Известные имена

Логвин П.И.

Логвин Петр ИвановичЛогвин Петр Иванович (1918-1995) - Кеңес Одағының  Батыры.

Воронеж майданы 3-гвардиялық танк армиясының 6-гвардиялық танк корпусы 22-гвардиялық мотоатқыштар бригадасының взвод командирі, старшина.
1918 жылы Алтай өлкесінің Локоть ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Локоть әскери комиссариаты арқылы әскер қатарына шақырылған. 1939-1942 жылдарда НКВД-ның 8-дивизия (1942 жылдың 11 ақпанынан -29-шы) 69-полктің Забайкальеге көшірілген теміржол күзетінде қызмет етті.
1942 жылы маусым айында майданға аттанған. 70-ші армияның 141-ші атқыштар дивизиясы 82-ші атқыштар полкінің құрамында жаумен шайқасқан. 1942 жылдың наурыз айынан шайқастағы армия құрамында. Батыс, Орталық, Воронеж, 1-Украина майданында шайқасқан. Екі рет жараланған.
1943 жылы күзде Иваньково ауылының тұсында Днепрден өту кезінде ерен ерлік көрсетті. 23 қыркүйекке қараған түні корпустың мотоатқыштары қолда бар қайықтарға отырып, Днепрден өте бастайды. Днепр өзені үшін шайқаста Букрин плацдармын ұстап кеңейті үшін гвардия старшинасы П.И. Логвин Григоровка селосы маңында кескілескен ұрыстарға қатысты. Көп ұзамай қыркүйектің аяғында Букрин плацдармына өткел арқылы 3- гвардиялық танк армиясының танктері мен артиллериясы өткізілді. 1943 жылдың 12 қазанында Воронеж майданының қолбасшылары бір мезгілде Букрин және Лютеж плацдармдарынан шабуылды бастады. Бұл шабуыл Киевті азат етудің басы болатын. Осы шабуыл кезінде П.И. Логвин ерекше көзге түсті.1943 жылы 13 қазанда Черкаск облысы Канев ауданы Иваньков деревнясы (Григоровкадан 14 шақырым оңтүстікке) жанында Днепрдің оң жағалауына шабуыл кезінде гвардия старшинасы П.И. Логвин өз взводын үш рет қарсы шабуылға шығарып, жаудың 8 солдатының көзін жалғыз өзі жойды. Онымен қоймай жау тылына өтіп, жаудың зеңбірегінің көзін құртып, зеңбіректі басып алған. Екінші шабуылда жаудың пулеметін қолға түсірген. Қаруластарына ерлік үлгісін көрсете отырып, жаяу әскердің алға жылжуына жол ашқан.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10 қаңтардағы жарлығымен
П.И. Логвинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1945 жылы П.И. Логвин НКВД –ның Харьков шекара училищесін бітіріп, Прибалтика мен Молдавия шекара заставасында қызмет етті.
1947 жылдың желтоқсан айынан – запаста. Армия қатарынан босаған соң Нальчик қаласында тұрған. 1950 жылы Өскемен қаласына қоныс аударған. 1980 жылға дейін облыстық автотресте автоколоннаның бастығы болған. Өскемен қаласының Құрметті азаматы (1985).
1995 жылы 22 маусымда қайтыс болды. Ленин (10.01.1944), І-дәрежелі Отан соғысы (11.03.1985) ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Өскемен қаласының Құрметті азаматы. Сондай-ақ 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірқатар медальдармен марапатталған.
Өскемендегі көшеге Логвин есімі берілді

П. И. Логвин туралы әдебиет

Литература о Логвине П. И. 

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.504.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.157.

Интернет-ресурстар

Интернет-ресурсы

Герои страны

ЦБС г. Усть-Каменогорска





Лут Н.Е.

Лут Николай  ЕвсеевичЛут Николай  Евсеевич (1918-1944) - Кеңес  Одағының Батыры

77-гвардиялық Чернигов атқыштар дивизиясының 218-гвардиялық атқыштар полкі взвод командирінің көмекшісі, гвардия аға сержанты.
1918 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Таврия ауданы Митрофановка ауылында шаруа отбасында туған. Соғысқа дейін Жданов атындағы колхозда жылқышы болып еңбек еткен.
1941 жылы маусымда Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1943 жылдың тамызынан бастап Ұлы Отан соғысы ұрыстарында. Орталық, Воронеж және 1-Украина майдандарында шайқасты.
Днепрдің оң жағалауындағы плацдармды басып алу кезінде көрсеткен ерлігі мен қайсарлғы үшін аға сержант Н.Е. Лутқа 1944 жылы 15 қаңтарда Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.
Бұйрық бойынша Днепрге шабуыл 1943 жылдығң 27 қыркүйекке қараған түні басталды.
Өзен үстінде қою түн еді. Ұрыстың алдында бірнеше сағат бұрын 218 гвардиялық атқыштар полкінің лейтенант Мелик Мегерамов басқаратын атқыштар ротасында ашық партия жиналысы болды. Рота парторгі Самсонов алда тұрған операцияның маңызы туралы қысқаша айтып берді. Коммунистер мен комсомол мүшелерінің сөздері қысқа болды. Олар бір ауыздан алға қойылған тапсырманы мүлтіксіз орындайтынын жеткізді. Аға сержант Лут жалынды сөз сөйлеп, ұрыс алдында партия қатарына кіруге өтініш білдірді. Рота бір ауызан оын партия қатарына қабылдады.
Түнгі бір кезінде рота өзенге бет алды. Анда-санда ракета жарығы тыныштықты бұзғаны болмаса, түн тыныш еді. Қайыққа отырған команда жау орналасқан қарсы жағаға бет бұрды. Немітер жүзіп келе жатқандарды байқап қойып, қорғанысқа көше бастады. Нөсерлеткен жау оғы – снаряд, мина, зеңбіректен атылған оқ- барлығы өткел маңайына төгілді. Асау Ертіс жағасында туып-өскен аға сержант Лут мінген қайық алға шыққаны сол еді, дәл жанынан жарылған снаряд қайықты төңкеріп тастады. Мұздай суда қаруын төбесіне каөтерген Лут өз қарулас достарымен келесі жағаға ұмтылды. Жағалауға жетісімен шабуылға көшті. Жүгіріп келе жатып винтовкадан олар жаудырған оқ түн ішінде керемет көп жауынгер келе жатқандай көрініс беріп, немістердің зәресін ұшырды.
Лут алғашқылардың бірі болып жау траншеясына қойып кетті. Одан взвод жауынгерлері де қалысқан жоқ. Қояма-қолтық ұрыс басталып кетті. Ашу-ызыға булыққан Лут траншея ішінде аласұрып, немістердің жазасын берді. Немістер қаша бастады. Сәлден соң ес жиған жау қарсы шабуылға шығып, біздің автоматшыларды траншеядан гранатаның көмегімен қуып шығуға тырысты. Лут осы жерде тапқырлық көрсетіп, немістердің лақтырған, әлі жарылып үлгермеген гранатасын асқан жылдамдықпен алып, олардың шабуылшы топтарына қарай қайта лақтырып тұрды. Одан үлгі алған басқа жауынгерлер солай істеді.
Немістер кері шегінуге мәжбүр болды. Біздің жаяу әскерлерді артиллерия қолдады. Күшті атыс толқынынан кейін біздің жауынгерлер шабуылды үдетіп, екінші траншеяны басып алды. Гвардияшы Лут тағы да алдыңғы шепте. Ұрыс алдында қаруластарына берген сөзін орындап, ерліктің асқан үлгісін паш етті.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен Днепрден өту және гвардияның оң жағалауындағы плацдармды алу кезіндегі ұрыстарда көрсеткен қаһармандығы мен батылдығы үшін аға сержант Николай А. Евсеевич Лутқа Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалін тапсыру арқылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (№2933).
Николай Евсеевич Лут фашистік Германияны жеңген Ұлы Жеңісті көре алмады. 1944 жылы 14 сәуірде ерлікпен қаза тапты. Украинаның Житомир облысы Овручск ауданы Игнатполь станциясында жерленген.
Ленин және Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

Н.Е. Лут туралы әдебиет

Литература о Лут Н.Е.

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б. 505.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.159.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы:

Электронный мемориал

Портал о фронтовиках

 

 

Медведев М.М.

Medvedev MihMih

Медведев Михаил Михайлович (1923-1977) - Кеңес Одағының батыры.

Дала майданы 7-гвардиялық армиясы 78-гвардиялық атқыштар дивизиясы 89-гвардиялық жеке саперлер батальонының саперы, ефрейтор.
1923 жылы 15 тамызда Самар облысы, Борск ауданы, Коноваловка деревнясында дүниеге келген. Соғысқа дейін шахтада жұмыс істеген.

Майданда 1942 жылдың шілде айынан бастап болған. Михаил  Медведев 1943 жылғы қыркүйек айында бір топ жауынгерлермен Днепропетровск облысының Домоткань деревнясы тұсында Днепр өзенінен ойдағыдай өтіп, немістердің алты қайығын басып алып, атқыштар бөлімшесінің Днепрден тез өтуіне ықпал еткен. Ержүрек жауынгер-сапер жау шабуылына тойтарыс беріп, плацдармды кеңейтуде белсенділік танытып, ерекше көзге түскен.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 1943 жылғы 26-қазандағы Жарлығымен Михаил Михайлович Медведевке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды.

Сонымен қатар, Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

1945 жылы гвардия сержанты М.М. Медведев Армия қатарынан босаған соң Семей қаласында тұрып  ет комбинатында еңбек етті.

1977 жылы 22 қазанда қайтыс болды.

М. М. Медведев туралы әдебиет

Литература о Медведеве М. М.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен: ШҚМУ, 2005. –с.115.


Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост.
Н. В. Крутова. - Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.

***

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.627– Т.2

Масликов А.Т.

MaslikovМасликов Антон Трофимович (1926-1944), Герой Советского Союза.

Масликов Антон Трофимович (1926-1944) - Кеңес Одағының батыры.

Антон Трофимович Масликов -1-Балтық майданының 43-армиясының 306-атқыштар дивизиясының 938-атқыштар полкінің атқышы, қызыл әскер.

Антон Трофимович Масликов 1926 жылы Алтай өлкесі Угловое ауданының Угловое ауылында дүниеге келген. Ұлты-орыс. Жеті класты бітірген соң ет комбинатында, Семипалатинскі (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы) жүн өңдеу фабрикасында жұмыс істеген.

1943 жылдан Қызыл Армия қатарында болған. Майданда 1944 жылдың 24 маусым айынан бастап шайқасқан. А. Т. Масликов  Белоруссияның Витебск облысы Шарипино деревнясы  тұсында Батыс Двина өзенінен өту кезінде көзге түскен.

1944 жылы 24 маусымда Масликов қарулас жолдастарымен Бешенковичский ауданы Шарапино деревнясы тұсында  Батыс Двина өзенінен өтіп, жасырылған жау қайықтарына тап болады. Ол қайықтарды совет жауынгерлері бекінген жағалауға алып келеді.  Сөйтіп полктің ойдағыдай өзеннен өтуіне ықпал етеді. Өзеннің батыс  жақ жағалауын жаудан тартып алып, бекіністі ұстап тұру кезінде Масликов үлкен батырлық көрсетіп,  ерлікпен қаза табады. Белоруссияның Витебск облысы Бешенковичский ауданы Санники деревнясында жерленген.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 1944 жылғы 22 шілдедегі Жарлығымен А. Т. Масликовқа қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталған.

А.Т. Масликов туралы әдебиет

Литература о Масликове А.Т.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. –с.115.
Отан батырларынмадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес ОдағыныңБатырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысыныңәкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстықсәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтықмұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.

***

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.627– Т.2

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы:

Антон Трофимович Масликов [Электронный ресурс] : [документы о наградах и присвоенном звании Героя Советского Союза] // Обобщенный банк данных «Подвиг народа в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» : [сайт]. - URL: http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=13766 (дата обращения 13.04.2020)

Антон Трофимович Масликов [Электронный ресурс] : [документы о выбытии] // Обобщенный банк данных «Мемориал» : [сайт]. - URL: http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=13766 (дата обращения 13.04.2020)

 

Меркулов М.К.

Merkulov MKМеркулов Матвей Кузьмич (1918-2000) - Кеңес Одағының батыры.

Меркулов Матвей Кузьмич - 2-Белорус майданының 65-армиясының 15-Сиваш атқыштар дивизиясының 676-атқыштар полкінің батальон командирі, майор.

1918 жылы 15 тамызда Жаңа Шүлбі ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы) дүниеге келген. Семейдегі мұғалімдер курсын бітіргеннен кейін Бородулиха ауданы Девятка мектебінде мұғалім, кейін директор болып қызмет істеген. 1938 жылы Кеңес əскері қатарына шақырылған.

1941 жылы Харьков шекара əскери училищесін бітіріп, Алматы облысы Райымбек ауданындағы Сарыжаз ауылы маңындағы Есекартқан шекарасында застава бастығы қызметін атқарды. 1942 жылы  Орталық майданның 162-атқыштар дивизиясы құрамында майданға аттанып, Курск, Орел шайқастарына қатысты. Шабуыл барысында жараланып, госпитальда емделген.

1945 жылдың қаңтарында 2-батальонға Висла өзенінен өтіп, фашистер бекінісін шабуылдау тапсырылды. Осы жылдың 28 қаңтарында Меркуловтың батальоны бекінген маңды (Польша, Грудзендз қаласынан оңтүстік батысқа қарай 4 км жерде) жау қатты қарқынмен шабуылдады.

Өздігінен жүретін 2-артиллерия қондырғысы мен жау автоматшылары сапты бұзып, командалық пунктке жақын қалған сын сағатта Меркулов батальонын батыл басқарып, 7 тəулікке созылған жау шабуылын тойтарды.

Висладан өтуде үлкен ерлік көрсеткен. Меркулов өз полкімен бірге 1945 жылы 30 наурызда Гданьск қаласын (Польша) азат етіп, 20 сəуірде Одерге, мамыр айында Балтық теңізіне шықты.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 1945 жылғы 29 маусымдағы Жарлығымен  майор Меркулов Матвей Кузьмичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталған.(№ 5570).

1946 жылы отряд командирі, Шығыс шекара округі əскерінің бастығы болды. Ұзақ жыл Кеңес-қытай шекарасында қызмет етті. Оның басшылығымен 4 шекара отряды, 10 шекара заставасы мен комендатура құрылды. 1951 жылы Əскери академияны бітірді. 1960 жылы шиеленіскен Кеңес-қытай шекара оқиғаларына Матвей Меркулов басқарған Шығыс шекара округі тікелей араласты. 1969 жылы Жалаңашкөл оқиғасында Үшарал отрядының жауынгерлері 80 адамдық қытай отрядын талқандады. 1976–85 жылдары Алматы жоғары шекара командалық училищесінің (қазіргі ҚР ҰҚК Əскери институты) бастығы қызметінде болды. Алматы қаласы Зенков көшесіндегі үйге мемориалдық тақта, 2006 жылы ҚР ҰҚК Əскери институты аумағында Меркуловтың бюсті қойылған. Ленин, 3 Қызыл Ту, Қазан революциясы, 1-дəрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, 3-дəрежелі «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 2000 жылы 2 сәуірде  қайтыс болып, Алматы қаласында жерленген.

М. М. Меркулов туралы әдебиет

Литература о М. М. Меркулове

 

  • Меркулов М. К. Годы, отданные границе. – Алма-Ата, 1978.
  • Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.595 – Т.2
  • Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата :КазОгиз, 1945. – с. 303-304.
  • Иванова, П. О новошульбинском герое: [о Герое Советского Союза М. К. Меркулове] / П. Иванова // Пульс района. - 2008. - 5 сент. - С. 2.
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы:Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. –с.112.
  • Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.
  • Подсухина, Г. В честь новошульбинского героя: [о Герое Советского Союза М. К. Меркулове] / Г. Подсухина // Рудный Алтай. - 2008. - 16 сент. - С. 4.
  • Подсухина, Г. Гордимся его именем: к 90-летию со дня рождения Героя Советского Союза Матвея Кузьмича Меркулова / Г. Подсухина // Пульс района. - 2008. - 8 авг. - С. 5.
  • Чумичкин, В. От рядового до генерала: [о Герое Советского Союза М. К. Меркулове] / В. Чумичкин // Казахстанская правда. - 2007. - 21 апр. - С. 7.