Мироглов Виктор Федорович (1939-1998) – жазушы, аудармашы.
1939 жылы 21 ақпанда Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Қазаншұңқыр кешінінде дүниеге келген.
1961 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазір әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ) геология-география факультетін бітірді. Кейін инженер-гидрогеолог, «Золотая Чукотка» газетінде бөлім меңгерушісі, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының деректі хроника бірлестігі бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасы бас редакторының орынбасары, «Простор» журналында қызмет атқарды.
Еңбектері 1959 жылдан бастап жариялана бастады. Кітаптары бірнеше мәрте Мәскеу және Алматы баспаларында басылып шықты.
Отыздан аса деректі және ғылыми-көпшілік фильмдер сценариін жазды.
Қазақ жазушылары Ә. Тарази, Д. Досжанов, О. Бөкей, Ә. Нұршайықов, І. Есенберлиннің «Алтын орда» трилогиясын орыс тіліне аударды.
1998 жылы қайтыс болды.
В. Ф. Мироголов шығармалары
Произведения Мироглова В. Ф.
Кітаптар - Книги
Мироглов, В. Голоса тишины [Текст] : повесть / В. Мироглов. - М., 1976.
Мироглов, В. Каждый за всех [Текст] : повесть / В. Мироглов. - М., 1982.
Мироглов, В. Роза ветров [Текст] : повести и рассказы / В. Мироглов. – Алма-Ата, 1983.
Мироглов, В. Ф. Перегон [Текст] : роман, повесть / В. Мироглов ; [худож. Г. Горелов]. - Алма-Ата : Жазушы, 1990. - 398 с.
В. Ф. Мироглов аударған кітаптар
Книги в переводе Мироглова В.
Бокеев, О. Поезда идут мимо [Текст] : роман, повесть / О. Бокеев ; пер. с каз. В. Мироглов, А. Кончиц. - Алматы : Жазушы, 1985. - 400 с.
Есенберлин, И. Золотая Орда [Текст] : роман : в 3 кн. / И. Есенберлин ; пер. С каз. В. Мироглов. - Алма-Ата : Жазушы, 1989. - 508 с.
В. Ф. Мироголов туралы әдебиеттер
Литература о Мироглове В. Ф.
Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық. – Алматы : Ан Арыс баспасы, 2009. - 480 б.
Литература Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник. - Алматы, 2010. - Мироголов Виктор: с. 341.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». - 2014. - Мироглов Виктор Федотович: б. 532-533.
1969 жылы 23 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Лениногорск қаласында (қазіргі Риддер қаласы) дүниеге келген. Ол музыка мектебінде фортепиано сыныбында білім алып, кейін Өскемен қаласындағы музыкалық училищені тәмамдаған.
1989 жылы туған қаласына оралып, №2 мектепте музыка пәнінің мұғалімі, балабақшада музыкалық қызметкер болып жұмыс істеген. Балалық шақтан бастап өлеңдер мен ертегілер жазуды бастаған. Әдеби шығармашылықпен шындап айналыса бастаған уақыты жақында ғана, бірақ осы уақыт ішінде 600-ден астам шығарма жазып, соның ішінде өлеңдер, поэмалар, өлең мен прозадағы әңгімелер, сондай-ақ «По мотивам Лукоморья» атты балалар ертегілер циклының авторы атанды.
Галина Михайлинаның шығармашылығын кең аудиторияға таныстырған — «Ностальгия» арнасында «Рожденные в СССР» бағдарламасының авторы және жүргізушісі Владимир Глазунов.
Галина Михайлина интернетте екі әдеби парақша жүргізіп, оқырмандарын өз шығармашылығымен таныстырады.
Галина Николаевнаның екі ұлы бар. Ұлдарының үлкені Германияда тұрады, кіші ұлы неміс тіліндегі өлеңдерді керемет мәнерлеп оқиды және мектептегі «Даңқ минутасы» конкурсында анасының ертегісін орыс тілінде оқып, жүлделі орын алған. Жазушы өзі неміс қоғамының вокалдық тобының мүшесі.
Алина Тайганың шығармалары
Произведения Алины Тайги
Кітаптар - Книги
Тайга А. Баба Яга / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П., 2021.
Тайга А. На расстоянии касания: стихотворения / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П., 2021.
Тайга, А. Одиночество, или путь к себе / А. Тайга. – Усть-Каменогорск, ИП Аникин Б.П., 2021. – 68 с.
Тайга А. Откровения неба / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: Арго, 2021.
Тайга А. Погружение: рассказы / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин, Б.П., 2021.
Тайга А. Сказка о Кощее бессмертном и богатыре / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П., 2021.
Тайга, А. Сказка о Русалке / А. Тайга – Усть-Каменогорск, ИП Аникин Б.П., 2021. – 16 с.: ил.
Тайга А. Сказка о Русалочке / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П., 2021.
Тайга А. Сказка о царевне и буром волке / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П., 2021.
Тайга А. Сказка о чудесах, лешем и летающей деве / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П.,2021.
Тайга, А. Сказка о Яге и Царевне / А. Тайга – Усть-Каменогорск, ИП Аникин Б.П., 2021. – 19 с.: ил.
Тайга, А. Сказочная шкатулка / А. Тайга. – Усть-Каменогорск, ТОО «ВКПК АРГО», 2021. – 72 с.: ил.
Тайга А. Царевна мышь / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П., 2021.
Алина Тайга шығармашылығы мен өмірі туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Алины Тайги
Кравченко, Татьяна. Мир в твоих ладонях : [под таким названием в Усть-Каменогорске состоялась творческая встреча с поэтессой, писательницей, сказочницей Алиной Тайгой из Риддера ] / Т. Кравченко // Рудный Алтай. - 2023. - 24 января. - С. 4.
Польская, И. Сказка нового времени : [риддерская писательница Алина Тайга (Михайлина Г.) стала лауреатом престижной литературной премии] / И. Польская // Мой город Риддер. - 2024. - 30 октября (№ 44). - С. 5 : ил.
Польская, Ирина. В стихах и прозе : [о презентации двух книг риддерской поэтессы, прозаика Г. Михайлиной (Алина Тайга)] / И. Польская // Мой город Риддер. - 2025. - 5 февраля (№ 6). - С. 5.
Алина Тайга / Проза.ру. – Текст : электронный // https://proza.ru : [сайт]. – UTL : https://proza.ru/avtor/alinka96 (дата обращения : 11.11.2025)
Алина Тайга / Стихи.ру. - Текст : электронный // https://stihi.ru : [сайт]. – URL : https://stihi.ru/avtor/alinka69 (дата обращения : 11.11.2025)
Мұқамәдиқызы Егеухан (1940 ж.) – ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
1940 жылы 1 сәуірде Моңғол Халық Республикасы Баян-Өлгий округінде дүниеге келген.
Отыз жылдай Баяннұр орта мектебінде кітапхана меңгерушісі болды. 1960 жылдан бастап өлең жазып, айтысқа қатыса бастады. 1971 жылы Моңғолияда қазақ айтысын дамытуға қосқан үлесі үшін «Айтыс ақыны» атағын алды. Көптеген республикалық, халықаралық айтыс жеңімпазы.
«Жыр қарлығаштары» (1966), «Таң арайы» (1971), «Ақ қайың» (1971), «Қобда өзен толқыны» (1975), «Ару арманы» (1977), «Айтыс» (1979), «Бәйге» (1980), «Оң қанат» (1982) өлең жинақтары жарыққа шықты. «Қайтқан қаз», «Қос ішек» жыр жинақтарының авторы.
1983 жылы Моңғолия Журналистер Одағы, 1990 ж. – Моңғолия Жазушылар Одағы, 1993 ж. – Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
Моңғол Халық Республикасының екінші разрядты шахматшысы.
1-2 дәрежелі «Даңқты ана» ордені, Құрмет грамоталар, медальдармен марапатталған.
Қазір Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көкөзек ауылында тұрады.
Е. Мұқамәдиқызының шығармалары
Произведения Е. Мукамадикызы
Кітаптар – Книги
Мұқамәдиқызы, Е. Махаббат жетегінде [Мәтін] : өлеңдер мен дастандар / Е. Мұқамәдиқызы. - Астана : Фолиант, 2010.
Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары
Публикации в периодических изданиях и сборниках
Мұқамәдиқызы, Е. Кәрi қыз [Мәтін] : лирикалық дастан / Е. Мұқамәдиқызы // Шалқар.- 1994.- сәуiр. - Б. 5.
Мұқамәдиқызы, Е. Ана тiлi - ана сүтi құнарлы; Ата-анам жатыр Бөкен құмдағында [Мәтін] : өлеңдер / Е. Мұқамәдиқызы // Қазақ әдебиетi.- 1996.- 2 көкек. - Б.11.
Мұқамәдиқызы, Е. Атамекенiн аңсаумен өткен ақын [Мәтін] : [Моңғолияда өмiр сүрген қазақ ақыны Ш. Қалқаұлы туралы] / Е. Мұқамәдиқызы // Шалқар. - 1997. - 7 ақпан. - Б. 5.
Мұқамәдиқызы, Е. Жадырап бiр жанның шөлi қанар ма?; Үржардың мекендедiм көкөзегiн [Мәтін] : өлеңдер / Е. Мұқамәдиқызы // Жұлдыз. - 1997. - № 12.- Б. 56-57.
Мұқамәдиқызы, Е. Жетпiс бес; Осы мен: өлiмiн бе, тiрiмiн бе?!; Қашан қазақ боламыз?! [Мәтін] : өлеңдер / Е. Мұқамәдиқызы // Қазақ әдебиетi. - 2009. - 6 қараша. - Б. 9.
Мұқамәдиқызы, Е. Ұлылар рухы; Туған ел - ту ұстаған ерге тiрек; Абай елi; Ежелден ер Қабанбай - елге тiрек [Мәтін] : өлеңдер / Е. Мұқамәдиқызы // Қазақ. - 2010. - 15 қазан. - Б. 5.
Мұқамәдиқызы, Е. Ана тiлiм [Мәтін] : өлең / Е. Мұқамәдиқызы // Ана тiлi.- 2010. - 18-24 ақпан. – Б. 12.
Мұқамәдиқызы, Е. Елiм-ай [Мәтін] : өлең / Е. Мұқамәдиқызы // Қазақ. - 2011. - 23 - 30 желтоқсан. - Б. 6.
Мұқамәдиқызы, Е. Қоғамдық iндет, қолға алу мiндет [Мәтін] : жалғыз басты ана, тастанды бала жайында / Е. Мұқамәдиқызы // Қазақ.- 2011.- 18-25 ақпан. - Б. 5.
Мұқамәдиқызы, Е. Ару - ана [Мәтін] : өлеңдер / Е. Мұқамәдиқызы // Жұлдыз. - 2012. - № 4. - Б.75-77.
Е. Мұқамәдиқызы туралы әдебиеттер
Литература о Мукамадикызы Е.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». - 2014. - Мұқамәдиқызы Егеухан: б. 541.
Мекешұлы, Ә. Бесікпен бірге әлемді тербеткен ақын-ана [Мәтін] : ақын Егеухан Мұқамәдиқызы туралы / Ә. Мекешұлы // Түркістан. - 2015.- 31 желтоқсан. - Б. 6.
Молдажанов Ілияс Ысмайылұлы (1900 – 1938) – қоғам қайраткері, ақын, журналист, Алаш қозғалысына қатысушы.
Семей облысының Бесқарағай болысы Қараторғай ауылында дүниеге келген (қазір Бөдене ауылы, Бесқарағай ауд., Шығыс Қазақстан облысы). 1914 жылы екі классты орыс-қазақ мектебін бітіреді. 1914-1918 жж. Семей облысы Глуховка с. пошта станциясында кеңсе хатшысы және Алашорда кавалерия полкының қару-жарақ және киім-кешек қоймасына жауапты болады. 1918-1921 жж. кавалерия полкы мен бригада хатшысы, 3-ші Қырғыз кавалерия полкының әскери комиссары қызметтерін атқарады. 1921-1924 жж. Орынбор және Семей қ. партиялық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сол кезеңде ҚазССР-і Халық ағарту комитетінің саяси ағарту жұмыстарын жүргізетін Бас басқарманың үгіт бөлімі меңгерушісінің орынбасары, губерниялық атқару комитеті әкімшілік бөлімінің басшысы, Семей губерниялық жер басқармасы меңгерушісі, Павлодар атқару комитеті төрағасы, «Қазақ тілі» газетінің редакторы қызметтерін атқарды. 1925-1926 жж. Орталық Азия басқармасы төрағасы және Қаз ССР-і НКВД коллегиясының мүшесі. Павлодар университеті (1925), Қызылжар губерниясы (1926-1928), Гурьев қ. (қазір Атырау) және Қостанай округтік атқару комитеті (1929-1932), Алматы облыстық атқару комитеті (1932-1935) төрағасы қызметінде болды. 1935-1937 жж. ҚАССР-інің қаржы халық комиссары болған. 1937 жылы 29 шілдеде Алматы облысы НКВД 4-ші бөлімі қамауға алды. 1938 жылы 13 наурызда СССР Жоғарғы Сотының Әскери Коллегиясының үкімімен ату жазасына бұйырылады. 1959 жылы 30 шілдеде СССР Жоғарғы Сотының Әскери Коллегиясы қылмыстық ісі болмауы себепті толық ақтады.
И. И. Молдажановтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве И. И. Молдажанова
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Молдажанов Ілияс Ысмайылұлы: б. 534-535.
Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия / құраст.: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. - Алматы : Арыс баспасы, 2009.- 544 б. - Молдажанов Ілияс Ысмайылұлы: б. 243.
Тілешов Е. Алаш қозғалысы [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Е.Тілешов, Д. Қамзабекұлы. – Алматы : Сардар, 2014. - 528 б. - Молдажанов Ілияс Ысмайылұлы: б. 301-311.
***
Мұхаметханов, Қ. Iлияс Молдажанов [Мәтін] : азамат соғысы ерлерiнiң бiрi көрнектi журналист туралы // Қазақ әдебиетi. - 1967. - 31 март.
Тасымбеков, А. Жан дауысы [Мәтін] : деректі публицистикалық повесть / А. Тасымбеков. - Алматы : Жалын, 1994 . - 176 б. - Ілияс Молдажанов: б. 155-156.
Түкісо,в У. Ұлағат [Электрондық ресурс] : [аса дарынды халық перзенттері Н. Баймұратов пен І. Молдажанов туралы ] / У. Түкісов. - Семей : 2001. - 200 б.
Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін] Т. 5 : Мақалалар. Зерттеулер, 2007. - 344 б. - Ілияс Молдажанов: б. 252-258.
Тауқымет пен тағзым [Мәтін] : 1937-2007. - Алматы : РИИЦ-Азия, 2007. - 296 б. – Ілияс Молдажанов (ол туралы)
Төлепберген, Б. Мәңгі жас - Алаш идеясы [Мәтін] : [І. Молдажанов туралы] / Б. Төлепберген. - Алматы, 2008. - 301 б. - Ілияс Молдажанов: б. 161-132.
Жұмабекова, Г. Алаш арысы [Мәтін] : [І. Молдажанов туралы] / Г. Жұмабекова // Бесқарағай тынысы. - 2009. - 12 қыркүйек. - Б. 4.
Қожахметұлы, А. Жемісті жиырма жыл [Мәтін] : тәуелсіздікке жиырма жыл / А. Қожахметұлы // Бесқарағай тынысы. - 2011. - 9 ақпан. - Б. 4 ; 19 ақпан.- Б.4 ; 23 ақпан. - Б.4 ; 26 ақпан. - Б. 4; 19 наурыз. - Б. 4; 23 наурыз. - Б. 4 ; 9 сәуір. - Б. 4 ; 6 сәуір. - Б. 4.
Итернет-сілтемелер
Интернет-ссылки
Молдажанов Ильяс Исмаилович[Электронный ресурс] : [биографическая справка] // Справочник: Книга Памяти : сайт. - Режим доступа : http://www.uznal.org/book_of_memory.php?bukva=12&name=83&surname=8&repression=3 (25.08.2018)
Молдажанов Ильяс Исмаилович[Электронный ресурс] : [биографическая справка] // Министерство Внутренних дел Республики Казахстан : сайт. – Режим доступа : http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_memorial/mObl2/mObl2_М/24BFDFA466423F48E054002655122E6A (25.08.2018)

Мұқан Хадиша Сейітқанқызы (1964-2020 жж.) – жазушы.
1964 жылы 5 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы, Қамысты ауылында дүниеге келген. Әкесі Сейітқан – ветеринар дәрігер болып жұмыс істеген, анасы Маруся батыр ана болған және үй шаруашылығымен айналысқан. Хадиша отбасында екі ұлдан кейін үшінші бала болып дүниеге келген.
1981 жылы Хадиша Мұқан Өскемендегі Жамбыл атындағы мектеп-интернатты бітіреді. Еңбек жолын Ақмола облысы Қорғалжын ауданының телефон байланысының операторы болып бастаған. Кейін Өскемен қаласына көшіп келіп, «Атамекен» қалалық телеарнасының редакциясында редактор, журналист-аудармашы болып жұмыс істеді.
Хадиша Мұқан бірнеше драмалық шығармалардың авторы. 2008 жылы оның «Көк ата» деректі повесі жарық көрді, 2015 жылы облыстық «Отүкен» журналында оның «Жазмыштың ұлы» романы жарық көрді. Қандастардың (этникалық оралман қазақтардың) тағдыры туралы Хадиша Мұқанның «Бір тамшы қан» повесін Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов жоғары бағалаған. Қазақ әдебиетінің шебері тарихи мәліметтердің бірегей берілуін және осы шығарманың заманауи тұрғыда жазылуын ерекше атап өткен.
Хадиша Мұқан 2020 жылы 1 желтоқсанда мезгілсіз қайтыс болды.
Х. Мұқанның шығармалары
Произведения Мукан Х.
Кітаптар - Книги
Мұқан, Х. Көк ата : деректі повесть / Х. Мұқан. - Алматы : [б. ж.], 2008. - 135 б.
Мұқан, Х. Бір тамшы қан : повесть / Х. Мұқан. - Алматы : Ел-шежіре, 2013. - 160 б.