Известные имена

Берестов Ф.С.

Берестов Федор Сергеевич

Берестов Федор Сергеевич (1922-1944) – Кеңес Одағының Батыры.
201-гвардиялық атқыштар полкы бөлімшесінің командирі, гвардия сержанты.
1922 жылы 10 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Глубокое поселкесінде дүниеге келген. Білімі –бастауыш. «Прогресс» колхозында алдымен егісте, кейін киномеханик, май құюшы жұмыстарын істеді. 1941 жылы тамызда әскер қатарына шақырылады.
Федор Берестов 1941 жылдың қыркүйегінен Ұлы Отан соғысына қатысты. 201-гвардиялық атқыштар полкында бөлімше командирі (67-гвардиялық атқыштар дивизиясы, 6-гвардиялық армия, 1-Прибалтика майданы). Комсомол, гвардия сержанты Федор Берестов Ратьков деревнясы (Шумилов ауданы Витебск облысы) маңындағы ұрыста ерекше көзге түсті.
Белоруссия мен Прибалтиканы азат етуде ерен ерлік үлгісін көрсетті. 1944 жылы маусымда сержант Федор Берестов 1-Прибалтика майданы 6-гвардиялық армиясы, 67-гвардиялық атқыштар дивизиясының 201-гвардиялық атқыштар полкы бөліміне басшылық етті.
1944 жылы 27 қазанда Ф. С. Берестов Латвия КСР Приекуле қаласын азат ету үшін шайқаста қаза тапты. Приекуледегі бірыңғай қабірге жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен гвардияның «неміс-фашистік басқыншылармен шайқаста командалық тапсырмаларды үлгілі орындағаны және ерлігі үшін» сержант Федор Берестов қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.
Гвардия сержанты Ф. Берестов ерлігі үшін 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.
Ф. Берестов Приекуле қаласында (Латвия) бауырластар қабірінде жерленген. Батырдың отаны Глубокое ауылында ескерткіш тақта орнатылды.

 

Ф. Берестов туралы әдебиеттер

Литература о Берестове Ф.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – С.14.

Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с. – Библиогр.

***

Потапов, А. Отзовитесь друзья однополчане [Текст] / А. Потапов // Знамя коммунизма. - 1963. - 4 июня. 

Бормотов, Д. Бессмертие: о Герое Советского Союза восточноказахстанце Ф. С. Берестове  [Текст] / Д. Бормотов // Знамя коммунизма. - 1964. - 25 февраля.

Фролов, П.Высокой награды достоин [Текст] / П. Фролов // Рудный Алтай. - 1968. - 10 января.

Герои Советского Союза - казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата:Казахстан. - 1968. - Т. 2. - С.131.

Фролов, П. Он не погиб тогда [Текст] : [о Герое Советского Союза О. Ф. Берестове] / П. Фролов // Огни Прииртышья. - 1976. - 17 янвваря.

Навечно в памяти народной [Текст] : [о Герое Советского Союза, уроженце п. Глубокое Ф. С. Берестове] // Огни Прииртышья. - 1980. - 8 мая

Герои Советского Союза [Текст] : историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов и др.; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 157.

 

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

Берестов Федор Сергеевич [Электронный ресурс] // Герои страны: сайт. - Режим доступа: http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=8009 (дата обращения: 20.09.2016)
Герои страны http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=5838

Биографии Героев и писателей СССР 

Герои страны 

Ветеран ВКО


   

       

 

Болтаев Г. С

BoltaevGeorgiySemen GSSБолтаев Георгий Семенович (1914-1986) – Кеңес Одағының Батыры.

172-ші гвардиялық Қызылтулы Гнезнен Суворов орденді атқыштар полкінің автоматшылар ротасының командирі, (1-Белорус майданы, 8- гвардиялық армия, 4-гвардиялық атқыштар корпусы, Суворов пен Богден Хмельницкий орденді 57-Новобуг атқыштар дивизиясы), гвардия капитаны.

1914 жылы Қостанай қаласында (қазіргі Қостанай облысы, Қостанай қ.) шаруа отбасында дүниеге келген. Мектеп бітірген соң Семей қаласындағы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ.) «Главпарфюмерия» бірлестігінде бухгалтер болып істеген. 1936-1938 жылдарда Қызыл Әскер қатарында әскери борышын өтеген. 1939 жылы әскерге қайта шақырылып, 1940 жылы әскер қатарынан босатылған. Абакан қаласында тұрып, хакас облыстық Қызыл Крест қоғамында бухгалтер болып істеген, одан кейін Красноярск қаласына өлкелі  Қызыл Крест қоғамы  қаржы-жоспарлау бөлімінің бастығы болып ауысқан. Үшінші рет әскер қатарына 1942 жылдың мамыр айында шақырылып, Тамбов  жаяу әскер училищесіне оқуға жіберілген. 1944 жылы мамыр айында училищені бітірген соң майданға аттанады. 3-Украина, 1-Белорус майдандарында соғысып, взвод, ротаны басқарған. Люблин-Брест, Варшава-Познань шабуыл операцияларына қатысқан. Әсіресе Берлинге шабуыл кезінде  ерекше көзге түскен. 1945 жылы 16 сәуірде гвардия капитаны Г.С. Болтаев ротасы жау оғының астынан алға ұмтылып, жаудың бекінген траншеясына басып кіреді. 2 шабуыл қаруының, 5 зеңбіректің, ротаға таяу жау әскерінің көзін жойып, артиллерия батареясын тартып алды.  Ротаның сәтті әрекеті полктің Зеловкий биіктігіне шығып, жау қорғанысының жойылуына ықпал етті. Г.С. Болтаев басқарған рота Зелов қаласына (қазіргі  Меркиш-Одерланд ауданы,  Бранденбург, Германия) басып кіріп, қаланың орталық көшелерін тартып алды. Ұрыс кезінде 50-дей жау әскерін жойып, 15 солдатын тұтқынға алған.

1945 жылдың 31 мамырындағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен  неміс басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен батылдығы мен ержүректілігі үшін Болтаев Георгий Семеновичке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1946 жылдан запаста. Абакан қаласында тұрып еңбек еткен. 1970 жылдан Шешен-Ингуш АССР-нің (қазіргі Шешен республикасы) Грозный қаласында тұрған. 1986 жылы 13 тамызда қайтыс болып, Грозный орталық зиратына жерленген. Ленин (31.05.1945), Александр Невский (27.02.1945), 1-және 2-дәрежелі Отан соғысы (11.03.1985), (15.05.1945) Қызыл Ту (14.09.1944) ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Г. С. Болтаев  туралы әдебиеттер

Литература о Г. С. Болтаеве

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – : Болтаев  Георгий Семенович. - б. 276.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.13.

Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.

***

Герои Советского Союза - казахстанцы: В 2 т. - Алма-Ата : Казахстан, 1968. – с.135.

Герои Советского Союза : историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов и др.; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 182.

Интернет ресурстар

Интернет ресурстар

Болтаев Г. С. [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны Костанай и костанайцы. – Режим доступа http://pavelskaz.ru/74.html: (09.01.2018)

Болтаев Г. С. [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны . – Режим доступа http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=19016(09.01.2018)

 

Бочарников П.С.

Бочарников Петр Степанович

Бочарников Петр Степанович (1907-1944) – Кеңес Одағының Батыры.
Кіші лейтенант, 3-ші Украина майданының 57-ші армиясының 52-ші атқыштар дивизиясының 429-атқыштар полкі взводының командирі.
1907 жылы Ермачиха ауылында (қазіргі - Алтай өлкесі Мамонтов ауданы) қарапайым шаруа отбасында туған.
Мектептің төрт сыныбын бітіргеннен кейін, жалданып жұмыс істейді. 1930 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы, Зырян қаласында (қазіргі Алтай қаласы) тұрып, кеніште жұмыс істейді. 1940 жылы БКП(б) құрамына кіреді. 1943 жылы ақпанда Жұмысшы-шаруа Қызыл Әскеріне шақырылады. Андижандағы жаяу әскер училищесін бітіреді. 1943 жылдың қазан айынан бастап – Ұлы Отан соғысы майдандарында. 1944 жылдың сәуіріне қарай кіші лейтенант Петр Бочарников 3-ші Украина майданының 57-ші армиясының 52-ші атқыштар дивизиясының 429-атқыштар полкінің взводын басқарады. Днестрді алу кезінде ерекшеленеді.
1944 жылдың 12-13 сәуіріне қараған түні Бочарников Днестр арқылы Молдова КСР Григориополь ауданы Бычок ауылының маңынан басып өтеді. Новоаннен ауданының Гура-Быкулуй ауылының оңтүстік-шығыс шетінде кеңестік бөлімшелердің алға жылжуына екі пулемет кедергі бола бастағанда, Бочарников пулеметшілер оқ жаудырған сарайға кіріп, жаудың 7 сарбазын жойып жібереді, бұл оның сәтті алға жылжуын қамтамасыз етті. 1944 жылы 14 сәуірде шайқаста П. С. Бочарников қаза ерлікпен қаза тапты. Гура-Быкулуй ауылының шетінде жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығымен кіші лейтенант Петр Бочарниковқа қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сондай-ақ, ол Ленин орденімен марапатталған.
Бочарниковтың құрметіне Зырян қаласында (қазіргі Алтай қ.) көше аталды.

П. С. Бочарников туралы әдебиеттер

Литература о П. С. Бочарникове

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.281.

***

Зыряновск [Текст]. - Алма-Ата : Казахстан, 1991. - 192 с.

Есть в памяти мгновения войны [Текст] / сост. Л. В. Аксенова. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2010. - 65 с.

Интернет-ресурстар

Интернет ресурсы

Победа 1945.kz

МБОУ "Мамонтовская средняя общеобразовательная школа" Мамонтовского района Алтайского края

 

 

Борозенец С. Н.

Борозенец Степан Николаевич

Борозенец Степан Николаевич (1922 - 2016) – Кеңес Одағының Батыры.
2-ші Беларусь майданының 4-ші әуе армиясының 4-ші шабуыл авиациялық корпусының 199-шы шабуыл авиациялық дивизиясының 569-шы шабуыл авиациялық полкінің буын командирі, лейтенант.
1922 жылы 20 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Таврия (қазіргі Ұлан ауданы) ауданы Ақтөбе ауылында туған.
Тоғыз класты бітірген соң Семейге техникумға оқуға түседі де аэроклубпен айналыса бастайды. 1941 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылады. 1943 жылы С. Борозенец Орынбордағы ұшқыштар даярлайтын әскери-авиация мектебін бітіріп шығады.
1944 жылдан С.Борозенец майдан шебінде болады. 1-,2- Белорус майданындағы ұрыстарға қатысады. 1944 жылдың тамыз айында оларға жаңа тапсырма - неміс штабын құрту тапсырылады. Лейтенанттың звеносы тапсырманы сәтті орындап шығады. Грабау ауданы маңында өткен ұрыста С.Борозенецтің самолетін жау истребителі атып түсіреді. Басқарудың қиындығына қарамастан ұшқыш самолетті өз аэродромына қондырады.
569 шабуылшы авиаполктің (2-Белорус майданы, 4-әуе армиясы, 4-ші шабуылшы авиакорпус, 199-шабуылушы авиадивизия), звено командирі лейтенант С.Борозенец 94 рет жауынгерлік тапсырмамен ұшқан. Степан Борозенец үш танкті, алты паровозды, жүз жиырмаға жуық вагонды, сексен төрт машинаны жойды, зениттік және далалық артиллерияның отыз алты батареясын атып тастады, он жанармай мен оқ-дәрі қоймаларын жарып жіберді, екі жүз елуден астам сарбаздар мен жау офицерлерін қатардан шығарды.
1945 жылдың 18 тамызында Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 1956 жылы Әскери-Әуе академиясын бітіреді. Харьков қаласында тұрады. 1976 жылдан полковник С. Н. Борозенец Харьков әскери-авиация училищесінде аға оқытушы болып істеді.
Ленин, Қызыл Ту, үш рет 2-дәрежелі Отан соғысы, екі рет Қызыл Ту, «За службу Родине в ВС СССР» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 1995 жылдан С.Н. Борозенец отбасымен АҚШ-тың Чикаго қаласында тұрып, 2016 жылы 26 тамызда осы қалада қайтыс болған.

 

 С.Н. Борозенец туралы әдебиеттер

Литература о С.Н. Борозенец

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Төлепберген М. Ұшқыштар [Мәтін] / Төлепберген М. // Егемен Қазақстан. - 2005. -  16 ақпан.- Б.5

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.43.

Касаткина, О. Наш герой в Чикаго: [в США живет Герой Советского Союза С. Н. Борозенец из Усть-Каменогорска] / О. Касаткина // Устинка плюс. - 2010. - 24 июня. - С. 3.

Слямова, Зиза. Кеңес Одағының Батырымен кездесу [Мәтін] : [Таврия ауданының тумасы, чикаголық С. Борозонецпен онлайн кездесу өткізілді.] /  Слямова // Мәдениет жаршысы  / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - Өскемен, 2011. - N 5.- Б.11.

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.278.

***

Герои Советского Союза - казахстанцы: В 2 т. - Алма-Ата : Казахстан, 1968. – с.139.

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 196.

 Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

Биографии героев и писателей СССР

Герои страны

Онлайн-общение с Героем Советского Союза - С.Н. Борозенцом в Восточно-Казахстанской областной библиотеке им. А.С. Пушкина (2011).

       

Брилин П. Т.

Брилин Павел Тимофеевич

Брилин Павел Тимофеевич (1913-1969) - Кеңес Одағының Батыры.
71-ші гвардиялық атқыштар полкінің атқышы (24-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы, 43-ші армия, 3-ші Беларусь майданы).
1913 жылы 12 шілдеде Алтай өлкесінде дүниеге келген.
1928 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының (қазіргі Алтай ауданы) Соловьево ауылында тұрып, 7 сыныпты бітіріп, Зырян кен басқармасында жұмыс істей бастайды.
1935-1939 жылдарда П.Т. Брилин Қиыр Шығыста шекара қызметінде әскери борышын өтеген. 1938 жылы Павел Тимофеевич Хасан көліндегі шайқасқа қатысқан.
1941 жылдың қыркүйегінде ол қайтадан Кеңес Әскерінің қатарына шақырылып, майданға жіберіледі. Брянск, Батыс, Калинин, Сталинград, 1-Балтық және 3-Беларусь майдандарында соғысқан. Ол Орелды, Мәскеуді қорғауға, Ржев шайқастарына қатысты. Соғыс жылдарында ол бірнеше рет қатты жаралады (әртүрлі мәліметтер бойынша, 6-дан 9-ға дейін жарақат, оның ішінде 3 ауыр).
1942 жылдың желтоқсанынан бастап 24-ші гвардиялық атқыштар дивизиясында шайқасты. Сталинград майданында 2-ші гвардиялық армия құрамында Мышкова өзенінің шекарасында (Сталинградтың оңтүстігінде) Котельников жау тобының соққысын тойтаруға қатысып, ауыр жарақат алады. 1943 жылдың қараша-желтоқсан айларында 1-ші Балтық майданында 39-шы армияның 91-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында Витебск облысының (Беларусь) аумағында шабуыл шайқастарына қатысады.
71-ші гвардиялық атқыштар полкінің атқышы (24-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы, 43-ші армия, 3-ші Беларуссия майданы) гвардия қатардағы Брилин үшін 1945 жылы 7 сәуірде шайқаста Кенигсберг (Калининград) жаудың қатты атысымен кірпіш зауытының аумағына бірінші болып кіріп, бірнеше ондаған фашисті жойып жіберіп, өз бөлімшесінің жауынгерлік тапсырмасын орындайды. Ол ауыр жарақат алып, шайқас даласынан шығарылғанға дейін ат салысады. 1945 жылы 19 сәуірде оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.
Қалпына келгеннен кейін демобилизацияланады. Ұзақ уақыт Зырян қаласында (қазіргі Алтай қ.) КОКП XXII съезінің кенішінің слесарі болып жұмыс істейді. Ленин, III дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған.
1969 жылы 20 маусымда қайтыс болады. Оның есімімен Зырян қаласында (қазіргі Алтай қ.) көше аталған.

П. Т. Брилин туралы әдебиеттер

Литература о П. Т. Брилине 

 

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін]: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары: фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.284.

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.284.

***

Их именами названы" [Текст] : Путеводитель. - Усть-Каменогорск : Б.и., 1985. - 30 с.

Есть в памяти мгновения войны [Текст] / сост. Л. В. Аксенова. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2010. - 65 с.

 

Интернет-ресурстар

Интернет ресурсы

Герои страны

Электронный мемориал

Именной список