Жанкелдин Тоқтағали (1916-1973) – жазушы, ғалым, Ұлы Отан соғысында қатысқан.
1916 ж. 25 қарашада Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан Облысы) Аягөз ауданы Айғыз ауылында дүниеге келген. Балалық шағынан білім алуға ұмтылған. 1938 жылы Тоқтағали еліміздің сол кездегі астанасы Алматы қаласына келіп, Абай атындағы педагогикалық институтына келіп түседі. Оны бітірген соң біраз жыл мұғалім болып қызмет етеді. Совет армиясы қатарына шақырылады. Кенет басталған Ұлы Отан соғысында Тоқтағали алғашқы күннен бастап – ақ майданның алғы шебінде болады. Орталық майданда артиллерия батареясының командирі, одан кейін партизан бригадасы комиссарының орынбасары және Белоруссия ЛКСМ Борисов астыртын қалалық комитетінің мүшесі ретінде аса қауіпті, ерекше күрделі, сан-сала қызмет жүргізеді. Қан майданның өзінде партизан сонарында шеру тартады. Ұзақ жылдарға созылған ұрыстан кейін, 1944 жылы Минск облысы жаудан тазартылып, Тоқтағали Қазақстан ЛКСМ Орталық комитетінің қарамағына жіберіледі. Жылдан астам уақыт комсомол қызметін атқарған Тоқтағали КПСС Орталық комитеті жанындағы Жоғарғы партия мектебіне түсіп, оны бітірген соң әртүрлі жауапты қызметте болды, ұстаздық етеді.
1954 жылы Қоғамдық ғылымдар Академиясын аяқтап, Мәскеуде философиядан диссертация қорғайды. Партия басқармасында бөлім меңгерушісі, кейін Институт директоры қызметтерін абыроймен атқарды.
1957 жылы Т. Жанкелдин Қазақстан КП Орталық Комитетінің ғылым, жоғарғы оқу орындары және мектептер бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарады. 1961 жылдан бастап Қазақстан КПСС Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы институтының директоры, 1964-1968 ж. Орталық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, өмірінің соңғы жылдары Қазақ ССР Ғылым Академиясының философия және право институтының директоры болып қызмет істейді. Т. Жанкелдин Қазақ ССР Жоғарғы советінің депутаты болып сайланған. Көп жылғы қажырлы еңбегі бағаланып, ордендермен медальдармен марапатталған.
Т. Жанкелдин «Партизан күнделігі», «Партизан жорықтары», «Сын сағатта», атты кітаптары жарық көрген. Повестер мен әңгімелердің авторы – Белоруссия ормандарында жексұрын жауларға қарсы айтарлықтай әрекет еткен «Дядя Коля» атты партизандық бригаданың бұрынғы саяси қызметкері. Кітап Ұлы Отан соғысы жылдарындағы совет халқының ерлігі мен достығы туралы сыр шертеді.
Т. Жанкелдин 1973 жылы Алматы қаласында қайтыс болды. Бүгінде Қазақстанның Орталық мұражайында Т. Жангелдиннің өміріне арналған стенд бар. Беларусь мұражайында соғысқа белсенді қатысқан партизандар қатарында суреттері тұр. Тоқтағалидың Алматыда өзі тұрған үйінде мемориалдық тақта орнатылған. 2004 жылы Белоруссияның ескерткіш медалі берілді.
2016 жылы 28 сәуірде Ш. Уәлиханов атындағы институт «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдары» ғылыми жоба аясында «Тоқтағали Жангельдин: мемлекеттік қайраткер, ғалым, майдангер-партизан» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Онда Т. Жангельдиннің 100-жылдығына орай майдангер туралы деректі фильмнің презентациясы ұсынылды.
Т. Жанкелдин (Жангелдин) шығармалары
Произведения Жангельдина Т.
Кітаптар - Книги
Жанкелдин, Т. Социалистiк еңбектiң тәрбиелiк маңызы [Мәтін] / Т. Жанкелдин. - Алматы : Қазақстан мемлекеттік баспасы, 1960. - 93 б.
Жанкелдин, Т. Партизан күнделiгi [Мәтін] / Т. Жанкелдин. - Алматы : Қаз. мемл. көркем әдеб. баспасы, 1961. - 170 б.
Жанкелдин, Т. Еңбек - коммунистiк тәрбиенiң негiзi [Мәтін] / Т. Жанкелдин. - Алматы : Жазушы, 1962. - 102 б.
Жанкелдин, Т. Сәкен Сейфуллин [Мәтін] : ақынның революциялық,қоғамдық және мемлекеттiк қызметi жайлы / Т. Жанкелдин. - Алматы : Қазақстан, 1966. - 92 б.
Жанкелдин, Т. Партизан жорықтары [Мәтін] : деректі повесть / Т. Жанкелдин. - Алматы : Жазушы, 1967. - 298 б.
Жанкелдин, Т. Жолданбаған хаттар [Мәтін] : майдан дәптерiнен : повесть / Т. Жанкелдин. - Алматы : Жазушы, 1968. - 144 б.
Жанкелдин, Т. Сын сағатында [Мәтін] : повесть / Т. Жанкелдин. - Алматы: Жазушы, 1975. - 92б.
Жанкелдин, Т. Сын сағатында [Мәтін] : повестер мен әңгімелер / Т. Жанкелдин; құраст. Б. Қазыханова; ред. К. Узақбаева; суретші М. Искаков. - Алматы : Жазушы, 1981. - 552 б.
***
Жангельдин, Т. Сакен Сейфуллин [Текст] : революционная и общественно- государственная деятельность поэта / Т. Жанкельдин. - Алма-Ата : Казахстан, 1965. - 92 с.
Жангельдин, Т. Дневник партизана [Текст] / Т. Жангельдин. - Алма-Ата : Жазушы, 1965. - 208 с.
Жангельдин, Т. Партизанские походы [Текст] : записки партизана / Т. Жангельдин ; перевод с казахского Е. Еланчик и Н. Умерова. - Алма-Ата : Жазушы, 1969. - 268 с.
Жангельдин, Т. Диктатура пролетариата и становление социалистических общественных отношений [Текст] / Т. Жангельдин. - Алма-Ата : Наука, 1973. - 439 с.
Жангельдин, Т. Час испытаний [Текст] : записки партизана / Т. Жангельдин; сост. Б. Р. Казыханова. - Алма-Ата : Жазушы, 1984. - 448 с.
Т. Жанкелдиннің (Жангелдин) мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации Т. Жангельдина в периодических изданиях и сборниках
Жанкелдин, Т. Жалынды большевик, көрнектi қайраткер [Мәтін] : С. Сейфуллиннiң туғанына 70 жыл толуына / Т. Жанкелдин // Қазақстан коммунисi. - 1964. - № 5. - Б. 50-55.
Жанкелдин, Т. Өнерлi өрге жүзер [Мәтін] : Қазақстан жазушыларының V съезi қарсаңында / Т. Жанкелдин // Жұлдыз. - 1965. - № 8. - Б. 3-8.
Жанкелдин, Т. Творчестволық интеллигенцияның абыройлы борышы [Мәтін] / Т. Жанкелдин // Қазақстан коммунисi. - 1965. - № 6. - Б. 10-14.
Жанкелдин, Т. Революция солдаты [Мәтін] : [С. Сейфулиннiң дүниетанымының қалыптасуы] / Т. Жанкелдин // Қазақстан коммунисi. - 1967. - № 6. - Б. 30-34.
Жанкелдин, Т. Идеология майданының жалынды жауынгерi [Мәтін] : Сәкен Сейфуллиннiң қоғамдық қызметi / Т. Жанкелдин // Қазақстан мектебi. - 1969. - № 7. - Б. 90-95.
Жанкелдин, Т. Лениндiк идея шыңдалған әдебиет [Мәтін] : [Қазақ әдебиетi мен өнерiнiң қалыптасу кезеңiндегi күресте ұлы Лениннiң теорияларының атқарған ролi жайында] / Т. Жанкелдин // Жұлдыз. - 1969. - № 7. - Б. 29-36.
Жангелдин (Жанкелдин), Т. Саяхатшы - сардар - қайраткер [Мәтін] : Әлiби Тоғжанұлы Жангелдин туралы / Т. Жангелдин (Жанкелдин) // Жас өркен-Қостанай. - 2005. - № 5. - Б. 10-12.
Жангелдин (Жанкелдин), Т. Әлiби Тоғжанұлы [Мәтін] : ірi мемлекет қайраткерi Әліби Тоғжанұлы Жангелдин туралы / Т. Жангелдин (Жанкелдин) // Қазақ. - 2006. - 23-30 маусым. - Б. 3.
Жангелдин (Жанкелдин), Т. Әуезовпен кездесу [Мәтін] : автордың жазушы М. О. Әуезов жайлы жазған естелiгiнен / Т. Жангелдин (Жанкелдин) // Қазақ әдебиетi. - 2013. - 7-13 маусым. - Б. 7.
***
Жангельдин, Т. Коммунист, поэт, государственный деятель [Текст] : к 70-летию со дня рождения С. Сейфуллина / Т. Жангельдин // Вопросы Компартии Казахстана.- Выпуск 2. - 1964. - С.140-183.
Т. Жанкелдиннің (Жангелдин) өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Т. Жангельдина
Жексенбин, А. Сәкен туралы кiтапша [Мәтін] : Т. Жанкелдиннің шығармасы жайында /А. Жексенбин // Қазақ әдебиетi. - 1965. - 12 қараша.
Мырзахметов, Е. Бағалы еңбек [Мәтін] : Т. Жанкелдиннің шығармашылығы жайында / Е. Мырзахметов // Көкшетау правдасы. - 1966. - 20 наурыз.
Көпжасаров, Х. Ерлiк пен достық [Мәтін] / Х. Көпжасаров // Қазақ әдебиетi. - 1967. - 24 қараша. - Б. 3.
Асылбеков, А. Жорық iзi [Мәтін] / А. Асылбеков // Қазақ әдебиетi. - 1967. - 25 қазан.
Молдағалиев, Ж. Партизан жорықтары [Мәтін] / Ж. Молдағалиев // Социалистік Қазақстан. - 1967. - 8 қыркүйек. - Б. 4.
Жақып, М. Партизандар [Мәтін] : жауынгер партизан Тоқтағали Жангелдин туралы / М. Жақып // Егемен Қазақстан. - 2005. - 5 сәуір. - Б. 3.
Әбжанов, Х. Адам болмысының білгірі [Мәтін] / Х. Әбжанов // Айқын. - 2016. - 26 сәуір. - Б. 4.
Мұхтарханқызы, З. Тоқтағали Жангелдинді білеміз бе? [Мәтін] : [жерлесіміз партизан-жазушы, қоғам қайраткері Т. Жангелдин туралы] / З. Мұхтарханқызы // Ертіс өңірі . - 2016. - 11 мамыр. - Б. 12.
***
Сулейменова, А. Храбрый партизан из бригады «Дяди Коли» [Текст] / А. Сулейменова // Казахстанская правда. - 2016. - 24 июня. - С. 24.
Интернет-сілтемелер
Интернет-ресурсы
Соғыс ардагері : Жангелдин Тоқтағали [Электрондық ресурс] // Massaget.kz : сайт. – Пайдалану орны : http://massaget.kz/arnayyi_jobalar/9_mamyir_2015/32372/ (05.04.2017)
Тоқтағали Жангелдин : мемлекет қайраткері, ғалым, майдангер-жазушы [Электрондық ресурс] // Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты : сайт. – Пайдалану орны : http://iie.kz/?p=5431 (05.04.2017)
Нарымбек, Ұ. Минскіде «Жеңіс ортақ. Қазақстан-Беларусь» кітабы шықты [Электрондық ресурс] : [Т. Жангелдин туралы бейнежазба] / Ұ. Нарынбек, Г. Омарбекова, Б. Нүсіпбеков // Хабар : сайт. – Пайдалану орны : http://khabar.kz/archive/kz/lemde/item/22914-minskide-zhenis-ortak-kazakstan-belarus-kitaby-shykty (05.04.2017)
Т. Жангелдиннің 100 жылдығына орай ескерткіш монеталар айналымға шығады [Электрондық ресурс] // Атамекен : сайт. – Пайдалану орны : http://abctv.kz/kz/last/13979 (05.04.2017)
Сулейменова, А. Храбрый партизан из бригады "Дяди Коли" [Электронный ресурс] : [о Т. Жангельдине] / А. Сулейменова // Nomad-Кочевник : сайт. – Режим доступа : http://www.nomad.su/?a=15-201606240005 (05.04.2017)
Сулейменова, А. Храбрый партизан из бригады "Дяди Коли" [Электронный ресурс] : [о Т. Жангельдине] / А. Сулейменова // Казахстанская правда : сайт. – Режим доступа : http://www.kazpravda.kz/fresh/view/hrabrii-partizan-iz-brigadi-dyadi-koli/?print=yes (05.04.2017)
Нацбанк выпустил монету в честь 100-летия ученого Токтагали Жангельдина [Электронный ресурс] // Хабар : сайт. – Режим доступа : http://khabar.kz/ru/news/obshchestvo/item/68720-natsbank-vypustil-monetu-v-chest-100-letiya-uchenogo-toktagali-zhangeldina (05.04.2017)
Токтагали Жангельдин: государственный деятель, ученый, фронтовик-партизан[Электронный ресурс] // Институт истории и этнологии им. Ч. Ч. Валиханова : сайт. – Режим доступа : http://iie.kz/?p=5431&lang=ru (05.04.2017)
Документальный фильм о Токтагали Жангельдине презентовали в НАН РК [Электронный ресурс] / Информационно-аналитический портал BNews.kz : сайт. – Режим доступа : http://bnews.kz/ru/news/obshchestvo/dokumentalnii_film_pro_toktagali_zhangeldina_prezentovali_v_nan_rk-2016_04_28-1269109 (05.04.2017)
Жангельдин, Е. Токтагали Жангельдин [Электронный ресурс] / Е. Жангельдин // Белорусский портал в Казахстане : сайт. – Режим доступа : http://www.belarus.kz/kultura/zhankeldin_vov (05.04.2017)
Гранов, В. Воспоминания о Т. Жангельдине [Электронный ресурс] / В. Гранов // Беларускі портал в Казахстане : сайт. - Режим доступа : http://www.belarus.kz/kultura/zhankeldin_vov_uspaminy (05.04.2017)

Жәкенов Заманбек (1930 - 1996) – жазушы.
Заманбек Жәкенов 1930 жылы 4 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында туған.
1932 жылы ата-анасы Шығыс Түркістан өлкесіндегі Дөрбілжің ауданындағы Ақтас ауылына қоныс аударған. 1947 жылы орта мектепті тәмамдаған соң Құлжа қаласындағы офицерлер дайындайтын әскери мектепте оқыған. 1954 жылы Үрімшіден жоғары партия мектебін бітірген.
1955 жылы Қазақстанға қайтып оралған соң жұмысшы, кітапхана меңгерушісі болып еңбек етті. 1963-1968 жылдары Алматы облысының Жамбыл ауданындағы «Екпінді еңбек» газетінің редакциясында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болып қызмет істеген.
1968-1990 жылдары Қазақ ҚСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте қызмет атқарды.
Алғашқы өлеңдері мен әңгімелері 1955 жылдан бастап мерзімді баспасөз беттерінде жариялана бастады.
З. Жәкеновтың шығармалары
Произведения З. Жакенова
Жәкенов, З. Зұлмат : роман / З. Жәкенов. - Алматы: Дәуiр-Кiтап, 2016.- 352 б.
Жәкенов, З. Зұлмат : роман / З. Жәкенов. - Алматы: Алатау, 2000.- 276 б.
Жәкенов, З. Көшпелi алтын. / З. Жәкенов. - Алматы: Жалын, 1989.- 384бет
Жәкенов, Заманбек. Бозқараған : повестер мен әңгімелер / З. Жәкенов. - Алматы : Жалын, 1984. - 288 б.
Жәкенов, З. Күн көтерiлiп келедi.: роман / З. Жәкенов - Алматы: Жазушы, 1981.- 312 б.
Жәкенов, З. Қайта айналып келгенше / З. Жәкенов - Алматы: Жалын, 1978.- 200 б.
Жәкенов, З.Таң самалы / З. Жәкенов - Алматы: Жазушы, 1971.- 184бет
Жәкенов, З. Аяулы қарындас.: Повестер / З. Жәкенов - Алматы: Жазушы, 1966.- 147 б.
З. Жәкеновтың мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалары
Публикации З. Жакенова в периодических изданиях
Жәкенов, З. Қайдасың, аяулы қарындасым?: Әңгiме / З. Жәкенов // Жұлдыз.- 1962.- N 10.- Б.64-81.
Жәкенов, З. Ер ана: Әңгiме // Жұлдыз.- 1961.- N 2.- Б.72-79.
Жәкенов, З. Жүрекке әмiр жүрмейдi: Повесть тарауларынан / З. Жәкенов // Жұлдыз.- 1965.- N 10.- Б.98-118.
З. Жәкенов туралы әдебиет
Литература о З. Жакенове
Тәуірбай, Қ. Мен білетін Заманбек : [жазушы З. Жәкеновтың шығармашылығы туралы] / Қ. Тәуірбай // Қазақ әдебиеті. - 2021. - 12 наурыз. - Б. 20.
Оразбек, М. Суреткер әлеміндегі аштық : С.Елубаевтың "Ақ боз үй", З.Жәкеновтың "Зұлмат" романдарындағы аштық туралы /М. Оразбек // Жалын . - 2005. - № 6. - Б. 37-39
Алтай, А. Роман, роман, және роман.../ А. Алтай // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 20 сәуір.- Б.4
Қаниұлы М. Батагөй елдiң бағланы: Жазушы Заманбек Жәкенов жайлы туыс-туғандарымен сұхбататия,президентi туралы // Заман-Қазақстан.- 1997.-11 шiлде.-Б. 14.
Ысқақ Қ. Туған топырақтың ыстық табы: [Жазушы З. Жәкеновтың шығармашылығы туралы] // Шалқар.- 1997. - 25 шiлде (N 14). – Б.5.
Жиреншин Әбусағит (Әбіш) Мұсылманқұлұлы (1913-1975) - жазушы, журналист, аудармашы, абайтанушы.
1913 жылы 13 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған. Әкесі Мұсылманқұл (Бөкөк) (1879-1953) арабша оқыған, көкірек көзі ашық, әділ адамның бірі болған. Абаймен аталас болған, өз ортасында әділдік үшін би, шешен болған адам екен. Анасы Ұмыттық Шүкіманқызы (1884-1983) Жігітек руының белгілі адамы, қолы ашық, жомарт кісі болған екен.
Әбіш бала кезінде молдадан арабша дәріс алады. Кейіннен баланың зеректігін байқаған ағасы Құлсүлеймен Семей қаласындағы орыс мектебіне береді. 1924 жылы 11 жастағы Әбіш орыс мектебіне түсіп,оны үздік бітіріп шығады. 1928 жылы Семей ауылшаруашылығы техникумына оқуға түседі.
Қазақстанда басталып келе жатқан 1931-1932 жылғы аштық зобалаңның зардабын байқаған Әбіш өзінің әке-шеше, бауыр-қарындастарын алып Орта Азияға өтеді. Ауыр жол азабын көріп, 1933 жылдың басында Ташкентке жетеді. 1933 жылы Орта Азия геодезия тресінің орынбасары болады. Сол жылы Орта Азия университетіне түсіп, оны 1935 жылы бітіреді.
1936-1938 жылы Ташкентте ғылыми-педагогикалық жұмыста істейді.
1938-1942 жылы Қазақстан Халық комиссарлар советі Ә. Жиреншинді өз елі Қазақстанға қызметке шақырады. Бұл жылдары Республика ғылыми зерттеу коғамының Ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
Абайтанушы, ғалым Ә. Жиреншин: «Абай ауданы - менің кіндік кескен жерім, әлпештеп өсірген елім болғандықтан көзге елестеп, көңілге ыстық көрінеді» дей келіп, 1939-1945 жылдары ұлы Абайдың 95, 100 жылдық мерейтойын өткізу мен Жидебайдағы мұражайын ұйымдастыру, Шыңғыстау ауданы Абай атына 1940 жылы көшуіне белсенді көмектесушінің бірі болдым» дейді.
1942 жылы өмірлік жары Сайда Әрхамқызымен танысып, шаңырақ құрады. 1942-1951 жылы Қазақстан Орталық музейінде директор, сонымен қатар Қазақ ССР Ғылым академиясының өлкетану комиссиясының меңгерушісі, Қазақ Мемлекеттік Университетінің доценті қызметтерін атқарды.
1951-1954 жылдар арасында қазақ интеллигенциясы, көрнекті ғалым жазушыларының бір тобы қудалауға ұшырайды. Тарих ғылымынын докторы және профессоры Е.Бекмаханов Кенесары Қасымовтың көтерілісін тарихқа енгізгені үшін айыпталады. Осы кезде оны жақтаған жалғыз ғалым осы Ә. Жиреншин еді. Сол үшін ол Жамбыл қаласына қуғындалады. Онда жүргенде техникумде сабақ береді.
1954 жылы ғана рұқсат болып Алматыға оралады. Осы жылы Алматыдағы Көпшілік кітапханаға директор болып тағайындалады.
1959-1961 жылы Қазақстан баспа бірлестігнің бас басқармасының I-орынбасары, 1961- 1962 ж. кітап сауда бірлестігінің бастығы, 1962 жылдан бастап өмірінің соңына дейін педагогикалық жұмыспен Қазақтың Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтында сабақ береді.
Қазақстан ғылыми-зерттеу қоғамының төрағасы міндетін атқара жүріп ел тарихы, жер тарихының қазыналы шежіресін ғылыми жүйелендіру мақсаты қатты толғандырады.
«Әбусағит аға сонымен қатар, керемет географ маман да болған. Ол талай экспедициялар ұйымдастырған»,- дейді КСРО Журналистер Одағының мүшесі Т. Қазбалинов. 1947 және 1949 жылы Семей облысының Шыңғыстау қойнауынан Сарыкөл, Текебұлақ өңіріндегі «Қалмақтас қорымдарына қазба жұмыстарын жүргізген экспедицияға басшылық жасайды.
Жазушы 1961 жылы «Абай шығармаларының бір томдық толық жинағын» баспаға дайындап, шығарушы. Ол Абайды туғызып, Абайды Абай еткен әлеуметтік қоғамдық ортаны, тарихи себептерді тереңдетіп көрсеткен. Соның нәтижесінде кемеңгер адамның қалыптасып кана қоймай, адамзат ойының биігіне көтерілуін дұрыс түсінуге мүмкіндік ашады. Ә. Жиреншин Абайдың ғалым екенін жан-жақты дәлелдей алады. Ұлы ақынның ақындық және ғылыми бейнесін мықтап сомдай білген М. Әуезовтен кейін жазып тәуекелге барған адам.
Ә. Жиреншиен - «Абай және оның орыс достары» (1949), «Абай - қазақ халқының ұлы ойшылы» (1950), «Абай және орыстың ұлы демократтары» (1959), «Қазақ кітаптарының тарихынан» (1971) атты монографияның авторы. Кітаптану ғылымының маманы. Барлығы 150 ғылыми, әдеби еңбегі жарияланды, оның ішінде 8 монография бар.
Орта Азия мен Қазақстанның көне дәуірінен бергі жазба әдебиеттерінің 1917 жылға дейінгі екі томдық тарихын жазған. 1968 жылы Ташкенттегі Азия мен Африка елдері кинофестивалінде үшінші орын алған.
Ә. Жиреншин әдебиетші, ғалым ғана емес, мәдениетті қолдаушы, оның нағыз жанашыры бола білген азамат.
Қазақтың ұлттық өнерін дамытуда ұлттық бұйымдар мен заттарды жасаушы шеберлер мен өнер адамдарын топтастырушы, олардың есімдерін әйгілеуші де болды.
Әбіш Жиреншиннің артына қалдырған мұрасы мол. Ол энциклопедиялық білімді, әрі әдебиеттанушы, сыншы, этнограф, аудармашы, педагог, ақын.
1975 жылы 18 шілдеде қайтыс болды.
Жиреншинның еңбектері жинақтап «Избранные труды А. М. Жиреншина» деген атпен 2003 ж. «Алматы» баспасынан жарық көрді.
Ә. Жиреншиннің шығармалары
Произведения Жиреншина (Жиренчин) А.
Кітаптар - Книги
Жиреншин, Ә. Дiн және Әзiрет Сұлтан (Қожа Ахмет Иассауи) [Мәтін] : қолжазба / Ә. Жиреншин. - Алматы, 1940. - 23 б.
Жиреншин, Ә. Абай және орыстың ұлы революцияшыл демократтары [Мәтін] / Ә. Жиреншин. - Алматы : Қаз. мемл.баспасы, 1959. - 268 б.
Жиреншин, Ә. Кiтапханашы Шолпан Арықова [Мәтін] : село кiтапханашысының өмiрiнен әдеби очерк / Ә. Жиреншин, И. Нечипуренко; Алматы облыстық кiтапханасы. - Алматы : Облыстық баспа, 1959. - 35 б.
Жиреншин, Ә. Кiшкене айна [Мәтін] : новеллалар / Ә. Жиреншин. - Алматы : Қаз. мемл. көркем әдебиет баспасы, 1961. - 104 б.
Жиреншин, Ә. Сараң байдың сазасы [Мәтін] : ертегi / Ә. Жиреншин; сур. салған В.Антощенко-Оленев. - Алматы : Қаз. мемл. көркем әдебиет баспасы, 1961. - 12 б.
Жиреншин, Ә. Қазақ кітаптары тарихынан [Мәтін] / Ә. Жиреншин. - Алматы : Қазақстан, 1971. - 178 б.
***
Жиренчин, А.Абай и его русские друзья [Текст] / А. Жиренчин.- Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1949.- 126 с.
Жиреншин (Жиренчин), А.Беймбет Майлин [Текст] : биобиблиографический очерк / А. Жиреншин (Жиренчин); Министерство культуры Каз. ССР.- Алма-Ата, 1958.- 16 с.
Жиренчин, А. Библиотекарь Шолпан Арыкова [Текст] / А. Жиренчин.- Алма-Ата, 1958.- 35 с.
Жиренчин, А. М. Ибрай Алтынсарин [Текст] / А. Жиренчин.- Алма-Ата, 1958.- 18с.
Жиренчин, А. Ильяс Джансугуров [Текст] : биобиблиографический очерк / А. Жиренчин.- Алма-Ата, 1958.- 22 с.
Жиренчин, А. Г. М. Мусрепов [Текст] : биобиблиографический очерк / А. Жиренчин.- Алма-Ата, 1958.- 23 с.
Жиренчин, А. Мухтар Ауэзов [Текст] : биобиблиографический очерк / А. Жиренчин.- Алма-Ата, 1958.- 24 с.
Жиренчин, А. Абай и великие русские революционные демократы [Текст] / А. Жиренчин.- Алма-Ата: Казгосиздат, 1959. - 267 с.
Жиренчин, А. Алма-Ата [Текст] : краткий справочник / А. Жиренчин. - Алма-Ата : Казгосиздат, 1961. - 144 с.
Жиренчин, А. Из истории казахской книги [Текст] / А. Жиренчин. - Алма-Ата : Казахстан, 1987. - 143 с.
А. Жиреншиннің мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации Жиреншина (Жиренчин) А. в периодических изданиях и сборниках
Жинақтар - Сборники
Жиреншин, Ә. Шыңғыстауынан әлем биiгiне шыққан Абай [Мәтін] : М. Әуезовтiң "Абай жолы" романы туралы / Ә. Жиреншин // Абай Құнанбаев. Шығармаларының бiр томдық толық жинағы. - Алматы, 1961. - Б. 540-549.
Мақалалар - Статьи
Жиреншин, Ә. Қазақ тарихын ешкiмге де бұрмалатпаймыз [Мәтін] : С. Асфендияров туралы / Ә. Жиреншин // Социалистік Қазақстан. - 1937. - 28 август.
Жиреншин, Ә. Батыр Сырым [Мәтін] / Ә. Жиреншин // Социалистік Қазақстан. - 1948. - 25 июль.
Жиреншин, Ә. Панасыз [Мәтін] : әңгiме / Ә. Жиреншин // Қазақ әдебиетi. - 1960. - 2 декабрь.
Жиреншин, Ә. Тайыр Жомартбаев [Мәтін] : педагог жазушы / Ә. Жиреншин // Қазақстан мұғалiмi. - 1964. - 20 февраль.
Жиреншин, Ә. Абай шығармаларын тұңғыш бастырушы [Мәтін] : Кәкiтай Ысқақұлы Құнанбаевтың қайтыс болғанына 50 жыл / Ә. Жиреншин // Қазақ әдебиетi. - 1965. - 19 февраль.
Жиреншин, Ә. Абайдың ақын ұрпағы [Мәтін] : Ә. К. Ысқақов туралы / Ә. Жиреншин // Лениншiл жас. - 1965. - 26 декабрь.
Жиреншин, Ә. Абайдың тергелуi,сотты болуы жайында жаңа деректер [Мәтін] / Ә. Жиреншин // Қазақ әдебиетi. - 1966. - 11 февраль.
Жиреншин, Ә. Журналист жолы [Мәтін] : Ш. Тоқжiгiтов туралы / Ә. Жиреншин // Социалистік Қазақстан. - 1969. - 26 октябрь.
Жиреншин, Ә. Ұлы ақынның ұрпақтары [Мәтін] : Абайдың 125 жылдығына арналған : балалары Ақылбай, Әбдрахман, Мағауия туралы / Ә. Жиреншин // Лениншiл жас. - 1971. - 15 май.
Жиреншин, А. Жүсiпбек Аймауытов [Мәтін] / Ә. Жиреншин // Қазақстан мектебi. - 1989. - № 5. - Б. 65.
Жиреншин, Ә. Абайдың патшалық сотына тартылуы [Мәтін] : ұлы ақын Абайдың сотты болғаны туралы дерек : «Жұлдыздың» архивінен / Ә. Жиреншин // Жұлдыз. - 2000. - № 3. - Б.150-157.
***
Жиреншин (Жиренчин), А.Об историзме эпопеи "Путь Абая" [Текст] : рецензия на монографию Л. М. Ауэзовой "Исторические основы эпопеи "Путь Абая" / А. Жиреншин (Жиренчин) // Вечерняя Алма-Ата. - 1970.- 4 декабря.
Жиренчин (Жиреншин), А. Ильяс Джансугуров [Текст] : к 100-летию со дня рождения: о жизни и литературном. наследии поэта / А. Жиренчин (Жиреншин) // Новь Турксиба.- 1994.- 30 июня.
Жиренчин (Жиреншин), А. Отношение Абая к религии [Текст] : глава из научного труда Абусагита Жиренчина "Абай и его русские друзья", вышедшего в свет в 1949 году в Издательстве АН Казахской ССР/ А. Жиренчин / (Жиреншин) // Простор. - 2004. - № 11. - С. 173-175.
Жиренчин (Жиреншин), А. Абай и его русские друзья [Текст] / А. Жиренчин / (Жиреншин) // 7 дней. - 2015. - 11 июня. - С. 5.
Ә. Жиреншиннің өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Жиреншина А.
Кітаптар - Книги
Қазақ әдебиеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы : Аруна, 2005. - 576 б. - Жиреншин Әбусағит: б. 220.
Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. - 96 б. - Жиреншин Абусағит: б. 41-43.
Ысқақұлы, Д. Сын талқы [Мәтін] : Жиреншин Әбусағит туралы / Д. Ысқақұлы. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2005. - 416 б.
Ысқақұлы, Д. Қазақ әдебиеттанушылары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Д. Ысқақұлы. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2013. - 496 б. - Жиреншин Әбусағит: б. 193.
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. - Жиреншин Әбусағит : б. 353.
***
Литература Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник / Министерство связи и информации Республики Казахстан ; Комитет информации и архивов. - Алматы : Аруна; Қазығұрт, 2010. - 528 с. - Жиреншин Абусагит: с. 194.
Мақалалар - Статьи
Сүйiншәлиев, Х. Жемiстi жолда [Мәтін] : Ә. Жиреншиннің шығармашылығы туралы / Х. Сүйіншәлиев // Социалистік Қазақстан. - 1960. - 30 январь.
Кәрiбаев, Ш. Мiнiн көрсету - құнын түсiру емес [Мәтін] : Әбусағит Жиреншин туралы / Ш. Кәрібаев // Қазақ әдебиетi. - 1960. - 1 апрель.
Әбжанов, Т. Бетiң қисық болса айнаға өкпелеме [Мәтін] : Ә. Жиреншиннің новеллалары жайында / Т. Әбжанов // Советтiк Қарағанды. - 1961. - 31 август.
Қанахин, Ө. Кiтап туралы кiтап [Мәтін] : Ә. Жиреншиннің «Қазақ кітаптары тарихынан» шығармасы жайлы / Ө. Қанахин // Қазақстан мұғалiмi. - 1973. - 23 февраль.
Абайтанушы [Мәтін] : Әбіш Жиреншин ақын мұраларын ғылыми зерттеудің негізін салушылардың бірі // Семей таңы. - 2003. - 6-12 маусым. - Б. 4, 15.
Матаев, Х. Абайтану ғылымының білгірі [Мәтін] / Х. Матаев // Абай. - 2003. - № 3. - Б. 37-41.
Асылбек, М. Библиограф [Мәтін] / М. Асылбек // Егемен Қазақстан. - 2004. - 3 наурыз. - Б. 6.
Қазбалинов, Т. Шаһарымыздың атақты географы [Мәтін] / Т. Қазбалинов // Семей таңы. - 2005. - 7 қаңтар. - Б. 13.
Тоққарин, Д. Географиялық қоғамның бағыты [Мәтін] / Д. Тоққарин // Ертіс өңірі. - 2008. - 30 сәуір. - Б. 12.
Омаров, А. Абайтанушы [Мәтін] / А. Омаров // Егемен Қазақстан. - 2013. - 11 сәуір. - Б. 5.
Көшеге шығып, көп мағлұмат алып қайтты [Мәтін] : [Семей қаласы Абай атындағы кітапхана қала көшелеріне библио-керуен ұйымдастырды : Жиреншин Әбусағит туралы] // Дидар. - 2013. - 28 қыркүйек. - Б. 8.
***
Суюншалиев, Х. Новая книга об Абае [Текст] : о творчестве А. Жиренчина / Х. Суюншалиев // Простор.- 1960.- № 1.- С.145-147.
Аяган, Б. Чем темнее ночь, тем ярче костер [Текст] : о жизни и научной деятельности крупного исследователя духовной культуры казахского народа Абусагита Жиренчина / Б. Аяган // Казахстанская правда. - 2004. - 29 января. - С. 6.
Султанбеков, М. Творческая мастерская Абиша Жиренчина [Текст] / М. Султанбеков // Вести Семей. - 2013. - 23 апреля. - С. 4.
Жеребнев Андрей Алексеевич (1967 ж.) – жазушы.
1967 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. Опытное поле ауылында орта мектепті бітірген. Отар қаласында әскери қызметін өтегеннен кейін РФ Калининград қаласына барады. Мұнда балық аулау кемесінде теңізші жұмыс істейді. Мерзімді басылымдарда әңгімелерін жариялап тұрған.
«Крутой ченч» (2006) теңіз әңгімелері жинағы, «Пожар Латинского проспекта» (2015) романының авторы.
Ресейдің ұлттық сыйлығы «Жыл жазушысы - 2017» номинациясы бойынша дипломмен марапатталған.
А. А. Жеребневтың шығармалары
Произведения Жеребнева А. А.
Жеребнев, А. А. Крутой ченч [Текст] : сборник рассказов / А. А. Жеребнев ; ред. С. А. Горбунова. - Калининград : ИП Мишуткина И.В., 2006. - 99 с.
Жеребнев, А. А. Пожар Латинского проспекта [Текст] : рыцарский роман на производственную тему в двух с лишним частях : [16+] / Андрей Жеребнев. - Калининград : Аксиос, 2015.
Ч. 1. - 2015. - 122 с.
Ч. 2. - 2015. - 122 с.
Ч. 3. - 2015. - 110 с.
Интернет-сілтемелер
Интернет-ссылки
Жеребнев Андрей [Электронный ресурс] : [рассказы] / А. Жеребнев // lit-era.com : сайт. – Режим доступа : https://lit-era.com/andrei-zherebnev-u281891/stories (06.12.2017)
Жеребнев Андрей [Электронный ресурс] : [рассказы] / А. Жеребнев // ruizdat.ru : сайт. – Режим доступа : https://ruizdat.ru/alist.php?aid=2619 (06.12.2017)
Жүндібайұлы Назаролла (Ағашаяқ) (1818-1898) – ақын, әнші, сазгер.
1818 жылы бұрынғы Семей губерния Өскемен уезі, Делбегетей болысының Сапақ деген жерінде туған (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы).
Қазақтың атақты әнші-ақыны, сазгер, ұлттық цирк өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Ерте жетім қалып, жоқшылық зардабын көп тартса да, жастайынан қолына домбыра алып, өлең айтып, серілік құрған. 18 жасында әнші, ақын, сері, балуан атына ие болған.
Екі бақанға мініп алып жүгіргенде атты адамға жеткізбейтін өнері үшін Ағашаяқ атанған еді. Алақанымен аузын қақпақылдай отырып ән шырқап, түрлі аң-құстың әуеніне салып, бет-бейнесін құбылтып клоун ойындарын жасайды.
«Беташар», «Билерге», «Тәшен», «Баласы Жүндібайдың атым - Назар» атты мысқыл өлеңдері парақор, пасық би-болыстарды шенеуге арналса, «Атандым өзім Назар-Ағашаяқ», «Жарқылдадым жас күнде», «Кәрілік» өлеңдерінде көңіл-күйін шертіп, өмірден көрген-білгенін тақпақ, нақыл сөздер арқылы білдіреді. Оның «Қара жорға», «Сары өзен» әндері ел ішіне кең таралған.
1898 жылы қайтыс болды.
Ағашаяқтың өнерін белгілі ғалым С. Аманжолов, көрнекті қоғам қайраткері Ө. Жәнібеков жоғары бағалаған.
Н. Жүндібайұлының (Ағашаяқ) өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Жундыбайулы (Агашаяк) Н.
Қазақстан [Мәтін] : Ұлттық энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 1998.
Т. 1 : А-Ә. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 1998. - 720 б. - Жүндібайұлы Назаролла (Ағашаяқ): б. 84.
Керейбаев, Қ. Қазыналы Қалба [Электрондық ресурс] : [Жарма ауданының өткені мен бүгіні, аудан өмірінде елеулі із қалдырған азаматтар жайлы сөз болады. ] / Қ. Керейбаев. - 2003. - Жүндібайұлы Назаролла (Ағашаяқ): б. 53-58.
Қазақ әдебиеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы : Аруна, 2005. - Жүндібайұлы Назаролла (Ағашаяқ): б. 15.
Жарма ақындары [Мәтін] : антологиялық жинақ. 1-ші кітап / құраст.: М. Иманжапаров, М. Зүкенұлы. - Семей: Үш биік, 2010. - Жүндібайұлы Назаролла (Ағашаяқ): б. 40.
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Ағашаяқ (Жүндібайұлы Назаролла): б. 136.
***
Казахстан [Текст] : национальная энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2004.
Т. 1: А-В. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2004. - 560 с. - Жундыбайулы Назаролла (Агашаяк): с. 107.
Культура Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник. - Алматы : Аруна, 2010. - Жундыбайулы Назаролла (Агашаяк): с. 24.
Литература Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник / Министерство связи и информации Республики Казахстан ; Комитет информации и архивов. - Алматы : Аруна; Қазығұрт, 2010. - Жундыбайулы Назаролла (Агашаяк): с. 23.