Известные имена

Синицын Д.М.

SinicynDM Pklgora0Синицын Даниил Михайлович (1912-1975) - Кеңес Одағының Батыры.

Даниил Михайлович Синицын – 47- армия (1-Белорус  майданы),  143 атқыштар дивизиясы, 487 – Қызылтулы атқыштар полкы, 3 - атқыштар батальонының командирі, майор. 

Калуга облысы Перемышль ауданы Ермашовка деревнясында жұмысшы отбасында дүниеге келген.  Соңынан түрлі жұмыстар атқарған.

1939 жылдан ВКП(б)/КПСС мүшесі. 1942 жылы маусымда әрекеттегі армия қатарына  шақырылды. 1943 жылы Тамбов әскери-саяси училищесін бітірді.   

Польша (Висло-Одер стратегиялық шабуылы. 1945 ж.). 1945 жылы 15 қаңтарда жаудың мықты бекінісі болған Ольшевница (Легьоново қ. солтүстік - батысы, Польша)  елді мекенін азат етуде батальонға басшылық жасап, Висла өзенінен өтті, негізгі күшті өткізу үшін шеңберлі  қорғанысты ұйымдастырды. Сонысымен  дивизия бөлімшелерінің  Висладан өтіп, Модлин бекінісін алуына  ықпалын тигізді. 

1953 жылдан бері  запаста. Семей қаласында тұрды (қазір Семей қ. Шығыс Қазақстан облысы). Кәсіподақ жұмысшыларының курсын бітірген. Семей қалалық кеңесі  бастығының  орынбасары болып сайланды. Соңынан инженерлік қызмет атқарды. 

1945 жылы 27 ақпанда СССР Жоғарғы Кеңесінің  Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.  Синицын Даниил Михайлович Ленин ордені, екі Қызыл Жұлдыз ордені, Александр Невски орденімен, медальдармен марапатталды.

1975 жылы 5 мамырда қайтыс болды. Семей қаласында жерленген.

Әдебиеттер:

  • Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.699.
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
  • Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.237.

Интернет-ресурстар:

Соломатин А.И.

SolomatinAleksIvСоломатин Александр Иванович (1922-1945), Кеңес  Одағының Батыры.

Александр Иванович Соломатин – 1- Украина майданы 4-танк армиясының , 6-гвардиялық механикаландырылған корпусы, Қызылтулы Суворов орденді  механикаландырылған 17-гвардиялық механикаландырылған атқыштар полкының командирі, гвардия аға лейтенанты.

1922 жылы 29 тамызда Семей қаласында (қазір Семей қ. Шығыс Қазақстан облысы)  дүниеге келген.  Ташкентте тұрып,  оқыған (Өзбекстан). 10 сынып бітірген.

1941 жылы Ташкент қаласының аудандық әскери комитеті Қызыл Армия қатарына шақырған. 1941 жылы Ленин атындағы Ташкент Қызылтулы жаяу әскер училищесінің  жедел дайындық курсынан өтеді.   

1941 жылдың қыркүйек айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942 жылы К.Е.Ворошилов атындағы Рязань жаяу әскер училищесін аяқтады. 1944 жылдан ВКП(б) мүшесі.

Польшаны азат етуде (Висла-Одер стратегиялық шабуылы. Сандомир-Силезия  шабуылы. 1945 ж.) ерекше көзге түсті.  17-гвардиялық механикаландырылған бригаданың атқыштар ротасының командирі (6- гвардиялық механикаландырылған корпус, 4-танк армиясы, 1-Украина майданы), гвардия аға лейтенанты Александр Соломатин алдыңғылар қатарында 1945 жылдың 25 қаңтары түнінде жау оғының астында Кебен (Хобеня, Польша) қаласы жанындағы Одер өзенінен   өтті.  Рота қарсы беттегі плацдармды басып алып, 17-гвардиялық механикаландырылған Қызылтулы Суворов орденді бригаданың негізгі күші келгенше ұстап тұрды.

Осы ұрыста десантниктер жаудың шамамен 60 солдаты мен офицерлерін жойып, 20 тұтқын мен 16 қол пулеметін қолға түсірді.

Келесі күні, 1945 жылы 26 қаңтарда, рота гвардия аға лейтенанты  Александр Соломатиннің қолбасшылығымен  жаудың сегіз контршабуылына тойтарыс берді.

1945 жылғы 10 сәуірде СССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен  неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста әскери тапсырманы үздік орындап, көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін гвардия аға лейтенанты Соломатин Александр Ивановичке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Бірақ А.И.Соломатин  Отанымыздың жоғары наградалары:  Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалін  өз қолымен ала алмады.  Батыр 1945 жылы 18 наурызда қаза тапты. Польшаның Ныса қаласының солтүстік-батысына қарай, Радзиковице деревнясында жерленген.

Ленин ордені, 1-дәрежелі Отан соғысының екі ордені, Қызыл Жұлдыз ордені, медальдармен , соның ішінде «За отвагу» медалімен марапатталған.

Ташкент қаласындағы Батыр оқыған №89 орта мектепке ескерткіш орнатылған.  1950 ж.басынан 2000 ж.  ортасына дейін Ташкенттегі бір  көше  А.И.Соломатин есімімен аталып келді (қазір академик С.Мирахмедов көшесі).

Әдебиеттер:

  • Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.704.
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
  • Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.239.

Интернет-ресурстар:

Стрельников Е.С.

StrelnikovEfimSemen GSSСтрельников Ефим Семенович (1905-1945) – Кеңес Одағының Батыры.

Ефим Стрельников 1905 жылы Харьков облысында дүниеге келген. Әскер қатарына Семей қалалық әскери комисариатынан шақырылған. 1945 жылы 26 қаңтарда Отанды жаудан  қорғау үшін майданда қаза тапқан. 

1945 жылғы 10 сәуірде СССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен атқыштар ротасының командирі, аға лейтенант Е.С. Стрельниковкеқаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 

Ефим Семеновичтің өмірі  социалистік Отанның өркендеуімен  тығыз байланысты болды. Өзінің еңбек жолын Харьков теміржол желісінде жұмысшы болып бастап, көп ұзамай Днепрогэс құрылысына қатысады. 1934 жылы Ефим Семенович Стрельниковты тәжірибелі құрылысшы ретінде Өзбекстан Шыршық электрохимиялық комбинаты  құрылысына жібереді.

Совет адамдарының бейбіт өмірін фашистік Германияның опасыздық шабуылы бұзған  кезде Е.С.Стрельников Семейде жұмыс істейтін. Ол 1942 жылдың жазында Қызыл Армия қатарына шақырылып, майданға жіберілді.

Ефим Стрельников еңбекте алдыңғы қатарда болса, майданда да үнемі алда болды.

Туған жерді азат еткен соң, совет жауынгерлері гитлер басқыншыларын Польша жерінде талқандады.  Суворов ордені атындағы Қызыл Тулы Рыльско-Коростеньская 112 атқыштар  дивизиясы  524 атқыштар полкының командирі, аға лейтенант Стрельников жауға Сандомир плацдармынан соққы жасады. Майдан әскерінің алдына қойылған тапсырманы орындай отырып, Стрельников ротасы жау позициясын шабуылдады. Совет жауынгерлері жау траншеясына басып кіріп, бетпе-бет ұрыста көптеген неміс солдатының көзін жойды. Гитлершілер қосымша күш  тартып, қарсы шабуылға шықты.

Рота командирі Стрельников жауға шабуылды олардан бұрын жасап, қатты тойтарыс беру керек деген шешімге келді. Рота жауынгерлері серпінді шабуылмен жаудың бетін қайтарып, жауды 20 шақырымға  дейін шегіндірді.

1945 жылы 21 қаңтарда біздің әскер Одер өзені шебінде жаудың қатты қарсылығына ұшырады. Қиян-кескі шайқаста лейтенант Стрельников бастаған рота 100 гитлершіні, 7 ірі калибрлі пулеметті тобымен бірге жойып, тұтқындар мен жаудың әскери техникасын қолға түсірді.

Одер өзенінің батыс жағалауындағы Ламперсдорф елді мекені үшін ұрыста аға лейтенант Е.С.Стрельников өз ротасы шабуылға бастап, елді мекенді басып алды. Батыл командир әскери бұйрықты орындау кезінде ерлікпен қаза тапты.

1945 жылы 10 сәуірде неміс басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен ерлігі үшін аға лейтенант Стрельников Ефим Семеновичке қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Литература о Стрельникове Е. С.

Е. С. Стрельников туралы әдебиеттер

Герои Советского Союза — казахстанцы. Кн.2. — Алма-Ата, 1968. — С.255-256

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д.Н.Артамонов и др.; ред. И.Н.Шкадов. Т.2. — М.: Воениздат, 1984. — С.627

Давайте, люди, никогда об этом не забудем! // Вести Семей. — 2015. — 7 апреля. — С.5

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

 

Стрельников Е. С. [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны : сайт. – Режим доступа: http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=16438

Легенды Казахстана – Ефим Семенович Стрельников [Электронный ресурс] : [биография] // КСОРС РК : сайт. – Режим доступа: https://ksors.kz/2019/05/02/legendy-kazaxstana-efim-semyonovich-strelnikov/

 

Спирин В.Р.

Спирин Василий Романович Спирин Василий Романович (1926-1992) - Кеңес Одағының Батыры.

7-армия (Карелия майданы) 18-атқыштар дивизиясы  419-атқыштар полкы  5-ротасының атқышы, ефрейтор. 

1926 жылы 29 қаңтарда  Саратов облысы қазіргі Ершов ауданы Александрия селосында дүниеге келген. Орта мектептің 6 сыныбы мен ФЗУ мектебін бітірген. Свердловскінің бір кәсіпорнында токарь болып жұмыс істеді. 1943 жылдың қараша айынан әскер қатарында.   

1944 ж. мамырынан шілде айына дейін – 419-атқыштар полкының атқышы.  3-Прибалтика және Карелия майданында жаумен шайқасты. Ленинград облысы мен Карелия АССР-ін азат етуге қатысты.

Выборг-Петрозаводск шабуылында ерекше көзге түскен (1944 ж.). 1944 жылы 22 маусымда алдыңғы қатарда Свирь өзенінен өтіп,  Олонец-Петрозаводск тасжолы аймағын басып алуға қатысқан. 

1944 жылғы 21 шілдеде СССР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен  неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Спирин Василий Романовичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» (№3782)  медалімен марапатталды.  

1944 жылдың шілдесінен офицерлік құрамның  майдан курстарында  оқыды. 1945 жылғы совет-жапон соғысына қатысқан. Екі соғыста екі рет жараланған.  

1946 жылы Кеңестік НКВД-нің Орджоникидзе әскери училищесі  (қазір Владикавказ қаласы) жанындағы кіші лейтенанттар курсын  бітірген.  1946 жылдан бастап 258 – КСРО ІІМ-нің ішкі әскер полкында қызмет  етті.  1950 жылдан бастап В.Р.Спирин – отставкада.

Яры селосында өмір сүрді (қазір Егінді, Катон-Қарағай ауданы Шығыс Қазақстан облысы). В.И.Ленин атындағы колхозда киномеханик болды. 1992 жылы 1 қаңтарда қайтыс болды.

Ленин (1944), 1-дәрежелі Отан соғысы (1985) орденьдерімен, медальдармен  (соның ішінде  - медалью «Ерлігі үшін/За отвагу» (1944) марапатталды.

В. Р. Спирин туралы әдебиет

Литература о В. Р. Спирине

Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.705.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.241.

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

Биографии героев и писателей СССР

Герои страны

 

 

Сумин А.В.

Сумин Андрей ВасильевичСумин Андрей Васильевич (1919-1986) - Кеңес Одағының Батыры.

520-атқыштар полкы миномет ротасының (167-атқыштар дивизиясы, 38-армия, 1-Украина майданы) командирі, кіші лейтенант. 

1919 жылы 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Феклистовка селосында шаруа отбасында дүниеге келген. Колхозда жұмыс істеген. Лениногор тау-кен техникумының 2 курсын бітірген. Әскерге 1939 жылы шақырылды. Барановичи қаласы (Белоруссия) ауданындағы бөлімде әскери борышын өтеген.

Ұлы Отан соғысы жылдары кіші сержант А.В.Сумин 1941 жылдың маусым айынан армия қатарында болады. Батыс, Брянск, Воронеж, 1-ші және 2-ші Украин майданында жаумен шайқасты. Батыс майданның қорғаныс ұрыстары мен шығысқа қарай шегіну кезінде жараланады. Госпитальда емделген соң қайта жасақталған 167-атқыштар дивизиясына жіберіледі, онда 1942 жылдың шілдесінен бастап соғыстың аяғына дейін әскери іс-қимылдарға қатысады.

Днепрден өту және Украина астанасы Киев қаласын жаудан азат етуде ерекше көзге түседі (Киевті азат ету операциясы. 1943 ж.). Вышгород поселкасы (қазір қала) аймағында (Киевтің солтүстігі)  Днепр өзенінен өту кезінде миномет-пулемет және артиллерия оғы астында, жаяу әскер топтарымен бір мезетте өзінің миномет ротасымен Днепрге шабуыл жасады, минометтерді тез құрып, жаяу әскерді, плацдармды  қорғады. Киев үшін шайқаста немістер оның ротасын бірнеше рет қоршауға алды, бірақ минометчиктер граната және винтовкадан оқ жаудырып жаудан құтылды, миномет жалынымен жауды да техникасын да құртты.

1944 жылы қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Днепрден өту  және Киевті азат етуде көрсеткен ерлігі үшін Сумин Андрей Васильевичке Кеңес Одағының батыры атағы беріліп, Ленин ордені және "Алтын  Жұлдыз" медалімен (№ 4094) марапатталды. Соғыстан кейін Қызыл Армия қатарында қызмет етті. 1945 жылы Жоғары офицерлік артиллериялық мектепті бітірді, ал, 1950 жылы – офицерлік құраманы жетілдіру курсы (КУОС), 1957 жылы – Орталық артиллериялық офицерлік курсынан өтті. 1959 жылдан бері А.В.Сумин – запаста. Махачкала қаласында тұрды. Дағыстан АССР-інің (қазір – Дағыстан Республикасы) Әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігінің кадр бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Ленин ордені (10.01.1944), Қызыл Жұлдыз (28.11.1943), І-дәрежелі Отан соғысы (11.03.1985), 2 мәрте Қызыл Жұлдыз ордендерімен (8.10.1943;), медальдармен, соның ішінде «За боевые заслуги» (29.01.1943) медалімен марапатталды.

1986 жылы 23 қыркүйекте қайтыс болды.

Сумин А. В. туралы әдебиеттер

Литература о А. В. Сумине

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с. 109.

Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.:

***

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 541 – Т.2

Мақалалар-Статьи

Дубровская, М. Он не любил много говорить/ М Дубровская // Огни Прииртышья. - 2013. - 8ноября, №87. - С. 3. : фот. - (К 70-летию битвы за Днепр).

Чех, Евгения. А мы его знали... [Текст] : [о Герое Советского Союза А. В. Сумине] / Е. Чех // Устинка плюс . - 2014. - 3 июля (№ 27). - С. 13

Сосновская, О. Помнить славные дела земляков [Текст] : сразу три сельские школы в Зыряновском районе будут названы в честь земляков-героев, храбро сражавшихся за нашу свободу в годы Великой Отечественной войны / О. Сосновская // Рудный Алтай. - 2015. - 25 сент. - С. 5.

Сосновская, Оксана. Школам - имена героев [Текст] / О. Сосновская // Вести Семей. - 2015. - 6 октября. - С. 4

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

Сумин Андрей Владимирович [Электрнный ресурс] : [биография]/интернет-проект «Герои страны» : сайт. – Режим доступа: http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=15110 (03.01.2019)