Известные имена

Дүйсенбин С. Т.

Дүйсенбин Сыздық Таласпайұлы – Алаш қозғалысының қайраткері, Семей облыстық Алашорда комитетінің мүшесі.

1877 жылы Қарқаралы уезінің Кент болысында дүниеге келген. 1898 жылы Омбының 3 кластық уездік училищесін іс жүргізуші мамандығы бойынша аяқтаған. 1898-1902 жж. – Қарқаралы уезі басқармасының іс жүргізушісі, 1907-1917 жж. – Семей сот ведомствосының іс жүргізушісі. 1917-1920 жж. Семейдегі облыстық қазақ комитетінің және Семей уездік Земство басқармасының белсенді мүшесі. Бұдан кейінгі тағдыры белгісіз.

 

С. Т. Дүйсенбин туралы әдебиеттер

Литература о Дуйсенбине С. Т.

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия / құраст.: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. - Алматы : Арыс баспасы, 1999.- 544 б. – Дүйсенбин Сыздық Таласпайұлы: б. 148.

Шаяхметов, Н. Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін [Мәтін] / Н. Шаяхметов. - Алматы, 2001.

Еңсеұлы Т.

Еңсеұлы Таңғыт (1879-1952) – қоғам қайраткері, ру басы, Алаш қозғалысының өкілі.

Ол 1879 жылы Қытайда, Тарбағатай аймағы, Дөрбілжің ауданында дүниеге келген. Әкесі Еңсе үкірдай қажыға барарда Таңғытты өз орнына найман елінің жұмық руына үкірдай етіп қойып кеткен. Ол осы орында 1897 жылдан 1936 жылға дейін болды. Таңғыт өзінің әділдігімен, парасаттылығымен ел көңілінен шығып отырған. Халықтың оқу-білімін жетілдіру жағына баса назар аударды. Азамат соғысы жылдары А. Байтұрсынов, М. Дулатов және Р. Мәрсеков басталған Алаш қайраткерлері Қытайға өтіп, Таңғыттан жергілікті қазақтармен кездестіруді сұраған. Таңғыт қарсы болмай Шәуешек қаласында Тарбағатай аймағындағы төрт үкірдайдың басын қосқан. Алашорда басшыларының келу мақсатынан хабарланған кеңес үкіметі өкілдері іске араласып, бұларды таратып жіберді. 1944 ж. Шығыс Түркістан Республикасы құрылғанда Таңғыт әскер жинап, заттай көмек берді. Осы еңбегіне орай Шығыс Түркістан өкіметінің тәуелсіздік орденімен марапатталған (1946). 1933 ж. Таңғыт қытай билігіне қарсы дүнгендермен бірлесіп қарулы көтеріліске қатысты. 1938 ж. осыған байланысты оны жергілікті қытай өкіметі 10 жылдық қамау жазасына отырғызып,  елден шықпауға ұйғарым жасады. Қытайда коммунистік партиясы билік басына келгенен кейін «Алашордамен тіл табысқан, Кеңес Одағына қарсы шыққан» деген айып тағылып, ату жазасы кесілді (1952).

Таңғыт Еңсеұлы туралы әдебиеттері

Литература о Тангыте Енсеулы

 

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия / құраст.: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. - Алматы : Арыс, 2009. – Таңғыт Еңсеұлы: б. 300-301.

 

Айбын[Мәтін] : энциклопедия / бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011. - 880 б.

 

Қаниұлы, М. Таңғыт үкірдай [Мәтін] : [Қытай жеріндегі құлыстай қазақтарының аға сұлтаны болған қазақ азаматы Таңғыт үкірдай жайында] / М. Қаниұлы // Жұлдыз. - 2000. - № 2. - Б. 131-137.

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Шығыс Түркістан һәм «Алаш қозғалысы» идеясы [Электрондық ресурс] : [Таңғыт Еңсеұлы туралы] // qasym.kz : сайт. – Режим доступа : http://qasym.kz/shygys-turkistan-am-alash-kozgalysy-ideyasy/ (07.02.2017)

Таңғыт Еңсеұлы [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // Уикипедия – ашық энциклопедиясы : сайт. – Режим доступа : https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D2%A3%D2%93%D1%8B%D1%82_%D0%95%D2%A3%D1%81%D0%B5%D2%B1%D0%BB%D1%8B (07.02.2017)

Ермеков Ә.

Ермеков Әлімхан Әбуұлы – қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, тұңғыш қазақ профессор-математик Ермеков Әлімхан Әбуұлы (1891-1970) – қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясы жетекшісінің бірі, ғалым, тұңғыш қазақ профессор-математик.

1891 жылы Семей облысы Қарқаралы уезі Темірші болысында (қазір Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы) дүниеге келген. 1912 жылы Томск технологиялық институтын аяқтайды.

1917 ж. Қазан төңкерісі күндері Әлімхан Ермеков бесінші курста оқып жүрген еді, қазан оқиғалары оқуын жалғастыруға мүмкіндік бермеді. 1917 жылы Орынборда «Алаш» партиясының Жалпықазақ съезі өтті. Съезде төрағасы Әлихан Бөкейханов болып, «Алашорда» үкіметі сайланды. Үкімет құрамына алдыңғы қатардағы интеллигенция өкілдерімен бірге Әлімхан Ермеков те кірді.

1920жылы Ә.Ермеков Қазақ ССР-і Орталық Атқару комитетінің мүшесі ретінде Мәскеуге жіберіледі, онда В.И.Лениннің басшылығымен болған жиында Қазақстанның жағдайы туралы баяндама жасайды. Шекара мәселесі туралы өткір талқылау барысында ол Қазақстанға бұрын Ресей қарамағында болған маңызды аумақтарды қайтарады Олар: Коростылев даласы, Семей және Ақмола облыстары, Каспий теңізінің солтүстік жағалауы.  

1920 жылы Әлімхан Ермеков Өлкені басқару жөніндегі коллегияның төрағасы қызметін атқарады. Томскі технологиялық институтын бітірген соң, тау инженері және геологиялық барлау мамандығы дипломын алады. 1921 жылы Әлімхан Ермеков Қарқаралыда екі сатылы мектеп және педагогикалық техникум ашады. 1925 жылы Ә.Ермеков Семей қаласына шақырылып, Қазақстанның Орынбордағы Жоспарлау комитетінің төрағасы болып бекітіледі және өнеркәсіп секциясына жетекшілік етеді. 1926 жылдан бастап ол жоғары білімді маман ретінде Ташкент және Алматы жоғары оқу орындарына тартылады. Ә.Ермеков Қазақ Педагогикалық университетінде, Алматы зооветеринарлық институтында математика кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарады.    

1935 жылы СССР ВАК-сы оған математика және теориялық механика профессоры атағын береді. Ол Алматы тау-кен – металлургия институтында жалпы техникалық факультет деканы болды. Ә.Ермеков – тұңғыш қазақ-математик, прфессор, жоғары математикадан қазақ тіліндегі оқулықтың авторы, Европа тілдерінің білгірі, жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті және білімді педагог. 1932-1936 жж. жоғары техникалық оқу орындары үшін қазақ тілінде математика терминологиясын әзірлеп, ұсынды. 1937 ж. күзде Ә.Ермеков Мәскеуге кетіп, Куйбышев математика кафедрасының меңгерушісі қызметіне жіберіледі және онда 1938 ж. дейін қызмет істейді. Сол жылы тұтқындалып 10 жылға сотталады, бірақ мерзімі 6 жылға азайтылады. Дегенмен, Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты лагерьде тоғыз жыл, 1947 жылға дейін қамауда болды. 1948 жылы тағы он жылға қамалады. 1955 жылы Ә.Ермеков босап, Қарағанды қ. оралады. Ә.Ермеков тергеу мен қамауда жалпы он сегіз жыл болды. Дегенмен, ресми түрде ақталғаннан кейін де, Ермековтың есімі ұзақ жылдар бойы аталмады. Ол 1955 жылы 7 наурызда ақталып, құқығы толығымен қайтарылды.          

1955 жылдан бастап Қарағанды Политехника университетінде оқытушы болады. 1970 жылы 79 жасында қайтыс болды.

Қарағанды, Қарқаралы қ. көшелері, арнайы Кітап Үйі, Ағадырдағы №131 орта мектеп Ә.Ермековтың есімімен аталады. 1998 жылы Ә.Ермековтың туған жері Ақтоғайда Алашорда» қозғалысының белсенді жетекшілері Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаевқа ескерткіш ашылды.

 

А. Ермеков туралы әдебиеттері

Литература об Ермекове А.

 

Кітаптар – Книги

 

Аманжолова, Д. А. Партия Алаш [Текст] : история и историография / Д. А. Аманжолова. - СГПИ имени Шакарима, 1993. - 137 с.

Тәбәрікұлы, С. Алаш Арыстары [Мәтін] / С. Тәбәрікұлы. - Алматы : Кайнар, 1999. - 48 с.

Алаш қозғалысы [Текст] : құжаттар мен материалдар жинағы. Желтоқсан 1917 ж. - мамыр 1920 ж. Движение Алаш : сборник документов и материалов. Декабрь 1917 г.- май 1920 г. Т. 2. - Алматы, 2005. - 496 б.

Алаш ақиықтары [Мәтін] : мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар. - Алматы, 2006. - 288 б.

Ескендірұлы (Әбдешев) М. «Алаш Орда» министрлері=Министры «Алаш Орды» [Мәтін] / М. Ескендірұлы (Әбдешев). - Алматы, 2008. - 114 с.

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия / құраст.: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. - Алматы : Арыс баспасы, 2009.- 544 б. - Ермеков Әлімхан Әбуұлы: б. 152-153.

Жанбосинова, А. С. Краткая энциклопедия истории Алаш и Алаш орда [Текст] / А. С. Жанбосинова. - Усть-Каменогорск : Берель, 2013. - 204 с.

История Восточного Казахстана [Текст]. Ч. 2 : История Восточного Казахстана с начала XX века до современности : хрестоматия для 9 класса общеобразовательных школ ВКО / сост. Д. И. Бралинова [и др.]. - Семей : Тенгри, 2013. - 452 с.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Ермеков Әлімхан Әбуұлы: б. 329-330.

 

Мақалалар – Статьи

 

Өзбекұлы, С. Автономия жөніндегі айтыс [Мәтін] : Ә. Бөкейханов, Р. Мәрсеков және Ә. Ермековке қатысты Томскіден табылған тың дерек / С. Өзбекұлы, Қ. Құдайбергенов // Егемен Қазақстан. - 2002. - 29 қараша. - Б. 12.

Өскембаев, Қ. Ә. Ә. Ермековтің қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметі [Мәтін] / Қ. Өскембаев. - Қарағанды, 2003. - 278 б.

Аязбаева, Г. Алаштың алғашқы математигі [Мәтін] / Г. Аязбаева // Семей таңы. - 2011. - 31 мамыр. - Б. 3.

Үдербаев, А. Әлімхан Ермеков «Ұлы математика курсы» оқулығы [Мәтін] / А. Үдербаев // Дала мен қала. - 2011. - 21 наурыз. - Б. 14.

Құсайынұлы, С. Қазақтың қуаты артық Әлімханы / С. Құсайынұлы // Дарабоз. - 2013. - № 7. - Б. 4-7.

***

Попов, Ю. Алимхан Ермеков [Текст] : страницы жизни / Ю. Попов // Индустриальная Караганда. - 1992. - 7 мая.

Попов, Ю. Иван Шухов и Алимхан Ермеков [Текст] / Ю. Попов // Простор. - 2011. - № 3. - С. 187-188.

Домбровский, Я. Завтра было вчера [Текст] / Я. Домбровский // Экспресс К. - 2013. - 7 февраля. - С. 6.

Кыдыралина, Ж. Алимхан Ермеков [Текст] : служение Отчизне / Ж. Кыдыралина // Мысль. - 2013. - № 5. - С. 72-75.

Кыдыралина, Ж. Алимхан Ермеков и Каныш Сатпаев [Текст] : линии судеб / Ж. Кыдыралина // Мысль. - 2014. - № 8. - С. 87-91.

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Ермеков, Алимхан Абеуович [Электронный ресурс] : [биография] // Википедия – открытая энциклопедия : сайт. – Режим доступа : https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D1%80%D0%BC%D0%B5%D0%BA%D0%BE%D0%B2,_%D0%90%D0%BB%D0%B8%D0%BC%D1%85%D0%B0%D0%BD_%D0%90%D0%B1%D0%B5%D1%83%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87 (09.02.2017)

Алимхан Ермеков [Электронный ресурс] : [биография] // Студенческая библиотека онлайн : сайт. – Режим доступа : http://studbooks.net/614977/istoriya/alimhan_ermekov (09.02.2017)

Попов, Ю. Алимхан Ермеков - один из создателей Казахской автономии "Алаш" (история) [Электронный ресурс] : [биография] / Ю. Попов // ЦентрАзия : сайт. – Режим доступа : http://www.centrasia.ru/newsA.php?st=1453844400 (09.02.2017)

Научно-педагогическая деятельность Алимхана Ермекова [Электронный ресурс] : [биография] // articlekz.com : сайт. – Режим доступа : http://articlekz.com/article/10771 (09.02.2017)

Алимхан Абеуович Ермеков [Электронный ресурс] : [биография] // Карагандинский Государственный Технический университет : Музейный комплекс КарГТУ : сайт. – Режим доступа : http://museum.kstu.kz/ErmekovAE.html (09.02.2017)

Ережепов Ә.

Ережепов Әбдікәрім - ағартушы, қазақ ұлттық қозғалысының идеологы, қоғам және саяси қайраткерЕрежепов Әбдікәрім (1862-1934) - ағартушықазақ ұлттық қозғалысының идеологы, қоғам және саяси қайраткер.

Орта Жүздің Найман тайпасы, Қаратай руынан шыққан. А. Ережепов жергілікті медреседен сауатын ашқан. Әкесінің тұтқындалуына байланысты Санкт-Петербург орман шаруашылығы институтында бірінші курсты аяқтаған соң, оқуын тоқтатуға мәжбүр болады. Ол Семей облысы, Өскемен уезі, Шыңғыстай болысының басқарушысы болып сайланып, оны 1918 жылға дейін басқарады; 1-Мемлекеттік Дума депутаты болған. Алтайдағы тұңғыш Шыңғыстай екі сыныптық орыс-қазақ мектебінің негізін қалайды. Оның шақыруымен мектепте ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров сабақ берген. А. Ережепов - «Әйелге кеңшілік беру һәм жесір дауын жоғалту» құжатының авторы. Ерте жастан атастыруға тыйым салу, яғни ержеткен ұл мен қыз бірін-бірі көріп, мән-жайларын аңғарысып, ризалық білдірместен бұрын екі жақтың әкелері құдалыққа сөйлеспейді деген ұстанымды дәлелдеп шығады. А. Ережепов Әлихан Бөкейханов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Тұрағұл Абайұлы, Мұстафа Шоқай секілді сол дәуірдегі қазақ халқының озық ойлы зиялыларына жақын болып, олардың шығармашылығымен етене танысады. Алаш партиясы бағдарламасын жасауға қатысқан. 1928 жылы тұтқындалып, алайда қашып құтылады. Ұлдары және туыстарымен Отанын тастап, Алтай округінің Синьцзян (Қытай) өңірі шекарасына асады.

 

 

Ә. Ережепұлы туралы әдебиеттер

Литература об Ережепулы А.

 

 

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Арыс, 2009. - 544 б. – Ережепов Әбдікәрім: б. 151.

Баянғазыұлы, Е. Шығысым - шырайлы мекенім [Мәтін] : [Әбдікерім Ережепұлы туралы естеліктер] / Е. Баянғазыұлы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2012. - 275 б.

Мағзұмов, Т. Алтай алашы [Мәтін] : [болыс болып, ел басқарып, бөтен жерден топырақ бұйырған Әбдікерім Ережепұлының өмірі баяндалады] / Т. Мағзұмов. - Өскемен : Шығыс Ақпарат, 2014. - 260 б.

Мағзұмов, Т. Алтай алашы [Мәтін] : [Ә. Ережепұлы туралы] / Т. Мағзұмов. - Өскемен : Шығыс Ақпарат, 2015. - 332 б.

Ысқақ, Қ. Аруақ алдындағы парызымыз [Мәтін] : [Әбдікерім Ережепұлы мен оның әулеттері] / Қ. Ысқақ // Дидар. - 2002. - № 49. - Б. 3.

 

Зәкенұлы, Т. Ақылды таразы қыл демеп пе едім... [Мәтін] : [Ә. Ережепұлы туралы] / Т. Зәкенұлы // Дидар. - 2010. - 7 маусым. - Б. 5.

 

Қайнарұлы, М. Шыңғыстай шамшырақтары [Мәтін] : [Ә. Ережепұлы туралы] / М. Қайнарұлы // Менің өлкем. - 2012. - 9 ақпан. - Б. 9.

Қайратқызы, М. Тұңғыш білім ордасы [Мәтін] : [Шыңғыстай мектебінің тарихынан] / М. Қайратқызы // Менің өлкем. - 2013. - 14 ақпан. - Б. 3.

Ғазезұлы, С. Әбдікерім Ережепұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Бағила Әбдікерімқызы туралы [Мәтін] / С. Ғазезұлы // Арай. - 2016. - 8 сәуір. - Б. 3.

 

Ғазезұлы, С. Жазықсыз жапа шеккендер [Мәтін] : [Әбдікерім Ережепұлының Қытайдағы тағдыры туралы] / С. Ғазезұлы // Арай. - 2016. - 8 сәуір. - Б. 3.

 

Мұхамадиұлы, М. Жусанда туған жердің иісі бар [Мәтін] : [Саясат кесірінен шетелге кетуге мәжбүр болған қазақтар туралы] / М. Мұхамадиұлы // Ертіс өңірі. - 2016. - 3 ақпан. - Б. 11.

 

Шаймұрат, А. Болыс Әбдікерім Ережепұлы [Мәтін] / А. Шаймұрат // Қазақ тарихы. ­ 2016. ­ № 3. ­ Б. 63.

Алтайдың алтын алқасы [электрондық ресурс] : [Әбдікерім Ережепұлы туралы]. - Астана, 1998. - 230 б.

***

Мусин, М. Маленький человек во френче [Текст] : [об А. Ережепове] / М. Мусин // Семь дней. - 2006. - 5 мая. - С. 5.

Обухов, В. Бой у заставы "Матвеевка" [Текст] : [об А. Ережепове] / В. Обухов // 7 дней. - 2014. - 7 августа. - С. 7.

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Шәкен, Ж. Алаш ұлдарын алысқа қуған кеңестік зұлмат[Электрондық ресурс] : [А. Ережепов туралы] / Ж. Шәкен // el.kz : сайт. – Пайдалану орны : http://old.el.kz/m/articles/view/content-19648(09.02.2017)

 

Қайнарұлы, М. Оралханға аттестат берген ұстаз[Электрондық ресурс] : [А. Ережепов туралы] / М. Қайнарұлы // Алаш айнасы : сайт. – Пайдалану орны : http://alashainasy.kz/culture/oralhanga-attestat-bergen-ustaz-66572/(09.02.2017)

 

Кәрімхан, З. ВОЗЛЮБЛЕННАЯ СУЛТАНМАХМУТА[Электронный ресурс] : [об Ережепове А.] / З. Кәрімхан //e-history.kz: сайт. – Режим доступа : http://e-history.kz/ru/publications/view/2400(09.02.2017)

 

 

Жанатаев К.

Жанатаев Көкбай – ақын, ағартушы, Абайдың шәкірті, Алаш қозғалысының жақтаушысыЖанатайұлы Көкбай (1864-1925) – ақын, ағартушы, Абайдың шәкірті, Алаш қозғалысының жақтаушысы.

Семей уезі (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы), Мұқыр болысы, Тақыр өңірінде, Көкше руынан шыққан Еспай ауылында дүниеге келген. Көкбай Жанатайұлы – Абайдың шәкірті әрі жақын досы, қазақ әдебиетінде Абай дәстүрін жалғастырушы.

Көкбайдың балалық шағы өзі молдадан білім алған ауылда өтеді. Кейін Семей қаласындағы орыс приходскі училищесіне оқуға түседі (1878). Сонда үш сыныпты аяқтаған соң, медресеге түсіп, төрт жылдан соң, молда аттестатын алып, өз ауылына оралып, араб граматикасын оқытады. Өз қаражатына медресе салғызады (1901). Аталған медресе 1922 жылға дейін, 20 жылдан астам уақыт ауыл балаларына білім береді. Осы медреседен 300-ден астам адам сауатын ашқан. Кейбір дарынды шәкірттер тәлімгер әрі ұстаз Көкбай Жанатайұлының дәстүрін жалғастырған. Олардың қатарында көрнекті ақындар - Тайыр Жомартбаев, Есентай Бердин.

Қазан төңкерісінен кейін К. Жанатайұлы өз басшылығымен медресені жаңа үлгідегі мектепке айналдырады. Балаларға арнап «Араб тілінің грамматикасын» шығарады, бұл оқу құралы өлең түрінде жазылған.

Көкбай Жанатайұлы Алаш қозғалысын жақтап, қолдау берген. «Алаш» партиясын қорғап халыққа үндеу тастаған («Сарыарқа» газеті, 1917, № 26).

Ақын шығармаларында тәуелсіздікке шақырған үн бар («Сабалақ» («Абылай» поэмалары), сондай-ақ, «Дүтбайға», «Мұсажанға», «Семей саудагерлеріне» шығармаларында ақын тапқыр сатирамен екіжүзділер мен парақорларды әшкерелейді. Шығармаларының арасынан «Алаш» партиясы қайраткерлеріне арналған өлеңдер де кездеседі.  

1925 жылы ұзаққа созылған аурудан қайтыс болған.

 

К. Жанатайұлы шығармалары 

Произведения К. Жанатайулы 

 

Кітаптар - Книги

 

Жанатайұлы, К. Шығармалары [Мәтін] / К. Жанатайұлы. - Алматы : Информ-Арна, 2001. - 192 б.

Жанатайұлы, К. Шығармалары [Мәтін] / К. Жанатайұлы . - Астана : Фолиант, 2011- ... .- (Алтай - Ертiс кiтапханасы)

Т. 1. Өлеңдер, айтыс-қағыстар, қисса-дастандар [Мәтін] / құраст. Ж. Әубәкiр. - 256 б.

 

Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалар

Публикации в периодических изданиях и сборниках

 

Жанатайұлы, К. Абайға : өлең // Бес ғасыр жырлайды. Т. 3 . - Алматы,1985. - Б. 114.

Жанатайұлы, К. Сабалақ [Мәтін] : Абылай хан туралы дастан / К. Жанатайұлы // Абай. - 1992. - № 3. - Б. 59-66.

Жанатайұлы, К. Әудем жер [Мәтін] : ән / К. Жанатайұлы // Семей таңы. - 1993. - 3 шілде.

Жанатайұлы, К. Алаш көсемiнiң ақтық сәтi [Мәтін] : [Ә. Бөкейханов өмiрiнiң соңғы күндерiнен деректер] / К. Жанатайұлы // Түркiстан. - 1995. - 17 мамыр.

Жанатайұлы, К. Абай туралы естелiк [Мәтін] / К. Жанатайұлы // Абай институтының хабаршысы.- 2011. - № 1. – Б. 19-24.

Жанатайұлы, К. Абай шын мағынасындағы мұсылман едi [Мәтін] / К. Жанатайұлы // Алаш айнасы. - 2011. - 10 тамыз. – Б. 4.

Жанатайұлы, К. Абай насихатының түпқазығы - адамшылық, ақтық, әдiлет болатын [Мәтін] / К. Жанатайұлы // Жұлдыздар отбасы. - 2014. - № 15. - Б. 40-41. - Автор, Абайдың шәкiрт досы ақын туралы жазғаны берiлген.

Жанатаев К. туралы әдебиеттер - Литература о Жанатаеве К.

 

К. Жанатайұлы туралы әдебиеттер

Литература о К. Жанатайулы

Кітаптар – Книги

Көкбай Жанатайұлы (1863-1927) [Мәтін] // Дау шешедi дана сөз. - Алматы,1996. – Б. 214-215.

Әуезов, М. О. Абайтану дәрістерінің дерек көздері [Мәтін] / М. О. Әуезов. - Алматы : Санат, - 1997. - 448 с. – Көкбай Жанатайұлы (1861-1927): б. 106-107.

Әуезов, М. Көкбайдың ақындығы [Мәтін] / М. Әуезов // Мырзахметұлы М. Әуезов және Абай. - Алматы : Қазақстан, 1997. - 272 б. - Б. 236-244.

Абылқасымов, Б. Көкбай ақын [Мәтін] : көмекшi құрал / Б. Абылқасымов. – Алматы : РБК, 1998. - 56 б.

Әубәкір, Ж. Шындықтан басқа жолға түсе алмаймын [Мәтін] : Көкбай мұрасы хақында / Ж. Әубәкір. – Алматы : Информ-Арна, 2002. - 195 б.

Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін] / Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Алаш : Ел-шежіре, 2005 - 2012.

Т. 4. Абай мұрагерлері. Естеліктер [Мәтін]. - Алаш, 2005. - Көкбай Жанатайұлы (1861-1925): б. 9-32.

Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш. - Семей : Талант, 2005. - Көкбай Жанатайұлы: б. 30-32.

Абылқасым, Б. Ш. Абай мектебiнiң көрнектi өкiлi [Мәтін] : Көкбай Жанатайұлының шығармашылығы жайлы / Б. Ш. Абылқасым // Шәкәрiм Құдайбердiұлының шығармашылығын зерттеудiң өзектi мәселелерi: Республикалық ғылыми-теоретикалық конференциясының материалдары (30-31 наурыз 2006 ж.). - Семей, 2006. - Б. 60-71.

Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін] / Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Алаш : Ел-шежіре, 2005 - 2012.

Т. 6 : Мақалалар. Зерттеулер. Пікір хаттар [Мәтін] . - Ел-шежіре, 2008. - Көкбай ақынның әншілік өнері және «Әудемжер әні»: б. 21-31.

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Арыс, 2009. - 544 б. - Жантайұлы Көкбай: б. 164-165.

Ердембеков, Б. Абайтану [Мәтін] : оқу құралы / Б. Ердембеков. - Астана : Фолиант, 2012. - 432 б. - Көкбай: б. 211-216.

Тілешов, Е. Алаш қозғалысы [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы . – Алматы : Сардар, 2014. – 528 б. – Жанатайұлы Көкбай: б. 181.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Көкбай Жанатайұлы: б. 399-400.

***

Жиренчин, А. Абай и его русские друзья [Текст] / А. Жиренчин. - Алма-Ата : Наука КазССР, 1949. - [О поэте Кокбае Жанатаеве]: с. 114-116.

Гайнуллина, Ф. А. Литература Семипалатинского Прииртышья [Текст] / Ф. А. Гайнуллина. - Семипалатинск, 2002. - Жанатаев Кокбай: с. 25.

Писатели Семипалатинского региона [Текст] : био-библиографический указатель. - Семипалатинск : Талант, 2006. - 82 с. - Кокпай Жанатев: с. 23.

 

Мақалалар - Статьи

1987

Әуезов, М. О. Көкбайдың ақындығы [Мәтін] : [Абайдың шәкірті Көкбай туралы] / М. О. Әуезов // Жалын . - 1987. - № 1. - Б. 52-56.

1993 - 1999

Бейсенбаев, М. Өлеңдері мен өмірімен [Мәтін] : Көкбай ақын күндері / М. Бейсенбаев // Семей таңы. - 1993. - 22 шілде.

Мұртазин, Т. Көкбай ақын туралы кейбір деректер [Мәтін] / Т. Мұртазин // Семей таңы. - 1993. - 11 қыркүйек.

Мұхаметханов, Қ. Көкбай Жанатайұлы [Мәтін] : [ақын туралы] / Қ. Мұхаметханов // Семей таңы. - 1993. - 14 қазан.

Есентаев, Е. Көкбай ақындар зерттеушілердің есіне [Мәтін] / Е. Есентаев // Егемен Қазақстан. - 1994. - 19 шілде.

Тілеубекова, М. Көкбай ақын күндері [Мәтін] / М. Тілеубекова // Семей таңы. - 1994. - 24 тамыз.

Қаймолдаұлы, О. Мен көрген Көкбай ақын [Мәтін] : [Абайдың тұстасы Көкбай Жанатайұлы туралы] / О. Қаймолдаұлы // Қазақстан мектебі. - 1996. - № 11. - Б. 54-58; № 12. – Б. 65-67.

Қаймолдаұлы, О. Мен көрген Көкбай ақын [Мәтін] / О. Қаймолдаұлы // Қазақстан мектебi. - 1996. - № 11. – Б. 54-58.

Зұлхаров, Ғ. Әріптікі емес,Көкбайдікі [Мәтін] : ["Қандыжап"дастаны Көкбай Жанатаевтікі екені расталып отыр] / Ғ. Зұлхаров // Қазақ әдебиеті. - 1997. - 2 желтоқсан. - Б. 6.

Сейсенұлы, Д. Көкбай ақынның мұражайы ашылды [Мәтін] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 1997. - 25 қыркуйек.

Әубәкiров, Ж. Көкбай шығармашылығы М. Әуезов зерттеуiнде [Мәтін] / Ж. Әубәкіров // Қазақ тiлi мен әдебиетi. - 1998. - № 9-10. – Б. 93-97.

Әубәкір, Ж. Көкбай ақын ұлы ұстазы хақында [Мәтін] : [Абай Құнанбаев жайында] / Ж. Әубәкір // Семей таңы. - 1998. - № 23 шілде. - Б. 11. - ақын Көкбай туралы.

Мұртаза, Т. Ж. Көкбай менiң нағашым едi [Мәтін] : [Көкбай Жанатайұлы туралы] / Т. Ж. Мұртаза // Абай. - 1999. - N 4. – Б. 56-60.

2000 - 2008

Оразалин, К. Абайдан соңғы арыстар [Мәтін] : [тарихи роман] / К. Оразалин // Жұлдыз. - 2000. - №6. - Б. 56-103. - Романда Абайдың шәкірттері Шәкәрім, Көкбай, Мекайіл,Әлихан өмірлері жайында көптеген мағлұматтар берілген.

Оразалин , К. Ғасырдан озған жылдар [Мәтін] / К. Оразалин // Абай. - 2000. - № 1. - Б. 74-79. - Көкбай туралы.

Жүнiс, Қ. Көсiле жырлайтын Көкбай ақын [Мәтін] : [Абайдың шәкiртi Көкбай Жанатайұлының 140 жасқа толуына орай] / Қ. Жүніс // Дидар. - 2002. - 20 қаңтар. – Б. 4.

Әйнекбайұлы, С. Ұлы Абайдың шәкiртi [Мәтін] : Көкбай Жанатайұлының туғанына 140 жыл / С. Әйнекбайұлы // Орталық Қазақстан. - 2004. - 16 наурыз. – Б. 12.

Айсана, Қ. Шыңғыс өңіріндегі шешендік сөз өкілдері [Мәтін] / Қ. Айсана // Семей таңы. - 2005. - 28 қазан. - Б. 4. - Импровизатор ақын Көкбай туралы.

Оразғалиева, Л. М. Абайдың ақын шәкiрттерi тiлiндегi метонимияның көркемдiк-стильдiк сипаты: ақын Көкбай Жанатайұлының шығармашылық ерекшелiктерi [Мәтін] / Л. М. Оразғалиева // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы = Вестник КазНУ. Серия филологическая. - 2006. - № 8. - Б. 171-173.

Жандос, Ә. Шәкiртi - Абай ақын, аты Көкбай [Мәтін] / Ә. Жандос // Шәкәрiм әлемi. - 2006. - № 3. – Б. 41-46.

Әубәкiр, Ж. Дана ақынның дара шәкiртi [Мәтiн] : Көкбай Жанатайұлының туғанына 145 жыл / Ж. Әубәкір // Семей таңы. - 2006. - 14 қыркүйек. – Б. 3.

Иманғали, М. Дана ақынның дара шәкiртi [Мәтiн]: Көкбай Жанатайұлының ұрпақтары жайында не бiлемiз? / М. Имағали // Жас Қазақ. - 2006. - 26 қыркүйек. – Б. 9.

Абылқасым, Б. Абай мектебiнiң көрнектi өкiлi [Мәтiн] : Көкбай Жанатайұлы / Б. Абылқасым // Шәкәрiм әлемi. - 2006. - № 1. – Б. 76-83. - Библиогр.: 7 атау.

Ердембеков, Б. "Абайдан сабақ алдым бала жастан..." [Мәтін] / Б. Ердембеков // Абай. - 2008. - № 1. – Б. 60-68. - Абайдың шәкiртi Көкбай ақынның өлеңдерi жайлы.

2010 - ...

Ердембеков, Б. Абай айналасындағы ән өнері [Мәтін] : [Абай жанындағы ән өнерінің өкілдері Көкбай, Шәкәрім жайлы] / Б. Ердембеков // Семей таңы. - 2010. - 11 наурыз. - Б. 3.

Ибрагимов, Т. Заманды түзетпейді кісі билеп [Мәтін] / Т. Ибрагимов // Семей таңы. - 2011. - 15 наурыз. - Б. 3. ; 22 наурыз. - Б. 5 ; 29 наурыз. - Б. 5 ; 13 қыркүйек. - Б. 4. - Абай және шәкірті Көкбай ақын жайлы естелік.

Әубәкір, Ж. Жанатай - әкем аты, атым - Көкбай [Мәтін] / Ж. Әубәкір // Семей таңы. - 2011. - 30 тамыз. - Б. 3.

Әбенов, Ш. Көкбай ақын [Мәтін] / Ш. Әбенов // Семей таңы. - 2011. - 13 қыркүйек. – Б. 4.

Ердембеков, Б. Абай мен Көкбай [Мәтін] / Б. Ердембеков // Ақиқат. - 2011. - № 10. - Б. 52-57.

Абайдың Көкбайға риза болуы [Мәтін] // Абай. - 2014. - № 6. - Б. 95.

Шаңбай, Т. Көкбай Жанатайұлы тағылымы. Тұлға. Ұстаз. Ақын : ақынның шығармашылығы туралы / Т. Шаңбай. - Мәтін // Ертіс өңірі. - 2021. - 25 тамыз.

 

***

Жунусова, М. Любимый ученик поэта и мыслителя [Текст] : [беседа с научным сотрудником музея-заповедника Абая о Кокбае Жанатаеве] / М. Жунусова; записала Е. Гуляева // Рудный Алтай. - 2011. - 9 сент. - С. 7.

Азмухамбетов, Ш. Возвращается то, что было утрачено [Текст] : [о Кокбайских чтениях в Абайском районе] / Ш. Азмухамбетов // Рудный Алтай. - 2013. - 26 янв. - С. 5.

Ибраева, У. А. Поэтическое окружение Абая [Текст] / У. А. Ибраева // Вести Семей. - 2016. - 9 февраля. - С. 4. - Об учениках Абая, в том числе о Кокбае Жанатаеве.

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки 

 

Абай шәкірттерінің өз бағасын алар кезі жетті [Электрондық ресурс] : [Көкбай Жанатайұлы туралы] // Алаш айнасы : сайт. - Режим доступа : http://alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/ebdefac885d3f62fab2a24abbc94b20b.pdf (04.02.2017)

Көкбай жайлы құнды құжат табылды [Электрондық ресурс] : [Көкбай Жанатайұлы туралы] // Алаш айнасы : сайт. - Режим доступа : http://alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/ebdefac885d3f62fab2a24abbc94b20b.pdf (04.02.2017)

«Cорлы Көкбай жылайды, жалайды да жырлайды...» [Электрондық ресурс] : [Көкбай Жанатайұлы туралы] // Алаш айнасы : сайт. - Режим доступа : http://alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/ebdefac885d3f62fab2a24abbc94b20b.pdf (04.02.2017)

Көкбайдың мешіт-медресе ашқаны рас па? [Электрондық ресурс] : [Көкбай Жанатайұлы туралы] // Алаш айнасы : сайт. - Режим доступа : http://alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/ebdefac885d3f62fab2a24abbc94b20b.pdf (04.02.2017)

Көкбай қалай қайтыс болған? [Электрондық ресурс] : [Көкбай Жанатайұлы туралы] // Алаш айнасы : сайт. - Режим доступа : http://alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/ebdefac885d3f62fab2a24abbc94b20b.pdf (04.02.2017)

«Әудемжердің» әуресі [Электрондық ресурс] : [Көкбай Жанатайұлы туралы] // Алаш айнасы : сайт. - Режим доступа : http://alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/ebdefac885d3f62fab2a24abbc94b20b.pdf (04.02.2017)