Құмарұлы Кәп (1933-2009) – ақын, педагог.
1933 жылы 8 наурызда ҚХР-дың Алтай аймағының Көктоғай деген жерінде дүниеге келген. 1955 жылы Монғолияда мүғалімдер даярлайтын мектепті бітірген. 1955-2005 жылдар аралығында ұстаздық қызметпен айналысты. Моңғолияның Білім министрлігі «Халыққа білім беру ісінің үздік қызметкері» деген атақ берген.
1992 жылы Баян-Өлгий аймағының «Маңдай алды озат ұстазы» атағына ие болған. Аймақтық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері.
1992-2005 жылдары аралығында Атамекеніне қоныс аударған ұстаз Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданының (енді Семей қаласының аумағына жатады) Қайнар орта мектебінде, Үржар ауданының Көкөзек орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс беріп, мыңдаған шәкірт тәрбиеледі. Осы жылдары «Халықтық педагогика – ұлттық қазына» атты оқу құралын жазып, ол облыстық Білім департаментінің мақұлдауымен Үржар ауданының 19 мектебі оқытушыларына көмекші құрал ретінде ұсынылған. Қарт ұстаздың Қазақстан білім беру ісіне сіңірген еңбегін жоғары бағалап, Облыстық білім департаментінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Кәп Құмарұлының «Қызыл Ту», «Қос қанат», «Қос ішек», «Кәрібоз», «Таудай болғым келеді», «Арпа кер» жыр жинақтары әр жылдары жарық көрген.
Баян-Өлгий аймақтық және Қазақстан Республикасының жыр мүшәйраларының жүлдегері.
1993 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
2009 жылы қайтыс болды.
К. Құмарұлының шығармалары
Произведения Қумарулы К.
Кітаптар -Книги
Құмарұлы, К. Қос iшек [Мәтін] : өлеңдер мен дастандар / К. Құмарұлы. – Алматы : Жалын, 1996. - 144 б.
Құмарұлы, К. Кәрібоз [Мәтін] : өлеңдер мен дастандар / К. Құмарұлы; ред. Б. Беделханұлы - Астана : Елорда, 2001. - 255 б.
Құмарұлы, К. Кәрібоз [Электрондық ресурс] : [өлеңдер мен дастандар] / К. Құмарұлы. - [Б. м.] : Елорда, 2001. - 255 б. с.
Құмарұлы, К. Арпагер [Мәтін] : өлеңдер мен дастандар / К. Құмарұлы. - Астана : Рух, 2008. - 120 б.
Мақалалар – Статьи
Құмарұлы, К. Мен-қазақпын; Ұлы көш [Мәтін] : өлеңдер / К. Құмарұлы // Қазақ әдебиетi. - 1994. – шiлде . – Б. 12.
Құмарұлы, К. Құсайын бақсы [Мәтін] : [Монғолияда өмiр сүрген қазақ бақсы туралы] / К. Құмарұлы // Шалқар. - 1995. -7 ақпан. – Б. 5.
Құмарұлы, К. Жер бетi түлеп...; Асқартау; Бұйырсын; Саласын көздi шалғайдан; Сарын; Аттың сыны [Мәтін] : өлеңдер / К. Құмарұлы // Жұлдыз. - 2010. - № 11. – Б. 51-52.
Құмарұлы, К. Бөкi бурыл [Мәтін] : қос салалы әңгiме / К. Құмарұлы // Қасым.- 2015.- № 2.- 169-182 б.
К. Құмарұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Кумарулы К.
Кітаптар –Книги
Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр [Мәтін] : анықтамалық. - Алматы: Ана тілі баспасы, ЖШС. 2004. - Құмарұлы К: б.193.
Қазақ әдебиеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы : Аруна ltd. ЖШС, 2005. - Құмарұлы К: б. 341.
Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1. - Астана: Фолиант, 2011. - Құмарұлы К: б. 110.
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Құмарұлы Кәп: б. 484.
Мақалалар - Статьи
Алтай, Б. Кешігіп ұшқан қоңыр қаз [Мәтін] / Б. Алтай // Егемен Қазақстан. - 2010. - 9 қараша. - Б. 5.
Құнанбаев Ақылбай Абайұлы (1861 -1904) – ақын, қоғам қайраткері, Абай Құнанбаевтың үлкен ұлы.
1861 жылы Шыңғыстау бөктерінде (қазір Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы) дүниеге келген. Атасы Құнанбай мен кіші анасы Нұрғанымның тәрбиесінде болады. Мұсылман медресесінде оқып, білім алған. Ақындық бағытта қалыптасуына Абай әсер етті. Халық арасында Әлмағамбет әншінің өтінішімен жазған әндері кеңінен таралған. Орыс және еуропа әдебиетін өздігінен оқып-үйренді. «Зұлыс», «Жаррах», «Дағыстан» поэмаларының авторы. Ақылбайдың «Зұлыс» поэмасына ағылшын жазушысы Генри Хаггарттың «Копи царя Соломона» романының сюжеті негіз болған. Поэманың толық нұсқасы сақталмаған. Бізге жеткен «Дағыстан» поэмасында Кавказдағы оқиғалар арқылы әділетсіздік пен зұлымдықты әшкерелейді. Семейлік ақын Мұрат Сұлтанбеков «Дағыстан» поэмасын орыс тіліне аударған. Ақылбай лирикасынан тек бірнеше өлеңі ғана сақталған екен. Замандастарының естеліктеріне жүгінсек, Ақылбай әкесі Абай және Мағауиямен бірге «Халыққа білім беру қоғамына» мүше болған, болыстық басқаруға тағайындалған.
Ақылбай Құнанбаев 1904 ж. 1 тамызда жастайынан, әкесінен кейін 40 күннен соң Семей қаласында қайтыс болды.
А. А. Құнанбаев шығармалары
Произведения Кунанбаева А. А.
Кітаптар – Книги
Құнанбаев, А. Дағыстан [Мәтін] : поэма / А. Құнанбаев // Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы Т. 3 : Абайдың ақын шәкірттері, 2005. - Б. 58-73.
Құнанбаев, А. Зұлыс [Мәтін] : поэма / А. Құнанбаев // Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы Т. 3 : Абайдың ақын шәкірттері, 2005. - Б. 74-80.
А. А. Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве А. А. Кунанбаева
Абай [Мәтін]: энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 1995. -Ақылбай Абайұлы: Б. 68-69.
Шәкәрім [Мәтін] : энциклопедия / бас ред. Е. Сыдықов ; жауапты ред. Т. Шаңбай. - Семей, 2008.- [Ақылбай Құнанбаев туралы]
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». - 2014. - Ақылбай Абайұлы Құнанбаев: б. 155.
1960-2000
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының жинағы [Мәтін]. - Алматы : Қазақ ССР Ғылым Академ. баспасы, 1962.
Үш ғасыр жырлайды [Мәтін] : революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары / Қазақ ССР Ғылым Академиясы, М. Ә. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. - Алматы : Жазушы, 1965. - 666 б.
Бес ғасыр жырлайды [Мәтін] : XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары / Қазақ ССР ғылым академиясы М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты : үш томдық. - Алматы : Жазушы, 1989. - 496 б.
Ай заман-ай, заман-ай... [Мәтін] : ХVғасырдан ХХғ.бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары (Бес ғасыр жырлайды). 2 томдық. - Алматы : Қазақ ССР Баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитеті Бас редакциясы, 1991. - 876 б.
Жеті ғасыр жырлайды [Мәтін] : XIX ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Т. 2 / құраст. Е. Дүйсенбайұлы . - Алматы : Жазушы, 2004. - 528 б.
Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы Т. 3 : Абайдың ақын шәкірттері, 2005. - Ақылбай Абайұлы Құнанбаев: б. 14-57.
Шаңбай, Т. Ұғым мәдениеті [Мәтін] : (Шәкәрім шығармашылығы аясында) / Т. Шаңбай . - Алматы : Раритет, 2009. - 352 б
Исрайылқызы, Г. Ризамын асылдың сынығы боп өткеніме [электрондық ресурс] : [Абайдың шөбересі Г. Исрайылқызының бұл кітабында Ақылбай, ағасы Әубәкір, әкесі Исрайыл туралы құнды деректер бар. ] / Г. Исрайылқызы . - Семей : Талант, 2010. - 198 б. с.
***
Жиренчин, А. Абай и его русские друзья [Текст] / А.Жиренчин. - Алма-Ата: Наука КССР, 1949. - С.119-120.
Мухамедханов К.М. Акылбай Кунанбаев / В кн. Казахская ССР в 4-т Т4.- Алма-Ата, 1991- С. 114.
Аяганов, Б. Дети Абая [Текст] / Б.Аяганов // Казахстанская правда. -1994. - 11 июня. - С.2.
Гайнуллина , Ф.А. Литература Семипалатинского Прииртышья [Текст] : учебное пособие / Ф.А. Гайнуллина. - Семипалатинск, 2002. - Акылбай Кунанбаев: с. 18-20.
Баймагамбетова, Л. Талантливые дети великого отца [Текст] / Л.Баймагамбетова // Семипалатинские вести. - 2004. - 25 июня. - С.4.
Писатели Семипалатинского региона [Текст] : био-библиографический указатель / Семипалатинская универсальная научная библиотека им. Абая. - Семипалатинск : Талант, 2006. - Акылбай Кунанбаев: с. 46-47.
Мухамбетова, Г. С. Романтические тенденции в казахской поэзии первой четверти ХХ века [Текст] : автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата филологических наук / Г. С. Мухамбетова . - Алматы, 2006. - 30 с.
Корабай, С. Потомки - последователи Абая [Текст] / С. Корабай // Казахстанская правда. - 2014. - 15 августа (№ 158). - С. 20.
Важнейшие жизненные ориентиры мыслителя [Текст] // Вести Семей. - 2015. - 2 июня. - С. 4.
Ибраева, У. Поэтическое окружение Абая [Текст] / У. Ибраева // Вести Семей. - 2016. - 9 февраля. - С. 4.
Құнанбаев Кәкітай (Ғабдулхакім) Ысқақұлы (1868-1915) - Абай мұраларын тұңғыш бастырушы.
1868 ж. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Кәкітай (Ғабдулхакім) Құнанбаев Абайдың інісі Ысқақтың баласы. Сегіз жасынан бастап ауыл молдасынан төрт жылдай сауатын ашып, түрікше, арабша хат таныған. Кәкітайдың ерекше зеректігін байқаған Абай 1882 жылы оны өзіне бала етіп алып, Мағауиямен бірге тәрбиелеген. Семейге ертіп барып, орыс тілін үйреткен. Бір-екі жыл ішінде Кәкітай орыс тілін жетік біліп қана қоймай, орыс әдебиетінің классиктерінің шығармаларын Европа елдері мәдениет қайраткерлерінің еңбектерін оқып, өз заманының білімді азаматы болды. Абайдың ақыл-кеңесімен Тұрағұл екеуі қарасөз, аударма, көңіл-күй тақырыбындағы қысқа өлеңдер жазумен айналысқан.
«Абай» ағамның қатарында жүрген 24 жыл ішінде оның үйретпеген білімі болмады, бірақ бәрін түгел ұғып ала алмадым. Сондықтан мен Абай ағама зор қарыздармын, ендігі мақсатым- шамам келгенше оның асыл қазынасын кейінгі жастарға жеткізіп беру»- деп өзіне-өзі уәде берген.
Жидебайда бала оқытып жүрген молда Мүрсейіт Бікеұлына өз ақшасын беріп, бұрыннан жинап жүрген Абай шығармаларын көшіртіп жазғызған.
«Мен Абайдың қарызын ұмытпай, шамам келгенше қызмет етуді өз борышым деп біліп, арттағы жастарға қалдырған өсиетін, қазақ халқына істелген еңбегін баспаға бастырып, көпке таратуды міндетіме аламын» - деп Абай баласы Тұрағұлмен бірге ұлы ақынның мұрасын ыждаһатты түрде жинастырып, баспаға әзірлеп, осы істердің ұйтқысы болып, басшылық еткен.
Абай қайтыс болған соң, қазақтың аса көрнекті қайраткері Әлихан Бөкейханов ақынның өмірбаянын орыс тілінде тұңғыш рет жазып, 1905 жылы Семейдегі «Семипалатинский листок» газетіне жариялаған. Онда ақын өміріне байланысты барлық деректерді Кәкітай бергенін ерекше атап көрсеткен.
1905 жылы Әлиханның кеңесімен Абай шығармаларын баспаға әзірлеуге кіріскен. Кәкітай сол жылы жазда Семейге, одан әрі Омбыға барып бастырта алмаған соң Қазан қаласына барған. Осы қалада С.- Петербург баспаханасының өкілімен келісім-шарт жасасып, болашақ кітаптың корректорлығын өз мойнына алып, ақысын алдын-ала төлеген.
Илияс Бораганский баспасы әр баспа табақты пошта арқылы Шыңғыстаудағы Кәкітайға жіберіп отырған, ол қателерін түзеп, қайта баспаға жіберген. Қолдан көшірілген жинақты бастыруға екі жылдай уақыт кеткен.
1909 жылы Абайдың тұңғыш жинағы – «Қазақ ақыны Ибрагим Құнанбайұғылының өлеңі» бастырған Кәкітай, Тұрағұл Құнанбайұғландары» деген тақырыппен, С.-Петербургте жарық көріп, барлық данасы Семейге Кәкітайға жіберілен. Сол жерден бүкіл қазақ даласына тараған. Абай мұрасын тұңғыш рет кітап қылып бастыруда Кәкітай мен Тұрағұлдың еңбегі ерекше.
Кәкітайдың осы жинақта жариялаған «Абай (Ибраһим) Құнанбайұғлының өмірі» атты өмірбаяндық мақаласын М. О. Әуезов жоғары бағалаған. Ұлы ақынның өмірбаянын жазу кезінде Кәкітай мақаласының көп көмегі тигенін тебірене еске алған.
Абайдың тұңғыш жинағын дайындаған кезде Кәкітай мен Тұрағұл ақын өлеңдерінің мазмұны мен тақырыбына қарай өздерінше жүйелеп 17 бөлікке жеткізген.
Жинаққа ақынның 145 өлеңі, «Әңгіме Масғұт», «Ескендір әңгімесі» дастандары енген. Кітап соңында Абайдың өмірбаяны мен фотосуреті берілген. Кәкітай жазған Абай өмірбаянының көлемі шағын болғанмен, ақын өмірінің көп қырын қамтыған.
Кәкітай Ысқақұлы 1915 жылы қайтыс болды.
Кәкітай бастырған Абай жинағы 1922 жылы Қазанда және Ташкентте өзгеріссіз қайта басылып шыққан.
М. О. Әуезов: «Қазақтың мәдениет тарихында, Абай мұрасына ерекше еңбек сіңірген, Абай өзі тәрбиелеп баулыған жас, жұртшылықтың көрнекті өкілі болған Кәкітай Ысқақұлының еңбегін айрықша айту керек» - деп Кәкітай еңбегіне лайықты баға берген.
К. Ы. Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Кунанбаева К. И.
Кітаптар – Книги
Мырзахметов, М. Абай жүрген ізбенен [Мәтін] / М. Мырзахметов. - Алматы : Қазақстан, 1985. - 172 б.
Абайдың ақын шәкірттері [Мәтін] - Алматы : Дәуір. 1-ші кітап / алғы сөзін жазып, баспаға әзірлеген Қ. Мұхамедханұлы ; Республикалық Абай қоры. - Алматы : Дәуір, 1993. - 224 б.
Мұхамедханов, Қ. Абай мұрагерлері [Мәтін] / Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Атамұра, 1995. - 208 б.
Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. - 96 б.
Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін] / Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Алаш, 2005.
Т. 3 : Абайдың ақын шәкірттері. - 328 б. - Құнанбаев К..: б. 221-247.
Шәкәрім [Мәтін] : энциклопедия / бас ред. Е. Сыдықов ; жауапты ред. Т. Шаңбай. - Семей, 2008. - 864 б. - Әдебиеттер тізімі: б. 863.
Бұл өлең шыққан екен бірталайдан... [Мәтін] : [ "Біржан-Сара айтысына" қатысты зерттеу мақалалар мен ғылыми ой-тұжырымдар] - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "Берел" баспасы, 2014. - 506 б.
Мақалалар-Статьи
Бөкейханов, Ә. Кәкiтай [Мәтін]: [Кәкiтай Ысқақұлының қайтыс болғанын естiгеннен кейiн жазған естелiк, көңiл айтуы] / Ә. Бкейханов // Қазақ. - 1915. - 18 февр.
Жиреншин, Ә. Абай шығармаларын тұңғыш бастырушы [Мәтін]: [Кәкiтай Ысқақұлы Құнанбаевтың қайтыс болғанына 50 жыл] / Ә. Жиреншин// Қазақ әдебиетi. - 1965. - 19 февр.
Әрхамқызы, М. Кәкiтай [Мәтін]: [Абайдың немере iнiсi К. Құнанбаев туралы] / М. Әрхамқызы // Абай. - 1995. - № 1-2. - Б. 166-169.
Медеуханұлы, Ә. Асыл жандарды ұмытпайық [Мәтін] : [Кәкiтай Ысқақұлының туғанына 140 жыл ] // Семей таңы. - 2008. - 18 желтоқсан .- Б.3.
Ысқақов, Ә. Ақынның мұрасы [Мәтін]: [Колчак әскерлерi Кәкiтайдың кiлетiндегi 3 абдыра жиған кiтабын, жазған еңбектерiн және Абайдың көп материалдарын өртеп жiбердi] / Ә. Ысқақов // Абай. - 2009. - № 3. - Б. 71-72.
***
Гайнуллина, Ф. А. Литература Семипалатинского Прииртышья [Текст] : учебное пособие / Ф.А. Гайнуллина. - Семипалатинск, 2002. - 132 с.
Құнанбаев Есенсары (1890-1961) – ақын.
1890 жылы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы) Аягөз ауданына қарасты Таңсық өңірінде дүниеге келген.
Садыр ақыннан тәлім-тәрбие алған Есенсары үш жасынан бастап өлең жаза бастайды. Абай, Әріп, Әсет шығармалары және халық ауыз әдебиетінен нәр алады. Бірнеше жыл бойы Әсет Найманбаевтың жанында жүріп, оның ақындық және ән өнері мектебінен өтеді. Айтыс ақындары арасында көзге түседі.
1939 ж. жыр алыбы Жамбыл қатысқан ақындар слетіне қатысады.
1945 ж. әйгілі халық ақыны Сапарғали Әлімбетовпен айтысады.
Таңсық өңірінде «Көшелі жырау», «Зарқұм», «Қабанбай батыр», «Ер Науан» т.б. хисса-дастандарды жатқа айтып, бір өзі қазақ сахнасында елді аузына қаратқан көшпелі театрдай болған өнерлі адам еді.
Жырау ретінде халықтың әріден сақталған жырлары мен фольклорлық дастандарын айтып, өзі де күрделі дастандар жазған еді.
Есенсары көптеген өлеңдер, толғау-дастандардың авторы. Оның келесідей поэмалары мен эпостары бар: «Ахмет-Кәшім», «Гүлбаһрам - Сәбит», «Тобағұл батыр», «Ғаббасұлы Сабыржан», «Мәлік батыр» (Кеңес Одағының батыры М. Ғабдуллин туралы), «Қазақ қызы», «Бөдес батыр» және «Жеке дара ана» повесі.
1961 жылы қайтыс болды.
Еңбектері Ғылым Академиясы институтында сақталған.
Е. Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Кунанбаева Е.
Кітаптар – Книги
Исмаилов, Е. Ақындар [Мәтін] : [Жамбыл және халық ақындарының творчествосы туралы монография.] / Е. Исмаилов. - Алматы : Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1956. - 340 б.
Кәрімқызы, Ж. Таңсық-тарландар елі [Мәтін] : [киелі Таңсық ауылынан шыққан, ауылдың атын шығарып, даңқын асқақтатқан ұл-қыздары мен қазыналы қарттары туралы сыр толғайды] / Ж. Кәрімқызы. - Алматы, 2007. - 152 б.
Шығыс жұлдыздары.[Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1. – Астана: Фолиант, 2011, - Е. Құнанбайұлы .: б. 111.
Мақала -Статья
Нұрпейісов, М. Халық ақыны Есенсары [Мәтін] / М. Нұрпейісов // Аякөз жаңалықтары. - 2007. - 23 маусым. - Б. 5.
Құнанбаев Мағауия Абайұлы (1870-1904) – ақын.
1870 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Мағауия Абайдың Ділдәдан туған кіші ұлы, ақындық мектептің көрнекті өкілі. Ауыл молдасынан оқығаннан кейін, 1884 ж. әкесі Семейдің орыс қалалық училищесіне оқуға жібереді. Мағауия үш жылдан кейін денсаулығы нашарлауына байланысты ауылға оралып, орыс және шығыс әдебиеттерін оқиды. Әкесімен бірге болыстық міндеттерді атқарады. Мағауия әкесінен ғылым-білімді көп үйреніп, еуропа ақындарына еліктеп поэмалар жазады.
Еңлік-Кебек» (1890), «Абылай» (толық сақталмаған), «Медғат-Қасым» (1900) поэмаларының авторы. «Шамиль» поэмасының қолжазба нұсқасы жоғалған. Мағауияның өлеңдері де бар. Ағасы Әбдірахманға (Әбішке) арнап жазған өлеңі сақталған.
Мағауия Құнанбаев 1904 жылы 26 мамырда қайтыс болды.
М. А. Құнанбаев шығармалары
Произведения М. А. Кунанбаева
Кітаптар – Книги
Құнанбаев [Абайұлы] М. Медғат-Қасым [Мәтін] : поэма / М. Абайұлы // Дастандар : октябрь революциясына дейінгі қазақ ақындарының дастандары. - Алматы : Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1960. - Б. 54-88.
Құнанбаев [Абайұлы] М. Медіғат-Қасым [Мәтін] : поэма / М. Құнанбаев // Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы Т. 3 : Абайдың ақын шәкірттері, 2005. - Б. 140-160.
Құнанбаев [Абайұлы] М. Еңлік - Кебек[Мәтін] : поэма / М. Құнанбаев // Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы Т. 3 : Абайдың ақын шәкірттері, 2005. - Б. 161-170.
Құнанбаев [Абайұлы] М. Әбішке хат; Әбішке [Мәтін] : өлеңдер / М.Құнанбаев // Қ. Мұхамедханов Көп томдық шығармалар жинағы. Т. 3 : Абайдың ақын шәкірттері, 2005. - Б. 135-137.
Құнанбаев [Абайұлы] М. Медғат-Қасым [Мәтін] : поэма / М. Құнанбаев // Қазақтың 100 поэмасы. Т. 1. - Алматы : Жазушы, 2013. - 376 б.
М. А. Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве М. А. Кунанбаева
Абай [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 1995. - Мағауия Абайұлы Құнанбаев: Б.391-393.
Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. - Мағауия Құнанбаев : б.56.
Шәкәрім [Мәтін] : энциклопедия / бас ред. Е. Сыдықов ; жауапты ред. Т. Шаңбай. - Семей, 2008.-Мағауия Құнанбаев: б.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». - 2014. - Мағауия Абайұлы Құнанбаев: б. 506.
1960 – 2000
Қазақ әдебиетінің тарихы [Мәтін]. Т. 2, 1-ші кітап. XVІІІ-XІX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. - 1961. - 582 б.
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының жинағы [Мәтін]. - Алматы : Қазақ ССР ҒА баспасы, 1962.
Үш ғасыр жырлайды [Мәтін]: революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары / Қазақ ССР Ғылым Академиясы, М. Ә. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. - Алматы : Жазушы, 1965. - 666 б.
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті [Мәтін] : орта мектептің 9-класына арналған оқулық / Жұмалиев Қ. - Алматы : Мектеп, 1969. - 272 б.
Бес ғасыр жырлайды [Мәтін] : XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары / Қазақ ССР ғылым академиясы М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. Т. 3 : үш томдық. - Алматы : Жазушы, 1985. - 352 б.
Бес ғасыр жырлайды [Мәтін] : XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары / Қазақ ССР ғылым академиясы М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. Т. 2 : үш томдық. - Алматы : Жазушы, 1989. - 496 б.
Ай заман-ай, заман-ай... [Мәтін] : ХVғасырдан ХХғ.бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары (Бес ғасыр жырлайды). Екі томдық. - Алматы, 1991. - 876 б.
Абайдың ақын шәкірттері [Мәтін]. 1-ші кітап / алғы сөзін жазып, баспаға әзірлеген Қ. Мұхамедханұлы. - Алматы: Дәуір, 1993. - 224 б.
Әуезов, М.О. Абай Құнанбаев [Мәтін] : монографиялық зерттеулер мен мақалалар / М. О. Әуезов - Алматы : Санат, 1995. - 320 б.
Абайдың балалары [Мәтін] // Абай Құнанбаев. - Алматы: 1995. - Б. 38-40.
Исин ,А. Абайдың Мағауияға жазған хаты [Мәтін] / А.Исин// Абай. - 1997. - № 2-3. - Б. 1-4.
Бітібаева, Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту [Мәтін] : ХІХ ғасырдың ІІ жартысы, ХХ ғасыр / Қ. Бітібаева - Алматы : Ы.Алтынсарин атындағы ҚР білім акад. Респ. баспа кабинеті, 2000. - 274 б.
Кенемолдин, М. Қызыл қырғынның құрбандары немесе өз елі, туған жерінде қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялылары хақында // Семей таңы. - 2003. - 24,31 қаңтар.
Жеті ғасыр жырлайды [Мәтін] : XIX ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Т.2 / құраст. Е. Дүйсенбайұлы. - Алматы : Жазушы, 2004. - 528 б.
Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 3 : Абайдың ақын шәкірттері, 2005. - 328 б.
Тәбәрікұлы, С. Тауқымет [электрондық ресурс] : [Мағауия Абайұлының отбасы тағдыры жайлы] / С. Тәбәрікұлы. - Семей, 2005. - 160 б.
Қирабаев, С. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 8 / ред.: Ұ. Оспанбай , Ә. Орынбаева. - Алматы : Қазығұрт, 2007. - 448 б.
Рахманова, С. "Абай жолы" эпопеясындағы Әбіш және Мағаш бейнелері [Мәтін] / С. Рахманова // Қазақстан мектебі : республикалық ғылыми-педагогикалық журнал. - Алматы, 2010. - N 8. - Б.74-76.
Тәбәрікұлы, С. Мағауия ақын [Мәтін] / С. Тәбәрікұлы // Аудан тынысы. - 2010. - 23 шілде. - Б. 5.; 27 шілде.- Б. 4.
Досжан, Д. Абайдың соңғы күндері [Мәтін] / Д. Досжан // Жұлдыз. - 2012. - № 4. - Б.3-31.
Тоқмаханбетова, А. "Медғат - Қасым" поэмасын оқыту [Мәтін] / А. Тоқмаханбетова // Қазақстан мектебі. - 2014. - №5.- Б. 58-60.
Абайдың ұлдарына қатысты деректер табылды [Мәтін] // Дидар. - 2015. - 12 маусым. - Б. 2.
***
Писатели Семипалатинского региона [Текст] : био-библиографический указатель / Семипалатинская универсальная научная библиотека им. Абая. - Семипалатинск : Талант, 2006, 2006. - 82 с
Гайнуллина, Ф. А. Литература Семипалатинского Прииртышья [Текст] : Учебное пособие / Ф.А. Гайнуллина . - Семипалатинск : Б. и., 2002, 2002. - 132 с.
Мухамбетова Г. С. Романтические тенденции в казахской поэзии первой четверти ХХ века [Текст] : автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата филологических наук / Мухамбетова Г. С. - Алматы : Б. и., 2006, 2006. - 30 с.
Важнейшие жизненные ориентиры мыслителя [Текст] // Вести Семей. - 2015. - 2 июня. - С. 4.
Ибраева, У.А. Поэтическое окружение Абая [Текст] / У. А. Ибраева // Вести Семей. - 2016. - 9 февраля. - С. 4.