Известные имена

Ақын жазушылар

Шағыр Қ. С.

Шагыр Каирбек Семейгазиевич

Шағыр Қайырбек Семейғазыұлы(1972) – ақын, журналист, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі

1972 жылы 16 желтоқсанда Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысы Абыралы өңіріндегі «Ақбұлақ» ауылында дүниеге келді.  1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірді. Оқи жүріп, Абыралы аудандық «Жаңғырған Абыралы» газетінің әдеби қызметкері, аға тілшісі болып журналистік еңбек жолын бастады. 1996 жылы Алматыдағы республикалық ғылыми-педагогикалық «Қазақстан мектебі» журналына тілші болып қабылданып, әр жылдары бөлім редакторы, жауапты хатшы міндеттерін атқарды. 2002 жылы жаңадан ашылған «Тәрбие құралы» журналының бас редакторлығына тағайындалып, 2011 жылға дейін осы қызметте болды. Одан кейін өз бастамасымен «Шаңырақ серігі», «Жас спортшы» журналдарының ашылуына ұйытқы болды.  «Хабар» агенттігінің аударма бөлімінде жүздеген деректі және көркем фильмдерді қазақ тіліне аударуға қатысты.

2014 жылы Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің баспасында бас редактор болды.

ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Педагогикалық баспасөзде еңбек ете жүріп, «ҚР білім беру ісінің үздігі» белгісімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Мәдениет Министрлігінің  Құрмет грамоталарымен  марапатталды. Аудармашы ретінде танымдық кітаптарды, шетел поэзиясын  қазақ тіліне аударды. Ж. Нәжімеденов атындағы республикалық жыр мүшәйрасында І орынды (2006 ж.), халықаралық «Дарабоз-2015» байқауында І орынды иеленді (2015 ж). Басқа да көптеген республикалық жыр жарыстарының жүлдегері атанды. Әйгілі әнші Әміре Қашаубаев туралы «Ұлы тенор» поэмасын жазды. Ұжымдық жинақтарға шығармалары енді.

 

Қ. Шағырдың шығармалары

Прозведения К. Шагыра

 

Шағыр, Қ. Жол ережесі : балаларға арналған өлеңдер / Қ. Шағыр. - Алматы : Таймас, 2011. - 12 б.

Шағыр, Қ. Арша аңқыған жаз [Мәтін] : өлеңдер, балладалар, поэма және аудармалар /Қ. Шағыр– Алматы : Информ-Арна, 2021. – 138 б.

Шағыр, Қ. Арша аңқыған жаз [Мәтін] : өлеңдер, балладалар, поэма және аудармалар /Қ. Шағыр – Алматы : Информ-Арна, 2021. – 138 б.

Шағыр, Қ. Арша аңқыған жаз [Мәтін] : өлеңдер, балладалар, поэма және аудармалар /Қ. Шағыр – Алматы : Информ-Арна, 2021. – 138 б.

Шағыр, Қ. Арша аңқыған жаз [Мәтін] : өлеңдер, балладалар, поэма және аудармалар / Қ. Шағыр . – Алматы : Информ-Арна, 2021. – 138 б.

 

Қ. Шағырдың мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалары

Публикации К. Шагыра

 

Шағыр, Қ. Армысың, Арқаның аспаны ! : Армысың , Астана ! ; Ауыл суреттері ; Жүрек үнсіз қалмасын : өлеңдер / Қ. Шағыр. - Мәтін // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 18 - 24 қараша

Қ. Шағыр туралы мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар

 

Публикации о К. Шагыре

Садуакасова, М. Жырларым-ай, жалға мені құрлықпен / М. Садуакасова. - Мәтін // Сынып жетекшісі-Классный руководитель : Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. - 2017. - N 2. - Б. 3-6.

 



Шәкенұлы Ж.

Шакенулы Жади

Жәди Шәкенұлы (1967) - жазушы, зерттеуші, әдебиеттанушы, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, Еуразия Жазушылар одағының мүшесі, Шыңғыс хан Халықаралық Академиясының және Қазақстан Республикасы Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі.
1967 жылы 5 мамырда Қытай Халық Республикасының Алтай өңіріндегі Ертіс өзенінің жағасындағы Шірікші ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Шыңжаң білім беру институтын тарих мамандығы бойынша бітірді. 1997 жылы Қазақстанға көшіп келеді. 1998-2001 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетінің аспиранты болды. Әр жылдары «Шалқар-2» газетінің тілшісі, бас редакторының орынбасары (2001-2005 жж.). 2006 жылдан 2007 жылға дейін «Қазақ адебиеті» газетінің проза бөлімінің меңгерушісі және «Үн» журналының бас редакторы болды. 2007-2009 жж - Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығының бас редакторы. «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының президенті (2006-2010 жж.).
2009-2010 жылдары – «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының баспасөз хатшысы. 2010-2012 жылдары – «Жас қазақ үн» республикалық газеті бас редакторының орынбасары. 2012 жылдан 2013 жылға дейін Астанадағы (Нұр-Сұлтан) «Жас қазақ үні» газетінің тілшісі және Астана университетінің (Нұр-Сұлтан) баспасөз орталығының директоры болды.
2013-2016 жылдары Қоянды орта мектебінің директоры. 2016-2018 жылдары – «Тарихи Отан» қоғамдық бірлестігі директорының орынбасары. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Туғырылхан-Он Хан» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары.
Жәди Шәкенұлы «Ақбота», «Балқаймақ», «Қытайдағы қазақтар», «Бір уыс сәуле», «Қаралы көш», «Жалғыздың үні», «Ақбалапан», «Жәнібек батыр», «Оспан батыр және Шығыс Түркістан мәселелері» и др. Также Жади Шакенулы является автором-составителем сборников «Талбесік», «Күнгей бет» (поэты КНР), «Жиһаншах» (Ақыт Үлімжіұлы), «Оспан», «Жас толқын», «Толғауы тоқсан қызыл тіл», «Армысың, Атамекен», «Ер Жәнібек» (1-том), «Оспан батыр», «Жүзім бағы» және т.б. шығармалардың авторы.
Ж. Шәкенұлының шығармалары түрік, қытай, иран тілдеріне аударылған. Оның зерттеулері әдебиет теориясы бойынша жинаққа, ал әңгімелері мен балаларға арналған ертегілері республикамыздағы бастауыш сыныптарға арналған «Ана тілі» оқулығына енгізілді.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Еуразиялық Жазушылар одағының мүшесі, Шыңғыс хан Халықаралық Академиясының, Қазақстан Республикасы Тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі.
2025 жылы «Алаш» әдеби сыйлығы берілді.

Жарық көрген еңбектері

Произведения Ж. Шакенулы

Шакенулы, Ж. Ақбота [Мәтін]: әңгімелер / Ж. Шакенулы. - Алматы : Ақотау, 2001ж.

Шакенулы, Ж. Ақбота [Мәтін]: әңгімелер / Ж. Шакенулы. - Үрімжі : ҚХР-да Шынжаң жастар-өрендер баспасы, 2003 ж.

Шакенулы, Ж. Балқаймақ [Мәтін]: әңгімелер / Ж. Шакенулы. - Алматы : Балалар әдебиеті, 2007 ж.

Шакенулы, Ж. Қытайдағы қазақтар [Мәтін]: зерттеулер/Ж. Шакенулы.- Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2007 ж.

Шакенулы, Ж. Бір уыс сәуле әңгімелер жинағы [Мәтін] / Ж. Шакенулы.- Алматы : Жазушы, 2008 ж.

Шакенулы, Ж. Қаралы көш [Мәтін]: тарихи роман. /Ж. Шакенулы.- Алматы : Тұран, 2010 ж.

Шакенулы, Ж. Жалғыздың үні [Мәтін]: мақалалары мен сыр-сұхбаттар. / Ж. Шакенулы.- Алматы: Ақотау, 2010 ж.

Шакенулы, Ж. Ақбалапан [Мәтін]: өлеңдер мен мысал әңгімелер /Ж. Шакенулы.- Алматы: Мерей, 2012ж.

Шакенулы, Ж. Ақбалапан [Мәтін]: /Ж. Шакенулы.- Түркия. (Әбдуақап Қараның дайындауымен латын әрпінде жарық көрді).

Шакенулы, Ж. Жәнібек батыр [Мәтін]: деректі зерттеу. / Ж. Шакенулы.-Алматы: Мерей, 2013 ж.

Шакенулы, Ж. Ақылнама [Мәтін]: әулеттік баян. / Ж. Шакенулы. - Астана: Өрнек, 2014 ж.

Шакенулы, Ж. Арманшыл бал [Мәтін]: өлеңдер мен мысал әңгімелер/Ж. Шакенулы. - Астана: Өрнек, 2015 ж.

Шакенулы, Ж. Жүрек неге жылайды[Мәтін]: /Ж. Шакенулы. - Астана: Ақтұйғын, 2016 ж.

Шакенулы, Ж. Алтай алыптары (Қ.Айдарханұылмен бірге) [Мәтін]: деректі зерттеу. / Ж. Шакенулы. - Алматы: Заман-Принт, 2018 ж.

Шакенулы, Ж. Қаралы көш [Мәтін]: тарихи роман /Ж. Шакенулы. - Стамбул: Календер, 2016 ж.

Шакенулы, Ж. Ел бастаған Елісхан [Мәтін]: деректі зерттеулер (түрік тілінде) /Ж. Шакенулы. - Стамбул: Мамер, 2018 ж.

Шакенулы, Ж. Бозмұнар [Мәтін]: роман, хикаяттар. /Ж. Шакенулы. – Алматы: Palitra Press, 2018 жыл.

Шакенулы, Ж. Қытай қазақтарының әдебиеті [Мәтін]/Ж. Шакенулы. - Алматы: Palitra Press, 2018 ж.

Шакенулы, Ж. Қаралы көш [Мәтін]: тарихи роман (Ахмет Байтұрсын үлгісіндегі төте жазуда) /Ж. Шакенулы.– Алматы: Асыл кітап, 2019 ж.

Шакенулы, Ж. Оспан батыр және Шығыс Түркістан мәселелер ё[Мәтін] /Ж. Шакенулы.– Алматы:Нур принт, 2019 жыл.

Шакенулы, Ж. Тұлпарлар дүбірі [Мәтін]: мақалалар жинағы /Ж. Шакенулы. – Алматы: Palitra Press, 2020 ж.

Шакенулы, Ж. Түркілік тек және қазақ тұрғақтары [Мәтін]: зерттеулер /Ж. Шакенулы. -Нұр-Сұлтан: Өрнек, 2020ж.

Шакенулы, Ж. Қожаберген батыр Жәнібекұлы [Мәтін]:(С.Борбасов, А.Тоқтабаймен бірге) /Ж. Шакенулы. – Алматы: Palitra Press, 2020 ж.

Құрастырған кітаптары

Автор-составитель следующих изданий:

Шакенулы, Ж. Талбесік [Мәтін]:(ҚХР қазақ ақындарының жыр жинағы) /Ж. Шакенулы. – Алматы: Ақотау, 2001ж.

Шакенулы, Ж. Жиһаншах [Мәтін]: А.Үлімжіұлының поема, өлеңдері /Ж. Шакенулы.-Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2007ж.

Шакенулы, Ж. Оспан батыр [Мәтін]: деректi зерттеу (Ө.Нәби, Д.Кәппен бірге) /Ж. Шакенулы. - Алматы: Арда, 2007ж.

Шакенулы, Ж. Жас толқын 2-ші кітап [Мәтін]: проза (Н.Байсақалова, Ұ.Зәуірбековалармен бірге). – Алматы: Жалын, 2006 ж.

Шакенулы, Ж. Жас толқын. 2-ші кітап [Мәтін]: поэзия (Н.Байсақалова, Ұ. Зәуірбековамен бірге) /Ж. Шакенулы. – Алматы: Жалын, 2006 ж.

Шакенулы, Ж. Толғауы тоқсан қызыл тіл [Мәтін]: шешендік сөздер / Ж. Шакенулы. - Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2008 жыл.

Шакенулы, Ж. Армысың Атамекен [Мәтін]: жыр жинағы /Ж. Шакенулы. - Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2008 ж.

Шакенулы, Ж. Күнгей бет [Мәтін]: ҚХР қазақ ақындарының жыр жинағы /Ж. Шакенулы. - Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2007 ж.

Шакенулы, Ж. Жүзім бағы [Мәтін]: өзбекстан қазақ ақындарының жыр жинағы /Ж. Шакенулы. - Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2007 ж.

Шакенулы, Ж. Ер Жәнібек 1 том [Мәтін]: деректі зерттеулер /Ж. Шакенулы. – Алматы, 2008 ж.

Шакенулы, Ж. Ер Жәнібек халықаралық қоғамдық қоры [Мәтін] /Ж. Шакенулы. - Алматы, 2008 ж.

Шакенулы, Ж. Оспан [Мәтін]: деректі зерттеулер мен естеліктер /Ж. Шакенулы. - Алматы: Тұран, 2010 ж.

Шакенулы, Ж. Армысың Атамекен [Мәтін]: шеттегі қазақтың жыр жинағы /Ж. Шакенулы. - Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы; «Атажұрт» баспа орталығы, 2008ж.

Шакенулы, Ж. Ел қорғаны – Ер Жәнібек [Мәтін]: мақалалар жинағы (Н.Түсіпханұлымен бірге) /Ж. Шакенулы. - Алматы, 2014 ж.

Шакенулы, Ж. Шақабай батыр [Мәтін]: мақалалар жинағы (З.Мұратханұлымен бірге) /Ж. Шакенулы. – Алматы: Асыл кітап баспасы, 2017 ж.

Шакенулы, Ж. Ел бастаған Елісхан [Мәтін]: (Ш. Әбділұлымен бірге) /Ж. Шакенулы. - Алматы: Palitra Press, 2017 ж.

Шакенулы, Ж. Тұрғақ шежіресі[Мәтін]: шежірелік дерек /Ж. Шакенулы. - Нұр-Сұлтан: Өрнек, 2020 ж.

Шакенулы, Ж. Тұғырыл хан [Мәтін]: мақалалар жинағы /Ж. Шакенулы. Алматы: Palitra Press, 2020 ж.

Шәкеев Н.

Шәкеев Нұрғазы

Шәкеев Нұрғазы (1929 ж.) – жазушы, публицист, журналист, аудармашы, ҚазССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.

Семей облысы, Ақсуат ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тіл мен әдебиет факультетін, кейін «Социалистік Қазақстан» газеті редакциясында бөлім меңгерушісі және жауапты хатшы, «Ара» журналы, «Мектеп» баспасының бас редакторы, ҚазССР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы қызметтерін атқарған.  

Нұрғазы Шәкеев әдеби шығармашылығының негізгі жанры – көркем публицистика. Оның очерктері бірнеше рет «Өмір операциясы», "Тың түлектері, "Октябрь перзенттері", "Ауыл ажары" ұжымдық жинақтарында жарияланған. «Менің таныстарым» очерктер кітабының (1965), сатиралық әңгімелер мен әдебиеттану жұмыстарының авторы. Н. Шәкеевтің аударуымен көптеген кеңес және шетел прозаиктерінің әңгімелері қазақ тілінде жарық көрген.

«Тың жерлерді игергені үшін» медалімен, ҚазССР Жоғары Кеңесі грамотасымен марапатталған.

Материалды Абай атындағы ШҚО кітапханасы ұсынған (Семей қ.).

 

Н. Шәкеев  шығармалары

Произведения Н. Шакеева

 

Кітаптар –Книги

 

Шәкеев Н.  Октябрь өрендерi [Мәтін] / Н. Шәкеев. – Алматы : Қайнар, 1967. – 267 б.

 

Мерзімді басылымдардағы мақалалар - Публикации в периодических изданиях

 

Шәкеев, Н.  Жалған сөзге жан сенбес [Мәтін] : [«Книжное обозрение" газетiнiң бас редакторы Е.С.Аверинге ашық хат] / Н. Шәкеев // Кiтап жаршысы. - 1990. - 29 қыркүйек. – Б. 5

Шәкеев, Н. Кешегi жауынгер - бүгiн ғылым докторы [Мәтін] : [М.Ғабдуллин туралы] / Н. Шакеев // Социалистік  Қазақстан. - 1959. - 22 февраль. – Б. 2

Шәкеев, Н. Космоста совет адамы[Мәтін] : [өлең] / Н. Шәкеев // Қазақ әдебиетi. - 1961. - 21 апрель. – Б. 4

***

Шәкеев, Н. Струна особая души [Текст]: [80 лет ветерану журналистики, бывшему главному  редактору  газеты  "Социалистiқ Қазақстан" К.Усебаеву]  / Н. Шакеев // Казахстанская  правда. - 1994. - 10 декабрь. – С. 5

 

Н. Шәкеев туралы әдебиеттер

Литература о Н. Шакееве

 

Кітаптар – Книги

 

Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр [Мәтін] : анықтамалық. - Алматы : Ана тілі, 2004. – Шәкеев Нұрғазы: б. 338  

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / жауапты ред. Б. Шаханұлы. - Алматы : Ан-Арыс, 2009. – Шәкеев Нұрғазы: б. 428

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. – Шәкеев Нұрғазы: б. 805    

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б.

Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант,  2011. - 304 б. – Шәкеев  Нұрғазы: б. 169                                      

***

Писатели Семипалатинского региона [Текст] : био-библиографический указатель / Семипалатинская универсальная научная библиотека им. Абая. - Семипалатинск : Талант, 2006. - 82 с. - Шакеев Нургазы:  с. 79

Литература Казахстана [Текст] : знциклопедический справочник . - Алматы : Казыгурт, 2010. - 528 с. – Шакеев Нургазы: с. 506 

Шаяхметов М. Ш.

shaiahmet

Шаяхметов Мұхаметқалым (1922 - 2010 жж. ) - жазушы

1922 жылы бұрынғы Семей губерниясы Күршім-Алтай болысының 6-ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) көшпелі-шаруа отбасында дүниеге келді. Әкесі Шаяхмет тәлім-тәрбиесі мол үлкендердің салиқалы әңгімелеріне қатыстырып, мақал-мәтел, көркем шешендік сөздердің үлгілі тәлімінен сабақ алып өсуіне ықпал жасайды.

1928 жылдың күзінде жаңа мектеп ашылып 1-2 кластарға оқушылар қабылдайды. Мектептің салынуына өзі басшылық жасаған Нөкен Маякупов меңгеруші болып тағайындалады. Осы мектепке Мұхаметқалым да қабылданады.
30 жылдары мектептің 3 класына барады. 2-аптадан соң 5 оқушыны 4 класқа 18-20 жастағы жігіттермен қатар оқытып, сол жігіттерге көмекші қылып бекітіп, солармен оқып бітіреді.

Колхоздастыру жылдарында 1931 жылы отбасы «тап жауына» жатқызылып, мал-мүліктен, әкеден айырылып, мектептен шығарылады. Күнкөріс қиындап, бүкіл қазақ еліне келген ашаршылық пен сол ауыр жылдардың зардаптарын көріп өсті. 1931 жылы жер аударылғандардың қатарында әкесін Құйған ауылына кірпіш заводының жұмысына жібереді. Одан кейін Риддерге жер аударылады. Қоныстанған жерлері қаладан 8 шақырым жердегі «Кирпичная» станциясы болды. 1933жылы туған елге қашып оралады. 1931 жылы төртінші кластан «тап жауының баласы» деп қуылған Мұхаметқалым, 1935 жылы Камышенко ауылында төрт жылдық үзілістен кейін үшінші орыс класына қабылданады. Орыс тілі қиынға соғып қиналса да, есесіне есеп сабақтарына алғыр болады.

1939 жылы материалдық жағдаймен мектепті әрі қарай жалғастыра алмайды. Осы кезде ұстазы, әрі мектеп директоры Семен Акимович Яковенко мектептегі оқуымен қабат ұстаздық етуіне, соңынан аға вожатый міндетін де атқаруына ықпал жасайды.
Комсомол мүшесі ретінде қоғамдық негізде пионерлермен жүргізілетін жұмыстар, аудандағы жастар одағының жұмысына қатысудың нәтижесінде аз да болса қоғамдық өмірден түсініктерін кеңейтеді. 1941 жылдың жазында Өскемендегі педтехникумға экстрен жолымен емтихан тапсырып орта білім алып шығады.
Ұлы Отан соғысына атқыштар полкының барлаушылар қатарында қатысып соғысты. «Отан соғысы» орденімен, медальдарымен марапатталды.

Сталинград түбіндегі шайқаста ауыр жараланып, ауылға қос балдақпен оралған М. Шаяхметов мектепте мұғалім бола жүріп, сырттай оқып жоғары білім алады. Әуелі қарапайым мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, одан соң мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінің бастығы міндеттерін атқарды. Бірақ бұл жұмыстарға да тар жол, тайғақ кешулермен әрең жетеді. Лениннің идеяларына, Коммунистік партияның мызғымастығына шексіз сенген ұстаз партия қатарына өте алмай, «кулактың баласы» деген қара күйеден құтыла алмай әбден қиналады. Ақыры облыстық партия комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы Ілияс Омаровтың шарапаты тиіп, бұл кедергіні де жеңіп шығады.

Одан кейінгі ғұмыры тұтастай ұрпақ тәрбиесіне арналады. Шәкірттерінің көбі тәуелсіз еліміздің түкпір-түкпірінде жауапты жұмыстарда жемісті еңбек етіп, ұстаз мерейін өсірумен келеді. 1998 жылы Күршім ауданының құрылғанына 70 жыл толуына байланысты «Күршім ауданының құрметті азаматы» атағын алды.

Қазір туған өлке тарихынан болашақ ұрпаққа ғибрат берерлік естелік кітап жазумен айналысады. «Өткен күннің өткелдері» атты шығармасы 1930-1944 жылдарды қамтиды. Өзінің балалық шақтағы көрген, басынан өткізген өмірі арқылы сол жылдардағы қазақ халқының басына түскен нәубеттер, ауқатты адамдардың тәргіленуі, зорлықпен колхоздастыру, ашаршылық, Ұлы Отан соғысының қиын кездері шынайы сүреттеледі.

«Жылдар» атты кітабында негізінен өзінің ұстаздық қызықты да қиын өмірінен сыр шертеді.

2010 жылы дүниеден өткен. 

 

М. Шаяхметов шығармалары

Произведения М. Шаяхметова

Кітаптар – Книги

Шаяхметов, М. Өткен күннің өткелдері [Мәтін] / М. Шаяхметов . - Алматы : АБА"Айкос", 1999

Шаяхметов, М. Жылдар, жылдар [Мәтін] / М. Шаяхметов, 2001. - 267 б

Шаяхметов, М. Үнсіз дала [Мәтін] / М. Шаяхметов : 2 томдық. Т. 1. - Алматы , 2008. - 414 б.

Шаяхметов, М. Үнсіз дала [Мәтін] // М. Шаяхметов : деректі хикая. Т. 2. - Алматы , 2008. - 236 б.

Шаяхметов, М. Ғасыр асулары [Мәтін] / М. Шаяхметов М. - Алматы : Фолиант, 2006. - 512 б.

                                                

***

Шаяхметов, М. Судьба [Текст] : документальная повесть / Шаяхметов М. - Жидебай : МКА, 2002. - 496 с.

Шаяхметов, М. Судьба [Текст] : документальная проза в двух частях / М. Шаяхметов. - Жидебай : Международный клуб Абая, 2008. - 456 с.

Шаяхметов, М. Безмолвная степь [Текст] : документальная повесть / М. Шаяхметов ; пер. с каз. Н. Кенжегуловой ; предисл. К. Салыкова. - Алматы : Intelli Group, 2008. - 381 с.

 

Мерзімді басылымдардағы мақалалар

Публикации в периодических изданиях

 

Шаяхметов, М. Есімдері ел есінде [Мәтін] : [Күршім өңірін ақгвардияшылардан азат етуге қатысқан Ә. Ежембаев, Ә. Рақымбаев, Е. Нөкешов, Ш. Әкетаевтар туралы] / М. Шаяхметов // Коммунизм туы. - 1987. - 6 ноябрь

Шаяхметов, М. Қос арыс - ел жүрегiнде: [А. Байтұрсынов пен М.Дулатов туралы] // Дидар.- 1991. - 6 шiлде. - Б. 4

Шаяхметов, М. Жасанды жұт [Мәтін] : [Күршім ауданы жұт жылдарында] / М. Шаяхметов // Қазақ әдебиеті. - 1991. - 16 тамыз. - Б. 14.

Шаяхметов, М. Қателiк қайталанбасын: [желтоқсан оқиғасында партия, совет орындарында отырғандардың қалай өзгергендiктерiн көрсететiн деректер туралы] // Дидар. - 1991. - 19 желтоқсан. – Б. 4

Шаяхметов, М. Тана мешітінің тарихы жөнінде [Мәтін] / М. Шаяхметов // Дидар. - 1992. - 11 қаңтар.- Б. 2.

Шаяхметов, М. Күй шебері - Шайқы [Мәтін] : [Күршім ауд. туған (1897-1970) шертпе күйдің шебері Ш.Құсайынов туралы] / М. Шаяхметов // Қазақ әдебиеті. - 1994. - 29 шілде. - Б.14

Шаяхметов, М. Кеңес өкіметінің кесірі [Мәтін] : [Кеңес өкіметінің облыс халқының өміріне әсері туралы] / М. Шаяхметов // Дидар. - 1994. - 18 қаңтар

Шаяхметов, М. Күй шеберi - Шайқы // Қазақ әдебиетi. - 1994. - шiлде. - 14 б.

Шаяхметов, М. "Зердені" қайта толықтыру қажет [Мәтін] : [Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған кітап жайында] / М. Шаяхметов // Дидар. - 1994. - 3 желтоқсан.- Б. 4

Шаяхметов, М. Күй шебері - Шайқы [Мәтін] : [күйші Ш. Құсайынов туралы] / М. Шаяхметов // Дидар. - 1995. - 14 ақпан. - Б. 4.

Шаяхметов, М. Партизан жерлестеріміз [Мәтін] : [Ұлы Отан соғысының ардагерлері] / М. Шаяхметов // Дидар. - 1995. - 22 сәуір. - Б. 4

Шаяхметов, М. Алғашқы ұстаздар [Мәтін] : [обл. білім беру тарихынан] / М. Шаяхметов // Дидар. - 1995. - 12 желтоқсан.- Б. 4

Шаяхметов, М. Жаны жайсаң жан еді [Мәтін] : [республикаға еңбегі сіңген мұғалім, фольклоршы, шежіреші, этнограф Қ.Жаманбаев жайлы естелік] / М. Шаяхметов // Дидар. - 1996. - 13 шілде.- Б. 3

Шаяхметов, М. Көкжал барақтың серігі-Жанделі батыр [Мәтін] : [Жанделі батыр жайында] / М. Шаяхметов // Дидар. - 1997. – 3 шілде . – Б. 6

Шаяхметов, М. Қазақстандағы әкімшілік- аймақтық құрылымдардың тарихынан [Мәтін] / М. Шаяхметов // Дидар. - 1998. - 15 қыркүйек

Шаяхметов, М. Ана аманаты. [Мәтін] : [Ұлы Отан соғысында атақты Панфиловтың басқаруымен Москва түбін неміс басқыншыларынан азат етуде қаза тапқан жерлесіміз, лейтенант Мейірбаев А. жайлы дерек] /М. Шаяхметов // Дидар. - 1999. - 13 қараша.- Б. 4

Шаяхметов, М. Аманжоловтың туған жылы жөнінде бір дерек [Мәтін] / М. Шаяхметов // Дидар. - 2003. - 4 қазан. - Б. 2

Шаяхметов, М. Еңкiлдеп жүрiп елге жеттiк...: Ер жiгiттердiң майдан даласынан қайтуы оңайға соқпаған көрiнедi. Хикая сол туралы // Егемен Қазақстан.- 2005.- 7 мамыр . - 8 б.

Шаяхметов, М. Қанмен салынған суреттер [Мәтін] / М. Шаяхметов // Дидар. - 2007. - 8 мамыр.- Б.2.

Шаяхметов, М. Тағдыр талқысы [Мәтін] / М. Шаяхметов // Ақ Ертіс. - 2009. - N 1. - Б. 8-23.

Шаяхметов М. Электрондық оқыту (e-learning) жүйесi - заман талабы // Мектеп директоры = Директор школы. - 2013. - № 1. - 9-11 б.

                                            

***

Шаяхметов, М. Из плеяды интеллигентов [Текст] : о бывшем учителе школы-интернат им. Джамбула, этнографе Жаманбаеве К.К. / М. Шаяхметов // Рудный Алтай. - 1992. - 15 февр. - С. 4

Шаяхметов, М. Славные партизанки [Текст] : [об участницах Великой Отечеств.войны из Вост.-Казахст.обл.] / М. Шаяхметов // Рудный Алтай. - 1995. - 7 марта

Шаяхметов, М. Район как оптимальная форма управления [Текст] : из истории админ.-территор. образования и деления в Казахстане / М. Шаяхметов // Рудный Алтай.- 1999. - 26 янв. - С.3  

Шаяхметов, М. Первая школа в ауле [Текст] : [глава из книги М. Ш. Шаяхметова] / М. Шаяхметов // Рудный Алтай. - 1999. - 16 дек. - С. 4  

Шаяхметов, М. Степные батыры требуют защиты [Текст] : [к 300-летию народного батыра Барака] / М. Шаяхметов // Рудный Алтай. - 2002. - 12 окт. - С. 17                              

Шаяхметов, М. Когда же родился Сарсен Аманжолов [Текст] / М. Шаяхметов // Рудный Алтай. - 2003. - 4 окт. - С.7

Шаяхметов, М. За "языком, или Воспоминания бывалого разведчика [Текст] / М. Шаяхметов // Рудный Алтай. - 2005. - 22 янв. - С. 2

 

М. Шаяхметов туралы әдебиеттер

Литература о М. Шаяхметове

 

Қасымұлы А. Алтайдан ұшқан ақиық [Мәтін] / Қасымұлы А. - Өскемен : Шығыс Баспа, 1999. - 181 б. -Шаяхметов Мұхаметқалым: б. 142

Жеңіс деп соққан жүректер [Мәтін] : естелік кітап. - Өскемен : [б. и.], 2005. - 240 б.

Қазақ жерінің зиялы азаматтары = Почитаемые люди земли казахской [Мәтін]. Т. 10, 2005. - 728 б.– Шаяхметов Мұхаметқалым: б. 143-147.

Ерлік - ұрпаққа мұра [Мәтін] / Оралхан Бөкей атындағы № 44 қазақ орта мектеп-лицейі. - Өскемен : Шығыс-Полиграф, 2010. - 299 б.– Шаяхметов Мұхаметқалым: б. 157-158

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. – Шаяхметов Мұхаметқалым: б. 802

 

Мақалалар - Статьи

Бақытқызы А Бельгиядан келген хат [Мәтін] / А. Бақытқызы А // Дидар. - 2004. - 17 шілде. - Б.4

Тоқанұлы Б. Кер заманды толғаған кемел туынды [Мәтін] / Б. Тоқанұлы // Дидар. - 2008. - 2 желтоқсан.- Б.4.

Сембаев, Қ. Сүйікті менің ұстазым [Мәтін] / Қ. Сембаев // Рауан. - 2010. - 2 қазан. - Б.2.

Сейсенбаев, Р. Тағдырмен бетпе-бет келген жан еді [Мәтін] : [жазушы, ұлы отан соғысының ардагері М. Шаяхметов туралы эссе-реквием] / Р. Сейсенбаев // Дидар. - 2011. - 3 шілде.- Б.7.

Зәкәрия , Х . Көшеге ұстаз есімі берілді [Мәтін] : [Күршім ауылындағы бір көшеге ұстаз М. Шаяхметовтың есімі берілді.] / Х. Зәкәрия // Дидар. - 2012. - 14 мамыр.- Б. 5.

                                            

***

Кулев, И. Книга о правде жизни [Текст] : [о. М. Шаяхметова] / И. Кулев // Семь дней. - 2003. - 21 февр. - С. 7

Кудайбергенов, К. В назидание потомкам [Текст] : [о. М. Шаяхметова] / К. Кудайбергенов // Рудный Алтай. - 2003. - 8 марта. - С. 3

Астаева М. "Судьба" Шаяхметова [Текст] : [В областной библиотеке им.А.С.Пушкина состоялась презентация книги ветерана войны и труда Мухамета Шаяхметова] / Астаева М. // Казахстанская правда. - 2003. - 18 янв. - С. 2

Шака, А. Мирный подвиг рядового Шаяхметова [Текст] / А. Шака // Рудный Алтай. - 2008. - 6 мая. - С. 3.

Шаяхметов Мухаметқалым Шаяхметулы [Текст] : [ветеран ВОВ, писатель ; некролог] // Рудный Алтай. - 2010. - 24 мая. - С. 5.

Токобаев, М. Судьба Мухамета Шаяхметова [Текст] : [o презентация книги М. Шаяхметова "Судьба" в областной библиотеке им. А. С. Пушкина] / М. Токобаев // Рудный Алтай. - 2008. - 2 дек. - С. 1.

Жантыкеев, Р. Встреча с автором "Судьбы" [Текст] / Р. Жантыкеев // Рудный Алтай. - 2008. - 16 дек . - С. 4.

Токобаев, М. Предначертания судьбы Мухамета Шаяхметова [Текст] / М. Токобаев // Рудный Алтай. - 2008. - 16 дек . - С. 2.

Максимова, М. Мгновения судьбы [Текст] : [o презентация книги М. Шаяхметова "Судьба" в областной библиотеке им. А. С. Пушкина] / М. Максимова // Вестник культуры. - 2008. - № 11. - С. 26.

Шәкәрімұлы А.

Шакаримулы Ахат

Шәкәрімұлы Ахат (1900-1984 жж.) – педагог, ақын, қоғам қайраткері.

 

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген, Шәкәрім Құдайбердіұлының ұлы. Семей педагогикалық техникумын, Абай атындағы ҚазПИ-ды (қазіргі ҚазҰПУ, Алматы) аяқтайды. Туған ауылында, кейін Шымкент қаласындағы орта мектепте, Жамбыл облысының аудандық мектептерінде, Алматы облысы мектептерінде ұстаздық еткен. 1969-1984 жж. аралығында Жидебайдағы Абай мұражайының директоры болған. «Төлеутайға», «Қоқанға», «Құрдастарға», «Ақын өрісі» т.б. көптеген өлеңдердің авторы. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

 

 

А. Шәкәрімұлы шығармалары

Произведения А. Шакаримулы

 

Кітаптар - Книги

 

Шәкәрімтану мәселелері [Мәтін]. - Алматы : Раритет, 2007. - 448 б. - Шәкәрiмұлы А. Менiң әкем, халық ұлы – Шәкәрiм: б.145-245

   Абай туралы естеліктер [Мәтін]. - Семей : [б. ж.], 2013. - 260 б. – Шәкәрімұлы А. Құнанбай туралы: б. 200-260.

   Абай [Мәтін] : Әдеби-көркем тәуелсіз журнал. №2(14). - Алматы : Дәуір, 1992. - 96 б. - Шәкәрімұлы А. Акм-Акм: б. 200-260

 

Мерзімді басылымдардағы мақалалар

Публикации в периодических изданиях

 

Өлеңдер - Стихи

 

Шәкәрiмұлы А. Жас ұлан тiлегi [Мәтін] : [өлең]/ А. Шәкәрімұлы // Социалистік Қазақстан.- 1959 - 31 май. - 4 б.

Шәкәрiмұлы А. Дән мен тер[Мәтін] : өлең / А. Шәкәрімұлы // Социалистік Қазақстан.- 1959. - 21 июнь. – 4 б.

 

Мақалалар – Статьи

 

Шәкәрiмұлы, А. Кешегi өткен Құнанбай [Мәтін] / дайындаған А.Сопыбеков/ / А. Шәкәрімұлы // Ленин жолы. - 1991. - 30 мамыр.

Шәкәрiмұлы, А. Құнанбай[Мәтін] : [Абайдың әкесi туралы деректерден] / А. Шәкәрімұлы // Жас алаш. - 1991. -17 қыркүйек. – 4 б.

Шәкәрiмұлы, А. "Акм-Акм"[Мәтін] : [Әнет бабаң би, Қазыбек би, Қараменде би туралы] / А. Шәкәрімұлы // Абай. - 1992. - N 2. - 92-93 б.

Шәкәрiмұлы, А. Құнанбай - Абайдың әкесi [Мәтін] / А. Шәкәрімұлы // Ұлан. - 1995. - 11 шiлде. - 10 б.

Шәкәрiмұлы, А. Құнанбай туралы / А. Шәкәрімұлы// Абай. - 2004. - N 1. - 2-12 б.

Шәкәрiмұлы, А. Ақырғы аманат: Ш.Құдайбердиев ұлының естелiгiнен // Дала. - 2004. - N 5. - 21-22 б.

Шәкәрiмұлы, А. Қазақтың асқазаны[Мәтін] / А. Шәкәрімұлы // Үш қиян. - 2007. - 20 желтоқсан (№ 51). - 9 б.

Шәкәрiмұлы А. Қарт өлiмi; Құдық; Жан толғанысы; Қалмақ қызы қаракөз айымның зары [Мәтін]: өлеңдер / жазып алған Б.Кiтапбаев / А. Шәкәрімұлы // Қазақ.- 2008. -2 мамыр (№ 18).- 4 б.

Шәкәрiмұлы, А. "Менiң әкем - Шәкәрiм""[Мәтін]: [ақынның асыл қасиеттерi, шығыс әдебиетiн зерттеуi және М.О.Әуезовпен кездесуi туралы.] А. Шәкәрімұлы // Үш қиян. - 2009. - 3 желтоқсан (№ 47). - 6-7 б.

Шәкәрiмұлы, А. Құнанбай туралы [Мәтін] / А. Шәкәрімұлы // Аңыз адам. - 2015. - № 13.- 5 б.

 

А. Шәкәрімұлы туралы әдебиеттер

Произведения о А. Шакаримулы

 

Әлиакпаров М.Т Ахат [Мәтін] / М. Т. Әлиакпаров. - Қарағанды : Қазақстан, 1997. - 170 б.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. – Шәкәрімұлы Ахат: б. 804

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б.

Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б.Шәкәрімұлы Ахат: б. 169

Казезова, М. Қазақтан мендей ұл туса, осындай түзу жол қуса... [Мәтін] / М. Казезова // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2009. - N 7. - Б. 21-25

Әлиакпаров, М. Т. Бірге өткізген шуақты шақтар-ай [Мәтін] / М. Т. Әлиакпаров // Шәкәрім әлемі. - 2006. - №4.- Б.11-14.

Жанаева, Ш. Ахат жайлы ақиқат [Мәтін] / Ш. Жанаева // Қазақ әдебиеті. - 2008. - 5 қыркүйек. - Б. 6.

Өмірбекова, Н. С. Ахат Шәкәрімұлының естеліктері [Мәтін] / Н. С. Өмірбекова // Шәкәрім әлемі. - 2007. - №1.- Б.87-91.

Әбеуханова, Сәуле. Ахат Шәкәрімұлының әдеби мұрасы [Мәтін] / С. Әбеуханова // Қазақстан мектебі. - 2010. - N 10. - Б.77 - 80.

Оралбекқызы, С. Ахат Шәкәрімұлының әдеби мұрасының жариялануы, зерттелуі [Мәтін] / С. Оралбекқызы // Ұлағат. - 2012. - №6 . - Б. 121-130.

Мағжан, А. Ахат ақынның алғашқы жинағы [Мәтін] : [Ахат Шәкәрімұлының тұңғыш шығармаларының толық жинағы жарық көрді. ] / А. Мағжан // Ертіс өңірі . - 2015. - 27 мамыр.- б. 2.