Известные имена

Елистратов С.А.

Elistratov SergAlekseevЕлистратов Сергей Алексеевич (1923-1947) - Кеңес Одағының Батыры.

Сергей Алексеевич Елистратов  - Орталық майдан, 65-ші армия 69-шы Қызылтулы Сева атқыштар дивизиясының 20 - жеке барлау ротасының взвод командирі, сержант.

1923 жылы 24 желтоқсанда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Бесқарағай ауданы Большая Владимировка селосында шаруа семьсяында туған. Қызыл Армия қатарына 1942 жылы шақырылып, майдан шебіне жіберіледі. 

Днепр (Чернигов-Припять операциясы, 1943) өзенінен өту кезінде ержүректілігімен көзге түсті.

1943 жылы 15 қазанда барлау бөлімінің  командирі (65-ші армия 69-шы Қызылтулы Сева атқыштар дивизиясы) сержант Сергей Елистратов бір топ барлаушылармен Радуль поселкесінің тұсында (Украина Днепрден өтіп, жаудың үш контратакасын қайтарады. Дұшпанның дзотын жарып жіберіп,  Днепрдің оң жағалауына орналасқан жау әскері туралы аса құнды мәліметтер беретін «тіл» ала кетеді. 

1943 жылы 30 қазанда әскери тапсырманы мүлтіксіз орындап, неміс басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен ерлігі үшін сержант Елистратов Сергей Алексеевичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» (№1626) медалі қоса тапсырылады.

1945 жылы С.А. Елистратов Ленинград артиллерия училищесін бітіреді. Гвардия лейтенанты С.А. Елистратов өмірден тым ерте кетті. 1947 жылы 14 қыркүйекте 24 жасқа да толмай қайтыс болды. Дағыстанның Буйнакск қаласында жерленген.

С. А. Елистратов туралы әдебиет

Литература о С. А. Елистратове

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.32.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.

***

Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – с. 251-252.

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 476 – Т.1

Интернет-ресурстар:

Герои страны  

ЦБС г. Семей 

 

Ефремов Д.И.

Ефремов Дмитрий Иванович Ефремов Дмитрий Иванович (1926-2005) – Кеңес Одағының Батыры.

68-атқыштар полкі (3-Белорус майданы, 43-армия, 70-атқыштар дивизиясы) пулеметшілер тобының командирі, сержант.
1926 жылы 10 шілдеде Симбирск губерниясы Ардатов уезінің Пашино ауылындағы шаруа отбасында дүниеге келген (қазіргі Мордовия Атяшев ауданы).
1943 жылдың қараша айында Атяшев аудандық әскери комиссариатынан Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1944 жылдың қыркүйегінен майданда, 70-атқыштар дивизиясының 68-ші атқыштар полкінің құрамында соғысқан.
Ол әсіресе Балтық жағалауы мен Шығыс Пруссияны (Шығыс Пруссия (Кенигсберг) операциясы, 1945) азат ету кезінде ерекше көзге түсті.
1945 жылдың 3-6 наурызы күндері Пертельтникен (қазіргі Калининоград облысы, Зеленоград ауданы Терновка кенті) ауылы үшін болған ұрыста сержант Ефремов өзінің пулеметімен тас жолға орналасып алып, 80 фашистен тұратын топтың жолын қиды. Жаудың барлық қарсы шабуылдарына тойтарыс беріп, 40 жауынгерінің көзін жойды. Сол аудандағы белгісіз биіктікті алу кезінде тиімді жағдайға ие болып, пулеметтен оқ жаудырды. Сөйтіп өз іс-әрекетімен биіктікті алуды қамтамасыз етті.
1945 жылдың 6-8 сәуірі аралығында Фридрихсберг (қазіргі Зелёное кенті Калининоград қаласының аумағы) елді мекеніне мықтап орналасқан жау бекінісіне шабуыл кезінде сержант Ефремов жаудың төккен оғына қарамастан Ланд-Грабен каналынан өтіп, автоматтан оқ жаудырып батальонның табысқа жетуіне ықпал етті. Тірек бекінісіне шабуыл жасау кезінде өз бастамасымен пулеметін жау тылына жеткізіп алып, жауға қарсы оқ жаудырды. Өз әрекетімен жауға үрей тудырып, елді мекенді тартып алуға септігін тигізді. Снаряд оғы тиіп зеңбірек істен шыққан кезде қаза тапқан қаруласының карабинін алып, атысты жалғастыра берді. Өзі ауыр жараланып қалғанша атысты жалғастырумен қатар, сарайға Қызыл туды желбіретіп іліп қойды.
1945 жылдың 19 сәуіріндегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы күресте әскери тапсырманы үлгілі орындап, көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін қызыләскер Ефремов Дмитрий Ивановичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» (№ 8923) медалі тапсырылды.
Батыр жеңіс күнін ауруханада қарсы алды. Соңғы шайқаста алған жарақатына байланысты ұзақ емделіп, тек 1946 жылы ғана әскер қатарынан босады. Туған жеріне келіп, орта мектепті бітіріп, колхозда жұмыс істеді.

1955 жылы қыркүйек айында Лениногор (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы) қаласына қоныс аударды. 1956 жылы Бүкілодақтық сырттай оқитын кеңес саудасының институтын бітірді. Аудандық тұтынушылар одағында, аудандық партия комитетінде есепші-ревизор, Лениногор полиметалл комбинатында есепші, 1964 жылдан Лениногор әскери кен апатынан құтқару отрядында есепші болып қызмет істеп, 1988 жылы құрметті демалысқа шықты.
Риддер қаласында тұрып, қала мектептері мен оқу орындарында жастар арасында патриоттық тәрбие жұмысын белсене жүргізді. 2005 жылы 5 қарашада дүниеден өтті.
Ленин, 1-ші және 2-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен, оның ішінде «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы батыр тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған.

                                                         Д. И. Ефремов туралы әдебиет
                                                         Литература о Д. И. Ефремове
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – 132 б.
Отан батырларын мадақтайды : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 б.

                                                                                             ***
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 493 – Т. 1
Живые голоса Победителей войны 1941-1945 гг. : сборник. - Усть-Каменогорск : Берел, 2015. - 194 с.

                                                                 Мақалалар– Статьи

Катаева, С. Один против взвода / С. Катаева // Рудный Алтай. - 1985. - 9 мая.
Манаков, Ю. Герой Советского Союза / Ю. Манаков // Рудный Алтай. - 2005. - 19 март. - С. 17.

                                                                Интернет ресурстар
                                                                  Интернет ресурсы
Ефремов Дмитрий Иванович [Электрондық ресурс] : [өмірбаяны] // Герои страны : [сайт] : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=13766

 

Журба П.П.

Журба Павел ПавловичЖурба Павел Павлович (1916-1989) - Кеңес Одағының Батыры.

132-жеке саперлік батальон бөлімінің командирі (38-атқыштар дивизиясы, 40-армия, Воронеж майданы), қызыл әскер.

1916 жылы 6 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Дарственный (қазіргі Барақ батыр) ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Білімі - бастауыш. Марқакөл ауданының кен орнында асхана меңгерушісі, милиция бөлімінде қызмет атқарады. 1938 жылы Хасан көліндегі ұрысқа қатысқан. 1941 жылдан бастап Ұлы Отан соғысына қатысқан.      

Днепр үшін шайқаста ерекше көзге түсті (Сумск-Прилукск  шабуылы, 1943 ж.) 132-саперлік батальон бөлімінің командирі, қатардағы жауынгер П.П.Журба Воронеж майданының 40-армиясы қатарында жаумен шайқасты. 1943 жылы  23-30 қыркүйек аралығында  бораған оқ  астында жауынгерлік тобымен Григоровка ауылы маңында Днепрдің арғы  жағалауына 1440 жауынгер мен офицерді, 15 танкке қарсы зеңбірек, алты тонна азық-түлік пен 26 жылқыны өткізді. 1944 жылы 10 қаңтарда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин ордені, 1-дәрежелі Отан соғысы ордені, Қызыл Жұлдыз ордені және медальдармен марапатталған.

1944 жылы ауыр жарақат алған соң және госпитальда ұзақ емделуден кейін елге қайтарылады. Алматыда тұрып, облыстық ДОСААФ комитеті бастығының орынбасары, соңынан Қазақ ССР-і Еңбек резерві  министрлігінде  қызмет атқарды. 

Кейбір деректер бойынша, Өскемен қаласында облыстық Осоавиахим Советінің нұсқаушысы, соңынан  «Нарымолово» приискісінің бастығы қызметтерін атқарған.  1989 жылы қайтыс болды.

 

П. П. Журба туралы әдебиет

Литература о П. П. Журбе

 

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Отан батырларын мадақтайды: шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары: фотоальбом = Родина награждает отважных: восточноказахстанцы – Герои Советского Союза: фотоальбом. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – 288 б.

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Б.354.

***

Бесстрашные: очерки о Героях Советского Союза из Восточного Казахстана. - Алма-Ата : Казахстан, 1964. - 158 с.

Герои Советского Союза казахстанцы: Сборник документов и материалов: В 2 т. - Алма-Ата : Казахстан, 1968. - Т.1. - С.271-272.

Герои Советского Союза: краткий автобиографический словарь. В 2-х т. - М.: Воениздат, 1987. - Т. 1. - С. 18. 

Мақалалар - Статьи 

Гришко, О. Улетали журавли / О. Гришко // Знамя коммунизма. - 1964. - 15 января.

Павел Павлович Журба: [Герой Советского Союза ; некролог] // Рудный Алтай. - 1989. - 1 февраля. - С. 4.

Жантыкеев, Р. Одна война и река двух героев : героями, как известно, не рождаются, ими становятся.../ Р. Жантыкеев // Рудный Алтай. - 2020. - 2 апреля. - С. 13.

 

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

 

Павел Павлович Журба [Электронный ресурс] : [биография] // Бессмертный полк : сайт. - Режим доступа : https://www.moypolk.ru/soldiers/pavel-pavlovich-zhurba (дата обращения (24.12.2025)

Павел Павлович Журба [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны : сайт. - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=19475 (дата обращения 24.12.2025)

 

 

 

Железняков П.Ф.

Jeleznyakov Ptr Fdr gss45Железняков Петр Филиппович (1918-1951) – Кеңес Одағының Батыры.

Петр Филиппович Железняков  - 180-ші гвардиялық шабуылдаушы авиациялық полктің эскадирилья командирі (1-Украина майданы, 2-әуе армиясы, 2-гвардиялық шабуылдаушы авиациялық корпус, 6-гвардиялық шабуылдаушы авиациалық дивизия), гвардия капитаны.

1918 жылы 7 қарашада Семей қаласында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) жұмысшы отбасында туған. 1934 жылы жеті жілдық мектепті бітіреді. Еңбек жолын қалалық типографияда жұмысшы болып бастаған. 1939 жылы қаладағы қаржы-экономикалық техникумын бітіреді.

1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, ұшқыштар училищесіне жіберіледі. 1941 жылы шілде айында 1-ші Чкалов (Орынбор) ұшқыштар даярлайтын авиация мектебін бітіреді. 19-әскери ұшқыштар мектебінде ұшқыш-инструктор болып қызмет істейді. 1942 жылы тамыз айында майданға жіберіледі.

Майданға  Жеңіске дейін жеткен 299-шабуылдаушы авиаполктің ұшқышы (1943 жылдың тамызынан 108-гвардиялық) болып кіреді. Батыс, Оңтүстік Батыс, 1-ші және 3-ші Украина майдандарында шайқасқан. ВКП(б) мүшесі болған. 1944 жылдың маусым айынан –эскадирилья командирі. Железняков басшылық еткен эскадирилья соғыс аяқталғанша 400 рет әскери тапсырмамен ұшып,  үш рет шығынға ұшырады. Әскери тапсырманы мүлтіксіз орындағаны үшін эскадирильяның  ұшу-техникалық құрамының 67 жауынгері орден, медалдармен марапатталған. 

1945 жылы мамыр айында гвардия капитаны Железняков Ил-2, Ил-10 самолеттерімен 125 рет, оның 101-де топ жетекшісі  ретінде ұшты. Шабуыл кезінде жау аэродромындағы 16 самолеттің көзін жойып, 87 автокөлігін, 16 танкті, 5 зенит батареясын, қару-жараққа толы 3 қоймасын отқа ораған, 300 солдаттың көзін жойған.

1945 жылғы 27 маусымдағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен батырлық пен ерліктік орасан зор үлгісін көрсеткені үшін гвардия капитаны Железняков Петр Филиповичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» (№8681) медалі қоса тапсырылды.

Соғыстан кейін армия қатарындағы қызметін жалғастырып, 1945 жылы Жоғарғы  авиациялық офицерлер  мектебін бітірді. 1951 жылы 25 қыркүйекте майор Железняков Волчанск қаласында (Харьков облысы) авиа апатта қаза табады.

Ленин, 3 мәрте Қызыл Ту (17.06.1943, 18.08.1943, 12.06.1945), Александр Невский (30.01.1944), Қызыл Жұлдыз (07.01.1943) ордендерімен, медалдармен марапатталған.  Семей қаласындағы қаржы-экономикалық техникум қабырғасына мемориальдық  тақта орнатылған. Техникумда Батыр мұражайы ашылған.

П. Ф. Железняков туралы әдебиет

Литература о П. Ф. Железнякове

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с. 29.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. –Б.87.

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.351.

***

Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945.- с. 213-214.

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 389 – Т.1

Мақалалар – Статьи

Крылов, Ю. Парни из нашего города: [О героях Советского Союза П.Железнякове, С.Морозове, К.Шакенове] / Крылов Ю. // Спектр. - 2000. - 14 апр. - С. 7.

Палу, Д. Петр Филиппович Железняков: [биография Героя Советского Союза, семипалатинца П. Ф. Железнякова] / Д. Палу // Вести Семей. - 2010. - 15 апр. - С. 2. : ил.

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

Герои страны

   

.

       

Зарудин Ю.Ф.

3c12a80ab03ddfc17c2bee98de4b9f21

Зарудин (1972 жылға дейін Занудин) Юрий Федорович (1923) – Кеңес Одағының Батыры.

Юрий Федорович Зарудин - 42-ші атқыштар дивизиясының 459-ші атқыштар полкінің атқыштар ротасының 2-ші Белорус майданы 49-ші армиясының командирі, аға лейтенант.

1923 жылы Семей облысының (қазіргі Шығыс ҚазақстанБородулиха ауданы Бородулиха ауылында шаруа отбасында туған. 1940 жылы 8-класты бітіреді.

1941 ж. тамызда Қызыл Армия қатарына шақырылған.1942 жылы Грозный жаяу әскер училищесін бітіріп, 1941 жылдың соңында Куйбышев облысы Поволжье әскери округінде жасақталған 58 –ші дивизия құрамына енген.

Ол 49-армияның 459-атқыштар полкі құрамында Белоруссия жеріндегі ұрыстарға қатысқан. 2-Белоруссия майданының əскерлері Днепр өзеніне жетіп, Зарудиннің ротасы Могилев облысының Горец ауданындағы тактикалық маңызы бар 192,2-биіктігін басып алды. Биіктікті қайтарып алмақ болған жаудың қарсы шабуылына тойтарыс берді. Келесі күні Зарудиннің ротасы Жевань деревнясын азат етуде жау қоршауында қалып, қосымша күш келгенше берілмеді. Оның бөлімшесі алғашқылардың бірі болып Днепр өзенінен өтті. Олар көпір салып жатқан саперлердің қимылын бүркемелеп отырды. КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымеен 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

Соғыстың соңғы жылы Шығыс Пруссия, Шығыс Померанск, Берлин операцияларына қатысты. 1953 жылы И. Сталин атындағы Әскери академияны, 1962 жылы КСРО Әуе күштері Бас штабындағы Әскери академияны бітірген. Төрт жыл Прикарпат әскери округінің полкін басқарған. 1956 жылы Венгриядағы бүліншілікті басуға қатысқан. 1962-73 жылдары Қиыр Шығыста дивизияны, корпусты, армияны басқарған. 1973-78 жылдары Ленинград әскери округі қолбасшысының бірінші орынбасары. 1978 жылы Солтүстік (Польша) әскери тобының қолбасшысы. 

1978 жылғы ақпаннан бастап-Генерал-полковник, Солтүстік әскерлер тобының қолбасшысы (Польша), 1984 жылғы қыркүйектен бастап - оңтүстік бағыттағы әскерлер Бас қолбасшысының бірінші орынбасары (ставка - Баку қ., Әзірбайжан ССР), 1985 жылғы қарашадан бастап - Вьетнам Социалистік Республикасындағы Бас әскери кеңесші.

1988 жылғы желтоқсаннан бастап отставкада.

Мәскеу қаласында тұрады. Ресей Батырлар қауымдастығының вице-президенті, РФ Үкіметі жанындағы Ресей мемлекеттік әскери тарихи-мәдени орталығының алқа мүшесі болады.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10-шы және 11-ші шақырылымының депутаты болып сайланады (1979-1989 жылдар).

"Звезда" Ұлы Отан соғысына қатысушылар Кеңес Одағының Батырлары қорының президенті болады.

Ленин орденімен (24.03.1945; 18.02.1981), үш Қызыл Ту орденімен (29.07.1943; 02.10.1944; 16.12.1972), Октябрь Революциясы ордендерімен (03.03.1987), Суворов 3-ші дәрежелі орденімен (18.12.1956), 1-ші (11.03.1985) және 2-ші (14.02.1945) дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, екі Қызыл Жұлдыз орденімен (30.12.1956; 21.02.1967), 3-ші дәрежелі "КСРО Қарулы Күштеріндегі 30.04.1975), медальдармен, шетелдік наградалармен марапатталған. 

Ю. Ф. Зарудин туралы әдебиет

Литература о Ю. Ф. Зарудине

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – 40.

Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.

***

Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – с. 277-278.

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 532 – Т.1

Мақалалар - Статьи 

Семипалатинцы - Герои Советского Союза // Семипалатинские вести. - 2004. - 10, 24 дек.

Интернет ресурстар

Интернет – ресурсы

Герои страны

Люди: биографии, истории, факты, фотографии