін естелік ретінде қалдырған.
Б. Көлбайұлы туралы әдебиет
Литература об Колбайулы Б.
Кітаптар - Книги
Алтыбаев, Қ. Атамекен Зайсан / Қ. Алтыбаев. - Өскемен: Реклама-Дайджест, 2006. - 505 б. - Көлбайұлы Бұланбай: б. -429-432.
Қазақтың бес алыбы. - Алматы: Аруна, 2003. - 11 б. - Көлбайұлы Бұланбай: б.7.
Шәкенұлы, Ж. Алтай алыптары / Ж. Шәкенұлы, Қ. Айдарханұлы. - Алматы: Zaman-print, 2018. – 252. – Көлбайұлы Бұланбай : б.
Мақалалар-Статьи
Қабдоллаұлы, Ж. Самырат Бұланбай [Мәтін] : [Зайсан ауд. өткен балуан] / Ж. Қабдоллаұлы // Достық. - 1996. - 26 шілде.
Мағзұмұлы, Ө. Атадан қалған ұлағат [Мәтін] : [Зайсан ауд. Бұланбай балуанның туғанына - 250 жыл] / Ө. Мағзұмұлы // Достық. - 1997. - 14 шілде
Ер-Жаныбек Бердаулетулы (1714 - 1792) - казахский батыр, оратор.
Происходит из рода Жантекей племени Керей.
Получил благословение для борьбы с жонгарами у Казыбек-бия. В одном из сражении спас хана Абылая. Вместе с батырами Каракерей Кабанбаем, Канжыгалы Богенбаем и другими участвовал в борьбе с Жонгарским ханством.
Когда в 1731 году хан Младшего жуза принял подданство России, Ер-Жанибек возглавив род керей, откочевал из Присырдарии в горы Калба (ныне Калбинский хребет) к озеру Зайсан. Затем прошёл через перевал в Алтайских горах. Этот перевал позднее был назван «Перевал Жанибека». В 1760 году Жанибек расселил род абак-кереев на этих землях Алтая, ныне относящихся к китайскому Синьцзяну. Ер-Жанибек прославился своими незаурядными качествами народного лидера и батыра — красноречьем и мудростью, храбростью, умением руководить.
Имя Ер-Жанибек стало ураном (боевым кличем) абак-кереев. Священный флаг батыра из тонкого белого шёлка шириной в сажень с красно-жёлтыми шёлковыми кистями был прикреплён на чёрное трёхсаженное копьё. По преданию это знамя Ер-Жанибеку вручил сам Аблай-хан. Стяг, хранившийся у 11-го потомка Ер-Жанибека в Чингильском районе Синьцзяня, стал в 1940 году флагом национально-освободительного восстания казахов под руководством Оспан-батыра в Китае.
Умер в возрасте 80 лет.
Могила Ер-Жанибека находится в урочище Ортабулак Жарминского района Восточно-Казахстанской области. Над могилой воздвигнут памятник. В микрорайоне Шыгыс в г. Усть-Каменогорске его именем названа улица.
Литература о батыре Ер-Жанибеке
Ер Жәнібек Бердәулетұлы туралы:
Елтұтқа [Мәтін] : Ел тарихының әйгілі тұлғалары / Жолдасбекұлы М., Салғараұлы Қ., Сейдімбек А. - Астана : KUL TEGІN, 2001. - 356 б.
Тарихи жырлар [Мәтін] : Қытайдағы қазақ фольклоры. - Астана : Фолиант, 2006. - 352 б (Введено оглавление)
Ер Жәнібек [Электрондық ресурс] : [Ер Жәнібек Бердәулетұлы туралы мақала, қисса-дастандар. ]. - Алматы : [б. ж.], 2008. - 320 б. с. (Введено оглавление)
Мүсірбайұлы Т. Жармадағы Ер Жәнібек [Электрондық ресурс] : [Ер жәнібек Брдәулетұлының 295 жылдық мерейтойына орай.] / Т. Мүсірбайұлы . - [Б. м.] : Өскемен, 2009. - 240 б. с.
Ер Жәнібек Бердәулетұлы [Мәтін] : тарихи жырлар мен аңыздар. - Алматы : Раlitra Press, 2014. - 552 б.
Тәукейұлы, Сұлтан. Ақыр Жәнібек [Мәтін] : роман шежіре / С. Тәукейұлы. - Алматы : Абзал-Ай, 2014. - 312 б.
Ел ұраны - Ер Жәнібек [Мәтін] : зерттеу мақалалары. - Алматы : Ер Жәнібек халықаралық қоғамдық қоры, 2014. - 284 б.
Қазақ ру-тайпаларының тарихы [Мәтін]. Т. 15 : Керей. - Алматы : "Алаш"тарихи-зерттеу орталығы, 2014. - 608 б.
***
Шавлева, Д. Помнить наших предков / Д. Шавлева. - Текст // Рудный Алтай. - 2009. - 25 сент. - С. 1.
Макалалар-Статьи:
Шәкенұлы, Жәди. Жәнібек батырдың Абылай ханға айтқан үш тілегі [Мәтін] / Ж. Шәкенұлы // Мәдени мұра = Культурное наследие. - 2013. - №6.- Б.45-48.
Сүлейменов Қ. Ер Жәнібекке ескерткіш орнатқан азамат [Мәтін] : [Ортабұлақтағы Ер Жәнібекке арналған ескерткіштің орнауына мұрындық болған азаматпен сұхбат.] / Қ. Сүлейменов ; сұхбат: Қ. Жұмаділ // Ертіс өңір. - 2012. - 29 ақпан.- Б.8-9.
Сайдулдин, Тілеуберді. Ел бастаған, қол бастаған Ер Жәнібек [Мәтін] / Т. Сайдулдин // Дидар. - 2010. - 4 қазан.- Б.5.
Сайдулин , Тілеуберді. Ел бастаған, қол бастаған Жәнібек [Текст] : [Бердәулетұлы Жәнібек батыр туралы] / Т. Сайдулин // Дидар. - 2010. - 4 қазан.- Б.5.
Мұхамадиев, Мұхамедқазы. Ер Жәнібек зираты [Мәтін] / М. Мұхамадиев // Ертіс өңірі. - 2009. - 23 қыркүйек.- Б.10.
Раисова, Күлия. Ер Жәнібек -ерліктің белгісі, елдіктің белгісі [Мәтін] / К. Раисова // Ертіс өңірі. - 2009. - 30 қыркүйек.- Б.8-9.
Мұхамадиұлы, Мұхаметқазы. Өлмес даңқ өшпес ерлік иесі [Мәтін] / М. Мұхамадиұлы // Қалба тынысы. - 2009. - 18 қыркүйек.- Б.3.
Мұхамадиұлы, Мұхаметқазы. Тарихтан сыр тартар кесене [Мәтін] / М. Мұхамадиұлы // Қалба тынысы. - 2009. - 18 қыркүйек.- Б.3.
Шәкенұлы, Жәди. Еліне ұран болған Ер Жәнібек [Мәтін] / Шәкенұлы // Мәдениет жаршысы / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - Өскемен, 2009. - N 7.- Б.7-15
Шәкен Ж. Ер Жәнібек есімі неге ұлықталмайды [Мәтін] / Шәкен Ж. // Түркістан . - 2007. - 8 ақпан (N 6). - 6
Алтыбаев , Қалибек. Керей Ер Жәнібек [Электрондық ресурс] / Қ. Алтыбаев // Достық . - 2007. - 26 ақпан.- Б.10.
Мүсірбайұлы Т. Керей Ер Жәнібек Бердәулетұлы өмірбаянынан деректер [Мәтін] / Мүсірбайұлы Т. // Дидар. - 2005. - 27 қыркүйек.- Б.2
Тоқтабай А. Ер Жәнібек Бердәулетұлы [Мәтін] / Тоқтабай А. // Семей таңы. - 2003. - 22-28 тамыз
Әукебаев М. Ер Жәнібек/1716-1792/ [Мәтін] : [Қабанбай батырдың батырларының бірі...жайлы] / Әукебаев М. // Дидар. - 1997. - 12тамыз.- Б.
Қайратұлы Б. Ер Жәнібек туралы ой толғамдар [Мәтін] / Қайратұлы Б. // Дидар. - 1995. - 4 сәуір.- Б.4.