Известные имена

Агейкин Л. Е.

Агейкин Леонид Евтихиевич - суретші.

Агейкин Леонид Евтихиевич (1935-1982) – суретші.

1935 жылы 18 шілдеде Украина ССР (қазір Украина Республикасы) Донецк облысы Константиновка қаласында дүниеге келген. 1961 жылы Ворошиловград көркемөнер училищесін, 1967 жылы – Харьков көркемөнер институтының бейнелеу өнері факультетін бітірді.

Л. Агейкиннің «Свадьба» атты диплом жұмысы жоғары бағаға ие болып, Мәскеу қаласында өткен бүкілодақтық диплом жұмыстары көрмесіне қатысты.

Суретші кейін Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласына келеді. 1967-1982 жж. Құрылыс-жол институтында (қазір Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті) аға оқытушы болады. 1972 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының Көркемөнер қорын басқарды.

Оның өнер туындылары суретшінің шығармашылығын, жанрының сан алуандығы мен шеберлігін толық көрсетеді. Агейкиннің картиналары, графикалық жұмыстары, акварелі –шығармашылық дарын мен 60-жылдардың романтизміне толы. Ол көрікті Шығыс өңіріне саяхаттап, таң сәрі мен күннің батуын, алғашқы қар мен қоңыр күз көріністерін көркем бейнелеп, айшықтады.

Агейкин жиырмадан аса көркемөнер туындысының авторы. Соның әрқайсысы әсемдік әлемі, өлке адамдарының қадір-қасиеті жайындағы романтикалық поэма.

1982 жылы қайтыс болды.

 

Л. Е. Агейкин туралы әдебиеттер

 Литература об Агейкине Л. Е.

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. -  Агейкин Леонид Евтихеевич: б. 135.

Восточно-Казахстанский музей искусств [Текст] = Восточно-Казахстанский музей искусств. - Усть-Каменогорск, 2014. - 205 с.

Воронова, В. Если душа родилась крылатой [Текст] : [В обл.музее искусств открылась персональная выставка вост.-казахст.художника Л. Агейкина] / В. Воронова // Рудный Алтай. - 1995. - 9 дек.

Вязигин, Л. В мире красок [Текст] / Л. Вязигин // Рудный Алтай. - 1975. - 15 авг.

Новиков, М. Спасибо, художник! [Текст] / М. Новиков // Рудный Алтай. - 1983. - 26 февр.

Орлова, Т. Сердце, отданное людям [Текст] : [в Восточно-Казахстанском музее искусств состоялся вернисаж "Сердце, отданное людям", на котором творческий бомонд Усть-Каменогорска отметил двойной юбилей - 65-летие со дня рождения Л. Агейкина и 10-ллетие музея искусств] / Т. Орлова // Рудный Алтай. - 2000. - 25 нояб. - С. 2.

Орлова, Т. Творил, как дышал [Текст] : [в Восточно-Казахстанском музее искусств состоялся вернисаж "Сердце, отданное людям", на котором был отмечен двойной юбилей - 65-летие со дня рождения известного художника Леонида Агейкина и 10-летие Музея искусств] / Т. Орлова // Казахстанская правда. - 2000. - 23 дек. - С. 9.

Савакова, Н. Певец Рудного Алтая [Текст] / Н. Савакова // Простор. - 1987. - № 8. - С. 181-184.

Стурова-Тимофеева, Н. Причастность [Текст] / Н. Стурова-Тимофеева // Казахстанская правда. - 1985. - 4 окт. 

Шматова, Я. Об изобразительном искусстве Восточного Казахстана [Текст] : рассказы / Я. Шматова // Ақ Ертіс. - 2011. - № 2. - С. 99-103.

Вологодская, Г. Жила веселая сила [Текст] / Г. Вологодская // Устинка плюс . - 2015. - 28 мая (№ 22). - С. 11.

Рысакова, Ш. Яркие картины родного края [Текст] / Ш. Рысакова // Вести Семей. - 2015. - 7 июля. - С. 1.

Гуляева, Е. Исповедь Алтая [Текст] / Е. Гуляева // Наше дело. - 2015. - 9 июля. - С. 8.

 

Интернет-сілтемелер

 Интернет-ссылки

 

Агейкин Леонид Евтихеевич [Электронный ресурс] : [биография] // Искусство Восточного Казахстана : сайт. Режим доступаhttp://hearth.kz/ageikin.php (03.02.2018) 

Акимов А. А.

Акимов Анатолий Артемьевич (1940-2005) – суретші.

1940 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1952-1970 жж. Ф. Ф. Иванчуктің изостудиясында сурет салуды үйреніп, шебердің ең үздік шәкірті болады. Тау-кен – металлургия техникумын бітірген. Әскери міндетін өтгеннен кейін, 1962-1964 жж. Лениногор полиметалл комбинаты қорғасын зауытының (ЛПК, қазір Казцинк ЖШС құрамында) балқыту цехында жұмыс істеді.

1969 жылы Абай атындағы Қазақ педагргикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітіріп, кейін Өскемен қаласында Облыстық көркемсурет қорының көркемсурет шеберханасында жұмыс істеді. 1983-1987 жж. Риддер Балалар көркемсурет мектебінде оқытушы, 1988-1998 жж. СПТУ-14 суретші-безендіруші, Лениногор полиметалл комбинатының (қазір Казцинк ЖШС құрамында) Мәдениет сарайындағы изостудияда оқытушы қызметтерін атқарды.

Өңірлік, облыстық, республикалық және бүкілодақтық көркемсурет көрмелерінде белсенді қатысушы болды.

1999 және 2003 жж. өз туындыларының жекекөрмелерін ұйымдастырды. Юрий Манаковтың «Сердцем причастен» өлеңдер жинағын безендірді.

Бірінші Халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты.

2005 жылы қайтыс болды.

 

 

 

Деректер

Источники

 

Немцев, М. Литературный Риддер [Текст] : биографический спарвочник / М. Немцев. – Усть-Каменогорск : Изд-во «Медиа-Альянс», 2012. – Акимов Анатолий Артемьевич: с. 191-192.

Асылханов Е. С.

Асылханов Ермек Сабырович – суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан дизайнерлер Одағының вице-президенті, Қазақстан мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, ҚР ВАК өнері академигі, РФ бейнелеу өнері профессоры, РФ педагогика ғыымдарының докторы, Ресей ұлттық дизайн академигінің академигі.Асылханов Ермек Сабырович (1951 г.) – суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан дизайнерлер Одағының вице-президенті, Қазақстан мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, ҚР ВАК өнері академигі, РФ бейнелеу өнері профессоры, РФ педагогика ғыымдарының докторы, Ресей ұлттық дизайн академигінің академигі.

1951 жылы 15 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Семеновка селосында дүниеге келген.

1977 жылы Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының (қазір М.Әуезов атындағы педколледж, Семей) көркем-графика факультетін бітірді.

Оқудан кейін 1979-1987 жж. Жезқазған педагогикалық институтында (қазір А.О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті) сурет және бейнелеу өнері кафедрасында оқытушы болды.

1986 жылы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтының «Сәндік-қолданбалы» өнер» кафедрасы аспирантурасын бітіріп, сәндік-қолданбалы өнер теориясы, методикасы мен тарихы тақырыбында диссертация қорғады. 2000-2002 жж. – Мәскеу мемлекеттік университеті докторантурасында оқып, педагогикалық ғылымдар докторы атағына диссертация қорғады. 2006 жылы Лондон қаласында дизайн теориясы мен тарихы бойынша стажировкадан өтті.

1987-1997 жж. – доцент, профессор, бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының (қазір Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті) оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры.

1997-2005 жж. – профессор, дизайн негіздері кафедрасының меңгерушісі, Өскемен қаласындағы Шығыс гуманитарлық институтының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры.

2004-2006 жж. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының бейнелеу өнері секциясының мүшесі.Осы бағдарлама аясында 3-альбом және бір ғылыми-өнертанулық еңбек шығаруға қатысты. Дизайн және бейнелеу өнері саласы бойынша «Дарын» сыйлығын тағайындау комиссиясының мүшесі.

2005-2011 жж. – Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Ұлттық университеттің дизайн кафедрасының меңгерушісі.

2007 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің «Дизайн» кафедрасының меңгерушісі. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс істеді. «Қазақстан халықтарын рухани дамыту қоры» директорлар кеңесінің мүшесі.

2012-2017 жж. – Қазақ Ұлттық өнер университетінің көркемөнер факультетінің деканы, сценография және декоративтік өнер кафедрасының профессоры.

Қазақстан Республикасының дизайн, бейнелеу өнері және сәндік-қолданбалы өнер бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің бірінші басшысы.

Қазіргі күні «Қазақстан халықтарын рухани дамыту қоры» директоры болып жұмыс істейді. Қазақ Ұлттық өнер университеті (Қаз ҰӨУ) көркемөнер факультетінің профессоры.

40-аса бейнелеу өнері және дизайнерлік өнер теориясы мен тарихы бойынша ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақала, 2 монография мен 2оқу-әдістемелік құрал авторы.

Шетелдерде ғылыми-шығармашылық іс-тәжірибелерге қатысты: : 2006 ж. Лондон (Англия), 2008 ж. Эйдховен (Голландия).

ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен (2007) марапатталды.

1990 ж. ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Астана қ. Суретшілер одағы басқармасының мүшесі, 1994 ж. өнер профессоры, Ресей дизайн академиясының академигі, 2011 ж.

 

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Асылханов Ермек Сабырұлы: б. 188.

Асылханов Ермек Сабырович [Электронный ресурс] // Казахский научно-исследовательский институт культуры : сайт. – Режим доступа : http://new.cultural.kz/ru/institute/view?id=102 (14.02.2018)

Асылханов Ермек Сабырович [Электронный ресурс] // Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағы : сайты. – Пайдалану орны : http://artist-union.kz/katalog-xudozhnikov/asylxanov-ermek/ (14.02.2018)

Асылханов Ермек Сабырович [Электронный ресурс] // Известные ученые : энциклопедия : сайт. – Режим доступа : https://famous-scientists.ru/11870 (14.02.2018)

Асылханов Ермек Сабырович [Электронный ресурс] // unionartastana.kz : сайт. – Режим доступа : http://unionartastana.kz/асылханов-е-с/ (14.02.2018)

Әлиакпаров М. Т.

Әлиакпаров Мақаш Тыныштықбайұлы – суретші, ҰҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.Әлиакпаров Мақаш Тыныштықбайұлы (1937 ж.) – суретші, ҰҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.

1937 жылы 10 қазанда Семей облысы Жарма ауданы Жарма станциясында дүниеге келген. 1966 жылы Семей мемлекеттік медицина университетін (қазір Семей қ. Мемлекеттік медицина университеті) бітірді. 1966-1968 жж. Шығыс Қазақстан облыстық туберкулез диспансерінде дәрігер-рентгенолог, СССР денсаулық сақтау министрлігінің Орталық рентген-радиология институтында (1968-1973, 1979-1982) ординатор, аспирант, аға ғылыми қызметкер, институтта кафедра меңгерушісі (1973-1979, 1982-1984), Семей мемлекеттік медицина институтында проректор (1984-1989) қызметтерін атқарды. 1989-2001 жж. – Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының ректоры, 2001-2007 жж. – Қазақстан фрамацевтика институтының ректоры, 2007-2009 жж. – Қарағандының «Болашақ» университетінің вице-президенті. 2009 ж. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің кафедра меңгерушісі.

Ғылыми Рентгенология мектебін құрушы.

Шамамен 300-ден аса еңбек, соның ішінде 14 монография авторы.

«Ахат», «Прикосновение», «По местам Абая» кітаптарының авторы.

Бейнелеу өнеріне 1960 жылы келді. Алиакпаров картиналары Қазақстан музейлерінде сақтаулы. Астана қаласындағы «Защитник Отечества», Теміртаудағы «Металлургтар», Қарағандыдағы «Тәуелсіздік» және «Абай» монументтерінің авторы және бірлескен авторы.

 

 

 

Т. М. Әлиакпаровтың еңбектері

Труды Алиакпарова М. Т.

 

 

Диагностика абсцессов брюшной полости [Текст] / М. Т. Алиакпаров и др. - , Алматы, 1994.

Алиакпаров, М. Т. Диагностика и лечение спонтанного пневмоторакса [Текст] / М. Т. Алиакпаров. - Караганда, 1996; Yш би, Караганды, 1998.

Әлиакпаров, М. Т. Қазақстан ғалымдарының библиографиясына қатысты материалдар = Материалы к биобилиографии ученых Казахстана / М. Т. Әлиакпаров // Ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының ғылым академиясы; ред. З. М. Молдахметов. - Караганда : КГМА, 1997. - 86 с.

Алиакпаров, М. Т. Прикосновение - A point of contact [Текст] : [воспоминания художника о создании серии живописных и графических работ, посвященных жизни и творчеству А. Кунанбаева и Ш. Кудайбердиева] / М. Т. Алиякпаров. –. Калининград: Янтарный сказ, 1997. - 96 с.

Алиакпаров, М. Т. Абай Шәкәрiм : [альбом] / М. Т. Алиакпаров. - [Караганда] : [МОФ "Шакарим"], 2008. - 160. : ил.

 

 

М. Т. Әлиакпаров туралы әдебиеттер

Литература об Алиакпарове М. Т.

 

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Алиакпаров Мақаш Тыныштықбайұлы: б. 216.

Алиакпаров, Макаш Тыныштыкбаевич // Казахстан. Национальная энциклопедия. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2004. - Т. I.

Алиакпаров, М. Т. "Больше не думаю, кто я" [Текст] : беседа с М. Т. Алиакпаровым / беседу вела Т. Константинова // Взгляд на события. - 2005 . - 15 июня. (N23). - С. 13.

Гуляева, Е. Картины рисует... ректор вуза [Текст] : [история гос. историко-культурного и литературно-мемориального заповедника-музея Абая в г.Семей] / Е. Гуляева // Рудный Алтай. - 2010. - 18 дек. - С. 4.

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

 

Алиякпаров Макаш Тыныштыкбаевич [Текст] : [биографическая справка] // Википедия – открытая энциклопедия : сайт. – Режим доступа : https://ru.wikipedia.org/wiki/Алиякпаров,_Макаш_Тыныштыкбаевич (07.02.2018)

Алиякпаров Макаш Тыныштыкбаевич [Текст] : [биографическая справка] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=10771&lang=ru (07.02.2018)

Ахвердян А. С.

Ахвердян Армен Саркисович – суретші, КСРО және Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.Ахвердян Армен Саркисович (1953 г.) – суретші, КСРО және Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.

1953 жылы Арменияда дүниеге келген. УССР (Украина Республикасы) Донецк облысының Горловка қаласында оқып, білім алады. 1979 жылы Харьков Көркемсурет-Өнеркәсіп институтын бітіреді. 1979 жылы Қазақстанға келеді. 1994 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының көркемсурет шеберханасында жұмыс істеген.

Монументалды-декоративті өнер саласында маманданған, ал, 1994 жылдан зейнеткерлікке дейін Қазақстан Теңге сарайында суретші, жетекші суретші болады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары, Қазақстан Теңге Сарайында шығарылған теңгелер, медаль және сувенир өнімдерін әзірлеуге белсенді қатысты.

«Первый космонавт» монетасы (Басенов А. Г. және А. Б. Мичуровпен бірге әзірлеген) Венецияның монета конкурсында жүлделі орынды иеленді.

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медаль (1999), ведомстволық марапат – «Қызметі үшін» (2012) күміс белгісі, «Теңгеге 20 жыл» (2013) ҚР Ұлттық банкінің мерейтойлық медалі, Өскемен қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен (2013) марапатталды.

 

 

 

Деректер

Источники

 

Ахвердян Армен Саркисович [Электронный ресурс] : [биография] // Искусство Восточного-Казахстана : сайт. – Режим доступа : http://hearth.kz/ahverdian.php (13.02.2018)

Титенев, В. З. Қазақстан халқының өнері [Мәтін] / В. З. Титенев. – Алматы, 2017. – Ахвердян Армен: б. 36.