Известные имена

Ақын жазушылар

Сақбаев А. А.

sakbaevСақбаев Алмас Ахметбекұлы (1961 ж.) - ақын, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы.

1961 жылы ҚХР, Тарбағатай аймағында дүниеге келген. 1982 жылы Іле педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1982-1992 жылдар аралығында Шәуешек қаласында шығарылатын «Тарбағатай» әдеби журналының редакторы болып қызмет атқарып, 1993 жылы тарихи Отанына оралды.

1993-1995 жылдары «Жас Алаш» газетінде тілші, 1996-2006 жылдары әл-Фараби атындағы ҚҰУ журналистика факультетінде аға-оқытушы болып қызмет атқарған. 1997 жылы ҚР Парламент Мәжілісінде баспасөз қызметкері болып жұмыс істеген. Алмас Ахметбекұлы өткен ғасырдың 80-жылдарында поэзияға әлеміне араласқан, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар дара әрі талантты ақын.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін, Алмас Ахметбекұлы алғашқылардың бірі болып өзінің тарихи Отанына оралды. Еліміздің тәуелсіздігін алуы, шеттегі ағайындардың Отанға оралуы, болашаққа жол тартқан тың бастамалар, жас буынның ерік-жігері оның шығармашылық ізденістеріне тың серпін берді. Өзі де қоғамдық жұмыстарға белсене араласа жүріп, әдеби жасампаздықпен айналысты. Нәтижесінде, оның қаламынан асқақ патриоттық рухқа толы, «Көк тудың желбірегені» атты өлең туды.

Ойлы образға, шынайы сезімге толы сыршыл өлеңдерінің арқасында оның есімі сол 80-жылдардың өзінде-ақ Шыңжаң қазақтарына кеңінен танымал болды.

Алмас Ахметбекұлы өлеңдерінің ерекшелігі – қарапайым халық тілі арқылы әсері мол көркем оймен қиысатыны. Ақынның өлеңдерінде, тіл, образ, бояу, идея – осы төртеуі шебер үйлесім тауып отырады. Шекараның арғы бетінде қалған ағайындардың тағдыры, бағзы заманнан қазаққа мекен болған, бірақ бүгінде жат қолында қалған қара мекеннің қайғысы, тәуелсіз елдің кемел келешегі, достық пен махаббат ақын жырларына арқау болып өріліп отырады. Бұл ретте оның ертеректе жазған «Туған жерім – балалығым», «Сәуірдің бұлты», «Аптап» т.б. өлеңдерін атауға болады. Оның «Бозінген» атты өлеңі тұнып тұрған дала сазы деуге лайық. ҚХР-дің өлкелік сыйлығын иегері.

«Дауыс», «Ширығу», «Атамекен», «Астынан алты қырдың», «Сәуірдің бұлты», «Өлең», «Көк тудың желбірегені» атты кітаптардың авторы. Алмас Ахметбекұлы қазақ поэзиясында, өзіндік дара стилі,сүрлеу соқпағы бар, сыршыл-лирик ақын.

2023 жылы "Құрмет" орденімен марапатталды. 

А. А. Сақыбаевтың шығармалары

Произведения А. А. Сакыбаева

 

Кітаптар – Книги

 

Ахметбекұлы, А. Көктудың желбірегені : өлең, поэма / А. Ахметбекұлы. - Алматы : Сардар, 2015. - 320 б.

 

А. А. Сақыбаевтың мерзімді басылымдардағы жарияланымдары

Публикации А. А. Сакыбаева в периодических изданиях

 

Ахметбекұлы, А. Құнсызданса теңге кінәлі ме [Мәтін] / А. Ахметбекұлы // Жас алаш. - 1994. - 15 қараша.- Б. 5

Ахметбекұлы, А. "Көзімнің қарасы,көзімнің қарашығы"емес [Мәтін] : [Абай творчествосы туралы] / А. Ахметбекұлы // Жас алаш. - 1995. - 5 қаңтар.- Б. 4

Ахметбекұлы, А. Әбдірахманұлы, Қ. Ұмытуға болмайтын ұлы тұлға [Мәтін] : [Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың туғанына 100 жыл толуына орай] / Әбдірахманұлы Қ., Ахметбекұлы А. // Жас алаш. - 1994. - 2 маусым.- Б.

Көк тудың желбірегені [Мәтін] : ән // Түркістан . - 2012. - 14 маусым (№ 24). - 5

Ахметбекұлы, А. Сезім сыры : Сәуірдің бұлты ; Жүрегім ; Біз кімбіз ?! ; Сұлу дүние [Мәтін] : өлеңдер / Ахметбекұлы А. // Егемен Қазақстан. - 2013. - 2 наурыз . – Б. 8

Ахметбекұлы, А. Жан емес маған керегі... [Мәтін] / А. Ахметбекұлы // Айқын . - 2015.- 7 мамыр. - Б. 8

Ахметбекұлы, А. Көк тудың желбірегені халықтық әнге айналды [Мәтін] : әннің сөзін жазған Қытайдан елге оралған қандасымыз Алмас Ахметбекұлымен Тарбағатай өңірінде кездесу / А. Ахметбекұлы // Дидар. - 2016. - 16 желтоқсан.- Б.11

Ахметбекұлы, А Біз - азат әдебиетті жасаушылармыз [Мәтін] / А. Ахметбекұлы // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 2 - 8 желтоқсан. –Б. 8

Ахметбекұлы, А. Катонның қара нары [Мәтін] : Шаймардан Оразаев атындағы тұқым бағы жайында / А. Ахметбекұлы // Түркістан. - 2021. - 18 наурыз.- Б.7.

 

А. А. Сақыбаев туралы әдебиет

Литература о А. А. Сакыбаеве

 

Ерсұлтан, А. Жалғыз өлеңмен танылған [Мәтін] / Ерсұлтан Айша // Айқын . - 2017.- 8 сәуір. - Б. 24

Қасымқызы Г. Көк тудың желбірегені. [Мәтін] / Г. Қасымқызы // Достық. - 2011. - 7 желтоқсан.- б.1-3

Салықбаев Б.

Salykbayev BolatСалықбаев Б. - журналист (1947)

Болат Сағдаұлы Салықбаев Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл (қазіргі Күршім) ауданының Алексеевка (қазір Теректі) ауылында 1947 жылы 29 қарашада дүниеге келді. 1966 жылы Қалжыр орта мектебін  бітірген соң еңбек жолын «Қарой» кеңшарында бастаған. Алматы жоғарғы партия мектебін баспа, радио  және телеарна бөлімінің қызметкері факультетін  бітіріп, журналист мамандығын алды.

1967 жылдан журналистік жолы басталып, Марқакөл аудандық «Шамшырақ-Маяк» газетіне аудармашы болып орналасады.1971 жылдан аудандағы радио редакциясына жауапты редактор болып бекітіледі.

1978 жылы  облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде қызметке шақырылады. Он үш жыл бойы Үлкен Нарын, Катонқарағай, Зырян аудандарының меншікті тілшісі бола жүріп, осы аудандардың тыныс-тіршілігін, өнерпаз жандарын, ауыл шаруашылығында жеткен жетістіктерін облысқа таныстырды.

1991-1994 жылдар аралығында Үлкен Нарын аудандық «Еңбек туы- Знамя труда» басылымына басшылық етті.

1993-1997 жылдары Марқакөл ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінде бас маман, бөлім меңгерушісі болып қызметтер атқарды.

1997 жылы  Ұлан ауданы Молодежное (қазіргі Қасым Қайсенов) кентіне қоныс аударды. Өскемендегі аймақтық «Қалкен -ТВ» телеарнасында қызмет етіп, «Ауыл» бағдарламасының шығарушы- редакторы болды. Болат Сағдаұлы қазақ - орыс тілінде еркін жаза алатын санаулы журналистердің бірі. Облыста журналистердің алды болып, 1997 жылы Елордамыз –Астана туралы алғаш көлемді деректі фильм жасаған да осы Болат Салықбаев еді.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің журналистика бөлімінде өмірлік тәжірибесімен бөлісіп дәріс берді, ұстаздық етті.  2010-2011 жылдары  зейнеткерлікке шыққанға дейінхалықаралық «Қазақстан -ZAMAN» газетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша тілшісі болды.

1998, 2004 жылы облыс әкімінің сыйлығы берілді. 2002, 2005 жылдары Өскемен қаласы әкімі сыйлығының иегері. 

Б. Салықбаев  шығармалары

Произведения Салықбаева Б.

Салықбаев, Б. Тағдыр мен тағлым [Мәтін] / Б. Салықбаев. - Өскемен, Медиа-Альянс, 2017. - 287 б.

Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдар

Публикации в периодических изданиях и сборниках

1976-2005

Салықбаев, Б. Жұлдызың жана берсін [Мәтін] : очерк / Б. Салықбаев // Шамшырақ. - 1976. - 19 июнь.

Салықбаев, Б. Тіл мәдениеті [Мәтін] : [Марқакөл ауд. елді мекендердің аттары өзгертілуде] / Б. Салықбаев // Дидар. - 1995. - 10 шілде.

Салықбаев, Б. Гүлжан шыққан биіктер [Мәтін] : [өлкеміздегі қазақ қыздары арасынан шыққан тоғыз құмалақ ойынынан тұңғыш спорт шебері Г. Қилыбаева] / Б. Салықбаев // Дидар. - 1999. - 2 наурыз.

***

Салыкбаев, Б. Без расчета на славу [Текст] : [об участнике Великой Отеч.войны,орденоносце М. Рамазанове из Улан.р-на] / Б. Салыкбаев // Рудный Алтай. - 1999. - 7 авг.

Салыкбаев, Б. Нести людям свет добра и благочестия [Текст] : [Нашу область посетил с рабочим визитом Главный муфтий - председатель Духовного управления мусульман Казахстана Абсаттар кажи Дербисали] / Салыкбаев Б. // Голос Востока. - 2001. - 14 сентября. - С. 3.

2006-…

Салықбаев, Б. Мағжанды пір тұтқан [Мәтін] / Б. Салықбаев // Ақ Ертіс. - 2009. - N 1. - Б.48-53.

Салықбаев, Б.  2020 жылдары әлемде жүрек дертінен көз жұматындар саны 1-орынға шығады [Мәтін] / Б. Салықбаев // Қазақстан - ZAMAN. - 2009. - 13 тамыз. - Б. 8.

Салықбаев, Б. Облыстық XІV халықтық спорт ойындары [Мәтін] / Б. Салықбаев // Қазақстан - ZAMAN. - 2010. - 24 маусым. - Б. 11.

Салықбаев, Б. Аяусыз ханталапайға түскен орманымыз қазiр қандай күйде? [Мәтін] / Б. Салықбаев // Қазақстан - ZAMAN. - 2010. - 2 қыркүйек. - Б. 1, 4. - Шығыс Қазақстан облысындағы орман алқабының жағдайы.

Салықбаев, Б. Шығыс форумы кімнің қоржынын қампитады? [Мәтін] / Б. Салықбаев // Қазақстан - ZAMAN. - 2010. - 9 қыркүйек. - Б. 1-2.

Салықбаев, Б. Бұл да баянсыз бағдарлама болып жүрмегей // Қазақстан - ZAMAN. - 2010. - 30 қыркүйек. - Б. 7. - Мемлекеттiк тiл мәселесi туралы.

Салықбаев, Б. Семейліктер белсенділік танытты [Мәтін] / Б. Салықбаев // Қазақстан - ZAMAN. - 2011. - 3 наурыз. - Б. 5.

Салықбаев, Б. 300 жаңа кәсіпорын ашылды [Мәтін] / Б. Салықбаев // Қазақстан - ZAMAN. - 2011. - 31 наурыз. - Б. 5.

Салықбаев, Б. Су басқан Сограның жағдайы қиын [Мәтін] / Б. Салықбаев // Қазақстан - ZAMAN. - 2011. - 21 сәуір. - Б. 5.  

Салықбаев, Б. Тарбағатайлықтардың республика жұртшылығына үндеуі : Батысқазақстандық ағайындарды қасіретте қалдырмайық! [Мәтін] / Б. Салықбаев // Қазақстан - ZAMAN. - 2011. - 21 сәуір. - Б. 1.  

Салықбаев, Б. Бердібек Соқпақбаевтың бастамаларын ел қолдады [Мәтін] / Б. Салықбаев // Қазақстан - ZAMAN. - 2011. - 4 тамыз. - Б. 5.  

Салықбаев, Б. "Түрiктану дүниесiнiң үш аймағы бар, ол: Түркия, Орта Азия, Шығыс Түркiстан" [Мәтін] / Б. Салықбаев // Қазақстан - ZAMAN. - 2011. - 22 қыркүйек. - Б. 8.

Салықбаев, Б. "Дипломмен ауылға" бағдарламасы тек қағаз жүзiнде қалғандай [Мәтін] / Б. Салықбаев // Қазақстан - ZAMAN. - 2012. - 1 наурыз. - Б.5.

Салықбаев, Б. Рухыңды түсiрме, ағайын! [Мәтін] / Б. Салықбаев // Қазақстан - ZAMAN. - 2012. - 31 мамыр. - Б. 5. - Мемлекеттiк рәмiздертi қастерлеу туралы.

Салықбаев, Б. Мақсат - қоғамдағы бiрлiк пен берекенi сақтау [Мәтін] / Б. Салықбаев // Қазақстан - ZAMAN. - 2012. - 27 қыркұйек. - Б. 8. - "Қазақстанда конференциялық келiсiмдi нығайтудың негiзi аспектiлерi" атты дiн қызметкерлерiнiң конференциясы жайында.

Салықбаев, Б. Үкiметтiк топ Шығыс Қазақстанда болды [Мәтін] / Б. Салықбаев // Қазақстан - ZAMAN. - 2012. - 8 қараша. - Б. 7. - Жалпы болашақта Семей өңiрiн дамытуға республика тарапынан қаржы бөлiнбек.

Салықбаев, Б. Елбасының идеяларымен үндескен еңбек [Мәтін] : [А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада "Восточный Казахстан- сердце Евразии" атты кітаптың тұсаукесері өтті.] / Б. Салықбаев // Өскемен. - 2012. - 20 желтоқсан. - Б. 17.

Салықбаев, Б. Атқарылған да, атқаратын да істер көп [Мәтін] / Б. Салықбаев // Өскемен. - 2013. - 24 қаңтар. - Б. 2.

Салықбаев, Б. Тіл жанашырлары кімдер? [Мәтін] / Б. Салықбаев // Өскемен. - 2013. - 31 қаңтар. - Б.5.

Салықбаев, Б. Индустрияландыру бағытымен [Мәтін] : [облыс әкімінің есебі]  / Б. Салықбаев // Өскемен. - 2013. - 21 ақпан. - Б. 2.

Салықбаев, Б. Аңызға айналған Қасым еді [Мәтін] / Б. Салықбаев // Өскемен. - 2013. - 18 сәуір. - Б. 7.

Салықбаев,  Б. Батылдығы басым Бошекең [Мәтін] : [Б. Кітапбаевтің жайлы] / Б. Салықбаев  // Өскемен. - 2013. - 15 тамыз. - Б. 6.

Салықбаев, Б. Журналист, ақын, баспагер [Мәтін] : [журналист Қ. Назырбаев туралы.] / Б. Салықбаев  // Дидар. - 2017. - 29 маусым. - Б. 28.

Салықбаев, Б. Журналистикадағы жауапкершілікті ешқашан ұмытқан емеспін [Мәтін] / Б. Салықбаев; сұхбат: Д. Аллаберген  // Дидар. - 2017. - 23 қараша. - Б. 13.

Салықбаев, Б. Арбаған оны бiр сиқыр // Қазақ спорты. - 2017. - 31 қазан. -
Б. 4. - Журналист О. Елубай туралы үзiк сыр.

***

Салыкбаев, Б. Он был человеком-легендой [Текст] : к 95-летию со дня рождения Халық Қаhарманы, писателя-партизана Касыма Кайсенова / Б. Салыкбаев // Усть-Каменогорск. - 2013. - 18 апреля. - С. 8.

Сұхбаттар

Интервью

Воропай, В. "Қазақ жері - өз жерім" [Мәтін] : [Ұлан ауданы "Багратион" шаруа қожалығы туралы.] / В. Воропай; сұхбат. Б. Салықбаев // Менің өлкем. - 2012. - 29 наурыз. - Б. 9.

Омар , Ж. Бұл жаңа жетістіктерге  жол ашатын Жолдау [Мәтін] / Ж. Омар  ; әңгімелескен: Б. Салықбаев  // Өскемен. - 2012. - 27 желтоқсан. - Б. 4-5.

Б. Салықбаев туралы әдебиет

Литература о Б. Салыкбаеве

Мақалалар

Мусин, Д. Бірлігі берік, берекесі мол елміз [Мәтін] / Д. Мусин // Қазақстан - ZAMAN . - 2010.- 2 желтоқсан. - Б. 5.

Салықбаев,  Б. Журналистикадағы жауапкершілікті ешқашан ұмытқан емеспін [Мәтін] / Б. Салықбаев; сұхбат: Д. Аллаберген  // Дидар. - 2017. - 23 қараша. - Б.13.

Салықбай Г.

Салықбай ГүлнарСалықбай Гүлнар, ақын (1963)

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Жамбыл ауылында туған туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін 1986 жылы бітірген. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Арай-Заря» журналында, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында қызмет істеді. «Атамұра» баспасында редактор, «Алаш» баспасында бас редактор, «Қазақстан» телерадио корпорациясында «Жан» бірлестігінің жетекшісі, «Қазақстан» телеарнасында бас редактор болды. Қазір «Ел»продюсерлік орталығында сценарлық топтың жетекшісі.
«Бір жұтым ауа, қызыл күн», «Жан» атты жыр кітаптары жарық көрген. «Жан», «Аспандағы аңсарым» атты М.Цветаеваның өлеңдерін аударып, «М.Цветаева» деген атпен кітап болып шықты.
Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар одағы сыйлығының және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған мүшәйраның жүлдегері. Қазақстан Республикасы мәдениет қайраткері. 2014 жылы Мемлекеттік сыйлықтың иегері.

Шығармалары:


Салықбаева Г. Жан [Мәтін] : Өлеңдер / Салықбаева Г. - Алматы : Жалын, 1995. - 128 б.
Салықбаева, Гүлнар. Түс [Мәтін] / Г. Салыќбаева. - Астана : Астана полиграфия, 2010. - 238 б.
Салыќбаева , Гүлнар. Жан [Мәтін] : Өлеңдер / Г. Салықбаева . - Алматы : Жалын баспасы, 1995. - 128 б. с.
Салықбаева , Гүлнар. Бір жұтым ауа, қызыл күн [Мјтін] : Өлеңдер / Г. Салықбаева. - Алматы : Жалын баспасы, 1990. - 96 б.
Салықбай Г. Аспандағы аңсарым [Мәтін] : Өлеңдер / Салықбай Г. - Алматы : Жазушы, 2001. - 144 б.
Салықбай Г. Кешіріңдер келгенімді өмірге [Мәтін] / Г. Салықбай. - Алматы : Қазығұрт, 2012. - 192 бет

Салықбай Гүлнар туралы:


Әмірханова С.Б. Г.Салықбай шығармашылығына шолу [Мәтін] /Әмірханова С.Б. ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. филологическая . - 2005. - № 7. - С. 84-85 б.
Қабышұлы Ғ. Жерлестеріме сыр ашқым келеді [Мәтін] : [Жерлес қаламгер Г. Салықбаеваның шығармашылығы жайлы] / Ғ. Қабышұлы // Дидар. - 1992. - 1 желтоқсан
Келгембаева, Баќытжан. Гүлнар Салықбай поэзиясының бір қыры [Мәтін] / Б. Келгембаева // Қазақ тілі мен әдебиеті - 2013. - №6.- Б.108-114.

Салықбай Ә.

salykbaiСалықбай Әбділдабек (1962) – жазушы, аудармашы.

1962 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қызылбұлақ ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін үздік бітіріп, еңбек жолын Бақты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастайды.

1980-1990 жылдары республикалық газет-журналдарда балалар мен жасөспірімдерге арналған бір топ әңгімелері мен «Нартай» атты хикаяты, осы аттас тұңғыш жинағы жарық көрді.

1987-1990 жылдары «Ұлан» газетінде, Қазақ энциклопедиясында қызмет атқарды.

2001 жылы үлкендерге арналған «Білінбей өткен бір ғұмыр» (әңгімелер), 2010 жылы «Түн түнегіндегі екеу» (әңгімелер), 2019 жылы «Ілияс мінген Қарагер» (әңгімелер мен хикаяттар) кітаптары шықты. Әңгімелері «Нарық нақыштары», «Шабыт қайнары», «Жидебай», «Тәтті алма», «Кәусар бұлақ» сынды әдеби жинақтарда, республикалық басылымдарда, Қырғызстан мен Түркияда жарияланған. Сондай-ақ, ол бірнеше танымдық кітаптарды және орыс пен батыс классиктерінің көркем әңгімелерін орысшадан, қырғыз жазушыларының шығармаларын түпнұсқадан аударған. Осы еңбектерінің арқасында ол ҚР Білім беру ісінің үздігі төсбелгісінің, Ы.Алтынсарин, Б.Момышұлы, С.Нұрмағанбетов атындағы медальдардың иегері атанды.

Жазушы Ә.Салықбай 2016 жылы «Қарагер» әңгімесі үшін «Дарабоз» халықаралық бәйгесінің Бас жүлдесін (Гран-При) жеңіп алды. Қазір «Қазақ тарихы» журналының бас редакторы қызметін атқарады. 

Ә. Салықбайдың мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары

Публикации А. Салыкбай в периодических изданиях

Салықбай, Ә. Мақаншы, қарыздармын мәңгі саған! [Мәтін] : әңгімелер. Зерттеулер. Мақалалар / Ә. Салықбай. - Алматы : Қазақ тарихы, 2018. - 152 б.

Салықбай Ә. Ілияс мінген қарагер [Мәтін] : әңгіме / Салықбай Әбділдабек // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл . - 2016. - № 6. - С. 9-13 б.

Салықбай Ә. Профессор Қ. Шаяхметұлының туғанына - 75 жыл [Мәтін] / Салықбай Әбділдабек // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл . - 2016. - № 3. - С. 2 б.

Салықбай Ә. Ыбырай Алтынсарин және қазақ қыздарын оқыту мәселесі [Мәтін] / Салықбай Әбділдабек // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл . - 2016. - № 4. - С. 6-7 б.

Салықбай, Ә. Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті [Мәтін] / Салықбай Әбділдабек // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл . - 2015. - № 10. - С. 5 б.

Салықбай, Ә. Қазақ хандығы-тұңғыш ұлттық мемлекетіміз, ал жалпы мемлекеттігіміз Сақ, Үйсін, Қаңлылардан басталады [Мәтін] / Ә. Салықбай // Қазақ тарихы. - 2015. - №2.- Б.2-7

Салықбай Ә. Төл тарихымызды түгендеуші - Тәуелсіздік [Мәтін] / Салықбай Ә. // Егемен Қазақстан . - 2014.- 20 қыркүйек (№ 184). - 6

Салықбай Ә. Мылтықсыз майданның сайыпқыран сардары [Мәтін] / Ә. Салықбай // Қазақ тарихы. - 2014. - №6.- Б. 18-23.

Салықбай, Ә. Отан тарихының жаңаша баяны жасалмақ [Мәтін] / Әбділдабек Салықбай // Қазақ тарихы. - 2012. - №1.- Б.2-5

Салықбай, Ә. Уақыт талабынан туындаған қажеттілік [Мәтін] : сұхбат / Ә. Салықбай // Қазақ тарихы. - 2012. - №3.- Б.7-9

Салықбай, Ә. Сақ шырақ (Мектеп сахнасына арналған қойылым) [Мәтін] / Ә. Салықбай // Қазақ тарихы. - 2012. - №5.- Б.52-55

Салықбай, Ә. Мұқаншы тарихы хақында [Мәтін] / Салықбай Ә. // Қазақ тарихы. - 2006. - №3.- Б.37

Салықбай, Ә. Тәтті түс [Мәтін] : Хикаят / Салықбай Ә. // Жалын . - 1998. - № 9-10. - С. 10.- 106-130 б.

Салықбай, Ә. Нартай [Электрондық ресурс] : [Хикаят, ертегі-әңгіме.] / Ә. Салықбай . - Алматы : Әл-Фараби, 1998. - 52 б.

Ә. Салықбай туралы әдебиет

Литература о А. Салыкбай

Қами, Н. Қарасөзге қосылған қомақты үлес [Мәтін] / Н. Қами // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл . - 2010. - № 7/8. – Б.5-6. - Жазушы Ә.Салықбайдың "Түн түнегіндегі екеу" атты жарық көрген жинағы жайында.

Меңдеке, Ә. Қазір жазушы болу қиын. [Мәтін] : ["Қазақ әдебиеті" газетінің соңғы айларында жарияланған әңгімелерге шролу] / Ә. Меңдеке // Қазақ әдебиеті. - 2000. - 7 сәуір.

Ақбаш, Ә. Ағаштың түсі [Мәтін] : хикая /Ә. Ақбаш // Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл . - 2015. - № 10. – Б. 8-9.

Саяқбаева, Г. Балалар әдебиетінің "Дарабоздары" [Мәтін] / Саяқбаева Гүлжайна // Түркістан . - 2016.- 16 маусым (№ 24). – Б. 12. - ҚР Ұлттық кітапханасында өткен Халықаралық балалар жазушыларының "Дарабоз - 2016" бәйгесі туралы.

Сапаев Ғ.

Сапаев Ғазиз

Сапаев Ғазиз (1926-2010 жж.) – жазушы,  журналист, драматург, КСРО Журналистер одағының мүшесі, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақмектеп ауылында дүниеге келген. Мұғалімдер техникумын, Семей екі жылдық мұғалімдер институтын, Крупская атындағы педагогикалық институтты аяқтап, ШҚО-ның Зайсан және Аягөз аудандары мектебінде жұмыс істейді. Елуінші жылдардың соңынан «Семей таңы» газеті редакциясында тілші, Семей облыстық мәдениет бөлімінде әдеби қызметкер, кейін бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады.

Алғашқы повесі - «Жыл жемісі» (1963) қазақ мектептерінде 10-сыныпқа арналған әдебиет оқулығының «Дамудың жаңа кезеңіндегі қазақ әдбиеті мен сын» бөлімінде оқуға ұсынылған (Алматы, Мектеп, 1970).

"Менің көгершінім" (1969 ж.), "Гүлдана" (1977 ж.), "Туған жерден алыста" (1982) тәрізді повестер мен әңгімелер жинақтарының авторы. "Туған жерден алыста" повесінің жалғасы – "Сағыныш" романында Ғазиз Сапаев өзінің Шыңжанда өткен 1933-1943 жылдар аралығындағы өмірін баяндайды. Ғазиз Сапаев - жазушы, педагог әрі ғалым Қайым Мұхамедханов туралы, профессор, зооветинституттың алғашқы ректоры Байдулла Садықов туралы, математик Қ. Нұрсұлтанов т. б. қала мен облыстың көрнекті адамдары жайлы мақала мен очерктердің авторы.

Жергілікті ақындар Мерғали Ыбраев, Сәду Машақов өлеңдерін орыс тіліне аударған. Ғ. Сапаев прозамен бірге драматургия саласында да еңбек етеді: Семейде Абай атындағы қазақ музыка-драмалық театрында қаламгердің "Тойым-тойы", "Қиын екен қыз дегенің" пьесалары желісінде бірнеше қойылым көрерменге ұсынылды.

Қазақстанның Жоғары Кеңесі грамотасымен және медальдармен марапатталған.

Ғ. Сапаев шығармалары - Произведения Сапаева Г.

 Кітаптар - Книги

Сапаев, Ғ. Жыл жемісі: повесть / Ғ. Сапаев. - Алматы: Қаз. мемл. көркем әдебиет баспасы, 1963. - 166 б.

Сапаев, Ғ. Менің көгершінім: повесть / Ғ. Сапаев. - Алматы: Жазушы, 1969. - 68 б.

Сапаев, Ғ. Гүлдана: повестер мен әңгімелер / Ғ. Сапаев. - Алматы: Жалын, 1977. - 171 б.

Сапаев, Ғ. Туған жерден алыста: повесть / Ғ. Сапаев. - Алматы: Жазушы, 1983. - 208 б.

Сапаев, Ғ. Жол үстінде: повестер / Ғ. Сапаев. - Алматы: Жазушы, 1989. - 216 б.

Сапаев, Ғ. Сағыныш: роман / Ғ. Сапаев. - Астана: Фолиант, 2003. - 344 б.

Сапаев, Ғ. Бел-белестер: өлеңдер, әңгімелер, хикаяттар, естеліктер / Ғ. Сапаев. - Астана: Фолиант, 2011. - 480 б.

Ғ. Сапаевтың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары

Публикации Г. Сапаева в периодических изданиях и сборниках

 Прозасы - Проза

Сапаев, Ғ. Сүйiскен жүректер: әңгiме / Ғ. Сапаев // Қазақ әдебиетi. - 1958. - 29 сентябрь.

Сапаев, Ғ. Танысу: әңгiме / Ғ. Сапаев // Лениншiл жас.- 1959. - 1 август.

Сапаев, Ғ. Ана суретi алдында: әңгiме / Ғ. Сапаев // Социалистік Қазақстан. - 1968. - 9 май.

Сапаев, Ғ. Сағым: «Сағыныш» романынан үзінді / Ғ. Сапаев // Абай : республикалық тәуелсіз фольклорлық-этнографиялық әдеби-көркем журнал. №1(37). - Алматы: Дәуір, 1998. - 96 б. - Б. 81-94.

Сапаев, Ғ. Қыз бен қызыл диплом: әңгiме / Ғ. Сапаев // Жұлдыз.- 2005. - № 12. - Б. 7-17.

Сапаев, Ғ. Қилы кезеңдер: очерк / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 2008. - № 34-35, 21, 28 тамыз. - Б. 12.

Мақалалар - Статьи 

Сапаев, Ғ. Әуезов мерекесi-әдебиет мерекесi / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1977. - 27 сентябрь.

Сапаев, Ғ. Құштарлық: [Режиссер, Қазақ ССР-iнiң еңбек сiңiрген өнер қайраткерi Е. Обаевтың өнердегi жолы туралы] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1978. - 26 декабрь.

Сапаев, Ғ. "Қысылғаннан қыз болдық": [Семей облыстық Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрының комедиялық қойылымы. Авт. С. Жүнiсов, реж. Қ. Рахметов] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1981. - 14 март.

Сапаев, Ғ. "Ертеңдi күту": [Семей облыстық Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрының қойылымы. Авт. Д. Исабеков, реж.: Е.Обаев, Қ.Тiлеубердинов] / Ғ. Сапаев // Семей таңы.- 1982.- 30 январь.

Сапаев, Ғ. Семей сахнасында тұңғыш оперетта: [Семей облыстық Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрының "Түлкi бикеш" қойылымы. Авт. Эрве, реж. Е. Обаев] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1982. - 31 декабрь.

Сапаев, Ғ. "Соңғы көш": [Қазақ ССР Мемлекеттiк сыйлығына ұсынылған Қ. Жұмадiловтiң "Соңғы көш" романы туралы] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1982. - 23 сентябрь.

Сапаев, Ғ. "Масханадағы маскарад": [Семей облыстық Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрының комедиялық қойылымы. Авт. С. Жүнiсов, реж. Т. Өмiрзақов] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1983. - 6 март.

Сапаев, Ғ. "Ұл мен қыз": [Семей облыстық Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрының қойылымы. Авт. К. Мәжhүр-Жүсiпов, реж. Е. Обаев] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1984. - 13 апрель.

Сапаев, Ғ. "Қайран Майра": [Семей облыстық Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрының "Қайран Майра" қойылымы. Авт. Ғ. Мүсiрепов; реж. Е. Обаев ] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1986. - 27 март.

Сапаев, Ғ. "Қашқар қызы": [Семей облыстық Абай атындағы музыкалы-драма театрының қойылымы. Авт. С. Мұқанов, реж. Е. Обаев] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1986. - 11 декабрь.

Сапаев, Ғ. Беймаза әйел: [Семей облыстық Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрының қойылымы. Авт. А. Жағанова, реж. Е. Обаев] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1987. - 9 апрель.

Сапаев, Ғ. Ана тілі - бүгінің, ертеңің де: ана тілімізді дамыту мәселелері жайлы / Ғ. Сапаев // Дидар. - 1997. - 25 қазан.

Сапаев, Ғ. Кемеңгердiң сөзi - алтын: [М. Әуезовтiң 100 жасқа толуына орай] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1997. - 15 ақпан.

Сапаев, Ғ. Қаламы қарымды қаламгер: [Журналист, ақын жерлесіміз Ж. Алмабаевтың шығармашылығы жайында] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1998. - № 44, 9 желтоқсан. - Б. 9.

Сапаев, Ғ. Сәтбаев планетасы: [Белгілі жазушы М. Сәрсекенің "Қазақтың Қанышы" атты роман-эссесіне пікір] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 1999. - № 5, 11 тамыз. - Б. 9.

Сапаев, Ғ. Толқыған ойдан - толымды туынды: [Ырысқан Мұсаұлының "Ағасұлтан"романына пікір] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 2000. - 6 қазан. - Б. 4.

Сапаев, Ғ. Ақын болуды аңсадым: [Жазушы Ғазиз Сапаев соңғы кезде өзінің шығармашылық жолын ой елегінен өткізіп, "Мен қалай жазушы болдым?" деген тақырыпта шағын көлемді естелік жазып бітірді. Сол естеліктің өлеңге байланысты бір тарауы ұсынылып отыр] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 2001. - № 35. - Б. 4; № 36. - Б. 11.

Сапаев, Ғ. Бір кездесу: [Ғабиден Мұстафиннің туғанына 100 жыл толуына орай ] / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 2002. - № 35. - Б. 9-10.

Сапаев, Ғ. Асыл кездiк қын түбiнде жатпайды: [Ырысхан Мұсаұлы туралы] / Ғ. Сапаев // Қазақ әдебиетi. - 2003. - № 45, 14 қараша. - Б. 14.

Сапаев, Ғ. Журналистiк жолда: "Семей таңы" газетiнiң 85 жылдығына байланысты естелiк / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 2004. - № 50, 3 желтоқсан. - Б. 11, 15.

Сапаев, Ғ. Шығармашылық жолда немесе мен қалай жазушы болдым: естелiк / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 2006. - № 15, 13 сәуiр. - Б. 4.; № 16, 20 сәуiр. - Б. 3.; № 17, 27 сәуiр. - Б. 14.

Сапаев, Ғ. Педагог және артист: Семейдiң педагогикалық. институтының ұстазы, М. Әуезов ұйымдастырған "Ес - Аймақ" тұңғыш ағарту қоғамының белдi мүшесi Ғалиакбар Төребаев туралы / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 2007. - № 37, 13 қыркүйек. - Б. 9.

Сапаев, Ғ. Бiздiң Бораш: "Семей таңы" газетiнiң 90 жылдығына орай редактор, ардагер журналист Боранбай Мауқаевты еске алу / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 2009. - № 27, 9 шiлде. - Б. 9.

Сапаев, Ғ. Өмiр айнасы / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 2009. - № 48-49, 3 желтоқсан. - Б. 13.

Сапаев, Ғ. Астана - елiмiздiң мақтанышы: ардагер журналистiң мақаласы / Ғ. Сапаев // Семей таңы. - 2011. - № 44, 5 шiлде. - Б. 1.

Ғ. Сапаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и творчестве Сапаева Г.

Кітаптар - Книги

Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр: анықтамалық. - Алматы: Ана тілі, 2004. - 392 б. - Сапаев Ғазиз: б. 264.

Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: Аруна, 2005. - 576 б. - Сапаев Ғазиз: Б. 454.

Семей өңірінің ақын-жазушылары: био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей: Талант, 2005. - 96 б. - Сапаев Ғазиз: Б. 81.

Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст. Қамшыгер, Саят; Жұмашева, Қайырниса. - Алматы: Ан Арыс, 2009. - Сапаев Ғазиз: Б. 339.

Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1: Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана: Фолиант, 2011. - 304 б. - Сапаев Ғазиз: Б. 145.

Шығыс Қазақстан Облысы: энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. - Сапаев Ғазиз: Б. 656-657.

***

Гайнуллина, Ф.А. Литература Семипалатинского Прииртышья: Учебное пособие : о Медеу Сарсекееве / Гайнуллина Ф.А. - Семипалатинск, 2002. - 132 с. - Сапаев Газиз: с. 89-90.

Писатели Семипалатинского региона: биобиблиографический указатель / Семипалатинская универсальная научная библиотека им. Абая. - Семипалатинск: Талант, 2006. - 82 с. - Сапаев Газиз: с. 62.

Литература Казахстана: энциклопедический справочник / Министерство связи и информации Республики Казахстан ; Комитет информации и архивов. - Алматы: Аруна; Қазығұрт, 2010. - 528 с. - Сапаев Газиз: с. 424.

 

 Мақалалар - Статьи

Жұмаділ, Қ. Қос қарлығаш: [Жазушы Ғазиз Сапаев 70 жаста] / Қ. Жұмаділ// Қазақ әдебиеті. - 1996. - №29, қазан.- Б.15.

Ахметбекова, А. Алдыңда ағаң болған қандай жақсы: ["Семей таңы" газетінің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында қаламы жүйрік Ғ.Сапаев, Н.Оспанов,Ә.Маусымбеков сынды қаламгерлер туралы] / А. Ахметбекова // Семей таңы. - 1999. - 11 тамыз.- Б.3.

Төлепберген, М. "Шекара бұзушы" / М. Төлепберген// Егемен Қазақстан. - 2006. - 22 наурыз.- Б.11.

Калелов, Ғ. Екеуіне бір тілек: [Жазушы Ғ. Сапаевтың "Менің көгершінім" повесіне сын] / Ғ. Калелов // Коммунизм туы . - 1970. - 15 январь.

Құттықтаймыз: [Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы секретариатының жазушы Ғ. Сапаевты 60 жасқа толуына байланысты құттықтауы] // Қазақ әдебиеті. - 1986. - 10 октябрь.- Б.13.

Мағауина, З. Семейді кезінде қалай жырлаған? / З. Мағауина // Ертіс өңірі. - 2008. - 5 қараша. - Б. 8.

Хасенова, Ғ. Біздің Ғазиз ағамыз / Ғ. Хасенова // Семей таңы. - 2017. - 22 қыркүйек. - Б. 2