Рощин Лев Михайлович (1922-1958) - Кеңес Одағының Батыры.
190-шабуылдаушы авиациялық полк эскадрильясының командирі (214-шабуылдаушы авиациялық дивизия, 15-әуе армиясы, Прибалтика майданы), аға лейтенант.
1922 жылы 30 қыркүйекте Өскемен қаласында (Шығыс Қазақстан облысы) қызметкер отбасында дүниеге келген. Кейін отбасы Риддер қаласына көшіп келді (1941 жылдан -2002 жылға дейін)– Шығыс Қазақстан облысы Лениногор қаласы), 1942 жылдан ВКП (б)/КПСС мүшесі. №11 Риддер орта мектебінің 8 сыныбын бітірген, ФЗУ мектебі мен аэроклубта оқыған.
1940 жылдан Қызыл Армия қатарында болды. 1941 жылы Томск ұшқыштар әзірлейтін әскери-авиация мектебін бітірді. Невинномысс әскери-авиация мектебінде нұсқаушы-ұшқыш қызметін атқарды. Кавказ, Қырым, Прибалтиканы азат ету ұрыстарына қатысқан.
1944 жылы 5 мамырда Лев Рощин Севастополь аймағына екі рет ұшып, жаудың екі зенит ошағын , жаяу әскері жиналған екі блиндажды, сондай-ақ көптеген әскери техниканы жойды; 6 мамыр күні ИЛ-2 тобы Лев Рощиннің жетекшілігімен Херсонес мүйісіндегі жау аэродромына шабуыл жасап, жаудың жердегі үш самолетін жойды.
7 мамырда шабуыл қайталанды. Фашистің екі самолеті жойылып, жанар-жағармай қоймалары өртелді. Әскери тапсырмадан қайтар жолда ИЛ-2 тобын неміс истребительдері шабуылдады. Рощин әскери шабуыл барысында фашист ұшқыштарының бірде-бір самолетті атуына жол бермеді. Фашистер жетекші топқа үш рет шабуыл жасағанымен, сәтсіз болды. Үшінші шабуыл кезінде аға лейтенант Рощин фашист истребителін атып түсірді.
190-шабуылдаушы авиаполк эскадрилінің командирі (214- шабуылдаушы авиациялық дивизия, 15-әуе армиясы, 2-Прибалтика майданы), аға лейтенант Рощин 1944 жылдың тамызы ортасында жау тұрағы мен әскери нысандарына 470 әуе шабуылын жасады.
Ол осы кезеңде жаудың 31 танкісі мен 137 автокөлігін, 59 дала зеңбірегін, 43 зенит көздерін, 29 дзот, 3 паровоз және 37 теміржол вагонын, жерде жаудың мыңнан аса солдаты мен офицерін, 13 самолетін жойды, әуе ұрысы кезінде жаудың бір самолетін атып түсірді.
1944 жылғы 26 қазанда СССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін аға лейтенант Рощин Лев Михайловичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды.
Соғыс жылдары Лев Рощин 565 әскери әуе шабуылын жасады.
Соғыстан кейін әскери-әуе күштері қатарында қызмет етті. 1951 жылы командалық құрамның Жоғары ұшу-тактикалық Курсынан өтті, авиациялық полкті басқарды.
Ленин ордені, төрт Қызыл Жұлдыз ордені, екі Александр Невски ордені, 2-дәрежелі Отан соғысы ордені, үш Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталды.
1958 жылы 20 ақпанда полковник Л.М.Рощин Минскі түбінде жаңа реактивті самолетті сынақтан өткізу кезінде қаза тапты. Пятигорск қаласындағы әскери зиратта жерленген.
Туып өскен қаласының бір көшесі Батыр есімімен аталады. 1965 жылы 7 мамырда Жеңістің 20-жылдығында Риддер қаласының №11 мектебіне Кеңес Одағының Батыры Лев Михайлович Рощин есімі берілді.
Л. М. Рощин туралы әдебиет
Литература о Рощине Л. М.
Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.638.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.209.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы
Биографии героев и писателей СССР- http://pavelskaz.ru/146.html
Рубусин Сергей Михайлович (1924-1945) – Кеңес Одағының Батыры.
1924 жылы Барнаул қаласында дүниеге келген. Ұлты орыс. Әкесінен ерте айрылған. 30-жылдары Рубусин отбасы Семей қаласына көшіп келеді. Сергей 15 жасынан бастап металл құюшының шәкірті болды, кейін теміржолда жұмыс істеп, 1942 жылы сол жерден Қызыл Армия қатарына шақырылады. 2-ші және 3-ші Украина майданы шайқастарына қатысып, Отан үшін ерлікпен қаза тапқан. 1945 жылы 10 сәуірде қатардағы жауынгер Сергей Михайлович Рубусинге қаза тапқан соң Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
1945 жылы Совет Армиясы қаңтар шабуылының нәтижесінде гитлерлік Германия жерінде әскери іс-қимылдарға төтеп берді. Силезия, фашистік рейхтің негізгі өнеркәсіптік аумақтарында табан тірескен күрес жүрді. 1-Украина майданының алдында мынандай міндет тұрды – силезия топтарына соққы беріп, Нейсе өзені шебіне шығу, Берлин және Дрезден бағытында соққы беру үшін бастапқы позицияны ұстап тұру, сондай-ақ солтүстіктен Чехословакияда соғысушы жау әскерін басып алу.
13-армия құрамында әрекет етеуші 47-жеке отты қарулар батальоны 1945 жылы 2 ақпанда таң ата жаудың берік қорғанысын бұзып-жарып жаяу әскерге көмек беру және Штайнау (қазіргі Сьцинава, Польша) қаласын басып алу жөнінде бұйрық алды.
Қызыләскер Рубусин жаудың тірек пункттеріне шабуылдаушы топтың алдыңғы қатарында болды. Жау әскері тасадан оқ жаудырып, адым ашқызбады. Снарядтар мен миналар шабуылдаушы топтың айналасына түсіп, жауынгерлер жер бауырлай жылжыды. Сергей Рубусинге фашистер бекініп, пулеметтен оқ жаудырып жатқан екі үйді, огнемет-тің көзін құрту тапсырылды.
Ержүрек жауынгер тірек пунктіне бірінші болып жетті. Жалын лап етті. Немістер автоматтан оқ жаудыра өртке оранған үйден шыққан бойда Рубусиннің оғына тап болды. Бірнеше минуттардан кейін батыл огнеметші он фашистің көзін жойды. Гитлершілер енді көрші үйден біздің жаяу әскерлерге пулемет пен автоматтан оқ жаудыруды үдете түсті. Енді осы отты нүктелерді жою қажет болды. Бірақ оқ атылып тұрған үйге жақындау мүмкін емес еді.
Рубусин екпіндей секіріп осы тірек пунктін отқа орап үлгірді. Фашистер дүрліге тасадан шыға бастады. Рубусин граната және автомат оғымен тағы 15 жауды жойды, бірақ өзіне оқ тиген еді. Батыр өз өмірін қия отырып, қаруластарына жол ашты.
Сергей Рубусиннің есімі Барнаул қаласындағы Даңқ мемориалына жазылған. Батыр атында көше бар.
Деректер
Источники
Кеңес Одағының батырлары – шығысқазақстандықтар: мағлұматнама = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: справочник. - Өскемен : ШҚМУ баспасы = Издательство ВКГУ, 2005. – С. 95.
Отан батырларын мадақтайды: шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары: фотоальбом = Родина награждает отважных: восточноказахстанцы – Герои Советского Союза: фотоальбом. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010.Герои Советского Союза – казахстанцы. – Алма-Ата: Казахстан, 1968. - Т. 2 . - С. 191-192.
***
Герои Советского Союза: краткий автобиографический словарь. В 2-х т. - М.: Воениздат, 1988. - Т.2. - С. 374-375.
Герои Советского Союза - семипалатинцы [Текст]. - Семипалатинск : [б. и.], 2004. - 56 с.
Интернет-сілтемелер
Интернет-ссылки
Рубусин С. М. [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны : сайт. –Режим доступа: http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=22816 (07.10.2018)
Рубусин С. М. [Электронный ресурс] : [биография] // Официальный сайт алтайского края: сайт. –Режим доступа: https://www.altairegion22.ru/authorities/spisok/rubusin-sergei-mihailovich-19241945/ (07.10.2018)
Рубусин С. М. [Электронный ресурс] : [биография] // Ветераны Восточно-Казахстанской области: сайт. –Режим доступа: http://www.veteran-vko.kz/ru/heroes.htm?id=127 (07.10.2018)
Сапалев Иван Григорьевич (1912-1976) – Кеңес Одағының Батыры.
Иван Григорьевич Сапалев – Орталық майдан 13-Армия, 322 атқыштар дивизиясы, 603 жеке саперлер батальонының бөлімше командирі, кіші сержант.
Иван Сапалев 1912 жылы 20 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Московка ауылында шаруа отбасында туған. Білімі-бастауыш. Алтын өндіретін «Жұмба» кенішінде кенші болып істеген. Соғысқа 1942 жылы шілде айында аттанған.
Соғыс бойы 322 атқыштар дивизиясы 603 жеке саперлер батальоны құрамында – Батыс, Воронеж, Орталық, 1-ші, 4-ші Украина майдандарында шайқасқан.
Чернигов –Припять шабылдау операциясы кезінде Сейм, Десна өзендерінен өтуде ерекше батырлық көрсетіп көзге түскен.
Новые Млыны селосы тұсында Сейм өзенінен өту үшін жүзебелі көпірді дайындау кезінде оның бөлімшесі әуе шабуылына тап болады. Бораған оққа қарамастан көпірді қалпына келтіріп, дивизияның артеллериясын өткелден өткізуге ықпал етті. Бомбылау кезінде бүлінген көпірді қолма-қол жөндеп, іске қосып отырды. Десна өзенінен өту кезінде екі тәулік бойы өткелді үздіксіз жұмыс істетіп, дивизияның негізгі бөлімдерін арғы жағаға өткізді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 16 қазандағы Жарлығы бойынша Сейм, Десна өзендерінен өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін Сапалев Иван Григорьевичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды.
Соғыстан кейін еліне оралып, «Жұмба» кенішінде еңбек еткен. 1956 жылы Алтай өлкесінің Бийск қаласына қоныс аударып, № 122құрылыс-монтаж тресінде тас қалаушылар бригадирі болып жұмыс істеген. Еңбекте де үнемі алда көрініп, бригадасы тресте алғашқылардың бірі болып, коммунистік еңбек ұжымы атағын алған. Еңбек майданындағы табыстарын үкімет жоғары бағалап, 1966 жылы 5 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Ленин орденімен марапаттаған.
1976 жылы 27 ақпанда Бийск қаласында қайтыс болған. Батыр тұрған үйге мемориалды тақта орнатылған.
Екі мәрте Ленин (16.10.1943; 5.08.1966), Қызыл Жұлдыз (16.10.1943; 5.08.1966),3-дәрежелі Даңқ, (30.08.1944), ордендерімен, 2 мәрте «За отвагу» (23.02.1943; 27.09.1943), «За боевые заслуги» (20.02.1943) т.б. медальдармен марапатталған.
Соғыстан кейінгі жылдары марапаттау қағаздарында Батырдың тегі – Сопалев, Сополев, Саполев болып жазылған.
Әдебиеттер:
Интернет-ресурстар:
Рыжов Георгий Тимофеевич (1919-1997) – Кеңес Одағының Батыры.
3-Украина майданы 46-армия, 34-гвардиялық атқыштар Енакиев Қызыл Тулы дивизиясы, 105 атқыштар полкінің бөлімше командирі, гвардия аға сержанты.
1919 жылы 14 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Зыряновск ауданы (қазіргі Алтай), Соловьево селосында туған. Колхозда жұмыс істеген. 1942 жылы қатарда Жаркент әскери комиссариатынан армия қатарына шақырылған. 1942 жылдың қазан айынан майдан шебінде. 34 - гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында Сталинград. Оңтүстік, 4-ші, 3-ші, 2-ші Украина майдандарында шайқасқан.
Молдавия аумағында Днестрдің оң жағалауына плацдармды бекіту кезінде көзге түскен. (Днепроско-Карпат шабуылдау операцисы Одессе операциясы,1944 ж)
1944 жылы сәуір айында лейтенант Б.С. Васильев-Кытиннің басшылығымен 11 гвардияшыл Днестр өзенінен өтеді. (Молдавия с. Раскаец ) Оң жағалаудағы маңызды биіктікті басып алған соң жауынгерлер 36 сағат бойы жаудың бірнеше қарсы шабуылына төтеп беріп, жаудың 2 рота солдаты мен офицерінің көзін құртып, көптеген қару-жарақты қолға түсірген. Топ жетекшісі ауыр жараланған кезде Г.Т. Рыжов командаваниені өз қолына алған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 13 қыркүйектегі жарлығы бойынша Днестр өзенінен өту кезінде көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды.
Кеңес Одағының Батыры атағы топтың 11 жауынгерге де берілді: Олар -гвардия лейтенанты Б.С.Васильеву-Кытин, гвардия сержанты А.И.Бирюков, Ф.Н.Жиле, Н.В.Чечулину,қатардағы жауынгерлер А.В.Балабаев (қаза тапқан соң) , В.И.Глазунов, П.А.Гнучия, Г.Е.Коробов, В.И.Ломакин (қаза тапқан соң), Т.Л.Нуркаев.
1946 жылы гвардия старшинасы Г.Т. Рыжов әскер қатарынан босайды. Алматы қаласынада тұрып, ««Дорводстрой» тресінде тас қашаушы болып істеген. 1997 жылы қайтыс болып, алматының орталық зиратында жерленген. Ленин (13.09.1944), 1-дәрежелі отан соғысы, (11.03.1985), 3- дәрежелі Даңқ (16.04.1944) ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Зырян ауданы Соловьево селосының бір көшесіне батыр есімі берілген.
Рыжов Г. Т. туралы әдебиет
Литература о Рыжове Г. Т.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
Олардың есімі берілген... = Их именами названы... [Мәтін] : Ұлы Жеңістің 60 жылдығына = К 60 летию Великой Победы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2005. - 12 б.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 б.
***
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с.627– Т.2
Есть в памяти мгновения войны [Текст] / сост. Л. В. Аксенова. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2010. - 65 с.
Мақалалар-Статьи
Черных С. Василий Ломакиннің биіктігі [Мәтін] / Черных С., Наханов Х. // Коммунизм туы. - 1975. - 7 фев.- Б. 3.
***
Сагатов Е. Высота Василия Ломакина [Текст] : [о Герое Советского Союза Г. Т. Рыжове] / Е. Сагатов // Рудный Алтай. - 1975. - 15 февр.
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Рыжов Георгий Тимофеевич [Электронный ресурс] : [биография] : сайт. – Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=18717 (29.12.2018)
Сафиуллин Ғани Бекінұлы (1905-1973) - Кеңес Одағының Батыры.
Дала майданы, 7-гвардиялық армияның 25-атқыштар корпусының командирі, гвардия генерал-майоры.
Ғани Бекінұлы Сафиуллин 1905 жылы 1 шілдеде Старый Кашир қазіргі Сарманов ауданы (Татарстан) шаруа отбасында дүниеге келген. Ауылдық медреседе оқыған. 20-жылдары ата-анасы қайтыс болғаннан кейін, жетім бала ел аралап кетеді. Ол 1922 жылы тағдыр айдап Қазақстанның Торғай даласына келіп, мал бағуға жалданады. 1923-26 жылдары өлкелік совпартшколада оқиды. Оны бітірген соң Семей қаласының Бұқтырма уездік комсомол комитетіне нұсқаушы болып жіберіледі.
1927 жылдан Қызыл Армия қатарында. 1-кавалериялық дивизияның 1-Советтік Казак полкында: бөлімше командирі, взвод командирінің көмекшісі қызмет етті. 1928 жылы Прокуров қаласында запастағы командирлер құрамын әзірлеу Курсынан өткен.
1930 жылдың наурыз айынан СССР ОГПУ Шекара әскерінде қызмет етіп, Могилев-Подольскі қаласының 24-шекара отряды командирінің көмекшісі болды. 1931 жылы қараша айында – Түркістан ОГПУ-нің 114-жеке дивизиясы взводының командирі.
1932 жылдың желтоқсан айынан СССР ОГПУ Ішкі әскерінде қызмет етті – адьютант, 1933 жылдың қарашасынан – ОГПУ Горький оқу дивизионы 5-жеке штабының бастығы. 1934 жылдың маусым айынан – ОГПУ 37-полкының сап бөлімі жөніндегі дивизионы командирінің көмекшісі, 1935 жылдың сәуірінен – Иваново қ. НКВД дивизионы 9-штабының бастығы. 1937 жылдың ақпан айынан НКВД-нің Сормоводағы 185- әскери полк командирінің көмекшісі. 1938 жылдың мамыр айынан – штаб бастығы, соңынан НКВД 178-әскери полкының командирі. 1939 жылдың сәуірінен – өнеркәсіптің аса маңызды кәсіпорындарын күзету жөніндегі НКВД-нің 103-жеке батальонының командирі. 1941 жылы М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияның кешкі факультетін бітірген.
Неміс-фашист басқыншыларымен шайқасқа соғыс басталған күннен қатысты. 1941 жылдың маусымынан – Батыс майданның 22-армиясы 256 атқыштар дивизиясының 930-атқыштар полкының командирі, Смоленск қорғаныс шайқасы мен Великие Луки бағытындағы қорғаныс ұрыстарына қатысты. 1941 жылдың қазанынан – 30-Калининград майданы 178-атқыштар дивизиясының 709-атқыштар полкының командирі.
1942 жылдың сәуірінен – командирдің орынбасары, 1942 жылдың маусымынан – Оңтүстік-батыс майданы 28- армиясы 38-атқыштар дивизиясының 38-атқыштар дивизиясының командирі, 1942 жылы Харьков және Донбасс қорғаныс шабуылдарына қатысқан, соңынан Сталинград майданы 64-армиясының 21-құрамында Сталинград шайқасына қатысты. 1943 жылы ақпанда дивизия Воронеж майданының 64-құрамында Харьков қорғаныс шабуылына, Белгород түбіндегі Северский Донец өзені үшін ұрысқа қатысты.
1943 жылдың сәуірінен - Воронеж, Степной, 2-Украина майданы 7- гвардиялық армияның 25-гвардиялық атқыштар полкының командирі, ол Белгород-Харьков шабуылы және Днепр үшін ұрысқа қатысқан. 25-гвардиялық атқыштар корпусы командирі кезінде (Дала майданы, 7-гвардиялық армия) Украинаны азат етуге қатысты. 1943 жылы 25 қыркүйекте оның қолбасшылығымен әскери корпус Украинаның Днепропетровск облысы Верхнеднепровск ауданының Бородаевка және Домоткань селолары маңында Днепрден өтті. Әскери корпустың полк және дивизия артиллериясы жаудың бірнеше мәрте жасаған шабуылын тойтарып, 5 күнде майдан плацдармын 25-ке, тереңдігін 15-километрге дейін кеңейтіп, сонда мықтап бекінді.
1943 жылғы 26 қазанда СССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен әскер құрамаларына табысты басшылық жасап, көрсеткен жеке ерлігі мен батырлығы үшін гвардия генерал-майоры Сафиуллин Ғани Бекінұлына Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» (№ 1342) медалімен марапатталды.
Соңынан корпус қолбасшысы ретінде Нижнеднепровск, Кировоград, Уман-Ботошанск, Ясско-Кишинев, Дебреценск, Будапешт шабуылдарына қатысты.
1945 жылдың наурызынан – 2-Украина майданы 53-армияның 57-гвардиялық атқыштар корпусының командирі, Братислав-Брнов және Прага шабуылдарына қатысқан. 1945 жылдың жазында әскери корпус армия құрамында Қиыр Шығысқа жіберілді. 1945 жылы тамызда Забайкалье майданы құрамында совет-жапон соғысының Хинган-Мукден ұрысына қатысты. Жапонияны жеңгеннен кейін 1945 жылдың қарашасына дейін корпусқа қолбасшылық жасады.
1947 жылы К.Е. Ворошилов атындағы Жоғары әскери академия жанындағы Жоғары академиялық курсты бітірді. 1947 жылдың сәуірінен – 38-гвардиялық әуе-десанттық корпусы командирінің орынбасары. 1949 жылдың шілдесінен – Прибалтика әскери округі 11-гвардиялық армиясының 36-гвардиялық атқыштар корпусының 10-гвардиялық атқыштар дивизиясы командирінің орынбасары. 1950 жылдың қарашасынан – Прибалтика әскери округінің 16-гвардиялық атқыштар корпусы командирінің орынбасары. 1956 жылдың тамызынан –Солтүстік-Кавказ әскери округінің 112-атқыштар корпусы командирінің орынбасары.
1957 жылдың маусымынан генерал-лейтенант Ғ. Б. Сафиуллин– запаста. Татар АССР-і астанасында тұрып, қызмет істеді. 1973 жылы 14 қазанда қайтыс болды. Қазан қаласының Арск зиратында жерленген.
Генерал-лейтенант (2.11.1944). 2 Ленин, 3 Қызыл Ту, 2 2-дәрежелі Суворов, Қызыл Жұлдыз ордендері және медальдармен марапатталды. Қазан қаласының бір көшесі Батыр есімімен аталады.
Ғ. Б. Сафиуллин шығармалары
Произведения Г. Б. Сафиуллина
Сафиуллин, Ғ. Б. Жеңіс жолында : [Мәтін] / Ғ. Б. Сафиуллин. - Алматы : Қазақстан, 1969. - 264 б. : портр.
Ғ. Б. Сафиуллин туралы әдебиеттер
Литература о Сафиуллине Г. Б.
Отан батырларын мадақтайды: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары: фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных: Восточноказахстанцы - Герой Советского Союза / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник.- Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. - 290 б.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы:
Ғани Бекінұлы Сафиуллин [Электронды ресурс]: [өмірбаяны] // Кеңес Одағының батырлары: [сайт]: http://veteran-vko.kz/kz/heroes.htm?id=118
Гани Бекинович Сафиуллин [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны : [сайт] : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=457 (дата обращения 15.06.2020)
Гани Бекинович Сафиуллин [Электронный ресурс] : [биография] // Биографии Героев и писателей СССР : [сайт] : http://pavelskaz.ru/343.html (дата обращения 15.06.2020)