Бижанұлы Әзімбай (1854 - 1922) – ақын.
Шығыс Қазақстан облысы, Шұбартау ауданында (қазіргі Аягөз ауданы) дүниеге келген. Абылай ханның жүз батырының бірі – Мамадайырдың ұрпағы.
Әзімбайдың «Ақ екен раушан жүзің атқан таңнан», «Безенген адамды білмейтұғын», «Келгенде қара өлеңге ағыламын», «Сарықұс», «Қазақ зары» толғауы, «Кәрілік туралы» лирикалық өлеңдері сақталған. «Сарыарқаның мәселесі», «Ақтамберді - Жаскілең» поэмалары мен «Ахмет – Жүсіп», «Зейне сұлу», «Бораһат – Шерін» қиссаларының авторы.
Ақын Ақтамберді Сарыұлының шығармаларын орындаған және насихаттаған. Халық ақыны Шашубай Қошқарбайұлының ақындық қалыптасуына әсер еткен.
1994 жылы алғаш рет қаламгердің «Ақтамберді - Жаскілең» (құраст. С. Бауов, А. Тілеуханова) өлеңдер мен поэмалар жинағы жарыққа шығады.
Ә. Бижанұлының шығармалары
Произведения Бижанулы А.
Макалалар - Статьи
Бижанұлы, Ә. Ақтамбердi - Жаскiлең қиссасы [Мәтін] / Ә. Бижанұлы // Семей таңы. - 1991.- 15, 17, 18, 22 қазан.
Ә. Бижанұлы туралы әдебиеттер
Литература о Бижанулы А.
Майтанов, Б.Әзімбай ақын [Мәтін] : [Ә. Бижанұлы туралы] / Б. Майтанов // Жұлдыз. - 1994. - № 7. - Б. 195-198.
***
Литература Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник. - Алматы : Ауна, 2010. - Азимбай Бижанулы: с. 26.
Биназаров Иса (1898-1964) – ақын.
1898 жылы Семей өңірі Абай ауданы Абыралы совхозында дүниеге келген. Арғы атасы Байжан да, әкесі Биназар да кезінде елге мәлім, дәулетті адамдар болған. Иса жастайынан аңыз, қиссаларды жатқа айтатын. Бертін келе Абай және оның айналасындағы ақындардың өлеңдерін жаттап, еліктеп өлеңдер шығарған. 1917-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер даярлайтын 2 жылдық курста оқыған кезде Қ.Сәтбаев, Ж.Аймауытов, Ә.Қашаубаевпен танысып, араласады. Сол кезде шығып тұратын «Қазақ тілі» газетіне ел өмірі туралы хабарлар жіберіп тұрады. Ақын Иса Байзақовқа еліктеп жазған «Желдірме» атты толғауы бар. Бірнеше толғаулары «Халық ақындары», «Пернедегі термелер» және «Айтыс» жинақтарына енген. Өлеңдері мен толғаулары («Қаз дауысты Қазбек» толғауы және біраз жырлары) ҚР ҰҒА қорында сақтаулы.
Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары
Публикации в периодических изданиях и сборниках
шығармалары
Биназаров, И. Қаздауысты Қазыбек [Мәтін] / И. Биназаров // Абай. - 2008. - №4. - Б. 44-53.
Биназаров, И. Ақылға бағынышты // Семей таңы. - 2003. - 14 наурыз. - 21 ақпан. - 14 б.
Иса Биназаров өмірі мен шығармашылығы
Литература о жизни и творчестве И. Биназарова
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». - 2014. - Иса Биназаров: б. 272.
Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. - Иса Биназаров : б. 24-26.
***
Дүйсембаев, М. Иса Байназаров [Мәтін] : естен кетпес есімдер // Семей таңы. - 1990. - 18 тамыз.
Елдің елдігі мен берекесін жырлаған [Мәтін] : ақын Иса Биназарұлының туғанына 100 жыл // Үш анық. - 1998. - 1 тамыз.
Боқаев Қуандық 1942 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы Біржан ауылында туған. Журналист. Өскемен педагогикалық институтын, Мәскеу полиграфия институтын бітірген. Қаламгерлік жолын өлең жазумен бастады. Зайсан ауданының «Достық» газетінде, облыстық «Коммунизм туы» газеттерінде алғашқы өлеңдері мен дастандары жарияланды. Халық өнерпаздары туралы көһптеген көркем очерктер жазды.
Халық өнерпаздары туралы көптеген көркем очерктер жазды. Жекелеген шығармалары бірқатар ұжымдық жинақтарға енген. «Мектеп», «Қазақстан» баспаларында, КАЗТАГ-та редактор, «Социалистік Қазақстан (қазір Егемен Қазақстан), «Сұхбат», «Халық кеңесі», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде журналист, бөлім редакторы болып істеген.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының лауреаты.
Қ. Боқаевтың мерзімді басылымдардағы мақалалары
Публикации Қ. Боқаева в периодических изданиях
Боқаев, Қ. Жансая Сәбитова: 17-18 желтоқсан - марка жинаушылардың, иә болмаса тауық өсірушілердің күні емес... [Мәтін] / Қ. Боқаев // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 16 қараша.- Б.4
Боқаев, Қ. Саясатқа әркімнің -ақ бар таласы [Мәтін] / Қ. Боқаев // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 31 мамыр.- Б.9
Боқаев, Қ. Еуразияның үміті - Алматыда [Мәтін] / Қ. Боқаев // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 7 шілде.- Б.9
Боқаев, Қ. Халқымызға жойқын қатер төніп келеді! Бұл тажалдан құтылар жол бар ма? [Мәтін] / Қ. Боқаев // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 29 қараша.- Б.14
Боқаев, Қ. Желтоқсанның қос жұлдызы [Мәтін] / Қ. Боқаев // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 7 наурыз.- Б.7
Боқаев, Қ. Ұстаздар [Мәтін] / Қ. Боқаев // Қазақстан мұғалімі. - 2004. - №21-22.- Б.7
Боқаев, Қ. Мәскеуде Абай ескерткіші ашылды [Мәтін] / Қ. Боқаев // Қазақ әдебиеті. - 2006. - 7 сәуір.- Б.1
Боқаев, Қ. Тіл және демография [Мәтін] / Қ. Боқаев // Ана тілі . - 2011. - 10 - 16 қараша . - 1,5
Боқаев, Қ. Махаббаттың құпиясын ашқан қаламгер [Мәтін] / Қ. Боқаев // Жұлдыз . - 2012. - № 2. - 195-201 б.
Боқаев, Қ. Орыстың термин жасауын неге үлгі тұтпаймыз? [Мәтін] : немесе қазақ терминологиясына ұлттық концепция керек / Қ. Боқаев // Ақиқат. - 2013. - №1.- Б. 63-68
Боқаев, Қ. Мұхтар мен Сәбиттің айыпталуының зардабы немесе бір стенограмма сыры [Мәтін] / Қ. Боқаев // Ақиқат. -2013.- №4.- Б. 56-66
Боқаев, Қ. Көзқамандар мәңгүрттерден де қауіпті [Мәтін] / Қ. Боқаев // Ақиқат. - 2013. - №6.- Б.16-22
Боқаев, Қ. Мақтаныштарымызды ұлықтау машақатқа айналып тұр [Мәтін] : [Шығыс Қазақстандағы ономастика мәселесі.] / Қ. Боқаев // Дидар. - 2017. - 1 маусым.- Б.28.
Боқаев, Қ. Өзімізді іздестірерміз ертең туар ғасырларға [Мәтін] : Мәтін / [жерлесіміз, ақын Тоқтарбек Қызықбаев туралы] // Дидар. - 2020. - 1 желтоқсан.- Б.5. ; Қазақ әдебиеті. - 2020.; 20 қараша.- Б.24-25.
Қ. Боқаев туралы әдебиет
Литература о К. Бокаеве
Мақалалар-Статьи
Байбатыров, Ғ. Өнерге мәңгі іңкәрлік [Мәтін] : [Журналист Қуанбек Боқаев туралы] / Ғ.Байбатыров // Дидар. - 2002. - 21 қыркүйек.- Б.4
Бікеұлы Мүрсейіт (Нұрсейіт) (1860 - 1917) – Абай шығармаларын тұңғыш жинаушы әрі көшіруші.
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы өңірінде дүниеге келген. Семейдегі 4 жылдық орыс мектебін аяқтайды. Біраз уақыт Семей уезі кеңсесінде хатшы әрі тілмаш болған. Абайдың хатшысы болғанға дейін, мектеп ашып, ауыл балаларын оқытумен шұғылданған. Абай Құнанбаевтың жас немере інісі Шәкәрім Құдайбердіұлының алғашқы ұстазы болған. Абайдың қалауымен оған орыс тілін үйреткен. Мүрсейіт Бікеұлы - Абай шығармаларын тұңғыш жинап, көшіруші және оның хатшысы. Абай еңбектерінің түпнұсқасы бізге Бікеұлының 1905, 1907, 1910 жылдары жазылған қолжазбалары арқылы жеткен.
Мүрсейіт Бікеұлы қолжазбалары алғаш рет 1909 жылы қырым-татар ағартушысы Ильяс Бораганский басып шығарған Петербургке дейін жеткен. Құжаттар өзге де құнды қолжазбалармен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы қорында сақталған.
Ұлы ақын көмекшісінің абайтануға қосқан баға жетпес үлесін Мұхтар Әуезов ерекше атап өткен.
Бікеұлы Мүрсейіт (Нурсеит) туралы әдебиеттер
Литература о Быкеулы Мурсеите (Нурсеите)
Абай [Мәтін] : энциклопедия / ред. Р. Н. Нұрғалиев. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы; Алматы : Атамұра, 1995. - 720 б. - Бікеұлы Мүрсейіт: б. 422.
Абайдың әдеби хатшысы [Мәтін] : зерттеу мақалалар мен естелік пікірлер. - Семей, 2009. - 179 б. - М. Бікеұлы туралы.
Әбуова, Г. Абайдың тұңғыш кітабы [Мәтін] : М. Бікеұлы туралы / Г. Әбуова // Парасат. - 2015. - № 5. - Б. 17.
Серікқазиева, С. Шыңғыстауға саяхат [Мәтін] : М. Бікеұлы туралы / С. Серікқазиева // Ертіс өңірі. - 2015. - 5 тамыз. - Б. 2.
Боранбаев Өмірбек (1950 ж.) – жазушы, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
1950 жылы 15 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Қазақ өнер академиясын тәмамдаған (1973). Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінде, Мәдениет министрлігінде жауапты қызметтерде болған. 1985-1995 жж. - Республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры қызметін атқарған.
Алғашқы өлеңдер жинағы «Өрімтал» 1978 жылы жарық көрген.
«Қаңбақ шал», «Сотанайдың соңғы үйленуі», «Көк бөрі», «Дүние жалған» пьесалары, «Біздің ауылдың көктемі» драмасы мен «Шәукен» комедиясының авторы.
Ұлттық «Астана-Бәйтерек» конкурстарының (2003, 2007), «Қазақстан авторлар қоғамының» драматургия саласының (2008) лауреаты. Орта Азия жаңа пьесалары фестивалінің сертификат (2006), ҚР-ның мемлереттік грант (2007) иегері.
Ө. Боранбаевтың шығармалары
Произведения О. Боранбаева
Кітаптар – Книги
Боранбаев, Ө. Өрiмтал [Мәтін] :әңгiмелер / Ө. Боранбаев. - Алматы: Жалын, 1978.- 100б.
Ө. Боранбаевтың мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары
Публикации О. Боранбаева на страницах периодики
Боранбаев, Ө. Армысың, "Ақ кеме" [Мәтін] : [Ш. Айтматовтың повесi бойынша жасалған спектакль қазақ мемлекеттік драма театры сахнасында] / Ө. Боранбаев // Қазақ әдебиетi.- 1984.- 20 январь.
Боранбаев, Ө. Әйелiнен таяқ жеген Дәрiбай [Мәтін] : әңгiме / Ө. Боранбаев // Қазақ әдебиетi. - 1996. - 5 қараша. - Б. 8-9.
Ө. Боранбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве О. Боранбаева
Қазақ әдебиеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы : Аруна, 2005. - Боранбаев Ө.: б. 133-134.
Қазақстан жазушыларыХХ ғасыр [Мәтін] : анықтамалық. - Алматы : Ана тілі, 2004. - Боранбаев Ө.: б. 86.
Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / жауапты ред. Б. Шаханұлы. - Алматы : Ан-Арыс, 2009. - Боранбаев Ө. : б. 106.
Шығыс Қазақстаноблысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Боранбаев Ө. : б. 230.
***
Литература Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник. - Алматы: Аруна, 2010. – Боранбаев О.: с. 122.