Құнанбаев Кәкітай (Ғабдулхакім) Ысқақұлы (1868-1915) - Абай мұраларын тұңғыш бастырушы.
1868 ж. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Кәкітай (Ғабдулхакім) Құнанбаев Абайдың інісі Ысқақтың баласы. Сегіз жасынан бастап ауыл молдасынан төрт жылдай сауатын ашып, түрікше, арабша хат таныған. Кәкітайдың ерекше зеректігін байқаған Абай 1882 жылы оны өзіне бала етіп алып, Мағауиямен бірге тәрбиелеген. Семейге ертіп барып, орыс тілін үйреткен. Бір-екі жыл ішінде Кәкітай орыс тілін жетік біліп қана қоймай, орыс әдебиетінің классиктерінің шығармаларын Европа елдері мәдениет қайраткерлерінің еңбектерін оқып, өз заманының білімді азаматы болды. Абайдың ақыл-кеңесімен Тұрағұл екеуі қарасөз, аударма, көңіл-күй тақырыбындағы қысқа өлеңдер жазумен айналысқан.
«Абай» ағамның қатарында жүрген 24 жыл ішінде оның үйретпеген білімі болмады, бірақ бәрін түгел ұғып ала алмадым. Сондықтан мен Абай ағама зор қарыздармын, ендігі мақсатым- шамам келгенше оның асыл қазынасын кейінгі жастарға жеткізіп беру»- деп өзіне-өзі уәде берген.
Жидебайда бала оқытып жүрген молда Мүрсейіт Бікеұлына өз ақшасын беріп, бұрыннан жинап жүрген Абай шығармаларын көшіртіп жазғызған.
«Мен Абайдың қарызын ұмытпай, шамам келгенше қызмет етуді өз борышым деп біліп, арттағы жастарға қалдырған өсиетін, қазақ халқына істелген еңбегін баспаға бастырып, көпке таратуды міндетіме аламын» - деп Абай баласы Тұрағұлмен бірге ұлы ақынның мұрасын ыждаһатты түрде жинастырып, баспаға әзірлеп, осы істердің ұйтқысы болып, басшылық еткен.
Абай қайтыс болған соң, қазақтың аса көрнекті қайраткері Әлихан Бөкейханов ақынның өмірбаянын орыс тілінде тұңғыш рет жазып, 1905 жылы Семейдегі «Семипалатинский листок» газетіне жариялаған. Онда ақын өміріне байланысты барлық деректерді Кәкітай бергенін ерекше атап көрсеткен.
1905 жылы Әлиханның кеңесімен Абай шығармаларын баспаға әзірлеуге кіріскен. Кәкітай сол жылы жазда Семейге, одан әрі Омбыға барып бастырта алмаған соң Қазан қаласына барған. Осы қалада С.- Петербург баспаханасының өкілімен келісім-шарт жасасып, болашақ кітаптың корректорлығын өз мойнына алып, ақысын алдын-ала төлеген.
Илияс Бораганский баспасы әр баспа табақты пошта арқылы Шыңғыстаудағы Кәкітайға жіберіп отырған, ол қателерін түзеп, қайта баспаға жіберген. Қолдан көшірілген жинақты бастыруға екі жылдай уақыт кеткен.
1909 жылы Абайдың тұңғыш жинағы – «Қазақ ақыны Ибрагим Құнанбайұғылының өлеңі» бастырған Кәкітай, Тұрағұл Құнанбайұғландары» деген тақырыппен, С.-Петербургте жарық көріп, барлық данасы Семейге Кәкітайға жіберілен. Сол жерден бүкіл қазақ даласына тараған. Абай мұрасын тұңғыш рет кітап қылып бастыруда Кәкітай мен Тұрағұлдың еңбегі ерекше.
Кәкітайдың осы жинақта жариялаған «Абай (Ибраһим) Құнанбайұғлының өмірі» атты өмірбаяндық мақаласын М. О. Әуезов жоғары бағалаған. Ұлы ақынның өмірбаянын жазу кезінде Кәкітай мақаласының көп көмегі тигенін тебірене еске алған.
Абайдың тұңғыш жинағын дайындаған кезде Кәкітай мен Тұрағұл ақын өлеңдерінің мазмұны мен тақырыбына қарай өздерінше жүйелеп 17 бөлікке жеткізген.
Жинаққа ақынның 145 өлеңі, «Әңгіме Масғұт», «Ескендір әңгімесі» дастандары енген. Кітап соңында Абайдың өмірбаяны мен фотосуреті берілген. Кәкітай жазған Абай өмірбаянының көлемі шағын болғанмен, ақын өмірінің көп қырын қамтыған.
Кәкітай Ысқақұлы 1915 жылы қайтыс болды.
Кәкітай бастырған Абай жинағы 1922 жылы Қазанда және Ташкентте өзгеріссіз қайта басылып шыққан.
М. О. Әуезов: «Қазақтың мәдениет тарихында, Абай мұрасына ерекше еңбек сіңірген, Абай өзі тәрбиелеп баулыған жас, жұртшылықтың көрнекті өкілі болған Кәкітай Ысқақұлының еңбегін айрықша айту керек» - деп Кәкітай еңбегіне лайықты баға берген.
К. Ы. Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Кунанбаева К. И.
Кітаптар – Книги
Мырзахметов, М. Абай жүрген ізбенен [Мәтін] / М. Мырзахметов. - Алматы : Қазақстан, 1985. - 172 б.
Абайдың ақын шәкірттері [Мәтін] - Алматы : Дәуір. 1-ші кітап / алғы сөзін жазып, баспаға әзірлеген Қ. Мұхамедханұлы ; Республикалық Абай қоры. - Алматы : Дәуір, 1993. - 224 б.
Мұхамедханов, Қ. Абай мұрагерлері [Мәтін] / Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Атамұра, 1995. - 208 б.
Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. - 96 б.
Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін] / Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Алаш, 2005.
Т. 3 : Абайдың ақын шәкірттері. - 328 б. - Құнанбаев К..: б. 221-247.
Шәкәрім [Мәтін] : энциклопедия / бас ред. Е. Сыдықов ; жауапты ред. Т. Шаңбай. - Семей, 2008. - 864 б. - Әдебиеттер тізімі: б. 863.
Бұл өлең шыққан екен бірталайдан... [Мәтін] : [ "Біржан-Сара айтысына" қатысты зерттеу мақалалар мен ғылыми ой-тұжырымдар] - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "Берел" баспасы, 2014. - 506 б.
Мақалалар-Статьи
Бөкейханов, Ә. Кәкiтай [Мәтін]: [Кәкiтай Ысқақұлының қайтыс болғанын естiгеннен кейiн жазған естелiк, көңiл айтуы] / Ә. Бкейханов // Қазақ. - 1915. - 18 февр.
Жиреншин, Ә. Абай шығармаларын тұңғыш бастырушы [Мәтін]: [Кәкiтай Ысқақұлы Құнанбаевтың қайтыс болғанына 50 жыл] / Ә. Жиреншин// Қазақ әдебиетi. - 1965. - 19 февр.
Әрхамқызы, М. Кәкiтай [Мәтін]: [Абайдың немере iнiсi К. Құнанбаев туралы] / М. Әрхамқызы // Абай. - 1995. - № 1-2. - Б. 166-169.
Медеуханұлы, Ә. Асыл жандарды ұмытпайық [Мәтін] : [Кәкiтай Ысқақұлының туғанына 140 жыл ] // Семей таңы. - 2008. - 18 желтоқсан .- Б.3.
Ысқақов, Ә. Ақынның мұрасы [Мәтін]: [Колчак әскерлерi Кәкiтайдың кiлетiндегi 3 абдыра жиған кiтабын, жазған еңбектерiн және Абайдың көп материалдарын өртеп жiбердi] / Ә. Ысқақов // Абай. - 2009. - № 3. - Б. 71-72.
***
Гайнуллина, Ф. А. Литература Семипалатинского Прииртышья [Текст] : учебное пособие / Ф.А. Гайнуллина. - Семипалатинск, 2002. - 132 с.
Құнанбаев Мағауия Абайұлы (1870-1904) – ақын.
1870 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Мағауия Абайдың Ділдәдан туған кіші ұлы, ақындық мектептің көрнекті өкілі. Ауыл молдасынан оқығаннан кейін, 1884 ж. әкесі Семейдің орыс қалалық училищесіне оқуға жібереді. Мағауия үш жылдан кейін денсаулығы нашарлауына байланысты ауылға оралып, орыс және шығыс әдебиеттерін оқиды. Әкесімен бірге болыстық міндеттерді атқарады. Мағауия әкесінен ғылым-білімді көп үйреніп, еуропа ақындарына еліктеп поэмалар жазады.
Еңлік-Кебек» (1890), «Абылай» (толық сақталмаған), «Медғат-Қасым» (1900) поэмаларының авторы. «Шамиль» поэмасының қолжазба нұсқасы жоғалған. Мағауияның өлеңдері де бар. Ағасы Әбдірахманға (Әбішке) арнап жазған өлеңі сақталған.
Мағауия Құнанбаев 1904 жылы 26 мамырда қайтыс болды.
М. А. Құнанбаев шығармалары
Произведения М. А. Кунанбаева
Кітаптар – Книги
Құнанбаев [Абайұлы] М. Медғат-Қасым [Мәтін] : поэма / М. Абайұлы // Дастандар : октябрь революциясына дейінгі қазақ ақындарының дастандары. - Алматы : Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1960. - Б. 54-88.
Құнанбаев [Абайұлы] М. Медіғат-Қасым [Мәтін] : поэма / М. Құнанбаев // Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы Т. 3 : Абайдың ақын шәкірттері, 2005. - Б. 140-160.
Құнанбаев [Абайұлы] М. Еңлік - Кебек[Мәтін] : поэма / М. Құнанбаев // Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы Т. 3 : Абайдың ақын шәкірттері, 2005. - Б. 161-170.
Құнанбаев [Абайұлы] М. Әбішке хат; Әбішке [Мәтін] : өлеңдер / М.Құнанбаев // Қ. Мұхамедханов Көп томдық шығармалар жинағы. Т. 3 : Абайдың ақын шәкірттері, 2005. - Б. 135-137.
Құнанбаев [Абайұлы] М. Медғат-Қасым [Мәтін] : поэма / М. Құнанбаев // Қазақтың 100 поэмасы. Т. 1. - Алматы : Жазушы, 2013. - 376 б.
М. А. Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве М. А. Кунанбаева
Абай [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 1995. - Мағауия Абайұлы Құнанбаев: Б.391-393.
Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. - Мағауия Құнанбаев : б.56.
Шәкәрім [Мәтін] : энциклопедия / бас ред. Е. Сыдықов ; жауапты ред. Т. Шаңбай. - Семей, 2008.-Мағауия Құнанбаев: б.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». - 2014. - Мағауия Абайұлы Құнанбаев: б. 506.
1960 – 2000
Қазақ әдебиетінің тарихы [Мәтін]. Т. 2, 1-ші кітап. XVІІІ-XІX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. - 1961. - 582 б.
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының жинағы [Мәтін]. - Алматы : Қазақ ССР ҒА баспасы, 1962.
Үш ғасыр жырлайды [Мәтін]: революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары / Қазақ ССР Ғылым Академиясы, М. Ә. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. - Алматы : Жазушы, 1965. - 666 б.
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті [Мәтін] : орта мектептің 9-класына арналған оқулық / Жұмалиев Қ. - Алматы : Мектеп, 1969. - 272 б.
Бес ғасыр жырлайды [Мәтін] : XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары / Қазақ ССР ғылым академиясы М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. Т. 3 : үш томдық. - Алматы : Жазушы, 1985. - 352 б.
Бес ғасыр жырлайды [Мәтін] : XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары / Қазақ ССР ғылым академиясы М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. Т. 2 : үш томдық. - Алматы : Жазушы, 1989. - 496 б.
Ай заман-ай, заман-ай... [Мәтін] : ХVғасырдан ХХғ.бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары (Бес ғасыр жырлайды). Екі томдық. - Алматы, 1991. - 876 б.
Абайдың ақын шәкірттері [Мәтін]. 1-ші кітап / алғы сөзін жазып, баспаға әзірлеген Қ. Мұхамедханұлы. - Алматы: Дәуір, 1993. - 224 б.
Әуезов, М.О. Абай Құнанбаев [Мәтін] : монографиялық зерттеулер мен мақалалар / М. О. Әуезов - Алматы : Санат, 1995. - 320 б.
Абайдың балалары [Мәтін] // Абай Құнанбаев. - Алматы: 1995. - Б. 38-40.
Исин ,А. Абайдың Мағауияға жазған хаты [Мәтін] / А.Исин// Абай. - 1997. - № 2-3. - Б. 1-4.
Бітібаева, Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту [Мәтін] : ХІХ ғасырдың ІІ жартысы, ХХ ғасыр / Қ. Бітібаева - Алматы : Ы.Алтынсарин атындағы ҚР білім акад. Респ. баспа кабинеті, 2000. - 274 б.
Кенемолдин, М. Қызыл қырғынның құрбандары немесе өз елі, туған жерінде қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялылары хақында // Семей таңы. - 2003. - 24,31 қаңтар.
Жеті ғасыр жырлайды [Мәтін] : XIX ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Т.2 / құраст. Е. Дүйсенбайұлы. - Алматы : Жазушы, 2004. - 528 б.
Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 3 : Абайдың ақын шәкірттері, 2005. - 328 б.
Тәбәрікұлы, С. Тауқымет [электрондық ресурс] : [Мағауия Абайұлының отбасы тағдыры жайлы] / С. Тәбәрікұлы. - Семей, 2005. - 160 б.
Қирабаев, С. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 8 / ред.: Ұ. Оспанбай , Ә. Орынбаева. - Алматы : Қазығұрт, 2007. - 448 б.
Рахманова, С. "Абай жолы" эпопеясындағы Әбіш және Мағаш бейнелері [Мәтін] / С. Рахманова // Қазақстан мектебі : республикалық ғылыми-педагогикалық журнал. - Алматы, 2010. - N 8. - Б.74-76.
Тәбәрікұлы, С. Мағауия ақын [Мәтін] / С. Тәбәрікұлы // Аудан тынысы. - 2010. - 23 шілде. - Б. 5.; 27 шілде.- Б. 4.
Досжан, Д. Абайдың соңғы күндері [Мәтін] / Д. Досжан // Жұлдыз. - 2012. - № 4. - Б.3-31.
Тоқмаханбетова, А. "Медғат - Қасым" поэмасын оқыту [Мәтін] / А. Тоқмаханбетова // Қазақстан мектебі. - 2014. - №5.- Б. 58-60.
Абайдың ұлдарына қатысты деректер табылды [Мәтін] // Дидар. - 2015. - 12 маусым. - Б. 2.
***
Писатели Семипалатинского региона [Текст] : био-библиографический указатель / Семипалатинская универсальная научная библиотека им. Абая. - Семипалатинск : Талант, 2006, 2006. - 82 с
Гайнуллина, Ф. А. Литература Семипалатинского Прииртышья [Текст] : Учебное пособие / Ф.А. Гайнуллина . - Семипалатинск : Б. и., 2002, 2002. - 132 с.
Мухамбетова Г. С. Романтические тенденции в казахской поэзии первой четверти ХХ века [Текст] : автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата филологических наук / Мухамбетова Г. С. - Алматы : Б. и., 2006, 2006. - 30 с.
Важнейшие жизненные ориентиры мыслителя [Текст] // Вести Семей. - 2015. - 2 июня. - С. 4.
Ибраева, У.А. Поэтическое окружение Абая [Текст] / У. А. Ибраева // Вести Семей. - 2016. - 9 февраля. - С. 4.
Құнанбайұлы Абай (Ибрагим) (1845-1904) - ақын, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиеті мен тілінің негізін қалаған классик.
1845 ж. 10 тамызда Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы Семей уезінің (1845 ж. бері Семей облысы) Жидебай бөктерінде (қазір Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімшілік бөлімшесі), Арғын тайпасының Тобықты руының ірі феодалы Құнанбай Өскенбайұлының отбасында дүниеге келген. Абайдың отбасы жергілікті ақсүйектер әулетінен: атасы Өскенбай және арғы атасы Ырғызбай ру басылары, атақты билеп-төстеушілер болған. Абайдың нағыз есімі – Ибрагим, бірақ әжесі Зере қойған Абай есімі («зерделі», «абай болу») мәңгілікке қалды.
Ауыл молдасынан алған білімін Семей медресесінде, кейін приходская училищесінде жалғап, араб, парсы және тағы басқа шығыс тілдерін меңгереді, Шығыстың ұлы ақын-ғалымдары (Науаи, Низами, Сағди, Фердоуси т.б.) шығармаларымен танысады. Осы кезде орыс мектебінен де білім алады. Бес жыл оқыған соң өз өлеңдерін досы Көкбай Жанатаев атынан жаза бастайды. Құнанбай Абайды 13 жасынан ру басы қызметіне әзірлейді. Абай 28 жасында осы басшылық ісінен кетіп, білім алумен айналысады. Тек 40 жасынан бастап өзінің тұңғыш өлеңдерін жазады. Орыстың саяси жер аударылушылары Е. Михаэлис, Н. Долгополов, С. Гросспен жақын танысады.
Сондай-ақ, Абай дүниетанымының қалыптасуына гуманистік көзқарастағы Шығыс ақындары мен ғалымдары (Фирдоуси, Алишер Навои, Низами, Физули, Ибн Сина т.б.), сондай-ақ, орыс классиктерінің шығармалары, еуропа әдебиеті ерекше әсерін тигізді. Абай Крылов, Лермонтов, Пушкин, Гете мен Байронды қазақша сөйлетті.
«Қараңғы түнде тау қалғып» («Горы дремлют в тёмной ночи») халық әнінің өзіндік тарихы бар. Гете «Wanderers Nachtlied» («Ночную песню странника») өлеңін жазды, Лермонтов оны орысшаға келтірді, ал, жарты ғасырдан кейін Абай Құнанбаев ән мазмұнын қазақ тілінде жеткізді.
Абай Құнанбайұлы орыс және еуропа мәдениетінің қазақ арасына таралуына ықпал етті.
Абай біршама уақыт болыс қызметін атқарды.
Кеңес әдебиеттанушыларының Абай ауылдың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін келемеждейді, «әйелдердің адам төзгісіз жағдайына» және «жамандық пен надандыққа қарсы шықты» - деген пікірі қалыптасқан.
Абай Құнанбайұлы қазақ поэзиясына жаңа бетбұрыс әкелді. Қазақша өлең құрылысына жаңа ұйқастар мен үлгілер енгізді: мысалы "Сегіз аяқ" өлеңі.
Абайдың 170 өлеңі және 57 аудармасы, поэмалары, «Қара сөздері» бар.
Сонымен бірге Абай композиторлық қырымен танылды, жиырмадан аса әні бүгінгі күнге жетіп, халық арасына кеңінен таралған. Абай кейбір өлеңдеріне ән жазды, ал, «Көзімнің қарасы» әні халық әніне айналып кеткен.
Абай Құнанбайұлы XIX ғ. басы − XX ғ. аяғында оянған қазақ ұлттық интеллигенциясына ерекше ықпал етті. Алаш-Орда қозғалысының көсемдері Абайды қазақ халқының рухани көшбасшысы деп қабылдады. Әлихан Бөкейханов Абайдың тұңғыш биографы. Сондай-ақ, Абай қайтыс болғанда жазған «Абай (Ибрагим) Кунанбаев» некрологы 1905 жылы «Семипалатинский листок» газетінде басылды. Кейін осы мақаласы 1907 жылы Абайдың портретімен «Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела Императорского русского географического общества» басылымына басылған.
Абай Құнанбайұлы 1904 жылы 23 маусымда (6 шілде) қайтыс болды.
1914 жылы тюрколог В.В.Гордлевский қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Абай Құнанбайұлы пен Міржақып Дулатов шығармаларын шығыстанушы, академик Н.И.Веселовскийдің 70 жылдығына арналып шығарылатын «Восточный сборник» жинағына енгізеді.
Абай мұрасы қазақ әдебиеті мен тілінің өркендеп дамуына жол ашты. Абайдың ағартушылық қызметі бүкіл қазақ, Орта Азия, Шығыс халықтары мәдениетінің дамуына ықпал етті. Абай шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. Абайдың музыкалық мұрасы қазақ халқының ұлттық мәдениеті тарихынан ерекше орын алады.
Абайды мәңгілік есте қалдыру үшін Қазақстанның әдебиет саласы бойынша Мемлекеттік сыйлық белгіленген. Көптеген әкімшілік аудандар көшелер, театрлар, кітапханалар Абай есімімен аталады.
Мәліметтер-Источники
"Біздің Абай" электрондық кітапханасы
Құнанбаев Тұрағұл Абайұлы (1875-1934) – әдебиет зерттеушісі, аудармашы, қоғам қайраткері.
1875 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. Абайдың кіші ұлы. Ол жас кезінде мұсылманша және орысша сауатын ашты. Әкесі және үлкен ағалары Оспан, Әбдірахман және Мағауия қайтыс болғаннан кейін Тұрағұл рубасы және жергілікті билік мүшесі болады. Тұрағұл Алашорда мүшесі ретінде Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов сынды Алаш қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынаста болған.
1922 жылдан бастап біржола шығармашылық жолға бет бұрған Тұрағұлдың азды-көпті әдеби мұраларының ішіндегі ең құнды еңбегінің бірі "Әкем Абай туралы" деп аталатын естелігі.
Тұрағұл бұл еңбегін М. Әуезовтің өтініші бойынша жазған. Абайдың мінез-құлық ерекшеліктерін, өлең жазардағы сәтін қызғылықты суреттеген. Тұрағұл ақын шығармаларын жіктеп те берген.
Тұрағұл шығармашылығын негізінен көркем аудармалар құрайды. Ол ағылшын жазушысы Дж. Лондонның "Эскимос Киш" әңгімесі, орыс жазушылары М. Горькийдің "Челкаш", А. С. Неверовтың "Марья-большевичка", "Мен өмірге жерікпін" атты әңгімелері мен Б. Прустың "Антек" деген шығармасын қазақ тіліне аударған.
1925 ж. "Челкаш" әңгімесінің қазақ тіліне aудармасы "Таң" журналында жарық көрген.
1927 ж. А. С. Неверовтың аталмыш екі шығармасы "Мен өмірге жерікпін", "Ортақшыл Мария" деген аталыммен Мәскеуде жеке кітап болып шықты. Қалған аудармалары да Мәскеудегі баспаларда жарық көрген.
Тұрағұл Дж. Лондонның "Мартин Иден" романын аударған, бірақ қолжазбасы сақталмаған.
1909 ж. Тұрағұл немере ағасы Кәкітаймен бірге әкесі Абайдың бірінші шығармалар жинағын Петербургте кітап етіп шығарды.
Тұрағұл "Алладан мен қапа боп, тілеген күн", "Хат", "Әбішке", "Жауап хат" және т.б. өлеңдер жазып қалдырған.
1928 ж. Шымкентке жер аударылып, 1934 жылы ұзаққа созылған науқастан дүниеден өтеді.
1993 ж. Абайдың 150 жылдығына өлеңдері, қазақ тілінде "Челкаш" әңгімесі, "Әкем Абай туралы" естелігі "Абайдың ақын шәкірттері" (1-кітап) жинағына енді. Осы жылы құрастырушы Б. Байғалиев Тұрағұлдың "Әкем Абай туралы» естелігін жеке кітап етіп бастырып шығарды.
Т. Құнанбаевтың шығармалары
Произведения Кунанбаева Т.
Құнанбаев, Т. Әкем Абай туралы [Мәтін] / Т. Құнанбаев. – Алматы : Ана тiлi, 1993.- 56 б.
Құнанбаев, Т. Әкем Абай туралы [Мәтін] / Т. Құнанбаев // Қазақстан әйелдерi. - 1995. - № 7. – Б. 4-7.
Құнанбаев, Т. Әкем Абай туралы [Мәтін] : [Абай Құнанбаев туралы баласы Тұрағұлдың естелігі] / Т. Құнанбаев // Ертіс өңірі. - 2005. - 22 қыркүйек. - Б. 4-5.
Құнанбаев, Т. Әкем Абай туралы [Мәтін] / Т. Құнанбаев // Солтүстiк Қазақстан. - 2015. - 7 ақпан (№ 16). – Б. 5.
Т. Құнанбаевтың аудармалары
Переводы Кунанбаева Т.
Неверов, А.Мен өмiрге жерiкпiн [Мәтін] / А. Неверов,ауд. Тұрағұл Абайұлы // Абай.- 1998.- № 1.- Б. 69-70.
Неверов, А.Ортақшыл Мария [Мәтін] / А. Неверов, ауд. Тұрағұл Абайұлы // Абай.- 1998.- № 1.- Б. 67-68.
Құнанбаев, Т. Антек қыран : Прусов Владиславтан Лондоннан аударма [Мәтін] // Алаш ақиықтары : мақалалар, деректi құжаттар, аудармалар. - Алматы : Алаш, 2006. - Т. 5. – Б. 248-260.
Құнанбаев, Т. Эскимос Киш деген бала : Джек Лондоннан аударма [Мәтін] // Алаш ақиықтары : мақалалар, деректi құжаттар, аудармалар. – Алматы : Алаш, 2006. - Т. 5. - Б. 240-247.
Т. Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Кунанбаева Т.
Кітаптар – Книги
Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін] / Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Алаш, 2005 - Т. 3 : Абайдың ақын шәкірттері. - 328 б. – Құнанбаев Т.: б. 171-220.
Мақалалар - Статьи
Қойлышова, Ж. "Тұрағұлдың кiндiгiнен тараған бесеу едiк..." [Мәтін] : [ұлы Абайдың ұрпағы М. Тұрағұлқызы туралы] // Ақ босаға.- 1995. – маусым.
Тұрағұл Абайұлының екi аудармасы [Мәтін] : [А. Неверовтың "Я хочу жить"(Мен өмiрге жерiкпiн), "Большевичка Мария" (Ортақшыл Мария) шығармаларын аударғаны туралы дерек] // Абай. - 1998. - № 1. – Б. 66.
Шалқар, К. Тұрағұлдан қалған тұяқ едi [Мәтін]: [Мәкен Тұрағұлқызымен Абай ұрпақтарының тағдыры туралы] // Жас Қазақ үнi. - 2001. - 20 желтоқсан. - Б. 4.
Тұрағұл Абайұлы Құнанбаев (1875-1934) [Мәтін] // Шәкәрiм әлемi. - 2007. - № 4. - Б. 18-24.
Құмар, А. Құнанбай ұрпақтары және алаш қайраткерлерi [Мәтін] : [Абайдың ұлы Тұрағұл жайлы] / А. Құмар // Евразия орталығы = Центр Евразии. - 2008. - № 3. - Б. 133-138.
Кенемолдин, М. Тұрағұл және Алашорда үкiметi [Мәтін] : [Тұрағұл және алаш] / М. Кенемолдин // Семей таңы. - 2008. - 24 сәуiр. – Б. 3.
Нұрханова, Г. Тұрағұл - көркем аудармадағы алғашқы есiм [Мәтін] / Г. Нұрханова // Жас ғалым. - 2008. - № 12. - Б. 14.
Ердембеков, Б. Абайдың әнші шәкірттері [Мәтін] / Б. Ердембеков // Ақиқат. - 2010. - № 5. - Б. 49-53.
Райқұл, А. Абай ұрпақтары қалай қуғындалды? [Мәтін] / А. Райқұл // Ана тiлi. - 2013. - 30 мамыр - 5 маусым (№ 22). - Б. 6-7.
Абайдың қуғын көрген ұрпақтары мен туыстары [Мәтін] // Семей таңы. - 2014. - 20 мамыр. – Б. 6.
Абайдың ұлдарына қатысты деректер табылды [Мәтін] // Дидар. - 2015. - 12 маусым. -
Б. 2.
***
Важнейшие жизненные ориентиры мыслителя [Текст] // Вести Семей. - 2015. - 2 июня. - С. 4. -Кунанбаев Т.: с. 4.
Ибраева, У. А. Поэтическое окружение Абая [Текст] / У. А. Ибраева // Вести Семей. - 2016. - 9 февраля.
Серік Құсанбаев (1963 ж.) - ақын, жыршы, журналист, ҚР Мәдениет қайраткері, Зайсан ауданының құрметті азаматы. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
1963 жылдың 24 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында дүниеге келген. 1980 жылы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепті бітірген. 1982-84 жылдары Қырым түбегіндегі Қара теңіз флотында әскери борышын өтеген. Білімі жоғары, Семейдің Шәкерім атындағы педагогикалық институтының түлегі.
1988 жылдан ақындық өнермен айналысқан. Халықаралық, республикалық және аймақтық дәрежелерде өткізілген ірі-ірі жыр сайыстарында бірнеше мәрте жүлдегері. Әнші-термеші. «Байғыз», «Жырлаумен өткен 20 жыл» атты кітаптардың авторы. Туындылары республикалық, облыстық баспасөз беттерінде жарық көріп тұрады.
Серіктің айтыс сахнасында көтерген ұлттық сарындағы өзекті мәселелері республикалық басылымдарда жарияланып, айтыс көрермендері мен республика жұртшылығынан, елімізге танымал Т.Кәкішев, С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев, М.Жолдасбеков, С.Негимов, Т.Жұртбаев, Қ.Мырзалиев, А.Сейдімбеков, М.Сәрсекеев, М.Жаманбалинов сынды ғалымдар мен жазушы-қаламгерлер тарапынан жоғары бағасын ала білген. Өз өнерін Түркия, Қытай, Өзбекстан, Ресей елдерінде паш етіп, барлық сапарлардан абыройлы оралған.
Серік Сәдуақасұлы ұзақ жылдар Павлодар облысында тұрды. 2004 жылы туған өлкесіне оралған ақын, қазіргі таңда жас ақындарға ұстаздық етумен айналысады. 2007 жылдың сәуір айынан бастап «Дидар» газетінде тілшілік қызметте. 2017 жылдың ақпан айынан «Шығыс Ақпарат» ЖШС директорының шығармашылық саладағы орынбасары болып тағайындалды.
Жұбайы Дидар екеуі Мөлдір, Айбын атты ұл-қыз тәрбиелеуде. Қыздары Мөлдірден Жасмин, Камилла атты немерелері бар.
Айтыс саласындағы орасан еңбегі мен шығармашылық жетістіктері үшін Серік Құсанбаев 1995 жылы ҚР Министрлер кабинетінің, 2000 жылы Президент Н.Назарбаевтың, 2007 жылы Мәдениет министрлігінің мақтау грамоталарымен марапатталған. ҚР Мәдениет қайраткері, Зайсан ауданының құрметті азаматы. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
2019 жылы Петропавл қаласында өткен республикалық ақындар айтысында бас жүлдеге иеленді.
С. Құсанбаев шығармалары
Произведения С. Кусанбаева
Кітаптар - Книги
Құсанбаев, С. Жырлаумен өткен 20 жыл [Мәтін] : эссе-баян, айтыстар / С. Құсанбаев. - Алматы : Қазығұрт, 2011. - 360 б.
Құсанбаев, С. Байғыз [Мәтін] : өлеңдер, айтыстар / С. Құсанбаев. - Павлодар : ЭКО, 2001. - 224 б.
С. Құсанбаевтың мерзімді басылымдардағы мақалалары
Статьи С. Кусанбаева в периодических изданиях
2007-2009
Құсанбаев, С. "Ауыл шаруашылығы ең бай сала болады" [Мәтін] / Ә. Қаңтарбаев, С. Құсанбаев // Дидар. - 2007. - 8 қыркүйек.- Б.1.
Құсанбаев, С. Зиянды қалдықтардан қайткенде құтыламыз? [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2007. - 5 шілде.- Б.1.
Құсанбаев, С. Мақсат - экономиканы дамыту [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2007. - 12 мамыр. - Б. 2.
Құсанбаев, С. Өскеменнің өркендеп, гулденуі керек [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2007. - 29 мамыр. - Б. 2.
Құсанбаев, С. Салық саласындағы мәселелер [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2007. - 7 шілде. - Б. 1.
Құсанбаев, С. Серебрянка қаласының болашағы зор [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2007. - 14 тамыз.- Б.1.
Құсанбаев, С. Табиғатты аялау - ортақ парыз [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2007. - 3 қараша. - Б. 2.
Құсанбаев, С. Төл өнеріміздің қасиеті түспесе екен [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2007. - 3 мамыр.- Б.2.
Құсанбаев, С. Төрінде төр Алтайдың бір той өтті [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2007. - 1 қараша.- Б.4.
Құсанбаев, С. Халықаралық конференция өтті [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2007. - 18 қыркүйек.- Б.1.
Құсанбаев, С. Құлақтан кіріп, бойды алды әуелеген әсем ән [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2008. - 4 қыркүйек. - Б.1-4.
Құсанбаев, С. "Сыйға сый" деген осы... [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2008. - 23 ақпан.- Б.4.
Құсанбаев, С. Тағы да тіл жайында [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2008. - 13 наурыз.- Б.1.
Құсанбаев, С. Топтан озған талаптылар [Мәтін] /С. Құсанбаев // Дидар. - 2008. - 6 мамыр.- Б.4.
Құсанбаев, С. Оралхан оқулары [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2008. - 16 қыркүйек.- Б. 4.
Құсанбаев, С. Ортақ мақсат жолындағы жобалар [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2008. - 5 сәуір.- Б.2.
Абайдың сөздерінің астарына үңілумен келемін [Мәтін] / Т. Мұхамеджанов ; әңгімелеск. С. Құсанбаев // Дидар. - 2009. - 24 қыркүйек.- Б.7.
Құсанбаев, С. Алтайға ат байлады Абай елі [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2009. - 30 наурыз. - Б.3
Құсанбаев, С. Қаймағы бұзылмаған қасиетті Семей [Мәтін] / М. Айнабеков, С. Құсанбаев // Дидар. - 2009. - 10 сәуір.- Б.3.
Құсанбаев, С. Ұлтшылдықтан емес, ұлтсыздықтан қорқайық [Мәтін] / Қ. Нұрқасым, С. Құсанбаев // Дидар. - 2009. - 23 мамыр. - Б.3.
Құсанбаев, С. Ертістің ерке жирені [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2009. - 26 мамыр.- Б.5.
Құсанбаев, С. Сахна саңлағы [Мәтін] / С. Құсанбаев // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 12 -18 маусым.- Б.10.
Құсанбаев, С. Композиторлар 70 жылдығын тойлап жүр [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2009. - 3 қараша.- Б.2.
Құсанбаев, С. Айнажаров Мәскеуге аттанып кетті [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2009. 30 желтоқсан.- Б.3.
2010-2013
Құсанбаев, С. Сауырдан ән самғатқан сырлы сазгер [Мәтін] : [Белгілі сазгер, жерлесіміз А. Кәкеев Астанада өткен "Елім менің" патриоттық ән жазушы композиторлардың VI республикалық конкурсына қатысып"Аманат" номинациясының І жүлдесіне ие болды]. / С. Құсанбаев // Дидар. - 2010. - 19 сәуір. - Б.5.
Құсанбаев, С. Ақбауыр баурайындағы бәсеке [Мәтін] : [суретшілер бәсекесі туралыі] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2010. - 21 маусым.- Б.2.
Қасым, А. Іргедегі мекендердің реңі қашан кіреді [Мәтін] / А. Қасым , Е. Асқарұлы , С. Әбілхан , С. Құсанбаев // Дидар. - 2010. - 18 тамыз.- Б.1-2.
Құсанбаев, С. Ардагер палуан олжамен оралды [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2010. - 25 тамыз.- Б.5.
Құсанбаев, С. Тастан ойған мүсіндер ой түбіне тартады [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2010. - 25 тамыз.- Б.3.
Сахара саятшысы [Мәтін] / әзірлеген С. Құсанбаев // Дидар. - 2010. - 13 қазан.- Б.6.
Алтын балық [Мәтін] / құраст. С. Құсанбаев // Дидар. - 2010. - 27 қазан.- Б.6.
Жалғыз мүйізді тұлпар [Мәтін] / әзірлеген С. Құсанбаев // Дидар. - 2010. - 6 қараша.- Б.6.
Шағалалар [Мәтін] / әзірлеген. С. Құсанбаев // Дидар. - 2010. - 11 қараша.- Б.8.
Бесік жыры [Мәтін] / әзірлеген С. Құсанбаев // Дидар. - 2010. - 16 қаңтар.- Б.6.
Дала перзенті [Мәтін] / әзірлеген С. Құсанбаев // Дидар. - 2010. - 30 қараша.- Б.6.
Құсанбаев, С. Ағаш арасында қоңыр аю жатыр [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2010. - 20 қараша.- Б.6
Құсанбаев, С. Тасына туған жердің тіл бітірген [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2010. - 21 қаңтар.-Б.7.
Құсанбаев, С. Төлегетайдың ғұндардың ұраны болғаны рас па? [Мәтін] : [Танымал тарихи тұлға Төлегетай Сүйінішұлы туралы] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2011. - 17 наурыз.- Б.7.
Құсанбаев, С. Айтыс өнері: ақиқат пен аңыз [Мәтін] : [Аты Алашқа аян айтыскер ақынның "Жырлаумен өткен жиырма жыл" атты кітабынан үзінді"] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2011. - 10 маусым.- Б.7.
Құсанбаев, С. Жиырма бір жыл жанды жеген ақиқат [Мәтін] : [Таулы Карабах қақтығысына қатысқан тұғылдық сарбаз туралы.] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2012. - 4 мамыр.- Б.10-11.
Құсанбаев, С. Николайдың ауылы Нұрлыбек деп аталса... [Мәтін] : [Бесқарағай ауданының бір ауылына ақын Нұрлыбек Баймұратовтың есімін беру туралы ұсыныстар айтылуда.] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2012. - 15 маусым.- Б.5.
Құсанбаев, С. Төрт мың домбыра жасаған екен [Мәтін] : [Бесқарағай ауданының домбыра жасау шебері Болат Шамамбай туралы. ] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2012. - 9 тамыз.- Б.13.
Құсанбаев, С. Қара тасқа тіл бітірген шеберлер мәреге жетті. [Мәтін] : [Өскеменде мүсіншілер симпозиумы өтуде.] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2012. - 30 тамыз.- Б.7.
Құсанбаев, С. Елдардың кешінен ерекше әсермен қайттық [Мәтін] : [Өскемендегі өнер мұражайында ақын әрі сазгер, жерлесіміз Елдар Оразалиннің кеші өтті.] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2012. - 29 қараша.-Б.23
Құсанбаев, С. Шертпе күйдің Шығыстағы шебері [Мәтін] : [ҚР мәдениет қайраткері Т. Баяқов туралы.] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2013. - 8 ақпан.- б.20.
Құсанбаев , С. Саяттың жырларынан туған жерге деген сағыныштың лебі еседі. [Мәтін] : [Облыстық кітапханада ақын Саят Қамшыгердің жыр кеші өтті. ] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2013. - 2 қараша.- б.5.
Құсанбаев, С. Шағын шаһарда өнерге өзгеше мән беріліп келеді [Мәтін] : [Риддер қаласында атқарылып жатқан істер жайлы. ] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2013. - 28 қараша.- б.9.
2014-2016
Құсанбаев, С. Арғымақ жылғы айтулы күндер [Мәтін] / А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада 2014 жылдың айтулы күндер тізбесінің тұсаукесері өтті // Дидар. - 2014. - 24 ақпан.- б5
Құсанбаев, С. Американың қос ұшағын алдап соққаным бар [Мәтін] : [А. С. Пушкин атындағы кітапханада ғарышкер Тоқтар Әубәкіровпен кездесу болды] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2014. - 21 ақпан.- б8
Құсанбаев, С. Колледж тізгінін ұстаған тұңғыш қазақ [Мәтін] : [Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің директоры Н. Әскетайұлы туралы.] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2014. - 27 маусым.- б.25.
Құсанбаев, С. Қайырбектің "Жұлдыз" ауруымен ауырғанына 45 жыл болыпты.[Мәтін] : [Коллекционер Қ. Рамазанов туралы] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2014. - 23 қазан.- б.9.
Құсанбаев, С. Елу бес жыл егін еккен қарт диқан [Мәтін] : [Зырян ауданы Средигорненский ауылының басшысы П.Дяглев туралы.] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2015. - 10 желтоқсан.- Б.9.
Құсанбаев, С. Кітапхананың оқырмандары көбейіп келеді [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2015. - 26 желтоқсан.- Б.3.
Құсанбаев, С. Жиырма екі жыл олжа салған сәйгүлік [Мәтін] : [Жылқы малы туралы әпсана] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2016. - 5 ақпан.- Б.17.
Құсанбаев, С. Қайымның өмір мектебімен жете танысты [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2016. - 17 ақпан.- Б.6.
Құсанбаев, С. Марқа елінің мақтанышы болған балуан [Мәтін] : [Марқакөлдік балуан А. Күлиманов туралы.] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2016. - 11 наурыз.- Б.19.
Құсанбаев, С. Көп кітапқа ұқсамайтын көк кітап [Мәтін] : [Сөзжұмбақшы Қ. Алтыбаевтың жаңа кітабы жайлы.] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2016. - 8 сәуір.- Б.23.
Құсанбаев, С. Семейде бір зергер бар қолы алтын [Мәтін] : [Семей қаласының тұрғыны, зергер Абылайхан туралы.] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2016. - 2 шілде.- Б.10,18.
Құсанбаев, С. Алтайдың алтын сапты алдаспаны [Мәтін] : [Қазыналы қарт, шежіреші, атбегі Б. Кітапбаев туралы. ] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2016. - 3 қыркүйек.- Б.18.
2017
Имашпаев, М. Әскер -балабақша емес [Мәтін] : [Ауған соғысының ардагері, денсаулық ісінің үздігі М. Имашпаев туралы.] / М. Имашпаев ; әңгімелескен: Серік Құсанбаев С. // Дидар. - 2017. - 11 ақпан.- Б.18-19.
Құсанбаев, С. "Құнанбай" Ұлан халқымен қауышты [Мәтін] : [Қ. Қайсенов кентінде "Құнанбай" фильмі көрсетіліп, режиссер, актер Д. Жолжақсыновпен кездесу өтті. ] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2017. - 17 маусым.- Б.4.
Құсанбаев, С. Ұрпағына қор болған ұлылардың есімі- ай ! [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2017. - 3 тамыз.- Б.18.
2018
Құсанбаев, С. Есімім Қарақасқа - халық қойған [Мәтін] : [ақын С. Жақиянов туралы] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2018. - 12 сәуір.- Б.13.
Құсанбаев, Серік. Батыр жайлы інілері не дейді? [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2018. - 17 мамыр.- Б.26.; 24 мамыр.- Б.26.; 31 мамыр.- Б.28.; 7 маусым.- Б.26.; 14 маусым.- Б.26.
Қаңтарбаев, Әлібек. Жаңғырмауға қақымыз жоқ [Мәтін] : [Ономастика мәселесі] / Ә. Қаңтарбаев ; сұхбат: С. Құсанбаев // Дидар. - 2018. - 28 маусым.- Б.10.
Құсанбаев, С. Төр Алтайдың төсінде ұлан-асыр той өтті. [Мәтін] : [Қатонқарағай ауданының 90 жылдығы атап өтті.] / С. Құсанбаев // Дидар . - 2018. - 13 қыркүйек.- Б.12-13.
Құсанбаев, С. Сауыр мен Сайқанның құз жартасы жаңғырды [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2018. - 15 қараша.- Б.14-15.
Құсанбаев, С. Жыр алыбы Жамбылды жұртта неге қалдырды? [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2018. - 6 желтоқсан.- Б.16.
Құсанбаев, С. Сен неткен бақытты едің, Үржар елі! [Мәтін] : [Үржар ауданының 80 жылдығы] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2018. - 27 желтоқсан.- Б.16,24.
Ел еңсесі биік болсын [Мәтін] : [Атақты спортшы Ж. Атаевқа "Өскемен қаласының Құрметті азаматы "атағы берілді."] / әзірлеген: Серік Құсанбаев // Дидар. - 2018. - 29 желтоқсан.- Б.9.
Құсанбаев, Серік. Бауырын жаза алмаған Құлагер / С. Құсанбаев. - Мәтін // Қазақ әдебиеті. - 2023. - 10 ақпан. - Б. 9.
Құсанбаев, С. Хасен кетіп барады... / С. Құсанбаев. - Мәтін // Дидар. - 2023. - 6 сәуір. - Б. 9.
Құсанбаев, С. Қараталдан қанат қаққан : [әнші, сазгер Бағдат Есдәулетова туралы мақала] / С. Құсанбаев. - Мәтін // Дидар. - 2023. - 20 сәуір. - Б. 11.
Құсанбаев, С. Алдында ағаң болған қандай жақсы...: абыз ақсақал Аухадиев Сайлаухан туралы / С. Құсанбаев // Дидар. - 2024. - 19 желтоқсан (N49). - Б. 10.
Құсанбаев, С. Ұрпағына қор болған ұлылардың есімі-ай!. / С. Құсанбаев. - Мәтін// Дидар. - 2025. - 20 наурыз (N12). - Б. 12.
Құсанбаев, С. Жырлаумен өткен жиырма жыл : эссе-баян / С. Құсанбаев. - Мәтін (визуалды) // Тәңіртау. - 2025. - N1. - Б. 25-45.
Құсанбаев , С. Көріпкелдік аңыз ба, ақиқат па? / С. Құсанбаев // Дидар. - 2025. - 10 сәуір (№15). - Б. 22.
Құсанбаев, С. Нұрдәулет Ақыштың әдеби әлемі : [А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада "Нұрдәулет Ақыштың әдеби әлемі" атты әдеби-шығармашылық кеш өтті] / С. Құсанбаев. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 1 мамыр (N18). - Б. 20.
Құсанбаев, С. Талқан болған тағдырлар... : саяси-қуғын сүргін құрбаны Кәрім Құндақбаев туралы / С. Құсанбаев. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 29 мамыр (№21-22). - Б. 18.
Құсанбаев, С. Берекең кетсе, нең қалар?! : қаралы үйге бару, көңіл айту / С. Құсанбаев. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 5 маусым (№23). - Б. 12.
Құсанбаев, С. Жаңғырды Өр Алтайдың шың-құздары : [Катонқарағайдағы халықаралық фестивальде өткен айтыс туралы] / С. Құсанбаев. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 19 маусым (№25). - Б. 10.
Құсанбаев, С. Бір өзіңде дала менен тау үні : [Ұлттық домбыра күні] / С. Құсанбаев. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 10 шілде (№28). - Б. 9.
Құсанбаев, С. "Айдаһармен" арпалысқан академик : академик Бақия Атшабаров туралы / С. Құсанбаев. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 10 шілде (№28). - Б. 10.
Құсанбаев, С. Ұлылар мекеніне саяхат : шырақшы Бекен Исабаев туралы (эссе-баян) / С. Құсанбаев. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 3 шілде (№27). - Б. 8. ; Дидар. - 2025. - 17 шілде (№29). - Б. 8.
Құсанбаев, С. Қазанатты дәріптеген азамат : [А. С. Пушкин кітапхнасында Сәдібек Түгелдің шығармашылық кеші өтті] / С. Құсанбаев. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 17 шілде (№29). - Б. 16.
Құсанбаев, С. Қыз алып қашу қылмыс па, әлде дәстүр ме? / С. Құсанбаев. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 7 тамыз (№32). - Б. 11.
Құсанбаев, С. Әлі есімде сол жылдың мамыр айы... : жазушы Оралхан Бөкей туралы / С. Құсанбаев. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 2 қазан (№40). - Б. 13.
Құсанбаев, С. Сөздері сом алтындай кесек еді... : ұстаз Қанипа Бітібаева туралы / С. Құсанбаев, А. Мырзахметов . - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 27 қараша (№48). - Б. 16.
Құсанбаев, С. Абай тағылымы және ұрпақтар сабақтастығы: [Зайсан қаласында Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепте ақын Абайдың 180 жылдығына арналған конференция өтті] / С. Құсанбаев. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 27 қараша (№48). - Б. 17.
С. Құсанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве С. Кусанбаева
Байбатыров, Ғ. Зайсан [Мәтін] : өлкетану тақырыбындағы тарихи-танымдық туындылар / Ғ. Байбатыров. - Астана : Фолиант, 2014. - 344 б.
Қазақстан айтыс ақындары [Мәтін] : анықтамалық жинақ. - Алматы : Ан-Арыс, 2013. - 280 б.
Картаева, А. М. Әдеби өлкетану [Мәтін] : (Шығыс Қазақстанның қаламгерлері шығармашылығы бойынша) оқу құралы / А. М. Картаева. - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "Берел" баспасы, 2016. - 166 б.