Николай Алексеевич Абрамов (1812 -1870 жж.), өлке зерттеуші
Абрамов Николай Алексеевич 1812 жылы Тобыл губерниясы Қорған қаласында дүниеге келген. Әкесі әрі дін қызметшісі, әрі татар тілі мұғалімі болған. Болашақ тарихшы Қорған халық училищесінде, Тобыл семинариясында оқыған. Оны тәмамдаған соң өзі татар тілін оқыта бастайды. 1834 жылдан Тобыл қаласының оқу орындарында, кейін Семей қаласында жұмыс істеді. Павлодар, Өскемен, Семей, Алматы (Верный), Қапал, т.б. қалалар, бекіністер, станциялардың салыну тарихы, олардағы халық саны, кәсібі, оқу орындары, орыс-қазақ қатынастары, Ресей қол астына қарауы туралы бірнеше ғылыми мақалалар жазды. Омбы–Семей жолы бойындағы, Қапал мен Қаратал өңіріндегі, Жетісудегі обалар мен бірнеше архитектуралық ескерткіштерге сипаттама берді. Қозы Көрпеш – Баян сұлу мазарына талдау жасап, ол туралы халық аңызын жариялады. Абрамов 1842 жылы Сібірге жер аударылып барған Ғұбайдолла Уәлихановпен кездесіп, ол жайында көлемді очерк жазды. Абрамов жинаған археологиялық және жазба мұралардың ішінде «Жеті шатырды» (Семей) қазғанда табылған түрлі түсті бояумен таңбаланған көне түріктің бас сүйегі, қарлұқ қағаны Арсланның 1212 жылы аты жазылған алтын сақина (Қапалдан табылған), тастағы ту ұстаған түрік әйелінің суреті және басқа да көне жазба ескерткіштері бар.
Әдебиет:
Султанов О. Неутомимый летописец - наш земляк: [О географе, краеведе,исследователе Семипалат.региона .А.Абрамове]// Иртыш.- 1998.-30 июля.-С.3
Алексеенко Николай Владимирович (1931-2009 жж.) - педагог-ағартушы, өлкетанушы ғалым/қазақстантанушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
Жұмысшы отбасында дүниеге келген. ҚазМУ-дың тарих факультетін аяқтаған соң, облыстық комсомол комитетінде нұсқаушы, комсомол қалалық комитетінің Үгіт-насихат бөлімі меңгерушісі болады. 1955 жылдан – Өскемен педагогикалық институтында тарих пәні оқытушысы қызметін атқарған. Ленинградта кандидаттық диссертация (1961 ж. ӨПИ-дың алғашқы тарих ғылымдарының кандидаты болады), кейін сол жерде докторлық диссертация қорғайды (1968 ж.). Қазақстанның тарихи демографиясын, XVIII-ХХ ғ. басындағы Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын зерттеумен айналысқан.
12 кітап пен брошюраның, түрлі ғылыми басылымдардағы 100-ден астам мақаланың авторы. 16 тарих ғылымының кандидатын әзірлеген, ұзақ жылдар бойы тарих кафедрасының меңгерушісі, институттың партия бюросы хатшысы болған, Қалалық кеңес депутатына сайланған. Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтында (1978-1992 жж.), кейін Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті болып ауысқан (Астана қ.) білім ордасында ректор болған. Өскемен қаласындағы алғашқы мемлекеттік емес Шығыс гуманитарлық институты құрылтайшыларының бірі және оның тұңғыш ректоры болған. Тарих ғылымына еңбегінің бір жарым ғасырын арнаған тарихшылар әулетінің негізін қалаушы.
Н. В. Алексеенконың кітаптары
Книги Н. В. Алексеенко
Алексеенко, Н. В. Этапы большого пути : (из истории Вост.-Казахстан. комс. организации. 1926-1945 гг.) [Текст] / Н. В. Алексеенко. - Усть-Каменогорск, 1958.- 31 с.
Алексеенко, Н. В. Русская колонизация Рудного Алтая в XVIII-XIX вв. [Текст] : автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора исторических наук / Н. В. Алексеенко; Ин-т истории Акад. наук СССР, Ленингр. отд-ние. - Ленинград : 1961. - 13 с.
Алексеенко, Н. В. Русская крестьянская колонизация Рудного Алтая в XVIII - XIX вв. [Текст] / Н. В. Алексеенко // Сибирь периода феодализма : [сборник] / ред. коллегия: В.И. Шунков и др. ; АН СССР, Сибирское отделение. - (Материалы по истории Сибири). - Вып. 2 : Экономика, управление и культура Сибири XVI - XIX вв / ред. В. И. Шунков. - 1965. - С. 141-153.
Алексеенко, Н. В. Русские и казахи Верхнего Прииртышья в XVІІІ-начале XX вв. [Текст] : автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора исторических наук / Н. В. Алексеенко. - Усть-Каменогорск, 1967. - 35 с.
Алексеенко, Н. В. Усть-Каменогорск [Текст] / Н. В. Алексеенко. - Алма-Ата : Казахстан, 1970. - 101 с.
Алексеенко, Н. В. Бухтарминские были [Текст] : [Очерки] / Н. В. Алексеенко. - Алма-Ата : Казахстан, 1981. - 128 с.
Алексеенко, Н. В. Население дореволюционного Казахстана [Текст] : (численность, размещение, состав, 1870-1914 гг.) / Н. В. Алексеенко. - Алма-Ата : Наука, 1981. - 110 с.
Алексеенко, Н. В. Хранители памяти [Текст] / Н. В. Алексеенко. - Алма-Ата : Казахстан, 1988. - 144 с.
Алексеенко, Н. В. Усть-Каменогорск и устькаменогорцы [Текст] / Н. В. Алексеенко. - Усть-Каменогорск : Полиграфия, 1995. - 78 с.
Алексеенко, Н. В. Население Казахстана за 100 лет (1897-1997 гг.) / Н. В. Алексеенко, А. Н. Алексеенко. - Усть-Каменогорск : Полиграфия, 1999 . - 156 с., табл.
Алексеенко, Н. В. Статистические источники по демографии Казахстана [Текст] / Н. В. Алексеенко. - Усть-Каменогорск : Шығыс Баспа, 1999. - 113 с.
Алексеенко, Н. В. Историческая демография Казахстана [Текст] / Н. В. Алексеенко. - Усть-Каменогорск : Изд-во ВКГУ, 2001. - 68 с.
Алексеенко, Н. В. Изучение истории населения Казахстана в XVIII-XX вв. [Текст] / Н. В. Алексеенко. - Усть-Каменогорск, 2003. - 84 с.
Алексеенко, Н. В. История Восточного Казахстана в документах и материалах [Текст] / Н. В. Алексеенко. Ч. 1 : с древнейших времен до 1917 г. / Н. В. Алексеенко; Малая Ассамблея народов Восточного Казахстана; ВКГТУ им. Д. Серикбаева. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2006. - 156 с.
Алексеенко, Н. В. Демографические кризисы в Казахстане. ХХ век [Текст] / Н. В. Алексеенко, А. Н. Алексеенко. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2007. - 96 с.
Алексеенко, Н. В. История Восточного Казахстана в документах и материалах [Текст] / Н. В. Алексеенко. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс. - Ч. 2 : С 1917 г. по начало XXI века. - 2007. - 108 с.
Алексеенко, Н. В. Моя Комендантка [Текст] / Н. В. Алексеенко. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2007. - 112 с.
Алексеенко, Н. В. Славянское население Казахстана XVIII-XX вв. [Текст] : историко-демографическое исследование / Н. В. Алексеенко; Малая Ассамблея народа Восточного Казахстана. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2009. - 130 с.
Алексеенко, Н. В. Алтайские каменщики. В поисках Беловодья [Электронный ресурс] / Н. В. Алексеенко. - Усть-Каменогорск : Либриус, 2009. - 98 с.
Алексеенко, Н. В. Взаимосвязи казахского и русского населения в Восточном Казахстане (ХVІІІ - первая половина ХІХ в.) : монография / Н. В. Алексеенко. - Усть-Каменогорск : Изд-во ВКГУ им. С. Аманжолова, 2012. - 86 с.
Н. В. Алексеенконың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации Н. В. Алексеенко в периодических изданиях и сборниках
Алексеенко, Н. В. Динамика численности переселенцев в Казахстане : (вторая половина ХІХ - начало ХХ вв.) [Текст] / Н. В. Алексеенко // Вопросы социально-экономической истории дореволюционного Казахстана. - Алма-Ата : Каз. пед. институт им. Абая, 1978 - С. 9.
Алексеенко, Н. В. Взгляд на действительность из-за плетня [Текст]/ Н. В. Алексеенко // Казахстанская правда. - 1989. - 20 декабря.
Алексеенко, Н. В. Из истории открытия и начала разработки рудных месторождений в Восточном Казахстане (XVIII - начало XIX вв.) [Текст] / Н. В. Алексеенко // Актуальные проблемы Центральной Азии и Китая: история и современность : Сборник науч. статей памяти Б. П. Гуревича. - Барнаул : Азбука, 2006 . - С.43-52
Алексеенко, Н. В. Административно-территориальное устройство. Население [Текст] / Н. В. Алексеенко // Географическая энциклопедия: Восточный Казахстан. - Усть-Каменогорск : КАСУ, 2013. - С. 13-16.
Н. В. Алексеенконың қатысуымен шыққан басылымдар
Издания, вышедшие при участии Алексеенко Н. В.
Алексеенко, Н. В. История Восточного Казахстана в документах и материалах [Текст] / Н. В. Алексеенко, А. Н. Алексеенко ; Малая ассамблея народов Вост. Каз., ВКГТУ. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс. - Ч. 1 : С древнейших времен до 1917 г. - 2006. - 156 с.
Алексеенко, Н. В. Размещение казахского населения Российской империи в конце XIX века [Текст] : тематический сборник научных трудов профессорско-преподавательского состава и аспирантов высших учебных заведений министерства просвещения Казахской ССР / Алексеенко Н. В. - Алма - Ата. - Вып. 2 : Исторические науки. - 1975. – 38 с.
Библиография по истории Восточного Казахстана [Текст] / Н. В. Алексеенко, А. В. Потапов, В. В. Романов и др. - Усть-Каменогорск : Облтипография. - Вып. 2 : Эпоха социализма. - 1977. – 110 с
Библиография по истории Восточного Казахстана [Текст] / Н. В. Алексеенко, В. В. Романов, В. С. Федоров и др. - Усть-Каменогорск : Облтипография. - Вып.1 : Дореволюционный период. – 1977. - 113 с.
Алексеенко, Н. В. Население Казахстана за 100 лет (1897-1997 гг.) [Текст] / Н. В. Алексеенко, А. Н. Алексеенко. - Усть-Каменогорск : Полиграфия, 1999. - 157
Этносы Казахстана: историко-демографический справочник [Текст] / А. Н. Алексеенко, Н. В. Алексеенко, М. К. Козыбаев и др. - Астана : Елорда, 2001. - 168 с.
Алексеенко, Н. В. Құпиялы өлкенiңғажайыбы=Феномен неизвестного континента=The phenomenon of the unknown continent [Текст] / Н. В. Алексеенко, С. К. Игибаев, А. Ш. Жилкубаева. - Новосибирск : Изд. дом "Вояж", 2001. – 304 с.
Алексеенко, Н. В. Демографические кризисы в Казахстане : ХХ век [Текст] / Н. В. Алексеенко, А. Н. Алексеенко. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2007. - 96 с.
Н. В. Алексеенконың өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и деятельности Алексеенко Н. В.
Ученые Восточно-Казахстанского государственного университета имени С. Аманжолова [Текст] : биографический справочник. Т. 1 / сост. А. Ф. Сурнина, Ж. Т. Бопурова ; под ред. А. А. Абжаппарова. - Усть-Каменогорск : ВКГУ, 2004. - Алексеенко Николай Владимирович: с. 19-20.
Полторанин И. А. Дорога длиною в полвека / И. А. Полтаранин // Наш исторический... [Текст]. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2006. - С. 3-37.
Пуссеп, Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска [Текст] / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск, 2008. - Алексеенко Николай Владимирович: С. 112-13.
Быть собой и остаться собой [Текст] : [посвящается светлой памяти известного ученого-демографа, Почетного гражданина г. Усть-Каменогорска, профессора ВКГУ имени С. Аманжолова Николая Владимировича Алексеенко] / ред. И. А. Полторанин. - Усть-Каменогорск : Изд-во ВКГУ им. С. Аманжолова, 2010. - Алексеенко Николай Владимирович: С. 88-94.
Осипов, В. О. Коля, Коля, Николай. Быть собой и остаться собой [Текст] : [воспоминания друзей, коллег и учеников о Николае Владимировиче Алексеенко]. - Усть-Каменогорск : Изд-во ВКГУ им. С. Аманжолова, 2010. - 27 с.
Этнодемографические процессы в Казахстане и сопредельных территориях [Текст] : XI международная научно-практическая конференция (г. Усть-Каменогорск, 28-29 мая 2010 г.) : сборник научных трудов : памяти доктора исторических наук, профессора Н. В. Алексеенко. - Усть-Каменогорск : Либриус, 2010. - Алексеенко Николай Владимирович: с. 3-6.
Алексеенко Николай Владимирович // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы. = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск : үстелдік кітап / идея авторы және жетекші Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 58-59.
Мақалалар - Статьи
Полтаранин, И. Н.В. Алексеенко. Штрихи к портрету / И. Полтаранин // Кедр. - 2020. - №1-2. - С. 56-64.
Исаева, А. Ученый. Педагог. Наставник : выдающийся ученый, краевед, педагог-просветитель, создатель первого института демографии в Казахстане, мудрый наставник и прекрасный человек. В этом году Николаю Владимировичу Алексеенко исполнилось бы 90 лет... / А. Исаева. - Текст // Рудный Алтай. - 2021. - 2 ноября. - С. 2.
Естаева, Г. Всегда двигаться вперед: зачем изучать демографию, от чего зависит уровень рождаемости в стране? / Г. Естаева // Рудный Алтай. - 2022. - 29 января. - С. 6.
Естаева, Г. Единение научных традиций: [в честь педагога, выдающегося ученого-демографа Николая Алексеенко в Восточно-Казахстанском университете им.С.Аманжолова открылась лаборатория DIGITAL SOCIAL RESEARCH] / Г. Естаева // Рудный Алтай. - 2022. - 13 октября. - С. 15.
Белослюдов Алексей Николаевич (1887-1939) - өлкетанушы, ұстаз.
Алексей Николаевич Белослюдов 1887 жылы 16 наурызда Семей қаласында сібір казактарының кедей шенеунігінің отбасында дүниеге келген. Семей ерлер гимназиясының 7 сыныбын бітіріп, 1906 жылы заңсыз үйірме жұмыстарына қатысқаны үшін шығарылады. Осы уақытта Алексей Николаевич өзін-өзі тәрбиелеумен көп айналысады және 1908 жылы бастауыш сынып мұғаліміне емтихан тапсырады.
1908 жылдан 1915 жылға дейін ол Весело-Ярский, Лаптево-Логовский, Змеиногорск және Быков бастауыш мектептерінде сабақ берді. Быково ауылы Бұқтырма алқабында орналасқан. 1913 жылы Алексей Николаевич Белослюдов мұнда мұғалім болып келеді. Ол өлке табиғатының байлығына тамсанды. Мұнда оның таланты ерекше айқын көрініс тапты. 1913-1914 оқу жылының қысында Алексей Николаевич көптеген ертегілерді тыңдап, жазып алады. Ол әсіресе ауылдың ең қарт тұрғыны Федор Первовты тыңдағанды жақсы көрді. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында әр жерде Алексей Николаевич жазған ертегілер, өлеңдер жазылған дәптер сақталған.
1916 жылдан бастап Алексей Николаевич аймақтың халық шаруашылығында жұмыс істеді: ауылшаруашылық санағының статисті, өсімдік зиянкестеріне қарсы техник, уездік және провинциялық білім беру бөлімдерінің нұсқаушысы, губерниялық Одақтың ауылшаруашылық бөлімдерінің меңгерушісі, мұражайдың тарихи-археологиялық бөлімінің меңгерушісі. 1930 жылдан 1935 жылға дейін Алексей Николаевич Семей қаласының (қазіргі Семей) орта арнаулы оқу орындарында оқытушылық жұмыста жұмыс істейді, содан кейін отбасы Алматыға көшеді, онда 1939 жылдың қазан айында ол өкпе туберкулезінен көз жұмады. Жерленген жері - Алматы қаласы.
Алексей Николаевич өмір бойы өлкетанумен айналысқан. Алексей гимназияда болған кезде-ақ Семей мұражайына барып, экспозицияларды рәсімдеуге, қорларды түсінуге көмектеседі. Содан кейін ол белгілі өлкетанушы, әкесі Борис Георгиевич Герасимовпен кездесті, ол оны өлкетану жұмысымен таныстырды. Ағаларымен бірге 1906 жылы Алексей Николаевич Семейде ағайынды Белослюдовтардың мұражайы ретінде танымал болған үй мұражайын ашты. Ағайынды Белослюдовтар үлкен табандылықпен коллекция жинады. Семей маңында олар көптеген археологиялық олжаларды жинады: пышақтар, құмыралар, жебелер, әшекейлер, ежелгі монеталар. Жәдігерлердің маңыздылығы жағынан ағайынды Белослюдовтар мұражайы Семей қалалық мұражайынан кем түспеді. Онда келесі бөлімдер құрылды: Геология және минералогия, палеонтология және антропология, тарихқа дейінгі археология, ежелгі заттар (кітаптар, қолжазба суреттері), нумизматика, этнография, сурет галереясы. Нумизматика бөлімдері әсіресе бай болды 1000-нан астам монета және тарихқа дейінгі археология – 600-ден астам заттарды қамтыды. Мұражайда барлығы 4000-нан астам зат болды. Мұражай қала тұрғындары арасында өте танымал болды. Бірінші Батыс Сібір көрмесінде ағайынды Белослюдовтар мұражайы кіші күміс медальмен марапатталды. Кейін мұражай коллекциясының бір бөлігі Семей облыстық мұражайына берілді. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында ағайынды Белослюдовтар коллекциясының хронологиялық каталогы мен экспонаттарының түгендеу кітабы сақталған.
Материалдық мәдениет пен этнография ескерткіштерін жинау экспедицияларға қатысуды көздейді. Алексей Николаевич бірнеше рет түрлі экспедиция жасады. Ағайындылар 1909 жылы Зайсан көліне этнографиялық экспедицияға аттанады. 1910, 1911 жылдардың жазында ол Өскемен және Зайсан маңайындағы археологиялық экспедицияға қатысты, оны Ресей Ғылым академиясының Археология бөлімінің меңгерушісі В.И. Каменский басқарды. Бұл экспедицияның мақсаты осы үлкен аймақтың барлық археологиялық ескерткіштерін екі еселік картаға түсіру, ұсақ қорғандарды қазу, ескерткіштердегі ежелгі жазуларды эстамптау, ежелгі үңгірлерді зерттеу болды. Экспедицияға Четыркин және жергілікті археолог Белослюдов қатысады.
А. Н. Белослюдов фольклор жинаумен айналысады. Ол 200-ден астам ертегі, 97 жұмбақ, 100-ден астам ән жазды. Жиналған материалдар «Жизнь Алтая», «Сибирская жизнь» Сібір газеттерінде жарияланды. Осылайша «Жизнь Алтая» газетінде 1913 жылы «Наброски с Бухтармы» деген жалпы атаумен бірнеше жарияланымдар жарық көрді. Алексей Николаевич жазған ертегілердің жарияланымдары да осында жарияланды. А.Н.Белослюдов «Бродяга», «Семипалатинец», «А. Б.» бүркеншік аттарымен жарияланған.
(И. В. Дурновоның «Алексей Николаевич Белослюдов - исследователь края» мақаласынан алынды).
А. Н. Белослюдов туралы әдебиеттер
Литература об А.Н. Белослюдове
Черных, С. Собиратель сказок Алексей Белослюдов [Текст] / С. Черных // Рудный Алтай. - 1969. - 3 апреля.
Турсумбекова, Р. Гребенщиков и Белослюдовы [Текст] / Р. Турсумбекова // ЛЗ: Сегодня. - 2003. - 11 июня. - С. 2.
Дурново, И. Белослюдов о Панкратьеве [Текст] / И. Дурново // Рудный Алтай. - 2005. - 3 ноября. - С. 8.
Кущ, Г. У истока из каменных гор [Текст] : [история археологических раскопок близ Усть-Каменогорской крепости] / Г. Кущ // Семь дней. - 2010. - 17 июня. - С. 6. ; Мәдениет жаршысы . - 2010.; №8. - С. 16-17.
Обухов В. В Беловодье - большим Артышем [Текст] : [о путешествии староверов в Китай в поисках Беловодья] / В. Обухов // Семь дней. - 2010. - 7 января. - С. 9.
Гуляева Е. Сказки ученого революционера [Текст] : [о семипалатинском исследователе А. Белослюдове (1887-1939 гг.)] / Е. Гуляева // Рудный Алтай. - 2012. - 20 июля. - С. 19.
Дурново, И. Исследователь Прииртышья [Текст] : [об исследователе Восточного Казахстана А. Н. Белослюдове] / И. Дурново // 7 дней. - 2013. - 4 июля. - С. 9.
Урымбаева, Ж. Бесценные работы исследователей [Текст] / Ж. Урымбаева // Вести Семей. - 2014. - 30 сентября. - С. 5
Рябцовская, Л. Гомеры Бухтарминской долины [Текст] : [о легендах Восточного Казахстана] / Л. Рябцовская // Рудный Алтай. - 2015. - 19 марта. - С. 19.
Дурново, И. Алексей Николаевич Белослюдов – исследователь Алтая [Электронный ресурс]. – Государственный архив Восточно-Казахстанской области и его филиалы: сайт. – Режим доступа: http://e-arhiv.vko.gov.kz/ru/Page/Index/1617/vko (дата обращения 1.07.2020)
Иван Григорьевич Андреев (1743-1801 жж.) өлкетанушы, этнограф.
Иван Григорьевич - орыс этнографы, тарихшы. Ұзақ жылдар бойы Ямышев, Омбы, Бұқтырма, Өскемен, Семей бекіністерінде әскери қызметте болған. Сібір губернаторының тапсырмасымен қазақтардың шаруашылығы, әдет-ғұрпы, шығу тегі жөнінде нақты деректер жинады. Ол туралы деректердің барлығын оның «Үй жылнамасы» атты күнделігінен оқи аламыз. Семейдің топограф. суреттемесін аяқтады. Иван Григорьевичтің қазақтар туралы мәліметтері “Новые ежемесячные сочинения” деген журналда және “Орта жүз қырғыз-қайсақтарының суреттемесі” деген еңбегінде жарияланды.
Капитан И.Андреев жыл сайын ғылыми тапсырмалар орындап отырған. 1777 жылы Семей қаласындағы шіркеудің салынуы жайында жылнама жазған.
Оның жетекшілігімен 1764 жылы Омбы қаласында Сібірдегі алғаш театр қойылымы ұйымдастырылады.
Орыс интеллигенті, Иван Григорьевич Андреев біршама ерлік жасады. Ол ғылым жолында еңбек етіп, өлке дамуына ықпал жасап, қазақ халқының өркендеуіне қамқорлық еткен.
Әдебиет
Алексеенко Н.В. Хранители памяти.- Алма-Ата: Казахстан, 1988.- 144 с.
Андреев И.Г. Описание Средней орды киргиз-кайсаков/ Фонд Сорос-Казахстан; Составление, транскрипция скорописи XVIII в., специальное редактирование текста и комментарии И.В. Ерофеевой.- Алматы: Гылым, 1998.- 280 с.
Герасимов Б.Г. Избранные труды: факсимильное издание/ Сост., предисл., примеч., О.В. Жандабековой.- Усть-Каменогорск: Шыгыс баспа, 2000.- 335 с.
Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР/ Отв. ред. Р.Б.Сулейменов.- Алма-Ата: Наука, 1966.- 322 с.
Щербик Е.Е., Щербик Г.А. Коменданты Усть-Каменогорской крепости/ Региональный вестник Востока.- 2001.-N 2.-С. 181- 190. Деловой Усть-Каменогорск http://www.aaa.kz.- 2001.-N 2.-С. 20-21
Алексей Николаевич Белослюдов (1887-1939), зерттеуші, этнограф
Алексей Николаевич Белослюдов пен оның ағайындылары Виктор, Николай, Федор - Қазақстанның шығыс өлкесі мен мұражай ісін дамытуға көлемді үлес қосқан.
Алексей Николаевич Белослюдов Семей қаласында 1887 жылы 16 наурызда Николай Константинович Белослюдов отбасында дүниеге келген. Әкесінен жастайынан айырылған Алексей анасының тәрбиесінде болады. Анасы шағын еңбекақысына қарамастан ұлдарын гимназияда оқытып, оларды еңбекқор, инабатты, білімқұмар етіп өсіреді. Тек Алексей ғана 7-сыныпта заңсыз үйірмемен айналысқаны үшін оқудан шығарылады. Енді Алексей саяси жұмысқа араласады: РӘДЖП (РСДРП) белсенді мүшесі, Семей қаласында зауыт пен қолөнер ғимараттарында кітапханашы болады.
Алексей қоғамдық жұмыспен айналысумен қатар, өз білімін жетілдіріп 1908 жылы халық мұғалімі атағына экстернмен емтихан тапсырады. Бірнеше жылдар бойы ол Змеиногорскі уезінің ауыл мектебінде ұстаздық еткен.
Гимназияда оқып жүрген шағынан-ақ Алексейді туған өлке тарихы қызықтыратын. Ол тарихи-өлкетану мұражайына үнемі барып, экспозицияларды безендіруге, қормен жұмыс істеуге көмектесетін. Алексей 1904 жылдан Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінде қызмет атқарып, оның мұражайына экспонат пен материал жинауға көмектеседі.
1906 жылы ағайындарымен бірге тұңғыш жеке Белослюдовтар мұражайын ашады. Алексей Николаевич пен Виктор Николаевич асқан ілтипатпен коллекцияларды жинап, танысып, бөлім бойынша топтастырады. Ағайынды Белослюдовтар коллекцияларын толықтыру мақсатында туған өлкеге бірнеше мәрте экспедиция жасаған.
Алексей 1912 жылы маусым айында ағайынымен бірге мұражай ісін оқып-біліп, оны өз елінде жүзеге асыру үшін Томскі, Мәскеу, Петербург және өзге де қалаларға саяхат жасайды.
Ағайынды Белослюдовтардың қажырлы еңбегінің нәтижесінде: геология және минералогия, палеонтология және антропология, тарихқа дейінгі археология, көне киімдер, нумизматика, этнография және сурет галереясы бөлімдері ашылды. 1911 жылы Омбыда өткен көрмеде Белослюдовтар мұражайы күміс медальмен марапатталды.
Алексей Белослюдов облыстық тарихи-археологиялық мұражайының қалыптасуына ат салысқан. Ол мұражай заттарын ретке келтіріп, оның қорына ағайынды Белослюдовтар мұражайынан 500 экспонат сыйға тартады.
Алексей Николаевич этнографиямен де шұғылданған.Ол әйгілі саяхатшы Григорий Потаниннің кеңесімен ертегі, аңыз жинаумен айналысады. Алтайдағы Быково ауылына біраз уақыт қоныстанып, ауыл мектебінде сабақ бере жүріп тарих, ауыз әдебиеті, этнография саласы бойынша көптеген материал жинайды. Кей материалдарды Г.Потанинге жөнелтіп, кейбірін «Записках Семипалатинского подотдела РГО», «Жизнь Алтая», «Сибирская жизнь» газеттерінде жариялайды. Бұқтырма алқабында ертегі жинау – зерттеушінің қазақ этнографиясы мен фольклористикасына деген қызығушылығын оятты. Қазақтардың ауыз әдебиет үлгілері, тұрмысы, салт-дәстүрі – оның кейінгі жылдардағы жұмысының тақырыбына айналды.
Қазақ фольклорын жинау жұмысын жеңілдету мақсатында Алексей Семей қаласында білімді қазақ жастарының үйірмесін ашады. 1915 жылы зерттеуші «О киргизской поэзии» мақаласын жазып, орыс қоғамын қазақ халқының ауызша және жазбаша поэзиясымен таныстырады. Ол қазақ қоғамындағы ақын, импровизаторлардың рөлін, атақты айтыстар («Біржан мен Сара») жайында жазады. А.Белослюдовтың «О киргизской поэзии» мақаласының басым бөлігі ұлы ақын Абай Құнанбаев пен қазақ халқының ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған.
Алексей Николаевич Белослюдов ағасы Николай Николаевичпен бірге ұзақ жылдар бойы қазақтың ауызша поэзиясының дамуы мен А.Құнанбаевтың ізбасарлары:С.Дөнентаев, С.Көбеев, С.Торайғыров, С.Сейфуллин, М.Сералин, Б.Өтетілеуов т.б. зерттеумен айналысады. Көрнекті өлкетанушы Станислав Черныхтың пікірінше, Белослюдовтар алғашқылардың бірі болып қазақ ауыз поэзиясы мен Абай шығармашылығының қазақ поэзиясы дамуына қосқан үлесін зерттеген.
І дүниежүзілік соғыс кезінде Алексей Николаевич Семей қаласына оралады. Өзі кезінде оқыған гимназияда ұстаздық етеді. Оқытушылық және ғылыми-зерттеу жұмысымен қатар Алексей Николаевич Томскі мұғалімдер институтына экстернмен емтихан тапсырады.
1917-1919 жж. Алексей Николаевич өлкенің халық шаруашылығымен, 1919 ж. халыққа білім беру бөлімінің инспекторы болып қызмет атқарады.
Дегенмен, ол өлкені зерттеу жұмысын тоқтатқан жоқ.
1920 ж. бастап ол қызметті толығымен тастап, тек өлкетануға бет бұрады. Алексей Николаевич облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қалыптасуына ат салысып, кейінгі жылдары директоры болып тағайындалады.
1921 ж. ол этнографиялық материал жинау мақсатында Қарқаралыға, Баянауыл шатқалына барып қайтады. 1925-1926 жж. оның жетекшілігімен облыстық тарихи-этнографиялық мұражай (Ленинград қаласы) Орыс Мемлекеттік мұражайына 108 зат табыс етеді. Бұл кезде Алексей Белослюдов қазақ даласына өлкетанушы ретінде танылған еді. Сондай-ақ ол композитор А.Затаевичке қазақ ән, күйлерін жинауға көмектескен. Ол Семейдегі алғаш өлкетанушы әйел – Н.Құлжановамен бірге Абайдың өлеңдерін орыс тіліне аударған. 1938 жылы зерттеуші Алматы қаласына қоныс аударады. 1939 жылы өкпе ауруынан көз жұмады.
Алексей Николаевич Белослюдов – қазақ , орыс халықтарының бірлігі үшін ат салысқан. Ол ғылым мен өлкетану саласына баға жетпес еңбек сіңірген.
Әдебиет
Турсумбекова Р. Гребенщиков и Белослюдовы// ЛЗ: Сегодня.- 2003. - 11 июня. - С. 2
Черных С. Братья Белослюдовы// Черных С. С берегов Иртыша.- Алма-Ата: Казахстан, 1981.- С. 105-141