Сейітов Асылбек Жұманұлы (1894 - 1937) – Алаш қозғалысының белді мүшесі, қоғам қайраткері, дәрігер.
Асылбек Сейітов 1894 жылы 22 қаңтарда Омбы қ. Батыс Сібір генерал-губернатор кеңсесінің аудармашысы отбасында дүниеге келген. Ол үш сатылы білім алды: алдымен шіркеу-приход мектебі, соңынан Омбы классикалық ерлер гимназиясында (1905-1913). 1913-1917 жж. Томск мемлекеттік университетінің медицина факультетінде оқыды.
Жоғары оқу орнын бітірген соң, 1917-1920 жж. Ақмола уезінің Алексеевск дәрігерлік бөлімшесінде дәрігер, Ақмола облысы санитарлық бюро дәрігерінің көмекшісі, Баянауыл дәрігерлік бөлімінде дәрігер қызметін атқарды. Ол «Алаш» партиясының қызметіне белсенді түрде қатысты. Газет-журналдарға мақалалар жариялады. 1916 жылы Дала өлкелік ауылшарушылық санағына қатысты. 1917 жылы Орынборда өткен Жалпықазақ сьезіне қатысып, М. Дулатовпен бірге сьезд Президиумына сайланды. 1921 ж. Орынборда өткен дәрігерлердің бірінші сьезінің делегаты. 1922 ж. – КАССР Советтері сьезінің делегаты. Совет өкіметі кезеңінде денсаулық сақтау ісіне ат салысты. Баянауылда бас дәрігер болды, кейін 15 жыл бойы Семей денсаулық сақтау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
Тиф, малярия, холера, түберкулез індеті және тағы басқа жұқпалы аурулар жайлаған жерлерде жұмыс істеді. Оның бастамасымен және тікелей қатысуымен «Ауыл» және «Березовка» шипажайлары құрылды.
А.Сейітов медицина ісімен қатар қоғамдық-саяси қызметпен айналысқан. Ай сайын шығатын қоғамдық-саяси және әдеби-өлкетану «Таң» журналына мақалалар жариялап тұрған.
Сейітов 1922 ж. Семей губерндік денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалады. 1937 ж. ҚазССР-і денсаулық сақтау ісі Ұлттық комиссариатының жоспар-қаржылық бөлімін басқарады. Алматыдағы №5 аурухананы ұйымдастырушының бірі.
1937 жылы 1 желтоқсанда қамауға алынып, хат-хабар алмасу құқынсыз 10 жылға сотталды, 8 қаңтарда ату жазасына кесілді. 1957 жылы 8 шілдеде ақталды.
А. Сейітов туралы әдебиеттері
Литература о Сеитове А.
Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия / құраст.: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. - 544 б. – Сейітов Асылбек Жуманұлы: б. 286-287.
Кабульдинов, З. Служил родной земле [Текст] / З. Кабульдинов // Казахстанская правда. - 2006. - 9 июня. - С. 8.
Казахи в России[Текст]: биографический сборник в 2-х томах. Т.2. - М.: ВеГа, 2007. -Сеитов Асылбек Жуманович:с.239-240.
История Казахстана[Текст]: энциклопедический справочник. –Алматы: Аруна, 2010. -Сейитов Асылбек Жуманович:с. 508-509.
Интернет-сілтемелер
Интернет-ссылки
СЕИТОВ Асылбек Жуманович [Текст]: [биографическая справка] // centrasia.ru : сайт. – Режим доступа : http://www.centrasia.ru/person2.php?&st=1258369801 (10.02.2017)
Сейітов Мұсылманбек Жұманұлы (1887-1937) – Алаш қозғалысының қайраткері, экономист.
1887 жылы Омбы қаласында Батыс Сібір генерал-губернаторы кеңсесінің аудармашысы отбасында дүниеге келген. Омбы мұғалімдер семинариясын бітірген. «Бірлік» («Единство») ұйымының белсенді мүшесі болды, «Балапан» («Цыпленок») журналын шығаруға қатысты. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін Омбы облыстық қазақ комитетінің мүшесі ретінде саяси қызметін бастады. Омбы облысының тұңғыш Жалпықазақ съезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат болып ұсынылды. Алаш партиясының мүшесі. Совет өкіметі орнағаннан кейін Омбыда мұғалім, кейіннен Павлодар облысында экономист қызметтерін атқарды. 1937 жылы саяси репрессия құрбаны болды.
М. Сейітов туралы әдебиеттері
Литература о Сеитове М.
Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия / құраст.: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. - 544 б. – Сейітов Мұсылманбек Жуманұлы: б. 287-288.
Садвакасов, С. Избранное [Текст] / С. Садвакасов. - Алматы, 1994.
Қойгелдиев, М. Алаш қозғалысы [Мәтін] / М. Қойгелдиев. - Алматы, 1995.
Нұрпейісов, К. Алаш һәм Алашорда [Мәтін] / К. Нұрпейісов. - Алматы, 1995.
Тарабаев Имамбек Тарабайұлы (1862-1937) – Алаш қозғалысының көрнекті өкілі.
Ол 1862 ж. Қарқалы уезінде Балқаш облысында туған. Мұғалімдер семинариясын бітірген. 1890-1893 жж. мұғалімдік қызметте, 1893-1899 жж. іс жүргізуші, ал 1899-1919 жж. аралығында Семей округтік сотында аудармашы қызметтерінде болған. Семей облыстық қазақ комитетінің, Семей уездік Земство жиылысының мүшесі. Большевиктерге қарсы үгіт-насихат әдебиеттерін тарату жөніндегі уездік комиссия мүшесі қызметтерін атқарған.
И. Тарабаев туралы әдебиеттері
Литература о Тарабаеве И.
Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия / құраст.: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. – Алматы : Арыс баспасы, 2009. - 544 б. – Тарабаев Имамбек Тарабайулы: б. 301.
Тарабаев И. [Текст] // Восточное отделение правительства Алашорды : сборник документов / сост. Е. Б. Сыдыков и др. – Семей, 2010. – С. 22, 27, 262.
Интернет-сілтемелер
Интернет-ссылки
Исмурзин, Ж. ОРЫС ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ [Электрондық ресурс] : [И. Тарабаев туралы еске алу бар] / Ж. Исмурзин // М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасы : сайт. – Пайдалану орны : https://library.wksu.kz/dmdocuments/+++Исмурзин.pdf (28.02.2017)
Сарамандық жұмыс №2 Қазақстан аумағының зерттелу тарихы [Электрондық ресурс] : [И. Тарабаев туралы еске алу бар] // netref.ru : сайт. – Пайдалану орны : http://netref.ru/saramandi-jmis-2-azastan-aumafini-zerttelu-tarihi.html?page=3 (28.02.2017)
Краеведческие ресурсы [Электронный ресурс] : [есть упоминание о Тарабаеве И.] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=195&lang=ru(25.02.2017)
Сейітқұлұлы Мұхамедхан (1870-1937) - Алаш қайраткері, белгілі меценат
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтың рухани элитасының бетке ұстары болған адам. Мұхамедхан Сейітқұлұлы – көзі ашық, мұсылманша да орысша да сауатты, ауқатты адам болған. Белгілі абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың әкесі.
Бойына біткен кісілігінің арқасы шығар, ертеден ұлы Абай төңірегімен аралас-құралас болған. Сейітқұлов Семейдегі Тыныбай мешітінде Ислам негіздерінен сабақ берген. Ахмет Риза медресесінде имам қызметін атқарып жүріп ұстаздық еткен. Араб, татар тілдерін жетік білген. Ол «Сарыарқа» газеті (редакторы Жүсіпбек Аймауытұлы) мен «Абай» журналына (Мұхтар Омарханұлы), Алаш партиясына қаржылай көмек көрсетіп отырған. Абайдың шәкірттері Шәкерім, Көкбай, баласы Тұрағұлдар келіп-кетіп жүрген.
Шәкәрімнің бүгінде көпшілікке танымал фотосуреті 1912 жылы Сейітқұловтардың үйіне келген кезде түсірілген екен. Оны ұзақ жылдар Қайым Мұхамедханов көздің қарашығындай сақтаған.
Сейітқұловтың үйіне Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржакып Дулатов, Мұхтар Ауэзов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхамеджан Тынышпаев, Халел Ғаббасов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ыдырыс Мұстамбаев, Сәбит Дөнентаев, Мәннен Тұрғанбаев, Әміре Қашаубаев, Әлмағамбет Қапсәлемов, Иса Байзақов, Исаин Жаңбырбаев сияқты қазақ зиялылары, әдебиет пен өнер қайраткерлері жиі ат басын бұрған. Мұхтар Әуезов жас кезінен Мұхамедханның үйіне жолдастарымен емін-еркін түсетін болған.
Қайымның әкесі орыс, қазақ, татар тілдеріндегі көптеген газет –журналдарды, оның ішінде тұңғыш қазақ журналы «Айқап», «Қазақ» газеті, татар газеті «Уақыт», «Шура», «Сарыарқа» журналдарын жаздырып алатын еді. 1917-18 жылдары Семейде қазақ меценаттарының демеушілігімен жарық көрген «Абай» журналы да осы үйден табылатын. Сейтқұловтың жеке кітапхана үнемі жаңарып, толықтырылып отыратын. Халық ауыз әдебиеті, әлем, орыс классиктерінің шығармалары, 1909 жылы Петербургте басылып шыққан Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы, 1912 жылы Семейде жарық көрген Шәкәрімнің «Қалқаман – Мамыр», «Еңлік -Кебек», «Қазақ айнасы» т.б. шығармаларымен толыға отырып, біртіндеп Сейтқұлдың ұлы Қайымның оқитын кітаптарына айналды. Кітапханада «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» (редакторы Семенов-Тян-Шанский, 1903 жылы басылып шыққан) атты көптомдықтың «Қырғыз өлкесі» деп аталатын 18 томы қазақ тарихына арналған. Осы басылым авторларының бірі «Алаш» партиясының болашақ көсемі, «Алаш-Орда» үкіметінің басшысы Әлихан Бөкейханов болатын. Ә. Бөкейхановтың еңбектері арқылы Мұхамедханның балалары өз халқының нақты тарихымен, мәдениетімен таныса алды.
М. Әуезов алғашқы жазған пьесаларын сахнаға даярлау жұмысын да осы үйде өткізген. 1920 жылы «Еңлік-Кебек», «Ел ағасы», «Бәйбіше-тоқал» пьесаларының репетициялары осы үйде дайындалған. Үй иесінің өте бай жеке кітапханасын да емін-еркін пайдаланған.
1924 жылы Семейде Луначарский атындағы театр үйінде Абайдың қайтыс болуына 20 жыл толуына арналған еске алу кешіне Мұхтар Әуезов Мұхамедхан Сейітқұловты арнайы шақыртып, Абайдың ақындығы жайлы баяндама жасайды, соңынан Көкбай ақын, Халел Ғаббасов бәрі қонақ болады. 1928 жылы тәркілеу науқаны басталған кезде Мұхамедханның отбасы түгелдей қуғын –сүргінге ұшырайды. М. Сейтқұлов 1930 жылы түрмеге қамалады. 1937 жылы екінші қайтара түрмеге жабылып, «мұсылман дінбасыларының Семейде болған Кеңес өкіметіне қарсы тобына белсене араласқан» деген жаламен сол жылы 2 желтоқсанда нақақтан атылады. М.Әуезов Мұхамедхан отбасынан қарым-қатынасын үзбей, оның баласы Қайымға қамқор аға, ұстаз болады. Ұлы жазушы 1940 жылы Семейге келген сапарында бір айдай сол үйде болады. Алматыда қазақ драма театрында сахнаға әзірленіп жатқанда «Абай» пьесасына қажет киімдер үлгісі ретінде Мұхамедханның әйелі Мақып пен келіні Фархинұрды бұрыннан қалған сәнді киімдерін кидіртіп, өзімен бірге ертіп келген режиссер А. Тоқпанов пен театр суретшісіне көрсетеді де «...әр елдің өзіне тән киім үлгісі болады. Абайдың бәйбішесі, ол елдің қыздары осылай киінеді. Сахнаға осының бәрі өз қалпында дәл көрсетілуі керек.» - деген екен. Театр суретшісі жазушының кеңесін құп алып, екі әйелді сол киімдерімен суретке түсіріп алады, кейін сол киім үлгілерін «Абай пьесасының қойылымына пайдаланып отырған. Қазақ зиялыларының қалыптасуына ықпал етіп, қамқорлық жасап, оларға рухани мәдени моральдық жағынан қолдау көрсетіп отырған. (М. Әуезов, Б. Тұрлыханов т.б.)
Мұхамедхан Сейітқұлұлының өмірі мен қайраткерлігі туралы әдебиеттер
Литература о жизни и деятельности Сейткулова Мухамедхана
Мұхтар Әуезов энциклопедиясы [Мәтін]. – Алматы : Атамұра, 2011. – Сейітқұлов М.: б. 440-441.
Мұхамедхан, Д. Әке жолымен [Мәтін] : [Сейітқұлов Мұхамедхан, абайтанушы, ғалым Қ. Мұхамедханов туралы] / Д. Мұхамедхан ; сұхбат: Б. Тұрсынбайұлы // Қазақ әдебиеті . - 2014. - 27 маусым. - Б. 3.
***
Белякина, А. Бывший город Алаш [Текст] : [об истории города Семей] / А. Белякина // Караван. - 2012. - 14 дек.
Мухамедхан, Д. "Бывали хуже времена. Но не было подлей"[Текст]/ Д. Мухамедхан // Казахстанская правда. - 2013. - 31 мая. - С. 13.
Мухамедханова, Д. Источник доброты и чистоты [Текст] / Д. Мухамедханова // Вести Семей. - 2016. - 4 марта. - С. 5
Достойный след в культуре [Текст] : о С. Мұхамедхан / ОФ Центр образования и культуры им. К. Мухамедханова // Вести Семей. - 2016. - 18 марта. - С. 5.
Интернет-ресурстар
Интернет-ресурсы
Сталиндік репрессия құрбаны - Мұхамедхан Сейітқұлұлы [Электрондық ресурс] : [ақпарат] // Битан Азаматтың жеке блогы : сайт. – Режим доступа : bitanazamat.kz›?p=956(03.02.2017)
Қайым Мұхаметхановтың әкесі жайлы деректер [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // shyn.kz : сайт. – Режим доступа : http://shyn.kz/article/view?id=1489(03.02.2017)
Қайым МҰХАМЕДХАНОВ : «Алаш арыстары аңсаған асыл арманыңыз осы» [Электрондық ресурс] : [Сейітқұлов М. туралы] // old.abai.kz : сайт. – Режим доступа : http://old.abai.kz/node/13249 (03.02.2017)
Қайым МҰХАМЕДХАНОВ: «Алаш арыстары аңсаған асыл арманыңыз осы [Электрондық ресурс] : [Сейітқұлов М. туралы] // i-news.kz Последние новости Казахстана : сайт. – Режим доступа : https://i-news.kz/news/2012/04/17/6383793-kaiym_myhamedhanov_alash_arystary_ansaga.html (03.02.2017)
Қаралы заман қайталанбасын! [Электрондық ресурс] : [Сейітқұлов М. туралы] // Жас Алаш. Республикалық газеті : сайт. – Режим доступа : http://www.zhasalash.kz/kogam/7250.html (03.02.2017)
Аңыз адам- ақиқат тұлға[Электрондық ресурс] : [Сейітқұлов М. туралы] // abai.kz : сайт. – Режим доступа : http://old.abai.kz/node/14322 (03.02.2017)
Память о достойных предках [Электронный ресурс] : [о Сейткулове М.] // Вечерняя Астана : сайт. – Режим доступа : http://vechastana.kz/sotsium/1001956-pamyat-o-dostoynykh-predkakh/ (03.02.2017)
ӘКЕ ЖОЛЫ [Электрондық ресурс] : [Сейітқұлов М. туралы] // Қазақ әдебиеті : сайт. – Режим доступа : http://writers.kz/journals/?ID=10&NUM=291&CURENT=&ARTICLE=7797 (04.02.2017)
"Это наша память и наш долг": Имена К.Мухамедханова и М.Сейткулова должны быть увековечены - директор общественного фонда Д.Мухамедханова[Электронный ресурс] : [о Сейткулове М.] // kazinform- Халықаралық ақпарат агенттігі : сайт. – Режим доступа : http://www.inform.kz/kaz/article/2273536 (04.02.2017)
Репрессии XX века уничтожали в людях духовно-нравственные ценности - профессор Д.Мухамедхан[Электронный ресурс] : [о Сейткулове М.] // kazinform – Международное информационное агенство : сайт. – Режим доступа : http://inform.kz/rus/article/2663721 (04.02.2017)
Не отрываться от корней [Электронный ресурс] : [о Сейткулове М.] // kazpravda.kz : сайт. – Ржим доступа : http://www.kazpravda.kz/news/view/9860 (04.02.2017)
Бывший город Алаш [Электронный ресурс] : [о Сейткулове М.] // Караван : сайт. – Режим доступа : http://www.caravan.kz/article/55103 (04.02.2017)
Д. Мұхамедханқызының жеке мұрағатынан
Из личного архива Д. Мухамедхан
Тоқтамышев Хамит (туған және өлген жылдары белгісіз) - Алашорда үкіметінің әскери қайраткері.
Әскери шені - капитан (кейбір деректерде подполковник). Алаш милициясын ұйымдастыруға белсене атсалысты. Оның басшылығымен Семейде құрамында 38 офицер мен 750 жауынгері бар 1Алаш полкі құрылды. Өскеменде Алаш автономиясының әскери оқу орнын ашуға жетекшілік етті. Уақытша Сібір үкіметі және атаман Б. В. Анненковпен тығыз байланыста болды. «Сарыарқа» газетінде Алаш милициясының кеңестік билікпен жүргізіп жатқан күресі жайында бірқатар мақалалар жарияланды. Жетісу өңірінде Қызыл армиямен болған соғыс қимылдары кезінде Алаш әскеріне басшылық жасады.
Х. Тоқтамышев туралы әдебиеттер
Литература о Тохтамышеве Х.
Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Арыс, 2009. - 544 б. – Тоқтамышев Хамит: б. 306.
Тілешов, Е. Алаш қозғалысы [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы . – Алматы : Сардар, 2014. – 528 б. – Тоқтамышев Хамит: б. 391.
Редакционная заметка о прибытии в г. Семипалатинск казахских отрядов 9 (22) июня 1918 г. [Текст] : [упоминание о Тохтамышеве Х.] // Восточное отделение Правительства Алашорды : сборник документов / сост. Е. Б. Сыдыков и др. – Семей, 2010. - С. 91, 93.
Из приказа командира 1-го Алашского степного конного полка о назначении поручика Бобырева [Текст] : [упоминание о Тохтамышеве Х.] // Восточное отделение Правительства Алашорды : сборник документов / сост. Е. Б. Сыдыков и др. – Семей, 2010. - С. 136.
Интернет-сілтемелер
Интернет-ссылки
Асауов, Д. АЛАШОРДА КЕҢЕСТЕР ҮКІМЕТІН МОЙЫНДАМАҒАН [Электрондық ресурс] : [Х. Тоқтамышев туралы ақпараты бар] // Abai.kz – ақпараттық порталы : сайт. – Пайдалану орны : http://abai.kz/post/37844 (01.04.2017)
Асылбеков, М. ХАМИТ ТОҚТАМЫШЕВ – 1-ШІ АЛАШ АТТЫ ӘСКЕР ПОЛКІНІҢ КОМАНДИРІ [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // Қазақстан тарихы порталы : сайт. – Пайдалану орны : http://e-history.kz/kz/project/view/13?type=publicationproject&material_id=111 (01.04.2017)
Хамит Тоқтамышев [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // Уикипедия – ашық энциклопедиясы : сайт. – Пайдалану орны : https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A5%D0%B0%D0%BC%D0%B8%D1%82_%D0%A2%D0%BE%D2%9B%D1%82%D0%B0%D0%BC%D1%8B%D1%88%D0%B5%D0%B2 (01.04.2017)
Даирбек, А. Вооруженные силы Алаш [Электронный ресурс] : [есть упоминание о Тохтамышеве Х.] // Сарбаз : сайт. – Режим доступа https://sarbaz.kz/ru/history/16591200-voorugennye-sily-alash (01.04.2017)